Қарағанды университетiнiң хабаршысы

Бүгінгі таңдағы туристік индустрия əлемдік шаруашылықтың қарқынды дамушы саласы бола отырып, жиынтық ішкі өнімнің қалыптасуында ауқымды үлестілікті қамтиды, мемлекеттің төлем қабілеттілігін арттырады, əлеуметтік мəселелерді шешеді, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартады. Бұдан басқа, туристік сала тұрғындарды жұмысбастылықпен қамтитын жəне де экономиканың аралас секторлары өнімдеріне сұранысты қалыптастыру көзқарасы тұрғысынан елеулі түрде мультипликативтік ықпалдылықты иемденетін сала болып табылады. Қазіргі заманғы əлемде туризм мен демалудың рөлі ерекше, ол экономиканы, мəдениетті, əлеуметтік өмірді қоса алғандағы бүгінгі кездегі қоғам қызметінің барлық саласын қамтиды. Бизнестің бұл түрі құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, халық тұтынатын тауарлар өндірісі, көлік, байланыс жəне де ұлттық нарықтың т.б. салаларының дамуын ынталандырады [1].
2011

Нарықтық экономика жағдайында қаржылық жоспарлаудың жаңа əдістерін қолданбай, кəсіпорынның тұрақтылығын қамтамасыз ету мүмкін емес. Əлеуметтік-экономикалық жүйеге болжаулық емес, ықпал ететін факторлар көп. Факторлардың күтілетін теріс ықпалын азайту жəне, керісінше, күтілетін басқа факторлардың оң əсерін арттыру үшін оң ықпалы қолданылады. Оның шегінде бұл факторлар оқшауланады да, олардың ықпалы бағаланады жəне мүмкіндігінше реттеледі. Факторлар өте көп. Ал олардың қозғалысы аз жағдайда ретсіз жəне əр түрлі бағытталған, сондықтан кез келген жоспарды құрудың негізгі мақсаты нақты сандармен бағыттарды көрсету емес. Өйткені мұны істеу мүмкін емес, анықталған «дəліздер» бағыты бойынша берілген көрсеткіш анықталу керек. Жоспар құрудың  соңғы себебі  əлеуметтік-экономикалық жүйенің қызметін əр түрлі түсіндірудегі өтудің қаржылық шығындарын талап ететіндігімен көрінеді. Мұндай түсіндірудің болу мүмкіндігі төмен болады. Егер жұмыс жоспар бойынша жүзеге асырылса, теріс қаржылық нəтижелер аса маңызды болмайды.
2011

Əлемдік тəжірибеге жүгінсек, дамушы елдер экономикасын дамытушы фактор ол кəсіпкерлік болып табылады. Шағын кəсіпкерлікті дамытудың басты мақсаты — ел экономикасын қарышты дамытып, халық қажеттілігін қанағаттандыру, сонымен қатар нарыққа өтімді тауар жіберу. Жалпы елімізде шағын кəсіпкерлік дамыса, қоғамда бəсекелестік те дамиды, қосымша жұмыс орындары ашылып, тұтыну секторы да кеңейеді. Шағын кəсіпкерлік халық шаруашылығының барлық салаларын, яғни, құқықтық, қаржы, əлеуметтік-экономикалық мəселелерді қамтитындықтан, болашақта ел дамуының қайнар көзі болып табылмақ. Жалпы кəсіпкерлік қызмет — дамушы сектор. Кəсіпкерлік секторды одан əрі дамыту үшін елімізде мынадай мəселелерді дамытқан жөн: мемлекет тарапынан кəсіпкерлікке қолдау көрсету, кəсіпкерлікті қолдайтын ұйымдар санын көбейту, бизнес- инкубаторларды, маркетингтік жəне басқару саясатын, кəсіпкерлік құқықты əлі де болса жетілдіру қажет. Қазақстан Республикасындағы шағын жəне орта кəсіпкерліктің мониторингі көрсеткішін қарастырсақ: 2011 жылдың қаңтар-қазанында өткен жылғымен салыстырғандағы өнім шығарылымы (салыстырмалы бағада) 2,6 %-ға, белсенді субъектілер саны 4,4 %-ға өсті, жұмыспен қамтылғандар саны 3,5 %-ға төмендеді. 2011 жылдың қаңтар-қазанында шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілердегі өнім шығарылымы 6755,1 млрд теңгені құрады. ШОК субъектілерінің жалпы санында дара кəсіпкерлердің үлесі — 64,8 %-ды, шаруа (фермер) қожалықтары — 24,7 %-ды, шағын кəсіпкерліктегі заңды тұлғалар — 9,3 %-ды, орта кəсіпкерліктегі заңды тұлғалар 1,2 %-ды құрады.
2012

Батыс елдерде фирма өсімінің кезеңдік теориясы кең таралған, ол «ұйымдық тəртіп» аумағындағы зерттеу нəтижесінде туып, фирма дамуының кезеңдік сипаттарын ерекшелеу негізінде фирма өлшемін сапалық анықтаудың кеңеюіне жол берді. Фирма өсімі теориясының бір нұсқасы кəсіпорын мөлшерін анықтаумен тікелей байланысты болмаса да, бекітудің сапалы нұсқасын дамыту үшін қолданады. Осы теорияның бір нұсқасы кəсіпорын өсімі кезеңінің индикаторы ретінде өнімді дамыту стратегиясында көзделді. Көптеген авторлар компанияларды бір өнімді өндіруге бағытталған шағын фирмадан бастап, өнімнің үлкен өндірісі бойынша қызмет диверсификациясына бағытталған ірі кəсіпорындар — конгломерат-компания түрінде қарастырады (технология, қызмет, «ноу-хау»). Өнім дамуының кезеңін сипаттау үшін фирманың жылдық табысының оның өндіріске кеткен барлық шығындарының қатынасына тең «мамандандыру коэффициенті» қолданылады.
2012


Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының мəліметтері бойынша, 2003 жылдан бастап 2011 жылға дейін əр түрлі арналар бойынша ауыл шаруашылық тауар өндірушілер жалпы құны 4921,43 млн тг құрайтын 433 бірлік жаңа техника иемденген, соның ішінде 74 трактор, 209 егін жинайтын комбайндар, 43 егу кешендері жəне 107 əр түрлі топырақ өңдейтін техникалар. Соның ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ-мен сатып алынған техниканың саны 318 бірлікті, яғни 3166,04 млн тг, құрайды. Ол барлық техниканың 73 % құрайды, яғни 70 трактор, 137 егін жинайтын комбайндар, 19 егу кешендері жəне 92 əр түрлі топырақ өңдейтін техникалар. Оны төмендегі суреттен көруге болады.
2012

Қазіргі заман жағдайындағы өтімділікті жəне төлемқабілеттілікті нақты бағалаудың өзектілігі, қазақстандық кəсіпорындардың халықаралық нарықтарға интеграциялану жағдайында, корпоративтік имидж сұрағына жоғары көңіл бөле бастауымен негізделеді. Əлемдік қаржылық дағдарыс, несиелер нарығының құлауы, қарыз міндеттемелерін орындамау — бұның барлығы қазақстандық компаниялардың беделінің жəне рейтингінің өсуіне, бəсекелестік позицияларының күшеюіне мүмкіндік туғызбады. Сонымен қоса отандық кəсіпорындардың халықаралық экономикалық кеңістікке (Кедендік одақ, Бірыңғай экономикалық кеңістік жəне т.б.) интеграциялануымен, имидж жəне өтімділіктің жақсы көрсеткіштері бизнес серіктестері мен қаржылық институттары үшін де аса маңызды мəнге ие бола бастады. Жекеменшік айналым қаражаттарының жетіспеушілік мəселесінің өткірлігін есепке ала отыра, оларды реттеудің тəсілдері мен ағымдағы қаржылық қажеттіліктерінің түп негізіне тоқталайық.
2012

Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс ұғымы индустриялы-инновациялық дамудан туындайды десек, соңғы жылдары шыққан зерттеулер аграрлық салаға қажетті озық технологияны көрсетеді жəне нақты іс пен ғылымның байланысы қажеттілігін айғақтайды. Бұл ойымызға А.А.Акулов, А.С.Гаврилович [1], И.П.Буздалов, Б.И.Пошкус [2] сияқты авторлардың еңбектері дəлел. Сондай-ақ астықты аймаққа жататын Ресейде соңғы кезде жарияланған екі монографияны атау қажет. Олардың бірі нарық жағдайындағы аграрлық сала проблемаларына [3], екіншісі шыдамды астық түрін [4] дамытуға арналған. ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаев Қазақстан халқына 2011 жылғы Жолдауында агроөнеркəсіп кешені қызметкерлерінің алдына нақты міндет қойған-ды, яғни 2014 жылы ауыл шаруашылығы саласында өнімділікті екі есеге арттыру жəне етті мал шаруашылығын дамыту басты мақсатқа жатқызылды.
2012

Инвестиция нарығында нарық конъюнктурасын зерттеу маңыздылығы көрсетілген. Əлеуметтік экономикалық тиімділік кез келген формада шетел инвестицияларын тартудың міндетті шарты екендігі пайымдалған. Шетел инвестициялары қатысатын инвестициялық жобалардың алынатын қарыз бен несиелердің экономикалық лайықтылығы қағидасы қарастырылған. Шетел инвестицияларын тартудың маңызды қағидасы жобалар мен келісімдердің өзара тиімді болуы негізделген. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық елдеріне инвестиция тартудың ерекшеліктері келтірілген.
2012

Мақалада кəсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің нарықтық механизмдері зерттелген. Қазіргі экономикада кəсіпорындардың қайта құрылу да сапалы жаңа талаптарға сай қаржылық тұрақтылықты басқару əдістеріне негізделген. Қолжетімді ақпараттар негізінде кəсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау əдістері қарастырылған. Кəсіпорынның қаржылық тұрақтылығының деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер анықталған. Кəсіпорынның қаржылық тұрақтылығына əсер ететін факторлар зерттелген. Қазіргі кезеңде кəсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау ерекшеліктері анықталған.
2012

Мақалада «лизинг» түсінігі, Қазақстанның лизинг нарығының жағдайы, лизингтік операциялардағы тəуекелдердің түрлері қарастырылып, жоба тəуекелдердің көрсеткіштерін есептеу əдістемелері ұсынылды. Лизингтік мүлікпен ұштасатын тəуекелдікті басқару қазақстандық лизинг нарығындағы мəселелерді шешудің жəне оны дамытудың бір жолы болып табылады. Қазақстандық лизингтік бизнестегі тəуекелдерді азайтудың объективті мəселелері айқындалып, қазақстандық лизинг нарығы үшін тəуекелдеді басқарудың жаңа мүмкіндіктері көрсетілген.
2013

 Мақалада кəсіпорынның айналым капиталын құрудың қаржылық көздерінің жиынтығы қарастырылған. Кəсіпорын қызметінің нəтижесіне əсер ететін коэффициенттер анықталған. Айналым капиталына байланысты шығарылатын өнім құрылымының өзгерісін бағалауға əсер ететін əдістемелік аппарат пен құралдар дайындалды. Кəсіпорынның айналым капиталы құрылымының өзгеруі бойынша басқару шешімдеріне əсер ететін басты факторлар анықталды. Кəсіпорынның айналым капиталын басқаруға байланысты тəжірибелік ұсыныстар келтірілді.
2013

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.