Алда əлемнің алпауыт елдерін жаһандық дағдарыс шарпуда, сондықтан біздің елде əлемді шарпып жатқан дағдарыстың алдын алу шараларын дайындауда. Соның ішінде мемлекеттік қаржыларды тиімді басқару, оны басқару механизмдерін жетілдіру экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды болып отыр.
Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаев өзінің «Қазақстан — 2050» Стратегиясында: «Біздің басты мақсатымыз — 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың жəне жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. Мықты мемлекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ. Мықты мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау саясатымен, ұзақмерзімді дамумен жəне экономикалық өсумен айналысады», — деген болатын. Сонымен қоса қабылдаған «Қазақстан — 2050» ұзақ мерзімді Стратегиясы болып табылады, онда біздің елдің 30 алпауыт елдің қатарына қосылу мақсаты қойылған. Ал бұл мақсатқа жету үшін ұлт қауіпсіздігін, экономикалық қауіпсіздікті сақтау қажет [1].
Осы Елбасының салиқалы сөздерін тілге тиек ете отырып, көздеп отырған мақсатқа жету үшін мемлекеттік қаржыларды тиімді басқару маңызды болып саналады, себебі мемлекеттік бюджет қаржысын тиімді бағыттарға жұмсай отырып, ел экономикасының көтерілуіне септігін тигізе алады, яғни экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бір факторы болып табылады. Ұлттық қaуiпсiздiктi қaмтaмaсыз eту жөнiндeгi iс-шaрaлaрды, қызмeттi қaржылaндыру бюджeт қaрaжaты eсeбiнeн қaржылaндырылaды. Экономикaлық қaуiпсiздiк ұлттық қaуiпсiздiктiң бiр бөлiгi болып тaбылaды, сондықтaн мeмлeкeттiк қaржыны бaсқaру экономикaлық қaуiпсiздiктi қaмтaмaсыз eтудiң бaсты фaкторы болып тaбылaды.
Мемлекеттік қаржыларды басқаруды қарастырған кезде біз оның ішінде мемлекеттік бюджет, мемлекеттік несие жəне бюджеттен тыс қорлар қаржыларын ел экономикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету факторы ретінде тиімді қаржылық механизімдерін қолдануымыз керек.
Қаржылық қауіпсіздік мəселесі соңғы кездері дүние жүзін шарлап жүрген дағдарыс жағдайында үлкен маңыздылыққа ие болды. Кезінде экономикаға мемлекеттің араласуын минимизациялауды басым ұстаған дамыған капиталистік елдер, бүгінгі күні мемлекеттік бюджеттің үлкен тапшылығымен, сыртқы қарыздың шектен тым асып кету салдарынан өзге елдерге тəуелді болып отыр. Мемлекеттік шығындарды күрт азайту нəтижесінде əлеуметтік шиеленіс туындап, тек экономикалық қана емес, тұтастай саяси-əлеуметтік тұрақтылыққа қауіп төнді. Осындай жағдайдың түпкі себебі — мемлекеттік қаржылық бақылаудың уақытылы, əрі дұрыстап іске асырылмауында жатыр. Мұндай сценарийлердің Қазақстанда қайталануы əбден мүмкін. Сол себептен, ҚР мемлекеттік қаржыларын басқаруда экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі тиімді механизм ретінде мемлекеттік қаржылық бақылаудың дұрыс жүргізілуін талап етеді. Яғни, бұл жерде айтайын дегеніміз мемлекет шет елден көптеген кредиторлық қарыздар алуға шек қою тиіс.
Экономиканың қазiргi жағдайында орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндiрiс қарқынын қамтамасыз ететiн салалық жəне аумақтық құрылымдар құрып, iрi əлеуметтiк өзгерiстер жүргiзуге мүмкiндiк бередi. Орталықтан бөлiнетiн қаржының көмегiмен қаражат экономиканың басты аймақтарына шоғырланып, мемлекеттiң экономикалық жəне əлеуметтiк саясатын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Сөйтiп, құндық бөлiнiстiң айырықша бөлiгi ретiнде Мемлекеттiк бюджет айырықша қоғамдық арналымды жалпы мемлекеттiк қажеттіліктердi қанағаттандыруға қызмет етедi.
Кірістің басым бөлігі салықтық жəне салықтық емес түсімдерден бюджеттiң кiрiсi құрамында ескерiледi. Еліміздің қомақты бюджеті болуы жолында, мемлекеттік қазынаның қаражатын молайта түсу маңызды. Себебі денсаулық сақтау органдарының, халыққа білім беру мекемелерінің, зейнеткерлер мен студенттердің, басқа да толып жатқан халық жіктерінің тағдыры бюджетке байланысты екені хақ. Бюджет кірістерінің құрамы, бюджетке шоғырланатын ақша қаражаттарының формалары шаруашылық жүйелері мен əдістерінен, сол сияқты қоғамның экономикалық шараларын шешуге тəуелді. Бұрын бюджет кірістері мемлекеттік кəсіпорындардың ақша қорларынан құралса, нарықтық экономикаға көшуге байланысты, ол заңды жəне жеке түлғалардың салықтық жəне салықтық емес төлемдерінен тұрады. Ал, шығысына келетiн болсақ, ҚР халықын қорғау, қоғамдық тəртіп, қауіпсіздік, əлеуметтiк, экономикалық қорғау мақсатында жұмсалады.
Мемлекеттік бюджет жүйесін басқаруда Қазақстанның жаңа сатыдағы дамуының міндеттерімен сəйкестендіруі қаржылық жүйе жəне нақты секторлардың өзара қызмет атқаруын, салықтық- бюджеттік қызметті белсендіру жолымен дамудың жаңа бəсекеге қабілетті сапалы деңгейіне көтерілуіне мүмкіндік береді.
Бюджеттен тыс қорларға тоқталатын болсақ, оның ішіндегі зейнетақы қорларының қаражаттарын тиімді қолдану, бұл қаражаттарды ел экономикасын дамытуға бағыттау мəселесі тұр. Қаржыны басқару мемлекеттің қаржы саясатына, қаржыны жоспарлауды, қаржыны экономикалық жəне əлеуметтік саясатты іске асыруға жұмсауды, қаржы заңдылықтарын жасауға кететін шығындарды қамтиды. Бұған сонымен бірге бюджеттің орындалуы, салық жинау, заем шығару, мемлекеттік қарызды басқару жатады [2; 8].
Мемлекеттік қаржыны басқаруды мемлекеттік қаржының бір бөлігі мемлекеттік бюджетке талдау жасаймыз. 2015 ж. мемлекеттік бюджет отандық экономиканы дамытудың келесідей үрдісінде атқарылып келді, ол туралы қол жеткізілген экономикалық қорытындылар куəландырады. 2015 ж. Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсуі +1,2 %-ды құрады, өнеркəсіп өндірісі –1,5 %-ға кеміді. Осының барлығы, салықтық жəне кедендік əкімшілендірумен бірге салықтың барлық негізгі түрлері бойынша жоспарды артық орындауды қамтамасыз етті. 1-кестеде бюджеттік орындалуы көрсетілген.
1-кесте мəліметтерінен көрінетіндей, кіріс бөлігі жыл сайын артуда. Мəселен, 2015 ж. мемлекеттік бюджет кірістері 2013 ж. салыстырғанда 19,6 %-ға, ал 2014 ж. салыстырғанда 4,3 %-ға артқан, ал республикалық бюджет кірістері 2013 ж. салыстырғанда 18,5 %-ға, 2014 ж. салыстырғанда 3,9 %-ға, жергілікті бюджет кірістері 2013 ж. салыстырғанда 11,7 %-ға, 2014 ж. салыстырғанда - 2,3 %-ға кемігенін көруге болады. Салыстырмалы түрде шығыс бөлігіде артуда. Көріп отырғанымыздай, 2015 ж. мемлекеттік бюджет шығысы 2013 ж. салыстырғанда 20,1 %-ға, ал 2014 ж. салыстырғанда 5,6 %-ға артқан, ал республикалық бюджет шығысы 2013 ж. салыстырғанда 19,1 %-ға, 2014 ж. салыстырғанда 4,9 %-ға, жергілікті бюджет шығысы 2013 ж. салыстырғанда 11,5 %-ға артып, 2014 ж. салыстырғанда –1,5 %-ға кемігенін көруге болады (1-сур.).
Талдауды сараптай келе, келесі мəселені көрсетуге болады, яғни, көріп отырғанымыздай, мемлекеттік кіріске қарағанда мемлекеттік шығындар өсуі жоғары, бұдан туындайтыны мемлекеттің тапшылығының ЖІӨ-ге қатысты мөлшері бірте-бірде жоғарылау үстінде, бұл мемлекеттік қарыздың жоғарылауына əкеп соқтырады. Жəне де мемлекеттік қаржыны тиімді қолдану экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселесі бар. Ол үшін біз мемлекет бюджетін ұзақ мерзімді перспектива тұрғысынан қарағанда өнімді, мəселен, экономиканы əртараптандыру жəне инфрақұрылымды дамыту секілді жалпыұлттық жобаларға бағыттауымыз керек.
Елімізде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты механизмі ретінде Ұлттық қорды атауға болады. Бірақ Ұлттық қордағы қаражат қаншалықты қауіпсіздікті қамтамасыз ете алады? Егер өзімізге осылай сұрақ қойсақ. Оның жауабын іздей үшін талдау жасап көрейік. Алдымен Ұлттық банктің алтын-валюталық резервін жəне Ұлттық қордың халықаралық резервтерінің жыл сайынғы өсіміне (кемуіне) салыстырмалы талдау жасап, содан кейін ҚР жалпы сыртқы қарызын қарастырып, екеуінің қатынасын анықтауымыз керек.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің алтын-валюталық резерві 2015 ж. 26,855 млрд АҚШ долл. құрады, ол көрсеткіш 2014 ж. көрсеткішке қарағанда –7,6 %-ға, немесе 2,2 млрд АҚШ долл., кеміді. Ал 2014 ж. резерв көлемі 29,055 млрд АҚШ долл. құрады, ол көрсеткіш 2013 ж. көрсеткішке қарағанда 18,4 %-ға, немесе 4,536 млрд АҚШ долл., артты. Орташа жылдық өсім 5,4 % құрады.
Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы қарызы 2015 ж. 153,4563 млрд АҚШ долл. құрады, ол көрсеткіш 2014 ж. көрсеткішке қарағанда –2,5 %-ға, немесе 3,9718 млрд АҚШ долл., кеміді. 2015 ж. жалпы сыртқы қарыздың ішінде мемлекеттік жəне мемлекет кепіл берген борыш 8,4 %-ды құрап, 12,8572 млрд АҚШ долл. болды. Ал жалпы сыртқы қарыздың қалған бөлігі 91,6 % мемлекет кепіл бермеген борыштар, оның ішінде 81,8395 млрд АҚШ долл., немесе 53,3 %, фирмааралық қарыздар жəне 58,7595 млрд АҚШ долл., немесе 38,3 %, банктік жəне өзге қарыздарға жатады.
Ал 2014 ж. ҚР жалпы сыртқы қарызының көлемі 157,4281 млрд АҚШ долл. құрады, ол көрсеткіш 2013 ж. көрсеткішке қарағанда +4,9 %-ға, немесе 7,396 млрд АҚШ долл., көбейді. 2014 ж. жалпы сыртқы қарыздың ішінде мемлекеттік жəне мемлекет кепіл берген борыш 4,5 %-ды құрап, 8,7025 млрд АҚШ долл. болды. Ал жалпы сыртқы қарыздың қалған бөлігі 94,5 % мемлекет кепіл бермеген борыштар, оның ішінде 79,4478 млрд АҚШ долл., немесе 50,5 %, фирмааралық қарыздар жəне 69,2974 млрд АҚШ долл., немесе 44 %, банктік жəне өзге қарыздарға жатады. Жалпы сыртқы қарыздың орташа жылдық өсімі +1,2 % құрады.
Енді осы жерде нақты туындаған мəселеге тоқталсақ, ҚР жалпы сыртқы қарызының ҚР барлық валюталық резервіне қатынасын қарастыруымыз керек.
Жоғарыдағы талдауларға сүйене отырып, олардың бізге қарызына қарағанда Қазақстан шет мемлекеттерінен 2013 ж. біздің борыш 1,568 есе ($150,0329 млрд — $95,661) артық. 2014 ж. біздің борыш 1,562 есе ($157,4281 млрд: $100,806) артық. 2015 ж. біздің борыш 1,695 есе ($153,4563 млрд —$90,502) артық [4].
Егер сыртқы қарыз туралы сұрақ пайда болса, олар сыртқы қарыздың мемлекеттік үлесі өте аз, ал қалған бөлігіне жеке бизнес жауапты деп жауап береді. Аса бір айта кететін жайт, қазақстандық екінші деңгейлі банктерде (ЕДБ) «өте үлкен» (БТА бойынша жанжалды еске алсақ) сыртқы қарызынан кейін сыртқы алыс-беріс төмендеп, алдыңғы қатарға əр түрлі «фирмааралық» зайымдары мен ссудалары шықты. Бұл жерде мынадай түсініктеме ретінде Үкіметтен неге сұрамасқа, сіздер үшін 12,8572 млрд АҚШ (2015 ж.) долл. аз үлес болып табылса, неліктен оны қарызға емес, Ұлттық қордан алмасқа?
Баланс «Біз инвестициялаймыз — бізді инвестициялайды» — минус 23,68 млрд АҚШ долл.
Жоғарыдағыны түсіну үшін мынадай тексеру сұрағы бар. Жалпы экономикалық теория бойынша: егер жеке бизнес секторы өзінің тəуекелі үшін ақша қаражатын өз еліндегі банктен емес, шет елден қарызға алады, неліктен олай істейді? Жəне бұл жерде мемлекет кепіл бермеген сыртқы қарыз ұлттық экономикаға, бағаға жəне халықтың өмір сүру деңгейіне əсер етпей ме?
Бірінші жауап ретінде Халық Банкінің басшысы Үміт Шаяхметованың дəйексөзі: «Бүгінде Қазақстан шет мемлекеттерін 50 млрд АҚШ долл. салым Ұлттық қордан инвестицияланады, одан көретін табыс жылына 1 млрд АҚШ долл. жуық. Бірақ біздің компаниялар мен өзгеде қарызгерлер бірнеше есе шет елге көп төлейді». Енді бұл жерде азаматша Шаяхметова бұл мəліметтерді қайдан алды? Соған жауап ретінде келесі талдау жасадық.
2010 ж. Ұлттық қордың табысы 0,828 млрд АҚШ долл., 2011 ж. 1,006 млрд АҚШ долл., 2012 ж. 1,028 млрд АҚШ долл., 2013 ж. 1,162 млрд АҚШ долл., 2014 ж. 1,176 млрд АҚШ долл., 2015 ж. 0,79 млрд АҚШ долл., табыс тапқан бұл жақсы көрсеткіш. Бірақ жалпы баланс «Біз инвестициялаймыз — бізді инвестициялайды» əр жылға 2010 ж. минус 18,109 млрд АҚШ долл., 2011 ж. минус 26,146 млрд АҚШ долл., 2012 ж. минус 26,364 млрд АҚШ долл., 2013 ж. минус 23,682 млрд АҚШ долл., 2014 ж. минус 21,005 млрд АҚШ долл., 2015 ж. минус 7,821 млрд АҚШ долл. көрсетіп отыр. Бұл жерде азаматша Шаяхметова диспропорцияны жай ғана атап өткен, диспропорция бірнеше есеге емес, 10 еседен артық екенін 1-кестен көруге болады. Міне, экономикалық қауіпсіздігінің мəселесі қайда жатыр.
Қарап отырсақ, Қазақстанның мұнайынан басқа, шет елге сыртқы қаржыландырудан (инвестициялау жəне несиелеу) Қазақстан экономикасынан үлкен көлемде қаржы ағындары кетіп жатыр. Бірақ бізде ол шетелдік инвестиция біздің экономикамыз үшін керемет əсер етеді, сыртқы займ неғұрлым көп болса, солғұрлым жақсы деп санайды. Негізінде бұл қазіргі кезде мұнайдың шет елге көп ағылуы ғана емес, қаржының шет елге ағылу болып табылады — бұл «үдемелі индустиялық- инновациялық дамудың» жолы болмағаны мен жəне біздің барлық технологиялар мен əлеуметтік артта қалуымен қорытындыланады.
Мемлекеттік қаржыны басқаруда экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағынан ҚР-ның Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» Қазақстан халқына Жолдауында Қаржы секторын тұрақтандырудың негізгі 6 қадамын атап өтуге болады [3]. Олар:
- Ұлттық қор қаржысы есебінен ұлттық валюта бағамын ұстап тұру тəжірибесінен бастарту; Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық банктің жəне Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу жəне қадағалау агенттігінің «Экономиканы жəне қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2016–2018 жж. арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында» қарастырылған шараларды жүзеге асыру үшін Қазақстан экономикасы республикалық бюджетте қаралған қаржыларға қосымша 2,2 трлн тг кем емес көлемде мемлекеттік қолдау жасалып, ұлттық қор қаржысы есебінен 1,2 трлн тг бөлініп, одан республикалық бюджеттен бөлінген 122 млрд тг стресті активтер қорын капиталдандыруға арналды. Ұлттық банк қарастыратын 350 млрд тг ең кіші талаптарды ішкі міндеттемелер бойынша 5 %-дан 2 %-ға дейін, басқа міндеттемелерді 7 %-дан 3 %-ға дейін төмендету арқылы екінші деңгейдегі банктерге олардың ресурстық базаларын 350 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға, ал жаңа Салық кодексінің жұмыс істеуі шеңберінде салықтық ауыртпалықты төмендету — кəсіпорындарға тек 2016 ж. өзінде ғана шамамен 500 млрд теңгені босатып, оларды экономиканы дамытуға бағыттауға мүмкіндік берді. Жалпы тəуекелдердің — мұнай бағасының бір баррель үшін 30 долл. төмен түсуі (жыл басынан бастап мұнай 26 %-ға төмендеді) жəне Ресей рублінің 10 %-дан астам əлсіреуі іске асырылуына байланысты, қазіргі уақытта бағамның жаңа деңгейде қалыптасып жатқанын байқап отырмыз. Қазақстан мен Ресейдің Бірыңғай экономикалық кеңістігі жағдайларында ресей рублінің ауытқулары ұлттық валюта бағамына əсер етіп отыр.
Сонымен қатар Ұлттық Банк өзінің валюта нарығына қатысуын барынша азайта отырып, алтын- валюта резервтерін жəне Ұлттық қордың қаражатын сақтап қалуға ұмтылып отыр. Жағымсыз сыртқы экономикалық жағдай аясында Ұлттық Банк желтоқсанда нарықта 851 млн долл. сатты. Ұлттық Банк операцияларының үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінен небəрі 18 % болды. Бұл 2015 ж. тамыздан бастап ең төмен қатысу деңгейі, яғни желтоқсанда Ұлттық Банк валюта нарығының негізгі қатысушысы болған жоқ жəне айырбастау бағамының өзгеру бағытын айқындаған жоқ. Біз жекелеген күндері орын алған барынша ауқымды ауытқуларды ғана икемдей білдік. Қарашадағы валютаны сатып алу операцияларын ескере отырып, Ұлттық Банктің 2015 ж. қараша-желтоқсанда валютаны сату түрінде валюта нарығына нетто-қатысуы 274 млн АҚШ долл., немесе осы айлардағы сауда- саттықтың жалпы көлемінен 3 % (7,8 млрд АҚШ долл.), болды.
Еркін өзгермелі айырбастау бағамы жағдайында сыртқы факторларға, бірінші кезекте мұнайдың бағасына жəне ресей рублінің бағамына байланысты айырбастау бағамының күн сайын құбылатынын түсінеміз. Сонымен бірге ішкі факторлар да əсер етуде. Алайда сақталып отырған сыртқы тұрақсыздық жағдайында бұл саясат айырбастау бағамының айтарлықтай бір сəттік өзгеру күйзелісінің болмауын жəне Ұлттық Банктің қатысуынсыз тең дəрежелі мəндерге біртіндеп қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Яғни, біз Ұлттық Банктің белгілі бір кезең бойы бағамның өзгермелілігін қамтамасыз етіп, содан кейін бірмезеттік түзетуді немесе мəн-жайлардың ықпалымен жаңа деңгейге өтуді жүргізуге мəжбүр болған практикасын тоқтаттық. Ұлттық Банк осындай жағдайларда күрт ауытқуларға жол бермеу жəне қаржылық тұрақтылыққа қауіп төнген жағдайларында өзінің валюта нарығына қатысу құқығын қалдыра отырып, теңгенің еркін өзгермелі айырбастау бағамы саясатын жалғастыруға ниеттеніп отыр. Бұл Ұлттық Банктің айырбастау бағамы бойынша бағдарының жоқ екендігін жəне кез келген уақыт кезеңіне оны болжамайтынын білдіреді [3].
- Ұлттық банктің стресс-тестілеу өткізуі. Бұл яғни банк секторының барлық субъектілерінде жұмыс істемей тұрған несиелерді анықтау жұмыстарын жүргізу. Қаржылық дағдарыс жағдайында Қазақстанның банк жүйесін қолдау мақсатында Үкімет тарапынан тұрақтандыру шараларын қабылдаудың маңызы зор болды. Қаржылық қолдау жасау үшін банктерді таңдау барысында банк капиталының көлемі ескерілсе, кейіннен отандық экономиканы несиелендірудегі үлесі, жеке тұлғаларды несиелендірудегі үлесі, жеке тұлғалардың депозиттерін жинақтаудағы үлесі, төлеп отырған салығының көлемі, қызметкерлерінің саны ескерілді. Осының негізінде Қазақстан Үкіметі, Ұлттық банк жəне Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу жəне қадағалау агенттігі Қазақстан Республикасы банк секторының капиталдану деңгейін одан əрі арттыру бағытында бірқатар шаралар қабылдады, яғни, банк жүйесінің алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері: Халық банкіне, ЦентрКредит, КАЗКОММЕРЦБАНК жəне ЦеснаБанк олардың жай акцияларын, артықшылығы бар акцияларын жəне субординацияланған облигацияларын сатып алу жөнінде ұсыныс жасады.
Атаулы банктерді қолдау банктердің ұзақ мерзімді жəне қысқа мерзімді тартымды активтерін қамтамасыз ету бағыттары бойынша жүргізілді. Ұзақ мерзімді тартымды капиталға қатысты акцияларды сатып алу үшін олардың қосымша эмиссиялары шығарылып, бұл акцияларды сатып алу бірінші кезекте банк акционерлеріне ұсынылды. Акцияларды сатып алудан акционерлер бас тартқан соң ғана «Самұрық-Қазына» Ұлттық əл-ауқат қоры арқылы аталған акциялар сатып алынған болатын. Қысқа мерзімді капиталға қатысты қолданылатын негізгі тетіктердің бірі банктерден талап етілетін олардың өзіндегі сақтық қорының төменгі мөлшерлі деңгейін екі пайызға дейін төмендету жолымен жүзеге асырылды.
Сонымен қатар Үкімет жұмыс істемейтін кредиттер тұрғысынан банк секторының барлық субъектілеріне жүргізілген күйзеліс-тестілеудің нəтижелері бойынша қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін 2016 жылғы қыркүйекке дейін оларды мойындау жəне есептен шығару жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
- Валютаға сенімді арттыру. Ерболат Досаевтың айтуынша, экономиканы долларсыздандыру мақсатында Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп экономиканы долларсыздандыру жəне корпоративтік құнды қағаздар нарығын дамытуды жəне биржалық сауданы теңгелей қаржы құралдарымен ынталандыруды, ел аумағында сатылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бағаларын жəне олардың жарнамасындағы бағаларды ұлттық валютамен ғана белгілеуді жəне көрсетуді қоса алғанда, теңге құралдарының тартымдылығын арттыру жөніндегі шаралар кешенін қабылдайды.
- Ұлттық банктің инфляция деңгейін 4 %-ға дейін орташа қысқа мерзімде төмендету [4].
Бұл ретте Ұлттық Банк пен Үкіметтің орта мерзімді перспективадағы негізгі мақсаты инфляцияны 2016–2017 жж. 6–8 %-ға дейін, 2018 ж. 5–7 %-ға дейін, 2019 ж. 4–6 %-ға дейін жəне 2020 ж. 3–4 %-ға дейін төмендету болып табылады. Осыған орай, 2016 жылғы сəуірде базалық пайыздық мөлшерлемені икемді өзгерту тетігі енгізілетін болады. Бұл баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге жəне инфляция деңгейін төмендетуге бағытталады. «Мұндай қадам ақша-кредит саясаты операцияларының тиімділігін арттыруға жəне оның ақша нарығының мөлшерлемелеріне ықпалын күшейтуге мүмкіндік береді.
- Ұлттық банктің институционалдық кемшіліктерін жою. Ұлттық банк құрамынан Бірыңғай зейнетақы қорын, проблемалы несие қорларын жəне өзге де қаржы институттарын шығару.
- 2016 ж. зейнетақы активтерін жеке қазақстандық немесе шетелдік компаниялардың басқаруына өткізу. Зейнетақы жинақтарының кірістілігін арттыру мақсатында 2016 ж. наурызға дейін зейнеткерлік активтерді инвестициялау тəсілдері қайта қаралатын болады жəне 2016 ж. шілдеге дейін зейнетақы қорларының активтерін қазақстандық немесе шетелдік жекеменшік компаниялардың басқаруына беру тетіктері əзірленетін болады. «2016 ж. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Проблемалы кредиттер қоры жəне басқа да қаржы институттары Ұлттық Банктің бақылауынан шығарылады», — деп түсіндіреді Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.
Біз елдің мемлекеттік қарызының деңгейін тұрақты бақылауда ұстауға тиіспіз. Мемлекеттік қарыз аз мөлшерлі деңгейде қалуға тиіс. Бұл қағидатты міндет, өйткені біз əлемдік тұрақсыздық жағдайында бюджетіміздің тұрақтылығын жəне ұлттық қауіпсіздігімізді тек осылай ғана қамтамасыз ете аламыз.
Мемлекеттік қаржы саласын дамытуда еліміз əлі алда тұрған талай белестерді бағындыруы тиіс. Жергілікті бюджеттерге еркіндік беру қажет, жəне салық жүйесінің оңтайландырылған түрін қолданысқа енгізу маңызды мəселе болып табылады.
Қорыта келгенде, мемлекеттік қаржы жүйесі - мемлекеттің ең маңызды жəне айырылмайтын бөлігі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысы — бұл еліміздің экономикалық тəуелсіздігі мен қауіпсіздігінің кепілі, сондықтан да бұл саланы басқаруда терең ақыл, салиқалы ойға жүгінгеніміз дұрыс.
Əдебиеттер тізімі
- Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауы. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1200001611.
- Шакеев Д.Т. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржыны басқару жүйесі. — Ақтөбе,
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылдың 30 қараша «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» Қазақстан халқына Жолдауы. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://www.akorda.kz/kz/addresses/memleket- basshysy-nnazarbaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy-2015-zhylgy-30-karasha.
- ҚР Қаржы министрлгінің ресми сайты. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://www.minfin.gov.kz.