Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Өнеркəсіптік меншік объектілерінің құқықтық реттелуінің шетел тəжірибесі

Қазақстан Республикасының қысқа мерзім аралығында ғана əрекет еткен өнеркəсіптік меншік объектілерінің құқықтық реттелуін жетілдіру үшін оған осы салада жүз жылдан астам тəжірибесі бар кейбір шет елдердің патенттік жүйесін қарастыру өте маңызды болып табылады.

Əлемде өнеркəсіптік меншік объектілерін қорғаудың үш жүйесін атауға болады. Олардың біріншісі — өнертабыс пен өнеркəсіптік үлгіге берілетін патент жəне қысқа мерзімге берілетін пайдалы модельге патент (қысқа мерзімді патенттер) жүйесі. Бұл жүйе Франция, Нидерланды, Ирландия, Бельгия, Словения мемлекеттері үшін тəн [1].

Екінші қорғау жүйесі бойынша пайдалы модельге өнертабыстық деңгейі бойынша төмендетілген талаптар сипатты үш өлшемді техникалық шешімге қорғау көрсетілді. Мəселен, ол Греция, Испания, Португалия, Италия, Финляндия мемлекеттерінде қабылданған.

Үшінші қорғау жүйе негізінде кез келген техникалық шешімдерге патенттік қорғау көрсетілген жəне пайдалы модель ретінде өнертабыстық деңгейі төмендетілген өнертабыс объектілері танылған. Осындай ереже Германия, Дания, Австрия мемлекеттерінде орын алған [2].

Əрбір елде өнеркəсіптік меншік объектілері қамтылған ұлттық заңнама əрекет етеді. Əлемнің əрбір мемлекетінде «өнеркəсіптік меншік объектілері» ұғымы ұлттық құқық анықтамасына сəйкес əр түрлі түсіндіріледі.

Əлемнің көптеген елдерінде өнеркəсіптік меншік объектілерін қорғаудың мəні бірдей жəне тəжірибелік қолдану үшін жарамды, сондай-ақ нысан, құрылым мен олардың жиынтығына қатысты шешімдерге қорғау құжаттарын беруді қамтиды. Сонымен қатар өнеркəсіптік меншік объектілері ретінде қорғалмайтын объектілер тізімі де беріледі. Мəселен, Грецияда — жануарлар мен өсімдіктер түрлері, Гватемалада əдіс, заттар мен металлургиялық материалдар қорғалмайды. Өнеркəсіптік меншік объектілерін қорғау жүйесінің дамуымен оның шеңберінің кеңею тенденциясы байқалуда. Германияда үш өлшемді нысаны жоқ бұйымдардан шектеу алынып тасталған, Малайзияда тəсілдер де, Австралияда ЭЕМ бағдарламалары да өнеркəсіптік меншік объектілеріне жатқызылған. Қытай Халық Республикасы заңнамасы бойынша өнеркəсіптік меншік объектілері ретінде «нысанға, құрылымға қатысты, тəжірибеде осы екі элементтің үлесімі кезінде пайдалануға жарамды жаңа техникалық шешім» болуы мүмкін. Өнеркəсіптік меншік объектілері ретінде қорғалатын объектілер санын кеңейту нəтижесінде Германия, Қытай Халық Республикасы секілді елдер Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі өнеркəсіптік тоқырауды жеңіп, өндіріс саласын дамытқан.

Мəселен, Германия мен Қытай Халық Республикасында XX ғасырда өнеркəсіптік меншіктің жаңа объектісін — пайдалы модельді азаматтық айналымға енгізу арқылы ел экономикасын елеулі деңгейге көтерген.

Германияда пайдалы модель өнеркəсіптік меншік объектісі ретінде 1981 жылы енгізілген. Ол ретінде өнертабыстық шығармашылықтың жаңа, əрі талапқа сай деңгейін иеленбейтін техникалық шешімдер танылған. Оның азаматтық айналымдағы ерекшеліктері 1986 жылы қабылданған пайдалы модельдерді құқықтық реттеуге арналған арнайы заңда бекітілген. Германияда пайдалы модель ретінде құрылғы мен заттар айқындалған. Аталған заң бойынша пайдалы модель ретінде «жаңа нысанмен, элементтердің орналасуымен немесе сызбалармен ерекшеленетін, өнертабыстық қадамға негізделген жəне қолдануға жарамды өндіріс құралдары, тұтыну заттары немесе олардың бөліктері» қорғалады. Пайдалы модель өзара байланысты бірнеше элементтерден де құралу мүмкіндігі қарастырылған [3].

Қытай Халық Республикасында пайдалы модель 1985 жылдың 1 сəуірінде күшіне енген арнайы заң бойынша қорғала бастаған жəне оған нысанға, құрылғыға не тəжірибеде қолдануға жарамды деп танылған өнімдерге қатысты жаңа техникалық шешімдер жатқызылған. Бұл заң бойынша пайдалы модель ретінде мемлекет заңдарына немесе қоғамдық моральға қайшы келетін не жария мүддеге зиян келтіретін өнертабыстық жетістіктер, ғылыми жаңалықтар, интеллектуалдық қызмет ережелері мен əдістері, емдеу əдістері, жануарлар тегі мен өсімдік сорттары, ядролық өнімдерді пайдалану арқылы алынған заттар қорғалмаған [4].

Пайдалы модель жетістіктері əсіресе Қытай Халық Республикасында жақсы бағаланған. Онда пайдалы модель жетістіктері техникалық жаңалықты қорғаудың жоғары нысаны болып табылған. Патенттік заң қабылданғаннан кейінгі 18 жыл ішінде бұл елде аталмыш объектілерге 261813 патент берілген [5].

Германия мен Қытай Халық Республикасының оңтайлы тəжірибесін бірқатар əлем мемлекеттері қолданған. Осылай Жапонияның 1998 жылғы заңы бойынша табиғат заңын пайдалану арқылы техникалық идеяны жүзеге асыру нəтижесі деп ұғынылатын құрылғы пайдалы модель ретінде қорғалған жəне солардың ішінде қоғам тəртібіне, ізгілікке немесе қоғам мүддесіне қайшы келетін техникалық шешімдер қорғалмаған [6].

Италияның 1987 жылғы 20 наурыздағы «Пайдалы модельдер туралы» заңы бойынша «патент машинаға немесе олардың бөліктеріне, жабдықтарға, құралдарға не күнделікті тұтыну заттарына айтарлықтай тиімділігін немесе қолдану, пайдалану жеңілдігін қамтамасыз ететін жаңа модельге алынуы мүмкін. Сондай-ақ жаңа объект элементтердің елеулі нысандарында, орналасуында, комбинацияларында көрініс табуы қажет» [7].

Ресей Федерациясының 2006 жылғы 18 желтоқсандағы Азаматтық кодексі бойынша пайдалы модельге құрылғысына байланысты жаңа техникалық шешімдер жатқызылған жəне бұйымның сыртқы түріне ғана қатысты жəне эстетикалық қажеттілікті қанағаттандыруына бағытталған шешімдер мен интегралды микросызба топологиялары қорғалмайды [8].

Өнеркəсіптік меншік объектілерінің құқықтық қорғалуы үшін заңнамамен бекітілген патентке қабілеттілігі талаптарына сай болуы тиіс. Патентке қабілеттілігі талаптары туралы ақпаратты талдау қазіргі таңда көптеген елдерде өнеркəсіптік меншік объектілері үшін патент қабілеттігінің үш критерийі бар екендігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді: жаңа, өнертабыстық қызмет (өнеркəсіптік қадам, пайдалылық, өнертабыстық деңгей) жəне өнеркəсіпте қолдануға жарамды болуы.

Өнеркəсіптік меншік объектілеріне қолданылатын жаңа болу критерийі салыстырмалы əлемдік жаңа болу түрінде (Германия, Жапония, Австрия, Венгрия, Болгария, Испания, Қытай Халық Республикасы, Вьетнам, Тайвань) жəне абсолюттік əлемдік жаңа болу түрінде (Дания, Чехия, Финляндия, Польша, Италия, Югославия, Мексика, Турция) айқындалады. Кейбір елдерде өнеркəсіптік меншік объектілеріне жаңа болуы жергілікті деңгейде болуымен сипатталады (Біріккен Араб Эмираттары) [9].

Техникалық шешімді жаңа деп есептеу үшін əрбір елдің ұлттық заңнамаларында жеңілдіктер қарастырылған. Мəселен, Германия заңнамасы бойынша шешімнің жаңа екендігін анықтау кезінде өтінім берілген күннен алты айға дейін өтінім берушінің немесе оның құқық иеленушісінің əзірлеуіне негізделген сипаттамалары не пайдаланулары ескерілмейді. Жапонияда жəне Қытай Халық Республикасында өтінім берілген күнге дейін алты ай ішінде өнеркəсіптік меншік объектілері өмірге енгізуге байланысты өткізілген сараптамалар қорытындылары, өнеркəсіптік меншік объектілері авторының не өтінім берушінің еркінен тыс орын алған ашулар, автордың не өтінім берушінің ел аумағында үкіметтің не мемлекеттің не олардың келісімімен өткізілетін көрмелерде өнеркəсіптік меншік объектілерінің көрсетулер оның жаңа болуын анықтауға кедергі келтірмейтіндігі бекітілген. Аталған жағдай Ресей Федерациясында орын алған. Əрине, заңнама бұл мəн-жайлардың дəлелденуін талап етеді.

Өнеркəсіптік меншік объектілеріне қойылатын «өнеркəсіптік деңгей» өнертабысқа жəне өнеркəсіптік үлгіге қатысты қолданылған жəне маман үшiн техника деңгейi туралы мəлiметтерден айқын кездеспеуімен шектелген.

Өнеркəсіптік меншік объектілеріне қойылатын «өнеркəсіптік қадам» пайдалы модельге ғана қатысты. Пайдалы модельдің «өнеркəсіптік қадам» белгісінің мазмұны заңнамалық түрде ашылмаған, бірақ бұл əкімшілік жəне сот тəжірибесінде өнертабысқа жəне пайдалы модельге қолданылатын өнертабыстық деңгей айырмашылықтары негізінде көрсетілген. Бұл белгі алғашқы рет Германия заңнамасында көрсетілген жəне өнертабысқа қойылатын өнертабыстық деңгейден анағұрлым төмен техникалық деңгей жөніндегі мəлімет ретінде айқындалған. Германия заңнамасы бойынша өнертабыстық қадам болып автордың шығармашылық қызмет нəтижесі маманның орташа мүмкіндіктерінен жоғары болу талабы табылады. Жапонияда оның орнына айқын еместік критерийі қолданылады жəне ол техника саласындағы маманның қабілеттілігінен жоғары болуы талап етіледі. Қытай Халық Республикасында пайдалы модельдің шығармашылық сипаты шешімнің елеулі белгілері мен жетістіктерінің болуы, ал өнертабыстың шығармашылық сипаты шешімнің маңызды белгілері мен мəнді жетістіктерінің болуы арқылы айқындалады [10].

Сонымен, өнертабыс үшін шешімнің шығармашылық көрінісін сипаттайтын белгі айырмашылығы нормативтік-құқықтық актілерде де тек терминологиялық көрініс тапқан, ал пайдалы модель үшін қойылатын бұл белгіге шешім сəйкестігінің нақты бағасы Патенттік ведомствоның немесе сот тəжірибесіне негізделген.

Өнеркəсіпте қолдануға жарамды болу туралы талап «өнеркəсіптік меншік объектісі құрамының өнеркəсіптің кез келген саласында, соның ішінде ауыл шаруашылығында бірнеше рет пайдалану мүмкіндігі болған жағдайында» қанағаттандырылады. Өнеркəсіпте қолдануға жарамды болу белгісінің мазмұнын ашудың осындай нысаны Патенттер институтынан алынған жəне Еуропалық патенттік конвенцияға негізделіп, көптеген елдерде енгізілген (Германия, Австралия, Венгрия жəне т.б.). Бірақ бірқатар елдерде өнеркəсіпте қолдануға жарамдылық терминологиясының өзіндік ерекшеліктері бар жəне пайдалылық сөзімен сəйкестендірілген. Германияда бұл критерий оның өндірістің өнеркəсіптік саласында техникалық құрал ретінде қолдану мүмкіндігі, яғни оның орындалуы мен жұмысқа қабілеттілігі арқылы айқындалған. Қытай Халық Республикасының Патенттік заңы өнертабыс немесе пайдалы модель дайындалуын немесе пайдаланылуын жəне тиімді нəтижелер беру мүмкіндігін білдіретін «тəжірибелі пайдалану» критерийін бекіткен (22-б.). Жекеленген елдерде өнеркəсіпте қолдануға жарамды болу талабының өзіндік ерекшелігіне қарамастан, пайдалы жəне коммерциялық пайдалану арқылы тікелей немесе жанама нысанда айқындалуы өнеркəсіптік меншік объектілері үшін міндетті болып табылады, себебі қысқа мерзімде ол қорғауды иеленуге мүмкіндік беруі тиіс.

Өнеркəсіптік меншік объектілеріне қорғау құжатын беру оның мемлекеттік тіркелуі арқылы танылуын білдіреді. Өнеркəсіптік меншік объектілерін тіркеудің əлемде үш түрлі нысаны бөлінген. Олардың біріншісі ретінде əлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Венгрияда, Финляндияда, Австрияда, Чехияда, Жапонияда өнеркəсіптік меншік объектілерді ерікті түрде тіркеу танылады.

Екіншісіне үшінші тұлғаны тартып, сараптама жүргізу арқылы тіркеуді атауға болады жəне үшіншісіне белгілі бір патентке қабілеттілігі критерийіне қатысты шешімге толық зерттеу сараптамасын жүргізу негізінде тіркеуді жүзеге асыру жатады.

Үшінші тұлғаны тартып, сараптама жүргізу арқылы тіркеу кезінде қарсылық білдіру үшін берілетін мерзім ерекшелігі орын алуы мүмкін. Мəселен, Қытайда патент пайдалы модельге өтінім беру күнінен бастап алты ай ішінде жүргізілетін өтінімді жариялаған күнінен бастап үш айлық мерзімнің аяқталғанынан кейін беріледі. Италияда өтінім берілгеннен кейін 18 айдан немесе патент берілуді тездетуге ниет білдірген жағдайда кейін 90 күннен соң жарияланады. Қарсылық түскен жағдайда сараптама олардың есебімен жүргізіледі.

Бірқатар елдерде қорғау қабілеттілік талабына өтінім объектісінің сəйкестігін зерттеу қорғау құжатын берудің міндетті талабы болып табылады. Бұл құқық қорғау сенімділігін көтереді, бірақ қысқа мерзім ішінде қорғауды жояды жəне өнертабыс үшін орын алған патенттік құқықты рəсімдеу процедурасын қайталайды. Осындай тəртіп Польшада, Болгарияда, Бразилияда орын алған.

Шетелдердің ұлттық заңнамасы материалдық-құқықтық жəне процессуалдық-құқықтық қатынастарда ерекшелене отырып, мемлекеттің өнеркəсіптік меншік объектілеріне берген қорғау сипаттамасына байланысты ортақ жəне міндетті ережені қамтиды. Өтінім беруші өнеркəсіптік меншікті тіркеу үшін берілетін өтінімді ереже бойынша рəсімдеуге, онда аталған техника саласындағы маманның осы өнертабысты жүзеге асыруы үшін толық, қажетті, жеткілікті мəліметтерді қамтуға жəне өтінімді уəкілетті мемлекеттік органға беруге міндетті. Өтінімде өнертабыстың толық айқындалуына жəне оның əрекет етуші талаптарға сəйкес рəсімделуінің өзін қорғауға алуға құқық беріледі. Бірақ осы рəсімделудің қорғалу шешімі заңнамалық тəртіпте белгіленген патентке қабілеттілігі белгілеріне сай болған кезде ғана тиімді болады.

Өнеркəсіптік меншік объектілерін тіркеу үшін белгілі құжаттар жиынтығын қамтитын өтінім беріледі [11].

Өнеркəсіптік меншік объектілерінің мəнін ашатын құжаттарға қойылатын талап əлем елдерінде ұқсас. Олардың көпшілігінде «Бір өтінім — бір өнертабыс» қағидасы бекітілген. Мəселен, Германияның осы саладағы заңнамасы бойынша өнеркəсіптік меншік объектілеріне берілетін өтінімінде бір өнертабыс сипатталуы талап етіледі. Финляндияның патенттік заңнамасының 9-бабына сəйкес «бір өтінімінде екі не одан да көп өнертабысқа берілуі мүмкін еместігі айтылған».

Аталған талап өнеркəсіптік меншік объектілерін тіркеуді жою жəне оған айрықша құқықты бұзу туралы істер бойынша үдерісті жүргізуді жеңілдетеді. Сонымен қатар көптеген елдерде өтінімге бірнеше өнертабысты енгізу мүмкіндігі сақталған (біртұтастық сақтау талабы кезінде). Италияның Патенттік заңның 1989 жылғы редакциясы бойынша бір өтінім негізінде бір идеяға, соның ішінде шешімдер нұсқауларына сəйкес бірнеше өнеркəсіптік меншік объектілерін тіркеуге рұқсат етілген, бірақ өнеркəсіптік меншік объектілер біртұтастығының талабы сақталып, бір өтінімде сипатталған шешімдердің нұсқауларына қорғау алу мүмкіндігі берілген.

Əлемде өнеркəсіптік меншік объектілерінің ішінде тиімділігі бойынша пайдалы модель иеленеді. Өтінім беруші үшін пайдалы модель түрінде жаңалықтарға қорғау иеленуінің тиімділігіне оны тіркеу мен қорғау құжатын күшінде ұстау құнының төмендігі жатады. Шетелдегі пайдалы модельді құқықтық қорғау құны мен өнертабысты патенттеу құнының арақатынасындағы заңдылықты бақылау өнертабысты патенттеу шығындарының пайдалы модельге құқықты қорғау құжатын иелену құнынан бірнеше есе жоғары екендігін айқындайды. Мысал ретінде Чехияны келтіруге болады. 1993 жылдың қазан айында пайдалы модельге патентті заң күшінде ұстаудың сомалық бажы бірінші төрт жылда өнертабысқа төленетін тиісті баждан 20 есе төмен көлемді құраған. Бірақ Австралия мен Германияда осы баждар 1,2–1,3 есе, Қытай мен Бразилияда 2,7–3,5 есе төмен болумен ерекшеленген [12].

Пайдалы модельді қорғау орын алған елдер заңдарында өтінім берушінің Патент ведомствосына өнертабысқа берген өтінім күнінен бастап оған берілген өтінімді пайдалы модельге берілген өтінім ретінде қайта əзірлеу құқығы бекітілген. Бұл құқық пайдалы модельдің əрекет ету мерзімі ішінде жəне сараптама шешімінен тəуелсіз жүзеге асырылады. Аталған құқықты іске асыру сараптама нəтижесінің жағымсыз шешім шығарумен аяқталған кезінде маңызды. Сонымен бірге пайдалы модельге берілген өтінім бойынша шешім шығарылған немесе ұлттық заңнамада белгіленген мерзім ішінде оны өнертабысқа өтінім ретінде қайта рəсімдеуге рұқсат етілген.

Өнертабысты пайдаланудың маңыздылығы — пайдалы модельге берілген өтінімді өнертабыс өтінімі деп қайта əзірлеуге құқық беруінде. Өтінімді қайта əзірлеу талабы өзіндік айырмашылықтарымен ерекшеленеді, себебі бұл ұлттық заңдармен регламенттелген. Бұл мəселені шешудің екі бағытын бөлуге болады:

а) өтінімдерді қайта əзірлеу тиісті шешім қабылданғаннан кейін жаңа өтінімге қойылатын талаптарға сəйкес рəсімделіп, бірінші өтінім негізінде жүзеге асырылады;

ə) өтінім берушіге бір уақытта өнертабыс пен пайдалы модельге екі өтінім беруге рұқсат етіледі жəне бұл жағдайда пайдалы модельге берілген өтінім өнертабысқа берілген өтінімнен бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін қозғаусыз тұрады (соның ішінде өнертабысқа берілген өтінім бойынша сараптаманың жағымсыз шешімі шығарылған жағдайда).

Кейбір елдер заңнамасында өтінім берушіге бір уақытта екі өтінім беру мүмкіндігі бекітілген: өнертабыс пен пайдалы модельге өтінім беруді рəсімдеу екінші нұсқа бойынша жие жүзеге асырылады. 1987 жылға дейін Германияда бұрынғы əрекет еткен заңнама бойынша екі өтінімді бір уақытта беру мүмкіндігі берілген. Осындай қайта əзірлеу үрдісі Италияда, Австрияда жəне басқа елдерде сақталған.

Жапонияда өнертабысқа берілетін өтінімді пайдалы модельге берілетін өтінімге ғана емес, сонымен қатар өнеркəсіптік үлгіге берілетін өтінімді пайдалы модельге берілетін өтінімге қайта əзірлеу жəне, керісінше, орын алуы заңнамалық бекітілген. Италия мен Түркияда өнеркəсіптік үлгіге берілетін өтінім бойынша екі патент алуға болады: егер өнеркəсіптік үлгі бір уақытта бұйымның жаңа эстетикалық көзқарасымен қатар, оның пайдалылығын көрсетеді. Германияда ел ішінде жəне басқа елдерде өнеркəсіптік үлгіге жəне пайдалы модельге өтінімдерді ғана емес, сондай-ақ патенттерді де қайта əзірлеуге болады. Қайта əзірлеу өндірісінің аралас сипаттамасы орын алған елдер де бар: бір уақытта өнертабыс пен пайдалы модельге өтінім беруге рұқсат етілумен қатар өтінімді қайта əзірлеу де сақталған (Италия, Австрия).

Бір уақытта екі өтінімді қатар беру пайдалы модельге қосымша қайта əзірлеу функциясын иелендіріп, пайдалы модель түріндегі шешімге қысқа мерзім ішінде қорғауға жəне патентке өтінім беру арқылы пайдалы модельге құқықты іске асыруға қол жеткізуге жəрдемдеседі.

Сонымен, пайдалы модельге берілетін өтінім бойынша тиісті шешім қабылданғаннан кейін, басымдылық күнін сақтай отырып, өнертабысқа немесе өнеркəсіптік үлгіге берілетін өтінім ретінде қайта рəсімделу жəне бір уақытта өнертабыс пен пайдалы модельге екі өтінім беруге рұқсат етілу əлем елдерінің заңнамаларында бекітілген. Бір уақытта екі өтінімді қатар беру қайта əзірлеу үшін пайдалы модельге қосымша функция иелендірумен қатар, қысқа мерзім ішінде қорғауды иелену үшін жəне Патенттік ведомствода патентке өтінімді қарастыру кезеңінде пайдалы модельге құқықты іске асыру үшін жүргізілуі мүмкін.

Патенттік ведомствоға берілген өтінімге ресми сараптама жүргізу кез келген тəртіппен өнеркəсіптік меншік объектісіне қорғау құжатын берудің міндетті талабы болып табылады.

Ресми сараптама мерзімі əдетте ұзақ емес. Көптеген жағдайларда ресми сараптама нақты мерзіммен шектелмейді жəне өтінім берушіге алғашқы берілген өтінім материалдарын түзетуге жəне нақтылауға мүмкіндік береді.

Қазіргі техниканың қарқынды даму кезеңінде патенттік қорғауды күшейту қажеттілігі өнертабысты патенттеу кезінде кейінге қалдырылған сараптаманы қолдану уақыты мен тəжірибесіне негізделген.

Бірақ бірнеше қорғау құжатын иелену патенттік құқықты асыра пайдалануға рұқсат берілмеуін регламенттеуді талап етеді. 1992 жылдың 4 қыркүйегінде Қытай Халық Республикасының Патенттік заңына енгізілген өзгерістерге сəйкес патенттерді қайта беруге тыйым салынған жəне өнертабыстық жетістікке бір ғана патент берілуі мүмкін. 1994 жылғы Жапонияның Патентік заңының жаңа редакциясына сəйкес пайдалы модельге жəне өнертабысқа өтінімдер бірдей құрылғыларға қатысты бір күнде берілген жəне екеуі де тіркелген жағдайда олар жарамсыз деп танылатындығы тікелей белгіленген.

Бір өнертабысқа бірнеше қорғау құжатын иелену мəселесі түрлі шешілетіндігін байқауға болады: Қытайда бір өнертабысқа екі өтінім беруге тыйым салынады; Жапонияда заң патент иесіне екі патенттің бірін күшінде сақтау үшін таңдау жасауын талап етеді. Тайваньда қазіргі кезде бір тұлғаға бір өнертабысқа екі патент иеленуге рұқсат етілген.

Шетелде, соның ішінде Германияда пайдалы модельге берілетін патентті өнертабысқа берілетін өтінім ретінде қайта əзірлеу үшін ғана пайдаланбайды, сонымен қатар ол құқықтық мəртебесі бойынша өнертабысқа берілетін өтінімге теңестірілгендіктен, ішкі басымдылықты (Австрия, Германия, Жапония), конвенциялық басымдылықты тек пайдалы модельге өтінім беруді сұрау үшін ғана емес, сондай-ақ ол өнертабыс пен өнеркəсіптік үлгіге өтінім беруді де сұрауға негіз ретінде қарастырылады; пайдалы модель мен өнертабысқа берілетін өтінім негізінде көптеген басымдылық сұралуы мүмкін; пайдалы модельге біртұтастықтың бұзылуы арқылы берілген өтінім негізінде пайдалы модельге де, өнертабысқа да бөлінген өтінім үшін басымдылық сұрауға болады.

Шетелдегі пайдалы модель институтының дамуын талдау кезінде пайдалы модель институтының көптеген жағымды белгілерін сақтаған институттарға көңіл бөлмеу мүмкін емес (қорғауды тез алу, баждың төмендігі, патент үшін қорғаудың екінші деңгейі ретінде пайдалану мүмкіндігі), бірақ олар өзіндік ерекшеліктерімен айқындалады.

1979 жылдан бастап Австралияда кіші патент деп аталатын, яғни əдеттегіден де қысқа мерзімге берілетін құжаттарға өтінім беру мүмкін бола бастады. Кіші патенттің əрекет ету мерзімі патент иеленушісінің өтініші бойынша бес жылға дейін ұзартылуы мүмкін, сонымен кіші патент əрекетінің шектеулі мерзімі өтінім берілген күннен бастап алты жылды құрайды. Ұзақ уақыт бойы осындай өтінім үшін өнертабыстық деңгейі талап етілмеген, бірақ 1996 жылғы 15 наурызда Австралия Парламентіне кіші патенттерді қорғау жүйесін қайта қарау туралы жоба ұсынылды. Ол жоба бойынша техника деңгейіне белгілі үлес қосатын барлық объект түрлерін қорғау ұсынылған.

Қысқа мерзім ішінде қорғауды енгізу қажеттілігіне байланысты «пайдалы модель» ұғымының өзі де өзгерістерге ұшырай бастады. Мəселен, 1990-жылдардан бастап Германияда пайдалы модель ретінде химиялық заттарға, тамақ жəне фармацевтикалық өнімдерге қорғау көрсетілген, 1992 жылғы Данияның Пайдалы модельдерді қорғау туралы Заңы дəрі-дəрмек, тамақ өнімдеріне қатысты шешімдерді қорғауды бекіткен. Бразилияда пайдалы модель ретінде кескіш бұйымдар, скульптуралар, ғимараттар, ыдыстар, суреттер, тігілген заттар, таза эстетикалық үлгілер қорғалады. Грецияда — жануар мен өсімдік түрлері; Гватемалада — əдістер, заттар, металлургиялық материалдар [13].

Бірқатар елдерде өнеркəсіптік меншік объектілеріне патент абсолютті əлемдік жаңа жəне өнеркəсіпте қолдануға жарамды болу критерийлеріне жауап беретін құрылғылардың шешімдеріне беріледі (Түркияның «Патенттік құқықтарды қорғау туралы» 1995 жылғы 7 қарашадағы заң күші бар № 551 Декреті). Өнеркəсіптік меншік объектілерінің өтініміне сараптама үшінші тұлғаның қатысуы арқылы жүргізіледі, ресми жəне мəні бойынша сараптама аяқталғаннан кейін өтінім жарияланады жəне жарияланған сəттен бастап үш айлық мерзімде қарсылық білдіруге мүмкіндік беріледі. Қарсылық болмаған немесе олардың негізсіз болған жағдайында өнеркəсіптік меншік объектілеріне патент беру туралы шешім қабылданады. Түркияның Патенттік ведомствосы өтінім берушінің немесе құқық иеленушісінің сұранысы бойынша патенттік іздеу жүргізеді жəне оны сұраған тұлғаға есепті жолдайды.

Сонымен қатар Түркияда патентке берілген барлық өтінімдер бойынша (патентке қабілеттілігі критерийлері — абсолюттік əлемдік жаңа, өнертабыстық деңгейі, өнеркəсіпте қолдануға жарамды болуы). Патенттік ведомство іздеу жүргізеді, олардың нəтижесі есепте келтіріледі, кейін өтінімді есеппен бірге жариялайды. Егер өтінім берушінің қалауымен мəні бойынша сараптама жүргізу туралы өтініш білдірілсе, онда оның оң нəтижесі бойынша оның өнертабысқа патент алу құқығы туындайды. Бірақ, егер мəні бойынша сараптама талап етілмесе, шешімге жеті жылға патент алуға болады. Егер белгіленген мерзім ішінде əрекет етуі қысқартылған патент иесінен сараптама жүргізу туралы өтініш түспесе, өтінім берілген күннен бастап жеті жыл өткен соң қорғау құжаты əрекетін тоқтатады.

Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, əрекет ету мерзімі қысқартылған патент институтының құқықтық базасын қалыптастыруда ауқымды уақытты талап ететіндігін айтуға болады.

Сонымен, өнеркəсіптік меншік объектілерін мемлекеттік тіркелудің шетелдік тəжірибесі уəкілетті органға өтінім беруді, уəкілетті органмен ресми жəне мəні бойынша сараптама жүргізілуді жəне оның шешімі жағымды болған жағдайда патент нысанындағы қорғау құжатын беруді, сондай-ақ өтінім құжаттарының жарияланымын қамтиды.

Өнеркəсіптік меншік объектілеріне айрықша құқық иеленушінің патенттелген объектіні қолдануына ғана емес, оны пайдалануына тыйым сала алатындығын білдіреді. Өнеркəсіптік меншік объектісіне айрықша құқықтың əрекет ету шегі формаларда баяндалған талаптар уақытымен, аумағымен жəне мазмұнымен анықталады жəне оларды түсіндіру үшін сипаттамалар мен сызбалар қажет етіледі (Германия, Австрия, Италия, Жапония жəне т.б.).

Өнеркəсіптік меншік объектілеріне айрықша құқық мазмұны Германияның патенттік жүйесіне негізделген барлық үшінші тұлғалар үшін тыйым салынған белгілі əрекеттерді нақтылау үлгісінде (Дания, Қытай) немесе патент иеленуші уəкілеттілігіне қатысты əрекеттер тізімін бекіту арқылы ашылады. Əдетте, айрықша құқықты қамтитын əрекеттерге объектінің мəні болып табылатын бұйымды белгілі мақсатта дайындауға жəне сатуға, айналымға енгізуге, сақтауға не импортқа ұсынуды білдіреді. Бірақ кейбір елдердің патенттік заңдары патент иеленушінің айрықша құқықтары — меншік уəкілеттігіне негізделеді. Мысалы, Жапонияда өнеркəсіптік меншік объектілері үшін Патенттік заңының 2-бабында «өнертабысты пайдалану келесі əрекеттерді білдіреді: өнертабысқа сəйкес өндіру, қолдану, басқа тұлғаға беру, жалға беру, басқа тұлғаға беруге не жалға беруге ұсыну, сонымен қатар өнімдер əкелу» қарастырылған [14].

Құқық иелерінің айрықша құқықтарына міндетті түрде патентті басқа адамға қайта беру, оны лицензиялау, мұра бойынша қалдыру жəне патенттің мəнінен туындайтын басқа да құқықтар жатады. Сонымен қатар заңдарда алдын ала пайдалану құқығы (Қытай, Австралия) жəне күштеп лицензия беру де бекітілген.

Мəжбүрлеп лицензиясын беру негіздері жəне мəжбүрлеп лицензиялаудың жүзеге асырылуы шетелдерде өзіндік белгілермен ерекшеленеді, бірақ көптеген елдер заңдарында келесі жалпы белгілерді айқындауға болады:

а) күштеп берілетін лицензия қорғау құжаты берілген күннен бастап белгілі бір кезең ішінде өнеркəсіптік меншік объектілерін пайдаланбаған жағдайда беріледі;

б) күштеп берілетін лицензия тəуелді объектілерге қатысты орын алады;

в) мемлекеттік органдар қоғам мүддесі үшін төтенше жағдай кезінде күштеп берілетін лицензияны жəне т.б. талап етуге құқылы.

Олардың кейбір елдер заңдарында бекітілуін қарастырып көрейік. Мəселен, Қытайда күштеп берілетін лицензия жалпы сипатта бекітілген. Қытай Халық Республикасының Патенттік заңының 51- бабына сəйкес, егер өнеркəсіптік меншік объектіні пайдалануға мүмкіндігі бар ұйым патент иеленушіге оның патентінің талаптары бойынша объектіні пайдалануға рұқсат етуге өтініш білдірсе жəне бұл əрекеттері нəтижесіз болса, Патенттік ведомство патентті пайдалануға күштеп берілетін лицензиясын беруі мүмкін. Лицензия патент берілген күннен бастап үш жыл өткеннен кейін беріледі. Күштеп лицензия беру туралы өтініш беруші ұйым патент иеленушінің онымен лицензиялық келісім жасасуға келіспейтіндігін жəне лицензиаттың патентті пайдалануға дайындығын растауы қажет.

Жапонияда күштеп лицензия беру өнертабыстың үш жыл бойы пайдаланылмаған жағдайында орын алуы мүмкін. Италияда күштеп берілетін лицензия тек патент иеленуші немесе оның құқық иеленушісі өнеркəсіптік меншік объектісін оған патент берілген күннен бастап үш жыл немесе өтінім берілген күннен бастап төрт жыл ішінде пайдаланбаса жəне пайдалы модельді пайдаланбау ел қажеттілігіне сəйкес келмесе орын алған. Күштеп лицензия беру туралы өтініш Патенттік ведомствоға жолданады, жəне сол арқылы уəкілетті орган əрекет ету мерзіміне, пайдалану режиміне жəне басқа да лицензиялау талаптарына қатысты шешім шығарады.

Заңнаманы жүйелендіру негізінен патент беруге қатысты қатынастарды реттеуге байланысты. Бірақ патенттің қорғау əрекетіне қатысты патенттік заңнама ережелері əрбір елде өзіндік ерекшеліктерін сақтаған. Құқық иеленушінің құқығын бұзғаны үшін белгілейтін жауапкершілік нысандары, əдетте ұлттық Патенттік заңнамада мазмұндалған. Бірақ олардың көлемі салыстырмалы ауқымды емес жəне тəжірибеде патент иесінің құқықтарын бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары патенттік құқық нормалары негізінде емес, көбіне ұлттық құқықтың басқа салаларымен реттеледі.

Құқық иеленушінің құқықтарын бұзғаны үшін көзделетін жауапкершілік жекеленген белгілер бойынша азаматтық, əкімшілік жəне қылмыстық болып бөлінеді. Біз тек азаматтық жауапкершілікті ғана қарастырамыз.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік аясында құқық бұзушы патент иеленуші алдында жауапкершілікті көтереді жəне құқық бұзушының мүліктік жағдайына ықпал ететін ақшалай жəне басқа да санкцияларға тартылады.

Германияның, Жапонияның жəне əлем континенттерінің, басқа да елдердің азаматтық құқығы құқық бұзушының əрекеттері арқылы келтірілген зиян үшін жауапкершілік қағидасын іске асырады («басты деликт» қағидасы). Бұл елдерде патентке құқықты бұзу нəтижесінде шартсыз зиян келтірілгені үшін азаматтық құқықтық жауапкершілік тудыратын деликтің жеке жағдайы қарастырылады.

Патентке құқықты бұзғаны үшін жауапкершіліктің аса маңызды түрі — бұл келтірілген шығынды толық өтеу. Əдетте оның өтеміне құқық бұзушының əрекеті нəтижесінде патент иеленушісінің шеккен зияны мен айрықша құқықтың заңды пайдалануы кезінде алынуы мүмкін табысы кіреді [15].

Заңнамада бекітілген патент иеленушінің құқықтарын бұзғаны үшін жауапкершіліктің қажетті негіздері ретінде:

а) құқыққа қарсы əрекетті жасау, яғни айрықша құқықты бұзу ретінде саналатын нақты əрекет;

ə) зиян келтіру;

б) əрекет пен зиян арасындағы себепті-тергеулік байланысы;

в) құқық бұзушының кінəлі болуы жатады.

90-шы жылдары қабылданған жаңа заңнама (Австрия, Германия, Қытай Халық Республикасы, Жапония жəне т.б.), жоғарыда көрсетілгендей, өнеркəсіптік меншік объектісіне құқықты тікелей бұзуды құрайтын əрекеттердің шектеулі тізімін белгілеуге ұмтылған. Осындай əрекеттерге: заңсыз дайындау, елге əкелу, сату немесе басқа нысанда азаматтық айналымға енгізу, сатуға ұсыну (азаматтық айналымға енгізу), өнеркəсіптік қолдану (пайдалану, өндірістік тұтыну жəне т.б.), кейінгі сату немесе пайдалану мақсатында сақтау жатқызылған.

Өнеркəсіптік меншік объектілерін қорғау саласындағы қазіргі заңнама өтініш берушіге, патент иеленушіге немесе кез келген мүдделі тұлғаға Патенттік ведомство алдында өтініш берілген объектінің патентке қабілеттілігін бағалау кезінде ескерілетін патенттік іздеуді жүргізу туралы өтініш беруге құқық беретін нормаларды қамтиды. Іздеу жүргізуді регламенттейтін нормалар көптеген елдер заңдарында пайда болған, ал Жапонияда іздеу жүргізудің 6 жылдық мерзімі белгіленген. Патенттік іздеу мазмұнын регламенттеу мəліметтердің релевантті қайнар көздері тізімін ғана емес, сонымен қатар объектінің патентке қабілетілігі белгілерін бағалауды да қамтиды.

Іздеу — өнертабысты патенттеу кезінде де пайдалы, бірақ жаңа техникалық шешімге қорғау алудың тиімді жолын таңдауға мүмкіндік беретін құрал ретінде ғана.

Қайта жүргізілетін сараптама өнертабысқа берілген өтінім мен пайдалы модельге берілген өтінім бойынша сараптаманың шығарған шешімінің дұрыстығын жəне өнертабысқа патентті немесе пайдалы модельге тіркеуді жою өндірісі шеңберінде патентке қабілеттілікті бағалауға мүмкіндік береді, бірақ іздеу ретінде тиімді қорғауды таңдауға мүмкіндік бермейді, соның ішінде қайта жүргізілетін сараптама əдетте қатаң регламенттелген жəне тіпті шешімнің патентке қабілетілігіне қатысты сараптамалық қорытындыны қамтитын іздеуден артық уақытты алады.

Сонымен, қоғамның барлық қызмет ету салаларында көрініс табатын жəне ел экономикасын бəсекеге қабілеттілігін арттыратын техникалық шешімдерді қамтитын объектілер ғылыми- техникалық прогресс жолымен жүрудің бірден-бір алғышарты. Шетелдерде құрылымдық белгісі бар, жаңа, əрі шығармашылық сипатпен ерекшеленетін, сондай-ақ пайдалану мүмкіндігін жəне тəжірибелі маңызды нəтижелерді беретін өнеркəсіптік меншік объектілерін қорғау кез келген ел үшін маңызды. Бұл объектілердің əрқайсысы өз алдына ерекше орынды иеленеді жəне өнеркəсіптік меншік объектілерінің деңгейін көтеру міндеттерін бірдей атқарады. Өнертабыс өнеркəсіптік меншік объектілерінің ішінде азаматтық айналымға алғашқы енгізілген объект жəне əлем елдерінің барлығында қорғауды иеленген. Пайдалы модель Германияның 1891 жылғы Пайдалы модель туралы арнайы Заңымен қорғау енгізілген жəне өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарын, олардың құрамдас бөліктерін конструкциялық орындауды білдіретін объект. Қазіргі кезде оларды құқықтық қорғау институты ретінде əлем елдерінің басым бөлігінде енгізілген (қорғау енгізілмеген елдерге АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Швеция жатады).

Өз кезегінде өнеркəсіптік үлгі бұйымның сыртқы конструкциялық жəне көркемдік сипатын білдіретін əлемнің көптеген елдерінде қорғалатын өнеркəсіптік меншік объектісінің ерекше объектісі болып табылады.

 

 

References

  1. The advantages of utility models in Europe // Patent case. Digest of Russian and foreign press. — 1998. — № 6. — Р. 7–11 // N.Finkel, Starobogatova V.A. New trends in the legal protection of utility models // Patents and licenses. — 1996. — № 6. — P. 17,
  2. Sixty years of inventions in the USSR. — Moscow, 1979. — P.
  3. Ionans V.A. About desirable changes in provisions on inventions and technical improvements / Soviet State and Law. — 1956. — № 6. — P. 32,
  4. Eremenko Comment to the laws of China: Patents and Trademarks // Intellectual property. — 1995. — № 1, 2. — P. 60.
  5. China: The proposal to change the system of utility models ekpertizy // Patent case. Digest of Russian and foreign press. — 1999. — № 5. — P. 35–36.
  6. Finkel N.K. Legal protection for utility models. — Moscow: NGO «Search», 1992. — P.
  7. Italian law on utility — Moscow: Institute of Fire Prevention, 1995. — P. 23.
  8. Commentary to Part IV of the Civil Code of the Russian Federation / Ed. A.L.Makovskogo; vstup.st. V.F.Yakovleva; issled., Chastn. prava Center. — Moscow: Status, 2008. — P.
  9. Krawiec L.G. Protection of Utility Models: Status and Prospects // Patent case. Digest of Russian and foreign press. —— № 9, 10. — P. 40–43.
  10. Polyakov P. New in the Patent Protection of China — digest «Patent Business». — 1995. — № 2. — P. 18, 19.
  11. Doan Nguyen Chi. The legal protection of utility models in the SRV and some foreign countries (Russia, Germany, Japan and China): Candidate. Juridical. Sciences: 12.00.03. — Moscow: Russian Institute of Intellectual Property, 1999. — P. 54.
  12. By the law of utility models // digest «Patent Law». — 1994. — № — P. 24–26.
  13. Bogatyh A. Levchenko V.I. Patent law of the capitalist and developing countries. — Moscow: Law Literature, 1978. — P. 25.
  14. Karpukhina I. Protection of intellectual property and patenting. — Moscow: Mezhdunar. otnosheniya, 2004. — P. 60.
  15. Mamiofa I.E. The basic principles of liability for patent infringement in the capitalist countries / Sat Responsibility for na- rushenie patent in the capitalist — Moscow: Institute of Fire Prevention, 1985. — P. 15.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.