Статьи, год 2014

Бұл мақалада қазіргі өзгермелі процестер жағдайындағы жастардың құндылықты бағдарларының динамикасы талқыланады. Қала жағдайында бұл үрдістер өзекті мәселеге айналады. Бүгінде жастардың қазіргі замандағы құндылықты бағдарларын зерттеу ерекше маңыздылыққа ие. Себебі, өтіп жатқан әлеуметтік-экономикалық процестер құндылықтарға әсер етпей қоймайды. Бұл жағдай әлемдік глобализация процестерінің әсерінен күшейе түседі. Мұнда сол глобализация процесінің көрінісі ретінде ірі қалалар маңызды объектіге айналады. Осы тұста, қала жағдайындағы үрдістердің қала тұрғындарына, әсіресе, жастарға әсер етуіне әлеуметтік талдау жасалынып, кемшілігі мен артықшылығы анықталады. Жастардың құндылықтарын зерттеуде ұсыныстар беріледі.
2014

Мақалада балалар үйінде тәрбиеленушілердің білім беру мекемелерінде кәсіптік таңдауын нақтылау жолдары туралы көрсетілген. Балалар үйінде тәрбиеленуші жасөспірімдерді кәсіптік бағдарлайтын ұйымдарға талдау жасалған. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың  білім алу мекемелерін зерттеу және олардың елімізде әлеуметтік қорғалуының негіздері анықталды. Балалар үйлерінде тәрбиеленушіледің дербес өмірде дұрыс мамандық игерулеріне мүмкіндіктері қарастырылды. Зерттеу нысаны: ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар үйінде тәрбиеленушілер. Зерттеу пәні: балалар үйлерінде тәрбиеленушілердің дұрыс кәсіп таңдауына әсер ететін факторлар. Зерттеу мақсаты: балалар үйлерінде тәрбиеленушілерді кәсіптік оқыту және кәсіптік бағдарлау үлгілерін құру арқылы дербес өмірде дұрыс мамандық игерулеріне ықпал ету. Зерттеудің болжамы: әртүрлі әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламаларды талдаудың көмегімен анықталған мамандық таңдауына әсер ететін әлеуметтік, психикалық, педагогикалық ерекшеліктерінің спецификалық көрінісі бар. Зерттеудің болжамын эмпирикалық зерттеу жүргізу үшін арнайы нормативтік құжаттар қарастырылды. Олар келесі заңдар: Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы, ҚР Баланың құқықтары туралы заңы.
2014

Қазіргі терең әлеуметтік-психологиялық дағдарыс адамдарды экономикалық, әлеуметтік және саяси нашарлауынан қорғалусыздығынан жалаңаштап оның өмірлік іс-әрекетінің жағының нашарлауы, оған тәуелді емес себептерден өзінің еңбек, адамгершілік пен интеллектуалдық мүмкіндігін ашу мен жүзеге асыруының мүмкін еместігі салдарынан байыпты негативті салдарға әкелді, ең алдымен әлеуметтік салада. Сондықтан қоғам мүшелерінің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету, заңнамалық түрдегі тұтас жүйедегі экономикалық, заңгерлік пен әлеуметтік құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру, өмірді тұрақсыздандыратын факторларға қарсы тұратын және адамның оның өмірлік іс-әрекетінің барлық саласындағы түбірлі өмірлік қызығушылықтарының қорғалуын қамтамасыз ететін әлеуметтік кепілдіктер ерекше өзектілік пен маңыздылыққа ие болады: әлеуметтік, саяси және рухани. Әркімнің әлеуметтік жағдайының ерекшеліктерін есепке алумен, қоғамның барлық мүшелеріне бағытталған, «адам бетімен» әлеуметтік қорғаудың жүйесін дамыту қажет.
2014

Қазақстан Республикасының реформалану жағдайларында, нарықтық қатынастардың қалыптасуы кезінде миллиондаған адамдар (зейнеткерлер, мүгедектер, жетім балалар, босқындар, т.б.) жедел әлеуметтік көмекті және қорғауды қажет етеді. Әлемде әлеуметтік жұмыстың, соның ішінде халықтың бөлектенген топтарымен әлеуметтік жұмыстың үлкен тәжірибесі жинақталды. Біздің елімізде де аз тәжірибе жинақталған жоқ. Қазіргі кезде еліміздегі әлеуметтік жағдай күрт өзгеріске ұшырады, әлеуметтік қатынастардың шиеленісу үрдістері мағына беруді және талдап қорытындылауды талап етеді. Халықпен әлеуметтік жұмыстың ғылыми негізделген тұжырымын, сонымен қатар әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру мен жүргізудің түсінікті де сенімді тәсілдерін, әлеуметтік технологияларын жасау қажет.
2014

Мақалада мотивация, оқу іс-әрекетінің мотивациясы жайлы ұғымдарға анықтама берілген. Тұлға іс-әрекетінің доминантты мотивін анықтау барысында, тұлғаны субъект ретінде, оның интеллектуалдық-эмоционалдық-еріктік аумағының ерекшеліктеріне назар аударылған. Адамның рухани қажеттілігінің жоғары болуы – моральдық, интеллектуалды-танымдық мотивтермен түсіндірілген.
2014

Мақалада ертегі терапиясының әлеуеті, бейсанадағы рөлі, ертегінің психотерапиялық әсері, ертегілерді талдаудың түрлері жан-жақты баяндалады. Ертегі бейнелерінің терең, архетиптік табиғатын «ашу», бізге адамның күрделі мотивациясы мен өмірлік заңдарын түсінуге мүмкіндік береді. Мысалы, К. Юнг бойынша, Рух архетипі – Сиқыршының, Қарттың ертегі бейнелерінде байқалады, олар ертегі кейіпкерінің жолында ең жауапты сәттерде кездесетіндігі айтылады. Сондай-ақ, ертегі терапиясының психотерапиялық әсері адамның өзіне беймәлім бейсанасында балалық шақта орын алған мәселелерінің шешілуіне үлкен әсері бар делінген. Ал, клиентті күйзеліске түсіріп жүрген мәселелерін тек ертегі терапевтінің (психологтың) терең талдауы мен интерпретациялануының нәтижесінде шешілетіндігі қарастырылады. Клиент ертегілерде кездесетін символдардың көмегі арқылы өзінің бейсанасына үңіліп, ертегі әлеміне ене отырып, бейсана деңгейінде символдарды өзінің ішкі күйзелістерімен салыстырады. Біртіндеп бұл күйзелістер оның санасына жетеді де, өз мәселесінің шығу себебін түсінетін болады.
2014

Мақалада Қазақстан мен Еуропаның жетекші елдері арасындағы мəдени ынтымақтастықтың «Еуропаға жол» бағдарламасы аясында одан əрі жаңа қарқынмен дамып, өркендеп келе жатқаны жəне екі жақты қатынастарды стратегиялық серіктестік дəрежесіне дейін көтеруде мəдени қатынастардың да қосып отырған үлесі талданған.
2014

Қылмыспен күрес саласында халықаралық ынтымақтастықты жетілдіру қазіргі таңда мемлекеттердің құқық қорғау органдарының өзекті мəселесіне айналып отыр. Қазіргі таңда қылмыс жаңа нысандарға ие болды, халықаралық байланысы бар қылмыстар саны артты, Қазақстан Республикасының азаматтары қатысушысы болып табылатын халықаралық қылмыстық топтар артуда. Мақалада халықаралық қылмыспен күресудегі мемлекеттер ынтымақтастығының əртүрлі деңгейдегі халықаралық-құқықтық негіздерінің мазмұны мен ерекшеліктері туралы ашылып айтылады. Автoрлар ТМД шеңберінде қылмыспен күрес бoйынша халықаралық ұйымның құрылуы жəне бұл ұйымға Қазақстан Республикасының қатысуы туралы баяндайды.
2014

Бұл мақалада Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болып ену мəселелеріне өзге мемлекеттердің тəжірибесі мен ұлттық ерекшеліктері жан-жақты құқықтық тұрғыдан қарастырылып, оған кешенді талдау жасалынған. Сонымен қатар Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымы туралы келісімде көрсетілген міндеттемелердің барлығын сақтауға ресми түрде дайындығы айқындалады. Автор отандық экономистердің əр салаға байланысты пікірлерін ескеріп жəне оларға талдау жасай отырып өзінің қөзқарасын ұсынады. Соның ішінде ауылшаруашылық өндірісіне байланысты болжамдарға ерекше назар аударады. Қазіргі кезде дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуға кедергі келтіретін мəселелерді Қазақстан жан-жақты зерттеп, олардың оңтайлы шешілуіне келіссөздер арқылы қол жеткізуде. Осы орайда еркін нарық пен кемсітуге шек қою ережелерін ортақ негізге ала отырып, автор Қазақстанның халықаралық саудаға қатысуы кез келген мемлекет үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын айқын дəлелдеген.
2014

Аталған мақала Еуропалық экономикалық қауымдастық, кейін еуропалық одақ шеңберіндегі мүше мемлекеттердіңұлттықзаңнамаларынжақындастыру(унификациялаужəнегармонизациялау) тəжірибесіне арналған. Мақалада еуропалық одақ шеңберінде заңнамаларды унификациялау жəне гармонизациялау мəселелерін қарастыру барысында құқықтық жақындастыру əдістеріне де көңіл бөлінген. Осы тақырыпты зерттеу барысында заңнамаларды жақындастыру əдістері ретінде «аяқталған», «шеңберлі», «сілтемелі» құқықтық унификациялау мен гармонизациялау əдістері талқыланғанын байқауға болады. Сонымен қатар унификациялау мен гармонизациялау кезінде регламенттер, директивалар мен шешімдердің алатын орындарының ерекше екенін де атап өту керек. Оның дəлелі ретінде мақалада еуропалық қауымдастық пен еуропалық одақ шеңберінде қабылданған дерективалар да қарастырылған.
2014

Бұл мақалада авторлар халықаралық дағдарыстарды реттеу институтының өзгерістерге ұшырауы аясында дамып отырған бітімгершілік саласында БҰҰ мен НАТО-ның өзара əрекеттесуі мəселесін талдау мақсатын қойған. Мақалада əмбебап халықаралық ұйым БҰҰ-ның бітімгершілік саласындағы қызметіне тарихи шолу қарастырылып, ұйымның бітімгерлік қызметінің НАТО сияқты аймақтық ұйымдармен ықпалдастығына сараптама жасалған. Солтүстік Атлант шарты ұйымының өзгеру үдерістері аясында қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз ету саласында қандай жаңа қадамдар белгіленгендігі айқындалды. НАТО-ның қазіргі заманғы өзгерістерге ықпал ететін нысаналы бағдарлары, құрылу үдерісінің инноваци- ялары көрсетілді. НАТО-ның бітімгершілік саласына байланысты көзқарасы мен қызметі талданды.
2014

Бұл мақалада еуропалық одақ мысалында жаңаратын энергия көздерін игеру, оларды пайдалануҚазіргі ресей-жапон қарым-қатынастарының ерекшелігі екі ел арасында екінші дүниежүзілік соғыстан кейін   əлі күнге дейін бейбіт келісімге қол қойылмауында. Екі тарап арасындағы көптеген салалардағы ынтымақтастықтың толық мəнінде өз мүмкіндіктерін пайдаланбауына бүгінгі күнге дейін шешімін таппай келе жатқан аралдар мəселесі өз əсерін тигізіп келеді. Оңтүстік Курил аралдары тобына енетін Хабомаи, Шикотан, Итуруп, Кунашир аралдарының тиістілігіне жапон тарабының өз талаптарын қоюы ынтымақтастықты нығайтуға бөгет жасауда. Алайда екі ел басшыларының аталған мəселе бойынша келіссөздер үстелінде бас қосуы мəселенің шешімін табуда алға жылжу болып табылады. Тек Ресей мемлекетімен ғана емес, Қытай Халық Республикасы жəне Оңтүстік Корея мемлекеттерімен аумақтық даулары бар Жапония үшін Ресеймен экономикалық, энергетикалық ынтымақтастықты үдемелі дамытуды көздеуде. Соңғы жылдары сауда-экономикалық қатынастарда жоғары көрсеткіштерге жетуі соның жарқын көрінісі болып отыр.
2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.