Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Энергиямен жабдықтау шарты: тарихи қалыптасу кезеңдері мен қазіргі таңдағы құқықтық реттелуінің кейбір мəселелері

Қазіргі уақытта өркениеттің болуы мен дамуы тиісті энергиямен жабдықтаусыз мүмкін емес. Күнделікті кезеңдік басылымдардың беттері мен өзге де ақпарат құралдары көздерінде бүгінгі таңдағы энергиямен жабдықтаудың əр түрлі аспектілері қарастырылады. Бұл мұнайды, газды, электр энергиясын, жылу энергиясын жəне т.б. өндіру мен тұтыну. Нарықтық экономикаға өту энергиямен жабдықтау бойынша қатынастардың құқықтық реттелу мəселелерін де, энергетикалық саланың өзінің де барлық əлсіз жақтарының көрінісін берді. Бұрынғы Кеңес Одағы кезеңінде ақша бірлігінің тұрақтылығы мен экономиканың өркендеуіне байланысты энергиямен жабдықтаудың кез келген түріне байланысты мəселелерге мемлекеттік органдар мен тұтынушылардың басым бөлігі қызығушылық танытқан жоқ. Қазір тұтынушылырдың барлық санаттары энергия мен ресурстардың əр түрімен жабдықтау мəселелеріне белсенді қызығушылық танытатындығын бақылауға болады. Бұл негізінен инфляциялық үрдіс нəтижесінде экономикалық дағдарыс жағдайында объективтік себептерге байланысты.

Энергетика туралы ғылым КСРО кезіндегі ГОЭЛРО тарихи жобасынан бастау алады. Ол табиғи энергетикалық ресурстардың энергия түрлеріне қайта ауысу заңдылығы мен əдістерін зерттейді. Аталған жоспар Лениннің бастамасы болып табылады. Бұл жоспар Кеңес мемлекеттерінде перспективті халық шаруашылық жоспарларының алғашқысы. ГОЭЛРО жоспарына сəйкес 10–15 жылға есептелген мемлекет экономикасының түпкілікті қайта құрылуының кеңінен тараған бағдарламасы болып табылады. В.И.Лениннің ойы бойынша, «партия мен барлық еңбекшілер қызметінің негізгі міндеті мемлекетті электрификациялау жоспарын орындау үшін күресу қажет. Электрификация социализм мен коммунизмнің материалды-техникалық базасын құрудың негізі болып табылады. Егер 1918 жылы бізде жаңадан салынған электр станциялары 8 болса, 1919 жылы бұл цифр — 36, ал 1920 жылы 100-ге жетті. Бұл бастама біздің ұлан-байтақ еліміз үшін қаншама шағын болса да, дегенмен бастама жасалды, жұмыс басталды жəне ол барған сайын жақсы жүргізілуде» [1; 367].

Отандық энергетикалық ғылым мектебі Г.М.Крижановскиймен 30-жылдары құрылды. Бұл тұста В.И.Вейц, А.В.Винтер, А.Е.Пробст, Е.А.Русаковскиидің еңбектері үлкен мəнге ие болғандығын атап өтуіміз қажет. Осы уақытта көлемі жəне ұзақтығы бойынша электр энергетикасымен, газбен жабдықтау, мұнаймен жабдықтау жүйелері құрылды, сонымен қатар орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелері іске қосылды. Ядерлі-энергетикалық жүйе қалыптаса бастады. Олардың дəрежесінде КСРО-ның Біртұтас энергетикалық жүйесі қалыптасты. Энергетиканың дамуы жағынан КСРО 70-жылдардың ортасында Ұлыбритания, Германия жəне Франция мемлекеттерін тұтастай алғанда, дүние жүзі бойынша 2 орында болды. КСРО өзінің жанар-жағар май, энергетикалық ресурстарымен дамуын орталықтандыратын дүние жүзіндегі ең ірі индустриалды мемлекет болды [2].

ІХ–ХХ ғасырларда энергиямен жабдықтау экономика дамуының міндетті талабы жəне қоғам өмірінің қажетті элементіне айналды. Қазіргі заманда экономика мен ғылыми-техникалық алға басу электр энергиясы мен отын-энергетикалық кешенінің даму деңгейіне байланысты. Сол себепті аталмыш саладағы қоғамдық қатынастарды реттеу заман талабы болып табылады.

Ең алғаш энергиямен жабдықтау шартының заңдық анықтамасы 1991 жылы 31 маусымда Азаматтық заңнама негіздерімен реттелді, ол кезде əрекет етуші шарт «Жалғанған желі арқылы энергетикалық жəне өзге де ресурстармен жабдықтау туралы шарт» деп аталды. Энергетикалық жəне өзге ресурстармен жабдықтау шарты сатып алу-сату шартының бір түрі ретінде қарастырылды.

Қазақстан Республикасының жаңа азаматтық заңнамасында энергиямен жабдықтау шартына Азаматтық кодекстің Ерекше бөлімінің 25 тарауы арналған. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде энергиямен жабдықтау шартына 482-бапта анықтама берілген: энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентке (тұтынушыға) жалғанған желі арқылы энергия беруге міндеттенеді, ал абонент алынған энергия үшін ақы төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шартта көзделген режимін сақтауға, өзінің қарауындағы энергетика желілерін пайдалану жəне қауіпсіздігін энергияны тұтынуға байланысты пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтардың ақаусыздығын қамтамасыз етуге міндеттенеді. Азаматтық кодексте көрсетілгендей, энергиямен жабдықтау шарты сатып алу-сату шартының арнайы түрі деп түсіндіріледі [3].

Электр энергетикасы саласында реформаның нормативтік-құқықтық базасы 1995 жылы 23 желтоқсанда «Электр энергетикасы туралы» Президенттің Жарлығының шығуымен құрыла бастады. Заң күші бар жарлық мемлекеттің басқаруымен бəсекелестік бастамасында энергетиканың қызмет етуі қағидасын бекітті. Сонымен қатар жарлық, саланың дамуының жаңа міндеттерін қойды. Жекелеп айтқанда, электр энергетикасының «реттелінетін нарығын» құру, сондай-ақ оны демонополизациялау жəне жекешелендіру.

Бұл құжатта саланы қайта реттеу бағыты болған жоқ, себебі электр энергетикасында қызметтердің барлық түрі табиғи монополия ретінде қарастыру жалғасып жатқан болатын. Саланы ырықтандыру бойынша нақты шаралар № 663 1996 жылы 30 маусымда Үкімет қаулысымен бекітілген «Электр энергетикасында құрылымын өзгерту жəне жекешелендіру бағдарламасында» көрініс тапқан. Мұнда реформаның негізгі бағыттары аталған, оларға электр энергиясын өндіруші кəсіпорындарды электр энергетикасында бəсекелестік секторы ретінде бөлу, оларды жекешелендіру жəне электр энергиясының бəсекелестік нарығын құру. Осылай электр энергетикасы толығымен табиғи монополия саласына жатпайды деп танылды. Электр энергетикасын демонополизациялау туралы түпкілікті шешім қабылдау оны реформалауға негіз салды. Табиғи монополиялар саласын реттеу № 272 1998 жылғы 9 шілдедегі «Табиғи монополиялар туралы» Заңмен анықталды (№ 364 II 2002 жылы 26 желтоқсандағы заңмен олардың тізімі кеңейтілді). Бағдарламада көзделген кейбір мақсаттар № 384 1999 жылы 9 сəуірдегі Үкіметтің Қаулысымен бекітілген «2030 жылға дейінгі электр энергиясын дамыту бағдарламасында» əрі қарай өз жалғасын тапты. Бұл құжатта Қазақстанның энергетикасының жоғары деңгейдегі даму мақсаты қалыптастырылған. Реформаның даму бағытын анықтау кезінде, бағдарлама көп жағдайда бұрынғы құжаттардың ережелерін қайталады. Сонымен қатар кейбір мақсаттар толықтырылып, нақтыланды.

1990 жылдың екінші жартысында қалыптасқан саладағы жаңа экономикалық қатынастар ескірген 1995 жылғы «Электр энергетикасы туралы» Жарлықтың орнына № 438 1999 жылы 16 шілдеде қабылданған «Электр энергетикасы туралы» Заңда заңдастырылған болатын. Заң жоғарыда көзделген құжаттардағы көптеген ережелерге түсініктеме бере отырып, оларға едəуір жоғары мəртебе танытты. Саладағы мемлекеттік басқару 1995 жылғы «Электр энергетикасы туралы» Жарлықтағы талаптармен салыстырғанда шектелді. Атқарушы билік органдарына кəсіпорының өндірістік технологиялық қызметіне араласуға тыйым салынды. Тарифті мемлекеттік реттеу табиғи монополия тарифтерімен жəне бөлшектеп сатып алушы тұтынушылар үшін электр энергетикасына жіберілетін тарифтермен шектелді. Электр энергиясын бөлу үрдісі мемлекеттік басқару саласынан алынып тасталды. Ең алғаш заңдық дəрежеде нарықты ұйымдастыру, тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері, шарттық қатынастар кестесі, қағидалары бекітілді.

1990 жылдың екінші жартысында мемлекеттің саясатының ауыстыруының нəтижесі ретінде электр энергетикасын өткізу жəне генерациялау саласында жеке сектордың басымдылығымен саланың жаңа құрылымы қалыптасты. Бірақ 2000 жылға қарай нарық бұрынғыша шектеулі сипатқа ие болды. Ол электр энергиясын екі жақты контракт бойынша сатып алу-сатудан жəне электр қуатының қорын сатудан ғана тұрды. Нарықтың мəселелерінің сипаты № 606 2000 жылы 20 сəуірде Үкімет қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының электр энергиясын жəне қуатының көтерме нарығын жетілдіру концепциясында» (№ 190 18.02.2004 жылы ҚР Үкіметінің Қаулысымен өзгерістер енгізілген) берілген. Аталған Концепцияның кемшіліктеріне:

  • нарық субъектілерінің қатынастарын реттейтін нормативтік-құқықтық базасының дамымағандығы;
  • мерзімді, сондай-ақ күнделікті электр энергиясының жəне қуаттың саудасының баланстық жəне спотты нарықта бар техникалық жəне ақпараттық қамтамасыз етілуінің жетілмегендігі;
  • нақты уақыт режиміне жақындастырылған электр энергиясын қуатты тұтыну мен өндіру мөлдір нарықтық механизмін теңестірілуінің болмауы.

Осының негізінде Концепцияда нарықты əрі қарай дамыту мақсаттары анықталған, оларға:

  • спот нарығы жəне теңестірілген нарықтың шегінде электр энергиясын жан-жақты саудалау механизмін құру;
  • бəсекелестікті əрі қарай дамыту;
  • электр энергиясының сапасын, сондай-ақ Қазақстанның БЭС басқарылуы мен беріктілігін жоғарылату.

Бұл кезеңде нормативтік база «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңына сəйкестендірілді, тиісті Заңға бағынышты актілер пайда болды.

Осы саланы құқықтық реттеудің қазіргі кезеңі № 190 2004 жылы 18 ақпанда Үкімет қаулысымен қабылданған «Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастардың əрі қарай даму концепциясы» көрініс береді.

Оның ережесін жүзеге асыруды 09.07.2004 жылы қабылданған «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңы қамтамасыз етеді. Ол келесі мəселелердің шеңберін қамтиды:

  • электр энергетикасының қызмет етуінің нарықтық қағидаларын анықтайды, жаңа түсініктер мен анықтамалар енгізеді;
  • электр энергиясының бəсекелестік бөлшек сауданы қалыптастыруды көздейтін өтпелі ережелерді анықтайды;
  • бөлшек сауда нарығында бəсекелестік ортаға энергиямен жабдықтау жəне өткізу бойынша қызметті ауыстыру, сонымен қатар бөлшек саудада тұтынушыларға электр энергиясын жеткізу құқығын тасымалдаушылар арасына бəсекелестік үшін алғышарттар жасау;
  • электр энергиясының көтерме құрылымының дамуын көздейді, мұнда нарықтың негізгі сегменті теңдестіруші нарықта нақты уақыт режимінде жəне қызметтердің жүйелік жəне қосымша нарығын, электр энергиясының саудасының нарығымен сатып алу-сату шартының екі жақты мəмлелерімен толысады;
  • электр энергетикалық саланы əрі қарай демонополизациялауды көздейді (ол жылу жəне гидравликалық генерацияларды сату жолымен, барлық АЭК сату (аймақтық электр жүйелік компаниялар), БЭК-ларды (бөлетін электр жүйелік компаниялар), жеке секторларға ҚБЭС, сондай-ақ «KEGOK» компаниясына Жүйелік оператор құқығын беру.

Электр энергетикасындағы жаңа экономикалық қатынастар 1990 жылдардың соңында заңдық жағынан бекітілген болатын. Нормативтік-құқықтық базаның əрі қарай дамуы реформаның өзекті мəселелеріне байланысты: электр энергиясы нарығының бəсекелесті түрде кеңейтілуі жəне жетілдірілуі, саланы қайта монополизациялауды жалғастыру.

2000 жылы 7 желтоқсанда № 1822 Үкіметтің қаулысымен «Электр энергиясын пайдалану ережесі», «Жылу энергиясын пайдалану ережесі» (аталған ережелер 10-шы қараша 2004-ші жылғы № 1175 ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша өз күштерін жойды),«Тұрмыстық қызмет көрсету ережесі» бекітілді. № 314 2001 жылы 24 желтоқсан Энергетика министрінің бұйрығымен «Электр жүйесінің ережесі» қабылданды. 2004 жылы 27 тамызда № 197 Қазақстан Республикасының Энергетика жəне минералды ресурстар министрімен «Қазақстан Республикасында электр энергиясының көтерме нарығының қызмет етуі жəне ұйымдастыру ережесі» қабылданды.

2004 жылы 10 қыркүйекте № 212 Қазақстан Республикасының Энергетика жəне минералды ресурстар министрімен Қазақстан Республикасында электр энергиясын орталықтандырылған сауданың қызмет етуі жəне ұйымдастырылуы ережесі бекітілді. Сонымен қатар «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында 2005 жылы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасының Энергетика жəне минералдық ресурстар министрлігінің «Электр энергиясын пайдалану жəне Жылу энергиясын пайдалану ережелерін бекіту туралы» № 10 бұйрығы бекітілді.

Соңғы жылдары республикамызда отандық кəсіпорындардың энергияны жоғары мөлшерде шығындауымен қатар, Қазақстанның бірталай аймақтарында энергияның жетіспеушілігі мəселесі өзекті болып табылады. Бұдан шығудың бірден-бір оңтайлы жолы — энергияны үнемдеу.

Қазақстанның табиғи жəне энергетикалық ресурстары бұл оның күмəнсіз бəсекелік жағынан басымдылығы мен баға жетпес қоры болып табылады. Бірақ бұл қорды пайдалану кезінде бүгінгі күннің мəселелерін болашақтағы ұрпақтың есебінен шешпеу үшін тиісті түрде билік ету қажет. Ғылыми жетістіктердің дамуымен, энергетика мемлекетімізде əлеуметтік-экономикалық дамудың «кілті» болып табылады [4]. Қоршаған орта жəне даму бойынша 1992 жылғы БҰҰ Дүние жүзілік Конференциясын да болашақтағы энергетиканың үш негізгі мақсаты қалыптастырылды: энергия ресурстарын ысырапсыз пайдалану, энергияны тиімді пайдалану жəне балама энергия ресурстарын пайдалануды өсіруді қайта жандандыру. Кеңес Одағы құлдырағаннан кейін Қазақстан жанар-жағар май мен энергетикалық ресурстарды иеленуші дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің бірі болды. Бірақ, өкінішке орай, Қазақстанда əлі күнге дейін энергетикалық экстенсивті шаруашылық жүргізу жалғасуда. Экономиканың ресурспен қамтамасыз етілуі соңғы онжылдықта біршама төмендеді жəне өңірлік энергетикалық дағдарыстар əдеттегідей құбылыс болып кетті. Едəуір оңай қол жететін, қайта қалпына келмейтін ресурстар саны жағынан көп қолданылады, бұл оның тез жоғалып кетуіне əкеледі. Ал бұл өз алдына шығыстардың көп болуы мен қоршаған ортаның ластануына əкеледі.

Қазіргі таңда энергия ресурстары көбінесе экономикалық жағдайды анықтайды. Көптеген мемлекеттер үшін энергияны үнемдеу мен энергияның тиімділігі мəселесін шешу қызметтің үстем бағыты. Энергияны тұтыну мен энергияны қолдануды ұтымды, жоғары дəрежеде дамудың бірден бір дұрыс жəне қол жететін жолы. Мұны түсіне білетін бірнеше мемлекет — ТМД қатысушылары 2002 жылы 7 қазанда энергияның тиімділігі мен энергияны үнемдеуді қамтамасыз ету саласында қарым- қатынас туралы Келісімге қол қою туралы шешім қабылдады.

Біздің республикамыздағы ішкі заңнамаға келетін болсақ, онда энергияны үнемдеуді экономикалық жəне экологиялық мəселелерді шешудің маңызды факторы ретінде қарастырады, сонымен қатар экономиканы энергияны үнемдеудің даму жолына ауыстыру қажеттігін біле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі 1997 жылы 25 желтоқсанда арнайы, негізгі нормативтік- құқықтық акт ретінде энергияны үнемдеу үрдісін реттейтін «Энергияны үнемдеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Берілген Заң Қазақстан Республикасында жанар-жағар май жəне энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану үшін экономикалық жəне ұйымдастырушылық жағдай қалыптастыру мақсатында əзірленді.

Бұл нормативтік құжаттың энергия ресурстарының айналымы мен олардың үнемделуі саласындағы ерекше мəнін ескере отырып, оның беделі мен басымдылығын танумен қоса, біздің ойымызша, келесі кемшіліктерін де атап кету қажет. Мысалы, қарастырылып отырған Заң энергетикалық ресурстардың тиімділігін, ұтымды жəне қауіпсіз қолданылуын мақсат ете отырып, «энергия тиімділігі», «энергиялық қауіпсіздік» деген негізгі түсініктерге анықтама бермеген. Сонымен қатар нақты саладағы кез келген нормативтік-құқықтық акт сияқты берілген Заң энергияны үнемдеу саласындағы қатынастарды реттейтін негіз салушы құқықтық акт. Осыған сəйкес, «Энергияны үнемдеу туралы» Заң энергияны үнемдеу үрдісінде қолданылатын барлық негізгі түсініктерге, осы құқықтық қатынас субъектілері қызметін бақылау жəне түзету бағыттары бойынша құзыретті органның өз қызметін жүзеге асыру үрдісі мен тəртібі, сондай-ақ Заң талаптары сақталмаған жағдайда жауапкершілікке тарту тəртібі нақты заңдық анықталмаған.

«Энергияны үнемдеу объектілері» түсінігіне анықтама бере отырып, «Энергияны үнемдеу туралы» Заңда олардың субъектілеріне заңдық бекітілген анықтама берілмеген. Біздің ойымызша, аталған субъектілерге энергетикалық ресурстарды пайдалану тиімділігін жоғарылатуға бағытталған қызметті жүзеге асыратын немесе жүзеге асыруға заңға сəйкес міндетті заңды тұлғалар немесе жеке кəсіпкерлер (энергетикалық ресурстарды өндіруші немесе қолданушы) болуы мүмкін. Энергияны үнемдеу үрдісі субъектілері туралы сөз қозғасақ, осы үрдіске тартылған құзыретті органның шеңбері туралы мəселе ашық. Аталған Заңның 7-бабында энергия үнемдеу саласындағы уəкілетті органның құзыреттілігі туралы ғана айтылған. Электр энергетикасы, техникалық реттеу жəне қадағалау, мемлекеттік статистика жəне архитектура мен құрылыс саласындағы мемлекеттік (уəкілетті) органдардың өкілеттігі мен құқықтық мəртебесі туралы ереже мүлдем жоқ. Аталған органдардың құзыреттілігі анықталмаса, бұл құзыреттіліктердің шегі туралы, даулы мəселелерді шешу тəртібі туралы мəселе түсініксіз болып қала береді.

Энергия ресурстарын үнемдеу саласындағы Қазақстан Республикасындағы əрекет етуші заңнаманың негізгі ақаулығы ретінде Заңның талаптарын мемлекеттік бақылауды көздейтін нормалардың жеткіліксіздігі, ал жекелеген жағдайларда мүлдем болмауын атап өту қажет. Құқық бұзушыны жауапкершілікке тарту мүмкіншілігінің болмауы, азаматтық міндеттеменің орындалуының өзінің міндеттілік қасиетін жояды жəне құқық бұзушының немқұрайлығын тудырады. Жауапкершілікке тарту қандай да бір құқық бұзушылық жағдайына анықталған құқықтық норманың санкциясын жүзеге асыру қызметін атқарады. Сонымен қатар анықтама осы жауапкершіліктің шегін де талап етеді. Жоғарыда аталған ақаулықтар «Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 541-IV Заңының қабылданумен ішінара өзгерген. Мысалы, бұл Заңның 1-бабының 12-тармақшасында: энергетикалық тиімділік (энергия тиімділігі) — энергетикалық ресурстарды пайдаланудан болған пайдалы əсердің осы əсерді алу мақсатында өндірілген энергетикалық ресурстардың шығындарына қатынасын көрсететін сипаттамалар деп жоғарыда аталған «Энергияны үнемдеу жəне энергия тиімділігін арттыру туралы» Заңда аталған ақаулықтың орны толтырылған [5]. Бірақ осы тұста Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан–2050» Стратегиясында: « бесінші сын қатер — жаһандық энергетикалық қауіпсіздік [6]» — деп көзделгенін атап өтетін болсақ, жоғарыда аталған Заңда бұл терминге əлі де түсінік берілмеген.

Осылай, Қазақстан Республикасындағы энергетикалық ресурстарды үнемдеу саласындағы əрекет етуші заңдарды жетілдіруді едəуір жоғары дəрежедегі актілерден бастау қажет. ҚР АК-сын энергиямен жабдықтаушы ұйымның жəне абоненттің энергия ресурстарын тиімді пайдалану міндетін көздейтін баппен толықтыру қажет. Бір сөзбен айтқанда, «Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігін арттыру туралы» əрекет етуші Заң қазіргі таңдағы шынайы өмірге сəйкестендіру жəне жетілдіруді қажет етеді.

Энергетикалық жəне өзге де ресурстармен жалғанған желі арқылы жабдықтау туралы шарт, жоғарыда аталғандай, сатып алу-сату шартының бір түрі, бірақ оны жеке шарттың түрі ретінде бөліп шығаратын өзіне тəн арнайы ерекшеліктері бар. Бұрынғы Кеңес Одағы мен Қазақстанның бұған дейінгі азаматтық заңнамасында энергиямен жабдықтау шартын реттейтін нормалар тіптен болмаған. Энергия мен ресурстардың жекелеген түрін реттейтін Ведомстволық ережелер мен нұсқаулықтар ғана əрекет еткен. «Энергиямен жабдықтауды заңдық жағынан реттеудің азаматтық айналымда қажеттілігі де туындаған жоқ», — деп кейбір авторлар өз ойларын білдіреді. Оның себебін энергия өндіруші ұйымдардың санының жəне энергетикалық қуаттың жеткілікті мөлшерде болуымен, мемлекетімізде ақша бірлігінің тұрақтылығымен, энергиямен жабдықтаушы ұйымның қызметіне ақының арзандығымен түсіндіреді.

Ресей Федерациясының жаңа азаматтық заңнамасында энергиямен жабдықтау шарты Азаматтық кодекстің екінші бөлімінің 30-тарауының 6-параграфымен реттеледі жəне ол 10 баптан тұрады.

Энергиямен жабдықтау саласы табиғи монополия қызметінің саласы болғандықтан, екі мемлекетте де энергиямен жабдықтау шарты табиғи монополия туралы нормативтік-құқықтық актілердің толық кешенімен қосымша реттеледі. Бірақ, Қазақстанға қарағанда, РФ табиғи монополияны реттеу органдары қызмет саласы бойынша бөлінген. Осылай, Федералдық энергетикалық комиссия жанар-жағар май энергетика кешенінде табиғи монополистер қызметтерінің тарифі мен бағасын реттейді. Екі мемлекеттің азаматтық құқық жүйесінде энергиямен жабдықтау шарттары «Сатып алу-сату» атты тарауға енгізілген жəне тауар жеткізілімі шарты үшін едəуір ортақ түр ретінде қарастырылады. Энергиямен жабықтау шартының түсінігі РФ-ның АК-ның 539-бабында жəне, жоғарыда көрсеткендей, ҚР АК-ң 482-бабында келесідей берілген: энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентке (тұтынушыға) жалғанған желі арқылы энергия беруге міндеттенеді, ал абонент алған энергиясы үшін ақы төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шартта көзделген режимін сақтауға, өзінің қарауындағы энергия желілерін пайдалану қауіпсіздігін жəне энергияны тұтынуға байланысты пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтардың ақаусыздығын қамтамасыз етуге міндеттенеді [7].

РФ-ның арбитраждық тəжірибесін талдаудан энергиямен жабдықтаушы ұйым мен абоненттің арасындағы дауды шешу кезінде РФ-ның АК-ң тікелей нормалары қолданылатындығы анықталады [8]. Қазақстанда қазіргі уақытта соттар 1999 жылы 1 шілдеде АК-нің Ерекше бөлімі күшіне енгізілгеннен кейін, аталған кодификация жəне осы салаға қатысты қабылданған заңдар мен ережелер қолданылады.

Энергиямен жабдықтау шартының тараптарының құқықтары мен міндеттері қарастырылып отырған мемлекеттерде бірдей реттеледі. Осылай, Қазақстанда электр жəне жылу энергиясының тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері «Электр энергетикасы туралы» Заңның 19-бабында көзделген.

Энергиямен жабдықтау шарты бойынша тараптардың жауапкершілігі жалпы формула түрінде Азаматтық кодекстерде көзделген (РФ-ның АК-нің 548-б., ҚР-ның АК-нің 491-б.). Осылай, екі тарап міндеттеме орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде екінші тарапқа келтірілген нақты шығынның орнын толтыру қажет. Ал энергияны беру кезінде үзіліс түрінде құқық бұзушылық болған жағдайда, жабдықтаушы ұйым, тек оның кінəсі болған жағдайда ғана жауап береді. Сонымен қатар азаматтық құқықта кінəнің нысаны (ниет немесе абайсыздық) жауапкершіліктің туындауы үшін маңызды мəнге ие емес.

Осылай, Қазақстан жəне Ресей Федерациясының заңнамаларын талдай отырып, əлі де болса азаматтық айналым субьектілерінің энергиямен жабдықтау қатынастарын реттейтін заңнамалардың жетілдіруін қажет ететіндігін атуға болады.

Қазіргі таңда энергия жəне жылу энергиясын барлық адамдар тұтынады, бірақ энергиямен жабдықтау шарты жағдайларының орындалуына əрқашанда риза бола бермейді (энергия жіберудегі іркіліс, сапаның төмендігі жəне т.б.) Екінші жағынан, барлық энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жеткізіп отырған электр энергиясы үшін тұтынушылардың тарапынан үлкен қарыздардың жиналуына байланысты едəуір қатаң талап қойып отыр. Кейбір кездерде, энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметкерлерінің тəжірибеде орын алып отырған заңсыз əрекеттерін (алдын ала жазбаша ескерту жасамай, энергияны жіберуді тоқтату) атап кетуге болады. Оңтайлы жəне сенімді энергиямен жабдықтау шартының жасалуы қай тарапқа болмасын қажет.

Ойымызды қорыта келе, энергиямен жабдықтау шарты — XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басында қоғамдағы бірден-бір қажетті элемент, себебі барлық жеке жəне заңды тұлғалар белгілі бір дəрежеде энергетикалық ресурстармен жабдықталуға мұқтаж екендігін атап өту қажет. Сондай-ақ ол экономиканың дамуының міндетті шарты болып табылады.

 

 

References

  1. Lenin V. Compositions — Moscow: Publ. political literature, 1974. — 606 p.
  2. Prokhorov M. Big Soviet Encyclopedia. — Vol. 30. — Moscow: Soviet Encyclopedia, 1978. — P. 544.
  3. The Civil Code of the Republic of Kazakhstan 1 July 1999 № 409-I (Special Part) // zakon.kz
  4. Zhusupov A.A. Energy as a specific object of civil rights // What's civil rights. Proceedings of the annual republican scientific- theoretical conference post-graduate — Almaty, 2004. — P. 165.
  5. Law of the Republic of Kazakhstan «On energy saving and energy efficiency». — 2012. — from January, 13. — № 541-IV // http://adilet.zan.kz
  6. http://www.akorda.kz Presidential Address of the Republic of Kazakhstan Nursultan Nazarbayev to the people of Kazakhstan Strategy «Kazakhstan–2050». New policy established
  7. The Civil Code of the Russian Federation of 11.1994 № 51-FZ // http://vladrieltor.ru
  8. Idrysheva S.K. The comparative civil-law characteristic of energy supply agreements in the Republic of Kazakhstan and Rus- sian Federation // Businessman and law. — 1998. — № 18. 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.