Кластер — бұл өздері өндіретін өнімнің бəсекелестік қабілеттілігін арттыру мақсатында ғылыми жəне қаржы мекемелермен, жергілікті басқару өкілеттіліктерімен тығыз байланыста болатын кəсіпорындардың аумақтық-салалық ерікті бірлестіктері. Кластер кəсіпорындардың бизнес жүргізу жағдайларының өзгеруіне жəне рыноктағы сұранысқа тез арада икемденуіне мүмкіндік береді.
Жүйелік талдаулар нəтижелері көрсеткендей, агроөнеркəсіп кешенін жетілдірудің жəне дамытудың ең тиімді жолы — бұл жүйелі түрде дамушы кəсіпорындар құру жəне оларды кластерлік модельдер мен кластерлік технологиялардың көмегімен біріктіру. Қызылорда облысында мұндай жүйені құруға толық негіз бар.
Қазақстанның агроөнеркəсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006–2007 жылдарға арналған тұжырымдық негізгі мақсат ретінде отандық өнімнің ұлттық басымдылығын қалыптастыру мен дамыту негізінде АӨК салаларының өнімділігі мен табыстылығы анықталған.
ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен дамытуда кластерлік тəсілді қолдану қажеттілігі аталған. Қазақстанның салалық кластерлерін дамытудағы аса перспективті жетеуінің ішінде тікелей ауыл шаруашылығымен тамақ жəне тоқыма өнеркəсібі байланысты [1].
Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі жылдары адамдардың көпшілігінің санасында нарықтық қатынастарды түсінуі мен қалыптастырылуына қатысты елеулі өзгерістер болды. Жүргізілген əлеуметтік зерттеулер нəтижесінде қоғам, бизнес өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер Қазақстанның өтпелі кезеңде жеткен оң нəтижелерін байқап, бағалаған. Дегенмен қоғам, əсіресе зиялы қауым өкілдері қоғамымыздағы экономикалық жəне əлеуметтік өміріндегі, атап айтқанда, мемлекеттік секторда орын алған кемшіліктерге сын баға беруде. Бұл іс жүзіндегі заңдылықтардың ең бастысы салық жəне еңбек заңдылығының кəсіпкерліктің дамуы үшін экономикалық еркіндік дəрежесінің төмендігі. Кемшіліктердің сипаты төмендегідей.
- мемлекеттік ұйымдар мен заң қадағалаушы органдардағы мемлекеттік қызметкерлер арасындағы коррупция (жемқорлық);
- экономиканың шынайы секторының жеткіліксіз дамуы жəне көлеңкелі экономиканың бəсекеге қабілетсіздігі;
- экономикадағы көптеген салалар мен кəсіпорындардың монополиясы;
- шағын жəне орта бизнес үлес салмағының елеусіз болуы;
- тұрғындардың көпшілігінің өмірлік деңгейінің төмен болуы;
- тұрғындардың жергілікті жəне мемлекеттік билікке сенбеу;
- білім беру мен түрлі бұқаралық топтар арасында табысты əділ бөлу жүйесінің болмауы.
Əлеуметтік зерттеулер көрсеткендей, қоғамның барлық саяси, экономикалық жəне əлеуметтік қызмет сфераларындағы демократиялық өзгерістерді қоғам дұрыс қабылдап, қолдауда. Осыған орай, Қазақстан Республикасын 2015 жылға дейінгі аумақтық дамытудың бағдарламасын жүзеге асыру құралының бірі ретінде индустрияны мемлекетаралық, аймақтық деңгейде дамытудың кластерлік тəсілін қолдану қажет.
Үстеме құн əдісі бойынша бəсекеге қабілетті жəне экспортқа бағытталған өндірісті қалыптастыру мен дамытудың негізі ретінде уақыт өткен сайын үстеме құнды арттыра отырып, технологиялық тұрғыда бірнеше рет өзгертуге келетіндей өнім өндіретін өндіріс болуы керек.
Бүкіл əлемдік қауымдастық көптеген еркіндік индексі, ғаламдық бəсекелесу қабілеті, инвестициялық тəуекел, коррупция индексі, қалалар мен өнеркəсіп орталықтарының даму деңгейінің рейтингі сияқты көрсеткіштер бойынша бағалайды.
Ауыл шаруашылығының дамуындағы ғаламдық тенденцияларды талдау негізінде XXI ғасырда ауыл шаруашылығының мамандану, шоғырлануы, іріленуінің тұрақты тенденциясы қалыптасқанын байқаймыз. Бұл тенденция Қазақстанның АӨК-нде қамтиды жəне өндеуші кəсіпорындары бар ауыл шаруашылығы кəсіпорындарын біріктіру қажеттігіне əкеп соғады [2].
Республика АӨК-де кластерлерді дамыту болашағы халықтың ең маңызды тағам өнімдері мен қамтамасыз етілуімен, ауыл шаруашылығы шикізаты өнімдеріне аймақтар мен əкімшілік аудандардың мамандануымен, сыртқы жəне ішкі рыноктардың қажеттіліктерімен, бірқатар өзге де факторлармен анықталады.
Кластер — кəсіпорындар мен ұйымдар торабы, олардың əрқайсысының үстеме құн құру тізбегінде өз мүдделері бар. Білім, технология, идеяларды өзара алмасу негізінде олар кластерде өндірілетін өнімнің бəсекелестік қабілетін арттыру үшін жұмыс істейді. Кластер ішінде ішкі ресурстарды дұрыс пайдалану мультипликативтік экономикалық табысты қамтамасыз етеді.
Кластер — өндірістік байланыстардың инновациялық, рыноктық торабы, бұл торап «төменнен» келген ынта бойынша құрылады.
Кластер салалық қана емес, сонымен қатар экономиканың түрлі секторы мен сферасындағы кəсіпорындар мен ұйымдардың аумақтық -өндірістік торабы.
Кластерді құру мынадай кезеңдерден тұратын күрделі ғылыми-зерттеу, жобалау- конструкторлық процесс болып табылады:
1-кезең — кластерді құрудың əлеуметтік-экономикалық жағдайларын болжау жəне жүйелі талдау:
- кластер құру мақсаты мен стратегиясын негіздеу;
- кластер құруда ұлттық жəне аймақтық жағдайлар мен мүмкіндіктерге əлеуметтік- экономикалық талдау жасау;
- кластер құрудың құқықтық базасын қалыптастыру;
- маркетингтік зерттеулер жүргізу жəне өнімдер мен қаржы рыноктарының моделін жасау. 2-кезең — кластер жобасын жасау атап айтқанда:
- кластерді дамытудың перспективті (стратегиялық) жоспары;
- кезеңдер жылдар бойынша кластерді дамытудың стратегиялық жоспарын жүзеге асырудың ұйымдастыру-техникалық шаралар жоспары;
- кластер құруды техника-экономикалық негізделуіне құрылтайшылардың келісім беріп, бекітуі;
- кластер басшыларының бизнес-жоспары. 3-кезең — кластер құру жобасын дайындау.
Кластер құру тиімділігі салааралық байланыстардың даму деңгейіне, осы бірлестіктегі кəсіпорындардың өзара əрекеттесу формаларына, серіктестер арасындағы өзара тиімді экономикалық қатынастарға байланысты. Мұнда əр саланың ресурстық, еңбек жəне қаржылық потенциалы бар ар- найы ерекшеліктерін ескерген жөн [3].
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003–2015 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясы аясында Қызылорда облысының 2004–2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму аймақтық бағдарламасы қабылданған. Қазірде оны жүзеге асыру мақсатында негізінен шикізаттық бағыттан арылуға жəне бəсекелестікке төтеп бере алатын, экспортқа бағытталған тауар өндіру мен экономика салаларын əртараптандыру арқылы облыстың тұрақты дамуына бағытталған.
Аймақта күріш өндірісін одан əрі жетілдіріп дамыту бұл алдағы уақытта облыстың экономикалық белсенділігінің артуына зор ықпалын тигізеді. Күріш саласын дамытуда күріш кластерін ұйымдастыру өте маңызды болып табылады. Ол үшін кластердің инновациялық инфрақұрылымын дамыту қажет.
Бүгінде ауылды дамыту — ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін көтеру аграрлық қатынастар проблемаларының бірі.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін көтеру, аграрлық қатынастарды дамыту, əрбір адамның өмір сүру деңгейі тікелей осы саланың өркендеуіне байланысты.
Республика бойынша өндірілетін күріштің 80 пайызы Қызылорда облысында тиесілі. Күріш өндірісіне жаңа технологияны енгізу бағыты ұсталып, оны көшеттеп егу əдісі ендірілуде.
Күріш өндірісіне Республикадағы ірі компаниялардың инвестициялары тартылуда, бөлінген қаржы есебінен күріш өңдеу зауыттары салынып, сыртқы рыноктарға сапасы дүниежүзілік стандарттарға сай келетін күріш шығаруға мүмкіндік туындауда. Сондықтанда аймақта күріш өндірісін одан əрі жетілдіріп дамыту бұл алдағы уақытта облыстың экономикалық белсенділігінің артуына зор ықпалын тигізеді [4].
Осыған дейін күрішті сатып, алып-сатумен айналысқан коммерциялық құрылымдар ауыл шаруашылығы ірі кəсіпорындармен келісім-шарт жасап оларды бірнеше жыл басшылыққа ала баста- ды. Қызметтестіктің бұл формасы өзара тиімді болып, банктік бос қаражаттарды инвестиция түрінде кəсіпорындарға түсіру арқылы механизмді қалыптастыруға ықпал етті.
Өндірістің негізгі құралдарын пайдалану (суару жүйесі бар суармалы жерлер) жəне күріш шаруашылығының шикізат өнімдерін пайдалану, бір саланың дамуын өзге саланың дамуымен байла- ныстыруды күшейту, ірі инженерлік-мелиоративтік мəселелерді шешуде бірнеше саланы қатыстыру қажеттілігі жəне өзге де экономикалық проблемалар күріш шаруашылығын дамытуды кешенді жос- парлау əдісі ретінде жүйелі тəсілді қолдануға алғы шарттар жасайды.
Қызылорда облысында күріш шаруашылығын кластерлеудің алғы шарттары:
- 1.Өндіріс факторларға жататындар: табиғи ресурстар; адам ресурстары; физикалық жəне əкімшілік инфрақұрылым; ғылыми жəне технологиялық инфрақұрылым.
- 2.Фирма стратегиясы мен бəсекелесу контекстіне жататындар: жергілікті бəсекелестер арасындағы бəсеке; аймақ үшін басты сала; табыстың жалғыз көзі.
- 3.Сұраныс жағдайына жататындар: ҚР-ның 80 %-ын ТМД елдерінің сұранысын қана- ғаттандыру.
- 4.Қолдаушы ұқсас салалар: су шаруашылығы ұйымдары; мелиоративтік ұйымдар; мал шаруашылығы өңдеуші салалар.
Яғни күріш шаруашылығының қызметімен байланысты барлық ұйымдарды облыстық АӨК-ң құрамындағы ортақ мақсаты мен міндеттері бар күріш шаруашылығының кластері ретінде қарастыруға болады.
Күріш кластерінің əрбір нақты элементінің қызмет етуі үшін интеграция мақсатына сəйкес келуін, тұтас алғанда жəне оның жекелеген элементтерінің тиімді қызмет қамтамасыз етуін, рыноктық орта өзгерістеріне бейімделу дəрежесін бағалаған жөн. Күріш саласын дамытуда күріш кластерін ұйымдастыру өте маңызды болып табылады. Ол үшін кластердің инновациялық инфрақұрылымын дамыту керек. Күріш кластерін дамытуда төмендегі мəселелерді қарастыру кажет: машина-технологиялық станциялар, ауылдық несие серіктестіктерін, субсидияларды, маман кадрлар- ды даярлауды, ғылыми əлеуетті тауарлы дақыл өндірісін, күріш өңдеу өндірісін негізгі күріш өңдеу өндірісін, өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу өндірісін, өндірілген өнімдерді өткізу желілерін дамыту.
Қызылорда облысы бойынша 2009 жылға дейін күріш егуде осы көлемді ұстап тұру көзделіп отыр. Соңғы жылдармен салыстырғанда облыс көлеміндегі күріш егілген жер 22 мың гектарға көбейіп, орташа өнімділік 20 %-ке артқан. Облыста барлық күріш өнімінің 40 пайызын өндіретін ірі күріш өндіретін кəсіпорындарға «Шапағат ЛТД» ЖШС, «Томирис ЛТД» ЖШС, «Айдан инвест» ЖШС, «Алтын дəн ПВА» ЖШС, «Жаңажол» ЖШС, «Түгіскен тəжірибе шаруашылығы» РМК, «Қазақстан күріші» АҚ, «Абзал и К» толық серіктестігі жатады.
Компаниялардың негізгі кызметі — ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру жəне оны өңдеу. Бұл кəсіпорындарда өнімдерді өндірудің, сақтаудың, өңдеудің барлық технологиялық сатыларын жəне сатуды келісім-шарт пен алу-сату негіздерінде жүргізуге толық мүмкіншіліктері бар. Бұл компаниялардың күріш өңдеу зауыттары рынок талаптарына сай келетін күріш жармасын шығаруға мүмкіндік беретін қазіргі кездегі Оңтүстік Корей Жəне Германия қондырғыларымен жабдықталған.
Қызылорда облысында 137-дей күріш актайтын кəсіпорындар жұмыс істейді. Оның ішінде халықаралық стандарттарға сай өнім шығаратын шет елдік зауыттары бар кəсіпорындар: «Қазақстан күріші» ЖШС — 80 т/тəулік, «Алтын дəн ПВА» ЖШС — 80 т/тəулік, «Томирис ЛТД» ЖШС — 80 т/тəулік, «Шапағат ЛТД» ЖШС-120 т/тəулік, «Абзал и К» ТС 120 т/тəулік қуаттылықпен жұмыс атқарады. Атап айтқанда, «Шапағат ЛТД» ЖШС жəне «Шаған» кəсіпорны Германия елінің, ал «Қазақстан күріші» АҚ, «Томирис ЛТД» ЖШС жəне «Шапағат ЛТД» ЖШС Оңтүстік Корея мемлекетінен шыққан қондырғыларымен жабдықталған.
Күріш шаруашылығының əрбір нақты кəсіпорындарының өмір тіршілігі үшін интеграция мақсатына сəйкестік дəрежесін, жалпы күріш кластерінің жəне оның жекелеген элементтерінің қызмет ету тиімділігін қамтамасыз ету, рыноктық орта өзгерістеріне бейімделу, т.с.с. дəрежесіне баға берудің маңызы зор.
Күріш өндірісіндегі кластерлік тəсіл күріш шаруашылығы ұйымдарының жаңа шаруашылық механизмінің барлық элементтері мен жəне тетіктерімен: басқарумен, еңбекпен өндірісті ынталандыру, ұжымдар мен аймақтардың əлеуметтік өмір тіршілігі мен ұдайы өндірісіне жағдай жасайтын, толық коммерциялық есеп айрысу, бағамен, жалақымен, пайдамен, несиемен т.б. органикалық байланыста болуы керек.
Əдебиеттер тізімі
- Байзаков С., Райхан Н. Қазақстан экономикасын кластерлер көтереді // Ақиқат. — — № 2. — 21 б.
- Бодо Лохман. Кооперирование юридически самостоятельных предприятий (кластеры) как инструмент инновационной политики // Проблемы агрорынка. — 2005. — № 2. — 12 с.
- Леутский Л.И. Агропромышленные кластеры — прогрессивная форма организации агробизнеса в Казахстане // Про- блемы агрорынка. — 2004. — № 4. — С. 7–15.
- Мұханова А.Е. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде кластерлік жүйені белсенді пайдалану: «Орталық Азия мемлекеттерінің экономистері мен кəсіпкерлерінің Түркістан форумы»/ Халықарал. ғыл.-практ. конф. — Түркістан, 2005. — 268–270-б.