Қазақстан экономикасының «ғылыми сыйымдылығын» арттыру арқылы оның «білімге негізделген экономика» жағдайына дамыту қажеттілігі Елбасымыз Н.Н.Назарбаевтың Жолдауларында үнемі айтылуда [1, 2]. Еліміздің дамыған елдер қатарына қосылуы оның заманауи талаптарға сай инновацияларды жасап, күнделікті өмір мен өндіріске кеңінен енгізу мүмкіндіктеріне байланысты.
Осыған орай қазіргі əлемдік экономикада ғылыми-техникалық дамудың соңғы уақыттағы негізгі үрдісі ретінде ұлттық инновациялық жүйелердің қалыптасуын айтуға болады. Ұлттық инновациялық жүйе дегеніміз — өзара байланысты жəне ғылыми білімдер мен технологияларды ұлттық шекараның аумағында өндірумен жəне коммерциялық жүзеге асырумен айналысатын ұйымдар мен құрылымдардың жиынтығы ретінде қарастырылады [3]. Оған кіретін ұйымдарды шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа — инновациялық белсенділігі жоғары кəсіпорындар университеттер, мемлекеттік институттар мен лабораториялар, екінші топқа инновациялық процесті құқықтық, қаржылық жəне əлеуметтік қамсыздандыруға бағытталған терең ұлттық, дəстүрлік саяси жəне мəдени негіздері бар институттардың кешені жатады.
Инновациялық жүйелер əрбір ел үшін объективті факторлардың əсерімен қалыптасады. Оған оның көлемі, табиғи ресурстың болуы, географиялық жағдайы мен климат, мемлекеттік институттарының тарихи даму ерекшеліктері жəне кəсіптік іс-əрекеттің формалары жатады. Бұл факторлар инновациялық белсенділіктің ұзақ мерзімді бағыты мен жылдамдығын анықтайтын детерминанттары болып табылады [4]. Сонымен, ұлттық инновациялық жүйелер белгілі бір құрылымымен жəне жүйелік иерархиялық тəртібімен ерекшеленеді. Қазіргі уақыттағы ұлттық инновациялық жүйенің дамуы жаңа экономика ұғымымен байланысты. Яғни инновациялар экономикалық өсудің қозғалтқыш жүйесіне айналуда.
Соңғы жылдары мемлекет тарапынан қабылданған жүйелі шаралар нəтижесінде инновация Қазақстан Республикасының дамуының стратегиялық маңызды бағыты ретінде анықталды. Бастапқыда инновациялық даму мəселелері 2010 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарда, кейін 2003–2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы мен Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру жəне дамыту жөніндегі 2005–2015 жылдарға арналған бағдарламасында көрініс тапты. 2006 жылы «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау арқылы инновациялық қызметті құқықтық реттеудің негізі қаланды.
Қазақстанда инновациялық үдерістің белсенденуі Қазақстан Республикасының Президентінің 2010 жылдың 19 наурызында № 958 Жарлығымен бекіткен Қазақстан Республикасын Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010–2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырумен байланысты [5]. 2014 ж. осы бағдарламаның жалғасы [6] қабылданып, еліміздегі инновациялық дамудың бағдарламалық негізі ретінде «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасы» [7] анықталып, отандық шаруашылық субъектілерінің инновациялық белсенділіктерін қолдаудың негізгі тетіктері осы мақсатты-бағдарламалық құжаттарда бекітілді.
Зерттеліп отырған кезеңде, яғни 2001–2014 жылдар аралығында, Қазақстанның ұлттық инновациялық жүйесінің негізгі базалық элементтері құрылды: «Технологиялық даму бойынша Ұлттық агенттік» АҚ, 8 өңірлік технобақтар, «Инновациялық технологиялар бағы» арнайы экономикалық аймағы, 4 конструкторлық бюро, 15 коммерцияландыру кеңсесі, 6 отандық венчурлық қорлар жəне т. б. (1-сур.).
1-сурет. Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымының ұйымдары
Инновациялар жəне жаңа технологияларды жеткілікті дамыту арқылы Қазақстанның əлемнің бəсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіруі бойынша міндеттері іске асыру мақсатында 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің сəйкес Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасы өз бастамасын алды.
Жалпы қабылданған шаралардың арқасында зерттеліп отырған кезеңде елдің ғылыми- инновациялық саласындағы негізгі көрсеткіштердің қарқынының оң үрдісін атауға болады.
Кəсіпорындардың инновациялық белсенділігі. ҚР ҰЭМ Статистика бойынша Комитетінің арнайы мəліметтеріне сəйкес [8], Қазақстанда 2014 жылы инновациялық белсенділіктің статистикалық байқауы жүргізілген 24068 кəсіпорын ішіндегі 1940 шаруашылық субъектісі инновациялық белсенді деп танылды (2013 жылы 1774 кəсіпорын). Инновациялық белсенділік максимумына жетті — 8,1 % (2013 жылы 8 %) (2-сур.).
ЖІӨ ішіндегі инновациялық өнім үлесіне келсек, ол 2010 жылмен салыстырғанда 1,5 %-ға (2010 жылғы 0,66 %-дан) жоғарылаған, алайда 2013 жылы ол 1,64 %-ға тең болды (4-сур.), яғни белгілі бір төмендеу байқалды.
Кəсіпорындардың технологиялық инновацияларға жұмсаған ағымдық шығындарының қарқыны да 434,6 млрд теңгеге дейін өскен, ол 2010 жылғы деңгейден 85 %-ға жоғары (2010 жылы — 235,5 млрд теңге). Сонымен бірге өндеу өнеркəсібіндегі еңбек өнімділігі бір жұмыскерге 51,5 мың АҚШ долл. дейін өскен (5-сур.), дегенмен 2012 жылмен салыстырғанда төмендеген.
Бұл көрсеткіш ҮИИДМБ жүзеге асырудың индикаторларының бірі ретінде анықталды, яғни осы көрсеткіштің 2008 жылмен салыстырғанда 1,5 есе өсуіне қол жеткізу жоспарланған. Графикте көрсетілгендей, ағымдағы деректер бойынша, өңдеу өнеркəсібіндегі еңбек өнімділігінің өсуі 157,2%- ды құрады, бұл жалпы осы индикатордың жоспарлы мəнге жеткендігі туралы куəландырады.
Алайда, зерттеу кезеңінде инновациялық белсенділік көрсеткішінің белгілі бір өсуіне қарамастан, инновация саласында енжарлық деңгейінің көрсеткіші елеулі жоғары жəне бұл көрсеткіш 2014 жылы 91,9 % деңгейінде (2011 ж. 94,3%) анықталды. Сонымен қатар, көрсеткіштің белгілі бір өсіміне қарамастан, өнеркəсіптік өндірудің жалпы көлеміндегі инновациялық өнімнің үлесінің көрсеткіші төмен болып қалуда — 2,3 % (2011 ж. 1,5%).
Жалпы алғанда, елдің өнеркəсібіндегі инновациялық қызметтің негізгі көрсеткіштері салыстырмалы жоғары емес деңгейде екенін айта кету керек. Мысал ретінде инновациялық-белсенді кəсіпорындардың үлес салмағы, яғни инновациялық белсенділік деңгейі, Германияда 80 %-дан жоғары, АҚШ, Швеция, Италия, Франция шамамен — 50, Түркияда — 33, Венгрияда — 47, Эстонияда — 36, Ресейде қазірдің өзінде 10%-дан жоғары екендігін атауға болады.
Инновациялық белсенділік көрсеткішінің төмен деңгейі технологиялық инновацияларды қолданудың жалпы төмен қайтарымын негіздейді. Нəтижесінде 2014 жылы технологиялық инновацияларға арналған бір теңге шығындарға өндірілген инновациялық өнім тек 1,33 теңге болды, 2006 жылы аталған көрсеткіш 1,95 теңгені құраған (кестені қара).
Қазақстандағы инновациялық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің өзгеру қарқыны дамудың оң үрдісімен де сипатталатынын атап кету қажет, ол Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны қабылдау жəне жүзеге асырумен, негізгі міндеттерді жүзеге асырумен байланысты. Нəтижесінде ол шаруашылық субъектілердің инновацияны қабылдау деңгейінің жоғарлауына əкелді.
Атап айтқанда, ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректеріне сəйкес, 2014 жылы шаруашылық жүргізуші субъектілердің жүзеге асыратын инновациялық жобаларының саны 2,9 есеге, немесе 1135 бірлікке, дейін көбейді (2011 жылы 387 бірлік). Құрылып жатқан жəне қолданыстағы жаңа технологиялар, сондай-ақ техника объектілерінің қарқыны 1365 бірліктен 1608 бірлікке дейін өсті, ал осы технологияларды қолданатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің саны 562 бірліктен 713 бірлікке дейін жоғарылады.
Осы мəліметтер жағымды үрдісті сипаттайды жəне жаңа немесе технологиядағы айтарлықтай өзгерістердің 90 %-ға жуығы өңдеу өнеркəсібінің үлесінде келетінін атап айту аса қуанышты.
Зерттеулер мен əзірлемелерге ішкі шығындар құрылымы. Осы көрсеткіш елдегі инновациялық үдерістің ең маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылатын жəне жалпы экономика бойынша «кіру» кезіндегі шығындар көрсететін зерттеулер мен əзірлемелерге жұмсалған шығындарды сипаттайды.
Зерттеулер мен əзірлемелерге жұмсалған ішкі шығындардың 66 347,6 млн теңгені (2013 жылы 61 672,7 млн тг) құрайтынын, яғни 7,5 %-ға өсуі байқалғанын, атап кету қажет. Алайда осы шығындардың ЖІӨ-дегі үлесі соңғы 3 жылда өзгеріссіз қалды — 0,17 % дегенмен 2010 жылы 0,24 %-дан төмендеді (6-сур.).
Бұл мəселедегі, халықаралық тəжірибе көрсеткендей, дамыған елдерде ғылыми зерттеулер мен əзірлемелерге шығындар үнемі өсуі қажет. Осылай кейбір елдерде оның ЖІӨ-дегі үлесі 2,5–3,7 %-ға дейін жетеді жəне аталған шығындардағы мемлекеттік салымдардың үлесі орта есеппен 25–34 %-ды құрайды. Мысал ретінде, ең алдымен, Израиль (ЖІӨ-нің 4,86 %-ы), Финляндия (4,01%), Швеция (3,75 %), Жапония (3,42 %) жəне Оңтүстік Корея (3,37 %) сияқты елдерді атап өтуге болады.
Осылайша, елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін көрсеткіштерінің бірі ретіндегі ғылыми зерттеулер мен əзірлемелерге шығындар деңгейі ЖІӨ-ге қатысты үлесі 2 %-дан төмен болмауы тиіс. Атап айтқанда, Халықаралық академиялық кеңес дамушы елдердің ғылымға жəне инновацияларға жұмсайтын шығындардың ЖІӨ-дегі үлесін кем дегенде 1–1,5 %-ға тең болуын ұсынады.
Қызмет салалары бойынша зерттеулер мен əзірлемелер үшін ішкі шығындар құрылымы көрсеткіші арқылы 2014 жылы кəсіпкерлік сектор үлесінің жоғарылау үрдісі сақталғандығын (39,6%) жəне жоғары кəсіби білім беру секторындағы қаржыландыру үлесінің төмендеген үрдісін байқауға болады. Осының барлығы мемлекеттік сектордағы қаржыландыру үлесінің тұрақты өсуі шартында жүзеге асырылуда, дегенмен ғылымға жұмсалған мемлекеттік шығындар көрсеткіші өзінің 2009 жылғы максимумынан төмен (7-сур.).
Бұл мəселе бойынша халықаралық тəжірибе көрсеткендей, дамыған елдерде кəсіпкерлік
сектордағы ғылыми зерттеулерге шығындар (60–70 %) ҒЗТКЖ-ге арналған мемлекеттік шығыстардан едəуір артық. Қазақстан жағдайында ҒЗТКЖ-ны негізгі мемлекеттік қаржыландыру құрылымы əлі сақталған. Сондай-ақ басқа елдерде дəстүр бойынша мемлекет іргелі зерттеулерді қаржыландыру бойынша шығындарды өз мойнына алатынын, ал кəсіпкерлер, негізінен, қолданбалы зерттеулерді қаржыландыратынын айта кету қажет.
Жалпы, казақстандық жағдайды технологиялық жағынан дамыған шет елдер тəжірибесімен салыстыра отырып, келесідей тұжырым жасауға болады: Қазақстанның ұлттық инновациялық жүйесі кəсіпкерлік сектордың жоғары инновациялық белсенділігі жəне ғылым мен инновация саласындағы мемлекеттік-жеке əріптестік тетіктерін пайдалану шартында нəтижелі жəне алады.
Əдебиеттер тізімі
- Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» 2015 жылғы 30 қараша. — Астана: Ақорда, 2015. — 11 с.
- Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» 2014 жылғы 11 қараша. — Астана: Ақорда, 2014. — 9 б.
- Иванова Н. Национальная инновационная система. — М.: Наука
- Барлыбаева Н. Национальная инновационная система США // Промышленность Казахстана. — 2006. — № 10. —С. 36–40.
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010–2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы. Күші жойылды. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://onlіne.zakon.kz/Document/
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығы «Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы».
- [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://onlіne.zakon.kz/Document/
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 4 маусымдағы № 579 Жарлығы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасы». — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://onlіne.zakon.kz/Document/
- Қазақстандағы ғылым жəне инновациялық қызмет: 2009–2014: Стат. жин. — Астана: ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика жөніндегі комитеті, 2015. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: www.stat.gov.kz/