1980-жылдардың аяғы мен 1990-жылдардың басында басталған экономикалық, əлеуметтiк жəне саяси салалардағы түбегейлi реформалар түрлi əлеуметтiк топтардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн қоғамдық бiрлестiктердiң құрылуын ынталандырды.
Қазақстанда алғашқылардың бiрi болып экономиканың мемлекеттiк емес секторы қызметкерлерiнiң мүдделерiн бiлдiрген тəуелсiз кəсiподақтар пайда бола бастады. Бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық жəне дiни бiрлестiктер, саяси партиялар белсендi түрде институцияланды.
«Невада—Семей» қоғамдық қозғалысы азаматтық сана-сезiмнiң анағұрлым жарқын көрiнiсi болды, ол өз алдына ядролық полигондарды жабу мiндетiн қойды.
Елдегi азаматтық қоғам мен оның институттарын белгiлi бiр дəрежеде дамытуға мемлекеттiң осы процесс үшiн тиiстi саяси, құқықтық жəне өзге де жағдайлар жасау жөнiндегi қызметi жəрдем етедi.
1991 жылғы 27 маусымда «Қазақ КСР-iндегi қоғамдық бiрлестiктер туралы» Қазақ КСР-iнiң Заңы қабылданды. Нəтижесiнде елде «Қазақстанның халық конгресi», «Алаш» партиялары, Қазақстанның социал-демократиялық партиясы (ҚСДП), Қазақстанның социалистiк партиясы, Қазақстанның Республикалық партиясы, «Лад» республикалық славян қозғалысы жəне «Азат» Қазақстанның азаматтық қозғалысы, «Мемориал» қоғамдық-ағарту қоғамының филиалы, Алматы- Хельсинки тобы, «Бiрлiк» қозғалысы, «Əдiлет» тарихи-ағарту қоғамы, «Поколение» зейнеткерлер қозғалысы жəне басқалары пайда болды [1].
1990 жылдардың басында Əлеуметтiк қорғау коалициясы құрылды, оның аясына қоғамдық өткiр проблемаларды талқылау, оларды шоғырланған негiзде шешудiң тетiктерiн iздестiру жолымен еңсеру жөнiнде бiрлескен жұмыс үшiн 28 түрлi ұйымдар, партиялар, қозғалыстар бiрiктi.
1994 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентi əлеуметтiк-экономикалық жəне еңбек қатынастары саласындағы Əлеуметтiк серiктестiк жөнiнде республикалық үшжақты комиссия құру туралы Қаулыға қол қойды, бұл сындарлы үшжақты қатынастарды дамытуға жəне əлеуметтiк серiктестiк жүйесiн құрудың бастауы болды.
Партиялар мен қозғалыстардың құрылуы мен жұмыс iстеуi жəне, тиiсiнше, елдiң партиялық жүйесiнiң одан əрi дамуы үшiн құқықтық өрiс құруға 1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы мен 1996 жылы Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» жəне «Саяси партиялар туралы» Заңдарының қабылдануы ықпал еттi. Бұдан басқа, Қазақстан халықтары Ассамблеясына бiрiккен ұлттық мəдени орталықтар белсендi дами бастады. Этносаралық келiсiм елде реформалар жүргiзудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн iргетасқа айналды.
1990 жылдың аяғы азаматтық институттар қызметiнiң кəсiбиленуiмен ерекшелендi, мұның өзi олардың қоғамдық проблемалардың, қажеттiлiктер мен мұқтаждықтардың түрлi ауқымын шешу жөнiндегi жұмысының тиiмдiлiгiн көтеруге мүмкiндiк бердi.
Бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) баспа кəсiпорындарының мемлекет иелiгiнен шығу, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттiк қаржыландыру мен дотациялау жүйесiнен мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүргiзуге арналған мемлекеттiк тапсырысқа көшу процесiне байланысты масс-медиа нарығында сапалық өзгерiстер болды.
1998 жылғы 7 қазанда ел Парламентiнiң Қазақстан Республикасының Конституциясына елдiң сайлау жүйесiне партиялық тiзiмдер бойынша сайлау енгiзудi көздейтiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуi партиялық құрылыс процестерiн жеделдеттi. Сөйтiп, 1998 жылғы желтоқсаннан бастап 1999 жылғы тамызды қоса алғанда, Қазақстанның азаматтық партиясы (ҚАП), Қазақстанның Республикалық халықтық партиясы (ҚРХП), «Азамат» демократиялық партиясы, Қазақстанның аграрлық партиясы (ҚАП), «Отан» республикалық саяси партиясы, Қазақстан əйелдерiнiң демократиялық партиясы, «Руханият» партиясы, «Алаш» Қазақстанның ұлттық партиясы құрылды. Парламентте партиялық фракциялар пайда болды.
1999 жылы iс жүзiнде барлық өңiрлерде «Yкіметтік емес ұйымдар ақпарат орталықтары» ашылды, олардың басты мiндетi өңiрлiк үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау, оларға консультативтiк көмек, ақпараттық жəне əдiстемелiк қолдау көрсету болды.
2000 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң («Epкін де еңселi əрi қауiпсiз қоғамға» атты Қазақстан халқына Жолдауында халықтың түрлi топтарының мүдделерiн iске асырудағы рөлi күннен күнге артып келе жатқан үкiметтiк емес ұйымдарды дамыту үшiн жағдайлар жасау жөнiнде Үкiметке алғашқы тапсырмалар берiлдi.
2000 жылы мемлекеттiк билiк органдарымен (бұдан əрi — билiк) өзара iс-қимыл тетiктерiн жасау үшiн күш-жiгерiн шоғырландыратын Қазақстанның Үкiметтiк емес ұйымдарының (YEҰ) конфедерациясы құрылды.
2000 жылғы желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы əлеуметтiк əрiптестiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңы атқарушы билiк органдарының өкiлдерi, жұмыс берушiлер мен жұмыскерлердiң бiрлестiктерi арасындағы мүдделердiң келiсiлуiн қамтамасыз етудi мемлекеттiк саясат дəрежесiне көтердi.
2002 жылғы шiлдеде қабылданған жəне күшiне енген «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы елдiң партиялық жүйесiндегi одан арғы сапалық құрылымдық өзгерiстерге алып келдi.
2001 жылы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2002жылы Үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдау тұжырымдамасы қабылданды.
2003 жылы ел Үкiметi Үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдаудың 2003–2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекiттi, соған сəйкес облыстық (қалалық) бағдарламалар əзiрлендi [2].
Сол жылдың өзiнде-ақ Əлемдiк жəне дəстүрлi дiндер лидерлерiнiң бiрiншi съезi өткiзiліп, оған көптеген көрнектi дiн қайраткерлерi, əр түрлi конфессиялардың өкiлдерi қатысты, «Бейбiтшілік пен келiсiмге» Декларациясы қабылданып, Бейбiтшiлiк пен тұрақтылық форумы құрылды.
2003 жылы Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ə.Назарбаевтың қатысуымен бiрiншi Азаматтық форум өткiзiлдi. Ол үкiметтiк емес сектордың саяси танылуын белгiледi жəне азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимылының жүйелi тетiктерi қалыптасуының бастауы болды. 2005 жылы екiншi Азаматтық форум өткiзiлдi, ол елдiң қоғамдық өмiрiне қатысуға бизнес-қауымдастықтардың тартылуына ықпал еттi.
Орталық жəне жергiлiктi деңгейлерде «билiк—қоғам» серiктестiгiнiң ұзақ мерзiмдi тұрақты тетiктерiн жəне түрлi үндесу алаңқайларын құру жөнiндегi жұмыс белсендi жүргiзiле бастады. Қорытындысында, 2005 жылғы сəуiрде «Мемлекеттiк əлеуметтiк тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, ол билiк органдары мен YEҰ-ның өзара қатынастарының қағидалық жаңа жүйесiнiң құрылуына мүмкiндiк бердi.
2003–2005 жылдары бiрiн-бiрi алмастыра отырып, азаматтық қоғамды одан əрi Демократияландыру жəне дамыту жөнiнде ұсыныстар тұжырымдау жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн кеңес пен Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Демократия мен азаматтық қоғам мəселелерi жөнiндегi ұлттық комиссия жұмыс iстедi [3].
Екi құрылымның да жұмысы мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасында Қазақстанның саяси дамуының аса маңызды мəселелерi жөнiндегi жалпыұлттық үндесудi тереңдету жəне саяси жүйенi жетiлдiру мен елде демократиялық қайтақұруды жүргiзуге бағытталған шараларды бiрлесiп тұжырымдау үшiн жағдай жасауға мүмкiндiк бердi.
2006 жылғы наурызда Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын əзiрлеу жəне нақтылау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия құрылды, оның жұмысына саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi қатысады.
Барлық деңгейдегi əкiмдердiң халық алдында есеп беруiнiң шеңберiнде елде əкiмдерге қоғамдық сенiм комитеттерi (ƏҚСК) сияқты азаматтық бақылау нысаны дами бастағанын атап өтуге болады. Əкiмдерге қоғамдық сенiм комитеттерiнің жұмысының тəжiрибесi мемлекеттiк органдардың қызметiн азаматтық қоғам институттары бақылауының ықтимал өнiмдi модельдiк тетiгi ретiнде зерделеудi талап етедi [4].
Сөйтiп, өткен жылдары елде азаматтық қоғам институттары — саяси партиялар, коммерциялық емес (үкiметтiк емес) ұйымдар, кəсiподақтар, ұлттық-мəдени бiрлестiктер, мемлекеттiк емес бұқаралық ақпарат құралдарының жəне тұтастай алғанда мемлекеттiк емес секторды бiлдiретiн басқа да институттар қалыптасып, қазiргi уақытта мейiлiнше тез дами бастады. Бүгiнгi күнi Қазақстанда 12 саяси партия, түрлi бағыттағы 5820 YЕҰ, 3340 қоғамдық қор, 1072 заңды тұлғалар қауымдастығы, 471 ұлттық-мəдени бiрлестiк, 40-тан астам конфессиялар мен деноминацияларды бiлдiретiн 3340 дiни бiрлестiк, түрлi меншiк нысанындағы 6646 бұқаралық ақпарат құралдары ресми тiркелiп, жұмыс iстеуде. Осы жəне басқа да азаматтық қоғам институттары елдi одан əрi демократияландырудың маңызды ресурсына айналды [5].
Сонымен бiрге қоғамда азаматтық қоғамның одан əрi өсуiне ғана емес, елдi əлемдiк жаһандану процесiне барған сайын тартып бара жатқан қыр көрсетулерге де байланысты бiрқатар маңызды мəселелер көрiнiс бере бастады. Олар тұтастай алғанда елдегi азаматтық қоғамды одан əрi үйлесiмдi дамытуды тежейдi, оның əр бөлiгi үшiн сипаттамалық ерекшелiктерi бар жəне өз шешiмiн талап етедi.
Мысалы, коммерциялық емес ұйымдардың (КЕҰ) мемлекеттiк органдармен тең құқылы азаматтық əрiптестiгi мəселелерi шешiмiн тапқан жоқ. Конкурстық рəсiмдердiң ашықтығын арттыру жəне бағдарламалар мен жобалардың қазiргi кезеңiнде қажеттiлiктердi айқындауда коммерциялық емес ұйымдардың қатысуы үшiн мемлекеттiк əлеуметтiк тапсырысты iске асыру тетiгi жетiлдiрудi талап етедi. Өңiрлердегi, əсiресе ауылдық жерлердегi коммерциялық емес ұйымдар əркелкi дамуда. Тiркеу тəртiбi күрделенген жəне рұқсат беру сипатына ие, тiркеу алымының мөлшерi ұлғайтылған, азаматтардың заңды тұлға болып құрылмаған бейресми бiрлестiктерiнiң мəртебесi туралы мəселе реттелмеген. Бизнес-құрылымдар коммерциялық емес ұйымдардың əлеуметтiк маңызды бастамаларын қаржылық қолдауға нашар қатысуда [6].
Əлеуметтiк қажеттiлiкке қарамастан, елдегi партиялық құрылыс баяу қарқынмен жүруде, партиялардың ролi мен өкiлеттiгi шектеулi. Партиялардың көпшiлiгiнде қажеттi қаржылық жəне материалдық ресурстар, саяси партияларды тiркеу үшiн қол жинау мəселелерi жөнiнде нақты ережелер мен регламент жоқ. Партияларды қайта ұйымдастыру, бiрiктiру жəне қосу мəселелерi заңнамалық реттеудi қажет етедi. Саяси партиялардың сайлау комиссияларын құруға қатысу тетiгi жетiлдiрiлмеген.
Кəсiптiк одақтар мемлекеттiң əлеуметтiк-экономикалық саясатын əзiрлеу мен iске асыруға толық көлемде қатыспайды. Ұжымдық шарттар мен келiсiмдер əлi де болса еңбекшiлердiң құқықтарын қорғаудың пəрмендi тетiгiне айналған жоқ.
Отандық бұқаралық ақпарат құралдарының бəсекеге қабiлеттiлiгiнiң дамуы нормативтiк- құқықтық жəне экономикалық ынталандыру болмағандықтан, тежелiп отыр. Көптеген бұқаралық ақпарат құралдарының материалдық-техникалық базасы жеткiлiксiз жəне қаржылық қаражаты шектеулi, сондай-ақ мемлекеттiк ақпараттық саясат бағдарламалары шеңберiнде бюджет қаражатына қол жеткiзе алмайды. Бұқаралық ақпарат құралдарын аккредиттеу, мемлекеттiк органдардан ақпарат, өз хаттары мен өтiнiштерiне жауап алу кезiнде қиыншылық көруде. Журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарының құқықтық қорғалу деңгейiнiң төмендiгi Қазақстандағы сөз бостандығының шектелуiне əкеледi.
Азаматтық қоғам жəне құқықтық мемлекет əрқайсысы салыстырмалы дербес жүйені құрайды. Құқықтық қатынаста олар жалпы жəне тұтас құқықтық жүйенің құрамдас бөліктері ретінде танылады. Құқықтық жүйе олардың өзара байланысы мен өзара əрекеттестігінің белгілі бір кезеңі қызметін де атқарады. Азаматтық қоғам жəне құқықтық мемлекеттің құқықтық жүйемен өзара қатынасы əр түрлі. Азаматтық қоғам — табиғи жəне жеке құқықты құқықтық реттеудің кеңістігі, объектісі, аймағы. Құқықтық мемлекетте позитивті жəне көпшілік құқығының басымдылығы танылады. Бұндай бөліністің шарттылығын да ескерген жөн. Азаматтық қоғам позитивті құқықты, мемлекетпен қабылданған заңдарды елемеуі мүмкін емес, өйткені заң шығару органдарына өздерінің өкілдерін жібереді, олар жеке құқық заңдарын да қабылдайды.
Азаматтық қоғам жəне құқықтық мемлекеттің өзара қатынасы белгілі бір дəрежеде көпшілік құқығы нормаларымен реттеледі. Олардың көмегімен мемлекет азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, азаматтық қоғамның көптеген институттарын қорғауды жүзеге асырады.
Азаматтық қоғамды одан əрi дамыту мынадай қағидаларға негiзделедi:
- адам мен азаматтың iргелi құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
- эволюциялық жəне кезеңдiлiк;
- қоғамдық өмiр салаларында, ең алдымен экономикалық салада, əлемдiк дамудың жаһандық үрдiстерiн ескере отырып, қайта құрулармен бiрге бағдарланушылық;
- заңның үстемділігi, барлығының бөле жармастан заң алдында теңдiгi;
- мемлекеттiң iстерiн басқаруға жəне басқа да қоғамдық пайдалы мiндеттердi шешуге Қазақстан Республикасының азаматтары мен олардың өкiлеттi өкiлдерiнiң қатысуы;
- елдегi демократиялық процестерге азаматтардың қатысуы үшiн тең мүмкiндiктердi қамтамасыз ету;
- азаматтарды демократиялық мəдениет мiнез-құлқына тарту;
- билiк пен қоғамның үндесу мен ынтымақтастық мəдениетiне бейiндiгi.
Азаматтардың бiрлестiктерi мен олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң ешқайсысы да көпшiлiк билiкпен өзара қатынастарда азаматтық бастаманың бүкiл секторының мүддесiн қорғай алмайды. Адам құқықтары мен адами өлшем саласындағы халықаралық шарттар мен пактiлер шеңберiндегi халықаралық-құқықтық құралдарға сəйкес азаматтық қоғам институттарын жан-жақты дамыту əрi олардың мемлекетпен жəне бизнес-секторлармен тең құқылы серiктестiгi үшiн заңнамалық, əлеуметтiк-экономикалық жəне ұйымдастыру-əдiстемелiк базаны одан əрi жетiлдiру азаматтық қоғам дамуының негізгі нысандары болып табылады.
Азаматтық қоғамның басты тұжырымдарын негізге ала отырып, мемлекеттегі азаматтық қоғамның негiзгi міндеттерін айқындап көрсетуге болады:
- адам, оның құқықтары мен бостандықтары басты құндылық болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтiк мемлекет құру;
- үкiметтiк емес ұйымдар, бизнес-сектор жəне мемлекет арасында үйлесiмдi, тең құқылы əрi серiктестiк қатынастар жүйесiн құру;
- YEҰ жобаларына бизнес-сектордың қатысуы үшiн экономикалық ынталандырулар əзiрлеу, қайырымдылық пен меценаттықты дамыту;
- азаматтық қоғамның барлық институттарын дамыту үшiн қолайлы құқықтық база қалыптастыру;
- өмiр сүру сапасының жоғарғы стандарттарына қол жеткiзу, еңбек қатынастарын үйлестiру, халықтың бай жəне кедей жiктерi кiрiстерiнiң арасындағы айырмашылықты қысқарту [7].
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006–2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы келесідей міндет мақсаттарды жүзеге асыруды көздейді:
- адам құқықтары мен демократиялық бостандықтарды сақтауды;
- азаматтық қоғам институттарын тұрақты дамыту үшiн қолайлы құқықтары мен бостандықтарын адамның қоғам алдындағы жауапкершілігiмен үйлестiрудi;
- қоғамның мемлекеттiк билiк қызметiн тиiмдi бақылауын жүзеге асыруды. Билiк органдары мен азаматтық қоғам ұйымдары арасындағы серiктестiк принциптерi негiзiнде ынтымақтастық мəдениетiн қалыптастыруды;
- əлеуметтiк қамсыздандырудың тиiмдi жүйесiн құруды;
- қоғам мен билiк мүдделерiн келiсiмi жүйесiн қалыптастыруды қамтамасыз ететiн азаматтық қоғам моделiн өмiрге енгiзудi көздейдi.
Қоғамда атқарылған шаралар нəтижесiнде елде демократиялық мемлекеттiң басты қағидасы — азаматтық қоғамның басты құндылығы ретiнде адам құқықтарын қамтамасыз ету жан-жақты iске асырылады. Кəсiпкерлiк, шағын жəне орта бизнес азаматтық қоғамның экономикалық негiзiн, ал ортаңғы сынып оның əлеуметтiк базасын құрайды.
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам дамуының негiзгi тетiктерi мыналар болып табылады:
- Қазақстан Республикасы қол қойған халықаралық шарттар мен актiлердi ескере отырып, ұлттық заңнаманы жетiлдiру жəне үйлестiру;
- мемлекеттiк органдар мен азаматтық қоғам институттарының ынтымақтастық құралдарын нығайту жəне мемлекеттiк əлеуметтiк тапсырысты тиiмдi iске асыру үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
- халықтың жоғары саяси, құқықтық жəне азаматтық мəдениетi үшiн жағдайлар жасау;
- Қазақстан Республикасының Парламентiндегi жəне мəслихаттардағы саяси партиялардың өкiлдiктерiн кеңейту арқылы олардың ролiн күшейту, партиялық фракциялардың құқықтарын кеңейту;
- адам құқықтарын қорғаудағы азаматтық қоғам институттарының ролiн арттыру;
- БАҚ қызметiн реттейтiн заңнаманы демократияландыру;
- дiни бiрлестiктер қызметiн реттейтiн заңнаманы халықаралық стандарттарға сəйкес жетiлдiру;
- еңбек қатынастарын жетiлдiру;
- əлеуметтiк саясатты жаңғырту;
- бизнестiң əлеуметтiк жауапкершілігiн арттыру;
- азаматтық қоғамның басқа институттарын дамыту;
- азаматтық қоғам институттарының халықаралық ынтымақтастығын дамыту [8].
Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, оның iшiнде мəдениет, бiлiм беру, экология, денсаулық сақтау, ақпарат, əлеуметтiк қамсыздандыру, экономика, гендерлiк теңдiк, тұрғын үй саясаты, жергiлiктi өзiн-өзi басқару саласындағы құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бөлiгiнде қазақстандық заңнаманы жетiлдiру бойынша талдау жасап, жұмыс жүргiзу қарастырылған.
Ратификацияланған халықаралық шарттар мен пактiлердiң ережелерiн ұлттық заңнамаға бейімдеу жөнiндегi жұмысты жеделдету, сондай-ақ əлi ратификацияланбаған басқа халықаралық шарттар мен пактiлерге қосылу жөнiндегi жұмысты жалғастыру — азаматтық қоғамның басты бағыттарының бірі. Осы бағыт шеңберiнде заң шығарушылық жұмысына азаматтық қоғам институттарының өкiлдерi мен тəуелсiз сарапшылар тартылатын болады. Қазақстан Республикасының Парламентi Мəжілісінің жанындағы Қоғамдық сарапшылар палатасының жұмысын қолдау оны заң шығарушылық процесiнде азаматтық институттардың мүдделерiн есепке алудың бiрегей тетiгiне айналдыруға мүмкiндiк бередi.
Мемлекеттiк органдар мен азаматтық институттар ынтымақтастығын нығайту үшiн, мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасындағы өзара iс-қимыл мəселелерін шешу жəне өзара iс- қимыл мен серiктестiк басымдықтарын айқындау жолдарын тұжырымдау үшiн жалпыұлттық тиiмдi үндесу алаңқайына айналуға тиiстi азаматтық форумдарды тұрақты негiзде өткiзу, заң шығарушылық жұмысы, мемлекеттiк, салалық (сектораралық) жəне өңiрлiк даму бағдарламаларын қалыптастыруға қатысу жөнiндегi қоғамдық кеңестер, консультативтiк-кеңесшi органдар, комиссиялар, жұмыс топтары түрiнде ынтымақтастықтың тұрақты қолданыстағы тетiктерiн орталық жəне өңiрлiк деңгейлерде дамыту, əлеуметтiк мəндi мəселелер бойынша қоғамдық тыңдаулар өткiзу тəжірибесін енгiзу, мемлекеттiк билiк органдарының қызметiн жəне олардың азаматтардың құқықтары мен мүдделерiн сақтауға, бюджет процесiнiң ашықтығы мен мөлдiрлiгiне байланысты қабылдайтын шешiмдерiн азаматтық бақылаудың өнiмдi тетiктерiн пысықтау жəне практикаға енгiзу, жұмыстың осы бағытының шеңберiнде тиiстi əдiстемелiк база құру, азаматтық қоғам институттарының даму бағдарламаларын iске асыру мониторингi мен олардың сектораралық ынтымақтастығын қамтамасыз ететiн ұлттық ақпараттық-талдамалық желi құруға жəне оны дамытуға жəрдемдесу, сондай-ақ қазiргi заманғы ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологиялар енгiзу, азаматтық институттардың сектораралық өзара iс-қимылының неғұрлым перспективалы нысандары мен əдiстерiн жүйелi түрде зерделеу, анықтау, байқап көру жəне енгiзу, мемлекеттiк билiк пен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары үшiн азаматтық қоғам институттарымен өзара iс-қимылдың тиiмдi тетiктерiн қалыптастыру жөнiнде ұсынымдар тұжырымдау, азаматтық қоғам институттарымен жұмыс жəне қоғаммен байланыс үшiн елдiң мемлекеттiк жоғары оқу орындарына кадрлар даярлаудың арнайы курстарын енгiзу мəселесiн пысықтау, орталық жəне жергiлiктi мемлекеттiк органдарда қоғаммен байланыс жөнiндегi құрылымдық бөлiмшелер құру мəселесiн зерделеу, халықаралық еңбек ұйымының стандарттарына сəйкес жұмыс берушiлер, қызметкерлер жəне билiк органдары арасындағы мүдделердi келiсудiң негiзгi тетiгi ретiнде еңбек қатынастары саласындағы тиiмдi əлеуметтiк серiктестiктi дамыту қажет.
Мемлекеттiк əлеуметтiк тапсырысты тиiмдi iске асыру үшiн ұйымдық, саяси жəне құқықтық жағдайларды қамтамасыз етуге айрықша көңiл бөлу қажет, бұл мемлекеттiк органдар мен азаматтық институттардың өзара iс-қимылы мен ынтымақтастық жүйесiн дамытуға мүмкiндiк бередi.
Қағидалық тұрғыдан орталық жəне жергiлiктi атқарушы органдарға мемлекеттiк əлеуметтiк тапсырыстың, ең алдымен əлеуметтiк блоктың тетiгiн тарату қажет. Мемлекеттiк əлеуметтiк тапсырысқа арналған бюджет шығыстарын кезең-кезеңiмен ұлғайту көзделген жөн.
Адам құқықтарының жалпыға бiрдей декларациясына сəйкес əрбiр адам өзiне Конституциямен кепiлдiк берiлген экономикалық, əлеуметтiк, азаматтық жəне саяси құқықтарды пайдалануға мүмкiндiгi болған жағдайларда ғана жеке тұлға мұратына қол жеткiзуге болады.Ол үшiн:
- азаматтық қоғам институттарының жұмысы арқылы адамның құқықтық санасын қалыптастыру;
- елде жұмыс iстеп тұрған жергiлiктi өзiн-өзi басқару жүйесiн енгiзу жəне азаматтардың жалпыұлттық мəселелерді шешуге толыққанды қатысуын қамтамасыз ету;
- қоғамда Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттiк рəмiздерге деген құрметтi қалыптастыру;
- жалпы орта, кəсiптiк бастауыш жəне орта бiлiм беру ұйымдарында құқық негiздерiн оқыту практикасын жетiлдiру;
- қазақстандық қоғамда адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуде құқық қорғау үкіметтік емес ұйымдардың рөлiн көтеру;
- құқықтық жүйенi одан əрi ырықтандыру;
- қылмыстық-атқару жүйесiн ізгiлендiруге, елде қоғамдық қорғау институтын дамытуды ынталандыруға бағытталған жобалар тұжырымдауға құқық қорғау үкіметтік емес ұйымдарын тарту;
- халықтың əлеуметтiк əлжуаз жiктерiнiң құқықтарын қамтамасыз ету үшiн əлеуметтiк бағдарланған жобаларды жүйелi түрде енгiзу, мүгедектердiң, əйелдер мен жастардың құқықтарын қорғауға бағытталған əлеуметтiк мəндi жобалар тұжырымдауға үкіметтік емес ұйымдарды белсендi түрде тapту;
- адам құқықтары жəне əрбiр адам мен тұтас қоғам үшiн олардың құндылығы саласында жалпыға танылған стандарттар туралы халықтың хабардар болуының жоғарғы деңгейiне қол жеткiзу жөнiнде тиiстi мемлекеттiк органдар мен азаматтық қоғам институттарының бiрлескен ақпараттық жəне ағартушылық науқандарын iске асыру;
- жанжалдарды соттан тыс шешу тетiктерiн, дауларды келiссөздер, аралық, келiстiру соттары, делдалдық институттары арқылы сотқа дейiн реттеу практикасын белсендi енгiзу;
- гендерлiк теңдiктi дамыту жəне нығайту, қоғамдық санадағы əйелдер мен ерлер құқықтарына қатысты келеңсiз таптаурындарды еңсеруге жəрдемдесу қажет.
Билiк пен азаматтық қоғамның ортақ мiндетi əлеуметтiк мемлекет құру, елдiң экономикалық басып оза дамуын ынталандыру жəне азаматтардың əл-ауқатын арттыру мақсатында əлеуметтiк саясаттың тиiмділігiн арттыру болып табылады.
Азаматтардың Конституцияда кепiлдiк берiлген əлеуметтiк-экономикалық құқықтарын iске асыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк нормалар мен нормативтер белгiлеуге бейiмделген жəне сонымен бiр мезгiлде мемлекеттiң əлеуметтiк-экономикалық саясатын жүзеге асыру үшiн бағдарлық қызмет атқаратын өмiр сүру сапасының ұлттық стандартын əзiрлеу жəне тəжірибеге енгiзу қажет.
Ұлттық стандарт мынадай бөлiмдердi қамтуға тиiс: еңбекақы төлеу, зейнетақымен қамсыздандыру, əлеуметтiк сақтандыру жəне халыққа əлеуметтiк қызмет көрсету, медициналық қызмет көрсету стандарты, тұтыну себетi, бiлiм беру қызметтерiнiң стандарты, отбасын əлеуметтiк қолдау стандарттары, азаматтың жалпы жəне ақпараттық мəдениетiнiң стандарттары, экологиялық мəдениет стандарттары, халықты тұрғын үймен, коммуналдық жəне тұрмыстық қызметтермен қамтамасыз ету стандарттары.
Тəуелсiздiк жылдары жинақталған ресурстық əлеует, бюджет мүмкiндiктерi мен республиканың экономикасындағы оң үрдiстер базасында Қазақстанның өмiр сүру сапасының ұлттық стандартының барлық көрсеткiштерiн Тəуелсiз Мемлекеттер Достастығының барлық елдерi арасында неғұрлым жоғарғы етудiң жəне Қазақстан Республикасының əлемдегi бəсекеге барынша қабiлеттi елу елдiң қатарына кiруiн қамтамасыз етуге толық мүмкiндiк бар.
Жүргiзiлiп жатқан əлеуметтiк саясат негiзiне субсидиарлық қағиданы енгiзудiң маңызы зор, бұл адам, отбасы, адамдар тобы, қоғамдық бiрлестiк мүдделерiнен шыға отырып, мəселені төменнен жоғарыға қарай шешудi бiлдiредi. Бұл үшiн əлеуметтiк көмек бағдарламаларын орындауға үкiметтiк емес ұйымдарды кеңiнен тарту үшiн жағдай жасау қажет, бұл өз кезегiнде жергiлiктi деңгейде əкiмшiлiк шығыстарды қысқартуға жəне мемлекеттiң əлеуметтiк саладағы жұмысының тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк бередi.
Сонымен қатар мəселелерді жергiлiктi деңгейде шешуге жəне елде волонтерлық институтты дамытуға қабiлеттi аумақтық үкіметтік емес ұйымдарды дамыту үшiн жағдай жасау қажет.
Бизнестiң əлеуметтiк жауапкершiлiгiн ынталандыру — əлеуметтiк мəндi жобаларды дамыту жəне қоса қаржыландыру, лайықты еңбекақыны уақытылы төлеу, еңбектi қорғауды жəне оның қауiпсiз жағдайларын қамтамасыз ету, жалдамалы қызметкерлердi əлеуметтiк қолдауды жүзеге асыру үшiн жағдай жасауға апаратын жол. Бұл қоғамда мейiрiмдiлiк, руханилық мəдениетiн қалыптастыруға, моральдық жəне адамгершiлiк құндылықтарын нығайтуға апаратын жол.
Кəсiпкерлер үшiн əлеуметтiк жауапкершiлiк арттыру мəселелерiнде олардың қызметi үшiн қолайлы, əлеуметтік қауiпсiз орта қалыптастыруға қатысу мiндетi дəлел болуға тиiс. Қоғамдағы əлеуметтiк-саяси тұрақтылық — бизнестiң табысты дамуының кепiлi.
References
- Akhmetov A.S. The idea of juristic state: origins and prospects // Collection of scientific works. — Karaganda: KarSU Publ., 2008. — P.
- Baimakhanov M.T. The problem of etatism. — Almaty: Gety Gargy, 2001. — 335
- Easton A. Framework for Political Analysis. — London, Sydney, Toronto, New Delhi; Tokyo, 1965. — 230 p.
- Abisheva On the way to advanced social standards // Kazakhstan-Spektr. — 2006. — № 2. — P. 101.
- The concept of civil society development in the Republic of Kazakhstan for 2006–2011 // Kazakhstan`s — 2006. — July, 29.
- Ayupova Z.K. The legal system and civil society in the Republic of Kazakhstan: the faces of communication and interaction // Sayasat. — 2001. — № 10, 11. — P.
- Dyusenova M.M. Problems of formation of civil society in the Republic of Kazakhstan // Newsletter of — 2009. — № 1.— P. 65.
- Shomanov A.J. The potential of institutes for civil society in ensuring of social stability in Kazakhstan // Analytic Review. — 2010. — № 5.