Дін

Мақалада «діни секта», «экстремизм» жəне «терроризм» үғымдары əлеуметтíк-философия түрғысынан аныкталды. Секталардың даму жолдары жəне адамдарды арбау механизмдері жан-жакты ашылды.
2018

Мақалада Кеңес өкіметінің КСРО көлемінде Қазақстанда ХХ ғасырдың 40-шы жылдарының басы мен ортасында дінге байланысты қатысты қабылдаған заңнамалық-құқықтық актілер қарастырылды.
2018

Əлемдîк тəжıрибе көрсетіп отырғандай, елімізде жакыɪɪда ғана енгізілген каржылык бақылау жəне мемлекеттік аудит жүйесі əрбíр елде өз ерекшеліктері бар.
2019
Тиімділік аудиті мемлекеттік бюджеттік бақылауды өткізудің маңызды эдістерінің бірі ретінде

Қылмыскерлерді түзету мәселесі Ресей империясы қылмыстық-атқару жүйесінде маңызды мәселелерінің бірі болып табылатын, алдыңғы кезеңде осы саладағы жинақталған тарихи тәжірибені мұқият зерделеуді қажет етеді.
2016

Қашаған Күржіманұлы – ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанның батыс аймағында өзінен бұрынғы ақындық, жыршылық дәстүрдің өнегесіне қаныға, оны ілгері дамыта түскен ақындардың бірі
2018

Бұл мақалада дін әлеуметтік құбылыс және әлеуметтік сананың ең күрделі түрі ретінде қарастырылады. Осының негізінде діни сананың қоғам және адам өміріндегі алар орны көрсетілген. Сенім, сезім және үміт діни сананың бастамасы ретінде  көрініс табады.Қоғамның жұмыс істеуінің және дамуының маңызды саласы болып оның рухани өмірі табылады. Ол адам өмірінде жағымды рухани атмосфераны және жақсы психологиялық-адамгершіліктік климатты қалыптастырады. Қоғамның рухани өмірінің негізін рухани іс-әрекет құрайды. Оны адамның белгілі бір ойлары мен сезімдері, табиғи және әлеуметтік құбылыстар туралы түсініктер мен бейнелер ретінде туындайтын сананың іс-әрекеті ретінде қарастыруға болады. Бұл іс-әрекеттің нәтижесі ретінде адамдардың әлемге, ғылыми идеялар мен теорияларға, адамгершіліктік, эстетикалық және діни танымдарға деген белгілі көзқарастары көрініс та- бады. Олар адамгершіліктік қағидалар мен мінез-құлық ережелерінен, халықтық және кәсіби шығармашылық туындылардан, діни рәсімдерден, салт-жоралардан және т.б. байқалады.Діннің барлық әлеуметтік институттар сияқты салыстырмалы тұрақты және консервативті білім екендігіне қарамастан, ол қоғамдық тұрмыстың өзгермелі жағдайларына бейімделгіш болып келеді. Ғылыми-техникалық прогрестің өсімімен, әлеммен байланыстылығы, қоғамның өмір тіршілігінің түрлі салаларындағы жаhандық трансформацияларымен сипатталатын қазіргі кезең діни салаға өзіндік әсерін тигізді. Діннің сыртқы бейнесі алғашқы кейпінде сақталған болса, ал сана тұрғысында ол біршама өзгерістерге ұшырады.Діни сана мәселесінің өзектілігі бірнеше объективті факторлардан туындайды. Әлемнің барлық елдерінде дінге сенушілердің көп болуына қарамастан, діни сананың күшімен шешілмейтін көптеген қарама-қайшылықтар туындап жатыр. Діни сананың негізінде діни идеологияның негізгі элементі болып табылатын діни сенім, діни оқуларға толық сенім білдіретін бір Құдайға сенуге негізделген тылсым күштерге ие құбылыстарға деген сенім қалыптасады.Өзін түбегейлі өзгертуші, ішкі және сыртқы қиын жағдайларда жаңа мемлекеттілікті қалыптастыратын қазақстандық қоғам үшін ұрпақтар жалғастығы мен жас ұрпақты осы процеске ендіру мәселелері қоғамдық мақсаттарға жету жолында маңызды шешім болып табылады. Дінге артылатын үміттер көп жағдайда ақталмайды: түрлі діндердің ғасырлар бойы орын алып келе жатқандығына қарамастан, жер шары тұрғындарының басым бөлігі дінге сенбейді.Мақалада Э. Дюркгейм, К. Маркс, Ф. Энгельс, Д. Бонхеффер, И. Кант және т.б. ғалымдардың көзқарастарына талдау жасалынады. Қазіргі таңда қоғамның діни сана мәселесі өзекті болып қала береді.
2013
Тег: Дін

Мақалада адамды тануда діни антропологияның ерекшелігіне назар аударылып, ол басқа да ілімдермен салыстырылды. Автор адамға деген діни көзқарастардың алуан түрлілігі мен оның өмір сүруінің өзінің көп қырлы екендігін көрсетті. Теологтардың антропологияға деген қызығушылықтары мен діни жəне философиялық антропологияның ара қатынасы туралы пікірталастар келтірілді. Адам туғанда мəнімен бірге тумайды. Ол кейінгі қалыптасуында ғана мəнділікке ие болуы мүмкін деген ойшылдардың ойларымен автор келісетіндігін білдіреді. Адам үшін дүниеде тек тірі ағза болып тіршілік ету, организмдік мұқтаждықтардың шеңберімен шектелу жеткіліксіз екендігі туралы айтқан дана Абайдың адам туралы айтқан ойларын автор ортаға салады.
2015