Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Діннің тілдік өмірге жасайтын ықпалы

Мақалада гуманитарлық ғылымдар, қоғамның қарым-қатынасы, қоғамның өмірі мен тілі туралы əдістемелік сұрақтар қарастырылды. Автор дінді əлеуметтік сананың формасы, əлеуметтік өмірге үлкен ықпал ететін объективті əлемді білу мен меңгерудің бір түрі, сондай-ақ адамдар арасындағы қарым-қатынастың маңызды элементі жəне ойлау қабілетінің елеулі құралы ретінде тілді айқындады. Дінде болып жатқан үдерістер мен тілдегі өзгерістер арасындағы байланысты орнатып, тілдің жұмыс істеуінің түрлі салаларын талдау негізінде олардың тығыз қарым-қатынасын жəне өзара əрекеттесуін анықтайды. Сонымен қатар қоғамның тілдік көрінісінің мəселелерін, атап айтқанда, діни көзқарастар туралы жəне діни сананың мəдени жəне діни нысандар, жазбаша жəне аймақтық əдебиет номинациясы бойынша ықпалы туралы қорытынды жасады.

Діннің тілмен болған қатынасын сөз еткен мақалалар шынымен аз емес. Осы саладағы зерттеулердің негізгі ахуалы төмендегідей: осы мəселенің мəлім жерлердегі, мəлім ұлттар өміріндегі, мəлім тілдегі негізгі ахуалын зерттеуі бір шама көбірек. Ал осы мəселенің субъектив көзқарастағы жалпы беттік меңгерілуі, жан-жақтылы зерттелуі кемшін. Тар көлемде зерттелгенімен, жүйелі түрде толыққанды талдалмай келеді. Осы мақалада əлемдік бірнеше діннің даму тарихындағы тарихи шындығы негізінде тілдік тұрмыстағы басты мазмұндарын өзек ете отырып, діннің негізгі қасиеті мен қоғамға ықпал ету тəсіліне, діннің тілдік тұрмыстағы ықпалына жүйелі түрде тереңірек үңілумен бірге, адамдардың тіл мəселесін тану жəне бір жайлы ету барысында кеңірек ойлауына, тереңдей тануына, түсіндірулерінің өнімді болуына көмектесетін боламыз.

Тілдің қоғамға ықпалы

Діннің тілмен байланысын анықтауда əуелі діннің қоғаммен байланысын анықтап алуымыз керек. Себебі діннің тілге ықпалы діннің қоғамға болған əсері арқылы жүзеге асады. Діннің төмендегідей бірнеше анықтамасы біздің діннің тілге ықпалын түсінуімізге көмектесетін болады. Дін — адамзат қоғамындағы рухани өркениеттің маңызды бөлегі. Дін — адамзаттың біртүрлі сенімі, ол тəңірді — өзек, адамдар тəжірибесін негіз етіп, қоғамдық рөлде бейнеленеді. Дін адамзат қоғамындағы бір шама ұзақ тарихи кезеңдегі рухани өркениет, саяси өркениеттің маңызды бөлшегі болумен бірге заттық өркениетке де зор ықпал жасайды.

Дін сансыз халықтың ортақ құнды көзқарас пен ортақ тұрмыстық əдетін қалыптастыруды бастамашылық жəне жетекшілік рөлге ие. Дін сансыз халықтардың сеніміне, қимылына, санасына жетекшілік етумен бірге, шектеу рөлін атқарды. Бұл құбылыс дүниедегі үш үлкен діннің барлығында сақталған. Егер белгілі бір ұлт немесе мемлекет біртүрлі дінге сенетін болса, онда осы дін сол ұлттың немесе мемлекеттің құрылыс мəдениетіне, көпшілік санасына, жұртшылық қолдауына зор рол атқарумен бірге, сол ұлттың немесе мемлекеттің саясатына, құқығына, ұлтаралық байланысына терең ықпал етеді. Жетектеу қаншалық ыждағатты болса, діндік тұрмыс соншалық жалынды болады. Сенетін адам саны неғұрлым көп болса, сол діннің қоғамға ықпалы соғұрлым зор болады.

Дін — адамзат қоғамының маңызды құрылымдарының бірі. Тарихи материализмнің тұрғысынан экономикалық базис қондырманы белгілейді. Қондырма экономиканың базисына кері əсер етеді. Қондырма екіге бөлінеді, бірі — саяси қондырма, енді бірі — идеялық қондырма. Қондырма, əдетте, танымдық форма деп те аталады. Үкімет — саяси қондырманың уəкілі, ол үнемі əкімшілік құрылым арқылы қоғамды тікелей меңгереді. Оның үстіне дін көп жағдайда танымдық форманың жетекшісі, танымдық форма негізінен саяси қондырманы бастан кешіріп, ең ақырында, қоғамға өз ықпалын жүзеге асырады. Бірақ дін жай танымдық форма емес, дін өзіндік ерекшелікке ие құрылымдық жүйеге жəне үнемілікке ие қоғамдық қимылы бар, қазына мүлкі де бар деп есептеледі. Дін бір түрдегі танымдық форма болып қалмастан жəне бір түрдегі қоғамдық күш болып, ол қоғамдық қимылға жетекшілік ете алады. Будда діні жəне Ислам діні тарихына көз жіберсек, үкімет пен діннің бірігіп кеткендігін байқаймыз. Үкімет пен дін бөлінгеннен кейін, дін үкіметке орасан зор ықпал жасады, тіпті үкімет ісіне оралғы болатын жағдайларды туындатып отырды. Қазіргі жəне байырғы дін мен саяси ажыраған мемлекеттер ішінде діннің қоғамға жасаған ықпалының негізгі формасы болса; діндік ұстанымнан, діндік қимылдан пайдаланып, дін ұстанушылардың көзқарасы мен əрекетіне ықпал тудыру, сонымен бірге осы арқылы қоғамға қайталай əсер тігізу орын алып отыр. Діннің қоғамдық əсер күшінің күшті-əлсіздігі, діннің дін ұстанушыларға болған ықпал күшінің күшті-əлсіздігін, санының аз-көптігін, қоғамдық орнының жоғары-төмендігін белгілейді.

Дін мен үкіметтің қайшылығы адамзат тарихында үнемі кезігеді. Тұтас орта ғасырдағы Христиан дінінің тарихы дəл сол бір бөлім Ватикан ордасы мен мемлекет патшасының діннен тыс үстемдік ету құқығына таласу тарихы еді. Мемлекеттің нысанасы мен діннің негізгі мақсаты өзара қайшыласқан кезде, дін мен үкіметтің қоғамға болған ықпал күші белгілі дəрежеде теріс корреляцияда болады. Яғни, үкіметтің қоғамға болған меңгеру күші əлді болған кезде, діннің қоғамға деген ықпалы əлсірейді, ал үкіметтің қоғамға болған меңгеру күші əлсіз болған кезде, дін сол ақтаңдақты толықтап, қоғамға қарата ықпал күшін арттырады. Дін адамзат қоғамындағы маңызды ұйымдық форма болғандығы себепті, тарихта үстем таптардың діннен пайдаланып, өзінің үстемдігін бекемдеу мен үстемдік етілуші таптың діннен қолданып, билеушілерді аударып тастаған мысалдар толып жатыр. Алайда мəселенің мəні əлі де: кім тіпті де көрнекті түрде алғабасар өндіргіш күштің даму бағытын жолға қойып, тарих ағымына сəйкесетін болса, сол ақырында халық жұртшылығының көңілінен орын алады жəне де қоғамға болған ақырғы ықпал күшке де ие болады. Дін мен үкімет жарасымдылықпен ортақ өмір сүреді, экономиканың дамуына, қоғамның ілгерілеуіне ортақ атсалысады, бұл адамзат коғамының үкімет пен діннің қатынасын ойдағыдай бір жайлы ететін шегарасы. Дінге сену бостандығы, үкіметпен дін бір-біріне жуыспауда адамдар үкімет пен діннің қатынасын бір жайлы етуде бірте-бірте ортақ танымға ие болады. Еліміздің дін саясатының өзегі болса, дінге сену бостандығына, үкімет пен діннің бір-біріне жуыспауына, дін мен оқу-ағартудың бір- біріне жуыспауына табанды болып, дін мен еліміздің социалистік осы замандандыру құрылысының өзара бір-біріне сəйкесуін жебеу.

Дін мен экономиканың қатынасы. Сана формасындағы діннің экономикамен қатынасы көрер көзге алыс секілді сезіледі, алайда олай емес, əрқандай үлкен көлемдегі дін таратуда экономикалық факторлар рол атқаруда. Христиан діннің Еуропаға таралуы күшті Рим империясын арқау еткен, ал оның бес үлкен құрлыққа таралуы болса, Еуропа капитализмінің көтерілуі мен дүние жүзінің ірге кеңейту қимылымен тығыз ұштасқан, Ислам діннің үлкен көлемде таралуы болса, Араб империясының көтерілуі мен кеңеюіне байланысты, Будда діннің Қытайға жəне де Азия елдеріне таралуы Қытайдың ықпал күшінен бөле қарауға болмайды... Осы фактілерден біз мынаны байқаймыз: дін таратушы елдердің экономикасы мəдениетінің нақты күші діннің таралуына зор ықпал жасайды; дін, ең алдымен, сол жермен экономикалық байланысы бар районға қарай таралады, содан кейін алыс жерлерге қарай тарайды; діннің таралуы мəдениет жағындағы ауыс-түйісті жеделдетіп қалмастан, экономикалық жақтағы жағдайды да жеделдетеді. Əрі дін тараған аудандарындағы адамдардың экономикалық əрекетіне де ықпал жасайды.

Діннің тілге ықпалы

Тіл — адамзаттың ең маңызды қарым-қатынас құралы, адамзат ойының заттық қауызы. Дін біртүрлі сана, ал тіл болса, осының маңызды тасымалдаушысы, діндік қимылмен тілдік қимыл өзара айырылмайды. Дін болса, адамзат қоғамның рухани өркениетінің маңызды мазмұны, ол Христиан мүриттерінің арасында ортақ құн көзқарасы мен тұрмыстық өлшем қалыптастыруын дəріптейді жəне оны жалпыластырады, бұл адамзат қоғамның маңызды ұйымдық формасының бірі, ол адамзатқоғамына күшті ықпал жасап қалмастан, əрі, сөзсіз, түрде адамзаттың тілдік тұрмысына да зор ықпал жасайды, діннің тілге ықпалы, ең алдымен, қоғамдық көзқарастың тілдік көзқарасқа қарата ықпалынан келіп шығады, ұқсас уақытта діндік қимылдың өз жеке тұлғасы да тілдік тұрмысқа қарата ықпал тудырады. Дін болса, қосжүзді семсер, оның қоғаммен тілге қарата ықпалы екі жақтылы болады.

Діннің тілдік көзқарасқа ықпалы. Діннің тілге болған ықпалы, ең алдымен, дін мүриттерінің қоғамдық көзқарасқа болған ықпалының ілгерілеуі мен дін мүриттерінің тілдік көзқарасқа қарата ықпалынан бейнеленеді. Дін дін мүриттерінің арасында біртұтас құн көзқарасын тəрбиелеп шығады, ол болса, құдайға сыйыну, құдайдың жазасынан қуанышты өмір табу, ақырында, құдайдың жəрдеміне ие болуды білдіреді. Бұл дін мүриттеріне алғашқы діни классикалық шығармалардың тілін қасиетті етіп көрсетеді. Ислам діні: «Құран-Кəрімді» Алланың араб тілі арқылы адамзатқа берген ақиқаты деп қарайды, сондықтан тек араб тіліндегі «Құран-Кəрімді» арқылы ғана нағыз ақиқаттың есігіне кіруге болады, сол себепті араб тілі мұсылмандардың арасында ұлы қасиетке, тіпті қасиетті орынға ие. Діни қызметкерлер, сөзсіз, араб тілін білу керек, əрі оқи алуы жəне араб тіліндегі «Құран- Кəрімді» түсіндіре алуы тиіс, əдетте, мұсылмандар араб тіліндегі үнемі істетілетін діни сөздермен сəлемдеседі немесе тілек тілейді. Еврейлердің дүние жүзіне бытырап таралып кеткеніне мың жылдан асты, алайда əуелгідей өзінің Хибберд тілін сақтап келеді, мұндағы маңызды бір себеп болса, Еврей дінінің классикалық шығармасы «Көне Інжіл» дəл осы Хибберд тілінде жазылған, хибберд тілін сақтау Еврей дінінің жалғасуының маңызды шарттарының бірі.

Бір ұлт біртұтас түрде бір дінге сенген кезде, бұл дін осы ұлттың шоғырлануына қарата жебеу рөлін атқарады, əрі ұлтты, дінді жəне өз ұлтының тілін қорғау санасында күшейтеді. Өз ұлтының тілін қорғау санасы ұлтты, дінді қорғау санасымен байланысқанда барып, тіл мəселесі қарым-қатынас құралы категориясы көлемінен озып шығады, сонда барып қоғамның саяси мəселесінің бет-бейнесі өзгереді.

Діни қимылдың тілдік тұрмысқа ықпалы. А) Діннің діннің қасиетті тілінің көлеміне жəне дамуына қарата ықпалы. Барлық діни кітаптар тіл мен жазудың сара туындысы іспетті. Барлық жеңіске жеткен насихаттаулар, тартымды теңдессіз лексикалар секілді, дін діннің қасиетті тілінің көлемі мен дамуын жебейді. Діни кітаптардың қасиеттілігі, адамдардың бұл кітаптарды тікелей оқуына деген қызғындылғын арттырды, бұл адамзаттың саналы түрде сауатсыздықты жоюының қозғаушы күштерінің бірі. Діни кітаптардың қасиеттілігі болғандығы себепті, діннің қасиетті тілінде де қасиеттілік бар, бұл дін мүриттерінің үйренуіне, осындай тілді қорғаудың қозғаушы күшімен қызғандылығын ала келді. Еврейлердің дүние жүзіне бытырап таралып кеткеніне мың жылдан асты, алайда əуелгідей өзінің тілін сақтап келеді, мұндағы үлкен бір себеп болса, Еврей дінінің ықпалы. Еврей діні өзінің мүриттеріне былай дейді: Еврейлер — тəңірдің талдаған бұқарасы, ал «Көне Інжіл» болса, еврей тілінің еврейлерге берген ескертпесі. Сондықтан еврейлер Тəңірге болған құрметі арқылы өз тілін үйренеді əрі сақтап келеді.

Ə) Діннің таралуы сол дін жазуының таралуын келтіріп шығарды. Дүние жүзіндегі əрбір негізгі жазудың таралуы мен дүние жүзіндегі негізгі діндердің таралуы арасындағы қатынас, осы əріп жүйесімен тіл эмбриологиясының, немесе тыйіптер, ілімі арасындағы қатынастан да тығыз байланыста. Діннің таралуы өзінің жазуын жазусыз тілдер ауданына қарай кіргізеді, жəне де өзінің жазуын жазу бар райондағы əуелгі жазудың орнына қолданады, мысалы: Христиан діні латын жазуын норвегия жазуы мен филиппин жазуының жазба тəсілінің орнына қойды, Ислам діні болса, араб тілін парсы тілінің, малайзия тілінің, түркі тілінің жазба тəсілінің орнына қолданды.

Б) Діннің таралуы діннің қасиетті тілінің дін таралған аудандарда таралуын келтіріп шығарды. Діннің таралуы діннің қасиетті тілінің таралуымен ілесе жүреді, бұндай жағдай дүниедегі үш үлкен діннің таралу барысында ортақ өмір сүреді, бұндағы негізгі барысы жалпы алғанда: діни қызметкерлер, алдымен, өзге ұлттың тілін үйренеді, одан басқа аудандағы ұлттарға барып дін таратады, сонымен, басқа ұлттардан діни қызметкерлерді тəрбиелеп шығады; өзге ұлттардың діни қызметкерлері екінші тілі болған діннің қасиетті тілін үйренеді, сонымен, өз ұлтының ауданында дін таратады; саясат, экономика, діннің жан-жақтылы ықпалында, өзге ұлттардың қарапайым дін мүриттері екінші тіл болған діннің қасиетті тілін үйренеді. Дін өзге ұлттардың райондарында таралу барысы жəне де сол аудандардағы ұлттардың тілі мен діннің қасиетті тілінің ұқсас өмір сүрудей құбылысы, даму барысы. Бұндай қос тілдің қоғамдану дəрежесінің жоғары-төменділігі, діннің өз басының ықпал күшімен байланысты жəне де ұқсамаған діннің діни кітаптардың тіліне болған позициясымен де қатысты. Ислам діні, Үнді діні, Еврей діні діни кітаптардың тілінің қасиеттілігінебаса назар аударды, сондықтан Ислам діні мейлі қай жерге тарасын, араб тіліне қатысты білімдер қоса таралады, əрі мұсылмандардың араб тілімен «Құран-Кəрімді» оқи алуын дəріптейді. Христиан діні мен Будда діні өздерінің діни кітаптарының басқа тілге аударылуын жебейді, сондықтан дін мүриттерінің ұқсас тілде діни кітаптарын оқуын талап етпейді. Деседе тілдің таралу қабілетіне ықпал жасайтын фактор жəне де дін уақылдық еткен экономика, саяси, мəдениет күші болып саналады.

В) Дін көптеген діни сөздерді дінге сенетін ұлттың тіліне кіргізді. Дін өзге ұлттарға таралғаннан кейін, көптеген діннің көзқарастардың кіруіне ілесе көптеген діни сөздер де қолданыла бастады. Бұл діни сөздер, ең алдымен, өзге ұлттардағы дін мүриттерінің діндік тұрмысында қолданыла бастады, сонымен, дін мүриттерінің күнделікті тұрмысында үнемі қолданылатын болды. Соңында, талғамды түрде дін мүриттері тұрған ауанның қоғамдық тұрмысына ене бастады. Бұндай құбылыстар елімізге үш үлкен діннің кіру барысында да көрінген болатын. Төмендегілер Христиан дінінен Қытай тіліне кірген сөздерден келтірілген мысалдар:

  • - Дін мүриттерінің діни тұрмысына кірген сөздер: табындырылу, пайғамбар асы, үшеуі бірге бой көрсету, аруақ.
  • - Дін мүриттерінің күнделікті тұрмысына кірген сөздер: қуану, асырап-бағу, сайтан, тыныш болу.
  • - Дін мүриттерінің тұрған аудандағы қоғамдық тұрмысқа кірген сөздер: бақыт хабаршысы, періште, күнəсін мойындау, бетінен қайту, Тəңір.

Г) Дін тарату үшін қызмет өтейтін тілді зерттеу қимылымен дінге сенетін ұлттардың тілін жебеу. Тіл болса, діндік көзқарастың маңызды тасымалдаушысы, дін таратуда, ең алдымен, сөзсіз түрде тілдің тасмалдау мəселесін шешім ету тиіс, сондықтан дін таратушы əрбір жерге жеткен сайын, сол жердің тілін зерттеп үйрену оның алдымен жолығатын мəселесі. Христиан дінінің таралу мəні болса, дін таратушының сан-мың мемлекеттің тілін біліп, оларға бақыт жаратуына жігер береді [1; 2-11]. Сондықтан Христиан дінін таратушылар мейлі қай жерге барса да, ең алдымен, істейтін маңызды қызметі болса, сол жергілікті орынның тіл-жазуын үйрену, зерттеу əрі сол жергілікті орынның тіл-жазуын таратып, інжілді аудару. Олардың өзге ұлттар арасында дін таратып тілге тексеру жүргізіп, жазуды барлыққа келтіріп, сөздікті құрастырып, аударма жұмысын зерттеуінің барлығы осы ұлттардың тіліне болған зерттеу жұмысының басталуына жəне дамуына маңызды жебеуші рол атқарды.

Д) Діннің таралуы ұлттар арасындағы мəдениеттің алмасуы мен дамуын жебейді. Діннің таралуында өз ұлтының тілін басқа ұлттарға да үйретіп, ұлттар арасындағы мəдениеттің алмасуы мен дамуын жебейді. Діннің таралуы, сөзсіз, діни кітаптардың аударма нұсқасын ала келеді, бұл аударған шығармалардың өзі осы ұлттардың тіл мəдениетіндегі асылға айналуы мүмкін, əрі осы ұлттың тіл мəдениетінің дамуына да зор жебеушілік ала келеді. Будда діннің Шыңжаңда таралуы Будда діні жазбаларының аударма нұсқасының гүлденуін ала келді. Мөлшермен жаңа эраның VII–IX ғасырында аударылған ертедегі ұйғыр жазуында жазылған Мюллердің «Кездесу естелігі» болса, Будда діннің сахналық театрының сценарийі жиыны 25 көрініс, қолмен көшірген нұсқасы жиыны 293 бет, жалпы жобасындағы бет саны 586, тілі тартымды, сезімі шынайы, көруге татиды, бұл көлемі кең, көздің жауын алатын драма сол кездегі ұйғырлардың тіл-жазуына, мəдени тұрмысына зор көлемде ықпал жасады [2; 32]. Христиан діні Қытайға кіргеннен кейінгі ең маңызды оздырған қимылы болса, əр дəрежедегі, əр түрдегі діни мектептерді құрғаны еді, бұндай мектептер көптеген Қытай тілі, Ағылшын тілі сынды қос тілдегі адамдармен əр түрдегі таланттыларды тəрбиелеп шықты, таяу заман, осы заманғы Қытайдың тіл жəне мəдениеті үшін жебеу ролын атқарды, Ислам діні Шыңжаңға кіргеннен кейін араб тілі, парсы тілі, түрік тіліндегі Шыңжаң ұлттарының тіл мəдениетіне қарата зор ықпал көрсетті. Шағатай тілі XIX ғасырдың соңынан бұрынғы ұйғыр, өзбек, қазақ, қырғыз, татар сынды ұлттардың ортақ қолданатын жазба тілі еді, бұнда дыбысталуы, грамматикасы жəне негізгі сөздік қоры түрік тілінің ерекшелігін сақтаған еді, алайда араб, парсы тілінің күшті ықпалына ұшырады. Сонымен, шағатай тілі араб жазуының жазу формасы бойынша өзгерді. Шағатай тілі ілімі араб, парсы тілінің терең ықпалына ұшыраған [2; 123, 124]. 1074 жылы құрастырылып шыққан «Түркі тілдері сөздігі» болса, Махмұт Қашқаридың араб дүниесіне түрік тілін түсіндіретін, араб тілімен жазылған түрік тіліне қатысты сөздік еді, бұны құрастырып жазудың себебі, мақсаты, ниеті, түгелімен, араб тіл мəдениетімен тығыз байланысты [3; 386].

Діннің тілге ықпалының екіжақтылығы

Əр зат секілді, діннің де тілге екіжақтылы əсері болады. Жоғарыда айтқандардың барлығы діннің тілге болған дұрыс жағының əсері, ал діннің тілге кері əсерін төмендегі мысалдардан көреміз.

А) Бір сыпыра діни ой ағымдар мен қимылдар тарихтың даму беталысына сəйкеспесе, заманның артында қалған кезде, бұндай идеялар адамдарды бұғаулайды, қоғамның дамуына, сонымен қатар тілдік тұрмыстың да қалыпты дамуына кедергі келтіреді. Мысалы, орта ғасырда Христиан діні ұзақ уақыт адамдардың идеяасын бұғаулады, сол аудандағы тіл-жазу мен сол ауданның басқа көркөмөнер түрлері ұқсамады, ұзақ уақыт діни материалдарға қатып сеніп, халықтың алуан-түрлі реал өмірін шектеп тастаған еді. Ислам діні мəлім аудандарда, мəлім тарихи кезеңдерде ұзақ уақыт бойы қыз балалардың оқуға түсуін шектеп, сол ауданның тілі мен мəдениетінің жалпыласуына ықпал жасаған еді.

Ə) Діннің қос тілге кері əсері. Мəлім бір дін басқа ауданға кірген кезде сол ауданның қос тілін дамытады, алайда мұндай қос тілдің дамуы бағыттылыққа ие болады, осындай болғанда діннің таралуы мен діннің ықпал күшінің артуына тиімді болады. Сонымен, қос тіл құбылысының пайда болуын жебеп, дамытатын қоғамдық факторлар көпжақтылы болады, дін тек соның бір жағы ғана, жəне де басқа маңызды факторлар бар, мысалы, экономика, саяси, мəдениет, жан саны қатарлылар. Мəлім діни идеялар қос тілдің жетектеу бағыты басқа қоғамдық факторлар қос тілдің дамуының талабына толымды болмаған, ал бұл діни ой ағымдар өрескелдікке табанды болып, беталды əрекет жасаған кезінде, бұл діни идеялар қос тіл дамуының экономиканың дамуына сəйкесуіне, қоғамның ілгерлеуіне, қос тіл ақаусыздығына, жалпы беттік дамуға кедергі болады. Тарихта да тіпті қазірде де, бір сыпыра Ислам діні ауданындағылар мəлім діни идеялардің ықпалында, араб діни мектебін ашып осы заманда мектепті шектеп отыр, араб тілін дəріптеп, басқа тілдерді шектейтін істер көбінде көрініп тұрады.

Б) Діннің тілдік қарым-қатынасқа кері ықпалы. Көптеген діндер өзінің арманын уағыздайды, өзінің пайдасын дəріптейді. Алайда басқа діндермен қатысты болған кезінде, өзі шын құдайға сендім деп қарайды, өзінің сенген дінін ең ұлы деп ойлайды, кейбір діни идеялар басқа дінге қарата сыртқа тебу позициясын ұстайды, сондықтан діндер арасындағы қақтығыс көп көрінеді. Израиль мен Палестина қақтығысын саяси, экономикадан емес, қайта дін жағынан қарау керек, біреуі өзін тəңірдің талдаған бұқарасымен дейді, енді біреуі алланың құлымын деп есептейді, өзара жол бермей, сұрапыл қарсыласып, жарым ғасырға жуық соғыс өртін тоқтатпай келеді. Осындай қоғамдық ортада бұл ауданда енді жарасымды ақаусыз тілдік қатынас болмайды деп ойлауға болады. Діни қайшылық, ұлттық қайшылық асқынған аудандарда, тіл əрқашан да діни, ұлттық, саяси қақтығыстың құралына айналады, сонымен, жұртшылық қарым-қатынасынан, экономика дамуынан, қоғамның алға басуынан алшақ жатады. Тілдік қатынас өзара қақтығысқа араласқан кезде ықпалға ұшырайтыны болса, тілдік қатынастың əр жағы, ал зиянға көп ұшырайтыны күші əлсіз тілдер тобы, себебі олар күшті тілдер тобы мен мəдениетке йек артады жəне қажетсінеді.

Дін мен тілдік тұрмыс арасындағы байланысты зерттеудің мəні

Еліміз дінді социалистік осы заманғы құрылысымен өзара сəйкестіру ғылыми көзқарасын ортаға қойды, сонымен бірге діннің адамзат қоғамында сақталып тұрудың ұзақ уақыттылығы мен сөзсіздігін, əрі оның біртүрлі мəдени түр арқылы адамзат қоғамына болған белсенді ролін жəне оның шектемелігімен атқарған керенау рөлін көрді. Бұнда біз дін мен тілдің əртүрлі қарым-қатынасын талқыладық, мұндағы мақсат діннің тілдік тұрмысқа болған механизмдік қызметін жəне тілдік тұрмысқа əртүрлі ықпалын, əрі бұл ықпалдардың тілге болған белсенді рөлі мен керенау рөлін таныдық Бұл біздің асылын алып, жасығын тастауымызға пайдалы, сонымен бірге дін мен жарасымды алға басқан тілдік тұрмыстың өзара сəйкесуін жебеді, əрі жарасымды қоғам құруға пайдасын тигізді.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Інжіл. Дін таратушының өмірбаяны. (圣经). — Бейжің: Қоғамдық ғылымдар баспасы, 1990. — 211 б.
  2. Матнияз Р . Батыс өңір аударма тарихы / Р. Матнияз. (西域翻译史). — Үрімжі: Шыңжаң ун-ті баспасы, 1994. — 150 б.
  3. Қытай энциклопедиясы ( 中国大百科全 书 (语言文字). — Бейжің: Қытай энцикл. баспасы, 1988. — 1125 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.