Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Модернизм хақындағы теориялық дискурстар

Мақалада қазіргі өнер мен мəдениетте, философияда, əдебиетте ең көп талқыланатын өзекті мəселенің бірі — модернизм құбылысы туралы сан түрлі теориялық көзқарастарға талдау жасалды. Əдебиет пен өнердегі «модернизм» ұғымына берілген анықтамалардың біркелкі емес, көптеген көзқарас эстетикалық теориялардың қақтығысынан тұратыны нақты мысалдар арқылы негізделді. Зерттеу барысында əдебиетіндегі модернистік ағымдар өзіне дейінгі шығармашылықтағы философиялық негіздер мен көркемдік-эстетикалық принциптерді қайта қарау негізінде туып отырғаны дəлелденген. Қазіргі əдебиет теориясындағы «модернизм» мен «постмодернизм» ұғымдарына байланысты əлемдік концепциялар талдана отырып, қазақ əдебиетінің даму жолындағы, идеялық-эстетикалық жаңашыл ізденістер туралы толымды мағлұматтар берілген. Модернистік ағымдардың теориясы қарастырыла отырып, қалыптасқан жаңа поэтикалық парадигмалар жөнінде тұжырымдар жасалған.

Ұлттық əдебиетімізді əлемдік үдерістен бөліп қарай алмаймыз. Себебі, қазақ əдебиеті де бүкілəлемдік көркем ойдың бір бөлшегі. Демек, дүниежүзілік əдеби үрдістен сырт тұра алмайтынымыз белгілі жайт. Жаһандық əдебиеттегі ортақ бағыттар мен ағымдардың ұлттық əдебиетіміздегі орнын саралап, қазақ əдебиеті мен əлемдік əдеби үдерістердің байланысын анықтау – əдебиеттанушылардың зерттеуіндегі өзекті мəселелер.

Философияда, əдебиетте модернизмнің туу кезеңі туралы пікірлер əртүрлі. Еуропаның қоғамдық ғылымдарында, əсіресе философияда модернизмді Ф.Бекон, Р.Декарт, Дж.Локк есімдерімен тығыз байланыстырады. Модернизмнің ХХ ғасырда пайда болғаны туралы айтылып жүр. Ондай пікірлерді ұлттық əдебиеттанушыларымыздың тарапынан да байқауға болады. Мысалы, профессор А.Ісімақова: «Модернизмнің туған жылы да белгілі – 1910, Вирджиния Вулфтың айтуы бойынша, сол жылғы күз. Философтар модернизмнің басталуын Гегель, Кант, Вольтер, Декарт, Руссо, Паскаль еңбектерінен табуды ұсынады. Бірақ бұлар модерн деп атаған құбылыс көркемдік модернизмнен басқаша», – деген пікір білдіреді [1; 62]. Десек те, модернизм тарихына азын-аулақ көз жүгіртсек, ол тек əдебиет емес, сондай-ақ кино, театр, музыка, мүсін, сурет, дизайн, сəулет өнеріне де тиесілі екенін көреміз.

Модернизм (итал. modernismo, лат. modernus – жаңа, қазіргі) – XX ғасыр басында рухани сана дағдарысы кезінде пайда болған философиялық-эстетикалық ағымдардың жиынтық атауы. Модернизм негізінен философиялық ой толғамдардан қуат алады. Сол себепті еуропалықтар үшін бар өнердің өзегі һəм ұйытқысы философия болды. Өйткені оларда дін өзінің қызметін шығыстағыдай атқарған жоқ. («В Европе преобладает философское стремление, в Азии — религиозное». Дрэпер). Яғни, қоғамдағы жаңалықтарға дін түрткі яки ұйытқы бола алмады. Қайта өрлеу дəуірінің түрткісі рационализм (ақылға қонымдылық) болса, модернизмнің түрткісі иррационализм (ақылға қонымсыздық) екені белгілі. XV ғасырдан рационализмге қатты ден қойған Еуропада XIX ғасырдан бастап иррационализмге қарай ойысты.

Модернизм – өнер қайраткерлерінің əлемдік қақтығыстарға, адамзат дамуындағы дағдарыстарға деген көзқарастарын білдірді. Ең алдымен, «modern» сөзі «қазіргі (жаңа) кезең» деген мағынаны білдіреді. Оның екі мəндік мағынасы бар: біріншісі қазіргі кезең «қазіргі кезең талабына сай», екіншісі модернге, яғни модернизмге. Өз кезегінде «модерн» терминімен мəдени құбылыстардың ауқымды тобы белгіленді. Тар мағынада, «модерн» ұғымы деп ХІХ–ХХ ғ. басындағы көркем- əдебиеттік қозғалыс түсінілді. Ал кең мағынада «модерн» ұғымы Жаңа заман (Modernity) деп аталған белгілі бір дəуірге сəйкес келген тарихи кезеңді айқындайды. Бұл дəуір Антикалық жəне Ортағасыр дəуірінен кейін келді. Осы екі дəуірдің жиынтығы «Pre-modernity» (модерналды) деп аталады. Модерн тарихи дəуір ретінде модернизм деп аталған ерекше философиялық жəне ғылыми көзқараспен сипатталады. Өкілдері – Бэкон, Декарт, Ньютон, Гегель, Маркс жəне тағы басқалар. Бұл көзқарастың негізгі идеясы – адамның ақыл-ойының əлемді нақты объективті заңдылықтарға бағынатын, біртұтас жүйе деп қарастыру мүмкіндігіне деген сенім, сондай-ақ табиғат пен қоғамныңнегізгі заңдылықтарын табу тарихи прогреске əсер етіп қана қоймайды, сонымен бірге əлемді соған сəйкес қайта құруға мүмкіндік береді деген сенім.

«Постмодерн» термині пайда болмас бұрын тарихи сахнада ең көп талқыланатын өзекті мəселе модерн еді. Бірақ ол «постмодернизмнен» мүлде басқа арнада қарастырылды. Модерн, біріншіден, эстетикалық модернизм туғызған жəне классицизм қабылдаған классицизм/модернизм (немесе классика/модерннің) қарама-қарсылық тұрғысынан қарастырылды. Классицистер «классиканың қазіргі заманғы мəдениеттің бастауы» деген концепцияны алға тартып, модернизмді көбіне «тарихтың көбігі», кеңестік лексикондағыдай, «капитализмнің шіри бастаған сатысы» деп бағалайтын; ал модернизм болса, «классиканы» əбден біткен əрі керексіз заттардың жиынтығы деп сынайтын. Олар модернизмнің шығармашылық, төңкерісшілдік, прогрессивті, болашаққа ұмтылған сипаттамаларын мақтан ететін. Ал қазіргі постмодернизм классика мен модерннің қарама- қарсылығын жалған, алдамшы жағдай ретінде қарастырады.

Екіншіден, модернизм өнердің классикалық қағидаларын теріске шығарып келген жаңа көркемдік құбылыс ретінде қарастырылады. Сондықтан модернизмнің туындауын ХІХ–ХХ ғғ. деп тарихи тұрғыда таңбалануы осыдан қалған. Көркем модернизм өз дəуірінің əлеуметтік жəне саяси мəселелерінен бастартты деуге болмайды, керісінше, модернистік мектептер төкерісшілдік саяси қозғалыстарда да бой көрсетті, алайда олар болмысты өзгертудегі жетекші рөлді өнерге бергендіктен, қиялшылдық басым болды.

Осы күнде постмодернизмнің пайда болуымен қатар, модернизмге баға беру мəселесі де түбегейлі түрде өзгерді. Егер ертерек кезеңдерде (1960-шы – 70-ші жж. басы) постмодернизм көбіне, ең алдымен, көркем өнер, əдеби жəне архитектуралық стильдермен байланысты болса (егер Х. Бертенске, И. Хассанға, Ч. Дженске ден қойсақ), көп ұзамай ол мəдениет пен қоғамның басқа да салаларына тарады. Модернизм постмодернизмді тек көркем өнердегі ағым ғана емес, белгілі бір мəдениеттің, қоғамның дамуындағы жеке тарихи кезең ретінде көрсетті. Постмодернистер басты назарды өнерге аударып келсе де, олар өнердің қоғамдағы түбегейлі өзгерген мəртебесін негізге ала отырып, саясаттың эстетизациялануының жəне өнердің саясаттануының, «өнердің өмірге бет бұруын» (Бодриар), бұрындары «өнер» мен «өмірді», «мəдениет» пен «табиғатты», жасандылық пен табиғилықты бөліп келген шарттылықтардың бұзылуын зерттеді.

Модерн мен постмодерннің өзара қатынасы жайлы күрделі дау-дамайлы мəселені таразыға салар бұрын «модерннің» не екенін (постмодерннің тұрғысынан) қарастыру керек, өйткені модерннің күрделілігі мен қарама-қайшылығы «постмодерннен» кем түспейтіні белгілі. Брэдбери мен Макфарлейн модернді футуризм мен нигилизмнің, жаңашылдық пен ескішілдіктің, натурализм мен символизмнің жəне классицизмнің əдеттен тыс қоспасы деп бағалайды [2; 46].

Моденизмге баға берудің жəне анықтаудың қиындығы зерттеушілердің осы терминге əртүрлі мағына беретіндіктерінде жатыр. Оны біресе өзіне тəн əлеуметтік жəне мəдени институттары бар жаңа қоғамдық формация деп бағалайды, біресе оны етене құндылықтары, көріністері жəне нанымдары мен сенімдері бар мəдениет түрі деп көтермелейді; біресе сананы, ғылымды жəне білімді жоғары қоятын прогрестің, жаңашылдықтың, заманауи жəне т.б. түсініктерін ту еткен түр деп түсінеді. «Мұндай екіұштылықта модернитидің айналасындағы теориялық дискурстардың соншалықты күрделі жəне жиі шатысқан түрде кездесетініне таң қалуға болмайды, əрі бұл жаһандану мен модернитидің қатынастарына баға беруді қиындата түсетіні сөзсіз» [3; 34].

Модерн іштей көптеген «модернизмдерге» бөлшектеніп кетеді, ал олардың əрқайсысының өз тарихы, пайда болу шарттары жəне өзіне тəн ерекшеліктері бар. Модернизмді (сондай-ақ постмодернизмді де) анықтаудың қиындығы «қайсыбір түсініктердің мəн-жайын пайымдағанымызша, ол соншалықты түсініксіз əрі көмескілене түседі» дейтін бағзы философиялық ойды еске түсіреді.

Негізінен алғанда модерн дəуірі тарихтың белгілі бір кезеңі ретінде феодализм дəуірінен немесе аграрлық қоғамнан бөлек. Модерн капитализммен жиі теңестірілуде. Əйткенмен кейінгі немесе кемелденген капитализмде модерн капитализмнің жалғасы ма, жоқ əлде жаңа сатыға – посткапитализмге өтуді дəйектей ме деген сұрақтар да пайда болды. Мұндай көзқарас модернизмнің уақыттық «хронологиялық» ауқымын түбегейлі түрде өзгеруге мəжбүр етті. Басында оның пайда болуын ХІХ–ХХ ғ., одан кейін индустриалдық төңкеріс дəуіріне (ХІХ ғ. ортасы), сонан соң Ағарту дəуіріне (ХVIII ғ.), кейінірек Жаңа уақыттың басталуы мен капитализмнің туындау кезеңіне (XVІІ ғ. басына) апарса, бұл күнде оның басталуын көбіне Қайта өрлеу дəуірімен байланыстыруда.

Модернге дейін əлем өзін қозғалысы тұрақты, бағзыдан мəңгілікке дейін орныққан ғаламдық тəртіп есебінде ұсынады. Онда ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа пəлендей ештеңе өзгереқоймайды. Ал модернистік эстетикада қандай да бір өзгерістер əлеуметтік апат деп қабылданды, жаңашылдық неге апарып соғары белгісіз, ол жаңашылдықтар қалыптасқан тəртіпті бұзатын қауіпті жағдай деп қарастырылды. Модернизмде (капитализмде), Маркс айтқандай, дүниенің бəрі қозғалысқа түседі, өзгермелі болады. Адамдар үйреншікті мекендерін тастап, тəуір тірлік іздейді. Бұл жаңалықтар адамдардың əлеуметтік жəне эмпирикалық тəжірибесін, сезімдері мен дүниетанымын түбегейлі түрде өзгеріске түсіреді. Көптеген зерттеушілер тілге тиек ететін, Маршалл Берман анықтағандай, «модерн болу дегеніміз — билікті, өсуді, біздің өзіміздің жəне əлемнің өзгерісін қалайтын, қолда бардың бəрін қиратуға бейімділік. Модерндік жағрапия мен этникалықтың, тап пен ұлттың, дін мен идеологияның барлық шекараларын бұзып өтеді; бұл тұрғыда модернити бүкіл адамзатты біріктіреді деп айтуға болады. Бірақ бұл оғаш бірігу, бөлінгендіктің бірлігі; ол бізді тұрақты дезинтеграция мен жаңаланудың, күресу мен қарама-қарсылықтың, екіұдайылық пен азаптың иіріміне тартып алады» [4].

Энтони Гидденс модернитидің модернге дейінгі əлемнен басты өзгешелігін дəстүрдің қуатына, өткенмен байланысына, əлеуметтік тəртіпке негіздеген болатын; модернити өткеннен қол үзуді өзінің конститутивті қағидасы ретінде қарастырады. Яғни, тұрақты түрде жаңару, өткеннен (көнеден) бастарту. Өткеннен ажырау, алдыңғы қатарға уақыттың, бұрынғының жəне қазіргінің (сондай-ақ болашақтың) үздіксіз байланысындағы уақыт пен тарих мəселесін шығарады. Уақытты сезіну мен бұрынғының бірігуіндегі тарихи сезім өзгерді. Ең алдымен, бұл сезімді Гамлеттің ауызына «уақыттың жібі үзілді...» деген сөзді салып берген модернист Шекспир жеткізді.

Модернизмнің салыстырмалы түрдегі алты түрлі сатысы бар. Бірінші, гуманизм, урбанизм жəне перспективизмге екпін жасалған (XIV–XV ғғ.) ренессанстық модернизм; екінші, белсенді кəсіпкерлік, əлем мен мəдениеттің кəсіпкерленуіне жəне индивидуализмге акцент жасаған капиталистік модернизм; үшінші, ағартушылық модернизм немесе осы мəселені қарастырушы Хабермас айтқандай, сананы, ғылымды жəне білім беруді биік ұстаған «модернистік жоба»; төртінші, машинаны, техниканы жəне техникалық рационализмді ту еткен индустриалды-техникалық модернизм; бесінші, бекзаттық жəне бұқаралық мəдениетттерді ажыратып, тоқтаусыз тəжірибе жасаған эстетикалық модернизм; алтыншы, медиа қатынас-байланыстарға жəне жоғары технологияларға бет бұрған кейінгі, немесе жоғарғы, модернизм. Соңғы саты модернизм мен постмодернизм шегараларын тым-тым жақындатады. Əрбір саты алдыңғы қатарға өздерінің ерекшеліктерін шығарады, сондықтан бүгінде модернизм жайлы сөз қозғау оңай емес.

Белгілі əдебиет теоретигі М.Н.Эпштейн «модерн» түбірінен тамырланатын екі үлкен айырмашылығы бар ұғымды ажыратып берді:

«1) модернділік – орта ғасырдан бастау алып немесе («modernity», немесе орыс терминологиясымен сəйкес «жаңа уақыт») Қайта өрлеу (ренессанс) дəуірінен басталып, ХХ ғасырдың ортасына дейін жалғасқан, жарты мыңжылдықты қамтыған бүкіл əлем тарихындағы үлкен дəуір;

2) модернизм («modernism») – модерн дəуірін аяқтайтын жарты ғасыр өмір сүрген ХІХ ғасырдың аяғына дейін жалғасқан немесе Бірінші дүниежүзілік соғыстан 1950–1960 жылдарға дейін созылған, белгілі бір мəдени кезең» [5; 472].

«Модерн» терминінің мағынасын талдауды аяқтай келе, оны талдаудың тағы бір нұсқасына тоқтала кеткен жөн деп санаймыз. П.Козловский «модерн» ұғымын талдаудың нұсқасы көп деп есептейді. Дегенмен де, «модерн» ұғымы туралы ғалымдарымыз түрлі пікірде екенін жоғарыда атап өттік. Көптеген зерттеушілеріміз модернді жеке бір тарихи кезең деп қарастыруға болмайды, оны өзінің бастауын Ежелгі Грециядан алатын, христиандық дəуірден өтетін, сөйтіп толық көрінісін Жаңа Заманнан табатын тарихи жоба деп қарастырған жөн деп санайды. Осы тарихи, яғни дүниетанымдық, жүйені, Хабермас айтқандай, «модерннің жобасы» деп айтуға болады, – деп, оның (Хабермас жобасының) мынадай сипатты белгілерін көрсетеді:

  • – шындықтың алуантүрлілігін, бірыңғай негізден шығаратын əлемнің əмбебап бейнесін жасауға ұмтылу;
  • – осы негіздер туралы адамның ақыл-ойының абсолюттік білімге қолжеткізе алатындығына сенім білдіру;
  • – осы білімді шын мəнінде толығынан жүзеге асыруға ұмтылу;
  • – осындай жүзеге асыру адамның ізденіс бағытын ұлғайтуға əсер етеді деген сенім;
  • – адамзат дамуының біртіндеп дамитындығына деген сенімділік, бұл жерде қазіргі өткен дəуірден, ал болашақ бүгінгіден үстем болады дегенді білдіреді [6; 12-20].

Модернді тарихи жоба деп қарастыру көптеген мəселелерді шешуге көмектеседі жəне бұл ұғымның мағынасының көптігін көрсетеді. Сондай-ақ модернді осылайша түсіну, модернистік тенденциялармен қатар антимодернистік түсініктердің бар екенін де білдіреді. Мысалы, Жаңа Заманда модернистік көзқарас үстем болған тұста де Сад, Ницше, Джойс, тағы басқалар тұлғаларды өмірге əкелді.

Фредерик Джеймсон модернизм жəне постмодернизмнің арасындағы қатынастардың қалыптасқан төрт түрін бөлектейді: пропостмодернистік/ антимодернистік (сəулетшілер Чарльз Дженкс пен Роберт Вентури, жазушы Том Вулф жəне тағы басқалар), антипостмодернистік /промодернистік (əдеби сыншы Хилтон Крамер, New Criterion журналы жəне Юрген Хабермас); про- модернистік/проантимодернистік (Жан Франсуа Лиотар); жəне модернистік/антимодернистік түр (оған сəулет өнерінің итальяндық тарихшысы Манфредо Тафруди жатқызылады).

Шамасы, қатынастардың осынау төрт түрін түсіндіруде мағына бар сияқты. Пропостмодернистік/антимодернистік түр оның жақтастары постмодернизмді (постмодернитиді) модернизм мен модернитиден өзгеше термин жəне феномен ретінде қарастырады, сондай-ақ олар постмодернитиді тарихи кезең ретінде, немесе постмодернді мəдениет түрі ретінде модерннен бөліп қарайды дегенді білдіреді. Бұл Джеймсонның пайымдауынша, оның бар осалдығына қарамастан, барынша дəйекті жəне мығым бағыт болып табылады.

Антипостмодернистік/промодернистік түр, оның жақтастары постмодерн(изм)ді термин ретінде, тарихи кезең жəне мəдениеттің бір түрі ретінде теріске шығарады дегенді білдіреді. Бұл бағытты да дəйекті əрі мығым құбылыс деп есептеуге болады. Мұның өзінде постмодернизмді теріске шығару жолдарының əртүрлі болуы ғажап емес. Басты келіспеушіліктер осы екі негізгі түрлердің арасында туындайды, ал қалған екеуі жартылай жəне сенімсіз болып табылады.

Үшінші, промодернистік/промодернистік түр, оның жақтастары постмодернизм терминін қабылдай отырып, постмодернизмді модернизмнің жалғасы немесе шарықтау шегі немесе, Лиотар айтқандай, мəдениеттің ерекше жағдайы, дағдарысы, бірақ модерн мəдениеттің (яки «кейінгі капитализмнің») дағдарысы деп есептейтіндіктерін білдіреді.

Төртінші, антимодернистік/антипостмодернистік түр, қарастыруға да татымайды, өйткені идеологиясы оның жақтастары үшін жасырын болып қалатын қайсыбір метанарративтің негізінде əлдебір тізеге салынған «классиканы» қорғап қалудың əдеттегі мысалы болып шығады [7].

Жоғарыда келтірілген көзқарастар алуандығы модернизм мен постмодернизмнің қарым- қатынасы жайлы сауал — қазіргі заманғы философияның жəне мəдениеттанудың əлі жүйеленіп бітпеген мəселелер екенінің көрсеткіші. Ал, жалпы «модерн» дəуірінен кейін өмірге келген «постмодерн» дəуірінің туу тарихы туралы да пікірталастар көп. Бүгінгі таңда дүниежүзілік əдебиеттануда, философияда, лингвистикада, мəдениетте жəне жалпы өнер атаулыда өзекті мəселе болып отырған «постмодернизм» ұғымы əдебиетке қашан енді жəне əлемде «постмодернистік» көзқарас қашан пайда болды, «постмодернизм» термині пайда болған кезде «модерн» мен «постмодерн» дəуірлерін бөлетін хронологиялық шекара қайда деген сауалдарға жауап берудің өзі қиындық тудыруда. Сондықтан да «70-жылдардағы қазақ прозасында авторлық «Меннің» берілу амалдарының күрделене түскенін» айтып жүрміз [8; 14].

Зерттеушілердің көпшілігі «модерн» дəуірінің өткен күнге айналғанын, ал «постмодерн» өзінің құқығына қашан ие болғанын нақты белгілей алмай жүр. Ал, осыны анықтауды қажет ететін сұрақтарға жауаптардың көптігін жəне жүйесіз нұсқаларын жиі кездестіреміз. Тіпті, «постмодерн дəуірі мен постмодернизм кезеңін» (М.Эпштейн) сөз етпей тұрып, «модерн дəуірімен бірге модернизм идеялары да аяқталды ма» деген маңызды сауалдарға жауап беруде Еуропаның əдебиетті зерттеуші-ғалымдарының ой-пікірлері де бір тоқтамға əлі де келе қоймағанын аңғарамыз.

Қайшылыққа толы пікірлерді бір ізге түсіріп жүйелер болсақ, модернизм теориясының жалпы деген принциптері турасында мынадай тұжырымдар жасауға болады:

  • – əлемдік əдебиет контексінде модернизм эстетикалық доктрина ретінде алдыңғы дəуірлердің рухани құндылықтары мен дүниетанымдық қырларын жаңаша парықтаудан барып дүниеге келді;
  • – дəстүрлі эстетикалық ұстанымдарды басқаша екшеудің мысалдары ретінде еуропалық əдебиетте импрессионизм, символизм, жаңа драма, кубизм, имажизм, футуризм, экзистенциализм жəне тағы басқа мектептер мен ағым-бағыттар пайда болды;
  • – еуропалық модернизм дүниежүзілік соғыс сияқты адамзат көшіндегі ауытқулар мен əлеуметтік-тарихи дағдарыстар тұрғысында белең алып, əлем келбетін, өмір шындығын танытуда өз əлеуетін тауысып біткен позитивизмге қарсы тұрудан басталды;
  • – модернистер өз дəуірлерін ірі тарихи жаңарулар мен түбегейлі өзгерістердің кезеңі деп қарады;
  • – алғаш тəжірибе түрінде енгізіліп, кейін теориялық тұрғыдан негізделген «сана ағымы», А. Бергсонның интуиция жəне сана өзгерістері мен өмір құбылыстарының ұқсас жағдайларын сабақтастыру, З. Фрейд пен К. Юнгтың адам əрекетерін санадан тысқары қарастыратын психоанализ хақындағы тұжырымдамалары модернистер үшін айрықша маңызға ие болды.

Модернизм қоғамдағы қайшылықтардың барынша тереңдеген уақытында рухани-мəдени құлдырау, санадағы дағдарыстар белең алып кеткенде, оған қарсы реакция ретінде жаңа құндылықтар ізденістері кезінде пайда болғанын білеміз. Қазақ прозасында ХХ ғасырдың алғаш кезеңдерінде көрініс беріп, қайтадан үзіліп қалған модернистік поэтика желісі 1960 жылдардан бастап қайта өрістеуінде əлемдік тəжірибелермен аналогиялар байқалмай қоймайды. Дүниежүзілік соғысты адамзаттың ең үлкен дағдарысы, адам баласының рухани-ұждандық тұрғыдан ең ірі құлдырауы деп санаған əлем модернистері көркем ойлауды жаңа көкжиекке бағыттау, түп-тамырымен қайта қалыптау деп білсе, 1960 жылдардан бастап қайта өріс ала бастаған қазақ модернизмі маркстік- лениндік эстетикаға көзсіз берілуден бастартудан, тоталитарлық сана үстемдігінен арылуды ойлай бастаудан, «жарқын коммунизмге бет алып бара жатқан» өз қоғамдарының болашағына шүбə келтіруден барып күш алды.

Модернизмнің басты мақсаты – мəдениетті «модернизациялау», яғни «жетілдіру». ХХ ғасырдың басындағы авангардистік ағымдардың манифестерін оқып қарасаңыз, барлығының да мəдениетті жетілдіру проблемасын көтергенін байқар едіңіз. Алайда модернизм де біркелкі емес, ала-құла, көптеген мүдде, көзқарас, эстетикалық теориялардың қақтығысынан тұрады.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Ісмақова А. С. Асыл сөздің теориясы / А. С. Ісмақова. — Алматы: Таңбалы, 2009. — 376 б.
  2. Bradbury M. Modernism, 1890–1930 / M. Bradbury, J. McFarlane. — Harmondswoth, 1976.
  3. Tomlinson J. Globalization abd Culture / J. Tomlinson. — Cambridge: Polity Press, 1999.
  4. Berman M. All That is Solid Melts Into Air / M. Berman. — New York, 1982.
  5. Эпштейн М .Н. Постмодерн в русской литературе: учеб. пособие для вузов / М. Н. Эпштейн. — М .: Высш. шк., 2005. — 495 с .
  6. Хабермас Ю. Будущее человеческой природы / Ю. Хабермас; пер с нем. — М .: Изд-во «Весь Мир», 2002. — 144 с.
  7. Jameson F. Postmodernism, Or, the Cultural Logic of Late Capitalism / F. Jameson. — Duke University Press, 2001. — 268 p.
  8. Жарылғапов Ж. Оралхан Бөкей туындыларындағы кеңістік пен кейіпкер концепциясы / Ж. Жарылғапов, Л. Кенешова // Қарағанды ун-нің хабаршысы. Филология сер. — 2016. — № 4(84). — 14–20-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.