Құқық

Гендерлік саясаттың даму тарихының шығуы XIX ғасырда басталды деп есептеуге болады. Батыс Еуропа жəне АҚШ елдерінде екі жыныстылардың теңдігі туралы феминистік қозғалыс пайда болды. Бұның негізгі бағыты - əйелдердің сайлау құқығы туралы күрес болды.  XX  ғ.  60-  шы  жылдары  жаңа  гендер  ұғымы  пайда  болды. Ғылымда осы кезде «гендер» ұғымына анықтама беріле бастады. Онда биологиялық жынысы негізінде қоғамда қалыптасқан əйел мен еркектің əлеуметтік рөліндегі ерекшелігі ретінде қарастырған. Гендерлік ерекшеліктің негізі мынада жатыр: ерлердің бастауы - үстемдік ету, ал əйелдер – бағынушы. Барлық мəселе осыдан шығады. Бірақ гендер - биологиялық жыныстық ерекшеліктеріне қарағанда өте күрделі құрылым.
2011

Сотталған шет елдіктерді өзі азаматы болып табылатын елде жазасын өтеу үшін беру институтын тəжірибеге енгізу 1975 жылғы өткен БҰҰ V конгресінде қабылданды. Бұл қылмыспен күресудің тиімділігін арттырып, сотталған тұлғаларды түзеуде септігін тигізіп олардың əлеуметтік қалпына келуіне жəне жаңа қылмыстардың алдын алуда көмегін тигізеді деп қарастырылды. Сотталған тұлғаларды азаматы болып табылатын елге жазасын өтеу үшін беру мемлекеттер арасындағы құқықтық ынтымақтастықтың ерекше нысаны болып табылады. Көбінесе қылмыскерлерді ұстап беру ретінде қарастырылғанымен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету аясында оларды ажырата білу керек.
2011

Біздің өміріміз бен қоғам соңғы жылдары көптеген ғаламдық өзгерістерді басынан кешті, мұнысы мемлекеттің міндеттері мен қызметіне, солардың мазмұнына елеулі əсерін тигізді. Қазіргі кезде заман талабына сай халықтың мүддесіне қажетті қаржылық, экономикалық мұқтаждықтар туындап жатады. Осы қажеттіліктерді орындау барысында банктердің қызметіне жүгінеміз, яғни банк жүйесінеің қызметі ауқымды болғандықтан халықтың қаржылық, экономикалық, банктік сектордағы кездесетін жері банктер болып табылады.
2011

Ресей минералды шикізатты өндіруде əлемде алдыңғы орынға ие. Ресейдің жер қойнауы əлем бойынша мұнайдың 12-13%, газдың 32%, көмірдің 11%, темірдің 26%, никельдің 36%, кобольттың 18%, мырыштың 10%, мыстың 15%, қорын құрайды. Алмаз, платина, алтын, күміс, титан, цирконий жəне жерде жиі кездеспейтін металдардың қоры бойынша Ресей əлем елдері арасында алғашқы үштікке кіреді. Өткен ғасырдың 90 жылдарында Ресейдің пайдалы қазбаларының негізгі түрлері баланстық қоры бойынша 30 триллион АҚШ долларына бағаланды, ал баламалық қоры 150 триллион болып бағаланды.
2011

Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан нарықтық реформа бағдарламасында шаруа (фермер) қожалығының қалыптасып дамуына үлкен көңіл бөлінген. Сөз жоқ, бұл факторлар ауыл шаруашылығы құрылымдарының түбегейлі өзгеруіне негіз болды. Бүгінгі таңда əлемдік тəжірибеде шаруа (фермер) қожалықтары аграрлық салада ең тиімді, əрі кең тараған шаруашылық жүргізуші нысан ретінде танылып отыр. Олар кəсіпкерлік үлгідегі экономикалық жəне құқықтық дербестік негізінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші шаруашылық ретінде де түсіндіріледі.
2011

Жер салық салудың алғашқы объектілерінің бірі болып табылады. Жер салығы – ежелгі салықтардың бірі. Бастапқыда жер салықтары негізінен заттай нысанда төленген жəне ежелгі дүние жəне орта ғасыр мемлекеттерінің салық жүйесінде орталық орын алған. Мысалы: өте ерте кездегі Хаммурапи заңдары бойынша алым міндетті төлемдердің қатарына жатқызылған. Алымды төлеуші ретінде еркін жер иелері мен шаруалар болған жəне бұл алым түрі заттай, бидаймен, малмен, шаруалардың бұйымдарымен төленіп отырған [1].
2011

Кез келген құқық саласы сияқты экологиялық заңнаманың даму негізі табиғат-қоғам қатынастарын реттеудегі мемлекеттің жалпы концептуалды əрекеттерін анықтайтын ҚР Конституциясы болып табылады. Онда азаматтардың негізгі экономикалық құқықтары мен міндеттері бекітіліп, экологиялық тұрғыдан тиімді əрекеттерді қолдау көрсетілген. ҚР Конституциясы негізінде қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар кешенін біріктіретін экологиялық заңнама жəне жекелеген табиғат объектілері туралы нормативтік-құқықтық актілердің жүйесі қалыптасқан.
2011

Агроөндірістік кешенді мемлекеттік реттеудің қажеттілігі айқын, өйткені мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттарының бірі азық -түлік қауіпсіздігін сақтау жəне халықты азық түлікпен қамтамасыз етуді жақсарту. Аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің міндеттері агроөнеркəсіптік өндірісті дамыту жəне тұрақтандыру, ауыл шаруашылығы жəне өзге де салалар арасында байланысты сақтау, шаруашылықтарды керекті құралдармен қамтамасыз ету, ауылшаруашылық қызметкерлердің кірістерін кəсіпорын қызметкерлерінің кірістерімен теңестіру, отандық ауылшаруашылық тауар өндірушілерді қолдау жəне т.б.
2011

Еңбек қауіпсіздігі институты еңбек құқығының негізгі институты болып танылады жəне оның субъектілері ретінде қызметкерлермен қатар өндіріс ортасымен байланыста болатын басқа да жеке тұлғалар танылады. Əркімнің Конституцияда көрсетілген еңбек саласындағы құқықтары əлеуметтік- еңбек қатынастары саласындағы конституциялық құқықтары болып танылады. Конституцияда айқындалған əркімнің еңбек жəне əлеуметтік саладағы құқықтары мен міндеттерін анықтай келе, еңбек құқығы субъектілерінің құқықтары мен міндеттердің бірлігі мен өз-ара байланыстылығын талдауымыз қажет. Жалпы құқықтар мен міндеттердің бірлігі құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайды [1, 83-б].
2011

Қай салада болмасын еліміздің өркендеуінің негізі болып адами фактордың танылатындығы баршаға мəлім. Əлеуметтік мəселелерді айқындау жəне осы бағыттағы бағдарламалық іс-шараларға əркімнің тікелей қатысу мүмкіндігі заңнамамен айқындалады. Өндірістің өрбуінің бірден бір бөлігі болып қызметкер танылса, екінші бөлігін өндіріс құралдары, технологиялық үдеріс құрайды. ҚР ЕК- нің 3-бабының 2-тармағына сəйкес еңбек заңнамасының міндеттері – жұмыс беруші мен қызметкерлердің мүдделерінің теңгеріміне, экономикалық өсімге қол  жеткізуге,  өндіріс тиімділігі мен адамдардың əл-ауқатын арттыруға қажетті құқықтық жағдайлар жасау болып табылады. Жұмыс берушіге қатысты қызметкерлердің еңбекті ұйымдастыру, жоспарлау үдерісіне тікелей қатысу мүмкіндігі ҚР ЕК-нің 33-бабы 3-тармағының екінші бөлігімен реттеледі.
2011

Адам құқықтары мен мүдделерінің қамтамасыз етілу жағдайлары құқық қолдану практикасы негізінде жəне өтініштерді тіркеу, қарау, сəйкесінше, өтініштер жайлы жүргізілетін ведомствалық, республикалық ақпараттық жүйенің көрсеткіштері негізінде айқындалады. Ведомствалық жəне республикалық ақпараттық жүйенің қалыптасуы заңнамаға негізделеді. Жалпы,  мемлекеттік деңгейде, сол өтініштер негізінде жинақталған мəліметтер саяси шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта, əркімнің өтініштерін қарауды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жеткілікті екендігіне қарамастан, мемлекеттік жəне мемлекеттік емес ұйымдардың басшыларымен жəне басқа да лауазымды тұлғалармен өтініштерге байланысты дəйекті, дəлелді шешім қабылдау, оларды тіркеу туралы іс-қағаздар өндірісін сол ұйымдарда ұйымдастыру мəселелеріне байланысты құқық бұзушылықтардың жиі орын беретіндігі мемлекеттік бақылау жəне қадағалау органдарымен айқындалуда.
2011

Қазіргі кезеңде құқық салаларының жүйесінде нормативтік қырларында үлкен өзгерістер болып жатыр. Отандық құқық саласының барлық жүйесін қамтып отырған мəселе болып табылады. Бұл азаматтық іс жүргізу құқығын да аттап кеткен жоқ. Азаматтық іс жүргізу құқығы сотпен азаматтық істерді қарау тəртібін анықтайтын құқық саласы болып табылады, яғни азаматтық іс бойынша сот əділдігін жүзеге асыру, сонымен қатар сот қаулыларын күштеп орындату тəртібін қарастырады.
2011

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.