Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Өңірлік инновациялық саясаты дамуының негізгі бағыттары

Индустриялық өндірістің тұрақты өсу тенденцияларын нығайту жəне оның құрылымдық өзгерістерін жақсарту үшін отандық индустрияны дамыту мəселелерін кешенді түрде шешу бағдарын қарастыратын, алдымыздағы 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған жаңа мемлекеттік индустриялық- инновациялық саясатты ұстанып, жүзеге асыру қажет. Өйткені мұндай əрекет индустрия саясатына кешендік сипатты бере отырып, осы саланың даму деңгейі мен қазіргі жағдайын қалыптастыру мақсатын көздеген саясаттарды орындау барысында қателіктер мен кемшіліктердің пайда болуын тежеуге мүмкіндік береді. Халықтың əл-ауқатының көтерілуі мен ұлттық экономиканың тиімділігі көп жағдайда инновациялық үрдістердің даму сатысымен айқындалады. Осы мақсатта қабылданған Қазақстан Республикасының 2003–2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясының жүзеге асырылуы — тəуелсіз Қазақстанның кемел келешекке ұмтылғандығының айғағы.

«Инновациялық даму» дегеніміз — жаңа жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз байланыстыру көзделген экономикалық даму бағыты. Республикамыздың 2003–2015 жж. индустриалды-инновациялық дамуы стратегиясының басты мақсаты да тұрақты өсім траекториясына шикізаттық бағыттан сервистік-технологиялық экономикаға көшу мақсатында өндіріс салаларын диверсификациялау көзделген. Инновациялық даму жолын таңдау себептерінің негізгілері: əлемдегі өнеркəсіптің технологиялық жолмен қарқынды дамуы, əлемде жаһандану процесінің өріс алуы, Қазақстанның БСҰ-на кіру мақсатына байланысты өнеркəсіпті бəсекелестікке дайындау қажеттілігі жəне бəсекеге қабілетті еңселі елу елдің қатарына қосылудағы мақсатқа жету.

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010– 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сəйкес Қазақстанның əр өңірлерінде ұлттық инновациялық жүйе жəне инновациялық дамудың өңірлік саясатын біріктіруді жəне біртараптандыруды қамтамасыз ететін өңірлік инновациялық жүйе құру керек [1].

Өңірлік инновациялық жүйе арқылы өңірге инновацияны енгізу келесі шараларға қол жеткізуге мүмкіндік береді:

  • кəсіпорындардың пайдасын жəне əлеуметтік-экономикалық жүйенің жиынтық өнімін максималдауға;
  • қалпына келтірілетін ресурстарды, қалдықсыз технологияларды жəне тағы басқаларды пайдалану арқылы табиғи ресурстардың ұдайы өндірісін кеңейтуге;
  • халықтың өмір сүру жағдайын жəне деңгейін жақсартуға жəне т.б.

Осы шараларға қол жеткізу үшін өңірлік инновациялық жүйенің құрамындағы келесі элементтерге көңіл бөле кеткен жөн:

  • аймақтық жоғары оқу орындар мен зерттеушілік институттардың байланысын белсенді түрде арттыруға бағытталған шаралар кешенін қабылдау;
  • аймаққа жоғары білікті еңбек ресурстарын тарту жəне қазіргі уақытта қолда бар персоналдың кəсіптік біліктілігін арттыруды белсенді түрде ынталандыру;
  • стартап-компанияларды қолдау үшін бизнес-инкубаторлар желісін құру;
  • маңызды аймақтық өнеркəсіптік кластерлер үшін қажетті нарықтар мен технологияларды үнемі қадағалап отыратын зерттеушілік ұйымдарды құру жəне олардың қызметін ұзақ мерзімге қаржыландыру;
  • аймақтық компаниялар, зерттеушілік ұйымдар жəне мемлекеттік мекемелер арасындағы кооперативтендіру жүйесінің тиімді механизмдерін құру;
  • жергілікті бизнес-элита ішіндегі жеке байланыстарды қамтамасыз ету, яғни нысандық жəне нысандық емес желілік ұйымдарды дамыту;
  • аймаққа венчурлік капиталдың белсенді ағымын қамтамасыз ету.

Қарағанды облысы нақты танылған өнеркəсіптік аймақ жəне өңдеуші жəне кен өндіруші өнеркəсіптің дамуы бойынша Қазақстан Республикасындағы көшбасшылардың бірі бола отырып, дамыған ғылыми-зерттеу базасы мен инновациялық инфрақұрылымға, сонымен қатар бірқатар ірі кластерлік құрылымдарға ие болып отыр, бұның бəрі бірігіп келе, аймақтық инновациялық жүйені құрайды (1-сур.).

 1-сурет. Қарағанды облысы өңірлік инновациялық жүйесінің құрам бөліктері  

Өңірдің жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары жаратылыстану, нақты, техникалық ғылымдар саласында, қара металлургия жəне металлургиялық үрдістер, геологтық барлау жəне кен өндіру технологиялары саласында іргелі жəне қолданбалы зерттеулер, сонымен қатар дəрілік препараттарды (оның ішінде өсімдік шикізат негізінде), əр түрлі ауруларды диагностикалау жəне емдеу əдістерін əзірлеу саласында зерттеулер жүргізуде [2].

Облыс аумағында металлургия-металл өңдеу, машина жасау жəне фармацевтика салаларында бірқатар кластерлік құрылымдар, сонымен қатар аймақтың инновациялық инфрақұрылымын құрайтын даму институттары мен өндірістік алаңдар (ƏКК, технопарк, индустриалдық парк, «Даму» қорының филиалы) қызмет етеді.

Осы орайда инновациялық жүйенің барлық құрам бөліктерінің айтарлықтай дамуына, болашаққа көзделген инновациялық жобалардың кең ауқымына жəне өнеркəсіптік облыстың инновацияларға деген жоғары қажеттілігіне қарамастан, облыс экономикасының инновациялық құрамының соңғы жылдардағы дамуы басымды кері беталыстармен сипатталады.

Қарағанды облысы кəсіпорындарының инновациялық белсенділік деңгейі 2011 жылы 7,2 % құрастырды, ал 2007 жылы бұл көрсеткіш 6,1 % болған еді (2-сур.). Сандық эквивалентте бұл өзінің өндірісінде инновациялары бар жəне инновациялық өнімді өндіретін 982 респондент ішіндегі 71 кəсіпорын болып табылады. Бұл көрсеткіш Республика бойынша екінші орын алады.

  2-сурет. 2011 жылғы инновация саласындағы кəсіпорындардың белсенділік деңгейі

Облыс кəсіпорындарының инновациялық белсенділігінің жəне инновациялық өндірісте қызмет ететін адамдар санын өсуіне қарамастан, облыс экономикасының инновациялық құрамы дамуының қаржылық көрсеткіштері инновациялық қызметтің едəуір төмендегенін көрсетеді. Егер 2007 жылы облыстың ЖУӨ-дегі инновациялық өнім үлесі 3,32 % болатын болса, онда 2011 жылы бұл көрсеткіш 0,60 % жетті, өнеркəсіптік өндіріс көлеміне қатысты өнім үлесі 11,7 %-дан 2,7 %-ға дейін төмендеді.

Қарағанды облысы экономикасының инновациялық секторының тиімділігіне бағалау жүргізейік (кестені қара).

2007–2011 жылдардағы инновациялық қызмет тиімділігін бағалау

 Инновациялық қызмет тиімділігінің негізгі көрсеткіштері бұл бағыттың едəуір əлсізденгенін байқатады. Жоғарыда атап айтылғандай, облыстың ЖУӨ-дегі инновациялық өнімнің үлесі 3,32 %- дан 0,60 %-ға дейін қысқарды. Инновациялық белсенді кəсіпорындар санының өсуі жəне салыстырмалы түрде тұрақты жұмысшылар саны облыстағы инновациялық өнім көлеміне ешқандай əсерін тигізбеді.

Елдің қарқынды индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында Қарағанды облысында жүзеге асырылып жатқан жобалардың инновациялылық дəрежесін қарастырайық.

Қолданылатын технологиялар деңгейі бойынша ҚИИДБ аясында жүзеге асырылып жатқан 45 жобаның ішінде (оның ішінде 2010 жылы жүзеге асырылған 9 жоба) Қарағанды облысы аумағында өндірістің көп бөлігі технологиялар трансферті негізінде салынып жатыр [4].

Түпнұсқалы, патенттелген технологиялар тек үш жобада ғана қолданылады: «КазИнМетр» РМК- ның газдық бақылау құралдарын қалыпқа келтіру үшін қажетті тексермелі газдық қоспалар өндірісінде; «Евромет» ЖШС-де көмірден жолшыбай металлургиялық кокс алынатын жылутехникалық кешеннің екінші кезегі құрылысында жəне «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС Қарағанды фармацевтикалық кешенінің үшінші кезегі құрылысында.

Бейімделген технологиялар келесі 5 жобада қолданылады: «КазБелАЗ» қосалқы бөлшектерін өндіру жəне техниканы жинау; «Сары Қазына» ЖШС базасында катодты мыс өндірісі бойынша зауыт салу; «Геополимер» ЖШС-де арнайы мақсаттарға арналған тоқыма өндіру;

«КарагандаЭнергоцентр» ЖШС қарамағындағы Қарағанды ЖЭО-3 қуаттылығын жаңғырту жəне кеңейту; «ТехноИндустрия» ЖШС базасында фракцияланған текше тəріздес қиыршық тас өндірісі бойынша зауыт салу; «Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты» ЖШС-де теміржол жүк вагондары үшін ірі құйма өндіру.

Өндірілетін өнімнің жаңашылдық дəрежесі бойынша инновациялы құрамның төмен деңгейін атап өтуге болады. 36 жоба стандартты өнім шығаратын болады, ал Қазақстан үшін жаңа өнім 8 кəсіпорында шығарылатын болады:

  • «КазАвиаСпектр» ЖШС-де ауыл шаруашылығы ұшақтары;
  • «PROLUX KZ LTD» ЖШС-де жарықдиодты шамдар;
  • «Евромет» ЖШС-де орташа температуралы кокс;
  • «КазБелАЗ» БК-да қосалқы бөлшектер мен техниканың бірқатар түрлері;
  • «Kaztherm» ЖШС-де панельді болат радиаторлар;
  • «КазИнМетр» РМК-ның газдық бақылау құралдарын қалыпқа келтіру үшін қажетті тексермелі газдық қоспалар;
  • «Кэлсис» ЖШС-де LAN жергілікті жүйесі үшін телекоммуникациялық кабельдер;
  • «Экостройсервис» АҚ металл емес құрылыс материалдарының бірқатар жаңа түрлері.

«ТМД елдері үшін жаңа өнім» позициясы бойынша 45 жобаның ішінде тек біреуін бөліп көрсетуге болады, нақты айтсақ, бұл «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС-де «Арглобин» жəне «Салсоколлин» дəрілік препараттары өндірісі.

Жалпы, ҚИИДБ негізінде, технологиялар трансфертіне бағытталған жəне жергілікті ғылыми əзірлемелердің жүзеге асырылуына қолдау көрсетпейді.

Аймақ субъектілерінің ҰИЖ элементтерімен қарым-қатынасын көрсетейік.

UniScienTech технопаркі. Инновациялық үрдісте технопарктердің маңызы зор, себебі олар қалыптасқан идея жəне технологиялар мен өндіріске инновацияларды енгізу, оларды нарыққа шығару арасындағы кідіріс пункті болып табылады.

Өзінің қызмет ету уақытында UniScienTech технопаркіне 150 ұсыныс келіп түсті (оның ішінде 2011 жылы 27 ұсыныс), олардың ішінде 6 жоба бизнес жəне технологиялық инкубирлеуге аударылды:

  • «SAS LLC» ЖШС-де синерго-активациялық ұсақтау жəне байыту жүйесі;
  • «Композиционные материалы» ҒТО ЖШС-де электр өткізуші композициялық материалдар;
  • «Элат» фирмасы» ЖШС-де көмір шахтасы учаскесінің электр құрылғыларының жəне технологиялық ортасының жұмыс режимін апат алдында жəне апаттан кейін бақылаудың автономды микропроцессорлық жүйесінің үлгісін əзірлеу;
  • «Казсибтехнология» БК» ЖШС тиесілі экологиялық таза сукөмірлі отын технологиясы;
  • «Экостройсервис» АҚ жүзеге асыратын пассивті үй;
  • «Машзауыт № 1» ЖШС-де машина жасаудың жоғары технологиялық өндірісін құру.

Келіп түскен ұсыныстардың ішінде бизнес инкубирлеуге жіберілген жобалар санының аз болуы осы қызмет түрін жеткіліксіз қаржыландырумен түсіндіріледі. Осылай, 2010 жылы бизнес жəне технологиялық инкубирлеуге бөлінген қаражат көлемі 250 млн теңгені құрастырды, 2011 жылы — 306 млн теңге (бұл республиканың барлық технопарктеріне бөлінген қаражат).

Сонымен қатар аталған институттың шағын штатына (13 адам) қатысты мəселені бөліп айтуға болады, бұл жағдай технопарктің бизнес жəне технологиялық инкубирлеу аясындағы қызметтерінің кең спектрін есепке алғанда, технопарк қызметін шектейтін бірден бір фактор болып табылады.

Жалпы, жоғары тұрған органдар, оның ішінде мемлекеттік органдар, технопарк жəне новатор- кəсіпкерлер арасында қалыптасқан қарым-қатынас жүйесіз сипатқа ие.

«Сарыарқа». «Сарыарқа» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясы (ƏКК) Ұлттық компаниясы қызметі кластерлік тəсілдеме негізінде аймақтың экономикалық дамуына əрекет етуге бағытталған. ƏКК инвестициялар мен инновацияларды тарту үшін қолайлы экономикалық жағдайлар қалыптастыруға арналған.

ƏКК қарастырған 8 инвестициялық жобаның 4 жүзеге асыруға қабылданған, оның ішіндегі 3 жобаның инновациялық кұрамы бар:

  • «Металлургия-металл өңдеу» индустриалдық паркін салу;
  • шыны-магнийлі табақ өндірісін құру;
  • технологиялық газдарды тазарту қондырғысы өндірісі бойынша зауыт салу.

Қорытындылай келе, аймақтағы инновациялық белсенділіктің ағымдағы жағдайына тəн күшті, əлсіз жақтарды, мүмкіндіктер мен қауіптерді анықтайық:

  1. Күшті жақтары:
  • облыс кəсіпорындарының инновациялық белсенділігінің өсуі;
  • шығарылатын инновациялық өнім номенклатурасының, сондай-ақ инновациялық өндіріске қатысушы салалар тізімінің кеңеюі;
  • шығарылатын өнімнің технологиялық деңгейінің артуы;
  • ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы еңбек өнімділігінің артуы;
  • Қарағанды облысындағы зерттеулер мен əзірлемелер құрылымындағы іргелі зерттеулер үлесінің республика бойынша орташа шамадан жоғары болуы;
  • зерттеулер мен əзірлемелерге жұмсалатын шығындарды қаржыландыру құрылымындағы меншікті қаражаттар мен тапсырыс берушілер қаражаттарының ролінің артуы.
    1. Əлсіз жақтары:
  • облыстың ЖУӨ-дегі инновациялық өнім үлесінің азаюы (0,80 %-дан 0,60 %-ға);
  • негізгі даму институттары мен сервистік базалар (Технопарк, ƏКК) қызметінің инновациялық жобаларды қолдаудағы тиімсіздігі;
  • бизнес жəне    технологиялық   инкубирлеу   аясында   технопарк   қызметін    жеткіліксіз қаржыландыру;
  • аймақта шығарылатын инновациялық өнім көлемінің 75 %-ға төмендеуі;
  • Қарағанды облысы аумағында мамандандырылған конструкторлық бюроның болмауы;
  • ғылыми-зерттеу қызметімен айналысатын ұйымдар санының жəне олардағы персонал санының қарастырып отырған мерзімде 2 есе азаюы;
  • негізгі қорлардың тиімділігі жəне ғылыми орта шығындарының нəтижелілігі көрсеткіштері біршама төмендеді.

Осы мəселелерді шешудің мүмкіндіктері:

  • дамыған ғылыми-зерттеу базасының болуы жəне болашаққа көзделген инновациялық жобалар санының көп болуы аймақ экономикасының инновациялық құрамы дамуының жоғары əлеуетін тудырады;
  • венчурлік қаржыландыру механизмдерін пайдалану аймақта шағын жəне орта инновациялық бизнестің дамуы үшін қолайлы орта жасайды;
  • ҒЗТҚЖ кезеңінде гранттық қаржыландыруды пайдалану əзірленетін инновациялық технологиялар санын арттырады;
  • Республикалық даму   бағдарламаларының  («Жол   картасы – 2020»,  «Өнімділік – 2020», «Экспорттаушы – 2020») механизмдері мен құралдарын пайдалану аймақтағы инновациялық белсенділіктің біршама артуына əкеліп соғады;
  • индустриалдық парк салу жəне оның аумағында АЭЗ құру аймақтағы инновациялық кəсіпкерліктің біршама дамуына əкеліп соқтырады;
  • даму институттары мен сервистік базаларды (технопарк, КБ) белсенді ету болашаққа көзделген инновациялық жобалардың жүзеге асырылуын жəне олардың инновацияларды енгізу кезеңіне шығуын жылдамдатады.

Сонымен қатар жүзеге асырылып жатқан жəне де жүзеге асырылуға жоспарланған инновациялық жобалардың үлкен көлеміне қарамастан, инновациялық жобалардың өңірдің өндірістік мамандануынан басқа салаларды қолдаудың маңызды екенін айта кеткен жөн. Бұл бірінші кезекте өңір экономикасының ары қарай əр тараптануына, оның дамуының постиндустриалды түріне өтуіне байланысты, ол кəсіби қызмет көрсету саласы, əлеуметтік қызмет саласы, құрылыс жəне тұрғын-үй коммуналдық саласы сияқты экономиканың салаларына үлкен көңіл бөлуді білдіреді. Бұл салалар аясында барлық өңірлік экономиканың бəсекеге қабілеттілігін көтеру үшін инновация жүзеге асырылуы қажет. Жалпы алғанда бұл салалардағы инновациялық бизнес-жобалар өңірлік инновациялық жүйе аясында жүзеге асырылуы мүмкін.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010–2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. — Астана, 2010. [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: government.kz
  2. Ахметов С.Н., Алимбаев А.А., Притворова Т.П. Карагандинская область в суверенном Казахстане. — Караганда: Форма Плюс, 2011. — 450 с.
  3. Қарағанды облысындағы ғылым жəне инновация қызметі: Стат. жин. / Бас ред. Е.С.Ысқақов. — Қарағанды, 2012. — 50 б. [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: www.karaganda.stat.kz
  4. Қарағанды облысының аймақтық инновациялық жүйесін 2012–2014 жж. қалыптастыру жəне дамыту бойынша ведомстволық жоспар. — Қарағанды

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.