Құқық

Қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу кодексінде сот-тергеу ісінің орасан зор мүдделері көрінеді. Осыған орай, халықаралық құқық нормасы тұрғысында «заңмен» есептесе алатын, заң нормалары жауап бере алатын, міндетті түрдегі сапалық шарттарға жүгінген жөн болар еді. Адам құқығының Еуропалық Конвенциясына сай, «заң сапасының» шарттық талаптары мынадай: заң – құқықтық, айқындылық немесе шарттылық қағидаларына сай болуы қажет, яғни мүдделі тұлғалардың мән- жайларға сәйкес алдын-ала болжамдауына, олардың әрекеттеріне сай орын алатын, санаға сыйымды салдарларына мүмкіндік беретіндей жеткілікті деңгейде қалыптасуы тиіс.
2010

Өзіміз білетіндей өкілдік институты азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқығы салаларына тән және аталған салалардың мақсаттары мен міндеттеріне сай бұл институт анағұрлым зерттелген. Сонымен қатар еңбек құқығы қазіргі заң шығару процесінде қолданылатын қазіргі заманғы теоретикалық-құқықтық және заңшығарушылық технологияларының аясында дами отырып, азаматтық құқықтың кейбір институттарын, нормаларын қолданады, Мысалы, қызметкердің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу мәселесі. Нарықтық қатынастардың дамуы жағдайында еңбекті қолдану мен пайдалану аясында ұқсас қоғамдық қатынастарды реттеу белгілі заңи қиындықтарға тап болады, себебі, «азаматтық құқық пен еңбек құқығын бөлу процессі қазірігі кезде де аяқталды деп айтуға келмейді» [1].
2010

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мемлекетік басқару органдарының қызметі мемлекеттің саясатын құрайтын белгілі бір бастамалардың негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттің белгілі бір мақсатқа жетуі үшін ішкі бірлігін, негізгі құрылымын, мәнін анықтайтын бастаушы идеялар мемлекеттік басқарудың қағидалары деп аталады.
2010

Құқық нормасы – құқықты құқық нормаларының жүйесі ретінде қарастырудың негізіне жататын негіз қалаушы түсінік болып табылады. В. С. Нерсесянцтың пайымдауынша, «құқық нормасы – құқықты нормативтік түрде түсіндіретін, яғни құқықты жалпы алғанда норма арқылы түсінетін және анықтайтын, құқықтық нормалардан тұрады деп есептейтін барлық құқық доктриналары үшін негіз қалаушы түсініктердің бірі болып табылады» [1; 387].
2010

Жерінің кеңдігі жөнінен әлем елдерінің арасында 9-шы орынды алатын, ал халқының саны жөні- нен 57-ші орындағы Қазақстан ірі аграрлық-индустриялық мемлекеттердің қатарына кіреді. Жерінің жалпы аумағы 2,7 миллион шаршы шақырым, оның басым бөлігі ауыл шаруашылығына жарамды жерлер.
2010

Әрбір құқық қолданушы сыбайлас жемқорлықты қылмыс құрамдарында берілген зардаптарды өздерінің құқықтық сана-сезімдері бойынша әртүрлі бағаласа, заң нормалары бұрмаланып, құқық қолданушылардың сыбайластық әрекеттер жасауына ықпал етуі ғажап емес. Сондықтан, сыбайлас жемқорлықты қылмыс құрамдары жасалуында азаматқа, ұйымға, мемлекетке келтірілген материалдық зиян мөлшерлері нақты заңи нормада берілуі қажет. Оның себебі, біріншіден, заңи нормалардың қалыпты қолданылуына септігін тигізсе, екіншіден, зардаппен келтірілген материалдық зиянды анықтауға жағдай жасалса, үшіншіден, заңи нормаларды бұрмалаушылықтың алдын алады, төртіншіден, жазаны қатаң тағайындауға мүмкіндік береді.
2010

Мемлекеттің экономикасының дамуында маңызды салалардың бірі- сыртқы экономика. Сыртқы экономиканы дамыту әртүрлі мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдардың сыртқы рынокқа еркін шығуына, көптеген халықаралық бірлестіктердің, қорлардың және бірлескен кәсіпорындардың құрылуына мүмкіндік береді.
2010

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітеді, оның ең жоғарғы қазынасы адам, оның өмірі, құқықтары және бостандықтары деп Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында айтылған [1]. Демек Қазақстан Республикасының Конституциясының ережелерінен әртүрлі құндылықтарға кепілдік берілетіндігін және соның ішінде адамның өмірі мен денсаулығына кепілдік берілетіндігін көруімізге болады.
2010

Ішкі істер органдарының қызметінде мәні әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және шешу болып табылатын әкімшілік заң қолдану қызметі маңызды орын алады [1]. Әкімшілік заң қолдану қызметі ішкі істер органдарының әкімшілік қызметінің бір құрамдас бөлігі болып табылады. Қолданыстағы заңда қарастырылған сол немесе басқа да әкімшілік қылық үшін санкцияны қолдануда әкімшілік заң қолданудың қорғаушылық қызметі жүзеге асады [2, 17 б.]. Әкімшілік қадағалау әкімшілік жазалау және басқа да әкімшілік мәжбүрлеу шараларын орындау сияқты ішкі істер органдарының қызметімен қатар әкімшілік заң қолдану қоғамдық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті және басқа да қоғамдық қатынастарды әкімшілік құқық бұзушылықтардан қорғау үшін арналған.
2010

Адам ұрлаған қылмыскерлердің әлеуметтік-демографиялық сипаттамасы олардың ішінде 21-ден 29 жасқа дейінгілер 40%-ды , ал 30-дан 39 жасқа дейінгілер 31%-ды құрайтындығын көрсетеді. Халықтың ке»бір бөлігінің ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайы және жұмыссыздық кейбір адамдарды осындай қылмыс жасауға итермелейді. Бірақ маңыздылығы аз болмай тұрған бас пайдасы мен баюды көздеуі осындай іс-әрекет жасауда басым болып тұр. Адамдарды ұрлауға қатысы бар арампиғылдылардың 71%-ды жұмыссыздар екен.
2010

Қылмыстық процесуалдық нысан - сот өндірісінің ғылыми негізделген тәртібін бекіте отырып, өзінің мақсатына сәйкес сот талқылауы барысында анықталған фактілерге судьяның ішкі нанымының объективті қалыптасуына септігін тигізеді. Процесуалдық нысан сот қызметінің міндеттерін бекітеді, сот талқылауының жүргізілу тәртібі мен жағдайларын анықтайды, алдын ала тергеудің материалдарын тексеруде соттың белсенділігіне кепілдік береді.
2010

Қажетті қорғану - әр адамның өміріне, денсаулығына, мүлкіне, тұрғын үйіне, меншігіне және басқа да заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне қоғамға қауіпті қол сұғушылықтардан қорғануға ажырамас конститктциялық құқығы болып табылады. Барлық адамдардың кәсіби немесе өзге де арнаулы даярлығына және қызмет жағдайнына, жынысына, жасына және басқа  да жағдайларға қарамастан тең дәрежеде қажетті қорғануға құқығы бар.
2010

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.