Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қылмыстық процесте қолданылатын арнайы білімдер мазмұнының түсінігі

 Қылмыстылықпен күрес тəжірибесі қылмыстарды ашу жəне тергеу бойынша құқық қорғау органдары қызметінің жоғарғы нəтижесінің қолданылатын құралдар мен əдістерге жəне арнайы білімдерге тікелей байланысты екенін көрсетіп беріп отыр. Іздерді жəне із түзуші мəліметтерді талдау арқылы қылмыс оқиғасын ретроспективті қайта қалпына келтіру мəселесін ғылым, техника жəне қолөнердің əр түрлі салалары мамандарының білімдерін қолданбай іс жүзінде шешу мүмкін емес. Заманауи жағдайда қылмыстарды ашу жəне тергеу барысында арнайы білімдерді қолдану қажеттілігі барынша арта түсуде. Ол, бір жағынан, қылмыстарды жасаудың бұрын белгілі болмаған, жаңа жолдарының пайда болуымен, қылмыстық топтардың бірігуінің арта түсуімен, сонымен қатар қылмыстарды тергеуге қарсы əрекет белсенділігімен айқын байқалатын, қылмыстылықтың сапалы өзгеруімен түсіндірілсе, басқа жағынан, қылмыстарды ашу жəне тергеу процестерінің объективтілігіне қойылатын талаптардың күн санап арта түсуімен байланыстырылады. В.Н. Махов «арнайы білімдердің құндылығы заңда көзделген тəртіппен, қылмыстарды тергеудің барысында ғылым мен техниканың жетістіктерін шексіз қолдануға мүмкіндік ашатындығында» деп əділ түрде көрсетті [1; 33]. Сондықтан арнайы білім институтын қылмыстық процесс жəне криминалистиканың ажырамас жəне маңызды бөлімі ретінде қарастыруға негіз бар. Қылмыстық сот өндірісіндегі арнайы білімдерді анық түсіну процестік қызметте оларды тиімді қолдану үшін үлкен маңызы бар деген Л. Г. Шапироның ұстанымын қолдаймыз. Ол қолданылатын білім саласын дұрыс анықтауға, тергеу əрекетіне қатысатын тиісті маманды тартуға жəне басқа да сұрақтарды шешуге мүмкіндік береді [2]. Сонымен, қылмыстарды ашу жəне тергеуде арнайы білімдердің алатын орны ерекше, сондықтан бұл ұғымның анықтамасы тек теориялық қана емес, практикалық маңызға да ие.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексінде (ҚР ҚПК) «арнаулы білім — адам кəсiптік оқудың не практикалық қызметтің барысында алған, қылмыстық сот iсiн жүргiзу мiндеттерiн шешу үшiн пайдаланылатын, қылмыстық процесте жалпыға бірдей белгiлi емес бiлiм» (ҚР ҚПК 7-б. 5-т.) деп анықталса, «арнаулы ғылыми білім мазмұны — сот-сараптамалық зерттеулердің əдістемелерінде іске асырылған ғылыми білім құрайтын арнаулы білім саласы» (ҚР ҚПК 7-б. 6-т.) деп көрсетілген. Арнаулы ғылыми білім түсінігінің дəл осы анықтамасы

«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 240-IV Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабының 1-тармағында да берілген. Аталған ұғымдардың мағынасын дұрыс түсіне білу сараптамалық міндеттерді табысты шешуде қалай қажет болса, арнайы білімдерді əр түрлі нысанда тиімді қолдана білу үшін де дəл солай керек. Қылмыстық сот өндірісінде мұндай білімдерді нəтижелі қолдану олардың мəнін толық анықтаумен тікелей байланысты. Осы мақсатта бірқатар ғалымдардың пікірлеріне назар сала отырып, өз көзқарасымызды қалыптастыруға тырыстық.

Арнайы білімдер түсінігі көптеген жылдар бойы процессуалист жəне криминалист-ғалымдармен зерттеліп келеді, оның мазмұнына қатысты бірыңғай көзқарас болмауына байланысты əлі де пікір талас туғызуда.

Алғашқылардың бірі болып «арнайы білім» түсінігінің анықтамасын берген А.А. Эйсман, оның «жалпыға мəлім емес, жалпының бірдей қолы жетпейтін ... шектеулі мамандар ауқымына ғана тиесілі» екендігін айтып, арнайы білімдердің тергеушінің кəсіби білімдері мен оның тəжірибесінен бөлектігін көрсетеді [3]. Осындай мазмұнға ұқсас бұл түсініктің анықтамасын басқа ғалымдардың еңбектерінен кездестіруге болады. Атап айтқанда, Ю. К. Орлов «жалпы білім дайындығы барысында жəне күнделікті тұрмыстағы қалыптасатын білімнен бөлек білімді арнайы білімдер» [4] деп атаса, В.И. Шиканов та «арнайы танымдар» терминінің «жалпыға белгілі, яғни азаматтардың жалпы білім беру дайындығына кіретіндерді қоспағандағы кез келген білімдердің (практикалық тəжірибе, дағдылардың) мүмкін болатын жиынтығын белгілеу үшін қолданатындығына» [5; 23] назар аударады. Бұл анықтамалардан арнайы білімдердің басты белгісі анықталғанмен, жалпыға мəлім емес жəне жалпыға белгілі білімдердің арақатынасына байланысты сұрақтар туындайды.

Осы сұраққа қатысты А.А. Эйсман «Көпшілікке қолжетімді жəне арнайы білімдердің шекарасы біршама анық емес, жылжымалы, оны бағалау көбіне субъективті сипатта болатындығы белгілі. Жалпыға мəлім жəне арнайы мəліметтердің ара шегінің тарихи жылжымалылығына кезінде И.Я. Фойницкий де көрсеткен болатын. Кейбір арнайы мəліметтердің, мысалы, белгілі физикалық, химиялық заңдылықтардың немесе қандай да бір аспаптардың əсері жария болып, көпшілікке мəлім болып отырса, сол екі арада жаңа техникалық құралдар пайда болып, арнайы танымдар ауқымын үздіксіз толықтырып отырады. Біздің елде байқалатын тұрғындар мəдениетінің, оның ішінде ғылыми жəне техникалық мəдениеттің жалпы жоғарылауы «жалпыға мəлім» шекарасының кеңеюіне мүмкіндік береді» деп жазған болатын [6]. Осы көзқарасты қолдай отырып, Е.Р. Россинская жалпыға белгілі таным» түсінігін «жалпы білім беретін дайындық» термині секілді субъективті бағалау сипатында болады деп санайды. «Арнайы жəне жалпыға белгілі танымдардың арақатынасы табиғаты бойынша өзгермелі, қоғамның даму деңгейіне жəне ғылыми білімдердің адамның күнделікті өмірімен ұштасу дəрежесімен байланысты. ...Білімдерді жалпыға мəлім, үйреншікті, көпшілікке қолжетімді қатарына жатқызу елеулі түрде нақты субъектінің білім жəне интеллектуалды деңгейіне, оның өмірлік жəне кəсіби тəжірибесіне байланысты» [7]. Т.В. Сахнованың пікірінше, арнайы білімдер анықтамасы «бағалау сипатты, сондықтан табиғаты бойынша өзгермелі, қоғамдық қатынастардың даму деңгейі мен ғылыми білімдерді адамның күнделікті тəжірибесіне бейімдеуімен байланысты» [8; 9]. Осы айтылғандарға сəйкес, əрбір нақты жағдайда талап етілетін білімдердің сипатын талқылап, олардың арнайы білімдерге жататын-жатпайтындығын шешу қажет. «Тергеуде білімдерді көпшілікке қолжетімділер қатарына жатқызуда шешуші сөз — нақты іс бойынша тергеушіге, ал сот өндірісінің келесі сатыларында сотқа тиесілі» [6; 39].

Г.Г. Зуйков арнайы білімдерді «дəлелдемелерді табу, бекіту мен зерттеуді қамтамасыз ететін, ең алдымен, теорияға негізделген жəне практикамен нығайтылған криминалистикалық техниканың тəсілдері мен құралдарына қатысты, терең жəне əр түрлі білімдер» [9; 113] ретінде қарастырады.

«Осы мағынада қолданылуы қылмыстарды толық, жан-жақты жəне əділ тергеуге қажетті соттық медицинадағы, соттық химиядағы, физикадағы, өрт сөндіру қызметіндегі танымдарды жəне сонымен қатар басқа да (педагогикалық, лингвистикалық, математикалық жəне т.б.) танымдарды арнайы білімдерге жатқызады» [9; 113]. Бұл анықтамада нақты білім салалары жəне қолданылу мақсаты көрсетілген. Дегенмен əр түрлі жəне терең білімдер нақтылауды қажет етеді.

Арнайы білімдер сөз тіркесі бірқатар тұжырымдамаларда тар жəне кең мағынада түсіндіріледі. Арнайы білімдер ретінде, кəсіби дайындық нəтижесінде алынған, иегеріне қандай да бір саладағы сұрақтарды шешуге мүмкіншілік жасайтын, мəліметтер жиынтығын түсіну керек, деп жазады З.М. Соколовский [10]. Осылайша автор анықтама пəнін тым шектеулі қабылдайды. Ал, Г.Е. Морозов болса, арнайы білімдер есебінде, химия немесе биология, математика немесе физика, жаратылыстану немесе энергетика, педагогика немесе лингвистиканың нақты саласын меңгерген тұлғаның білімін түсінеді [11]. Мұндай нұсқада арнайы білімдер түсінігінің кең мағынада берілуі жəне бірінші анықтамадағы секілді қылмыстық процесте қолданылу қажеттілігінің көрсетілмеуі, олардың кемшін тұстары ретінде Б.М. Бишмановтың [12] сынына ұшырағанын айта кету керек.

Қылмыстарды тергеуде қолданылатын арнайы білімдердің белгілерінің бірі, көптеген ғалымдардың пікірі бойынша, бұл олардың қолдану саласы мен мақсаты. Мысалы, В.И. Шиканов өзінің беріп отырған анықтамасында сөз болып отырған білімдердің тек қылмыстық процесте қажет болатын білімдерге ғана қатысты екені туралы нақтылайды: «Қылмыстық іс бойынша дəлелдеу пəніне кіретін мəн-жайларды жан-жақты, толық жəне əділ анықтауға қажетті болып табылатын білім мен практикалық тəжірибені қылмыстық сот өндірісінде арнайы танымдар деп атау қабылданған. Істің нақты мəн-жайларына байланысты арнайы танымдар жаратылысты жəне техникалық ғылымдардың əр алуан салаларына, өнер мен қолөнердің əр түрлі түрлеріне қатысты болуы мүмкін» [5; 23].

Т.В. Сахнова «арнайы білімдер іс жүргізулік категориясы ретінде олардың заңдық мақсатта белгілі бір процессуалдық нысанда қолданылуын талап етеді. Бұл нақтылау аса маңызды жəне сот төрелігі мазмұнының ерекшелігін сипаттайтын, оның мəнді элементі ретіндегі процессуалдық нысанның табиғатымен қамтамасыз етіледі» деп əділ түрде ерекше көңіл аударады [8; 9]. Ю.Г. Корухов та қылмыстық іс бойынша дəлелдемелер алуда арнайы білімдерді қолданудың аса маңыздылығын атап өтеді: «Білікті мамандардың қатысуы, арнайы танымдарды қажет еткен жағдайларда, тиісті дəлелдемелерді алудың үлкен кепілдемесі болып табылады. Бұл жағдайда маман өзінің əрекетімен дəлелдемелер санын көбейтуге, олардың аясын кеңейтуге, тергеушінің арнайы сұрақтарды білмеуі салдарынан жіберіп алғандарын дəлелдемелер қатарына енгізуге қабілетті» [13; 18]. Кейбір ғалымдар қылмыстық процестегі арнайы білімдерді қолдану аясын орынсыз ұлғайтады.

Мысалы, И.Н. Сорокотягин өзінің берген анықтамасында: «Қылмыстық-процессуалдық мағынасындағы арнайы білімдер — ол арнайы дайындық немесе кəсіби тəжірибе нəтижесінде алынған жəне қылмыстарды ашу жəне тергеу үшін қажетті дəлелдемелік, жедел-іздестіру жəне басқа да мəліметтерді алу үшін қолданылатын ғылым, техника, өнер жəне қолөнердегі білімдер жиынтығы» деп жазады [14]. Дербес сипатты, өзінің мақсаты мен міндеттері бар жедел-іздестіру қызметі барысында арнайы білімдер қолданылатын жағдайлар болуы мүмкін, ал кейбір кезде арнайы білімдерді қолданбай болмайтын жағдайлар да кездесуі мүмкін, бірақ бұл арнайы білімдер қылмыстық процестен тыс қалады. Мұндай көзқарас В.Н. Махов [1; 37], Т.В. Сахнова [8; 10] тараптарынан да айтылған болатын. Т.В. Сахнова «арнайы білімдерді процессуалдық ережелерден тыс іс жүзінде қолданудың ешқандай заңдық салдары болуы мүмкін емес, өйткені кез келген қоғамдық қатынас іс жүргізуде тек қана құқықтық нысанда болады» деп есептейді [8; 10]. Сонымен, арнайы білімдердің басты белгісі ретіндегі олардың қылмыстық сот өндірісі мақсаттарына қол жеткізу үшін қолданатындығы көптеген ғалымдардың анықтамаларында көрініс тапқан.

Қарастырылып отырған түсініктің толық анықтамаларының бірін С.Ф. Бычкова береді: «Арнайы білімдер ретінде адам кəсіби оқудың не белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеудің нəтижесінде алған, қылмыстық сот өндірісі міндеттерін шешу үшін пайдаланылатын, қылмыстық іс жүргізудегі жалпыға мəлім емес білім түсініледі» [15]. А.А. Исаевтың пікірі бойынша, «арнайы сарапшылық танымдар сараптама өндірісінің əдістемесінде жүзеге асырылатын, пəндік ғылымдардың белгілі бір кешенді теориялық білімдері мен практикалық дағдылар жəне практикалық тəжірибе жиынтығымен қамтамасыз етілетін кəсіби білім болып табылады» [16]. Басқа да ғалымдардың осы мазмұндас анықтамаларынан арнайы білімдердің тағы бір белгісін бөліп шығаруға болады — ол белгілі бір еңбек қызметіне дайындық үрдісі кезінде жəне практикалық жұмыс істеу барысында алынатын, білімдер мен дағдылар. Арнайы білімдердің заңдық түсінігін қарастыра отырып, Т.В. Сахнова мазмұнының жалпы белгісіне, арнайы оқыту барысында алынатын, ғылыми, кəсіби білімдерді жатқызады [8; 10]. А.В. Шмонин [17], Ю.К. Орловтарда [4; 6] арнайы білімдерді қолданудың кəсіби оқу жəне (немесе) дайындықтың белгілі бір дəрежесімен жəне сонымен қатар кəсіби тəжірибе, дағдылармен байланыстылығына ерекше көңіл аударады.

Осы мағынадағы толық мазмұнды анықтаманы Р.С. Белкин [18] жəне оның оқушысы саналатын Т.В. Аверьянованың [19] бергенін де айта кеткен жөн. Мысалы, Т.В. Аверьянова: «Нақты істерді тергеу мен сотта қарау кезінде туындайтын сұрақтарды шешу үшін қолданылатын, тиісті білім саласындағы ғылыми зерттемелерді білуге негізделген, оқу барысында жəне ғылым, техника, өнер, қолөнерде практикалық жұмыс істеу кезінде субъектінің алған білімі арнайы болып табылады» деп санайды [19]. Арнайы білімдер құрылымында əдістемені игеру сияқты элементті бөліп шығару, ең алдымен, сарапшының арнайы білімдеріне қатысты болу керек, себебі мұны қылмыстық- процессуалдық заң ережелері талап етеді (ҚР ҚПК 79-б. 1-т). Арнайы танымдардың осы белгісін Е.В. Селина кеңірек қарастырады. Ол арнайы танымдар құрылымына «білім, ойлау мүмкіншілігі, ғылыми көрегендік, айқын емес мəселелерді қою біліктілігі, туа біткен қабілеттілік, қоршаған ортаны тиісті қабылдауға бейімділік, біліктілік, дағдыларды» енгізуді ұсынады [20]. Сонымен, кəсіби білімдер, біліктілік, дағдылар, тəжірибе, көптеген ғалымдардың пікіріне сай, арнайы білімдердің белгілері болып табылады.

Арнайы білімдер үнемі жаңарып, тереңдетіліп, жетілдіріліп отыруы қажет, өйткені ғылым жəне техника əрқашан серпінді даму үстінде, бұл өз кезегінде арнайы білімдер ауқымын кеңейтіп, олардың да тиісті дамуын талап етеді. Бұл кəсіби білімдердің арнайы болып қалуы үшін аталған салалардың заманауи күйіне сəйкесті болуын білдіреді.

Арнайы білімдердің мазмұнына тек кəсіби қызметтің белгілі салалары бойынша тұрақты мəліметтер ғана кірмейді, сонымен бірге бұл білімдерді иеленушілердің тиісті объектілер мен құбылыстарды зерттеп тануда дұрыс пайдаланып, қолдану қабілеттілігі де кіреді. Мұндай қабілеттілік қолда бар арнайы білімдерді кəсіби қолданудың тиісті біліктілігі мен дағдыларының болуымен көрінеді. Сондықтан кəсіби тəжірибеге алып келетін, аталған біліктілік пен дағдылар арнайы білімдерді тиісінше қолдануға мүмкіндік береді. Тəжірибе — бұл арнайы теориялық білімдерді ұзақ уақыт практикада қолдану арқылы қалыптасқан, анық фактілік мəліметтерді тексерудің қайнар көзі ретінде қолдануға болатын нақты нəтижеге қол жеткізетін қабілеттілік.

Заң əдебиеттерінде арнайы білімдердің мазмұнына адамдардың тəжірибесін кірістіру мүмкіншілігіне қатысты басқа пікірлерді кездестіруге болады. Мысалы, «арнайы білімдердің бірыңғай құрылымы туралы айтуға келмейді, өйткені олардың мазмұнына, мысалы, математика жəне кейбір басқа ғылымдардың салаларындағы сияқты теориялық білімдер ғана кіреді. Тұлғаның арнайы білімдерге қатысты практикалық тəжірибесі туралы тек оның қылмыстық сот өндірісінде маман ретінде қатысуына байланысты ғана айтуға болады. Сондықтан бірқатар білім салалары үшін практикалық тəжірибе факультативтік белгі болып табылады. Барлық арнайы білімдер шартты түрде екі топқа бөлінеді: а) таза теориялық; б) теориялық жəне практикалық элементтері бар білім, яғни кəсіби білім алу, сонымен қатар теориялық білімдерді пайдаланумен байланысты практикалық жұмыс істеу нəтижесінде алынған тəжірибе, дағдыларды, біліктілікті қамтитын білім» деп көрсетілген [21].

Арнайы білімдерді таза теориялық жəне ғылыми-практикалық деп бөлуді орынсыз санаймыз, себебі қылмыстық іс жүргізу бұл теориялық білімдерін міндетті түрде белгілі бір практикалық мақсатта қолданатын субъектілердің практикалық қызметі болып табылады. Жалаң теорияландыру мұнда өзінің қолданылу аясын табуға қабілетті емес. Тіпті математика, физика, химия секілді нақты ғылымдардың білімдері алдын ала тергеу мен соттық қарауда тек дəлелдеуде пайдаланылуы жəне белгілі бір нəтиже алу мақсатында ғана қолданылуы мүмкін.

Белгілі бір таным қызметіндегі кəсіби теориялық білімдер мен кəсіби тəжірибенің ажырамас қоспасынан тұратын арнайы білімдердің қылмыстық сот өндірісіндегі маңызы өте зор. Осы жерде Е.П. Гришинаның пайымдауын келтіре кеткенді жөн деп ойлаймыз: «Хабардар деп аталатын тұлғаларды қылмыстық іс бойынша өндіріс процесіне тартудың айрықша маңыздылығы кем дегенде үш жағдаймен анықталады. Біріншіден, сарапшылардың, мамандардың жəне басқа да хабардар тұлғалардың ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін өз уақытында игеріп алуымен. Екіншіден, анық дəлелдемелерді алу үшін жəне, ақыр аяғында, қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтауда өздігінен шексіз мүмкіншілік беретін осы білімдерді мақсатты бағытта жəне жоғары кəсіптік қолдану қабілеттілігімен. Үшіншіден, осы білім иелерінің мəліметтік жағынан қалай болса, процессуалдық жағынан солай ауыстырылмайтындығымен» [22].

Теориялық жəне практикалық компоненттермен қамтылған, арнайы оқыту барысында алынатын арнайы білімдер үнемі жаңартылып, жетілдіріліп отыруы қажет, өйткені олай болмаған жағдайда ғылыми-техникалық дамудың заманауи деңгейіне сай болмай қалады. Сондықтан бұл білімдер күнделікті жəне қолжетімділер қатарына жатқызылмайды, себебі оларды алу үшін арнайы дайындық жəне қайта даярлау қажет. Шын мəнінде, арнайы білімдер тиісті субъектілердің ғылым, техника, өнер жəне қолөнердің заманауи жетістіктерін үздіксіз меңгеру нəтижесінде алынатын өнім болып табылады.

Қылмыстық сот өндірісінде қолданылатын арнайы білімдердің мазмұнына тек кəсіби білім беру барысында алынатын белгілі бір оқиғалар, құбылыстар, материалдық жəне басқа да объектілер туралы мəліметтер жиынтығы ғана емес, сонымен бірге оларды қолданудың тиісті ғылыми əдістемесі де кіреді. Мұндай əдістемелік білімсіз ешқандай кəсіби тəжірибе қылмыстық іс бойынша сенімді (мысалы, сарапшы қорытындысы секілді) дəлелдемелер құрастыруда көмек бере алмайды.

Қылмыстық сот өндірісіндегі арнайы білімдердің тағы бір белгілерінің бірі, алдын ала тергеу органдары мен соттың құзыреттілігіне жататын, құқықтық білімдерден оларды шектеумен байланысты. Бүгінгі күнге дейін бұған қатысты заңгерлер арасында ортақ пікір қалыптаспаған. Ғалымдардың бір тобы қылмыстық процесте қолданылатын, заң (құқықтық) білімдерді арнайы білімдердің бір түрі ретінде санап, құқықтық (заңдық) сараптама тағайындау қажеттілігін негіздейді. Олар қылмыстық іс жүргізу заңында құқықтық сараптама өндірісіне тыйым салынбағандығына сілтеме жасап, немесе заңдылықтардың күрделенуінен оған деген қажеттіліктің туындауын желеу етіп, құқықтық сараптама өндірісіне рұқсат береді. Мысалы, Е.Р. Россинская өзі зерттеген күрделі қылмыстық жəне азаматтық істер бойынша, жоғары білікті заңгерлердің жай пайымдаулары, пікірлері ғана емес, сонымен бірге хабардар тұлғалардың арнайы заң білімдерінің негізіндегі нормативтік актілердің зерттеу, талдау нəтижелері мазмұндалған, мамандардың қорытындысын құжат-дəлелдемелер ретінде іс материалдарына қоса тігіп отырғандығын айтады. Бұл оның құқықтық (немесе заңдық) сараптамаларды, олардың міндеттерін, объектілерін, əдістерін жəне зерттеу əдістемелерін заңдастыру қажеттілігі туралы қорытындыға келуіне түрткі болған [23].

Ал ғалымдардың басқа бір тобы құқықтық білімдердің арнайы білімдерге жатпайтындығын айтып, құқықтық сараптама тағайындау жəне өндірісі туралы идеяны қабыл алмайды. Солардың бірі Ю.Г. Корухов «заң, соның ішінде құқықтық таным, сөзсіз, ол да арнайы, бірақ бұл арнайы танымдарды барлық тергеушілер, прокурорлар, соттар, алдын ала тергеу мен соттық талқылауды жүзеге асыратындардың барлығы да міндетті түрде игеруі қажет. Құқық саласындағы сараптама, қылмыстық процесте емес, тек практикада РФ Конституциялық сотында ғана болуы мүмкін. Құқық нормаларын өз бетінше дұрыс түсіндіру жəне қолдану тергеушілердің, прокурорлардың, соттардың қызметінің маңызды бөлігін құрайды» деп санайды [13; 29].

Дегенмен, құқықтану, кез келген ғылымдар секілді, білімдердің интеграциялану жəне дифференциялану үрдістеріне ұшырағыш келеді. Ол құқықтың əрқайсысы үнемі жетілдіріліп, дамып отыратын, əр түрлі салаларын біріктіреді. Тергеуші немесе сотқа, мысалы, түрлі нормалардың əр түрлі уақыт аралығындағы əрекетімен байланысты сұрақтарға жауап беруі кейде қиындыққа соғады, мұндай жағдайда олар құқықтың тар саласы бойынша мамандарға жүгінуіне тура келеді. Осыған сəйкес, тергеушілер мен соттардың кəсіби білімдерін есептемегендегі, құқықтық білімдерді «арнайы білімдер» қатарына жатқызуды ұсынған В.Н. Маховтың пікірімен келісеміз: «...Тергеушінің (судьяның) кəсіби білімдері — құқықтық білімдер. Бірақ барлығы емес, тек қылмыстық құқық, қылмыстық процесс, криминалистика білімдері ғана. Жоғары оқу орнында шаруашылық, еңбек, халықаралық құқық жəне кейбір басқа да салалық құқықтық ғылымдарды оқып білгендіктен, тергеушілер тиісті құқық саласындағы қиын емес заңдық сұрақтарға өздері-ақ жауап бере алады. Бірақ заңгерлер арасында да мамандандыру бар. Сондықтан тергеуші тарапынан, оның кəсіби қызметі шегінен шығатын, құқықтық қызметтің қандай да бір тар саласы бойынша маманданған заңгерлердің терең танымдарын ескермеу дұрыс болып табылмайды» [1; 46]. Осындай ғалымдардың ойлары практикадағы қызметкерлер тарапынан қолдау тауып, «құқықтық сараптама» да заманауи қылмыстық процестен орын табуы мүмкін.

Сонымен, көтеріп отырған мəселе арнасындағы ғалымдардың пікірлерін талқылай отырып, келесідей қорытынды жасауға болады:

  1. арнайы білімдердің мəніне қатысты сұраққа бүгінге дейін бірыңғай көзқарас қалыптаспаған;
  2.  «жалпыға мəлім» түсінігін арнайы білімдер анықтамасына кіргізбеген дұрыс, себебі ол заңдылықтармен байланысты емес, субъективті (бағаламалы) сипатқа ие;
  3. арнайы білімдер ғылым, техника, өнер жəне қолөнердің əр түрлі салаларына қатысты;
  4. арнайы білімдер қылмыстық сот өндірісінің мақсаттарына жету үшін қолданылады;
  5. арнайы білімдердің қолданылуы білім жəне (немесе) дайындықпен, сонымен бірге кəсіби тəжірибемен анықталатын, кəсіби құзыреттіліктің деңгейімен байланысты;
  6. қылмыстық істердің фактілік мəн-жайларын қылмыстық-құқықтық бағалаумен байланысты білімдерді қоспағандағы құқықтық білімдер арнайы болып табылады.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Махов В.Н. Использование знаний сведущих лиц при расследовании преступлений: Монография. — М.: Изд-во РУДН, 2000. — 296 с.
  2. Шапиро Л.Г. Специальные знания в уголовном судопроизводстве и их использование при расследовании преступле- ний в сфере экономической деятельности: Дис. … д-ра юрид. наук. — Саратов, — C. 29.
  3. Эйсман А.А. Заключение эксперта (Структура и научное обоснование). — М.: Юрид. лит., — C. 91.
  4. Орлов Ю.К. Заключение эксперта и его оценка (по уголовным делам). — М.: Юрист, — 64 с.
  5. Шиканов В.И. Актуальные вопросы уголовного судопроизводства и криминалистики в условиях современного научно- технического прогресса: Монография. — Иркутск, 1978. — 190 с.
  6. Эйсман А.А. Критерии и формы использования специальных познаний при криминалистическом исследовании в це- лях получения судебных доказательств // Вопросы криминалистики. — — Вып. 6, 7. — С. 33–45.
  7. Россинская Е.Р. Специальные познания и современные проблемы их использования в судопроизводстве // Журн. российского права. — 2001. — № 4. — С. 35,
  8. Сахнова Т.В. Судебная экспертиза. — М.: Городец, 1999. — 368 с.
  9. Зуйков Г.Г. Общие вопросы использования специальных познаний в процессе предварительного расследования //Криминалистическая экспертиза. — 1966. — № 1. — С. 113–125.
  10. Соколовский З.М. Понятие специальных знаний // Криминалистика и судебная экспертиза. — 1969. — № 6. —С. 100–103.
  11. Морозов Г.Е. Участие специалистов в стадии предварительного расследования: Автореф. дис. ... канд. юрид. наук. —Саратов, 1977. — C. 10.
  12. Бишманов Б.М. Эксперт и специалист в уголовном судопроизводстве. — М.: Москов. псих.-соц. ин-т, — С. 20.
  13. Корухов Ю.Г. Правовые основы применения научно-технических средств при расследовании преступлений. — М., 1974. — 29 с.
  14. Сорокотягин И.Н. Специальные познания в расследовании преступлений: Монография. — Ростов-н/Д.: Изд-во Рос- тов. гос. ун-та, 1984. — С.
  15. Бычкова С.Ф. Теория и практика судебной экспертизы: Учеб. пособие. — Т. Организация, назначение и производство судебной экспертизы. — Алматы: Жеті жарғы, 1999. — С. 37.
  16. Исаев А.А. Теоретические и правовые проблемы применения специальных познаний для квалификации преступле- ний. — Алматы: Жеті жарғы, 1999. — С.
  17. Шмонин А.В. Понятие и содержание специальных познаний в уголовном процессе // Российский судья. — № 11. — С. 11–13.
  18. Белкин Р.С. Криминалистическая энциклопедия. — М.: Мегатрон XXI, 2000. — С.
  19. Аверьянова Т.В. Субъекты экспертной деятельности // Вестн. криминалистики / Отв. ред. А.Г. Филиппов. — Вып.— М.: Спарк, 2001. — C. 29–37.
  20. Селина Е.В. Применение специальных познаний в российском уголовном процессе: Дис. ... д-ра юрид. наук. —Краснодар: Кубанский гос. ун-т, 2003. — С. 29.
  21. Степанов В.В., Шапиро Л.Г. Концептуальные проблемы понятия специальных знаний в уголовном судопроизводстве //Вестн. криминалистика. — 2004. — Вып. 4 (12). — С. 4–15.
  22. Гришина Е.П. Перспективы использования специальных знаний психолога в уголовном судопроизводстве // Россий- ский следователь. — 2005. — № 7. — С. 13,
  23. Россинская Е.Р. Судебная экспертиза в гражданском, арбитражном, административном и уголовном процессе. — М.: Норма, 2005. — С. 13

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.