Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ұлы Отан соғысынан кейінгі Қазақстан ауыл шаруашылығындағы қарама-қайшылықтар мəселесі

 Cоғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру Кеңес үкіметінің алдында тұрған басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Өндірістік, ауыл шаруашылық салаларына жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн 365 мың адам, Кеңес Армиясы қатарынан 8 млн 500 мың адам босатылды. 1945 жылдың шілде–қыркүйегінде бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар жіберілді. Республикамызда 1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжылдыққа (1946–1950) арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркəсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дəрежесіне жетіп, одан едəуір асып түсу міндеті белгіленді. КСРО-ның еуропалық аймақтарында болған қуаңшылық соғыстан зардап шеккен аудандардың ауыл шаруашылығына үлкен қиыншылықтар əкелді. Республиканың ауыл  шаруашылық еңбеккерлері мүмкін болғанынша астықты мол жинап, астық пен мал шаруашылығы өнімдерін мемлекетке көп өткізу үшін аянбай еңбек етті. Жұмыс күшінің жетіспегеніне, ауыл шаруашылық машиналарының көпшілігі соғыс жылдарында қатардан шығып қалғанына қарамастан, ауыл шаруашылығының еңбеккерлері өздерінің мемлекет алдындағы міндеттемелерін ойдағыдай орындауға тырысты   [1].

1946 жылы КСРО-ның көптеген аудандарында аштықтың басталған фактісі белгілі. Нан, ет өнімдері, сүт жетіспеді. Адамдар аштықтан өле бастады. Бірақ бұл елден мұқият жасырылды. Соғыстан кейінгі экономикалық саясаттың басты қағидасы — ауыр өнеркəсіптің біржақты жылдамдатылған дамуы болып қала берді. Материалдық мұқтаждықтарды қанағаттандыру соғыстан бұрынғы жылдардағыдай екінші кезекке ығыстырылды. Бұл коммунизм секілді игі мақсатқа жету үшін төзімнің қажеттігі жөніндегі насихаттық ұранмен ақталды. Істің шынайы жағдайын боямалап көрсету салты тарихи шындықка қарсы күрес, социализм жеңістерін қорғау түрінде көрінді. Басқаша ойлаудың кішкене де болса көріністері, пікірлер плюрализмі, социализмді «қаралау» əрекеттері идеологиялық диверсиялар ретінде қарастырылды. Социализмнің дамуы мен нығаюына байланысты тап күресінің сақталуы мен шиеленісуі жөніндегі теориялық нұсқау да идеологиялық текетіресті Кеңес  мемлекетінің  өз  ішінде  де,  халықаралық  дəрежеде  де  арттыра  түсті.  «Халық жауларына», «социализм жауларына» қарсы науқан іс жүзінде үздіксіз жүргізілді. Дегенмен, 1947 жылы желтоқсанда карточкалық жүйе мен республика еңбекшілерін азық-түлікпен жəне өнеркəсіп тауарларымен мөлшерлі қамтамасыз ету жойылды. Осы жылы ақша реформасы жүргізілді. Азық- түліктің негізгі түрлерінен жəне ұннан істелінетін тағамдарға, етке, өнеркəсіп тауарларына деген баға төмендетілді. Кооперативтік сауданың дамуы нəтижесінде базардағы баға да төмендеді. Тұтастай алғанда, төртінші бесжылдық жылдарында баға үш рет төмендетілді. Сомның сатып алу қабілетінің нығаюымен қатар еңбекшілердің еңбекақысын арттыру жүргізілді. Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, майданда қаза тапқандардың отбастарына əлеуметтік көмек көрсетілді. Жасы жеткендерге, асыраушысынан айырылғандарға, уақытша еңбек қабілетінен айырылғандарға зейнетақы тағайындалды. Көп балалы, жалғызбасты аналар талай жəрдем алды. Санаторийлер мен демалыс үйлеріне, пионер лагерьлеріне жеңілдік шарттарымен жолдамалар берілді. Бұл жылдары ақы төленетін қосымша демалыстар беру қалпына келтірілді. Мемлекеттік жəне кооперативтік кəсіпорындар мен ұйымдардың күрделі қаржылары есебінен халыққа арналған тұрғын үй құрылысының  саны  көбейді.   Алайда,   өкінішке  қарай,   жоғарыда   келтірілген  кеңес    адамдарын «əлеуметтік қорғаудың жоғары деңгейінің» үлгілері, олардың өмірлік сұраныстарын қанағаттандыру көбінесе жасанды сипатта болды. Мəселен, карточкалық жүйенің жойылуы алдында бөлшек саудаға реформа жүргізіліп, оның жалпы деңгейі 1940 жылмен салыстырғанда үш еседей жоғары болып шықты [2; 247–263].

Ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау жəне қайта даярлаудың жүйесі жолға қойылды. Жұмысшылар мен қызметшілердің ай сайынғы еңбекақысы бір жарым есе ғана көбейіп, 1950 жылы 64 сомды құрады, бұл сатып алушылық қабілеттің төмендеуіне əкеп соқты. Ерікті-мəжбүрлі түрде мемлекеттік займдарға жазылуға еңбекшілердің бір айлық жалақысы кетіп, олар артық еш нəрсе сатып ала алмады. Сол уақытта кең қолданылған бағаны төмендету насихат саясаты əуелден негізсіз болып, халықтың көпшілігі тұратын ауылдар мен деревнялардың тұрмыс жағдайын нашарлату есебінен жүргізілді. 1950-жылдардың басында колхозшылар жұмысшы мен қызметшілердің жалақысынан төрт есе аз алды. Үкімет жүргізген ауылдан азық-түлік өнімдерін өте төменгі бағаларға сатып алу саясаты ауыл еңбекшілерінің; тұрмыс жағдайларының көтерілуіне қолайлы жағдай жасай алмады.

Төртінші бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан ауыл шаруашылығында 50683 трактор, 16 мыңнан астам комбайн, ондаған мың автомашина, шөп шабатын жəне басқа машиналар болды. Елімізде 1946 жылы 76 % МТС-тер жұмыс істесе, ал 1950 жылы елімізде 95 % колхоздарда істеді. Cоған қарамастан, үкімет қабылдаған іс-шаралар ойдағыдай нəтиже бермеді. Өндірісті арттыру үшін ұсақ колхоздар ірі колхоздарға біріктірілді. Ұсақ колхоздарды ірілендіру шаралары іске асырылып, республикада 1945 жылы 6737-ден 1952 жылы 2047 колхоз қалды, немесе олардың жалпы саны 2 есе- ге жуық қысқарды. Бipaқ өткен кезеңдердегідей басқару жүйесі шаруашылықтардың iшкi iciнe арала- сып, колхоздарға жоғарыдан бұйрық-нұсқау беріліп отырды. Осындай ахуалда колхоздар өнімді молайтуға дəрменсіз еді, өйткені олар өте ұсақ болатын. Ұсақ колхоздарды бipiктipiп, ipi шаруашылықты қалыптастыру ұсақ колхоздарды ipiлендipy саясаты жүргізілді. Колхоздарды ipiлендіpy саясаты ауыл шаруашылық машиналарын пайдалануға, маман кадрлармен қамтамасыз ету жəне үлкен eгіндік, шабындық жерлерді пайдалануда алғашқы кезде жетістіктерге жеткізген бола- тын.

Колхоздарды ipiлендipy саясаты белгілі дəрежеде табыстарға жеткенімен, тepic жақтары да орын алды. Колхоздарды ipiлендіpy шаралары сияқты күрделі ic асығыс түрде жүзеге асырылды, тiпті кейбip жағдайларда ауылды жаппай ұжымдастыру кезіндегідей күштеп жүргізілді.  Мыңдаған шаруалар ата-қонысын, үй-жайын тастап, жаңа жерлерге іріленген колхоздар орталығына көшіп баруға мəжбүр болды. Осының салдарынан мыңдаған елді мекендер icкe аспай, иесіз қалды. Жаңа жерлердегі қоныстанушыларға онсыз да ауыл шаруашылық өндірісіне жетпей жатқан қыруар қаржы жұмсалды. Оның үстіне машина-трактор станциялары таратылып берілді.

1948 жылы республикада ауылдар мен селоларды жаппай электрлендіру басталды. Сөйтіп, төртінші бесжылдық тұсында 752 колхоз, 317 МТС, 164 совхоз жəне 193 селолық аудан орталығы электрленді. Селолық электр станцияларының қуаты 1945 жылмен салыстырғанда 2,8 есе өсті. Ауыл еңбекшілерінің жағдайына тура немесе жанама түрде əсер еткен барлық қиыншылықтарға, бұра тарту мен жаңсақ есептерге қарамастан, олар елді қолдарынан келегенше азық-түлікпен қамтамасыз ете берді. Соғыстан кейінгі жылдары өнеркəсіп ауыл шаруашылығында дамудың біржақтылығын жоюдың қажеттілігі анық сезілді. Аграрлық секторды ынталандыру үшін мемлекет шаруашылықтардың бұрынғы қарыздарын жойып, салық көлемі елеулі түрде азайды. Ет, сүт, жүн, картоп, көкөністің сатып алу бағасы көтерілді. Ауыл шаруашылығы өндіріс жүйесін жақсартуға бағытталған реформалар қалыптасқан шаруашылық жүргізу құрылымының негіздеріне əсер етпеді, əміршіл-əкімшіл жүйе əлі де үстемдік етуін жалғастыра берді. Дегенмен, ауыл шаруашылығын өркендетуде елеулі қиыншылықтар болды. 1946 жылы қуаншылық болып, астық шықпай, халық азық-түлік тапшылығының зардабын шекті. Колхоз, совхоз, МТС-тардағы техника ескірген, еңбек өнімділігі төмен еді. Ауыл шаруашылық жарғысын (уставын) бұзушылық етек алды.  Колхозшыларға еңбек күнге өнім өте аз мөлшерде бөлінді. Олардың еңбекке ынталылығы төмен болды. Осыған байланысты əкімшіл-əміршіл жүйе қатал саясат жүргізіп, село тұрғындарын мəжбүрлікте ұстады. Жергілікті жағдаймен есептеспей, жоғарыдан жоспарлап, аппарат тарапынан бұйрық беріліп отырды.

«Əскери коммунизм» кезеңінің азық-түлік саясаты жалғастырылды.

Республикада төртінші бесжылдықта егіс көлемі бір миллион гектардан аса ұлғайды. Ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығы артты. 1950 жылы астықтың жалпы түсімі 47654 центнерге жетіп, соғыстан бұрынғы дəрежесінен 89 %-ға асып түсті. Ірі қара малдың, қой мен жылқының жаңа тұқымдары өсіп жетілді. Малдың жалпы саны өсті: ірі қара мал 27 %, қой мен ешкі 70, жылқы 71 %-ға көбейіп, шошқа 2,7 есе артты. Алайда ауыл шаруашылығы сияқты азық-түліктегі, өнеркəсіптегі, шикізаттағы халық сұранысын қанағаттандыра алмады. Бұған колхоздарды, жалпы ауыл шаруашылығын басқарудың əміршіл-əкімшіл жүйесі себеп болды. Жоғарыдан жоспарлау, бюрократиялық аппараттың күш көрсетуі өндірушіні өндіріс құралдарынан да еңбек нəтижелерінен де шететті. Колхозхозшылардың еңбегіне өніммен ақы төленді. Колхозхозшыларда төлқұжат болмады, олардың есебі селолық кеңестер жасаған тізімдер арқылы ғана жүргізілді. Бұл олардың мекенжайын еркін өзгертуіне мүмкіндік бермеді, олар заңды түрде колхозға байланды, басыбайлы шаруалар сипатына айналды. Алайда ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру елдің өскелең қажеттерінен айтарлықтай артта қалды. 1950-жылдардың басында халықтың саны қалалар мен өндіpic орталықтарында көбейді, осыған байланысты астық қажеттілігі бірден көтерілді. Колхоз егін салудан, астық жинаудан 1949–1950-жылдары орта жылдық жалпы өндірісі 1909–1913-жылдарға қарағанда тың игеруге дейін сегіз миллион тоннаға ғана көтерілді. Жұмсалған астық шығыны өндірілген өнімнен асып кеттi, сондықтан қажетті астықты мемлекеттік  қордан  алуға  мəжбүр болды. Дағдарыстық тенденцияның беті ашылды. Колхозшылардың еркін жүріп-тұруын шектейтін соғысқа дейінгі нормалар сақталды: ауылдық кеңестердегі тізімге тіркелді. Осындай қателіктер мен қиындықтарға қарамастан, шаруалар елді асырап отырды.

1953 жылғы қыркүйекте болып өткен СОКП-ның ОК Пленумы ауыл шаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап, оның даму болашағын анықтады. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылық саласына көп көңіл бөліне бастады. Колхоздарға біраз дербестік берілді, ауыл-село еңбеккерлерінің өнім өндіруге деген материалдық ынталылығы арттырылды, ауыл шаруашылық өнімін дайындау жəне сатып алу бағасы көтерілді, аграрлық секторды техникамен жабдықтау біршама жақсарды, онда электр қуаты кеңірек қолданатын болды, колхоздар мемлекетке төлеуге тиісті қарыздарынан босатылды. Бірақ елде қалыптасқан басқару жүйесі ауыл шаруашылығының дамуын экстенсивті жолмен жүргізе берді. Азық-түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатында тың жəне тыңайған жерлерді игеру идеясы пайда болды.

Қазақстанның соғыстан кейінгі жағдайын зерттеген Т.Омарбековтың «ХХ ғасырдағы өзекті мəселелері» еңбегінде еліміздің соғыстан кейінгі зиянға ұшыраған экономикасын қалпына келтіру жағдайларына тоқтала келе, ауыл шаруашылығын өркендету ісінде айрықша маңызды болды деп есептелетін тың жəне тыңайған жерлерді игеру ісі талай жылдар бойы тек марапаттау ыңғайында біржақты, көтеріңкі сөздермен бағаланып келгендігі жазылған. Тың жəне тыңайған жерлерді игерудің кейбір көлеңкелі тұстары турасында бүгінгі уақытта ғана айтыла бастады. Республиканың тарихи тағдырындағы өзіндік орны үлкен осы жай тарихшыларды да толғандыруда. 1950-жылдардағы елдегі астық тапшылығы, оның ішінде азық-түліктік дақыл-бидайдың үлкен тапшылығы орын алған. Мал шаруашылығының санының өсуі нашарлауын да келтірген еді [3; 125–132].

Сонымен, соғыстан кейінгі жылдары республиканың колхоз жəне совхоз өндірісін ұйымдастыруда бірталай кемшіліктер бар екенін eгіншілік мəдениетінің мейлінше төмен дəрежеде екендігін, қоғамдық мал шаруашылығының қанағаттанғысыз екенін көрсеттi. Кеңес дəуіріндe КСРО- ның ауыл шаруашылығы социализмнің экономикалық заңдары негізінде дамыды. Еңбек өнімділігін экстенсивті жолмен үнемі арттырып отыру, халық шаруашылығының орталықтан белгіленген жəне бақыланатын жоспарға сəйкес дамуы, еңбегіне қарай бөлу жəне басқа заңдар ауыл шаруашылығында белсенді əрекет етті. Колхоздар мен совхоздарда еңбек өнімділігі, жалпы жəне таза табыс, өнім жəне өндipicтің рентабельдігі, тағы басқа осы сияқты көптеген экономикалық категорияларды есептеудің əдістемесі ғылыми негізде жасалынбады.

1953 жылы 31 млн т жетер жетпес астық дайындалды, ал бірақ 32 млн т астам астық жұмсалды. Бұл кезеңде саяси билікте де үлкен өзгерістер болған еді. 1953 жылы 5 наурызда КСРО-ның ұлы көсемі Сталин қайтыс болды. Н.С.Хрущевтің басына бақ қонып, «ұлы көсемге» кезінде адал қызмет етіп, əміршіл-əкімшіл жүйенің саясында тəрбиеленіп өскен оны 1953 жылы қыркүйекте КСРО-ның бірінші хатшысы етіп тағайындады. Хрущев билік құрған 1953–1964 жылдар тарихи кезеңде Қазақстан тарихы үшін де өзіндік өзгерістер əкелді. Қазақ халқының, республика еңбекшілерінің болашағына тосын бетбұрыс жасалды. СОКП ХХ съезінде И.В.Сталиннің жеке басқа табыну идеологиясын айыптап, үзілді-кесілді тойтарыс берді. Оның алдамшы «жылымығы» Сталинмен оның жақтастары құрған жүйеге қарама-қайшы келді. Ақырында осы Хрущевтің саясаты оның биліктен кетуіне алып келген еді. Хрущев Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеттерінің бірінші хатшыларын қабылдады. Ол ең алдымен республикада бай мүмкіндіктердің нашар пайдаланылып отырғандығын, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ауыл шаруашылығы өндірісін өрге бастырудың келелі мəселелерін көтеруде ынта жоқтығын айыптады. Ол ең алдымен республикада тың жəне тыңайған жерлерді игеру, ауыл шаруашылығын онан əрі өрге бастыру жөнінде шаралар белгілеп, оларды СОКП Орталық Комитетіне тапсыруды ұстанды [2; 247–263]. Н.С.Хрущев жəне төңірегіндегілер тез арада ауыл шаруашылығының тарихта болмаған өсуін қамтамасыз ету үмітімен тың жəне тыңайған жерлерді игеру реформасын шұғыл жүзеге асыруға кірісті. Осы тың игеру кезінде жетістіктермен қатар елеулі қателіктер де жіберілді. Əуелі оның экономикалық тиімділігіне келер болсақ, тың жəне тыңайған жерлерді игеру ұзақ жылдар бойы бұрынғы Одақ ауыр халде ұстады. Тың игеруші аудандарға бұрынғы негізігі астықты аудандарға бұрынғы негізгі астықты аудандардың есебінен мол қаржы, техника, құрылыс материалдары, ауыл шаруашылық еңбеккерлері мен құрылысшылар жіберілді. Ол жеткілікті ғылыми негізсіз, шұғыл түрде жүзеге асырылды. Осы себептерге байланысты тың игерудің басты міндеті — астық өндіруді арттыру күткен нəтиже əкелмеді. Экономистердің пікірінше, тыңға кеткен қаржыны бұрынғы астық өндіруші аудандарға жұмсағанда одан əлдеқайда көп табысқа жетуге болатын еді.

Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Н.С.Хрущев ұсынған бағдарламаны талқылап, егіс көлемін төрт жылда 1954–1957 жылдары 2,5 млн гектарға көбейту мүмкін деп ұйғырды. 1954 жылғы ақпан-наурыз — СОКП ОК-нің Пленумы «Елімізде астық өндіруді одан əрі арттыру, тың жəне тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады.  Тың жерлер игерілетін аймақтарда Қазақстан, Сібір (Алтай, Краснояр өлкелерінде), Орал, Солтүстік Кавказ, Қиыр Шығыстың кейбір аудандарында жаңа тың жəне тыңайған жерлердің есебінен астықты дақылдар егістігінің көлемін кеңейту көзделді. 1954–1955 жылдары 1 млрд 200 млн пұт астық алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Көкшетау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Торғай, Павлодар облыстары таңдалған болатын. Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп əкелініп, оларға көптеген жеңілдектер жасалды: дүние-мүлкімен тегін көшірілді, əр отбасына 500–1000 сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді, 10 жылдық мерзімге үй салу үшін 10 мың сом несие берілді, оның 35 %-н мемлекет төледі. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т.б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауыл шаруашылық салығынан босатылды. 1954–1959 жылдары тың жəне тыңайған жерлерді игеруге 20 млрд сом жұмсалды. 1954–1962 жылдары республикаға 2 млн-ға жуық тың көтерушілер келді, оның ішінде механизаторлар мен партия, кеңес, ауыл шаруашылығы мамандарының саны 600 мыңнан асты. 1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн гектар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28–30 млн гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқынмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 ж. 9,4 млн гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн гектар болатын [4].

Л.И.Брежнев 1955–1956 жылдары Қазақ КСР Бірінші хатшы қызметін атқарған уақытта Қазақстанда тың жəне тыңайған жерлерді игеру науқанымен тұспа-тұс келген. Хрущев қатысып отырған үлкен кеңестердің бірінде, өте жақын арада мол астық алатыны жөнінде мəлімдеме жасаған. Л.И.Брежнев уəде бергенде мынаған анық сенді: «Қазақстанның берекелі даласын қанша жыртсаң да қой дейтін қожа, əй дейтін əже» жоқ. Яғни, көп жерді — «жаңа тың жерлерді» жыртып, уəдені қалай да болса орындауға толық мүмкіншілік бар. Алғашқы пұттың буына мастанған Одақтың жəне республиканың басшылары тағы да жаңа жерлер жыртуға құлшына кірісті. «Қанағат қарын тойғызады» деген мақал естен шықты. 18 млн гектардан алынған миллиард пұт астық та аз болып көрінді. «Алдағы уақытта біз белгілеген межеге жерді бей-берекет пайдалану жолымен емес, тың талаптарын қосымша айналымға енгізу жолымен жете аламыз», — деп масаттанды Л.И.Брежнев [3; 424–467].

Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн га жер игерілді (Одақ бойынша 41 млн га). Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты. Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан Одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті. Тың игеру жылдарында   Қазақстан   көп   ұлтты   республикаға   айналды.   Экономиканың   басқа салаларының дамуына əсер етті. Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мəдени объектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді. Жүздеген совхоздар құрылды (1954 ж. 120-дан астам), елді мекендер көбейді. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды. Ауыл шаруашылығын көтеру халықтың ел-ауқатын арттыру барлық қоғамның басты міндеті болып табылады. Кеңестік дəуірде азық-түлікке байланысты жасалған  социалистік  реформалардың барлығы бірдей жеңіске жетпегенi белгілі. Тың жерлерді игеру бүкіл кеңес елінің, оның iшіндe Казақстан өміріндегі ерекше құбылыс болды. Тың жерлерді игеруге  байланысты  басталған  үлкен icкe бүкіл ел болып жұмылғандықтан, елеулі өзгерістер болғаны шындық  еді.

Бұл үрдіске Президент Н.Ə.Назарбаев: «Қазақстан тыңының өз жұлдызды сəттері болды, бірақ ащы жеңілістер де болмай қалған жоқ. Бұл аса маңызды осы науқанды жоспарлау мен жүзеге асыру кезінде жіберілген қателіктер мен кемшіліктердің салдары. Қазақстанның баға жеткісіз жер байлығын игеру қандай да бір терең ойластырылған жоспарсыз жəне ғылыми негіздеусіз басталды», — деп тың жəне тыңайған жерлерді игерудің əділ бағасын берген болатын [5].

1954 жылы басталған республикадағы тың жерлерлерді игерудің қортындылары, оның ауыл шаруашылығында жалпы республиканың астық меселесін шешудегі алатын орнын атап көрсетсек. Еңбек қарқынының арқасында eгicтiк алқабы Қазақстанда отыз алты жарым млн гектарға дейін жетеді. Бұл бipiккен Германияның аумағынан да артық. Жұмыстың мұндай көлемі орасан зор қаржыны, тиісінше техникалық қамтамасыз етуді, мыңдаған тракторлар мен комбайндарды, автомашиналарды, басқа да ауыл шаруашылық жабдықтарды талап eттi. Бұған бүкіл ел көмектесті. Тың игерудің осындай табыстарымен қатар көлеңкелі жақтары, оңы мен солы, пайдасы мен зияны да болғаны ақиқат.

Қазақстанда агрохимиялы қызметтің, өciмдік қорғау мен ветеринарлық тиімді жүйесі, бірегей астық шаруашылығы институты құрылды. Тың игеру жылдарында республика  ipi  мал шаруашылығы базасына айналды. Eгіншіліктің дамуы, тiпті жайлым алқаптарының қысқаруына қарамастан, жем-шөп базасын нығайтуға мүмкіндік бepген еді. Тың игеру Қазақстан жерінде үлкен ауқымда жүзеге асырылып, республика өмірінe жан-жақты əcepiн тигізген. Елді астықпен қамтамасыз ету тың игеру арқылы негізінен шешілгені, тың игерудің ауыл шаруашылығының басқа салаларының жəне машина жасау, тыңайтқыш өндipy, күрделі құрылыс, тағы басқа да халық шаруашылығы салаларының дамуына ықпалын тигізгенін атап өтті. Бұл тарихи шындық. Келтірілген фaктiлep оң өзгеpicтердің кейбір түрлері болып табылады.

Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дəріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады жəне айтылуы да мүмкін болмады. Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954–1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нəтижесінде көптеген тəртіп бұзушылдықтар, қылмыстар болып тұрды. Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын  алқаптардың  көлемі тарылды. Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды. 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд пұт Қазақстан астығы уақытында жиналмай, қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті. Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы жаппай етек алды. Сырттан келушілер көп болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа айналды: 1954–1962 жылдыры 2 млн адам келді. Қазақтар республика тұрғындарының үштен бірінен де аз болды. Мысалы, 1897 жылы 85 % болса, 1962 жылы 29 % ғана болды [6]. Ауыл шаруашылық өндірісі мен халық санының өсуінен тұрғын үй салу қырқыны жəне мəдени-тұрмыстық қызмет көрсету артта қалды. Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нəтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады. Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дəстүрлері, мəдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді. Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар саны азайды. Қазақ тілінің қолдану аясы тарылды. Осының барлығы қазақ халқының бір бөлігінің өз ана тілін ұмытуына əкеп соғып, халықтың ерекшеліктері, ұлттық намысы біртіндеп жоғала берді.

Тың жерлерде бұрын болып көрмеген көлемде жерді жырту орны толмас экономикалық апаттарға алып келді. Тың игерудің алғашқы жылдарында есепсіз жыртылған жерлердің ғылыми түрде «гумус» деп атайтын, жоғарғы қабаты шаң-тозаңға айналып ұшып кетті. Осының салдарынан 8 млн астам жер құнарлығын жоғалтып, айналымнан шығып қалды. Өйткені қалыңдығы 1 см гумус қалыптасуы  үшін  аз  дегенде  2–3  ғасыр  уақыт  керек.  Жердің  есепсіз  жыртылуы,  оның   эрозияға ұшырауы мал шаруашылығына кері əсерін тигізді. Қазақстанда тың жəне тыңайған жерлердің тарих тағылымдары осындай. Бұлардан дұрыс қорытынды шығару, кезінде орын алған олқылықтарды болдырмау — бүгінгі күнгі ұрпақтың қасиетті міндеті. 50-ші жылдар жəне одан кейінгі жылдары аудан, облыс ішіндегі негізгі астық жəне мал шаруашылығы аудандары болып табылады. Сол жылдары Ертіс өзені жағалауында орналасқан шаруашылықтарда көкөніс пен картоп егісін кеңейту, сондай-ақ көкөністің ерте егілетін сорттарын өсіру үшін жылыжайлар мен көшетхана шаруашылықтарын құру жөнінде шешім қабылдады. Жаңа кеңшарларда көптеген мəдени-ағарту мекемелері салынды: мектептер, мəдениет үйлері, дəрігерлік амбулаториялар [7].

Тың игеру науқаны ой елегінен өткізілген ғылыми негізде, нақтылы бағдарлама бойынша жүргізілмеді. Соның нəтижeciндe миллиондаған гектар жер жел эрозиясына ұшырады. Тың игерудің мал шаруашылығына тигізген кepi əcepiн де мойындау қажет. Тың игеруде елімізде орын алған ауыл шаруашылығындағы қайта орналастыру жəне мамандандыру процестepi Қазақстанның солтүстік облыстарындағы, мал шаруашылығының төрт түлік малдың дамуына қолайсыз əcepiн тигізді, жайлымдардан айырылған түйе жəне жылқы шаруашылықтары ақсады. Еліміздің сол кездегі басшылығы интернационализмге басты идея ретінде ұстап, тың игерілген аудандардың ұлттық сананы жəне мүддені шын мəнінде ескерусіз қалдырды. Осы келтірілген мысалдардан тың игеруде жіберілген қателіктер мен шешімін таппаған мəселелердің баршылығы көрінеді.

Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық жағынан жабдықтау мəселесі толық шешіле қоймады, əлідe қол еңбегі басым болды. Ауыл шаруашылығы мамандары: агроном, мал дəрігepi, зоотехник, инженер-механиктер жетіспеді, сондықтан да агрономиялық, зоотехникалық ic-шаралар өз дəрежесінде жүргізілмеді. Соның салдарынан өнім өндіруге жұмсалатын шығын көп болып, рентабельдік төмендеді, еңбекті ұйымдастыру мен оған ақы төлеудің озық түрлері кең таратылмады. Алқаптарды өңдеу мен астық өндірудің қандайлық үлкен қиындықтарға түскендігі белгілі. Шаруалар өз өнімдерінің қожасы саналмады. Астықтың бағасы оның өзіндік құнынан əлдеқайда төмен болды. Eгiн орағы экономиканың мүлде басқа салаларынан орасан көп техника мен адамдарды қатыстыра отырып, қабылданған нұсқаулар мен шешімдер шаруашылығының қайтарым заңын бұзды. Сол кездің өзінде егіншілікте топырақ өңдейтін тиімді машиналар, өсімдіктердің өңгіштігіне ықпал жасайтын тыңайтқыштар жүйесі қайтадан ойластырылмады.

Астық жəне мал шаруашылығының өнімдерін өндірy жөнiндeгi өкімет қабылдаған ic- шараларды жүзеге асырудың нəтижесінде республиканың ауыл  шаруашылығының барлық салаларын өрге бастыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасады.  1950–1960-жылдары республикада колхоздарды совхоздарға айналдыру жəне жаңа мамандандырылған совхоздар құру науқаны қарқынды жүргізілді [8]. Ipi совхоздар халықты қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ету міндетін тезірек жəне толығырақ шешуге қабілетті деп есептелді. Бұл совхоздардың өндіpicтік бағыты əр түрлі болды: ет-сүт өндіретін, астық, мақта, тағы сол сияқты. Мамандандырылған ipi совхоздардың ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуда айтарлықтай үлесі болғаны шындық.

Мұның соңы, құру негізгі нəтиже бермеді, бұрынғы совхоздарда жəне олардың  негізде құрылған ipi совхоздар да халықтың aзық-түлiккe деген қажеттілігін түпкілiктi шеше алмады. Мұның үстіне осы жылдары ауыл тұрғындарының меншігіндегі көмекші шаруашылықтарды қысқарту жөніндегі өкімет саясатының жүзеге асырыла басталуы жағдайды одан əpi қиындата түсті.

Ауыл шаруашылық еңбеккерлерінің өз еңбегіне деген ынталығы шаруа қожалықтарын қорғау тағы басқа шаралар жүргізудің орнына тек жоспаршылдық саясат жүргізу жеке шаруа қожалықтарының жəне колхоздардағы еңбек өнімділігін арттыруға кедергі жасады. Демократия көpiнicтepi СОКП Орталық Комитетінің асығыс өткізген мəжiлicтepi мен пленумдары сонымен бағаланады. 1953–1964-жылдардың аралығында ауыл шаруашылығы жөнінде арнайы мəселе он бip пленумда жəне тағы екеуінде күн тəртібінe қойылды. Аталмыш материалдарды жоғарыдан да төменнен де жүргізді, оларды орындау үшін жергілікті жерлерде мыңдаған қаулылар жəне міндеттемелер қабылданды [9].

1950–1960-жылдардағы халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету өткip проблемаға айналды [10]. Шет елдерден астық жəне басқа да тамақ өнімдерін сатып алу қaжeттiлiгi туғандықтан, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді шешудің жолдары үздіксіз қарастырылды. Қиындықтардан шығу үшін агроөнеркəсіптік бipлecтіктep құру, ауыл шаруашылығын интенсивтi түрде дамыту бағытында елеулі аграрлық реформалар жүргізілді. Республикада ауыл шаруашылығының дағдарысқа душар болуының негізгі ceбeптepi ретінде мыналарды айтуға болады: Кеңес өкiметі дəуіріндe мықты орныққан əкiмшiл-əмipшiл жүйе кезеңінде жүpгiзiлгeн реформалар орасан зор қаржы талап eтетін мазмұнда ic жүзiнe асырылды; шаруашылықты басқару жүйесінде өндipicтi ұйымдастырудың эконо- микадан тыс əкімшілік тəсілі үcтeмдiк етті, экономика саласында нарықтық қатынастарға күштеп ауыл шаруашылық реформаларды өмірдің өзi талап еткенімен, оған жол берілмеді [11].

Қорыта айтқанда, соғыстан кейінгі жылдарда ауыл шаруашылық саласында ірі өзгерістер болып, колхоздар мен совхоздардың экономикасын көтеруге бағытталған шаралар жүйесін жүзеге асыруға талпыныстар жасалды. Ауыл шаруашылығы қалпына келтіріліп, бірнеше жылдарға арналған жоспарлар белгіленді. Ауыл шаруашылығы қалпына келтіру мақсатымен өндірісті мамандандыру процестері қанат жайды. Ауыл шаруашылығы секторында осындай қол жеткен жетістіктерге қарамастан, басқаруда жіберілген көптеген кемшіліктер республиканың ауыл  шаруашылық жүйесінде орын алды. Бұл, біріншіден, Қазақстандағы аграрлық саясаты ауыл шаруашылығын дұрыс басқара алмауынан, жүйелілік пен сапалылыққа көңіл бөлінбеуінен жəне мамандардың тиімді ұсыныстары ескерілмегендіктен, орын алды.

Екіншіден, ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту бағытында қажетті қаржының бөлінуі жəне оны пайдалануда дұрыс шешім қабылданбады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жүйесіне жергілікті жердің табиғи ерекшеліктерін жəне жергілікті тұрғындардың дəстүрі, салтын, ұлттық психологиясын білмейтін мамандардың, басшылардың сырттан келуі де өзіндік зиянын тигізді.

Үшіншіден, республикадағы ауыл шаруашылық саласындағы жергілікті табиғи, саяси, экономикалық жəне этникалық ерекшеліктерге жете мəн берілмеді.  Ауыл  шаруашылығын дамытудың экстенсивті бағытын ұстау оның дамуына кері əсерін тигізді.

Соғыстан кейінгi алғашқы жылдары колхоз жəне совхоз өндірісін ұйымдастыруда көптеген кемшіліктердің орын алғаны кейіннен анықталды. Мəселен, колхоз өмірінің демократиялық негізде басшылыққа алынуы тиіс ауыл шаруашылық артелінің жарғысы əміршіл-əкімшіл басқару ықпалымен бұрмаланған, колхоздарда шаруашылық басшылары сайланбаған, оларды шын мəнінде партия комитеттері тағайындаған. Осындай кемшіліктерді жою үшін нақты шаралар жүзеге асырылды, жалпы партия жəне кеңес органдары ауыл шаруашылығына басшылық ету тəсілдерін қарап, əкімшілікке салынушылыққа жол бермеуге, колхоздардың iшкі демократиясын қалпына келтіруге басты назар аударылмады. Еліміздің экономикасының дамуында тың игерудің əсеріне өзіндік баға бере отырып, оның кейбір көлеңкелі тұстарын сынап, бүгінгі уақыттың өзекті мəселесіне айналдыра отырып, болашақта еліміздің аграрлық секторында бұндай қателіктерге жол бермеуіміз қажет.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Козыбаев М.К. Казахстан на рубеже веков: размышление и поиски. — Алматы: Ғылым, 2000. — 388 с.
  2. Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты. — Алматы: Қазақ ун-ті баспасы, 1991. — 247 б.
  3. Омарбеков Т. ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мəселелері. — Алматы: Өнер, 2003. — 552 б.
  4. Омарбеков Т. 20–30-жылдарындағы Қазақстан қасіреті. — Алматы: Санат, 1997. — 424–467-б.
  5. Назарбаев Н.Ə. Біз пайда болған проблемаларды дербес шешеміз жəне тыңға жаңа тыныс тіршілік береміз // Егеменді Қазақстан. — 1994. — 6 ақп. — 2-б.
  6. Крайская З.В., Челлини Э.В. Архивоведение. — М.: Изд-во НОРМА, 1996. — 224 с.
  7. Нұрпейісов К., Əбжанов Х. 51-жылдың ызғарлы күзі // Қазақстан коммунисі. — 1991. — № 3. — 52-б.
  8. Народное движение за освоение целинных земель в Казахстане. — М., 1959. — С.
  9. Расцвет земли казахстанской: Книга-репортаж о развитии сельского хозяйства Казахстана. — Алма-Ата: Қайнар, — С. 23.
  10. Василенко В.Н. Целинный потенциал. — Алма-Ата: Кайнар, 1983. — С.
  11. Сорок лет целины: К 40-летию освоения целинных и залежных земель в Казахстане: Кр. стат. сб. / Госкомитет РК по статистике и анализу. — Алматы: Казинформцентр, 1994. — С. 62–63.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.