Құқық

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық біздің қоғамымыздың ең басты қауіп - қатерлерінің бірі болып табылады. Мемлекетімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде айқындалған. Осыған байланысты елімізде көптеген іс- шаралар өткізілуде.Сыбайлас жемқорлықпен күрестің 2006-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономикаға көшу, инвестициялар тарту процестерін тежейді, демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс ықпалын тигізеді, мемлекеттің келешек дамуына елеулі қауіп төндіреді деп көрсетілген [1].
2010

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап құқықтық  мемлекет ретінде дамып, азаматтық қоғам институттары одан әрі қолдауға ие болып келеді. Елбасының әрбір халыққа жолдауы мен сөз сөйлеулерінде мемлекеттік дамудың тұрақтылығының негізі болып табылатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, заңның үстемдігін орнату мәселелерімен негізделген [1]. Оларда қылмыстық саясаттың барлық бағыттарының демократизацияланып, тиісінше ондағы ақпараттардың ашықтығы мен тұнықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.
2010

Егер қорғанушы өзіне немесе басқа бір тұлғаға қатысты өмірлеріне қауіп төндіретін, зорлық- зомбылықпен немесе осындай күш көрсетудің тікелей қаупімен байланысты шабуыл жасалып жатқандығын ұғынса, және өз құқықтарын, жеке тұлғасын, заңмен қорғалатын қоғам мен мемлекет мүдделерін қорғау мақсатында, шабуылдаушыға қатысты күш қолданғысы келсе, онда шабуылдаушыға кез келген ауырлықта зиян келтіру қажетті қорғаныс жағдайында жасалған әрекет болып саналады. Енді қылмыстық заңның жаңа редакциясы бойынша қорғанушы өзіне шабуыл жасалған кезде, қолсұғушылық өміріне айқын қауіп төндіретін болса, қорғаныс құралдарының шабуыл сипатына сәйкес келуі туралы ойламауы тиіс.
2010

Қазақстанның құқық ғылымында рефрендумның анықтамасы әртүрлі авторлармен берілген. Мәселен, Д.М. Баймаханова референдумды Конституцияның, конституциялық заңдардың, заңдардың жобалары бойынша және мемлекет өмірінің өзге де маңызды мәселелері бойынша жалпы халықтық немесе халықтық, сондай-ақ жергілікті (барлық республика аумағында немесе әкімшілік-аумақтық бірлік шеңберінде өткізілетін шараның ауқымдылығына байланысты) дауыс беру арқылы көрініс табатын тікелей демократияның ерекше институты ретінде анықтайды. Басқа сөзбен айтқанда референдум белгілі бір мемлекеттік мәселелердің халықтың өзімен түпкілікті шешудің ерекше нысаны [1, 17-б.].
2010

Қоғам көпсатылы жүйені білдіреді және қалыпты қызмет атқарушы үшін дұрыс ақпарат қажет болатын анықталған жүйешіктен тұрады. Осында тікелей байланыс үшін үлкен болып табылатын жүйеде, баспасөз, кітаптар, радио, телефондық байланыс, телеграф, пошта сияқты құралдар ақпараттық қызмет атқарады. Олардың қызметі бұқаралық ақпарат құқығы түсінігін қамтиды.
2010

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы халық билігінің табиғаты өзінің бастауларын протоқазақ қоғамынан алып, қазақ хандығына дейінгі аралықта үлкен даму сатысынан өтеді. Дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасқан халық билігінің нысандары Қазақстан аумағында өмір сүрген мемлекеттердің саяси билік жүйесінің институттарының тәжірибесін бойына сіңірген халық билігінің классикалық үлгісі болып табылады. Халық билігінің нысандары қазақ хандығына дейін талай даму тәжірибесінен өткен, шыңдалған және уақыт тезіне төтеп берген жүйенің көрінісін білдіреді.
2010

Меншікті теориялық тұрғыдан зерттеу қай қоғам сатысында болмасын қажеттілігін жоймайды. Рим құқығында меншік ұғымына нақты анықтама болған жоқ. Ертедегі комментаторлардың барлық тырысушылығына қарамастан, орта ғасырлардағы iuris civilis білім жинағынан меншікке бірегей анықтама табу сəтсіз болды [1, 377 б.]. Гегель өз жұмысында меншікке позитивті,  негативті жəне өмір бойы затқа ерік бостандығы деген анықтама берген [2, 101 б.]. Б. Н. Чичериннің көрсетуі бойынша ерік бостандығы меншіктің маңызды сипаттамасы болып табылады, меншік иесінің еркі тəуелсіз, бірақ «бұл бостандық шекарасы, осындай басқалардың бостандығына тəуелді» [3, 129 б.].
2010

Қазақстан Республикасында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселесі тек елімізде ғана емес дүниежүзілік мəселе болып отыр. Жалпы əлемдік көкейкесті мəселелерінің бірі ол азық-түлік тапшылығы болып тұр. Азық-түлік тапшылығы Африка елдері мен Азияның кейбір елдерінде белең алып отыр. Бұл мəселені шешу мақсатында БҰҰ-ның азық-түлік тапшылығының алдын алу туралы самиттерін өткізді. Осыған сəйкес БҰҰ-ның азық-түлік бағдарламасы бойынша ашаршылыққа ұшырап отырған елдерге көмек көрсетуде. Осы өзекті мəселе бойынша дамыған АҚШ жəне Еурорпа елдері ауыл шаруашылығы саласына мемлекет тарапынан қамқорлық көрсетіп, ірі фермерлеріне бəсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге мүмкіндік беріп жатыр.
2010

Кəсіпкерлік - экономиканың барлық салалары мен аумақтарына таралған көп қырлы экономикалық қызметтің түрі. Кəсіпкерлік бастамаға негізделген əрекет болғандықтан өндірістің барлық кезеңдерінде кездеседі. Бір-бірінен тəуелсіз болғанымен кəсіпкерлік қызметтің бұл түрлері бір-бірімен ұштасып жатуы мүмкін. Кəсіпкерлік қызметтің қандай да түрі нақты ұйымдастырушылық нысанда жүргізілуі мүмкін жəне əртүрлі құқықтық реттеу механизмдері қолданылады. Нарықты экономиканың дамуы қоғамдық қатынастардың өзгеруіне себеп болып, шаруашылық қызметті реттейтін көптеген заңдар мен нормативтік актілердің өзгеруіне жəне жаңадан қабылдануына себеп болды. Кəсіпкерлік қызметтің пайда болуына жəне дамуына негіз болған актілер қатарына «Қазақ КСР-ындағы шаруашылық қызмет бостандығы мен кəсіпкерлік қызметтің дамуы туралы», «Жеке кəсіпкерлік қызметті қорғау жəне қолдау туралы» заңдар жатқызсақ. 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы ерікті кəсіпкерлік қызмет құқығын тек бекітіп қана қоймай, оның негізгі кепілдіктерін де бекітті. Сонымен қатар кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың құқықтық негізі болып ҚР Конституциясына сай қабылданған Азаматтық Кодексті айтуға болады.
2010

Адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын ең жоғарғы құндылық ретінде тану мемлекетке оларды қорғау жəне сақтау міндетін жүктейді. Мұндай құндылықтардың сақталуы мен қорғалуының негізгі жəне маңызды кепілі ретінде өзінің конституциялық құқықтарын сот арқылы қорғау табылады десек қателеспеспіз. Бұл тұрғыда ерекше орынға ие болатын мəселе тұлғаға қылмыс арқылы келтірілген зиянның орнын толтыру мəселесі, яғни азаматтық талап қою арқылы тұлғаның өз бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Бұл ғылыми мақалада аталған мəселе төңірегінде ой толғап, азаматтық талап қоюға негіз болатын мəн жайларға жіті тоқталып кетеміз.
2010

Қазақстанда бүгінгі таңда тауарлардың көзіне жəне алып өту орнына айналып отыр. Сонымен қатар, ол əрі соңғы жеткізілім орны сипатында көрініс беріп те қалады. Мұнымен қоса, мемлекет ішінде заңсыз адам саудасымен айналысу оқиғалары да тіркеліп отыр. Қазақстаннан əйелдер мен қыздарды Біріккен Араб Əмірлігіне (БАƏ), Грецияға, Түркияға, Израильге, Оңтүстік Кореяға сатып жіберу оқиғалары орын алуда. Мəліметтерге сəйкес, Қазақстан арқылы Қырғыз елінен аталған мемлекеттерге əйелдер жеткізіліп берілген. Қырғызстаннан жұмысшыларды (ерлер мен əйелдер) Алматы облысына (тікелей Қырғыз-Қазақстан шекарасы арқылы) темекі плантациясында  жұмыс істеу мақсатында заңсыз алып өту деректері тіркелген [1, 1б].
2010

Тəуелсіздік алған күннен бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстанда мемлекеттік жүйе, президенттік институт ядросы қалыптасуда. Бүгін жиырма жылға жуық уақытта Қазақстан мемлекеті үлкен асулардан өтті, міне, бұл президенттік институтының мемлекет механизміндегі жетістіктер деп айтуға толық негіз бар деп ойлаймын.Əрине, 1995 жылғы Конституциямызды арқау етеміз [1, 2].
2011

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.