Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасындағы кəсіпкерлік қызметтің қазіргі жағдайы

Əлемдік тəжірибеге жүгінсек, дамушы елдер экономикасын дамытушы фактор ол кəсіпкерлік болып табылады. Шағын кəсіпкерлікті дамытудың басты мақсаты — ел экономикасын қарышты дамытып, халық қажеттілігін қанағаттандыру, сонымен қатар нарыққа өтімді тауар жіберу. Жалпы елімізде шағын кəсіпкерлік дамыса, қоғамда бəсекелестік те дамиды, қосымша жұмыс орындары ашылып, тұтыну секторы да кеңейеді. Шағын кəсіпкерлік халық шаруашылығының барлық салаларын, яғни, құқықтық, қаржы, əлеуметтік-экономикалық мəселелерді қамтитындықтан, болашақта ел дамуының қайнар көзі болып табылмақ. Жалпы кəсіпкерлік қызмет — дамушы сектор. Кəсіпкерлік секторды одан əрі дамыту үшін елімізде мынадай мəселелерді дамытқан жөн: мемлекет тарапынан кəсіпкерлікке қолдау көрсету, кəсіпкерлікті қолдайтын ұйымдар санын көбейту, бизнес- инкубаторларды, маркетингтік жəне басқару саясатын, кəсіпкерлік құқықты əлі де болса жетілдіру қажет. Қазақстан Республикасындағы шағын жəне орта кəсіпкерліктің мониторингі көрсеткішін қарастырсақ: 2011 жылдың қаңтар-қазанында өткен жылғымен салыстырғандағы өнім шығарылымы (салыстырмалы бағада) 2,6 %-ға, белсенді субъектілер саны 4,4 %-ға өсті, жұмыспен қамтылғандар саны 3,5 %-ға төмендеді. 2011 жылдың қаңтар-қазанында шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілердегі өнім шығарылымы 6755,1 млрд теңгені құрады. ШОК субъектілерінің жалпы санында дара кəсіпкерлердің үлесі — 64,8 %-ды, шаруа (фермер) қожалықтары — 24,7 %-ды, шағын кəсіпкерліктегі заңды тұлғалар — 9,3 %-ды, орта кəсіпкерліктегі заңды тұлғалар 1,2 %-ды құрады.

Төмендегі суретте көрсетілгендей, шағын кəсіпкерлік субъектілерінің жылдан жылға қарыштап қанат жайып өсіп келе жатқаны байқалуда. Оның ішінде жақсы дамығаны — дара, шағын орта кəсіпкерлер. Осы аталған субъектілердің дамуы көбінесе қалалық жерлерде орын алады, ал ауылдық аймақтарда шағын кəсіпкерліктің ақсап қалуы тауарларға деген сұраныстың болмауынан, яғни, ауылдық аймақтарда халықтың сирек мекендеуі — шағын орта кəсіпкерліктің ақсауына себепші факторлардың бірі болмақ. Бізді ойландыратын жайт, ол шаруа қожалықтары, яғни фермерлік шаруашылықтардың төмен дамуы, ал ол экономикамыздағы ауылшаруашылығы саласының аяғынан тік тұра алмауынан болса керек. Сол себептен, əліде болса, ауылшаруашылығы саласын дамытуға күш салу керек. Ауыл шаруашылығы көркейсе, ел экономикасының өсуіне, яғни мемлекетімізде кəсіпкерлік қызметтің дамуына, үлкен үлес қосар еді. Олай болса, тек қана шаруа қожалықтарын ғана емес, шағын орта кəсіпкерлікті ауылшаруашылығында да дамыту қажет [1].

 Сур. Шағын жəне орта кəсіпкерліктегі белсенді субъектілері санының өзгеруі (өткен жылғы тиісті күнге пайызбен)

Сур. Шағын жəне орта кəсіпкерліктегі белсенді субъектілері санының өзгеруі (өткен жылғы тиісті күнге пайызбен)

 Еліміздегі шағын кəсіпкерлікті əлем тəжірибесіне сүйене отырып, дамытқан дұрыс деп тұжырымдаймыз:

  • пайыз төленбейтін қарыздар беру (Швеция);
  • кəсіпкерлік саласында   жаңалықты   енгізуге    кеткен    шығындардың   50 %-ын   өтейтін қайтарымсыз ссуда беру (Германия);
  • жаңалық ойлап тапқан жеке адамдар үшін мемлекеттік салымды азайту (Австрия, Германия, АҚШ жəне т.б.);
  • егер жаңалық энергияны үнемдеуге байланысты болса, мемлекеттік салым төлейтін уақытты ұзарту немесе одан мүлдем босату (Австрия);
  • ойлап тапқан жеке адамдардың өтінішімен іс-қағаздарын тегін толтыру, патенттік тексерістен өткендерге тегін қызмет көрсету, салымдарды төлеуден босату (Нидерланды, Германия).

Міне, жоғарыда көріп отырғанымыздай, шет мемлекеттердің тəжірибесі осындай кəсіпкерлікке демеу болатын негізгі факторларды ашып көрсетеді. Шетел тəжірибесінен үлгі алып, оны одан əрі дамытатын болсақ, біз кəсіпкерлікті аяғынан тік тұрғызып, ел экономикасын елеулі дамыта алар едік. Жалпы алғанда, Қазақстан 2011 жылдың 6 маусымынан бастап, Қазақстан, Ресей, Белоруссия —

осы үштік мемлекеттік Кедендік одақ негізін қалады, яғни Кедендік кодекс қабылданды. Осы кодекс бойынша Кедендік одаққа мүше-елдердің арасында кедендік барлық төлемдерді төлеу, декларациялау алынып тасталды. Яғни, Белоруссия мен Ресейден əкелінетін тауарларды кедендік рəсімдеусіз, еркін кіргізе алуға мүмкіндік туды. Кедендік одақ 170 млн тұтынушысы бар алып нарық қалыптастыруда. Кедендік одақ еліміздегі шикізаттық емес саланы одан əрі дамытуға жол ашуда, сонымен қатар біздің өндірушілерден өте сапалы тауар шығаруды талап етеді, ал бұл халыққа əр түрлі жоғары сапалы тауарды ғана тұтынуға жол ашады. Осыдан келіп халыққа қызмет көрсетудің сапасы артады. Қазақстан қазірде импортталған 400-ге жуық тауар түріне төменгі баж салығын қою құқығына ие болып отыр. Мұндай тауарларға дəрі-дəрмектер, медициналық құрал-жабдықтар, целлюлоза, қағаз бұйымдары т.б. жатады. Кедендік одақтың аясындағы интеграцияны дамытудың келесі кезеңі — тараптардың көліктік инфрақұрылымына еркін кіруін қамтамасыз ететін бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптастыру. Қазіргі таңда Ресейде қосымша құн салығы — 18 %, ал Қазақстанда — 12 %.

Қазақстан, Ресей мен Белоруссия мемлекеттері бірлесіп жасақтаған Кедендік одақтың берері мол, келешегі кемел деп айтқымыз келеді. Осы елдерге тауар шығарғанда жəне тауар əкелгенде, яғни импорт жəне экспорт операцияларын жүргізгенде, баж салығы алынбайды, қандай да бір құжаттар талап етілмейді. Ал одаққа мүше емес басқа шет елдерден келетін тауарларға салынатын кедендік баж салығы өсіп отыр. 2011 жылдың 1-ші шілдесінен бастап, Кедендік одақтың ішкі шекараларынан бақылаудың мынадай түрлері алынып тасталды:

  • санитарлық-эпидемиологиялық;
  • фитосанитарлық;
  • ветеринарлық;
  • көліктік бақылау.

Еліміздің жалпы өндірістік көлемі қазірде 600 млрд долл. құрап отыр. Тек қана мұнайымыздың қоры 90 млрд баррель, бұл əлемдік энергия көздері нарығындағы аса маңызды рөл атқаруда. Əрбір нəрсенің сол жəне оң жақтары бар. Сол сияқты Кедендік одақтың да өзіндік ерекшеліктері мен кемшіліктері қатар жүрмек. Мысалға, жеңіл көлік үшін төленетін баж салығы Кедендік одақ құрылмай тұрып 15 % болса, енді 30 %-ды құрап отыр, яғни — қазақстандықтар сырттан көлік сатып алғанда, бұрынғыға қарағанда көбірек шығынданбақ. Қазақстан Ресейге қарағанда шикізат тауарларын арзанға алатын болады. Сондықтан Ресей Қазақстанға арзан кірген тауарлардың Ресейге ре-экспортталмауы үшін, техникалық талаптар қойып отыр. Жалпы айтар ой, Қазақстан бірқатар тауарды өз ішкі нарығы үшін арзан импорттай алады, бірақ оны Ресейге сата алмайды. Жалпы шетел тəжірибесіне сүйенер болсақ, Түркия мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 1 млрд 800 млн-ды құраған, ал Түркияның мəліметтері, яғни статистикалық көрсеткіші бойынша, 4 млрд долл. құрап отыр. Бұл — еліміздегі биресми жолмен ақша табуға машықтанған кəсіпкерлердің қалыптасқандығының басты белгісі.

Дүниежүзілік банктің жыл сайынғы шығаратын Doing Business (Бизнес жүргізу жеңілдігі) рейтингісі бойынша 2011 жылғы Қазақстанның экспорт жəне импорт жүргізу көрсеткіштері 1-кестеде көрсетілген.

 Дүниежүзілік банктің жыл сайынғы шығаратын Doing Business (Бизнес жүргізу жеңілдігі) рейтингісі бойынша 2011 жылғы Қазақстанның экспорт жəне импорт жүргізу көрсеткіштері

 Қазақстан əлемдегі 183 елдің ішінде 181 орынға ие болып отыр. Бұл біздің елдегі заңды түрде экспорт жəне импорт операцияларының қандай көрсеткішті көрсетіп отырғандығын байқатады. Бұған мысал, Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымы (ОЕСD) қатарына кіретін басты елдердегі көрсеткіштермен салыстырған арадағы айырмашылық дəлел бола алады. Бұл саладағы нақты өзгерістердің бар екендігін көрсетеді. Кедендік одақ — осы тұрғыдан алып қарағанда, үлкен мүмкіндік, яғни болашаққа кемел жол болып табылады. Бұдан былай Қазақстан кедендік бекеттері Ресей жəне Белоруссия өкілдерімен, яғни мамандарымен, бірге бақыланатын болады. Сонымен, Кедендік одақтың келешегі зор, Қазақстан үшін берері көп деген қорытындыға келдік. Шағын жəне орта кəсіпкерлік дамуының негізгі көрсеткіштері 2-кестеде берілген.

Жалпы, кестеден көріп отырғанымыздай, 2011 жылдың 1 қарашасындағы шағын жəне орта кəсіпкерлік дамуының негізгі жағдайы көрсеткіштері берілген. Осы көрсеткіштерге сүйенетін болсақ, белсенді субъектілер санының ҚР-дағы жалпы көрсеткіші 104,4 %-ды құраса, ал жұмыспен қамтылғандар саны 96,5 %-ды құрап отыр [1]. Белсенді субъектілер ішінде жоғары нəтиже көрсетіп отырған: Ақтөбе — 124,1 %, Атырау — 135,5 %, Алматы — 121 % жəне Астана қалалары 143,7 %-ға өскенін көрсетіп отыр. Ал енді жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша жоғары көрсеткішке: Жамбыл 104,9 %, Атырау — 102,2 %, Ақтөбе — 101,4 % жəне Астана қаласы 100,9 % ие.

Жалпы статистикалық көрсеткіштерге сүйенетін болсақ, Қазақстан Республикасында 2011 жылы 1 қарашаға дейін (Статистика агенттігінің мəліметі бойынша) 204 кəсіпорын ашылған. Бұл — біздің жетістігіміз, жылдан жылға кəсіпкерлік қызметті дамытып, халықтың сұранысын толығымен қамтамасыз ететін, отандық өнімдер өндіретін кəсіпорындар ашу біздің еліміз үшін жақсы жетістік болмақ. Сонымен қатар шағын бизнес субъектілерін ашу, халықты жұмыспен қамтып, еліміздің тұрғындарының əлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жұмыссыздық жəне инфляцияға тежеу болады деген ойдамыз.

 Шағын жəне орта кəсіпкерлік дамуының негізгі көрсеткіштері

Жалпы еліміз ұстанып отырған саясат бойынша алып қарайтын болсақ, жұмыссыздықты жоюдың жолы кəсіпкерлікті дамыту болып табылмақ. Кіші жəне орта кəсіпорындарың ашылуы халықты жұмыссыздық процесінен аз да болса айықтырмақ. Жұмыссыздық деңгейі төмендесе, халықтың əлеуметтік жағдайы да жақсарады, сонымен қатар инфляция процесі төмендейді.

3-кестеде ШОК белсенді субъектілері қызметтерінің негізгі көрсеткіштері берілген, яғни 2011 жылғы 1 қарашасындағы ШОК-та жұмыспен қамтылғандар саны республика бойынша көрсетілген. Жалпы Қазақстан Республикасы бойынша 2 574 549 адам қамтылған. Бұл — бір жыл үшін өте жоғары көрсеткіш, оның ішінде жоғары көрсеткішті көрсетіп отырған облыстар мен қалалар бар. Алматы — 266 911 адам, Қарағанды — 196 560, Астана қаласында 152 675 адам жұмыспен қамтылған, жалпы жұмыспен қамту жағдайы бойынша жеке жəне орта кəсіпкерліктің белсенді көрсеткішін танытып отырғанын көріп отырмыз. Орта кəсіпкерліктегі заңды тұлғалар 720 883 адамды жұмысқа қабылдаса, жеке кəсіпкерлер 726 501 адамды жұмыспен қамтыған [2].

Жалпы көрсеткіштер бойынша қарастыратын болсақ, ең жоғарғы көрсеткішті Оңтүстік Қазақстан облысы көрсетіп отыр, оның себебі бұл аймақта көкөніс, жеміс-жидек кластері, сонымен қатар мақта өнеркəсібі жақсы дамыған. Ал Қарағанды облысына келетін болсақ, Қарағанды — еліміздегі ірі өндіріс ошақтарының бірі, көбінесе, халықты жұмыспен қамтып отырған өндірістік кəсіпорындар екенін аңғарамыз. Оның ішінде:«Қазақмыс корпорациясы», «АрселорМиттал Теміртау» кен орындарымен қоса Балқаш, Жезқазған мыс зауыттары жəне т.б.

Жоғарыдағы статистикалық көрсеткіштерге сүйенетін болсақ, елімізде кəсіпкерлік қызметтің дамып, өркендеп, өсіп, ел экономикасының еңселі факторларының біріне айналып келе жатқанына көз жеткіземіз. Кəсіпкерлік қызметті əліде болса дамытып, түрлі кедергілерді жоюға күш салу қажет.

Шағын жəне орта бизнес нарық қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын негізгі фактор болып саналады. Нарықтық экономикадағы шағын кəсіпкерлік, ең алдымен, нарықтық тауарлардың молаюына жəне жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді.

Кəсіпкерлік қызмет халықты жұмыспен қамту, тұрмыстың лайықты деңгейімен қамтамасыз ету, адамның өмірге нық сеніммен қарау мүмкіндіктерін тудырады. Сонымен қатар экономиканың қайта құрылу қарқынын жеделдетіп, шығынның тез өтелуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ тұтынушы сұранымының өзгерісін жедел бақылап, бəсекелестік өрісін кеңейте түсуге салалық жəне аумақтық монополизмге төтеп беруге септігін тигізеді [3].

 ШОК белсенді субъектілері қызметтерінің негізгі көрсеткіштері  2011 жылғы 1 қарашаға ШОК-та жұмыспен қамтылғандар саны, адам

 Қазіргі таңда шағын жəне орта кəсіпкерлік еліміздегі болып жатқан қиыншылықтарына қарамастан, экономиканың серпінді де қарқынды дамып келе жатқан белгілі бір бөлігі болып отыр. Еліміздегі шағын бизнесті дамыту жолындағы көптеген кедергілердің бүгінгі таңда азайып келе жатқандығын айта кету керек. Бірақ шағын бизнестің дамуына тежеу болатын күрделі проблемалар əлі де бар:

  • несие алу мүмкіндігінің шектеулілігі;
  • шағын бизнесті қолдау жəне қорғау жөніндегі заңды базаның жетілмеуі;
  • шағын бизнесті қолдау жəне қорғау инфрақұрылымының əлсіздігі;
  • несиенің қысқа мерзімге ғана берілуі жəне несие пайызының жоғары болуы;
  • шағын бизнесті қолдау, жетілдіру ұйымдарының аздығы;
  • білікті кадрлардың жетіспеушілігі.

Қазақстандағы шағын бизнесті жүргізу барысында біршама қиындықтар кездесіп тұрады. Шағын кəсіпорындардың басты проблемасы — материалды-техникалық жəне ресурстық, қаражаттық базаның жоқтығы. Көптеген жылдар бойы шағын бизнес деген атауды естімеген елімізде «кəсіпкерлік», «кəсіпкер» ұғымдары айтылмай келді. Айлықтан айлыққа өмір сүрген халқымыздың қор жинауына, қаржыны айналымға салуына, өз ісін бастауына мүмкіндік болмады.

Осы тұрғыда тұтынуға сəйкес жеңілдетілген несиелендіру механизмі, салық салу жəне сыртқы экономикалық байланыстардағы жеңілдіктер қарастырылғаны дұрыс. Оның мəні — халық тұтынушылығын жақсы қанағаттандыру жəне кəсіпкерлікті күшейту. Келесі проблема — кіші кəсіпкерліктің даму барысына сүйенетін құқықтық жаза. Əзірше ол əлі жетіле қойған жоқ, ал кейбір жағдайларға сəйкес те келмейді. Ал шағын кəсіпкерлікті реттейтін құқықтық құжаттардың бар екендігі бəрімізге аян (ҚР Азаматтық кодексі жəне Кəсіпкерлікті қорғау мен қолдау, Президенттің бірқатар Жарлықтары т.б.).

Шағын кəсіпкерліктің басты проблемаларының бірі — кəсіпорын кадрлары, Қазақстан шағын кəсiпкерлiк нарықтық құрылымдарды құру жəне олардың қызметiн қамтамасыз етуде бiлiмi мен тəжiрибесi мол кəсiби кадрларға зəру күй кешiп отыр. Болашақта кадрлік, ғылыми-əдiстемелiк жəне ақпараттық қамту кадрларды кəсiпкерлiкке мақсатты түрде бағдарлай отырып, даярлауды көздеуде. Осы бағытта ұйымдастыру желiлерiн құруды, отандық жəне шетелдiк озық тəжiрибенi Қазақстан аймақтарына таратуды, қашықтан кəсiпкерлiк бiлiм берудi дамытуды т.б. бірқатар іс-шараларды іске асыруды көздеп отыр.

Сондай-ақ шағын жəне орта бизнес саясаты стагнациялық экономикадан шығудың балама жолы бола алады, өйткені ол екі макроэкономикалық проблемаларды байланыстырады — жұмыспен қамту жəне өндірістің жандануын. Шағын кəсіпкерлік экономикаға барлық көрсеткіштер бойынша біршама өзгерістер алып келуі мүмкін. Ондағы шағын кəсіпорындар ашу мəселесі ең аз шығынмен жұмыссыздықтан шығатын бірден бір жол ретінде қарастырылады. Соңғы он жылдықтағы дамыған елдердегі экономиканың даму тенденциясы шағын бизнес саласына өтумен тығыз байланысты. Осы саладағы бəсекелестікті ынталандыру, кəсіпкерліктің жандануы, қоғам ресурстарының толығырақ қолданылуы инновациялық процесті күшеюіне септігін тигізеді [4].

Елімізде кəсіпкерлікпен айналысушы тұлғаларға несие пайызын төмендету, кадрларды шет мемлекеттер тəжірибесін қолдана отырып оқыту, дайындау, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру сияқты мəселелердің басын шешу кəсіпкерлер үшін оңтайлы болмақ. Əрине, проблемасыз, қиындықсыз еш нəрсе болмайды. Ол қиындықтар мен кемшіліктердің бəрі уақыт өте келе өз шешімін табады. Сондықтан кəсіпкерлік саласындағы осындай бір реттелуі қажет шаруаларға мемлекет қол ұшын береді деген ойдамыз. Осы мақсатта елімізде кəсіпкерлікті дамыту бағдарламасы «Бизнестің жол картасы – 2020» 2010 жылдан бастап енгізілді. Бұл бағдарламаның мақсаты — аймақтарда кəсіпкерліктің жаңа жүйесін дамыту есебінен тұрақты жұмыс орындарын ашу. Бұл бағдарламада жүзеге асырылуы тиіс мəселелер:

  1. Несиелер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау.
  2. Шағын орта бизнеске несиелерді ішнара кепілдендіру.
  3. Бизнес жүргізуге сервистік қолдау білдіру.
  4. Мамандарды қайта даярлау жəне біліктілігін арттыру, жастар тəжірибесі.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы кəсіпкерлер мен инвесторлар үшін шикізаттық емес жобаларды қаржыландыру жөнінен жаңа мүмкіндіктер ашады [5]. Қазақстан Республикасы Президентінің «ҚР 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан əрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2000 жылғы 17 ақпандағы № 344 Жарлығының негізгі мақсаты шағын кəсіпкерліктің өндірістік саланы серпінді дамытуын қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдау саясатын жетілдіру. Стратегияның міндеттері бағдарлама мақсатын іске асыру жолында төмендегі мəселелерді шешуді көздейді:

  • халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
  • қоғамдық ұйымдардың шағын кəсіпкерлікті қолдау мен қорғау мəселелеріндегі рөлін күшейту;
  • шағын кəсіпкерліктің өндірістік секторындағы басымдықты дамыту. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары:
  • шағын кəсіпкерліктің кадрлік, ғылыми-əдістемелік жəне ақпараттық жағынан қамтамасыз етілуі;
  • шағын кəсіпкерлік саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жетілдірілуі жəне олардың орындалуына бақылауды күшейту;
  • шағын кəсіпкерлікті аймақтық дамыту.

Нарықтық жүйені қалыптастыру мен бəсекелестікті дамытуда, тауар жəне қызмет сұранысын қанағаттандыруда, жұмыссыздық мəселесін шешуде жəне жаңа технологияларды енгізуде шағын жəне орта кəсіпкерліктің əлеуметтік-экономикалық мəні өте зор, өйткені ол қоғамдағы экономиканы дамытушы басты факторлардың бірі болмақ [6].

Жалпы шағын бизнестің дамуы экономиканың дамуына жағымды жағдай қалыптастырады: қоғамда бəсекелестік орта дамиды, қосымша жұмыс орындары ашылып, тұтыну секторы кеңеймек. Шағын кəсіпорындар қоғамдық өндіріс үрдісіне жаңа құндылықтар жасайтын ұлттық табысты арттырып, қосымша еңбектің түрін қосады. Шағын кəсіпкерлік халық шаруашылығының барлық салаларында қызмет ете отырып, экономикалық ұйымдастыру, құқықтық, қаржы, əлеуметтік мəселелерді қамтитындықтан, болашақта еліміздің дамуының қайнар көзі болып табылмақ. Қорытындылай келе, шағын кəсіпкерліктің экономика жағдайын дамытудағы негізгі фактор екенін дəлелдей келе, кəсіпкерлік модельді ұстану қажеттігін баса айтқымыз келеді. Осы тұрғыда мемлекет кəсіпкерлік белсенділікті тиімді, əрі лайықты ынталандыру əдістерін қарастырғаны жөн.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. e-mail: mdavidenko@stat.kz — Ұлттық шоттар департаменті.
  2. aef.kz — 2011 жыл.
  3. Сейдахметов А.С. Кəсіпкерлік. — Алматы: Экономика,2011.
  4. zox.kz — 2011 жыл.
  5. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы. — Алматы: Бизнес кеңесші баспасы,2010.
  6. Сабден О. Шағын бизнес негіздері. — Алматы: Фолиант,2008.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.