Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мұстафа Шоқайдың ғалым-публицист ретіндегі қасиеттері жəне шоқайтанудың бүгінгі жағдайы

Кіріспе

Шоқайдың тарихи-публицистикалық еңбектері батыс тарихнамасында қоғамдық екі жүйенің қырғи-қабақ соғыс жолына түсе бастаған жағдайында аса маңызды туындылардың қатарында болды. Өзінің жарияланымдарында ол КСРО-дағы ұлттық саясатты аяусыз сынға алды. Сондықтан КСРО-да олар идеологиялық сынға ұшырады.

Шоқай Еуропада халықаралық саясат пен кеңестік Орта Азия мен Қазақстандағы  ішкі жағдайдың өзекті мəселелері жөнінде баяндамалар жасап, мақалалар жариялады. Кітаптар шығарды. Көптеген эмиграциялық басылымдарда еңбектері жарық көрді.

Əріптестерінің айтуынша, Мұстафаның сөздері терең ғылыми талдауларымен жəне философиялық пайымдауларымен, өзгеше ой-түйіндерімен, кейде таңқаларлық қорытындыларымен еуропалық қоғамдастықтың жəне орыс эмигранттарының арасында үлкен беделге ие болды.

Шоқайдың шығармашылық ізденістері, тарихи-публицистикалық еңбектері

Көп саяси тұлғалар, белгілі ғалымдар мен сарапшылардың М.Шоқайұлын Кемаль Ататүрік, Джавахарлал Неру секілді қайраткерлер қатарына қоюында ешбір асыра бағалаушылық жоқ. Мұстафаның қайраткерлік, ұйымдастырушылық қызметі халықаралық сарапшы, көсемсөз майталманы, тарихшы-ғалым ретіндегі қырларымен астасып жатады. Əлемдік өркениет жетістіктерінен нəр алып, оның бітім-болмысына қайнап біткен бұл қасиеттерін бірін-бірінен айырып алып, өз алдына жеке қарау қиынға соғады. Тереңдік пен жан-жақтылық секілді өлшемдер өзара үйлесім тапқан ғалымдық талантының арқасында Мұстафаның шығармашылық ізденістері сан алуан қайнар бұлақтардан бастау алып бір арнаға — өмірлік мұратына айналған «тəуелсіздік идеясы» атты мұхитқа барып құяды [1].

М.Шоқай жеті-сегіз тілді еркін меңгергендіктен, Еуропаның біраз қалаларында баяндамалар жасайды. Көрнекті саяси тұлға, ғұлама ғалым ретінде Ұлыбританияға, Польшаға, тағы басқа елдерге Түркістандағы, Шығыс Түркістан мен Ауғанстандағы жағдай туралы баяндама жасауға шақыртылады. Құжаттарында қазақ қайраткерінің дипломаттық қырын сипаттайтын соны мағлұматтар баршылық. Мұстафаның 1933 жылдың наурыз айында жазысқан хаттарында Ұлыбританияға баратын сапары төңірегіндегі мəселелер көтеріледі. Лондонда ол Корольдік Орталық Азия қоғамында «Түркістандағы Кеңестер саясаты», Корольдік Халықаралық қатынастар институтында «КСРО жəне Шығыс Түркістан» деген тақырыптарда баяндамалар жасайды. Əлемге танымал ағылшын ғалымдары мен қоғам қайраткерлері мазмұнды сұхбаты үшін М.Шоқайға алғыс айтады. Ағылшын қайраткері Аллен түскі асқа шақырады. Мұндай жоғары құрмет кез келген тұлғаға көрсетіле бермейтін.

Сол уақыттағы АҚШ-тан бастап Батыс Еуропа елдерінің басты басылымдарында Мұстафаның еңбектері жарық көрді. Шоқайдың мақалалары орыс, түрік, француз жəне ағылшын тілдерінде əр түрлі газет-журналдарда жарияланды. Ол орыс тіліндегі шығармаларын босқын орыс лидерлері Керенскийдің «Діни» газеті мен Милюковтың «Последние новости»  газеттерінде жариялады. Француз тіліндегі мақалаларының басым көпшілігі «Прометей» журналында, содан кейін «Ориен е Оксидан» журналында жарық көріп тұрды. Ағылшын тіліндегі мақалалары болса, «Азиятик Ревью» («Эйшатик Ревю») секілді журналдарда орын алды.

Мысалы,  1928  жылы  ағылшындар  М.Шоқайдың  «Эйшатик  Ревю»  журналында  жарияланған «Түркістандағы басмашылық қозғалысы» деген мақаласымен танысады. Журнал редакциясының мақалаға берген кіріспе сөзінде: «Батыс Еуропадағы бұрынғы орыс империясы мұсылмандарының Кеңес Одағына қарсы ұзақ уақыт бойғы күресіне байланысты маңызды проблема жөнінде ақпарат аз; қазір біз М.Шоқайдың Түркістандағы басмашылар қозғалысы туралы жұмысын жариялауға бақыттымыз. Ол 1917 жылы карашада Түркістан мұсылмаңдарының Төртінші съезінде автономды Түркістанның Уақытша үкіметінің Президенті болып сайланған, сол себепті тақырыпты жақсы біледі», — делінген [2].

Алаш қозғалысының бастапқы баспасөз органы «Қазақ» газеті болса, коммунистер оны жауып тастаған соң, екінші органы «Яш (Жас) Түркістан» болды. Бұл басылымның алдына қойған міндетін Мұстафа «Біздің жол» деген мақаласында былайша сипаттады: «Егер біз халқымыздың ұлттық тəуелсіздігі жолындағы талаптарының мəн-мағынасын бұзбай, күшін əлсіретпей, «Жас Түркістан» беттерінде көтере алсақ, онда бəріміз үшін қасиетті жəне аса ауыр жауапкершілік  артқан міндеттердің бір бөлігін өтеген болар едік.

Бұл жаңа бастаған ісімізге тікелей көрсетілетін көмек жоқ дерлік. Алайда біз отанымыздың ұлттық теңдікке ұмтылысынан, жерлестеріміздің рухани көмектерінен нəр аламыз. Соңдықтан да біз барлық ауыртпалықтарға қарамастан, осы басылымды шығаруға бел байладық.

Көлемі жағынан шағын болғанымен, «Жас Түркістан» өз мойнына азаттық пен тəуелсіздік туын көтерудегі аса зор міндеттерді алып отыр» [3].

«Жас Түркістан» («Яш Түркістан») журналында М.Шоқай əр тарапты маңызды мəселелерді қозғайтын мақалаларды жариялап отырды. Қайраткердің мұрағаттағы мақалаларында Ресей үкіметінің отарлау саясаты, қоныстандыру барысы, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі, 1917 жылғы Ақпан жəне Қазан төңкерісі, Алаш козғалысы, Түркістан мұхтарияты, басмашылар қозғалысы, Кеңес үкіметінің саясаты, ұлт мəселесі, ашаршылық жəне т.б. көкейкесті мəселелер қозғалды. Оларды тақырып жағынан былайша саралауға болады [4]:

  • жер-су, шаруашылыққа байланысты;
  • ұлт мəселесіне байланысты;
  • большевиктік іс-əрекеттер туралы;
  • өзге ел, мемлекеттер жайлы;
  • жекелеген адамдар, қайраткерлер жөнінде;
  • халықаралық жағдай туралы.

Осы басылымның беттерінде саяси күрестің от-жалынында шыныққан, өмір жолында сан түрлі, сан мінезді саяси қайраткерлермен жолығып, кейде олардың кейбіреулерімен айтысқа да түскен Мұстафа Шоқайдың саяси тұлғалар туралы айтқан ойлары өте маңызды. Мысалы, белгілі «1936 жыл» деген шығармасында ол: «Жалпы ұлттың мүддесін жеке қожалықтар мен жеке топтардың мүддесінен жоғары қоя білген, өзінің белгілі бір түзімге белгілі бір себептермен қалыптасқан қатынасын, оған тəуелділігін жалпы ұлт мүддесі тұрғысына сəйкес, ұлттың жалпы жағдайына үйлесетін түзім жолында құрбан ете білген адамдар ғана нағыз ұлттық патриот жəне ұлтқа пайдалы кызметші бола алады» [5], — деп, өз ойын түйіндейді.

Оның пайымдауынша, саяси тұлғаға аса қажет қасиет — үміт, сенім, иман тəрізді рухани- моральдық факторлармен бірге ғылыми-техникалық білімнің өзара тығыз бірлігі. Жеңіске жету үшін осы аталған қасиеттермен қатар білім қуаты қажет. Осыларды игеріп қана ұлт азаттығы жолында жұдырықтай жұмылуға болады. Сол сияқты «Біз саяси қайраткерлерді оның ұрандарына қарап емес, іс-қимылдарына қарап бағалаймыз» деген өз сөзіне ұлы күрескердің сонау лицейдегі оқушы жəне Петербордағы студенттік кездері, одан кейінгі саналы да сан салалы, қиын да күрделі күрескерлік жолы, кейін жат жерде де қайғы мен қасіретті аз тартпаған, алайда бір сəт толастамаған арпалысқа толы жалынды өмірі бұған бұлтартпас дəлел [6].

Мұстафа Шоқайұлының публицистік қызметі уақыт қойып отырған проблеманы сезіп,  біліп, оны дəл кезінде көтере білудің шебер үлгісі. Күн тəртібіндегі мəселелерді Мұстафа Шоқайұлы баспасөз бетінде көтеруі, ол мəселелердің төңірегінде қоғамдық пікір туғызып, оған қалың бұқараның назарын аудару жөнінде «Түркістан лениншілдеріне жауап» деген мақаласы дəйекті дəлел бола алады: «Ресейдің жəне орыстардың «Түркістандағы революциялық басшылығын» мойындау нəтижесінде атамекенімізде көз қарықтыратын сұмдықтар көбеюде.

Төменде біз солардың бірнешеуін көрсетіп өтеміз:

  1. Кеңес өкіметі 1925 жылы Лениннің қайтыс болуына бір жыл толғанын еске түсіру рəсімі кезінде Ташкенттегі өзбектерді тізе бүгіп аза тұтуға мəжбүр етті. Бұрын-соңды отаршылдық тарихында болып көрмеген орыстардың осы озбырлығына қарсы бірдеңе айтуға Түркістандағы бірде-бір лениншілдің батылы жетпеді...
  1. Большевиктер Сергиополь (Аягөз), Павлодарда (Кереку) қырғыншылық жүргізді. Түркістан- Сібір темір жолы бойында бірнеше жерде түркістандық жұмысшыларды сойылға жықты.
  • Кеңестердің құрылтайлары мен партия комитеттерінің конференциялары сайын ұлы орыс державалығы ашықтан-ашық дəріптелуде» [7].

Өзінің публицистикалық еңбектерінде Мұстафа большевиктердің өрескел де ерсі іс-қимылдарын əшкерелейді. Коммунистердің Лениннің пайғамбарлығы туралы өздерінің надандықтарының салдарынан айқайлап жүргендіктерін сынайды, келемеж етеді. Əрине, күйзеледі де: «Шығыс халықтарының «азаттығы» үшін жаны ашығансып келген жəне қазір де жаны ашығансып отырған большевиктер біздің əлсіздігімізді пайдаланып, біраз істерді тындырды. Патшалық Ресейден бөлініп өз алдымен тəуелсіз өмір сүрмек болған Түркістан сынды өлкелерді жылдар бойғы қанды соғыстар арқылы қайтадан Мəскеуге тəуелді етіп, ұлы орыс үстемдігін орнатты. Біздер үшін ең қайғылы осы оқиғаларды большевиктер «орыс емес халықтардың азаттығы», «шығыс камқоры» — орыс   ұлтының «адамгершілік міндетін» өтеуі, пайғамбар Лениннің бодан халықтарға істеген «шапағаты» деп атайды. Мəскеу жарапазаншылары он жылдан бері жарыса жақ жаппай осы туралы айтуда. Мектептерде, клубтарда, кинотеатрларда жəне қызыл алаңдарда тек осылар хақында бар дауыспен жар салуда. Кеңестің барлық баспасөзі мен кітаптары он жылдан бері осы «қызыл ақиқатты» халыққа түсіндіріп əлекке түсуде. Осыншама əуреге түссе де мақсаттарына жете алмаған қызыл империалистер орыстың мұндай «адамгершілік міндет өтеуін» қабылдамаған жəне ұлы көсем Ленин атқарған қызметтердің «шапағатын» түсіне алмаған, өз «азаттығын» көре білмеген біз, түркістандықтардың, татар бауырларымыздың, сондай-ақ украин мен грузин қатарлы тағдырластарымыздың мисыз бастарын коммунистің «балғасымен» жаншып, «орағымен» орып тастап отыр [8] («Орыс тепкісіндегі Түркістанның ұлттық қозғалыстарынан. Жеңілмес ұлтшылдық» атты шығармасы).

М.Шоқайдың еңбектерінде неғұрлым жүйелі, дəйекті көтерілген тақырыптың бірі — большевизмнің Түркістанға салған сойқаны мен зорлығының зардабын сынау. «Түркістанда мақта төңірегіндегі күрес» деген мақаласында ол Кеңес үкіметінің Орта Азияны мақта өсіретін аймаққа айналдыру саясатының себебі мен жергілікті халыққа бұдан келетін қиындықтың  түрлерін баяндайды: «Астық өндіруді азайту арқылы Кеңес үкіметі Түркістан тұрғындарын өте қиын жағдайға душар етеді. Ресейдің Түркістанда мақта шаруашылығын дамытуға «ең арзан, ең тиімді» болып отырған бұл жоспары біздің атамекеніміз халқына үрейлі апат төндіргелі отыр. Енді Түркістанның шеттен əкелінетін астыққа деген тəуелділігі жыл сайын арта беретін болады....Уақыт озған сайын Түркістанның өз астығы азая береді де, ол ең соңында Ресейге біржола тəуелді күйге түседі. Оның тек шикізат өндіріп беріп қана отыратын отарына айналады» [9].

Мұстафаның қаламынан коммунистердің қоршаған ортаға жасаған қиянаттық əрекеттері тыс қалмаған. «Туркестан под властью Советов» атты шығармасында ол: «...О советском строительстве в Средней Азии я имею материалы, по своей чудовищности далеко оставляющие за собою материалы по ныне разбирающемуся Шахтинскому делу. Я имею в виду дело о ВОДНЫХ УПРАВЛЕНИЯХ СРЕДНЕЙ АЗИИ. Составлялись фантастические миллиардные (3 миллиарда 600 млн рублей!) проекты опереточного строительства, как орошение знаменитых Кара-Кумских песков; мечтали опреснить Гасан-Кулийский залив Каспийского моря. А рядом посеянная пшеница и  хлопок погибали от безводья! Проекты эти нужны были только для личного обогащения советских правителей... Как они работали по орошению Туркестана, достаточно назвать только одну цифру: затратив 8 миллионов рублей, г. г. большевистские инженеры оросили всего-навсего 20 (двадцать) гектаров земли!.. А сколько миллионов пущено на ветер!» [10], — деп толғанады.

Өз еңбектерінде Шоқайұлы Түркияда іске асқан Кемал Ататүрік реформаларына аса мұқияттылықпен зейін аударады. Ондағы мақсаты, жаңа Түркияның озық тəжірибесін болашақта кеңестік Түркістанның қайта жаңғыру ісіне пайдалану, қажетіне жарату қамы еді. Осы ұстанымда болған М.Шоқай 1939 жылы «Ататүріктің реформалары» атты мақаласында: «...Ұлтты құтқару күресі сыртқы жауды жеңіп, туған жерін азат етумен ғана шектелмейді. Ұлтты көтеру көбіне-көп ішкі реформаларға байланысты болатын да, реформаның қарқыны ұлттың бойындағы дерт-дербездің қандайлығына тəуелді еді. Мемлекетті қасіретке душар еткен дерт-дербезден құтқаруға бекем бел байлаған адам кез келген кедергіні жеңуі, алға қойған мақсатқа қарай батыл қадамдар жасауға тиіс. Ұлт үшін азаттық пен тəуелсіздіктен артық тағы қандай қасиетті нəрсе болмақ?» [11], — деп жазды.

Ататүрік реформаларының сəтті жүруін жəне нəтижелі аяқталуын немен байланыстыруға болады? Ататүрік реформалары əлемдік қауымдастық мойындағанындай, Түркияның «қадір- қасиетінің даңқын қайта көтерді. Ататүрік бастап, ұлттың отаншыл саяси тобы жəне озық ойлы түрік зиялыларының қолдауына сүйенген бұл реформаның жемісті аяқталуы ең алдымен «көзге көріне бермейтін, əдет-ғұрып, салт-сана, ұғым мен танымға орнығып калған» «жауды» жеңе алуында еді. Басқаша айтқанда, «кемшіліктерін, жаман, жат қылықтарын» көре алған жəне олардан саналы түрде бас тарта білген ұлт қана жаңа сапаға көтеріле алады.

М.Шоқай дəл атап көрсеткеніндей, Ататүрік реформаларының сəтті аяқталуы  Батыс өркениетінің озық үлгілерінің жергілікті жағдайға үйлесімді қолданыс табуында еді. Осы батыс білімін» «шығыс рухымен» ұштастыру үстіндегі Түркия тəжірибесі біз үшін аса құнды [12].

Туған елінен жырақта болған Мұстафа Шоқай ел еркіндігін аңсады. Ол ұлт тағдырын, оның келешегін жастармен, олардың білім танымымен байланыстырды. Жастарға үлкен үміт артқан Шоқайұлы өз журналында атақты ақындардың əдеби мұраларын жариялап, жастардың жүрегіне ұлттық құндылықтар тəлімін сіңіруге тырысты. «Түркістан ақындарынан» атты мақаласында: «Біз «Яш Түркістан» беттерінде Түркістан ақындарының кейбір үлгілі шығармаларын жариялап тұратын боламыз. Осы алғашқы санда қазақтың атақты ақыны Мағжан Жұмабайұлының «Түркістан» атты өлеңі мен өзбектің атақты ақыны Шолпанның «Жапырақтар» атты өлеңдерін басып отырмыз.

Мағжанның бұл өлеңі 1923-ші жылы Ташкентте «Түркістан мемлекеттік баспасы» басып шығарған «Мағжан Жұмабайұлының өлеңдері» кітабына енген. «Түркістан» — атамекеніміздің түкпір-түкпірінде жастарымыздың жадында жатталып, аузынан түспей айтылып келе жатқан дұғадай қасиетті өлең» [13], — деп атап, оның толық мəтінін берді. Сөйтіп, «кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиялды» Тұранның ерлеріндей болуға шақырды.

Сонымен, Мұстафа Шоқайдың ақиқат құжаттарға, айқын фактілерге сүйене отырып, философиялық əуенмен, мəнерлі тілмен көркемделген, публицистік формаға сай баяндалған шығармаларының болмысы, міне, осындай. Бірақ, өкінішке орай, XX ғасырдың алғашқы жартысында саяси оқиғаларға байланысты шетелге кетуге мəжбүр болған қазақ қайраткерінің шығармашылық мұрасы оның эмиграцияда болған елдерінде (Франция, Германия, Грузия, Əзербайжан, Түркия т.б.) қалып, бір бөлігі жойылып, бір бөлігі ғана бүгінге жеткені белгілі.

Шоқайдың көпке белгісіз жеке қолжазбаларының табылып елге оралуы

Осы уақытқа дейін де ұлтқа қатысты мəдени мұраларымызды əлемнің əр қиырынан жинап жүрген азаматтар мен ғалымдардың арқасында Мұстафа Шоқайдың шығармашылық мұрағаттарының көшірмелері атажұртқа там-тұмдап болса да оралып жатқаны аян.

Мəселен, соңғы кезде түркі мəдениетін дамытуға, түркі халықтарының бірлігін нығайтуға қатысты ірі жобаларды жүзеге асырған «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымы жуырда Түркиядан табылған М.Шоқайұлының түпнұсқа қолжазбаларын Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатына табыстады.

Табылған құжаттардың жалпы саны 100, олар 340 бет материалды құрайды. Бұлардың негізгі бөлігі Мұстафа Шоқайдың эмиграциядағы украин, грузин, əзербайжан, осетин, т.б. халықтардың ірі саяси қайраткерлерімен жазысқан хаттарының тұпнұсқасы. Хаттардың жалпы саны — 84, бет саны — 188.

Сондай-ақ құнды жəдігерлердің қатарында оның алты төл мақаласының тұпнұсқасы да табылды. Бұларға қосымша эмиграциядағы бөгде авторлар жазған 3 мақала, бір роман жəне Мұстафаға Түркістан ұлттық орталығы атынан 1940 жылы Стамбулда берілген өкілеттік куəлік, тағы басқа кұжаттар бар. Ең маңыздысы — бұлардың бəрі тұпнұсқа құжаттар, көпшілігі бұрын-соңды қазақ ғылымында айналыста болмаған мұралар [14].

Асыл арысымыз өзі елге орала алмаса да, көзіндей болып 70 жылдан соң қомақты мұрасының туған еліне оралуы айтарлықтай аса маңызды оқиға.

Шоқайұлының өліміне байланысты түрлі пікірлер

Өмірінің соңғы кезеңінде Мұстафа тынымсыз еңбек үстінде болады. АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия, Польша, Румыния, Жапония, Қытай, Мысыр, Ауғанстан, Голландия, Түркия, т.б. елдерден түсіп жатқан хаттарға жауап беру, «Түркістан ұлттық бірлігін», «Яш Түркістан» журналын басқару, мақала жазу, зерттеулер жүргізу, ғылыми конференцияларда баяндамалар жасау, Германияға оқуға келген түркістандық жастарды қамқорлау секілді сан-салалы қызметін саяси топтар мен ұйымдардың жетекшілерімен, қоғам кайраткерлерімен кездесу, олармен пікір алысумен, Түркістан ұлт- азаттық қозғалысының мақсат-мүддесін түсіндірумен ұштастыра жүргізеді.

Шоқайұлының ауыртпалығы да, азабы да мол қысқа ғұмырында өзі дүниеден өтер-өткенінше аузынан тастамай кеткен мұңлы да нұрлы сағаттар, сəттер ұшырасатын. Мұндай сəттің бірі оның қазақтың ұлы əншісі Əміре Қашаубаевпен кездесуі еді. Алғашқы рет олар адал достардың көмегімен жеті қараңғы түнде Мұстафаның пəтерінде кездескен еді. Мұстафа Əміре даусына тəнті болды, ол тыңдаған жоқ, елтіді. Əміре даусының əр иірімін, əр сөзін, тоят алмай, жұта берді. Бұл оның туған жерге деген сағынышы жан-жүрегін қатты сыздатқан сəттер еді. Əмірені тыңдап, ол алпыс екі тамыры иіп, сайын сахарасын, оның жұпар иісін, жазира жазық, шалқар көлін жан-тəнімен сезініп, шерін тарқатты... Мұстафа дүниеде Əміре даусынан асқан əсем де күшті дауыс болған емес деп санайды. Əміренің 1925 жылы Париждегі Бүкілдүниежүзілік əшекейлік өнер көрмесінде əн салуы Еуропаның музыка əлемін дүр сілкіндірген тосын оқиға болды.

Тағдыр Мұстафа Шоқайға 1927 жылы Майндағы Франкфуртта тағы да ілтипат білдіріп, Бүкілдүниежүзілік музыка көрмесінде əн салған Əміремен жүздестіреді. Мұнда алдын ала келген Мұстафа мейманханадан нөмір жалдап, Əміремен екеуі сонда жолығады... Əмірені қауіп-қатерден қорғаштаған Мұстафа Шоқай осы кездесулер құпиясын сездірмей дүниеден өтті.

Мұстафаның қазасына қатысты деректерді салыстырып, елеп-екшей келгенде, оны өздерімен қызметтес болудан бас тартқаны үшін нацистер өз қолымен өлтірді деген бір ғана пікірге тірелесің [15]. 1941 жылы шілдеде Парижде тұрып жатқан М.Шоқайды немістер ұстап алып, өз мақсаттарына пайдаланбақ ниетпен Берлинге əкеледі. Мұнда оған радио арқылы түркістандықтарға үн қату ұсынылады. Мұстафа немістердің қолшоқпары ретінде радиодан сөйлеуге бас тартады. Бірақ отандастарымен кездестіруді сұрайды. Ол 1941 жылдың тамыз айынан қарашаның басына дейін бірнеше лагерьлерде ондаған мың түркістандықтармен жүздеседі. Осы жөнінде бұрынғы Грузияның Сыртқы істер министрі А.Чхениели былай деп жазады: «Он лично знал всех корреспондентов и ловко пользовался    своей        карточкой-правом присутствовать      на                       всех     и                              официальных,    и     частных собеседованиях  с  выдающимися  политическими  деятелями  всего  мира.  Он  превзошел  все    мои ожидания. Из степного азнаури стал настоящим народнонациональным вождем.

Он был очень спокоен и ровен, но сердце у него было горячее, всегда шло на встречу и на помощь своим близким, не задумываясь о своей личной безопасности. Во время Советско- Германской войны в одном из лагерей военнопленных он своей храбростью спас от расстрела нескольких десятков молодых грузин, принятых немцами за евреев и осужденных на расстрел» [16].

Концлагерьлердегі тұтқындардың адам төзгісіз ауыр халін көріп келгеннен кейін: «Гитлер мен Сталиннің кемшілігі көп, олар шын мəнінде залымдар. Мен бұлардың қайсысы күштірек екен деп ойлаймын. Шындығында олардың саясат пен зұлымдықта дəрежелері бірдей» [18; 480], — деп жазды ол.

Соның   артынша,   яғни   1941   жылдың   27   желтоқсанында,   Мұстафа   Шоқай     «Виктория» ауруханасында əлі күнге дейін сыры ашылмаған жұмбақ жағдайда қайтыс болды.

Бұл жөніндегі ресми анықтамада «сүзектен кайтыс болды» деп көрсетілді. Бірақ жары Мария Шоқай Мұстафаның сүзекпен Түркістанда жүргенде ауырғандығын жəне оған қарсы иммунитеті болуы тиістігін өз естеліктерінде жазды. Сөйтіп, Алаштың аяулы азаматының қандай жағдайда, не себепті дүниеден өткендігі күні бүгінге дейін жұмбақ күйінде қалып отыр.

Жалпы, Мұстафаның өліміне байланысты түрлі пікірлер бар. Кейбір авторлардың айтуына қарағанда, оның өліміне неміс үкіметінің Шығыс министрі Розенбергтің қатысы бар дейді. Енді біреулер Шоқайдың өлімін НКВД органдарынан көреді. Соңғы болжам бойынша, ол тұтқынға түскен түркістандықтардың шегіп жатқан азабына шыдай алмай өзін-өзі өлім жазасына кескен сияқты. Бірақ бұл болжамдардың қай-қайсысы болса да деректі құжаттармен бекітілмеген.

Мұстафа Шоқай денесі Берлиндегі мұсылман бейітінен мəңгілік орын тапты.

Тарих ғылымының Шоқайұлы жөнінде ғылыми зерттеулер мен танымдық еңбектермен толығуы

Ұлы тарихи тұлға, ойшыл-демократ М.Шоқайдың бай мұрасы бір ғана Қазақстанда емес, Өзбекстан, Түркіменстан, Ресей, Грузия, Əзербайжан секілді көршілес елдермен қатар Франция, Германия, Түркия, тіпті Америка Құрама Штаттарында шашылып жатыр. Оларды жинау мен жүйелеудің талай уақытты жəне қаржыны талап ететіні белгілі. Сонымен қатар сол рухани мұраны зерттеу үшін де сол елдердің тілдерін, атап айтқанда, француз, ағылшын, түрік, неміс тілдерін де жете білу қажет. Міне, осы жағдайлар шоқайтанудың əліге дейін неліктен əлеуметтік-мəдени ортаға толықтай шықпай отырғанын аңғартса керек. Кейде осы күңгірттікті пайдаланып, Шоқайдың ұлттық тəуелсіздік жолындағы жүйелі күресіне күдіктене қараушылар да қылаң беріп жатады [17; 6].

Қазір Парижде Мұстафа Шоқайдың саяси мұрағаты бар. Оның жеке мұрағатын «Жаңа Сорбонна Париж III» университеті жанындағы университетаралық Шығыс тілдері жəне өркениеті институтының кітапханасына жары Мария Яковлевна Горина 1953 жылы өткізген. Бүгін Шоқайұылының мұрасына қатысты көптеген зерттеулер сол Мария Яковлевна тапсырған құжаттардан алынып отыр.

Мұстафаның өмірлік жары М.Горинаның күстенбес сезім, күлдіремес үмітіне арнап қандай ескерткіш соқсаң да артық емес деп ойлаймыз. Ғазиз жан, аяулы жар эмиграцияда күнкөріс қамымен қандай тауқыметті болсын көтере білген. Парижде бай-бағландарға арнайы тамақ жасап, Берлин көшелерінде бəліш сатып қарын алдар тиын-тебен тапқан.

Ол кісінің тағы бір ерлігі — М.Шоқайды тануға қосқан үлесі. Күйеуі жайлы жазып қалдырған «Менің Мұстафам» [18] деп аталатын естелік кітабының бүгінгі ұрпақ үшін орны тіпті өзгеше десек те болады. Бүкіл өмірін жат елде, жоқшылықтың қыспағында, елі мен халқының тəуелсіздігі жолындағы саяси күресте өткерген Мұстафа Шоқайдың тұлғасын танып-білуде осы жазбаның айтары аз емес.

Парижде Шоқайұлының жеке мұрағаттық қор құрылғанымен ол көп жылдар бойы зерттеушілерге белгісіз болып келген. Мұрағат қоры жөнінде алғашқы мағлұмат кезінде «Яш Түркістан» журналының жауапты хатшысы қызметін атқарған, М.Шоқайдың ең жақын серіктерінің бірі   Əбдуақап   Оқтайдың   «Милли   Түркістан»   деген   эмигранттық   журналында   жарық  көрген «Мұстафа Шоқайдың мұрағаты мен кітаптары» деген мақаласында берілген. Ширек ғасырдан кейін ғана осы мақаланы ұшырастырған Нью-Орлеан университетінің (АҚШ) профессоры Э.Лаззерини М.Шоқайдың мұрағаттық қорын толық жүйелеп, ондағы құнды құжаттар мен деректердің ғылыми айналымға  қосылуына  жағдай  жасаған.  Бұл  жөнінде  ғалым  Францияның  белгілі  бір журналында «Мұстафа Шоқай бейдің мұрағаты» деген мақала жариялаған. М.Шоқай жеке мұрағатын Түркістанда жүргеннің өзінде жинай бастаған. Шетелге кетерде алып шыққан шағын кітапханасында Василий Радловтың кітаптары да болған. Олар кейін Анкара қаласындағы Ұлттық кітапханаға тапсырылған [19].

Еліміздің əйгілі кəсіби саяси элитасының бірі болып табылатын Мұстафа Шоқай туралы тарихи жəне ғылыми-теориялық зерттеулер Қазақстанның тəуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана басталды. Əу   баста   Мұстафа   еңбектерінен   үзіні   газет-журналдарда   көрініс   тапты.   Кейін      оның «Түркістанның қилы тағдыры» (1992), «Туркестан под властью Советов» (1993), ал XXI ғасыр қарсаңында екі томдық таңдамалы еңбектері (1999) жарық көрді. Сонымен қатар оның өміріне, қызметіне байланысты Алматы, Қызылорда жəне басқа шаһарларда ғылыми-тəжірибелік конференциялар, басқа да əр түрлі игі шаралар өткізілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында көптеген авторлардың зерттеу мақалалары жүйелі түрде жариялана бастады. Мұның соңы  Əмірхан Бəкіровтың, Бақыт Садықованың жəне басқа шоқайтанушылардың сараптап жазған зерттеу кітаптарына ұласты.

2001 жылы еліміз егемендігінің он жылдығы тойланып жатқан күндері бүкіл түркі əлеміне мəшһүр қайраткердің алты мың парақтан астам мұрағаттық қоры Франциядан өз Отанына оралды... Бірақ, əрине, түпнұсқалары емес, көшірмелері. Онда да мемлекетаралық мəмле, келіссөздер арқылы ғана қол жеткізілген дүние.

М.Шоқай туралы бізге беймəлім көптеген шындықтардың бетін ашқан — туркиялық қандасымыз Əбдуақап Қараның ұзақ жылдық «Түркістан жалыны. Мұстафа Шоқайдың өмірі мен күресі» деген көлемді еңбегі. 2002 жылы Стамбулда түрік тілінде жарық көрген бұл кітап, Шоқайдың сонау Петербургтағы студенттік кезінен бастап өмірінің ақырына дейін еліне жасаған сан алуан қоғамдық-саяси қызметтерін құнды деректер негізінде баяндаған. Шоқай туралы зерттеулердің алғашқысы болған бұл еңбекте Шоқайдың Қазақстанда «халық жауынан» халық батыры болып аталуына дейінгі қандай күрделі де қайшылықты процестің жүргенін де анықтаған. Тек қазақтың емес, бүкіл түркі əлемінің ұлы тұлғасы жəне ойшылы деп есептелген Шоқайды осылайша зерттеген кітапты Түркия Жазушылар одағы 2002 жылы өмірбаян саласындағы бірінші жүлдеге лайықты деп тапқан [17; 6].

Соңғы жылдары ұлы тұлғаның өмірі мен қызметі жөнінде жарық көріп жатқан басылым біраз.

Бірақ солардың ішінде нақтылы деректерге сүйеніп жазылған ойлы еңбектер саусақпен санарлық.

Солардың бірі — Д.Қыдырəлиевтің 2007 жылы «Фолиант» баспасынан жарық көрген «Мұстафа Шоқай» деген зерттеуі. Автор 1998 жылы Эгей университетінде профессор Исмаил Аканың жетекшілігімен «Мұстафа Шоқай. Өмірі, қызметі жəне дүниетанымы» деген тақырып бойынша диссертация қорғап, 2001 жылы оның негізінде монография жариялаған. Сондықтан ғалымның толыққанды еңбегі əбден иі қанған зерттеу болып шыққан. Бұл шоқайтануға қосылған елеулі үлес [20; 9].

Кітаптың алғашқы тарауларында жан-жақты суреттелген Мұстафа Шоқайдың Түркістандағы азаттық қүресі Кеңес үкіметіне қарсы Еуропада жүргізген күреске ұласады. Автор «Үш бағытта өрбіген майдан» деп аталған бөлімде шетелдерде басылған, қазақ оқырманына əлі жетпеген тың деректерге сүйене отырып, большевиктер үкімет басына келгеннен кейінгі Түркістандағы ұлт- азаттық қозғалысына, Мұстафа Шоқайдың жəне басқа саяси қайраткерлердің іс-əрекетіне талдау жасаған. Осы бөлімдегі автордың ойларынан Қазақстан жəне Орта Азиядағы ұлт-азаттық қозғалысының кеңестік кезеңін зерттеудің жаңа нысандарын байқаймыз.

Кітапта Қазақстанда мүлде зерттелмеген тақырып — Еуропадағы эмигранттардың іс-əрекетін бір орталыққа шоғырландырған «Прометей» ұйымының кызметіне талдау жасалған. Автордың бұл ұйымның   Польша   үкіметінің   көмегіне   сүйену   себебін   Польшаның   «Ресейдің   отар елдерімен тағдырлас болуымен» жəне эмигранттардың «терезесі тең дəрежеде қатынасатын одақтас іздеуімен» түсіндіруі де орынды. Осы зерттеудің тағы бір айрықша назар аударатын жетістігі — Шоқайдың шетелдегі саяси кызметі мен ұстанымының қазақ елінің ішіндегі ұлттық қайраткерлердің тоталитарлық жүйеге қарсы күресімен сабақтас екендігі туралы идея.

2008 жылы Алматыдағы «Дайк-Пресс» баспасынан белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан тарихы шетелдік тарихнамасын зерттеудің негізін қалаушы,  шоқайтанушы Көшім Лекерұлы Есмағамбетовтың «Əлем таныған тұлға (М.Шоқайдың дүниетанымы жəне кайраткерлік болмысы)» атты еңбегі жарық көрді.

Зерттеуші   «М.ІІІоқай   дүниетанымының   қалыптасуы»,   «Бостандық   үшін   күрес жолында», «Түркістаннан Парижге», «Ұлттық козғалыстың ұйымдық негіздерін қалау», «Ұлттық қозғалыстың стратегиясы  мен  тактикасын  айқындау»,  «М.Шоқай  —  халықаралық  сарапшы  жəне     тарихшы»,

«Соңғы күндері» атты жеті тараудан тұратын туындысын жазуда М.Шоқайдың Франциядағы жеке мұрағаттық қоры, Ресей, Өзбекстан, Қазақстан, Германия, Түркия, т.б. елдердің мұрағат материалдары жəне қазақ, орыс, ағылшын, француз, неміс, түрік, поляк тілдерінде жарық көрген еңбектер сияқты бай дереккөздерін негізге алған.

Автор М.Шоқайдың ұлтжанды қайраткер ретінде қалыптасуында патша үкіметінің орыстан өзге халықтар жөнінде жүргізіп отырған отарлық саясаты үлкен рөл атқарғандығын атап өткен. Атамекенінен ұзақ жылдар жырақта жүрсе де, өз халқымен рухани байланысын үзбей, баспа беттерінде большевиктерге қарсы дамылсыз күрес жүргізген Мұстафаның Ресей бодандығындағы түрік халықтарының ғасырлар бойғы ұлт-азаттық қозғалысын жаңа сатыға көтеруі, оның ұйымдық негіздерін қалауы, мақсат-міндеттері, стратегиясы мен тактикасы кеңінен талданып баяндалған [21–23]. Қазіргі уақытта болашақ зерттеушілердің алдында тарихымыздағы белгілі жеке тұлғалардың əрқайсысының өмірі мен қызметін, көзқарасы мен ой дүниесін əсірелеп, бояп, «ағартып», жақсартпай да, «сүмірейтіп», қараламай да, объективті түрде ғылыми тұрғыдан зерттеу міндеті тұр. Көшім Есмағамбетовтің «Əлем таныған тұлға» атты кітабында бұл міндет ғылыми негізде іске асырылған. Монографияда Шоқай бейнесі жан-жақты сомдалған, ал автордың əрбір сөзі дерекпен дəлелденген, əрбір тараудың соңында сілтемелер берілген, мұрағат кұжаттарының көшірмесі мен фотосуреттер акиқатты айқындай түскен. Осындай ғылыми құндылығы айрықша жоғары, орасан зор көлемдегі жаңа  деректерді  ғылыми  айналымға  қосқан  монографияның  бағасы  жоғары  əрі   құнды      екенін айтқымыз келеді.

2009 жылы Мəскеуде «Шетелдегі орыстардың қоғамдық ой-пікірлері: Энциклопедия» атты ғылыми-анықтамалық басылым жарық көрді. Онда Мұстафа Шоқай туралы көлемді мақала басылды. Мақала авторы — Ресей Ғылым академиясы Ресей тарихы институты Ресейдің жаңа тарихын зерттеу жəне саясаттану орталығының аға ғылыми қызметкері, РҒА Ғылыми кеңесінің əлеуметтік реформалар, козғалыстар мен революциялар тарихы бойынша ғалым-хатшысы, тарих ғылымдарының докторы Салават Мидхатович Исхаков. Ғалым «Мұстафа Шоқайдың 1917 жылғы революция туралы естеліктерінен үзінділерін» орыс тілінде 2001 жылы Токиода, Мəскеуде бастырып, өзі «Мұстафа Шоқай Орта Азиядағы 1917 жылғы революция туралы» деп аталатын көлемді мақала жазды [24].

М.Шоқайдың жеке мұрағаттық қорының маңызды бөлігі — корреспонденциялар екені белгілі. Олар [19; 18]:

  • М.Шоқайдың Түркістан қайраткерлері В.А.Чайкинмен, А.А.Чайкинмен, Убайдолла Қожаевпен, Н.П.Архангельскиймен жазысқан хаттары;
  • Шығыс Түркістанда, Ауғанстанда, Жапонияда, Иранда, Сауд Аравиясында, Ұлыбританияда, АҚШ-та, Италияда, Голландияда, Францияда, Германияда тұрып жатқан түрлі саяси, қоғам қайраткерлерінен келген хат-хабарлар;
  • эмиграциядағы Əзербайжан, Грузия, Кавказ, Украина, Еділ-Орал өңірі халықтарының жетекшілері А.З.Валиди, Əлимардан Топчибашы, М.Э.Расулзаде, М.Делиль, М.Мұхити, Ə.Оқтай, Т.Шағатай, А.Исхаки, О.Тенерекоглы, Ж.Сеидамет, Е.П.Гегечкори, С.Г.Мдивани, тағы басқалармен жазысқан хаттары.

Мұстафаның мұраттас, серіктес достарымен жазысқан хаттары Қазакстан мен Орталық Азия тарихын егжей-тегжейлі зерттеудегі айнымас дереккөз болып табылады. Бұл құжаттар қазақ қайраткерінің эмиграциядағы саяси қызметі туралы мол мағлұмат береді. 2009 жылы осы хаттардың көлемді бөлігі екі томдық «Мұстафа Шоқай. Эпистолярлық мұрасы» атты жинақта жарияланды. Ондағы 276 хаттың 268-і алғаш рет жұртшылық назарына ұсынылды.

Хат мазмұндарына қарағанда, аяулы азамат өз Отанынан тыс жерде жүрсе де халқының тағдыры үшін Ауғанстан, Қытай, Үндістан, Мысыр, Түркия, Ресей, т.б. елдерде тұрып жатқан қоғам қайраткерлерімен хабарласып тұрған.

Сондықтан М.Шоқайдың эпистолярлық мұрасы оның жалғыз қазақ халқы емес, бүкіл түрік халықтарының көрнекті қайраткері екендігіне көз жеткізеді. Өмірі мен қызметінің бұрын бимағлұм жақтарын аша түседі.

Сонымен, кейінгі жылдары ұлы қайраткердің қалың мұрасы еліне оралуда, шетелдерден жинастырылуда. М.Шоқай тұлғасы туралы қалыптасқан жаңсақ пікірлер мен бұрмалаушылықтарға тосқауыл қойылуда. Нақты деректер негізінде құнды зерттеу еңбектері жазылуда. Бұл еңбектерде М.Шоқай өмірі, оның эмиграциядағы кезеңі, ол жүргізген ұлттық күрестің əдістері, стратегиясы мен тактикасы, Түркістан Ұлттық бірлігі ұйымы, оның баспа органдары «Иени Түркістан», «Яш Түркістан» журналдарын ұйымдастырудағы нақты қызметі жан-жақты ашылып көрсетілуде.

Өмірі мəнді, өлімі жұмбақ болған ғазиз азамат Мұстафа Шоқайұлының саяси тұлғасы мен еңбектеріне қатысты ғылыми-публицистикалық зерттеулер жазылып, шығармаларының жарық көруі тарих қатпарларынан көп сыр ақтарып жатыр.

Аумалы-төкпелі заман көшінде арманда кеткен асыл арыстың тілегі еліміз егемендік алған тұста ғана құлаққа келді, жүрекке жетті. Кеңес Одағы кезінде қазақ халқын құл қылып бодандықта ұстауға бағытталған мақсаттармен атын айтуға болмаған М.Шоқайдың халық санасынан  өшірілуге, өлтірілуге тырысылған тарихи тұлғасын енді тірілтуге жағдай туды.

Мұстафа Шоқайдың өмір жолын, оның еңбектерін саралап, зерттеу ісі тəуелсіздік жылдарында ғана қолға алыңды. Демек, бұл бағытта атқарар жұмыс əлі ұшан-теңіз. Сондықтан болар, оның қазақ тарихыңдағы алатын орнын, өмірбаянын, күрескерлік қызметін, шығармашылығын ойдағыдай насихаттап жүрміз, тиісті дəрежеде ел-жұртқа таныстыра алдық деп əлі айта аламайыз. Көптеген ақтаңдақтардың бетін күні бүгінге дейін дұрыстап аша алмай келеміз. Шоқай туралы, оған қатысы бар деген материалдардың біразында шикі-шалалық, бұрмалаушылыққа жол беріліп жүргендігі де осыдан болса керек.

Мəселен, Ұлттық ғылым академиясы мен оның Ш.Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институты дайындап, «Қазақстан» баспасынан шыққан «История Казахстана: белые пятна» деген кітапта белгілі тарихшы П.Белан «1942 жылы Берлинде М.Шоқаев пен В.Каюм-хан жетекшілік еткен Түркістан ұлттық комитеті құрылды» дейді де, бірақ «Шоқай оны көп басқарған жоқ» деп жазады. Ал Мұстафа Шоқайдың 1941 жылы 27 желтоқсанда қаза болғанын еске алсақ, өмірде жоқ адам ол ұйымды қалай басқарған [20; 9]?

Тəуелсіздікке дейінгі кезеңде халқының жарқын келешегі үшін күрес жүргізген тарихи тұлғалар жікке тізіп айта берсек көп. Бірақ əрбір кезеңнің символдық тұлғасы болады. Осы кезеңнің сондай тұлғасы — Мұстафа Шоқай. Сондықтан да болашақта басқа тəуелсіздік қайраткерлердің арасында М.Шоқайұлына ерекше орын беріліп, Қазақстанда жəне басқа əлем елдерінде оны жан-жақты таныстыратын іс-шаралардың өткені дұрыс сияқты.

Осы арада «Жас (Яш) Түркістанның» 117 санында жарияланған Шоқайдың мақалаларын теріп, қазіргі қазақ əдеби тіліне аударған Айтан Нүсіпханның аса қажетті үлкен еңбегін ерекше атап өткен жөн. Оның бəрін Алматыдағы «Қайнар» баспасы 1998–1999 жылдары «Мұстафа Шоқай. Таңдамалы» деген атпен екі том етіп шығарды.

Арада содан бері біраз уақыт өтті. Ол кітаптарды қазір дүкендерден таба алмайсыз. Сондықтан қайта басып шығарса, артық болмас еді. Тіпті, Мұстафа Шоқайды толық түсіну жəне келер ұрпаққа толық түсіндіру үшін оның барлық мақалалары мен кітаптарын, жақында жаңадан табылған қолжазбаларын жинастырып, мүмкіндігінше толық жинағын шығаруды қолға алатын уақыт  та жеткен сияқты.

Қорытып келгенде, М.Шоқайұлы жөнінде айтылатын ойды тез қайырмай, мəселені əлі де толық зерттеу қажет. Бұл қайраткердің мұрасын əлі де ғылыми айналымға енгізу керек. Өйткені, бір өкініштісі, Мұстафа Шоқайдың тұлғасын Міржақып Дулатұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Əлихан Бөкейхановтар деңгейіне көтере алмай келеміз.

Мұстафаның қайраткерлік болмысын, ұлан-ғайыр мұрасын, бүгінгі күнмен өзектесіп жатқан ой- тұжырымдарын зерттеу, насихаттау, ұлықтау еліміздің егемендігін баянды етуге, жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тəрбиелеуге қызмет етуінде күмəн жоқ.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Есмағамбетов К.Л. Əлем таныған қайраткер // Алаш. — 2010. — № 6 (33). — 90–91-б.
  2. Есмағамбетов К. Герцогиня Атольскаяның салонындағы қазақтар жайлы əңгіме // Егемен Қазақстан. — — 26 мамыр. — 9-б.
  3. Шоқай М. Біздің жол / Таңдамалы. — 1-т. — Алматы: Қайнар, 1998. — 32-б.
  4. Байтанасова Қ. Алаш тұлғаларының көзқарасындағы үндестік // Қазақ. — — № 49–51 (510–512). — 3–17 желт. — 4-б.
  5. Шоқай М. 1936 жыл / Таңдамалы. — 2-т. — Алматы: Қайнар, 1999. — 7-б.
  6. Бəкір Ə. Мұстафа Шоқай: «Біз құл болып тұра алмаймыз» // Түркістан. — 2008. — 1 мамыр. — 6-б.
  7. Шоқай М. Түркістан лениншілдеріне жауап / Таңдамалы. — 1-т. — Алматы: Қайнар, 1998. — 80-б.
  8. Шоқай М. Орыс тепкісіндегі Түркістанның ұлттық қозғалыстарынан. Жеңілмес ұлтшылдық / Таңдамалы. — 1-т. — Алматы: Қайнар, 1998. — 57-б.
  9. Шоқай М. Түркістанда мақта төңірегіндегі күрес / Таңдамалы. — 1-т. — Алматы: Қайнар, 1998. — 36–37-б.
  10. Чокай-оглы М. Туркестан под властью Советов: Статьи, воспоминания. — Алма-Ата: Айқап, 1993. — С.
  11. Шоқай М. Ататүріктің реформалары / Таңдамалы. — 2-т. — Алматы: Қайнар, 1999. — 208-б.
  12. Қойгелді М. Сыны мен сыры үйлесімді Түркия // Егемен Қазақстан. — 2006. — 4 қараша. — 4-б.
  13. Шоқай М. Түркістан ақындарынан / Таңдамалы. — 1-т. — Алматы: Қайнар, 1998. — 42-б.
  14. Есали А. Жоғалмай жеткен жəдігер // Егемен Қазақстан. — 2010. — 9 шілде. — 10-б.
  15. Əлімжанов Ə. Мұстафа Шоқай!... Ол кім?! // Саясат — Политика. — 1996. — № 7. — 92-б.
  16. Мұстафа мен Мағжан — Тұран елінің даналары. — Алматы: Картографиялық кəсіпорны, 1993. — 9-б.
  17. Нысанбаев Ə., Мұсабаева А. Мұстафа Шоқай — тəуелсіздік жаршысы // Қазақ əдебиеті. — — № 45 (2831). — 14 қараша.
  18. Шоқай Мария. Менің Мұстафам / М.Шоқай. Таңдамалы. — 2-т. — Алматы: Қайнар, 1999. — 389–513-б.
  19. Есмағамбетов К. Мұстафа Шоқайдың эпистолярлық мұрасы // Қазақ тарихы. — 2007. — №
  20. Кəкен А. Ақиқат жаршысы: Дархан Қыдырəлиевтің «Мұстафа Шоқай» кітабы туралы // Түркістан. — 2010. — 10 сəуір. — 9-б.
  21. Көкебаева Г. Нар тұлға: саясаткер, ғалым, азамат // Егемен Қазақстан. — 2009. — 25 ақп. — 13-б.
  22. Мұстафа Шоқайдың қайраткерлік болмысы мен шығармашылығы туралы еңбек //Алаш. — — № 2 (23). — 148–149-б.
  23. Мұхтар Ə. Шоқайтануға қосылған сүбелі еңбек // Қазақ тарихы. — 2009. — № 3 (96). — 19–20-б.
  24. Исхаков С. «Біз тілеген «Орыс революциясы» бізді қапыда қалдырды» // Түркістан. — 2010. — 5 тамыз. — 4-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.