Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Экстремизм мен терроризмге қарсы күрестегі халықаралық тəжірибе

Бүгінгі таңда экстремизм жəне оның кез келген нысанымен күрес жаһанды халықаралық міндет болып табылады. Экстремизмге қарсы күрес жүргізу бойынша халықаралық құқықтық актілер мен шет мемлекеттердің заңнамалық базасы үлкен қызығушылық тудыруда.

Кейбір шет мемлекеттерде нəсілдік сөздер сөйлеуге, нəсілдік насихат пен адамның діни наным- сенімі ұлты негізінде жеккөрушілік немесе менсінбеушілік білдіретін алауыздық немесе арандатушылық туғызатын сөздер сөйлеп, өтініштер жасауға тыйым салатын заңдар бар.

Зерттеушілердің пікірлері бойынша, Канада, Дания, Франция, Германия мен Нидерландыдағы діни алауыздық пен дінге сенушілердің діни сезімдерін кемсітуді қоздыруға (бірқатар елдерде бұл əрекеттер — hate speeh — «жауыздық сөзі» деп аталады) тыйым салатын заңдарды қолдану тəжірибесі ұқсас — барлық жерде бұл заңнамалар қылмыстықпен қатар, азаматтық жауапкершілікті де қарастырып, жеке тұлғалардың ар-ұятын қорғауға бағытталып, белсенді қолданылады [1].

Канада, Дания, Франция мен Нидерландыда қабылданған заңдар діни топтармен қатар нəсілі, ұлттық жəне этникалық шығу тегі бірдей топ мүшелерін қорғауды қамтамасыз етеді. Адамның діни сезімдеріне кемсіту жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы заң Нидерланды [2] жəне Канада [3] мемлекеттерінде қабылданған.

Қазіргі таңда нəсілшілдікке қарсы күрес жүргізуші ұйымдарға Орталық жəне Шығыс Еуропа, Батыс Еуропа мен Солтүстік Американың 60 үкіметтік емес ұйымдары жатады. Олардың ең ірісі Еуропа кеңесінің нəсілшілдікке қарсы комитеті болып табылады.

Канадада бұл құқықбұзушылық жалпы құқықта қарастырылғандықтан, жеке тұлғаның діни сезімін кемсітуге байланысты жауапқа тарту үшін, ол қоғамдық тыныштыққа қауіп төнгендігі туралы дəлелдеме беруі керек.

Франция нəсілдікпен күрес жүргізуші үкіметтік емес ұйымдардың нəсілдік əрекеттері үшін адамдарды азаматтық-құқықтық жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапқа тартып, іс қозғау құқықтары бар. Мұндай істердің басым бөлігін нəсілшілдікке қарсы күрес жүргізуші ұйымдар қозғайды. Ал Германия, Нидерланды жəне Канада сияқты мемлекеттердің заңнамасында жеке ұйымдарға мұндай кең мүмкіндіктер беру қарастырылмаған. Францияда экстремистік ұйымдар өз белсенділіктерін арттырып, лаңкестілік актілер саны да өсу үстінде. Олардың Қылмыстық кодексінде алдын алу əдістері қолданылатын тұлғалар саны айтарлықтай кеңейтілген. Қылмыстық жауапкершілік субъектілеріне жеке тұлғалармен қатар, заңды тұлғалар да жатады.

Францияның №86–1004 «Тұлғаларды тексеру туралы» Заңына өзгерістер енгізіліп, онда Франция еліне келген, қоғамдық тəртіпке немесе елдің қоғамдық қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін тұлғаларды, сонымен қатар француз билігіне күмəн туғызған тұлғаларды арнайы тексеруден өткізу тəртібі қарастырылған. Заңда артық формалдылық алынып тасталып, тексеру процедуралары жеңілдетілген, саусақ іздерін фотоға түсіруге жəне алуға мүмкіндік беріліп, жарылғыш, уландырғыш немесе басқа да адам өміріне тікелей қауіп туғызушы заттары бар деп болжамдалған тұлғаларды ұстау шаралары белгіленген.

Террористік актілерді көп жағдайда шетелдік азаматтар жасайтын болғандықтан, адамдар арасында қобалжу тудырушы тұлғалар, егер де билік олардың мемлекетте болуы ел азаматтары үшін қауіпсіз емес деп санаған жағдайда шет ел азаматтарын елден шығару қылмыстылықтың алдын алу шарасы ретінде мойындалады. Мемлекет үшін тиімді емес деген шетел азаматтарын Франция аумағынан қудалау Францияның №86–1019 «Шетелдіктердің Францияға кіру жəне болу шарттары туралы» Заңына сəйкес жүзеге асырылады.

Франция заңнамасында құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды құқық қорғау органдарымен ынтымақтастықта жұмыс істеуге тарту шаралары да бекітілген. 1986 жылғы 2 қазанда қабылданған №86-1019 «Қылмыстық əрекеттермен күрес туралы» Заңға сəйкес қылмыстық топты əшкерелеуге немесе сыбайластарын ұстап беруге көмектескен тұлға жауапкершіліктен босатылады.

Францияның № 86–1026 «Терроризммен жəне мемлекеттік қауіпсіздікке қол сұғушылықпен күрес туралы» Заңында террористік қылмыс жасағаны үшін толығымен немесе жартылай жазасынан босату жағдайлары қарастырылған (6-б.). Мысалы, егер жазаланушы тұлға (егер оның əрекет құрамында басқа қылмыс болмаған жағдайда) құқық қорғау органдарына дайындалып жатқан қылмыс туралы хабарлап, террористік актіні болдырмау үшін барлық күшін салса жəне қажет болған жағдайда террористік актіге қатысушыларды анықтауға көмектессе, ол жазадан толығымен құтылады.

Францияда террористік қылмыстар жасағаны үшін өмір бойы абақтыға жабу жазасы қолданылады, бірақ құқық қорғау органдарының жұмысына көмектескен тұлғаларға қатысты 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатын ерекше ереже қолданылады.

Тəжірибе бұл ережелер қылмыс жасауға дайындалған тұлғаларға, əсіресе террористер арасына кездейсоқ еніп кеткен жағдайда (мысалы, жағымсыз жағдайлар себебінен, аяқ асты болған жағдай) жағымды əсер ете алмайтындығын көрсетті. Осындай нормаларды заңнамаға кіргізу қажеттілігіне дəлел Францияның Қылмыстық кодексінің 4-кітабының II-бөлімінің 2-тармағына («Ерекше ережелер») ешбір өзгеріссіз енгізілу фактісі бола алады [4].

Германия Конституциясына 80-ші жылдардың ортасынан бастап экстремистік ұйымдардың кез келген əрекеттеріне тыйым салушы арнайы түзетулер енгізілген. Германия Федеративті Республикасының Негізгі Заңында: діни наным-сенімі немесе саяси көзқарастарына байланысты ешкімге қиянат жасауға немесе басымдылық танытуға болмайды; адамдардың діни наным-сеніміне, ар-намыс бостандығы мен дүниетанымдарына қол сұғуға тыйым салынады; мемлекет діни дəстүрлердің кедергісіз қолданылуына кепілдік береді; мақсаты мен əрекеттері қылмыстық заңдарға қарсы келетін немесе конституциялық құрылымына немесе халықтар арасындағы өзара түсіністік идеясына қарсы бағыттағы бірлестіктер қызметіне тыйым салынады; мемлекеттік қызмет атқару жəне мемлекеттік қызмет ету барысында берілген құқықтар, азаматтық жəне саяси құқықтарды пайдалану діни наным-сеніміне байланысты тəуелді емес деп көрсетілген (3, 4, 9, 33-б.) [5].

ГФР Қылмыстық кодексінде азаматтар мен діни бірлестіктерді кемсітіп (егер діни əдет- ғұрыптар қоғамдық тəртіпті бұзуға бағытталмаған жағдайда), оларды өткізуге кедергі жасағаны үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе ақшалай айыппұл салу қарастырылған (130, 166, 167-б.) [6].

АҚШ-та экстремизмнің кез келген көріністеріне қарсы күрес жүргізу мемлекет ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең маңызды міндеті болып табылады. Қарулы экстремизм — заңсыз қолданылған немесе күшпен қауіп төндіру, адамдарды немесе жеке меншікті мəжбүрлеу немесе үкімет пен қоғамды қорқыту үшін саяси, діни немесе идеологиялық мақсаттар үшін қарулы күш көрсету деп белгіленеді [7].

АҚШ мемлекеті президентінің 1998 жылғы қазан айында конгреске ұсынған «Келесі жүзжылдықтағы ұлттық қауіпсіздік стратегиясы» деп аталатын баяндамасында халықаралық терроризм қаупі өз масштабы бойынша жаһандық қауіпке жататындығы туралы айтылған болатын. Халықаралық терроризмге қатысты АҚШ төмендегідей қағидаларды ұстанады: террористермен келісімге келмеу; терроризмге қолдау көрсетуші елдерге жан-жақты қысым жасау; халықаралық террористерді жазалау үшін заңды механизмдерді толығымен қолдану; осы мақсатта өзге мемлекеттерге көмектесу.

Қазіргі таңда терроризммен күреске үлкен мəн беретін АҚШ осы мақсатта өз заңнамаларын қаталдандыруда: 1958 ж. мен 1999 жылдар аралығында діни экстремизм мен терроризмге қандай да бір қатысы бар 40 құқықтық актілер қабылданса, оның ең маңыздысы 1995 жылғы маусым айында қабылданған президенттің № 39 Құпия атқару директивасы, 1996 жылғы сəуір айында қабылданған Терроризммен күресуді күшейту туралы заңы жəне 1998 жылғы мамыр айында қабылданған № 62 Атқару директивасы [8].

Терроризмге қарсы қызметке АҚШ қарулы күштері тартылып, ол үшін сəйкесінше құқықтық жəне ұйымдастырушылық-қызметтік негіздер əзірленген. Терроризмге қарсы қарулы күштер қызметіне қатысты негізгі құқықтық ережелерге американдық мамандар төмендегілерді жатқызады:

  • террористік актілер жасалған жағдайда əскери құрылымдардың қатысуымен антитеррористік операциялар өткізу жағдайларын нақты белгілеу;
  • əскери органдардың, құрылымдар мен лауазымды тұлғалардың əрекеттерін Тергеу федералды бюросымен (ТФБ) міндетті түрде үйлестіру;
  • барлық дəрежедегі командирлер АҚШ-ның континенталды бөлігінде жəне басқа жерлерде орналасқан əскери бөлім немесе əскери объектілерде заңдылық пен тəртіптің сақталуына жауапты. Сондықтан олардың кез келген террористік актілерге жауап ретінде барлық шараларды қолдану құқықтары бар. Шет мемлекетте шоғырланған əскери объектіге қарсы террористік актілер жасалған жағдайда командирдің жоғарыда айтылғанға ұқсас құқықтары бар, дегенмен, ол өз əрекеттерін сол мемлекет өкілімен жəне АҚШ мемлекеттік департаментімен келісуі қажет;
  • өздері орналасқан аумақтан тыс жерлерде терроризммен күресу шараларына қарулы күштерді пайдалану президенттің директивті нұсқауы бойынша ғана жүзеге асырылады [9].

АҚШ Қарулы күштерінің терроризмге қарсы қызметінің осы құқықтық негіздері əскери құрылымдарды ұйымдастыру мен олардың қызметтерінің базасы болып табылады. Олардың мақсаты — терроризмге қарсы шараларды уақытылы жəне мұқият жоспарлау, даярлану жəне жүзеге асыру. АҚШ құрылықтағы əскерінің əскери полиция мектебінде мұндай əрекеттерді жоспарлау моделі төмендегі кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:

  • барлау жұмыстарын жүргізу;
  • ықтимал қауіпті талдау жəне бағалау;
  • қорғаныс министрлігінің əскери жəне азаматтық қызметкерлерінің жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету, материалдық-техникалық құралдарды, қару-жарақ пен əскери техниканы жəне əскери объектінің өзін қорғау;
  • органдар мен лауазымды тұлғалар арасында заңды жауапкершілікті бөлу;
  • дағдарыс жағдайындағы, яғни, террористік акт жасалған соңғы немесе жасалуы мүмкін болған жағдайдағы əрекеттер т.б.

Қазіргі таңда АҚШ жасаған терроризмге қарсы күрес жүргізу жүйесі қалаулы нəтижелерге қол жеткізіп келеді десе болады.

1988 жылы Италияда жаңа қылмыстық іс жүргізу кодексі шығып, онда соттың конституциялық қағидаларын сақтау жəне жеке тұлға құқықтарын қорғау қажеттілігі аталды. Италияның жаңа ҚІЖК- де ұлттық жəне діни алауыздықты, кемсітушілік идеяларын дəріптейтін ұйымдар құруға жəне олардың əрекет етуіне тыйым салынған, оларды ұйымдастырушылар мен қатысушыларды жəне оларға ықпал етуші тұлғаларды жазалау шаралары, сондай-ақ тыйым салынған эмблемалар мен символдарды қоғамдық орындар мен ереуілдерде көрсеткені үшін қылмыстық жауапкершілік бекітілген [10].

Терроризммен тиімді күрес жүргізу мақсатында итальяндық заңнама реттелген қылмыстық-іс жүргізушілік жəне əкімшілік құқықтар қарастыратын ерекше тергеу тəсілдерін қолданады.

Үндістанда    1998    жылы    Қылмыстық    кодекс    153    А-бабымен   толықтырылып,   онда «үнді азаматтарының əр түрлі таптары» арасында алауыздық немесе жеккөрушілікті тұтатқаны үшін жауапкершілік бекітілген [11].

Жапония Конституциясының 14,19 жəне 20-баптарында барлық адамдар заң алдында тең құқылы жəне саяси, экономикалық жəне əлеуметтік жағынан нəсілі, діні, жынысы, əлеуметтік жағдайы мен шыққан тегіне қатысты кемсітуге тыйым салынады; ой мен ар-намыс бостандығы бұзылмауы тиіс жəне ол үшін кепілдік беріледі; бірде-бір діни ұйым мемлекет тарапынан ешқандай басымдылық алмауы жəне ешқандай саяси билікті пайдаланбаулары тиіс; кез келген діни актілер мен мейрамдарға, жора-жолғылар мен əдет-ғұрыптарға қатысуға ешкімді мəжбүрлеуге болмайды; мемлекет пен оның органдары діни оқулар мен қандай да болмасын діни əрекеттер жасаудан аулақ болуға тиіс, — деп көрсетілген.

Жапонияның мемлекеттік полицейлер басқармасының экстремизм мен терроризмді ескерту мен оның алдын алуға байланысты тəжірибесі де мақұлдарлықтай деп есептейміз. Онда офицерлерді белсенді халықаралық террористік топтар туралы ақпараттар жинақтау мақсатында: болашақта террористік əдістерге жүгінуі мүмкін топтарды анықтап, нақты жəне толық ақпараттар алып, тəжірибе алмасу үшін шет елдерге жібереді. Террористік актілердің алдын алу мақсатында қажетті жағдайларда өзге мемлекеттерге тиісті органдармен ақпарат, тергеу əдістерін зерттеу, кепілге адамдар алған тұлғалармен сөйлесу жəне террористік актілердің алдын алуға бағытталған басқа да əрекеттерді жүзеге асыру мақсатында сарапшылардан тұратын командалар жіберіледі [12].

Ұлыбритания экстремизммен күресте белгілі бір жетістіктерге қол жеткізіп, осы бағыт бойынша тəжірибе жинақтаған мемлекеттер қатарында.

Ұлыбританияда 2005 жылдың наурыз айында «Терроризмнің алдын алу туралы» Заң қабылданып, онда экстремизм мəселелері де қарастырылды. 2007 жылғы сəуір айында Лондонда болған лаңкестілік актілерінен кейін экстремистік идеялардың таралуын тоқтату мақсатында «Күш көрсететін экстремизмнің алдын алу» (Preventing Violent extremism) бағдарламасы қабылданды [13–16]. Ол алдын алу, қудалау, қолдау көрсету жəне дайындық түріндегі төрт қағидаға негізделді. Оның нəтижесінде ІІД Ұлыбритания парламентіне экстремизмге қарсы күресуге байланысты шараларды, соның ішінде экстремизм немесе заңсыз, сонымен қатар қоғамдық қауіпті əрекеттерімен күдікті болған немесе байқалған шет ел азаматтарының Бірлескен Корольдікке кіруіне жол бермеу көрсетілген тізімді ұсынды [17]. Сөйтіп, Ұлыбритания үкіметі шет ел азаматтарының елге кіру ережелерін қатайту туралы шешім қабылдаған соң, ІІД басшысы экстремистік бағытты ұстанушы барлық адамдар үшін ел есігінің жабық екендігі туралы хабарлады. 2006–2009 жылдар аралығында Ұлыбританияға кіру үшін алатын виза 230 адамға осы негіздер бойынша берілмесе, оның 80-і діни- экстремизмдік бағытты ұстанушы тұлғалар болып танылды.

2014 жылғы қараша айында Қытай Халық Республикасының Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданының билігі діни экстремизмге қарсы күрес жүргізу саласында жаңа шаралар қабылдағандығы туралы жариялады. Діннің кез келген сыртқы əсерлерге өте сезімтал құбылыс екендігі белгілі. Сондықтан да оған əсер ету түрлері тыйым салушылық, директивті сипатқа ие болса, сол дін өкілдерінің бұл үрдіске деген қарым-қатынастарының жағымсыз болуы мүмкін.

ҚХР Конституциясына жəне «ҚХР ұлттық аудандық автономиясы туралы» Заңына сəйкес 1955 жылғы 1 қазанда Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданы (СҰАА) құрылып, оның астанасы — Үрімші қаласы болып жарияланды. Халық саны 17 млн шамасында, 47 ұлт өкіл өмір сүреді. Ұйғырлар — 7,916 млн адам, (47%), қазақтар — 1,257 млн адам (7,4%), хуэй-дүнган — 760,2 мың, қырғыздар — 165 мың, тəжіктер — 33,5 мың, өзбектер — 13,5 мың адам [18]. Осындай көп ұлтты болып саналатын Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданы Қытай мемлекетінің діни экстремизм мен терроризмнің етек жаюына өте қолайлы жəне жергілікті билік өкілдері үшін проблемалы əкімшілік ауданы болып саналады.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген діни экстремизмге қарсы күрес жүргізу саласындағы бұл заңның дінге тигізер əсері зор деп күтілуде. Себебі солтүстік-батыс Қытай, оның ішінде Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданы (СҰАА) Орталық Азиямен-шекаралас. Олардың табиғи жəне климаттық жағдайы ұқсас, əлеуметтік-экономикалық мəдениеттері бауырлас. Олардың ортақтылығы осымен бітпейді. Кейбір ғалымдар, егер 60–70-ші жылдары экстремизмнің шарықтау шегі Еуропаға келсе, енді ол бұрынғы кеңестік мемлекеттерге ауысқандығын дəлелдеуде. Ал Орталық Азияда олардың қызметтері үшін аса жайлы саяси, əлеуметтік-экономикалық, рухани- психологиялық жəне геосаяси жағдай бар [19].

Сондықтан да Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тəжікстан жəне Қытай мемлекеттері арасында халықаралық экстремизм жəне терроризм сияқты жағымсыз құбылыспен күресуге бағытталған «Шанхай бестігі» құрылды. Осы əрекеттен басқа ҚХР басшылығы 20 жылдан астам уақыт бойы дін мəселесіне араласудан бойын аулақ салып, діни экстремизммен күресуге бағытталған басқа арнайы ұйғарым шығармағандығы белгілі. Ал қазіргі жағдай (осы мақсатта жаңа технологияларды қолдану) үкімет басшылығынан жаңа, батыл шешімдер қабылдауды талап етеді.

Ал 18 баптан тұратын жаңа ереже экстремизм дегеніміз не, оған қандай əрекеттер жатады, осы құбылыстың таралуын болдырмау мақсатында, қандай діни қызмет салаларына шектеу қойылатындығы сияқты сұрақтарға нақты жауап береді. Жаңа нормаларға сəйкес діни экстремизмге байланысты киімдер киіп, белгілер тағуға тыйым салынады, дегенмен, мəтінде киім мен белгілердің нақты түрлері көрсетілмеген. Сондай-ақ діни объектілер ішінде де, сыртында да жиһад, діни экстремизмге байланысты бейнематериалдар көріп, оны таратуға тыйым салынады. Діни ұйым қызметкерлері мен кошбашылары діни экстремизмге қатысы бар кез келген жағдай туралы тиісті органдарға хабарлауға міндетті.

Жаңа нормаларға сəйкес жеке тұлғаларға интернет желісі, ұялы телефондар мен сандық қосымшалар арқылы діни экстремизм идеяларына, ұлттық бірлікке ірткі салуға, əлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық алауыздықты өршітуге бағытталған əрекеттері үшін 5000-нан 30000 юаньға ($807–$4847) дейін айыппұл салу қарастырылған.

Соңғы жылдар ҚХР үшін аса ауыр жыл болды. 2014 жылдың өзінде-ақ төрт теракт жасалып, діни экстеремизм жəне терроризмге қарсы күрес мемлекеттік биліктің барлық деңгейінде жүргізілуде. Пекиндегі теракттан соң КПК ОК 18 шақырылымының XII пленумында Ұлттық қауіпсіздік кеңесі құрылып, ол «жоғары буынды ведомствоаралық үйлестіруші орган» деп танылып, оған ҚХР ішімен қатар, халықаралық дəрежедегі бүкіл терроризмге қарсы белсенділікке бақылау жасау қызметі жүктелді [20]. Мұнан басқа, масштабты терроризмге қарсы оқу шаралары жүргізіліп, полиция қызметкерлері мен қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етуші басқа органдардың біліктілік жəне техникалық жабдықтандыру деңгейлері қарқынды түрде арттырылып, тергеу жұмыстарын жақсарту, күдіктілерді іздеу мен төтенше жағдайларды реттеу мақсатында аймақаралық полиция қызметкерлері, темір жол, авиация қызметтерінің үйлесімділігі жақсартылуда.

Чех Республикасының (ЧР) экстремизмге қарсы күрес бойынша заңнамасы да назар аударарлық. Олардың Қылмыстық кодексінде экстремизм түсінігінің мазмұны ашылмағанмен, түсінік жиі қолдансқа ие. Мəселен, экстремизмге қатысты жыл сайын жасалатын баяндамада (1998 ж.) ЧР Ішкі істер министрлігі Əділет министрлігімен бірлесе отырып, Қауіпсіздік жəне барлау қызметінің, Сыртқы байланыс жəне ақпарат басқармасының, Сыртқы істер министрлігінің, Білім мен жастар жəне спорт министрлігінің, Мəдениет министрлігінің, Еңбек жəне əлеуметтік істер министрлігінің, Жоғары мемлекеттік прокуратураның, осы елдегі адам құқықтары бойынша Мемлекеттік кеңестің қатысуымен бірлескен жұмыс жүргізілетіндігі туралы айтылған. Экстремизм түсінігі ЧР ІІМ-нің 2002 жылғы жұмыс қорытындысы туралы баяндамасында құқық нормаларынан айтарлықтай ауытқыған, интолеранттық элементтерін көрсететін жəне ЧР Конституциясының 1,2,5,6,9-баптарында жəне 1991 жылғы 9 қаңтарда қабылданған Негізгі құқықтар мен бостандықтар Хартиясының 1 жəне 3-баптарында қарастырылған конституциялық принциптерге озбырлық жасайтын идеологиялық позиция ретінде қалыптастырған. Чех Республикасы Конституциясының 3-бабына сəйкес бұл Хартия оның құрамдас бөлігі болып табылады [21].

Чех Республикасының Конституциясы бойынша Чехия адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрмет тұтуға негізделген егеменді, бірыңғай, демократиялық жəне құқықтық мемлекет (1-б.). Халық барлық мемлекеттік биліктің көзі болып табылады (2-б.). Конституцияның 5-бабында ЧР саяси жүйесі негізгі демократиялық қағидаларды құрметтейтін жəне өз мүдделерін қорғау құралы ретінде күшті жоққа шығаратын, еркін жəне ерікті құрылатын жəне еркін бəсекеге түсетін саяси партияларға негізделген делінген.

Негізгі құқықтар мен бостандықтар Хартиясының 1 жəне 3-баптарында адам ар-намысы мен бостандықтары бойынша еркін жəне тең болып табылады; негізгі құқықтар мен бостандықтар бөлінбейді, ескірмейді жəне алынып тасталмайды, құқықтарына адамдардың жынысына, нəсіліне, терісінің түсіне, тілі, діні мен сеніміне, саяси немесе басқа ұстанымдарына, ұлттық немесе əлеуметтік тегіне, ұлттық немесе этникалық аз халыққа жатуына, мүліктік жағдайына немесе басқа жағдайларына қарамастан, кепілдік беріледі.

Жоғарыда аты аталған жыл сайынғы экстремизмге байланысты жасалатын баяндамада «экстремистік мағынадағы қылмыс» ұғымына немесе «нəсілдік, ұлттық немесе басқа əлеуметтік жеккөрушілікпен уəжделген қылмыстар» түсінігіне жататын қылмыстар тізімі берілмеген. Бірақ соттарға экстремизм факторларын қарау барысында келесі қылмыстарды ескеру керек екендігі белгіленген:

  • қоғамдық қауіптілік;
  • адамдар тобына немесе жеке адамдарға қатысты күш көрсету;
  • ұлтқа, нəсілге немесе нанымдарға байланысты жала жабу;
  • ұлттық немесе нəсілдік алауыздық туғызу;
  • қоғамдық тəртіпті бұзу;
  • ауыр өлім;
  • денсаулыққа зиян келтіру;
  • адам бостандығына шектеу жасау;
  • бопсалау;
  • сенім еркіндігін шектеу;
  • бірлестіктер мен жиындар бостандығы құқықтарын бұзу;
  • өзге тұлғалардың мүлкіне зиян келтіру;
  • геноцид;
  • адам құқығы мен бостандығын басуға бағытталған қозғалыстарды насихаттау жəне оған қолдау жасау;
  • тұрғындарды қудалау.

Баяндамада экстремистік идеология қолданыстағы демократиялық, саяси жəне экономикалық жүйеге қарсы бағытталған құрылымдық əрекетке айналуы мүмкін деп атап көрсетілген. Əрекеттің осы түрімен Заңның 5 (а) бөліміне сəйкес 153/1994 Қауіпсіздік жəне сыртқы барлау қызметі айналысуы қажет. Баяндамада көрсетілген 1998–2009 жылдарғы мəліметтер бойынша, экстремистік бағыттағы қылмыстар саны жыл санап өсіп келеді, тек 1998 жылы ғана өзге жылдармен салыстырғандағы осы қылмыс түрінің саны 26 қылмыстық іске кем болған. Осы қылмыс түрінің ең төменгі көрсеткіші 1996 жылы — 131 тіркелген қылмыс болса, рекордтық саны 2002 жылы тіркелген 473 қылмыс (кестені қара).

 К е с т е Чех Республикасындағы экстремистік бағыттағы тіркелген қылмыстар санының динамикасы

 Чех Республикасында 2000–2008 жылдар арасында экстремистік бағыттағы ең кеңінен тараған қылмыс түрі адам құқығы мен бостандығын басуға бағытталған қозғалыстарды насихаттау жəне оған қолдау жасау (ЧР ҚК 260,261-б. 1961 ж.), ұлтқа, нəсілге жəне сенімге байланысты жала жабу (ЧР ҚК 196 (2)-бөлім, 1961 ж.), адамдар тобы немесе жеке адамдарға қатысты күш көрсету (ЧР ҚК 196 (1) бөлімі, 1961 ж.) болып табылады.

Сонымен, Чех Республикасында ұлттық заңнама экстремизммен күрес жүргізу жəне оның алдын алу мəселелері бойынша жетілдірілу үстінде.

Испанияның қылмыстық кодексі (1995 ж.) мен «Қарулы банда жəне лаңкестік элементтерімен күрес туралы» Заңында алдын алу сипатындағы нормалар қарастырылған. Мысалы, қылмыстық кодекстің 579-бабы өзінің қылмыстық əрекетін өз еркімен тотқтатқан жəне өзінің істеген қылмыстары туралы мойындап, билік алдына келген, сондай-ақ қылмыс жасаудың алдын алу бойынша билікке көмек көрсеткен немесе жауапкершілікке тартылуға тиіс адамдарды табуға немесе тұтқынға алуға айтарлықтай көмек көрсеткен қарулы құрылымдар немесе өзі қатысқан яки көмек көрсеткен террористік топтардың əрекеттерін тоқтатуға я ажыратуға жəрдем көрсеткен тұлғалардың жазаларын бір немесе екі сатыға азайтуды қарастырады. Осы Заңның 6-бабына сəйкес өз кінəсін мойындаған тұлға, егер оның жасаған əрекеттері басқа қылмыс құрамын құрамайтын болса жəне оның белсенді көмегі басқа қылмыскерді анықтауға, қылмысты ескертуге немесе қылмыстық нəтиженің алдын кесуге, сондай-ақ қарулы бандиттік, лаңкестік жəне тағы басқа құқық бұзушылықтардың   алдын    алуға    мүмкіндік    берсе,    онда    заңнама    тұлғаны    қылмыстық жауапкершіліктен толығымен босатуды да қарастырады.

Шетелдік тəжірибе заман талабына сəйкес көптеген елдерде діни экстремизмге қарсы тұру шараларының жылдан жылға оңтайланып, қолдану тиімділігінің артып бара жатқандығын көрсетеді. Мұндай тенденцияны, əсіресе шет елдік үкіметтік емес ұйымдар тəжірибесінен жақсы аңғаруға болады. Сонымен қатар соңғы жылдары БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің де белсенділігінің арта түскендігін байқауға болады. 1999 жылы қабылданған 1269-Резолюция террористік актілерге қарсы тұру бойынша шаралардың бастамасы болып табылады. Сондай-ақ 2002 жылғы 1373-Резолюция мен 2004 жылы қабылданған 1566-Резолюциялардың да экстремизм мен терроризмге қарсы күресуде маңызы бар құжаттар болып табылады. Қауіпсіздік Кеңесінің терроризммен күрес жүргізуге қосылуы БҰҰ-ның осы бағыттағы рөлін күшейте түсті. Сонымен қатар Шанхай Ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), ТМД қатысушы-мемлекеттері, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) шеңберінде де діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары қабылданды. 1999 жылғы 4 маусымда Минскіде Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) мемлекет-қатысушыларының ынтымақтастығы туралы келісім-шартқа қол қойылса, 2000 жылғы 21 сəуірде Ташкентте Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тəжікстан Республикалары арасында терроризм, саяси жəне діни экстремизмге қарсы күрес жүргізуде бірлесіп əрекет ету туралы келісім-шартқа қол қойылды. 2001 жылғы 15 маусымда Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, Қазақстан Республикасы, Өзбекстан, Қырғызстан мен Тəжікстан мемлекеттері арасында терроризм жəне экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай Конвенциясына қол қойылды.

Терроризмге қарсы күрес жүргізу мақсатында Мəскеуде терроризмге қарсы орталықтар, Ташкентте ШЫҰ мүшелерінің аймақтық терроризмге қарсы орталықтары ашылып, жыл сайын Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қатысушы-мемлекеттердің террористік топтарды залалсыздандыру жəне жою бағытындағы бірлескен əскери жаттығулары өткізіледі. Мұндай жаттығулар ҚХР, Ресей Федерациясында, Қырғызстан, Тəжікстан, Өзбекстан жəне Қазақстан Республикаларында өткізілді. Бұл шаралардың барлығы соңғы жылдары Орталық Азия аймағында қауіпсіздік деңгейінің төмендегенімен байланысты. Орталық Азиядағы қауіпсіздік мəселесіне кері əсерін тигізетін фактордың бірі — заңсыз көші-қон көлемінің уақыт өткен сайын өсіп бара жатқандығы. Өйткені бүгінде Орталық Азия мемлекеттерінің аумағы Оңтүстік жəне Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен Еуропаға заңсыз көші-қонды жеткізуші транзиттік база ретінде пайдаланылуда. Сонымен қатар Ауғанстанда героин өндірудің көлемі жыл өткен сайын өсе түскендігі өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кері ықпалын тигізуде. Есірткі трафигінің негізгі бағыттары көршілес мемлекеттердің аумақтары арқылы өтуде. Бұл біздің еліміздің аумағында да халықаралық есірткі құрылымдарының орнығуын жəне ел ішінде есірткі заттарын қолданушылар санын өсіруі мүмкін. Бұларға қоса Орталық Азия өңіріне мүдделерін өткізгісі келетін əлемдегі жетекші мемлекеттердің геосаяси ойындарын да жоққа шығара алмаймыз.

2009 жылғы ақпан айында ҰҚШҰ шеңберінде терроризм жəне экстремизммен күресу бойынша Ұжымдық жедел ден қою күштері құрылды, ал 2009 жылғы 16 маусымда ШЫҰ-на мүше- мемлекеттердің басшылары Екатеринбургте (РФ) терроризм сияқты жағымсыз құбылыстың жаңа үндеулері мен қауіпін есепке ала отырып, ШЫҰ-ның Конвенциясына қол қойды.

Сингапурлық ғалым Р. Гунаратна терроризммен күрес тек Батыстың ғана мойнына түскен ауыртпалық емес, Шығыс пен Батыс арасындағы серіктестік болуға тиіс, себебі исламистік террористік топтардың басым бөлігі мұсылмандар, əсіресе араб елінен шыққандықтан, осы аймақтың адамдары террористік дүниетанымға қарсы тұрудың əдістері, технологиялары мен құралдары туралы жақсы білулері ықтимал дегенді айтады [22].

Терроризмнің бұрынғы көпқырлылығы мен болашақта оның басқа өңге ие бола білу мүмкіндігі нəсілі, діні, əлеуметтік тегіне қарамастан, бүкіл адамзат баласын осындай қатыгездікпен күресуге шақырады. Экстремизм мен терроризм сынды жауыздықтың түсі мен түрі де, діни наным-сенімі де, таптық белгісі де болуы мүмкін емес. Дегенмен, ол ешкімді де аямайтын, əлеумет үшін деструктивті құбылыс болғандықтан, оны бүкіл əлем болып бірлесіп қана жеңе алатынымызға көз жеткізіп келеміз.

Мақала шеңберінде діни экстремизм жəне терроризммен күрес жүргізуге байланысты əр түрлі мемлекеттер заңнамаларын зерделей отыра, осындай жағымсыз құбылыспен халықаралық деңгейде күресуде тиімді нəтижелерге қол жеткізу мақсатында төмендегідей тың ұсыныстар жасағымыз келеді:

  • біріншіден, БҰҰ-на мүше-мемлекеттердің қылмыстық заңнамасында «діни экстремизм» жəне «терроризм» түсініктері мен сəйкесінше мұндай қылмыс жасаған тұлғаларға тағайындалар жаза түрі мен мерзімі бірдей болуы керек;
  • екіншіден, террористік қылмыстар конституциялық жəне қоғамдық құрылымды жоюға бағытталатындықтан, оларды халықаралық деңгейде аса қауіпті мемлекеттік қылмыстар қатарына жатқызу қажет.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Предупреждение и борьба с терроризмом: российский и зарубежный опыт законодательного регулирования. — [ЭР].Режим доступа: http://www. http:www.antiterror.ru (дата обращения: 12.02.2015)
  2. Уголовный кодекс Голландии / Пер. с англ.: И.В. Мироновой. — СПб.: Изд-во «Юридический центр Пресс»,— С. 33.
  3. Уголовный кодекс Канады 1955. — М.: Норма, 2005. 
  4. Кобец П.Н. Законодательные основы предупреждения терроризма в европейских странах и необходимость совершенствования российского законодательства с учетом международного опыта // Международное публичное и частное право. — 2009. — №
  5. Конституция Германии (Основной закон) 1949 г. — М.: Норма, 2003. — 88 с.
  6. Уголовный кодекс ФРГ / Пер. с нем. А.В. Серебренникова. — М.: Зерцало-М, 2001. — 358 с.
  7. Камышев Д. Борьба с экстремизмом вышла из моды. — [ЭР]. Режим доступа: http://www. http//www.kommersant.ru (дата обращения: 02.2015)
  8. National Strategy for Combating Terrorism, September, 2006. — [ER]. Access mode: http://www. http: whitehouse.gov (дата обращения: 02.2015)
  9. The National Security Strategy of the United States of America. 2006. — [ER]. Access mode: http: whitehouse.gov/nsc/nss/2006 (дата обращения: 02.2015)
  10. Уголовно-процессуальный кодекс Италии / Под. ред. А.Н. Козырина. — М.: Норма, 2006. — C.
  11. Никифоров Б.С. Уголовное законодательство Республики Индии. — М.: ГИЮЛ, 2006. — C.
  12. Белая книга полиции Японии 1997 г. / Пер. на рус. яз. А.В. Пономоренко. — 1999. — [ЭР]. Режим доступа: http: http/crime vi.ru/ docs/ books/ w book.htm. (дата обращения: 02.2015)
  13. Пакет по борьбе с экстремизмом, представленный Министром внутренних дел Великобритании в Парламент 27 октября 2008 г. // Мир сегодня. — 2008.
  14. The UK Prevention of Terrorizm Bill, adopted on the 24 th of Marh, 2006 // Preventing Violent Exstremizm: Next Steps For communities. — — [ER]. Access mode: www.publications.parliament.uk
  15. The European convention on Human Rights // СПС «Консультант Плюс». — [ЕР]. Режим доступа:base.consultant.ru
  16. UK Preventing Violent Extremizm Programme, Launhed in april 2007 // Preventing Violent Exstremizm: Next Steps For communities. 
  17. Сайт полиции Графства Суррей, Великобритания, страница «Prevent Violent Extremism». — [ЭР]. Режим доступа: http://www.surrey.police.uk/safety/prevent.asp (дата обращения 12.2013)
  18. Синьцзян Китая. Пресс-канцелярия Народного правительства СУАР. — Пекин, — С. 25–27.
  19. Бурханов К.Н. и др. Экстремизм в Центральной Азии // Институт России и Китая. — Алматы: КИСИ, — С. 5–6.
  20. Китай и Казахстан решили совместно бороться с терроризмом — 2015. — [ЭР]. Режим доступа: http://www.centrasia.ru/newsA.php?st=1054672680 (дата обращения 01.12.2013 г.)
  21. Бешукова З.М., Прохоров Б.А. Законодательные и правоприменительные аспекты противодействия экстремизму: анализ опыта Чешской Республики // Российский следователь. — 2011. — №
  22. Гунаратна Роэн. Реагирование на структурные и оперативные задачи ... глобального джихада после событий 11 сентября // Консорциум «Партнерство ради мира». — Весна. — 2005. — Т. IV. — № 1. — С. 44, 90–91.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.