Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев Республика Білім жəне ғылым қызметкерлерінің III съезінде сөйлеген сөзінде отбасын сақтау ісін реформалаудың стратегиялық міндеттерінің бірі — отбасы қарым-қатынастардың жаңа үлгісін ұсыну қажеттілігі өзекті мəселе болып отыратындығын ерекше атап көрсетті. Мемлекет қызметкерлері осыған байланысты барлық шараларды қабылдады. Мысалы: əйел мен ер адамның əлеуметтік, мəдени тəртіптерінің өзгеруі, жойылған жансақ нанымдарды жəне дəстүрлерді қысқарту барлық қалған тəжірибелер, яғни, əйел мен ер адамның таптаурынды рөлдері немесе жыныстардың біреуінің аса басымдылық пен толық емес құндылық идеясын негіздеді.
Адамзат қоғамы, егер ондағы əйелдің рөлі кемсітілген болса, үйлесімді жоғары қарай дами алмайды. Өйткені əйелдің орны белгілі бір əлеуметтік немесе діни қауымдастықтың өркениетінің нақты дəрежесін, сонымен бірге адамгершілік, теңдік жəне мейірімділік принциптерін ұстанушылардың дəрежесін қатесіз көрсетеді. Бұрынғы кездердегі əйел жынысына деген қаталдық барлық жерде дерлік байқалатын. Бірақ бүгінгі күнде ақылды, парасатты, сонымен бірге іскерлік пен адамгершілік қасиеттері жоғары əйелдерді көре аламыз, оларға қарағанда, кейбір еркектер кемсітілген жəне көмексіз күйге түсетінін байқай аламыз.
Əйелдердің рөлдік қатынасын реттейтін нормалардың белгісіздігі əйелдің əлеуметтік рөлінің трансформациясының қазіргі кездегі қалпының маңызды сипаттамалары ретінде рөлдік жүріс-тұрысты құрастыру процесіндегі қазіргі кездегі əйелдердің алдына тұратын мəнді əлеуметтік-саяси мəселелерді бөліп көрсетуге мүмкіндік беруімен анықталады. Əйелдер рөлдерінің өзгеру процесіне елеулі əсер ететін əлеуметтік-экономикалық жəне əлеуметтік-мəдени жағдайлардың айырмашылықтарына қарамастан, отбасылық қатынастар трансформациясының жалпы тенденциялары белгілі бір психологиялық мəселелердің пайда болуына əкелді.
Қоғамдағы əйелдің орны ғасырлар бойы қарама-қарсы бағыттарда өзгеріп отырды. Мысалы, матриархат кезеңінде оның мəні басымдылық күйде болса, батырлар кезеңінде əйел бағыну заты ретінде көрінді, бірақ қоғамның саяси өмірінде маңызды мəнге ие болған жоқ. Біртіндеп ер адамдар əйелдің мүдделер аясын шектеп жəне одан балаларды тəрбиелеу мен үй шаруашылығын жүргізуін талап етіп əйелдерді екінші орынға қойды.
Отбасы қызметінде қарым-қатынас жүйесінің қандай да сыртқы қасиеттерін көрсету қажеттілік реализация бойынша белгілі əрекеттерін түсінуін көрсетеді. Мақсаттылық əрекет қажеттілікті қанағаттандырады, көздейді, əрекет пен шараның объективті ұғынуын еске түсіреді. Барынша отбасылық қызметі тарихи іс-əрекеттің алдын ала келісім формасы жəне рөлі мен маңызы əр тарихи кезеңде ауысып отырады. Сондықтан бұл ауыспалы қызмет ретінде қарастырылады. Отбасы əлеуметтік институт ретінде қоғаммен тікелей байланысты жəне де қызметтердің қатары қоғамның тікелей өзіндік талаптарынан шығады. Келесі жағынан, отбасы — бұл заң жəне өзіндік функцияға ие болатын тұлғааралық қатынастар. Мұнда отбасыға деген қоғамның қызметтерін, отбасының қоғамға деген қарым-қатынасын, отбасының тұлғаға, тұлғаның отбасына деген қарыс-қатынастарын бөліп қарастыруға болады. Сондықтан да отбасы қызметін əлеуметтік жəне индивидуалдық тұрғыдан талдауға негіз бар.
Əйелдер отбасында қатарынан атқару қиын көптеген рөлдерге ие. Олар отбасылық некеде серіктес болып табылады, үй шаруашылығында жұмыс істейді, ана болады. Əйелдердің осындай функцияларды атқару — денсаулықты, білім беру деңгейін жəне отбасы мүшелерінің материалдық саулығын анықтайтын, сонымен қатар ересек болғанда балалары үшін рөлдік модель болып қызмет ететін негізгі факторлардың бірі.
Əр түрлі ұлттардың өкілдері белгілі бір сипаттар мен бейнелерге ие. Қазақ əйелдері де сол сияқты ерекше сипатта келеді. Қазақ көшпенділері ерте кезден бастап əйелге құрметпен, махаббатпен қараған. Ол əрқашан да ер адаммен бірге бір сатыда тұрды. Көшпенді əйел жай үйдің ғана емес, сонымен бірге ауыспалы үйдің де қамқоршысы болып келген. Оның əлемді қабылдауы өмір сүрумен ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі танумен жəне табиғи жаратылысымен анықталады.
Қазақ əйелі табиғатына сай, ақылды жəне өз қадірін терең сезінуші тұлға болып табылады. Бейбітшілік сүйгіштік, қарсылық білдіруге деген талпыныстың болмауы берілген сезімге тəн жағымды ерекшелік ретінде шығады. Қазақ əйелдері ер адамдарға құлдық көнгіштікпен емес, қадірлі құрметпен қарайды. Ол өз жүріс-тұрысында шынайы, əдепсіздікті көрсетпейтін, табиғи жəне қарапайым, қарым-қатынасқа оңай түсетін тұлға болып табылады. Жан тəнінде ол құпиялы шектеулерді біледі, сондықтан да, оның мінезі сыпайы болып келеді, табиғи сұлулықпен бірге ол жалпыға ортақ өте тартымды əсер қалдырады.
Қазақ əйелі отбасылық өмір үшін жаратылған жəне дəл осында оның шынайы табиғаты көрінеді. Той, ана болу жəне күнделікті отбасылық жəне үй міндеттері оған ауыртпалық түсірмейді. Жеңіл қадамдар, айқын байқалмайтын ым-ишаралар жəне көтеріңкі көңіл-күй, махаббат пен отбасы қазақ əйелі үшін негізгі компоненттері болып табылады. Ол əйел болу қабілеттілігінен айрылмайды, сонымен бірге сол үшін өмір бойы қызмет етеді. Соған байланысты оның отбасысы дамып өркендейді, ол таза жəне мейірімді болып келеді.
Қазақ халқына тəн қонақжайлылық қасиетіне назар аудармауға болмайды. Əдет-ғұрып бойынша, құрметті мейман белгілі бір үйге ат басын тіресе, оған арналып мал сойылған. Малды қонақ алдына көлденең тартып, батасын алған. Осының бəрі қазақ халқының табиғатқа қөзқарасына, салт- санасына, əдет-ғұрпына, көпшіліктің өміріне, жаратылыс аясына, əдептік ұғым-түсініктеріне тікелей қатысты нəрсе. Көп сағат бойы отыратын жəне жиі келетін көп қонақтарды күту қазақ əйелінің жауапкершілігіне кіреді. Осындай қонақтарды күту еуропалық əйел үшін үрей тұғызса, ал қазақ əйелінің бет-əлпетінен ешқандай наразылықты байқай алмайсың. Бұл жерде психологиялық тұрғысынан қарағанда, қазақ əйелі эмоцияларын шығармағандықтан, онда ішкі шиеленістер пайда болуы мүмкін. Ақкөңілділігінің жəне жалықпаушылықтың жұмбақтылығы қазақ əйелінің құпиясы болып табылады. Сонымен қатар ол жұбайын жəне балаларын күтіп, оларға өзінің көп уақытын бөледі. Оның құрметпен қарайтын жұбайы ол үшін аса мəртебелі тұлға болып келеді. Қазақ əйелдері тек əділ жəне мейірімді адамдармен момын, қарапайым болып келеді, ал дөрекі жəне əдепсіз адамдарға олар ешқашан бағынбайды. Оның нəзік жүрегінде бостандықтың рухы өмір сүреді жəне ол құрметтейтін адамға толық өзін арнап күтім көрсетеді [1].
Ерте жастан бастап қазақ əйелі өзіне тиісті міндеттерді біледі. Əдетте қазақ отбасы көпбалалы болып келеді. Отбасындағы үлкен балалар кішілеріне қарап жүреді. Сол сияқты казақ қызы жас кезінде де, біреуге ана болып келеді. Уақыт өткен сайын оның ана болу инстинктісінің күші өсіп дамиды. Бұл күш қазақ əйеліне тəн өмір сүйгіштік, тартымдылық, құрметтілік жəне шыдамдылылық сияқты сипаттарды тудырады.
Қазақтарда мынадай мақал бар: «Менен анам туралы сұрашы, мен саған барлығын айтып беремін. Менен қызым туралы сұрашы, мен саған жүрегімді ашамын». Қазақ халқы қыз балаларын қашанда махаббатпен, ұлы нəзіктікпен əлпештеп өсірген. Келін болып түскен күннен бастап, өз ата- енесін, қайнағаларын, інілерін, қайынбикелерін қатты сыйлаған. Тік сөйлеп, тайраңдау түгіл үлкендердің атын атамаған. Қазақ келіндері инабатты, ибалы, əдепті, сыпайы болған. Оған қатты сөйлемеген. Яғни, олар əйелге адамзат түрін жалғастырушысы ретінде қарап, үлкен сыпайлылық білдірген [2].
Халқымыз жақсы мінез-құлқымен, өнегелі ісімен көзге түскен жастарды əдепті бала екен дейді. Əдептілік барлық адамға жарасатын қасиет. Бұл — адамның бала жасынан алған тəрбиесіне, өскен ортасына, төңіректегі адамдардың қарым-қатынасына байланысты қалыптасатын қасиет. Қыз баланың əдептілігі оның сөйлеген сөзінен, істеген ісінен, мінез-құлқынан, əр түрлі жағдайда өзін ұстай білуінен, жолдас-жораларымен жəне жай адамдармен ара қатынасынан, жалпы барлық жүріс- тұрысынан көрініп тұрады.
Халқымыздың талабының жоғарлығынан ба, жоқ əлде, солай тəрбиелей алғандықтан ба, қазақ қыздары көбіне биязы, ілтипатты, əдепті, сүйкімді болып өскен. Халқымыз осындай қыздарына арнап көптеген өлеңдер жазған, бой жетіп келе жатқан қыздарға үлгі етіп көрсетіп отырған.
Біздің халқымыздың отбасылық тəрбие дəстүрлерінде ежелден бері қалыптасқан тəлімді үлгілер, оңды салттар аз емес. Соның ішінде қыз бала тəрбиесіне айырықша мəн-мағына беріліп келгені белгілі. Байырғы қазақ отбасында ер балаларды ертеңгі мұрагер санағанымен, қыз балаларды олардан əсте кем көрмеген. Көп жағдайда қыз бала тəрбиесіне айырықша көңіл бөлініп, ата-аналар тіпті ұлдарынан гөрі қыздарын ерекше жақсы көріп, еркелетіп, еркін өсірген. Қазақ отбасында, мысалы, ұлды жазалау, шектен шығып бара жатқан əкесінің, яки ағасының ондай тентекке қамшы жұмсап, қайырып алған кездері жиі кездескен. Ал қазақ отбасында қызды жазалау деген мүлдем сирек кездесетін оқшау құбылыс еді. Əке-шешесінің қасында, аға-інілерінің қамқорында, ежелгі ұғыммен айтқанда, «оң жақта отырған» қазақ қызын сол замандарда бетінен қағып, беделін түсіретін ешкім болмаған. Қазақ қызын əсіресе əкесі мен ағалары ерекше еркелететін еді. Қызды «өрісімді кеңейтеді» деп əлпештеп өсіретін.
Қыз баланы əуел бастан-ақ ізеттіліке, ұқыптылыққа, іскерлікке, сыпайылыққа тəрбиелегенде оған болашақ ана ретінде қараған. Бала тəрбиелейтін адамның бойынан жоғарыдағы қасиеттердің бəрін баласының бойына дарыта алатын болашақ ұрпағымызды ақылды, артына бір рулы елін ерткен асыл қадірлі адам етіп тəрбиелейтін де осы қыз балалар, болашақ аналар, əйел заты болғандықтан, болар жас кезінен бастап жақсы мінез-құлыққа бауылып өсірген. «Қызға қырық үйден тыю» дейді халқымыз. Бұл да қыз балалардың отбасындағы тəрбиесі, өмірге бейімділігі, білімділігі, əдептілігі, сезімтал да, саналығы биік болсын деген ойдан туған [3].
Сол қырықтың біріншісі — бесігің, үйдің алтын босағаң, олай болса, қыз баланың тəрбиесі де осылардан басталады, ол, ең алдымен, анаға байланысты. «Шешесін көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш» деген мақал тегін айтылмаған. Əйелді отбасының құты деп, құрмет көрсеткен. Əулеттен əулетке қалған мұра — имандылық пен инабаттылық болса, «Жігітті жақсысын — қыздай, қыздың жақсысын — уыздай» деп айтуда да терең мəн жатыр.
Еркін көшпелі өмір, мұсылман салт-дəстүрлері жəне елдің Азия мен Еуропа арасында жатуы қазақ əйелінің ерекше бейнесін тудырды. Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз сақтап келген, көшпелі өмір сүру салдарынан қалыптасқан ішкі бостандық жəне ашықтық сезімі қазақтарға басқа ұлтттардың мəдениетін ассимиляциялауға жəне өзінің ғана емес, сонымен қатар басқалардың салт-дəстүрлерін бағалауға мүмкіндік береді. Қазақ халқы басқа этникалық топтармен қалай бейбіт өмір сүруді біледі. Жер территориясының кеңеюі, бай жабайы табиғат қазақ əйелдерінің мінездеріне жəне олардың жан- тəніне əсерін тигізді. Қазақ əйелдері ұлттың əдемілігін білдіреді.
Қазақта жаңа түскен жас келіннің орны бөлек. Келіндер барған жеріне жайлы, инабатты болған. Халқымыздың ғұрпы бойынша келін күйеуінің туыстарын еш уақытта атымен атамаған, оларды өз қалауымен арнайы ат қойып атаған. Бұл ғұрыпты «ат тергеу» дейді.
Бұл жерде келіннің көрегендігінің, тапқырлығының, көңіл жəне ой сергектілігінің алатын орны ерекше. Келіндер үлкендерге деген сый-құрмет, нəзік ілтипат, кішіге деген қалтқысыз қамқорлық лебін білдіретін болған. Жеңгелерімен қайныларының да, қайын сіңлілерінің де сыйластығы өзгеше болған. Қайын сіңілі — жеңгесінің сырлас досы, сұхбаттас, ниеттес, тілектес жақыны, жұбайдан кейінгі жұбы. Сондықтан қазақ келіндері қайын сіңлілеріне «ақылдасым», «аяулым», «еркеш», «ақ төре» деген сияқты ат қойып ардақтайды, сырына ортақтасады, мұңына ем іздейді, шаттығына шалқып қуанады. Жақсы келін қыз балаға шешеден кейінгі тəрбиеші, қамқор, жаңашыр, жақын пенде бола біледі [4].
Қазақ əйелдері тіпті күйеулерінің де атын «отағасы» деп атаған. Күйеуінің іні-қарындастарын, інішегін, тентегін, кенже шырайлым, еркежан, еркеқыз, тағы басқа деп ат қоятын болған.
«Ердің де əйелдің де өзіне тəн тиісті міндеттері бар. Тиісті міндеттерін дұрыс бөліп атқарса, онда қуаныш та, өмір мəні де толық болады» делінген Құранда. Əйелдің міндеттерінің ең қасиеттісі бала туу, оны шыр еткеннен тəрбиелеп өсіру, жеткізу. Ер адам бұл кезде тек қосалқы көмек бере алуы мүмкін. Бұл шақта анадан өзге ешкім де сəбиге қамқор бола алмайды. Сол себепті сəби сезіну түйсігі арқылы анасынан қамқорлық пен қорған табады. Ана мен бала арасындағы өте нəзік дəнекер- талшықты табиғаттың өзі қалыптастырған. Сол себепті де əйелдер өте нəзік, ер адамның қорғауы мен көмегіне зəру [5].
Адамзаттың қай-қайсысы болмасын ананы ерекше құрметтейді. Ал, қазақ үшін «Ана» — ерекше тұлға. Ананың аяулы алақанын, жалын жүрегін, ыстық ниетін ешбір адам білдіре алмайды. Келешек ұрпақ бойындағы қасиеттердің барлығы ананың ақ сүтімен қалыптасады. Сондықтан оған деген құрмет, ілтипат, сүйіспеншілік сияқты нанымдар осы қасиеттердің мінез бітісі болып қалыптасуына түрткі болады. Сол себептен əйелдің аяғы ауырлағаннан бастап, оған ерекше көңіл бөлінеді. Екі қабат əйелді құрметтеудің бір түрі — оған арнап, мол салып табақ жасап, жерік асын апару. Табақтың осылайша жасалуы болашақ ананың денсаулығы мықты болсын, туылатын бала болаттай шымыр, дені-сау болып тусын деген жансақ нанымдардың адам санасында қалыптасуын реттейді.
Этностық жансақ нанымдардың қалыптасуы, пайда болуы ана құрсағынан басталып, бесікте, мектепте өзгерістерге ұшырайды. Қарым-қатынас барысында адам əдет-дағдыларды, тұрмыс ерекшеліктерін, тəртіпті меңгереді. Сол арқылы өзіне қосымша жансақ нанымдарды иемденеді. Барлық топтық ережелер əлеуметтік ережелер болып есептелетіндіктен, оның заңдары, модельдері, эталондары жалпыға жəне əлеуметтік топқа, оның мүшелелерінің жүріс-тұрысына əсер етеді.
Рөлдік жүріс-тұрыстың ережелері мен отбасындағы рөлдік қатынастар отбасының өмірлік қызметінің процесінде тұлғааралық қатынастар мен отбасы мүшелерінің қарым-қатынасымен тығыз байланыста бекітіледі. Қазіргі отбасында рөлдік жүріс-тұрысты реттеу үшін отбасы мүшелерінің, ең алдымен, əрбір ерлі-зайыптылардағы отбасылық рөлдер туралы түсініктердің, олардың өткен тəжірибесінің, сонымен қатар отбасындағы билік құрылымының негізіндегі қарым-қатынастың процесінде бекітілетін «келісім нормаларының» немесе «некелік келісім шарттардың» маңызы зор. Əр түрлі отбасылар үшін осы жекелендірілген келісімдер субъективті болып табылады.
1990–1994 жылдарында əйелдердің қоғамдық пікірлерінің бағасын салыстырмалы талдау көрсеткендей, себептер сол қалпында қалды. Алғашқы екі орынды келесілер алады: əйелдерге белгілі орынға кепілдік беретін құқықтарды жүзеге асырудың мемлекеттік-құқықтық механизмнің жоқтығы, сонымен қатар басты салдары уақыттың жетіспеушілігі болып табылатын күрделі əлеуметтік- экономикалық жағдайлар. Содан кейін əйелдерді дискриминациялау, оның құқықтарын шектеу, қоғамдағы əйелдердің рөлін бағалай алмау байқалады [6].
Əйелдер қоғамдық-саяси өмірдің аясында патриархалдық сана жағынан елеулі əсерге түседі. Əйелдің шынайы арналуы туралы ескірген стереотип салдарынан ол өзі қызметтің дəстүрлі түрлерін таңдай отырып, саяси қызметкер ретінде өзінің мəнін төмен бағалайды. Қазақстанда əйелдердің саяси белсенділігінің жəне саяси рөлінің деңгейінің төмендеуі саяси, психологиялық материалдық сипаттағы бірнеше себептердің нəтижесінде болды:
- əйелдерге белгілі орынға кепілдік беретін құқықтарды жүзеге асырудың мемлекеттік- құқықтық механизмнің жоқтығы;
- əйелдерді дискриминациялау, оның құқықтарын шектеу;
- өмір сүру деңгейінің төмендуі;
- əлеуметтік жəне тұрмыстық қиындықтар;
- өзінің анық жəне жасырын түрдегі жұмыссыздығы [7].
Қазіргі уақытта əйел қоғамдық-саяси өмірдің белсенді субъектісі болып табылмайды, оның онда қатысуы қоғам алдында тұрған демократиялық процестердің дамуы бойынша міндеттерге адекватты емес.
Қазақстандық əйелдердің жүріс-тұрысын белсендірудің маңызды əлеуметтік-экономикалық ресурстары бар. Оларға белгілі бір əлеуметтік топтардың, соның ішінде қоғамдық өндіріс аясындағы əйелдердің жұмысбастылығы жəне осы аясында олардың жұмысбастылығын кеңейту мүмкіндіктері; білім алу деңгейі жəне оны жоғарлату ресурстары; əйелдердің əлеуметтік қажеттіліктерінің қанағаттану деңгейі жəне олардың қорғаушылық деңгейі, оны жоғарлату мүмкіндіктері жатады.
Осыған қоса, уəждеменің мəдени ресурстарын, оның ішінде əйелдердің қажеттіліктерінің жаңа мəдениетін қалыптастыруды бөлу қажет, себебі қазақстандық қоғамның модернизациясы индивид пен мемлекет арасындағы антагонизмге емес, олардың бірлестігіне негізделген жаңа мəдениетті құрусыз болмайды.
Əйелдердің мотивациясының психологиялық ресурстарына өз-өзіне сенімділік сезімі, қызығушылықтардың дамуы, субъекттердің өзі туралы түсініктері жатады. Əйелдердің жүріс- тұрысының импульсивтілігі бар екені мəлім, бірақ əйелдің саяси жүріс-тұрысының негізі əлеуметтік рөлдердің өзгерісі болып табылады [8].
Қоғамдық-саяси өмірде əйелдің қатысуы — қазіргі жағдайларындағы объективті қажеттілік. Теңдік — адамзат тұлғасының жəне адамдар ресурсының дамуын қамтамасыз ету үшін толық жəне үздіксіз əдетке айналдыруды қажет ететін өркениеттік жəне өркениеттендіруші ықпал. Бұл — тұрақты назарды талап ететін тірі динамикалық процесс.
Тəжірибе көрсеткендей, əйелдер «критикалық массаға» ие болу үшін, өзінің арнайы басымдықтары мен мүдделерін көрсету жəне қорғау үшін жəне сол арқылы мəнді жаңартуларға тиімді жету үшін шешім қабылдайтын кез келген мүшенің мəнді бөлігін құру керек.
Дəстүрлі қазақ отбасындағы күнделікті тұрмыспен байланысты салт-дəстүрлер, əдет-ғұрыптар, əдеттер əйелдің белгілі бір өзін-өзі бағалауын қалыптастырады. Дəстүрлі түрдегі тəрбие, отбасындағы əйел рөлінің ерекшелігі жəне адамгершілігі əрқашан да оған автономды, жеке басты, өз принциптеріне ие болуға мүмкіндік бермейді.
Көп жағдайда əйел қолдануға тиіс əлеуметтік нормалар бойынша басқалардың қажеттіліктерін қанағаттандырудан кейін ғана ол өз қалауларын қанағаттандырады. Бұл «жақсы ананың» рөлі, яғни əйел басқа адамдардың үміт-күтулеріне байланысты өзін ұстауы керек. Дəстүрлі қазақ отбасында, əсіресе əйел жынысына байланысты жоғары өзін-өзі басқаруының қалыптасуына əкелетін əлеуметтік басқару механизмі — ұят сезімі жұмыс істейді.
Қазақ əйелдері əрекетшіл, дарынды, шеберлі жəне іс-əрекеттің барлық аяларында қатыса алады. Сонымен бірге олар ана болу инстинктісіне бағына отырып, махаббат пен отбасына бағытталады. Қазақ əйелінің ерекше өзгешелігі — оның шыдамдылық қасиетінде. Сондықтан да қазақ əйелі біркелкі жақсы əйел де, жақсы ана да жəне əлеуметтік тұлға да бола алады.
Салт-дəстүрлерді сақтай отырып, қазақ əйелдері жұбайларын құрметтейді жəне жұбайы жағынан құрметке ие болып келеді. Табиғат оларға агрессивтіліксіз адамдарға құрметпен қарау, достық пен тəуелсіздікті біріктіру қасиеттерін дарытты. Дəстүрлі түрде, қазақ əйелі өз жұбайын бірінші орынға қояды, оны отбасының басшысы ретінде санайды, бірақ та бұл оның құқығының жоқтығын, кеңес бере алмаушылығын көрсетпейді. Қазақ əйелінің жұбайына деген құрмет білдіру қазақ əйелі үшін міндет жəне қажеттілік болып саналады [9].
Сонымен, əйелге оның орны қайда екенін көрсететін қатаң субординация өмірлік қатарда дистанцияны үнемі сақтауын талап етеді. Отбасы мүшесінің болуын жəне рөлін санадан өткізуі, өз қызығушылықтарынан отбасын жоғары қоюға дайын болуы, қарым-қатынасты буып тастайтын кішіпейілділік, тіл алғыштық, ойлар мен сезімдерімен шынайы алмасу — бұның бəрі əйелдің тəуелді жəне өз-өзіне сенімсіз болуына əкеледі. Өз кезегінде, төменгі өзін-өзі бағалауының белгісі болып табылатын сенімсіздік, батылсыздық əйелге мүмкіндіктерін толықтай жүзеге асыруына, бақытты болу үшін өзінің тандауы бойынша жауапкершілікті өзіне алуға жəне өзін-өзі көрсету үшін жаңа жəне тиімді жолдарды табуына мүмкіндік бермейді. Өмір сүрудің осындай формасы əйелді əлеуметтік алаңдаушылықтан жəне өз рөліне сəйкес болу мен қоғамға пайдалы болу бағдарлардың арасындағы ішкі шиеленісінен қорғай алмайды.
Қоғам мен отбасы бірін-бірі толықтырып тұратын ұғымдар болғандықтан, осы екі жағдайдағы қазақ қызының жай-күйіне мəн берсек, екі түрлі деңгейді байқауға болады. Алдымен, қоғам жағдайында талдасақ, қазақ қызының əлеуметтік-философиялық мəдени тұрпатын өте жоғары бағалауға тиіспіз. Егеменді елдің тəуелсіз қыздары əлемдік деңгейде дамып, өркениеттік мəдениеттен тиесілі өз орындарын тауып, саясатты да, бизнесті де, ғылымды да жан-жақты меңгеріп, қоғамның барлық саласына ер азаматтардан қалыспай, белгілі дəрежеде ірі қайраткерлер есебінде қызметтер атқаруда.
Қоғамдағы əйелдің орны ғасырлар бойы қарама-қарсы бағыттарда өзгеріп отырды. Мысалы, матриархат кезеңінде оның мəні басымдылық күйде болса, батырлар кезеңінде əйел бағыну заты ретінде көрінді, бірақ қоғамның саяси өмірінде маңызды мəнге ие болған жоқ. Біртіндеп ер адамдар əйелдің мүдделер аясын шектеп жəне одан балаларды тəрбиелеу мен үй шаруашылығын жүргізуін талап етіп əйелдерді екінші орынға қойды.
Қазіргі кезде біздің қоғамдағы əйелдердің рөлі жыл сайын өсуде жəне біздің əйелдер — еркін, дарынды, сұлу, көкіректі өздерінің тікелей міндеттерін жемісті орындап қана қоймай, сонымен бірге дəстүрлі еркектік іс-əрекет аясында ер адамдармен бəсекеге түсуге талпыныс жасайды.
Біздің ойымызша, біздің елімізде əйелдер-аналар мен əйелдер-еңбекқорларға үлкен құрметпен қарауымыз қажет, сондықтан мемлекет оларға жан-жақты жəне мəнді қолдау жасау мəселесін толықтай шешу қажет. Уақыт келе біздің ел барлық əлем үшін ана болу мен балалар мəселелеріне ұқыпты қараудың мысалына, қоғам өмірінің барлық аясында ер адамдар мен əйелдердің теңдігінің үлгісіне айналу керек. Бүгінгі əйелдерге көптеген қоғамдық ұйымдар мен қорлар құрылды, əр түрлі қайырымдылық акциялары, марафондар мен фестивальдар жиі өткізіледі, соған қарамастан, осы маңызды аймағында көп нəрсе істелу керек. Көбінесе əйел проблематикасы, жанұяның əлеуметтік- құқықтық қорғауын жəне адамгершілік потенциалын нығайту, əлеуметтік инфрақұрылымның, əйел кадрларын кəсіби реабилитациялау мен қайта дайындау жүйесін дамыту бойынша кешенді ғылыми зерттеулер жүзеге асырылуы қажет.
Əдебиеттер тізімі
- Оллпорт Г. Личность в психологии. — СПб.: Ювента, 1998. — С.
- Вардиман Е. Женщина в Древнем мире. — М.: Наука, 1990. — С.
- Гейманс Г. Психология женщины. — СПб.: Ювента, 1911. — С.
- Климович Л.И. Книга о Коране, его происхождении и мифологии. — М.: Политиздат, 1988. — С.
- Митина О.В., Петренко В.Ф. Кросскультурное исследование стереотипов женского поведения (в России и США) // Вопросы психологии. — 2000. — № 1. — С. 158.
- Алешина Ю.Е., Волович А.С. Проблемы усвоения ролей мужчины и женщины // Вопросы психологии. — 1989. — № — С. 74–82.
- Оразбекова К. Иман жəне инабат. — Алматы: Ана тілі, 1993. — 108-б.
- Берн Ш. Гендерная психология. — СПб.: Прайм-ЕВРОЗНАК, 2001. — 320 с.
- Хорни К. Женская психология. — СПб.: Вост.-европ. ин-т психоанализа, 1993. — С.142