Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңінде жоғары білім беру жүйесін жетілдіру ең өткір мəселе болып табылады. Соңғы онжылдық ішінде отандық жоғары білім беру жүйесінде ауыз толтырып айтарлықтай құрылымдық өзгерістер болды: жоғары оқу орындары (жоо) өздерінің басқару қызметтерінде анағұрлым байқалатындай автономиялық дəрежеге ие болды, оқыту траекториясын анықтауда ұйғару институционалдық құрылымдарында, бағдарламалары мен оқыту түрлерінде толық диверсификация болып өтті. Мұнымен бірге білім берудің мемлекеттік секторы қысқартылды, ал мемлекеттік емес білім беру секторы қарқынды дами бастады. Елімізде қалыптасқан білім беру қызметінің нарығын мемлекеттік жəне мемлекеттік емес жоо ұсынды, бірақ мемлекетпен реттелетін бірдей жағдайда жəне тең құқылықта. Сонымен бірге жоғары білімге деген қоғамдық талаптардың өсуі, білім беру қызметі ұсыныстары пропорционалдық емес жағдайлардың ұлғаюы жəне еңбек нарығының сұраныстары, жоғары білімге бағытталған қаржы ресурстарын мақсатсыз пайдалану, оқытудың жаңа технологиясын пайдалану, жоо басқаруда экономикалық механизмдерді өзгерту, білім беру қызметінде бəсекеқабілеттілікті арттыру жоғары білім беруде жаңа тəсілдерді іздеуге мүмкіндік тудырады.
Білім беру нарығы — бұл оқу орындары мен білім беру қызметін сату жəне сатып алу тұтынушыларының арасындағы əлеуметтік-экономикалық жүйе.
Қазақстан Республикасының дамуында стратегиялық бағыттарының бірі болып білім жəне ғылым табылады. Экономикалық, технологиялық прогресс, саяси даму, қоғамдағы мəдени жəне рухани жағдай олардың дамуына байланысты. Бұларсыз мемлекет пен қоғамның дамуының мүмкін еместігі айқын байқалады. Жоғары білім берудің даму стратегиясының мақсаты шикізат ресурстары экономикасынан білім экономикасына өте алатын, əлемдік білім кеңістігінде бəсекеқабілетті, оқытудың жоғары сапасымен қамтамасыз ете алатын ұлттық модельді қалыптастыру болып табылады.
Бұл жағдайды анықтау үшін жоғары білім берудің бүгінгі жағдайы, ол қалай дамуда жəне болашақта оны не күтетіндігіне жауап беруге тырысамыз.
КСРО ыдырауынан кейін Қазақстанның жоғары оқу орындары дағдарысты басынан кешірді. Жоғары білім берудің реформалануының негізгі бағыттарының бірі болып мемлекеттік емес оқу орындарының қарқынды дамуы болды, бұл тек объективтілікті байқатпады, сонымен бірге бұл білім беру қызметі нарығының қалыптасуына өте қажет екендігін де білдірді. Білім беру қызметі нарығы да басқа кез келген нарықтар сияқты бəсекеқабілеттілікті талап ететіндігі заңды. Осы байланыста білім саласындағы мемлекеттік саясат жан-жақты жəне барлық бағытта іске асырылды, бұл білім беруді қаржыландыру мен басқару жүйесін, заңды базаларды реформалауға əкелді.
Мемлекеттің білім беру саясатында келелі орынды жоғары оқу орындары жүйесін оңтайландыру жəне рационалдандыру үдерістері алады. Қазақстан өз тəуелсіздігін алғаннан бері жоғары білім беру жүйесі өз бағытында көптеген өзгерістерді бастан кешірді.
Бірінші кезең (1991–1995 жж.) алдымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тəуелсіздігі туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының Конституциясымен (1993 ж. — бірінші редакция,
1995 ж. — екінші редакция), мемлекеттік қызметке тəн барлық салалар, оның ішінде білім беруге міндетті болып табылатын заңды-нормативтік жағдайлармен сипатталады.
1991 ж. желтоқсанда бұрынғы КСРО құрамында болған 11 республика арасында өткен мəжілісте Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы Хаттамаға қол қойылды. 1992 ж. наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылданды. Білім беру аумағында əлеуметтік-экономикалық қатынасты реттейтін нормативтік-құқықтық базаны құру басталды [1].
Бұл кезеңде жоғары мектеп жүйесінде жүргізілген реформалар, біздің көзқарасымыз бойынша, асығыс тəртіпте жүргізілді, білім беру саласындағы құқықтық реттеуді талап ететін шынайы жағдай сол уақытта əрекетте болған заңдылықтардан асып түсті.
Бұл кезеңнің негізгі міндеті болып білім беру саласында мемлекеттік монополиядан бастарту, білім беру саласындағы қатал орталықтандырылған жетекшіліктен алшақ болу, жоғары оқу орындарының іс-əрекеттеріне жекешелікті молырақ беру, республикамыздың облыстары мен аймақтарында нарықтық экономика талаптарын қамтамасыз ету үшін мамандарды дайындауда жеткілікті тəуелсіздік мақсатында жоғары білім беруде мамандықтар атауларын жаңалау болып табылды. Жүргізілген шаралар қорытындысы бойынша жоғары білім берудің мемлекеттік емес секторы қарқынды дами бастады. Бұл аралығын қамтиды) көрсетілген. Бұл үдеріс көрсеткіштері төменде берілген 1-суретте (1991–1995 жж.).
Бұл кезеңнің өзіне сай ерекшелігі студенттік контингенттің мемлекеттік жоғары оқу орындарынан мемлекеттік емес оқу орындарына жылыстауы болды.
Аталған кезеңнің атқарған шаралары нормативтік-құқықтық актілерден белгілі мөлшерде заңды бекітулер таба алды. 1993 ж. «Жоғары білім беру туралы» Заң шықты, осылайша, жоғары білім беру саласындағы мемлекеттің саясаты түрлі меншікті жоғары оқу орындарына қолдау көрсетуге бағытталды. Мемлекеттік жоғары оқу орындары жекеменшік оқу орындарымен қатар студенттік контингентті ақылы негізде қабылдауға мүмкіндік алды, осының негізінде қаржыландыру көзі реттеле түсті.
Жоғары білім беру саласында экономикалық дағдарыспен байланысты жағдай былай қалыптасты: ұйымдастырушылық, мамандар, ғылыми-əдістемелік, материалдық-техникалық мəндегі жүйелік шараларды шешуде қатал қажеттілік туындады. Бұлардың ішінде алғашқылардың бірі болып жоғары білім беруде мамандықтарды топтастыруды жаңарту жұмыстары қолға алынды.
1994 ж. алғаш рет ҚР Жоғары білім беру мемлекеттік стандарты бекітіліп, жоғары білім берудің көпдеңгейлі құрылымы, яғни академиялық дəрежелер — бакалавр жəне магистр анықталды [2].
Алғаш рет республикамызда білім беру стандарттары оқу-əдістемелік бірлестіктерде жасалды, олар жоғары оқу орындары арасына таратылды. Алғашқы стандарттардың өзіндік ерекшеліктері жоғары оқу орындарының академиялық еркіндігі шектелген оқу үрдісі əдеттен тыс регламенттелді, сол себепті тəжірибеде жоғары оқу орындары стандарт нормаларын бұзуы жиіленген жағдайлар байқалды.
Жинақталған жағдайды мемлекет бірқатар құжаттар қабылдау нəтижесімен реттеуге тырысты, дербес жағдайда, Министрлер Кабинетінің қаулыларымен оқу орындарын лицензиялау тəртібі туралы ереже, Мемлекеттік емес білім мекемелері туралы ереже, Мемлекеттік емес жоғары жəне орта арнаулы оқу орындарына бақылауды күшейту туралы, Мемлекеттік емес білім мекемелерін лицензиялау, аттестаттау жəне Аккредитациялау кеңестері жөніндегі ережені бекіту туралы бұйрықтар берілді жəне басқа да заңды актілер. Бірақ құқықтық реттеу механизмі, оның ішінде білім беру қызметін лицензиялау тиімсіз жұмыс істеді.
Бұл кезең соңында жоғары білім беру жүйесін реформалауда стратегиялық мəндегі мəселелер туындады:
- мамандыққа бөлуде мамандарды дайындау құрылымындағы сəйкессіздік;
- жоғары білім беру сапасының төмендеуі;
- мемлекеттік реттеудің аз тиімділігі;
- білім беру қызметінің ұлттық нарығының құлдырауы.
Жоғарыда аталған кезең қиыншылықтарының күрделілігіне қарамастан, жоғары білім беру жүйесі өзгерістерінің бастапқы кезеңін атап өткеніміз жөн, себебі бұл кезең өзінен кейінгі пайда болған кезеңдерде келешек модернизацияланатын негізгі бағыттарды анықтауға жəне жоғары білім беруді дамытуға, ұлттық жаңа модельді құруға өз себін тигізді.
Келер кезең жағдайлары жедел өзгерістер енгізуді талап етті. Жоғары білім беру жүйесін модернизациялау үрдістерін айқындайтын жəне оның мазмұнын жаңартатын бұл өзгерістер екінші реформалауда, яғни 1995–1998 жж. аралығын қамтитын кезеңде, өз көріністерін тапты.
Бұл кезең біздің мемлекетіміздің əлемдік білім беру кеңістігіне енуімен сипатталады, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңестің 1995 ж. 4 тамызда бекітілген Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат концепциясында қамтылды, жоғары оқу орындары қызметтерін қамтитын жаңа құқықтық нормативтік жағдайлар: «Лицензиялау туралы» заңды күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы; Қазақстан Республикасы Жоғары білімді мамандықтарының классификаторының жаңа редакциясы; Еуропа аймағында жоғары білім беруге жататын, біліктіліктерін танытатын Конвенцияны ратификациялау туралы Заңы.
Жүргізілген өзгерістердің негізгі мақсаты болып əрекеттегі жоғары білім беру жүйесінің халықаралық стандартқа еш мүлтіксіз бейімделуі табылады.
Отандық жоғары білім беру жүйесінің əлемдік білім беру кеңістігіне шоғырлануы — ұзақмерзімді стратегиялық басымдықтың бірі. Біздің еліміздің əлемдік білім беру кеңістігіне енуінің басты шарты — қазақстандық білім беру жүйесінің Лиссабон конвенциясы мен Болон декларациясы жағдайларына икемделуі.
Бұл кезеңге тəн болып Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат концепциясы табылады. Бұл Концепцияның басты идеясы білім беру формалары мен сатыларының барлығын жаңарту қажеттігіне тіреледі. Мемлекеттік саясаттың басты қағидалары жасалды. Аталған концепция қағидасы демократиялану, аймақтану, баламалық, ашықтық, мобильділік жəне т.б. сай келетін иілмелі, білім берудің адаптивті жүйесіне бағытталған [3].
Реформалаудың келесі кезеңі білім беруді қаржыландыру жəне басқаруды орталықтандырмау (1999–2000 жж.). Бұл кезең студент контингентін қалыптастырудың жаңа моделіне көшуге ыңғайланды, мемлекеттік тапсырыс бойынша студенттерді қабылдау мемлекеттік білім беру гранттары мен кредиттері негізінде жүзеге асуы қажет. Бұл кезеңге тəн белгі қазақстандық экономиканы модернизациялау болып табылады, яғни басты рөлде жекешелендіру болды, мемлекеттік меншікті жекешелендіру, көптеген жоғары оқу орындары жекешелендіріліп, мемлекеттік емес жоғары оқу орындарына айналды. Мемлекет жеңіл салық салуды енгізу жолымен мемлекеттік емес білім беруде кредиттеуді дамытуға ынталандырды. Білім беру сапасын мемлекеттік бақылау мəселесі анағұрлым нақтырақ реттелінеді. Мемлекеттік емес білім беру мекемелері мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орындауға қатысуға, яғни байқау негізінде мемлекеттік гранттар мен кредиттерді жеңіп алған тұлғаларды оқытуға, мүмкіндік алды.
Бұл кезеңде жоо студенттерінің құрамын құрау қаржыландырудың негізінде мамандарды дайындауға мемлекеттік тапсырысты орналастыру, сондай-ақ жекелеген тұлғалардың өз есебінен жəне басқа да көздерден оқу ақысын төлеу негізінде іске асырылады. Бұл модельдің мəні барлық талапкерлер кешенді тестілеу əдісімен қабылдау емтихандарын тапсырады жəне өздерінің таңдаған мамандықтары бойынша байқауға қатысады. Мемлекеттік білім беру гранттары мен кредиттері байқау қорытындысынан өткен жеке тұлғаларға беріледі. Болашақ студент — грант немесе кредит иегері, таңдаған мамандығы дайындалатын жоо өзі таңдайды. Жоғары білімді мамандарды дайындауда қаржыландыру механизмі өзгерді, «білім беру объектісін қаржыландыру» қағидасынан
«білім беру субъектісін қаржыландыру» қағидасына ауысты [4]. Бұдан əрі мемлекеттік блім беру кредитінде оқитын студенттер мемлекеттік білім беру гранттарына ауыстырылды. Бірақ гранттар мен кредиттер жүйесі жоғары білім алуға қолжетімділік деңгейін еліміздің ағымдағы əлеуметтік- экономикалық мүдделілігіне əкелді.
Реформалаудың төртінші кезеңі (2001–2007 жж. басы). Жоғары кəсіби білім беру жүйесінің стратегиялық дамуы. Бұл кезеңнің өзіне тəн басты ерекшелігі — республикамыздың Болон үрдісіне қосылуы болып табылады. Қазақстан — Еуропа білім беру кеңістігінің толық құқылы мəртебесіне лайық бірінші орталық Азия мемлекеті болды. Қазақстан өзіне жүктелген міндеттемелерді іске асыруына сəйкес 2020 жылға дейін бірқатар шараларды жүзеге асыруы қажет: кең көлемде салыстырылатындықтан, таратылған біртектес топтамалардың есебінен басқа топтамалармен «транспаренттілік» (алмастыруды) қалыптастыру; бірдей сынақ бірліктері жүйесін енгізу (білім беру кредиттері), білім алушылар мен оқытушылардың мобильдігін байыпты дамыту, біліктілік жəне оның өзара мерейінің тіркелімнің бірдей пішіндерінен алынуы, мамандарды дайындау сапасын жақсартуда дамыған құрылымдармен қамтамасыз ету, студенттерді дайындауда халықаралық ынтымақтастықты молайту, оқытушылардың біліктіліктерін арттыру жəне қайта дайындау, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізу жəне т.б.
Қазақстандық жоғары білім беру мамандар дайындаудың үш деңгейлі моделіне — «бакалавр — магистр — доктор PhD» — көшті, біртіндеп барлық жоғары оқу орындарына оқытудың кредиттік технологиясы енгізілді.
Жүргізілген реформаларға сəйкес жоғары білім беру саласында — басқарудың демократиялық мəніне; жоғары оқу орындарының өкілеттілігі кеңейтілді; үштілділік қағидасы; жоғары білім берудің мемлекеттік емес секторлары заңдастырылды; білім беру гранттары мен кредит түріндегі кредиттеу жүйесін енгізу үшін заңдылық негіздері құрылды; жоо мен ғылыми-зерттеу институттарының құрылымдар жүйесіне иілімді жəне ұтқырлықты көтеру үшін қайта құрулар жүргізілді; жоғары білім берудің əлеуметтік тиімділік жағдайларының негізінің бірі ретінде жоо автономиялығын мойындау болып табылды [5, 6].
Қазақстандағы жоғары білім берудің дамуы мен қазіргі жағдайларының талдауын көрсету үшін соңғы жылдардың негізгі статистикалық мəліметтерін келтіреміз.
ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мəліметінше, 2014/2015 жж. басында республикамызда 126 жоғары оқу орны болды, оның 49 мемлекеттік болып табылады. Жоо студенттерінің саны 2014– 2015 оқу жылында 477,4 мың адамды құрады.
Мемлекеттік грант есебінен 129 335 адам, бұл студенттердің жалпы санының 27,1 %, мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен 12 536 адам (2,6 %), ақылы негізде 335 516 адам (70,3 %) білім алады. Мемлекеттік тілде оқитын студенттер 60,4 %, орыс тілінде — 37,0 % жəне ағылшын тілінде — 2,5 % құрайды. Профессор-оқытушылар құрамының (ПОҚ) саны — 40,3 мың адам. Олардың 888 — PhD докторы, 102 — мамандығы бойынша докторлар, 3870 — ғылым докторлары, 14958 ғылым кандидаттары. ПОҚ дəрежелілігі 49,2 % құрайды [7].
Бүгінде мемлекеттік тапсырысты құрауда еліміздің əлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық басымдықтарын ескерген. Бұл, біріншіден, белсенді индустриялық-инновациялық экономиканың даму фазасына ену, яғни жоғары білім беру мен ғылым саласының қазіргі экономикалық жағдайларға икемделуімен сипатталады, бұл нормативтік-құқықтық базаға сəйкес реттелетін білім беру мен ғылым дамуын ұйымдастыру, мамандар, инфрақұрылымдық жəне қаржымен қамтамасыз етуде маңызды өзгерістерге əкеледі. Бұдан басқа, мемлекеттік тапсырыс құрылымында мамандарды дайындауға көп орын берілмеген, агроөндірістік кешендердің дамуына көңіл аударылған.
Еліміздің жоғары оқу орындары республикамыздың жер көлемінде тең орналаспаған. Жоғары оқу орындарының көпшілігі, яғни жоо 36,5 % дəстүрлі ғылыми жəне мəдени орталық болып табылатын Алматы қаласында орналасқан (1-кесте).
1994 ж. бастап Қазақстанның мемлекеттік жоғары оқу орындарымен қатар, коммерциялық жоғары оқу орындарында да студенттер санының ұдайы өсуін байқауға болады. Студенттердің анағұрлым басым көпшілігі Алматы қаласы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының жоғары оқу орындарында шоғырланған (2-кесте).
Қарастырылып отырған оқу жылында жоғары оқу орындарына техникалық жəне кəсіби білімдерімен 125,7 мың студент түсті, ал бұл алдыңғы жылға қарағанда 6,1 мың адамға аз екендігін аңғартады. Бұл ағымдағы оқу жылы техникалық жəне кəсіби білім беру бітірушілерінің кешенді
тестілеу қорытындысынан жоо орнына қажетті деңгейде білім көрсеткіштерінің қорытындысын жинай алмағандықтарының нəтижесімен байланысты.
2014–2015 оқу жылы 177678 кəсіби мамандарды шығару жоспарланса, бұл 2013/14 оқу жылымен (172810) салыстырғанда 2,7 % адам санының көптігін көрсетеді. Ең көп жоғары оқу орындарының саны 2001 ж., яғни 182 жоо құраса, ал аздық мəнді 1991 ж. — 55 жоо болды.
2014–2015 оқу жылының басында республикада 126 жоғары оқу орны, оның ішінде 49 мемлекеттік жəне 77 мемлекеттік емес. Еліміздің жоғары оқу орындарының даму көрсеткіші 2-суретте көрсетілген.
Студенттердің жалпы саны 477,4 мың адамды құрады, олардың 75,5 % күндізгі, 20,1 % — сыртқы жəне 4,4 % кешкі бөлімдерде оқиды. Мемлекеттік жоғары оқу орындарында студенттердің жалпы санының 48,6 % оқиды.
Осылайша Қазақстанның жаңа даму кезеңі əлемнің 50 бəсекеқабілетті алдыңғы қатарлы елдерінің қатарына қосылуға мемлекет дамуын жеделдетуге бейімделген. Осымен байланысты жоғары білім беру саласының саясаты білім берудің жаңа ұлттық моделін құру, яғни əлемдік білім беру кеңістігіне интеграцияланған жəне əлемдік еңбек нарығында бəсекеқабілетті мамандарды дайындауды қамтамасыз ету [8].
Сондай-ақ отандық жоғары білім беру жүйесі тиімді еместігін мойындауымыз қажет. Жиырма жылдан астам уақыт аралығында жүргізілген реформалар мен мемлекеттік бағдарламаларды тарату күн тəртібінен стратегиялық қажеттілікті алып тастай алмады. Бұлар мамандарды дайындау құрылымында мамандықтарды бөлуде теңсіздікті танытты; яғни мемлекеттік реттеудің тиімсіздігі, білім беру қызметі нарығына қайырымсыз бəсекенің кіруі, жоғары білім берудің сапасының нашарлауына əкелуі жəне отандық жоғары оқу орындары дипломдарының құнсыздануы. Жоғары білім беру жүйесінің ағымдағы жағдайы əр түрлі деңгейдегі тұрғындардың білім алуға қолжетімсіздіктерінен артуынан деп сипатталады. Жүргізілген зерттеулерге сəйкес 16 млн тұрғынның тек 15 % білім үрдісіне тартылатын жасқа лайық деп танылған, бірақ шынайы сандық көрсеткіш жоғары білім алуға ниетті тұлғалардың анағұрлым көп екендігін көрсетеді. Біз үшін оның тағы бір белгісі жоғары білімнің қымбаттылығы, ал ол қымбаттылықты екінің бірі көтере алмайды. Жоғары білімге деген қолжетімділік бүгінде қазақстандық жоғары білім беру жүйесін анық екі ішкі жүйелерге бөледі: оның бірі — ұсынылған қызметінің жоғары сапалылығымен сиатталатын,элиталық білім, ал екіншісі — орташа сапалы көпшілікке арналған жоғары білім беру.
Елімізде жоғары білім деңгейін қажетті халықаралық деңгейге көтеру үшін бəсекеқабілетті отандық мамандар дайындау мүмкіндігін арттыруда білім беру мен ғылым саласына түпкілікті жəне тұрақты инвестиция қажет [9].
Жоғары білім беру жүйесіне енгізілген жаңалықтардың барлығы тек əлемдік білім беру кеңістігіне кіру үшін ғана еместігі сөзсіз. Бұл жаһанданудың əлемдік үрдісінің салдары болып табылады. Мұнымен бірге жаһанданумен ұлттық білім беру ерекшеліктерінің ақырындап жойылатындығы белгілі. Кредиттік жүйенің басты қағидасы жоғары оқу орындарының академиялық еркіндігін білім беру бағдарламалары мазмұнымен анықтау, мамандарды дайындау сапасын жетілдіру жолдарын қарастыру, жаңа білім беру технологиясын енгізуді, оқу үрдістерін ұйымдастырудың рационалды формаларын құру, оқытудың инновациялық құралдарын пайдаланулар жаңа инновациялық үрдістердің дамуына негізгі база болуымен байланысты.
Əдебиеттер тізімі
- Жакенова К.А. Проблемы формирования нормативно-правовой базы системы высшего образования Казахстана в ходе реформ // Инновации и образование. Сб. материалов конф. Сер. «Symposium». — Вып. 29. — СПб.: СПб философ. общ-во. — 2003. — С. 490–503.
- Қазақстан Республикасының Үздiксiз бiлiм беру жүйесiнде мамандар даярлау құрылымын реформалау туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы. — 1994. — 1 қырк. — № 982 (күшi жойылды).
- Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасы. — Алматы: Қазақстан,
- Закирова Г.Д., Наренова М.Н. и др. Реформирование высшего образования в Казахстане и Болонский процесс: мате- риалы для практических действий. — [ЭР]. Режим доступа: http://tempuskaz.kz/files/reform.pdf.
- Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы // Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығы. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://strategy2050.kz/ru/page/
- Yessengeldin B.S., Murzatayeva G.K., Sitenko D.A., Seitalinova A.S. The development of social infrastructure in the innova- tion economy // of Karaganda University. Ser. Economy. — 2014. — No. 3. — P. 48–54.
- [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: stat.gov.kz
- «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы // Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 191 Қаулысы. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: kz.
- Қазақстандағы жоғары білім. — Алматы, 2010. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: belight.net/files /review_ he_ru.pdf