Статьи, год 2014

Мақалада аниматорлық іс-əрекеттерге байланысты көзқарастар сараланып, соның негізінде əлеуметтік педагог жəне өзін-өзі тану мамандарының аниматорлық іс-əрекеті қарастырылған. Кəсіби педагогикалық аниматорлық іс-əрекет, өзіне операционалды жəне жеке аспектілерді қосатын көп қызметті құбылыс. Болашақ мамандарды кəсіби іс-əрекетке дайындауда оны жүзеге асыруға бағытталған талаптар сараланған. Анимациялық іс-əрекет технологиялық жүйесінің санқырлы жəне жан-жақтылығын анықтауда əдістері мен технологияларын игеру мəселелерімен тəжірибелік дағдыларды қалыптастыру жолдары дəлелденген. Болашақ əлеуметтік педагог жəне өзін-өзі тану мамандарының коммуникативті, ұйымдастырушылық, рефлексивті мəдениетін дамытудың мүмкіндіктері қарастырылған.
2014

Бұл мақалада бейнелеу өнері пəнінде полимəдениетті білім берудің маңызы сипатталып, көріністері айқындалып, полимəдениетт іжастардың бойына сіңіріп, оқыту мен тəрбие беру мəселелері қарастырылады. Кез келген пəнді оқыту теорияға негізделеді. Бұл жайында Леонордо да Винчи былай деген: «Кімде-кім практикаға ғылымсыз құштар болса, ол теңізде жүзуге компассыз шыққан теңізшіге ұқсайды, өйткені олар қайда жүзіп бара жатқандығына ешқашан сенімді болмайды. Практика əрқашан да толыққанды теория негізіне құрылған болуы тиіс жəне онсыз ешнəрсе орынды жасалуыны мүмкін емес...» [1, 3 б.].Егемен еліміздің көркейіп дамуына ғылымның, білімнің жəне өнердің қосатын үлесі ерекше. Мемлекет қазір рухани байлығымызға, ертеңгі ұрпақ мəселесіне баса назар аударуда.  Бүгінгі мектепте отырған оқушыларымыз біздің еліміздің болашағы, мемлекетіміздің ертеңгі тізгінін алатын азаматтары деп қарауымыз керек. Мектепте басқа пəндермен қатар бейнелеу өнері сабағында оқытудың озық тəжірбиелерін қолдану, ұлттық құндылықтар жас ұрпақтың қызығушылықтарын қалыптастыру бүгінгі күнде көкейкесті мəселе.
2014

Қазақстан Республикасының қарқынды дамуы дамыған елдер қатарынан орын алуға кең мүмкіндік туғызып, жаһандық білім кеңістігінде еркін интеграциялануға жағдай туғызып келеді. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Қазақстан – жалпы тарихи тағдыры ұштасқан 130-дан астам этникалық топтар өкілдерінің ұлт бірлігі топтасқан, серпінді даму үстіндегі ел. Бүгінгі күні біздің қоғамымызда қостілділік біртіндеп көптілділікке ауысып келеді. Бұл көптілділіктің негізгі басымдығы ана тіліне беріледі, өйткені қазақ  тілін мемлекеттік тіл ретінде меңгеру азаматтардың бірігуіне ықпал етсе, орыс тілі ғылыми-техникалық ақпарат көзі болып табылады, ал шетел тілі адамдардың өзін-өзі əлемдік қоғамдастыққа сəйкестендіру қабілеттерін дамыту үшін қажет. Ол, ең алдымен, еңбек рыногындағы мамандардың көптілді меңгеруі мен көпмəдениетті тұлға болып қалыптасуының нəтижесінде мүмкін болып отыр. Осы тұста мақала мазмұны бүгінгі күнгі білім беру жүйесіндегі оқу-тəрбие үрдісінің көптілді орта қалыптастыруға ықпал ету жағдайларын сипаттауды қамтиды. Бүгінгі бəсекелестік заманында мектептегі  оқушылардан  бастап жоғары оқу орнындағы болашақ мамандарға дейінгі, қала берді еңбек ұжымындағы мамандардың кəсіби шеберлігін шыңдауда көптілді меңгерудің маңыздылығы өзекті мəселе ретінде қарастырылады. Көптілділік негізінде көп мəдениетті тұлғаны қалыптастыру тəжірибелері мемлекеттік деңгейдегі іс шаралар нəтижесінде іске асырылып келетіндігі жəне Республикамыздағы тілдік оқыту жұмыстарының нəтижелері мен болашағы тұжырымдалады. Қорыта келгенде, көптілділіктің бүгінгі бəсекеге қабілетті маман даярлаудың маңызды көрсеткіштерінің бірі екендігі баса айтылады.
2014

Мақалада «парадигма» ұғымы нақты бір уақыт аралығында мамандарды дайындау мəселесіндегі ғылыми идеялар моделі ретінде анықталады. Педагогтерді дайындаудың теориялық практикалық міндеттерін шешугемүмкіндік беретін идеялар, ғылыми пайымдаулар жүйелі талданады. Парадигмалардың ауысуы студенттердің креативтілігін қалыптастыруда қоғамдық прогрестің дамуына тиімді жəне табысты əсер ететін маңызды шарт ретінде қарастырылады. Педагогтердің креативтілігінің психологиялық- педагогикалық негіздерін қалыптастыру моделі ұсынылады. Модель үш блоктан тұрады.Бірінші блок – университеттің инновациялық білім беру ортасында студенттердің креативтігін қалыптастыру жағдайында педагогикалық іс-əрекетке деген креативтік бейімділігі.Екінші блок – университеттің оқу-тəрбие үдерісінде инновациялық технологияларды қолдануға маманның дайындығы.Үшінші блок – университеттің инновациялық білім беру ортасында технологияларды қолдана отырып, студенттердің педагогикалық қарым-қатынасқа енуі.Креативтікті зерттеуде өткізілген талдау жалпы заңдылықтар мен кəсіптік андрагогикада өткізу ерекшеліктерін табуға мүмкіндік береді. Креативті тұлғаның жеке интеллектуалдық-эвристикалық сапасы ретінде рационалистік түсінуден ерекшелігі креативтікті жүйелі, бағалы тұлғалық, көп деңгейлі білім беруден бастау алады.
2014

Бұл мақалада жоғары оқу орындары студенттерінің білім сапасын бағалау технологиясы, мемлекеттік аралық бақылаудың мақсаты мен міндеттері, оны енгізу кезеңінің ерекшеліктері туралы айтылып, 5  кезең көрсетіледі. «Нəтижеге бағдарланған білім беру» жəне «Қазақстанда білім беру сапасын дамыту» тұжырымдамаларын тарату жағдайында оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүйесі ендірілген. Оқу жетістіктерін сырттай бағалауды енгізу қажеттігі, мақсат-міндеттері, ерекшеліктері айқындалған жəне оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың нəтижесіне талдау жасалған. Мемлекеттік аралық бақылаудың (МАБ) жəне Қазақстанда оқу жетістіктерін сырттай бағалауды (ОЖСБ) ендіру мен өткізу бойынша 2004 жылдан бастап, осы уақытқа дейінгі статистикалық материалдар мысалға алынады. Оқу жетістіктерін сырттай бағалауға күндізгі бөлімнің 4-курс жəне сырттай оқитын студенттер қатысады. Студенттердің білімдік, құқықтық, экономикалық, аграрлық, жаратылыстану ғылыми,  медициналық,  техникалық  жəне технологиялық мамандықтар бойынша ОЖСБ тапсыруында (2011-2013 жж.) соңғы үш жылдың көрсеткіштеріне назар аударуға болады. Жоғары оқу орындарының: ұлттық, мемлекеттік, азаматтық емес, акционерлік жəне жеке меншік түрлеріндегі оқу жетістіктерін сыртқы бағалау диаграммалары беріледі. ОЖСБ «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз» бағаға тапсырған студенттердің саны, сонымен қатар республика бойынша шыққан орташа балл туралы статистикалық мəліметтер көрсетіледі. Республика көлемінде бір жоғары оқу орнында «қаржы», «есептеу жəне аудит» сияқты екі экономикалық мамандық бойынша орташа көрсеткіштерді салыстыру жүргізілген. Ұлттық тестілеу орталығының сайты www.testcenter.kz
2014

Мақалада «Өзін­өзі тану» рухани­адамгершілік білім беру бағдарламасының Қазақстан Респуб­ ликасының жалпы білім беру жүйесіне ендірілуі құрылымдық­фунционалды түрде талданады. Атал­ ған мәселені талдау «Бөбек» қорының құрылған кезінен бастап, осы уақытқа дейінгі кезеңдерді қамтиды. «Бөбек» қайырымдылық қорының қалыптасуы мен дамуы үш кезеңге, яғни бірінші кезең 1992­2000 жылдар, екінші кезең 2000­2010 жылдар аралығы және бүгінгі күнге дейінгі кезең деп бөліп қарастырылады. Автор мектеп жасына дейінгі сәбилердің әлеуметтiк жағынан қорғалуына, олардың сүйіспеншілікте, қамқорлықта тәрбиеленуiне көмектесу мақсатында дүниеге келген «Бө­бек»» қорының атқарған қызметін жан­жақты талдап, қордың дамуының алғашқы кезеңінде атқа­ рылған жұмыстарда қоғамдағы әлеуметтік дерттің алдын алуға, денсаулығы нашар балаларды сау­ ықтыруға, жетім балаларға қамқорлық көрсетуге көбірек мән берілгендігін баса көрсетеді. Мақалада «Бөбек» қорының келесі бір бағыты ретінде «өзін­өзі тану» рухани­адамгершілік білім беру бағдарламасының мазмұны мен құрылымдық ерекшеліктеріне сипаттама беріледі. Осы ке­ зеңде қордың атауы өзгеріп, оның «Бөбек» ҰҒПББСО айналуы сөз болады. «Өзін-­өзі тану» пәнінің жалпы білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде эксперименттік байқаудан өтуі және міндетті пән ретінде ендірілуіне жасалған құрылымдық талдауларда аталған пәннің заман талабынан туындаған қажеттілік екендігі дәлелденеді. Сонымен қатар, «Өзін-­өзі тану» пәнінің еліміздің білім беру жүйесі­ нің барлық деңгейлеріне ендірілуіне байланысты жоғары оқу орындарында жаңа мамандықтың ашылып, өзін-­өзі тану мұғалімдерін дайындау мәселесінің қолға алынғаны туралы да айтылады.
2014

Мақалада БАҚ­тың мұғалімнің бейнесін сомдап көрсетудегі рөлі қарастырылады. Зерттеулер посткеңестік елдерде мұғалім мамандығының аса танымал болмауының көптеген саяси­эконо­ микалық және әлеуметтік себептері бар екендігін көрсетеді. Зерттеулерде мұғалім туралы айтыл­ ған қоғамдық пікірді түсіну үшін БАҚ сияқты ақпарат алаңдарының маңыздылығына назар ауда­ рылады. Мақалада 2013 жылдың ақпан айы мен 2014 жылдың ақпан айы аралығында «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская Правда» сияқты республикалық басылымдардағы білім беруге қатысты жарық көрген мақалалар талданып, мұғалім­педагог бейнесінің жасалуы мәселесі қарас­ тырылады. Мұнда «өлім», «жәбір» дискурсымен қатар, мұғалімдерге қатысты «ұрпақ тәрбиелеудегі жауапкершілік», «біліктілікті көтеру», «материалдық ынталандыру» сияқты дискурстар да басым­ дылық танытады. Сонымен қатар «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская Правда» басылым­ дарында республикадағы қазақ және орыс тілді басылымдарға тән екі түрлі ақпарат тарату сипа­тының байқалмағандығы айтылады. Бұл олардың ресми бағыттағы жалпыұлттық басылымдар болғандығымен  түсіндіріледі. Автор білім беру саясатында БАҚ идеологиялық насихаттың маңызды арнасы болып табылатынын ескере отырып, мұғалім бейнесі мәселесінің баспасөз беттерінде үнемі талқылануының қажеттілігіне тоқталады.
2014

Мақаланың мақсаты – «Кәсіби оқыту» мамандығы бойынша студенттерді дайындауды талдау,«Кәсіби бағдар теориясы және әдістемесі» оқу пәнін ендірудегі кәсіби бағдар беру тәжірибелерін жинақтау, сонымен қатар сұрақтарды оқып үйренуде электронды сөздіктерді қолдану.Ғылыми мақала кіріспе (introduction), негізгі бөлім(main body) және қорытындыдан (conclusions) тұрады. Мақалада «Кәсіби оқыту» мамандығының кәсіби іс­әрекеттік нысандары және түрлері, ба­ калаврлар міндеттерінің кәсіби іс­әрекет түрлерімен сәйкестігі, аталған мамандық бойынша оқу нәтижелері  анықталады.Кәсіби бағдар жұмыстарын ұйымдастырудың теориялық аспектілері қарастырылады. Осы тұ­ ғырлар негізінде Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Кәсіби оқыту» мамандығын­ да оқытылатын «Кәсіби бағдар берудің теориясы және әдістемесі» оқу пәнінің мақсаты мен мін­ деттері анықталады. Сонымен қатар мақалада аталған пәнді жүргізуде қолданылатын ақпараттық технологиялар да қарастырылады. Атап айтқанда, авторлардың дайындауымен екі нұсқада: біріншісі, кәсіби бағдар беру бойынша екі тілде сөздіктердің басылып шығуы, екіншісі, студенттердің құ­ зыреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін дыбыстық электронды сөздіктің жасалуы туралы айтылады. Сол сияқты оқу үдерісінде басқа пәндерді оқытуда электронды сөздіктерді пайдалану мүмкіндіктері анықталып, аталған сөздікті жасаудың бағдарламасы ұсынылады.
2014

Мақалада  әлеуметтік көңіл-күй категориясы адамдардың қоғамдағы  әртүрлі реформаларға деген реакциясы ретінде теориялық аспектілері жан-жақты зерттелінген. Индивидуалдық әлеуметтік көңіл-күй мен топтық көңіл-күй категорияларына түсініктеме беріліп, олардың индикаторларын айқындауға талпыныс жасалынды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 қаңтардағы халыққа жолдауында атап өтілгендей, ел дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ететін индикаторлардың бірі азаматтардың әлеуметтік көңіл-күйі болып табылады. Қазіргі кезде жалпы ғалымдар қауымдастығымен ортақ қабылданған «әлеуметтік көңіл-күй» мен «өмір са- пасы» түсініктерінің нақты біржақты анықтамасы мен көрсеткіштер жүйесі қалыптаспаған. Екі түсінік те ғылыми әдебиеттерде объективті – субъективті сипаттама ретінде қарастырылады. Өмір сапасы – объективті көрсеткіштерге негізделген халық тұрмысының жүйелік сипаттамасы, ал әлеуметтік көңіл-күй – индивидтің жеке эмоционалдық күйін сипаттайды. «Әлеуметтік көңіл-күй» терминін айқындауда индивидтің, әлеуметтік топтың, халықтың эмоционалдық-субъективті бағалауы арқылы сипатталатын шынайы қоғамдық сана  және мінез-құлық екендігін ескеру керек.
2014

Мақалада діннің қоғам дамуында алатын орны, атқаратын міндеттері мен қызметтері әлеуметтік-мәдени институт ретінде түсіндіріледі. Дін және әлеуметтік құрылым. Э. Дюркгеймнің дін турасындағы теориясы. Зерттеу нысаны: қазіргі кездегі Қазақстандағы сенушілер. Зерттеу пәні бұл адамдар үшін дін дегеніміз не? Әлеуметтік деңгейде оның мәні неде? Діннің пайда болу тарихы. Зерттеу мақсаты: бұл сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, олардың санасы мен сезімінде діни іс-әрекеттегі моральдық тірек пен сенімділікті қалыптастыру. Зерттеудің болжамы – Қазақстан бастамашылдығы бойынша Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің құрылуы азиялық континентте қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың көпжақты тамаша құралына айналды. Бұл дегеніңіз мемлекетіміздің тұрақтылығын, бейбітшілігін сақтап қалуда біздің мүмкіншілігіміздің көп екендігін көрсетеді. Қай жағынан алып қарасақ та бірлігін сақтауда діннің өзектілігі маңызды. Олай болса, алдағы уақытта дін мәселелері өз алдына шешімін тауып, әлемдік дағдарыс, төңкеріс, ашаршылық сияқты көптеген зұлматтарды басынан кешіріп, бейбітшілік пен амандықта жасап келе жатқан еліміз бұл сынақтан да сүрінбей өтеді деген үмітіміз бар.
2014

Бұл мақалада өмір сүру деңгейі әлеуметтік жұмыстың негізгі экономикалық категориясы ретінде қарастырылған. «Халықтың өмір сүру деңгейі – бұл халықтың әл-ауқатының, игіліктер мен қызметтерді тұтыну деңгейі, адамдардың негізгі өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру шамасын сипаттайтын жағдайлар мен көрсеткіштер жиынтығы». Басқа сөзбен айтқанда, өмір сүру деңгейі қоғамда тұратын адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру мен даму дәрежесі, ол әртүрлі игіліктерді тұтынумен немесе тұтыну жиынтығының пайда деңгейімен анықталады. Қазіргі жағдайларда қазақстандық экономистер осы категорияның келесі сипаттамасын ұсынады: «өмір сапасы  экономикалық,  әлеуметтік  және  өнегелік  құндылықтардың  жиынтығын  қосады».  Бұл  жағдайда «еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігі, бос уақыттың бар болуы мен пайдалану мүмкіншілігі, мәдени деңгейі, азаматтардың қауіпсіздігі» қарастырылады.
2014

Мақалада балалар үйінде тәрбиеленген жасөспірімдердің отбасында тәрбиеленген балалардан әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктері көрсетілген. Қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, осы топтағы жеткіншектердің әлеуметтік-психологиялық проблемаларын зерттеудің және олардың елімізде әлеуметтік қорғалуының негіздері анықталды. Зерттеу нысаны: ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар үйінде тәрбиеленуші жасөспірімдер. Зерттеу пәні: балалар үйінде тәрбиеленуші жасөспірімдердің әлеуметтік ерекшеліктерінің негізгі себебінің көрінуі мен мазмұны болып табылады. Зерттеу мақсаты: балалар үйлерінде тәрбиеленушіледің әлеуметтік-психологиялық жетілулерінің негізгі себептерін көрсету мен ерекшеліктерін зерттеу арқылы проблема тудырып отырған себептерге байланысты шешу жолдарын қарастыру. Зерттеудің болжамы: әртүрлі шетелдік және қазақстандық ғалымдардың еңбектерін талдаудың көмегімен анықталған әлеуметтік, психикалық ерекшеліктерінің спецификалық көрінісі бар. Зерттеудің болжамын эмпирикалық зерттеу жүргізу үшін арнайы нормативтік құжаттар қарастырылды. Олар келесі заңдар – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы, Қ.Р. баланың құқықтары туралы заңы.
2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.