Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кәсіби бағдар беру жұмыстарындағы студенттердің ақпараттық құзыреттіліктерін қалыптастырудағы рөлі

Кіріспе

 Бүгінгі таңда қоғам алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі заман талабына сай мамандықтарды игерген жастарға сұраныс жоғары. Нарықтағы бәсекелестік күннен-күнге артып келеді. Бүгінгі заман талабы кәсіптік білім беру саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес мыңдаған мамандықтар мен кәсіптерге дайындау – кезек күттірмейтін талап.

Соңғы он жылда жаңадан пайда болып, дамып отырған жаһандық тенденциялар Қазақстандық жоғары білім жүйесінің алдында жаңа тосқауылдар қойып отыр. Сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадрларды сапалы түрде дайындау, түлектердің жұмысқа орналасуын қадағалау жалпы міндеттер қатарында.

Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасының мақсаттары қатарында жоғары білікті ғылыми және ғылыми – педагог кадрларды даярлау, педагог мамандығының беделін көтеру мәселелері қарастырылған. Міне осыған орай, бүгінде қойылған мақсатқа жету үшін атқарылып жатқан жұмыстар аз емес [1].

Негізгі бөлім

 Қазіргі таңда техникалық, ауылшаруашылығы саласы бойынша мамандықтарға, медицина саласының мамандықтарына, экономика және құқық, педагогикалық мамандықтарға сұраныс өте жоғары. Әсіресе педагогикалық мамандықтардың ішінен еліміздің көптеген жоғары оқу орындарынан ашылған, бүгінде қажет мамандықтардың бірі «Кәсіптік оқыту» мамандығы.

Қазақстанда кәсіптік білім беретін бірнеше оқу орындары бар, соның бірі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті.

«Кәсіптік оқыту» мамандығы ҚарМТУ ректоры Арыстан Мәуленұлы Ғазалиевтің қолдауымен 2007 жылы ашылды.

Университетте бұл жаңадан ашылған мамандықтардың бірі болса да, ол үлкен қарқынмен дамып келеді. Жыл сайын өзгерістер енгізіліп, жаңартылып, толықтырылып отыр. Осы мамандық бойынша кәсіптік оқытуға әртүрлі факторлардың көрсеткіштері әсер етеді. Соның ішінде оқыту бағдарламаларының баламалығы, оқыту мақсаттарын дұрыс қою, оқытудың қолданылатын әдіс тәсілдері.

Қазіргі таңда «Кәсіптік оқыту» мамандығы өте қажет мамандықтардың бірі болып табылады. Кәсіптік оқыту мамандары оқу-тәрбие мекемелерінде және кәсіптік білім оқу орындарында психолог-педагогтық қызмет жасай алады.

Кәсіптік оқыту мамандығы бойынша білім бакалавры өзінің кәсіби қызметін білім беру саласында атқарады. Аталмыш мамандық түлектері келесі орындарда:

  • жалпы білім беретін мектептер, гимназиялар;
  • оқу-өндірістік комбинаты, тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз ететін және жұмысшылар мен мамандардың біліктілігін көтеру және қайта даярлау орталықтары;
  • кадрларды қайта даярлау және кәсіптік бағдар берудің тұрғылықты және аймақаралық орталықтарында қызмет істей алады.

Кәсіптік оқытушы педагогтың іскерлігінің негізгі бағыты – болашақ мамандардың кәсіби білімін жетілдіру болып табылады. Студенттердің кәсіби дайындығының мақсаты – түрлі ғылыми-педагогикалық тапсырмаларды орындауға және кәсіби білім педагогы мен еңбек технологиялары мұғалімінің кәсіптік қызметінің қажетті функциялары мен түрлерін орындауға бейім маманды қалыптастыру.

Кәсіптік оқыту мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызмет түрлері білім беру (оқу-тәрбиелеу,  педагогикалық),  ұйымдастыру технологиялық, өндірістік-басқарушылық, жобалау, ғылыми-ізденушілік. Жалпы кәсіптік оқыту мамандығының білім бакалаврының кәсіби қызметі: білім беру, тәрбиелік, дамытушылық, ұйымдастырушылық, конструктивтік, коммуникативтік, ақпараттық, бағдарлық, ұтқырлық, ізденушілік, өндірістік-технологиялық, жобалау, болжамдау, шығармашылық, кәсіпкерлік, дизайнерлік.

Кәсіптік оқыту мамандығы бойынша білім бакалавры кәсіби қызмет түрлеріне сәйкес мынадай міндеттерді шешуі тиіс:

Білім беру қызметі саласына:

  • оқушыларды мектепте, гимназияларда, ОӨК-де, еңбек технологиялары және кәсіптік оқыту бойынша мектептен тыс мекемелерде тәрбиелеу және кәсіптік даярлау;
  • мектеп мұғалімдері мен оқытушылардың, ОӨК шеберлерінің, атааналардың, оқушыларды тәрбиелеу және кәсіптік даярлау, еңбекке, өндіріске оқытуды ұйымдастыру бойынша өндіріс басшылары мен өкілдерінің ұжымдық қызметімен байланысты мәселелерді шешуі;
  • өзінің біліктілік деңгейін көтеру және жетілдіруі.

Эксперименттік-зерттеу қызметі саласында:

  • ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді оқып-білуі;
  • кәсіптік оқыту бойынша білім беру саласындағы озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу және қорытуы;
  • педагогикалық эксперимент өткізу, оның нәтижелерін оқу үдерісіне енгізуі.

Ұйымдастыру-басқару қызметі саласында:

  • кәсіптік оқыту бойынша білім беру мазмұнын әртүрлі деңгейде жоспарлауы;
  • оқыту үдерісін ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістерін анықтауы.

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет саласында:

  • көпмәдениетті тұлға қалыптастыруы; Оқу-тәрбиелік қызмет саласында:
  • оқу-тәрбие жұмыстарын педагогикалық үдерістің зандары, заңдылықтары, ұстанымдары, тәрбиелік механизмдеріне сәйкес іске асыруы;
  • тәрбие жұмыстарын жоспарлауы;
  • нақты тәрбиелік міндеттерді шешуі;
  • кәсіптік оқыту бойынша оқыту мен тәрбиенің әртүрлі формалары мен әдістерін таңдау және қолдануы;
  • оқушылар ұжымымен, осы сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен, ата-аналармен байланыс орнатуы;

Оқу-технологиялық қызмет саласында:

  • оқыту үдерісінде жаңа педагогикалық технологияларды қолдануы тиіс.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «Кәсіптік оқыту» мамандығының студенттері екі бірдей бағытта оқиды. Біріншісі педагогика мен психология пәндерін жетік білу керек және сабақ өткізу әдістемесі мен құжатнамасын жүргізе алу керек. Ал екіншісі өзі сабақ беретін траектория бойынша пәндерді жетік меңгеру керек. Аталмыш мамандық студенттері 2011 оқу жылынан бастап 4 траектория бойынша оқиды: радиотехника, электроника және телекоммуникация, ақпараттық технологиялар, құрылыс және автокөлік құралдарын жалдау және жөндеу.

Жалпы, «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша оқытудың нәтижелеріне тоқталып өтсек:

1-курс – бакалаврлар жалпы білім беру пәндері бойынша жалпылама теориялық білім; әдебиетпен жұмыс істеудің, психологиялық-педагогикалық және жаратылыстану пәндерінің (жалпы педагогика, жалпы психология және т.б.) әртүрлі тақырыптары бойынша есеп жазудың дағдылары мен біліктілігін алады;  приборлармен және реактивтермен танысып, олармен жұмыс істеудің тәжірибесін жинайды.

2-курс – бакалаврлар тыңдаушының психологиясы мен сабақ жүргізудің әдістемесін, негізгі психологиялық-педагогикалық және технологиялық пәндер бойынша білім алады.

3-курс – бакалаврлар түрлі өндірістер мен алған мамандығына сәйкес келетін ұйымдарда жұмыс істеу барысында қолданатын кәсіби пәндер бойынша білім, білік, дағды алады.

4-курс – бакалаврлар өз білімдерін толықтыратын және дипломдық жұмыстар мен жобаларды жазу кезінде қажет болатын пәндерді оқып үйренеді. Оқу барысындағы алған барлық білім, білік, дағдыларын бакалаврлар іс-тәжірибеден өту кезінде қолданады [2].

Қазіргі  кезеңдегі  оқытудың  негізгі мақсаты - болашақ мамандығына байланысты әрбір балаға тереңірек білім беру, білімді өзгермелі өмір жағдайларына пайдалана білу дағдысын қалыптастыру. Сондықтан қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік-экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар: шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Осы орайда жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың тұжырымдамасының негізгі бағыты баланы жан-жақты дамытуымен бірге жеке және жас ерекшелігіне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігін айқындауды қарастырады.

Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Өз кәсібін дұрыс таңдай білген оқушы оған әр уақытта шығармашылықпен, жауапкершілікпен, қабілеті мен бейімділігі белгілі бір кәсіп саласына сай қалыптасқанда ғана сапалы маман болатыны белгілі. Сол себепті қазіргі таңда түлектерге кәсіби бағыт-бағдар беру, кәсіби ақыл-кеңес беру мәселесіне аса назар аударғанымыз жөн. Кәсіби бағдар беру – шешімі табылуға тиісті өте күрделі кешенді мәселе. Өзінің әдістемесі және мазмұны жағынан оның психологиялық, педагогикалық, физиологиялық және әрекеттік аумағы жағынан әлеуметтік сипаты болады. Нәтижесі қоғамның экономикалық өміріне әсер етеді. Сонымен қатар, кәсіби бағдар беру қоғамның жұмыс күшін қайта өндірудің маңызды құралы болып табылады. Білім беру бағытындағы кәсіби бағыт беру саласы күрделі де алуан түрлі. Кәсіби бағдар беру ісін жүргізу кадрлар даярлауды жоспарлаумен, білім беру жүйесін одан әрі жетілдірумен тығыз байланысты. Көптеген жоғары оқу орындарында аталмыш үрдіс бойынша арнайы пәндер жүргізіледі. Бұл пәндердің негізгі мақсаты – техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындары мен жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру болып табылады [3]. Сондай пәндердің бірі Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «Кәсіптік оқыту» мамандарында оқытылатын «Кәсіптік бағдарлау теориясы және әдістемесі» пәні.

Аталмыш курстың оқу-әдістемелік кешені МЖМББС-на сәйкес «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша жоғары оқу орындар студенттерінің оқу жоспарына сәйкес жасалған. «Кәсіби бағдарлау теориясы және әдістемесі» пәні кәсіби пәндердің таңдалатын компонент айналымына кіреді және оның мазмұны студенттерді техникалық және кәсіби білім жүйесінде кәсіби бағдардың теориялық негіздерімен таныстырады. Аталған пәннің мақсаты – техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындары мен жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру, оқытушының кәсіби біліктілігін қалыптастыру. «Кәсіби бағдарлау теориясы және әдістемесі» пәні өз алдына келесі міндеттерді қояды:

  • оқушылардың өз-өздерін кәсіби тану әдістемесі мен ұйымдастырудың ерекшелігін меңгеру;
  • техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарында кәсіби бағдарды ғылыми ұйымдастыруды зерттеу;
  • оқу орындарында кәсіби бағдар жұмысын жүргізу мен жоспарлау, ұйымдастыра білуді қалыптастыру.

Берілген пәнді оқу нәтижесінде студенттер техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарында кәсіби бағдарды ғылыми ұйымдастыру жүйесі жөнінде ойы болу керек, кәсіби бағдар жүйесінің даму тарихын, оқу орындарында кәсіби бағдар жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктерін, оқу орындарында кәсіби бағдар жұмысын жүргізу және ұйымдастыру әдісі мен түрлерін, оқушылардың тұлғалық бейімділігі, қызығушылықтары, қабілетін диагностикалау әдісін білу керек, оқу орындарында әртүрлі бұйымдарды өңдеудің техникалық үрдісін, бақылау және кәсіби бағдар жұмысын жоспарлай алуы керек, техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарында кәсіби бағдарды жүргізуге іс-тәжірибелік дағдылануы тиіс [4].

«Кәсіби бағдарлау теориясы мен әдістемесі» пәнін оқу кезінде алынған білім педагогикалық практикадан өткенде қолданылады. Жалпы аталмыш пәннің мазмұнын ашу үшін көптеген оқуәдістемелік нұсқаулар, оқулықтар, қазіргі ақпарат ғасырының дамуына байланысты көрнекі құралдар ретінде электронды оқулықтар, бейне-дәрістер, электронды сөздіктер қолданылады.

Заман талабына сәйкес кәсіптік білім беру саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес көптеген мамандықтар мен кәсіптерге дайындау – кезек күттірмейтін талап. Қазіргі таңда кәсіби бағдар беру мәселесі бірінші кезекте тұр, сондықтан білім саласының қызметкерлері – кәсіби бағдар берушілер, оқытушылар арнайы кәсіби бағдар беру терминдерін білулері қажет.

Осы электронды сөздік негізінде «Кәсіби бағдар беру бойынша екі тілді анықтамалықтерминологиялық сөздік (қазақ, орыс тілдерінде)» атты сөздік баспадан шықты [5].

Аталмыш анықтамалық-терминологиялық сөздіктің мақсаты – кәсіби бағдар беру бойынша арнайы терминдер жүйесін келтіру. Біз терминологиялық ұғымдарды белгілі бір жүйеге келтіруге талпыныс жасадық. Бұл сөздіктің ерекшелігі мынада, мұнда үш жүз елуге жуық түсініктер қамтылған, олар алфавиттік реттік бойынша, параллельді түрде орыс-қазақ тілдерінде келтірілген.

Ұсынылып отырған анықтамалық-терминологиялық сөздіктің негізгі міндеті:

  • кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыруда кәсіби бағдар берушілерге, оқытушыларға, магистранттарға, оқушыларға көмек көрсету;
  • түсініктерді дұрыс түсіну және орынды пайдалану дағдысын қалыптастыру.

Жоғарыда келтірілген анықтамалық-терминологиялық сөздік негізінде электронды сөздік әзірлеуді жөн көрдік.

Электронды сөздік дидактикалық әдіс-тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. Электрондық түсіндірмелі сөздікті оқу үдерісінде, оның ішінде кәсіби бағдар беруде пайдалану кәсіби бағдар берушінің болашақ маманмен жеке жұмыс істегеніндей болады.  Электрондық  түсіндірме-  лі сөздікпен жеке жұмыс істеуінің арқасында сол салаға байланысты жаңа сөздерді бірнеше қайталап оқуына, тыңдауына, мән-мағынасын ашуға, оның грамматикалық жасалу жолдарын білуіне көптен-көп көмегін тигізеді. Мұндай сөздіктер студенттердің білім сапасын бақылау жүйесін өзгертуге мүмкіндік жасайды. Өзінің тіл байлығын дамытқысы келетін әрбір студент электронды түсіндірмелі сөздікпен сабақ бойы үздіксіз байланыста болғандықтан тілді меңгеруіне, сонымен қатар жаңа сөздердің мағынасын, қолданылу аясын білуге үлкен мүмкіндіктері бар.

Төменде электронды сөздіктің әліпбилік тізбектілік бойынша ұғымдар ретінің мұқабасы келтірілген (1-сурет).

 1-сурет – Электронды сөздіктегі әліпбидің Web – құжат түріндегі нұсқасы

Электронды сөздіктің мүмкіндіктері келесідей:

  • сөздік қоры: елдің жетекші ғалым-тіл мамандарымен құралған фразеологиялық сөз тіркестерін қоса есептегенде 120-дан аса мақалалар;
  • сөздіктер терезесімен икемді жұмыс;
  • виртуалды пернетақта – қазақ тілінің өзіндік әріптері бар пернетақтасы жоқ пайдаланушыларға арналған;
  • drag&drop режимі: кез келген қосымшадағы сөздерді сөздік терезесіне көшіріңіз;
  • өзіңіздің жеке сөздігіңізді құру және мамандандырылған сөздіктерді (экономика, қаржы, мұнай) қосу мүмкіндігі [6].

Кәсіби бағдар беру терминдері бойынша электронды сөздік жасау үшін арнайы бағдарламалар мен көптеген бағдарламалау тілдері қолданылды. HTML тілі арқылы жасалынған аталмыш сөздіктің дыбыс файлдарының HTML тілімен байланысы болғандықтан сәйкесінше Web-парақтар қызмет  атқарады.  Ал мәтіндерді  дыбыстау үшін арнайы бағдарламалар қолданылады. Атап айтсақ, KooBAudio, TextAloud, Говорилка (Govorilka), Blog Radio, eSpeak және т.б. Бұл бағдарламалар мәтіннің сапалы түрде дыбысталуын қамтамасыз етеді. Үлкен көлемдегі мәтіндік мақалаларды нақты, таза артикуляция және жақсы екпіннің көмегімен сапалы түрде жеткізеді [7].

 Қорытынды

 Жалпы қорытындылай келе, заман талабына  сай  жас   ұрпаққа  сапалы  білім   беруде электрондық  түсіндірмелі  сөздіктерді   кәсіби бағдар беруде пайдалану – оқытудың ғана емес, мамандық бойынша бағыт берудің жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой-өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір-бірімізден тәжірибе алмасып, кемшілік – жетістіктерді айтып отырсақ жұмысымыз өнімді болып, студенттердің ақпараттық  құзыреттіліктері жоғарлай  түсер еді,деп ойлаймыз.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы. – Астана,
  2. ҚР МЖМБС 6.08.076-2010. «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты – Астана: М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті баспасы, 2010. – 46 б.
  3. Тұлғаның кәсіби бағыттылығын дамыту үрдісінің моделі // Мереке-праздник для всех. – Алматы: – 7 б.
  4. «Кәсіптік бағдарлау теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен / Құрастырғандар: доцент Самашова Г.Е., Нұрмағанбетова М.С. және т.б. – Қарағанды: ҚарМТУ баспасы,
  5. Самашова Г.Е., Құрымбаев С.Ғ., Ударцева С.М., Әшімбекова А.М. және т.б. Кәсіби бағдар беру бойынша екі тілді анықтамалық-терминологиялық сөздік (қазақ, орыс тілдерінде). Қарағанды: ҚарМТУ баспасы, 2013. – 49 б.
  6. Букенова Ж. Электронды аударма сөздіктер // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2007. – 5 б.
  7. Комолова Н., Яковлева Е. HTML. Самоучитель. – М.: Мысль, 2011. – 268 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.