Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ұйымдасқан топпен жасалатын қылмыстарды саралаудың кейбір мəселелері

Қатысушылардың өзара қатысу тəсіліне, екі немесе одан да көп тұлғалар күшінің бірігуіне байланысты бірлескен қылмыстық іс-əрекет өзіндік сапалық қасиеттерге ие болады. Қылмысқа қатысудың əр түрлі іс-əрекеттері белгілі бір нысандарға бөлінеді, бұл бірлескен қылмыстарға жауапкершілікті дербес тағайындауға жəне оларды саралауға мүмкіндік береді. Қылмысқа қатысу нысаны — бұл біріккен қылмысқа екі немесе одан да көп тұлғалардың қасақана іс-əрекеттері қандай жолмен бірігетіндігін көрсететін, кінəлілердің өзара қатысу тəсілін ашатын қылмысқа қатысудың сыртқы сипаты. Қылмысқа қатысу нысаны туралы мəселе тергеу жəне сот практикасы үшін аса маңызды, өйткені мұнсыз жекелеген қатысушылардың іс-əрекеттерін нақты саралау жəне олардың жауапкершілігінің шегін анықтау мүмкін емес. Сонымен қатар сот-тергеу тəжірибесі көрсетіп отырғанындай, қылмысты бірлесіп жасаудың салдарынан көп жағдайда ауыр, ерекше ауыр қылмыстар жасалынады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 31-бабында ұсынылған қылмысқа қатысудың топтық нысандарымен жасалатын қылмыстарды дұрыс саралай бiлудiң маңызы арта түседi.

Қылмысқа қатысу нысандарының Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (ҚК) 31- бабының жеке бөлімдерінде көрсетілудегі, оның қылмыстық-құқықтық маңыздылығы жəне де қоғамдық қатынастарға қол сұғушылық жасайтындардың қауіптілігінің жоғарлататыны сөзсіз.

Топтық қылмыстардың жоғары қоғамдық қауіптілігі өте айқын, өйткені нақты қол сұғушылықтың пайда болуы, оның аяғына дейін жеткізілуі, бір адамның жасаған қылмысына қарағанда, үлкен зиянды зардаптарды келтіру мүмкіндігі арта түседі.

Сондықтан ҚК Ерекше бөлімінде қылмыс нысандарының ерекше саралаушы белгі ретінде əр түрлі қылмыстардың құрылымында көрсетілуі, олардың қылмыстық-құқықтық маңыздылығы жəне де басқа да нормаларда көрсетілмеу жақтарына ғылыми талдау қажеттігі туындайды.

Қылмыстық құқық теориясында қылмысқа қатысу институты, оның қағидалары жəне теориялық ұғымы жауапкершілікті не күшейтпейді, не əлсіретпейді, сонымен бірге жалпы қылмысқа қатысу саралаушы немесе ауырлататын мəн-жай болып табылмайды деген пікір бар [1].

Қылмыстық кодекстің Жалпы бөліміндегі айтылған ережелер негізінде заңшығарушы Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде көрсетілген көптеген қылмыстардың саралаушы белгілерін жекешелеп, оларды жауапкершілікті ауырлататын мəн-жай ретінде бекітті. Қылмыстық кодекстің 54-бабы 1-бөлімінің «в» тармағына сəйкес жазаны ауырлататын мəн-жайлар қатарына: адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының, ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс жасау жатады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 31-бабының 3-тармағына сəйкес ұйымдасқан топ деп құрылғаны үшiн Қылмыстық кодекстің 235-бабының 1-тармағымен жауапкершiлiк көзделген ұйымдасқан қылмыстық топты ғана емес, сонымен бiрге құрылғаны үшiн Қылмыстық кодекстің 237-бабының 1-тармағымен жауапкершiлiк көзделген тұрақты қарулы топты (банданы) да түсiну қажет. Бұл ретте банда ұйымдасқан қылмыстық топтан қарулануымен жəне қылмыстық мақсаты азаматтар мен ұйымдарға шабуыл жасауымен ерекшеленедi.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының «Соттардың бандитизм жəне қылмысқа қатыса отырып, басқа қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мəселелері туралы» 21.06.2001 ж. нормативтік № 2 Қаулысында былай делінген: «Банда дегеніміз — адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында алдын ала біріккен, екі немесе бірнеше адамдардан құрылған тұрақты қаруланған топ. Банда бір қылмысты жасау үшін құрылуы мүмкін, бірақ бұл қылмысты жасау үшін мұқиятты дайындық қажет болуы шарт. Басқа ұйымдасқан топтардан банда өзінің қаруланғанымен жəне қылмыстық мақсаты — адамдар мен ұйымдарға шабуыл жасаумен ерекшеленеді». Айтылғандарды тұжырымдасақ: 1) Банда ұйымдасқан топқа жатқызылған. 2) Банда бір немесе бірнеше қылмыстар жасау үшін құрылады. 3) Ұйымдасқан топтардың барлығын қаруланған жəне қаруланбаған деп бөлуге болады, банда соның біріншісіне жатады. 4) Жоғарғы Соттың пікірінше, барлық ұйымдасқан топтардың мақсатын екіге бөлуге болады: адамдар мен ұйымдарға шабуыл жасау жəне онсыз; банда соның біріншісіне жатады. Бірақ Жоғарғы сот қателеседі, тек банда ғана емес, сонымен қатар қаруланбаған ұйымдасқан топтар да адамдар мен ұйымдарға шабуыл жасау мүмкін. 5) Жоғарғы сот тұрақтылықты қаруланғандық сияқты ұйымдасқан топтың шегінен шығарған, банданың мəні бойынша үш белгісін көрсеткен: тұрақтылық, ұйымдасушылық, қаруланғандық. Бұл арқылы ол ұйымдасқан топты тұрақтылық белгісінен айырады, ал бұл позитивті болып табылады. 6) Жалпы мұндай жағдайда ұйымдасқан топты бір ғана белгісімен сипаттауға болады, ол алдын ала біріккен тұлғалардың болуы.

Профессор Б. Нұрғалиевтің пікірінше, «ұйымдасқан қылмыстық топ — бұл пайда табу мақсатында қылмыстық əрекеттер жасаумен шұғылданатын жəне əлеуметтік бақылаудан қорғану жүйесін құрайтын тұрақты əрі бір орталықтан басқарылатын қылмыстық құрылымдардың айтарлықтай үлкен тобы».

Ұйымдасқан топтың ұйымдасқандығы тұрақтылығы туралы мынадай белгілері куəландырады: оның орнықтылығы, құрамында ұйымдасқан құрлымдардың болуы, мүшелерінің беріктігі қылмысты жоспарлауы мен оған жан-жақты даярлануы ұйымдастырушы мен жетекшілердің нұсқауларын орындау жəне этаптың тəртібіне бағыну.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың белгiлерi ретiнде мынадай жағдайларды көрсетуге болады: қылмыс жасауға дайындалу, рөлдердi бөлу, топ мүшелерiнiң белгiлi бiр тəртiпке жəне ұйымдастырушының нұсқауларына бағынуы. Шын мəнiсiнде аталған жағдайларды ұйымдасқан қылмыстық топтың белгiлерiне жатқызуға болады. Ал қатысушыларды таңдау жəне тарту туралы айтсақ, бұлар ұйымдасқан қылмыстық топтың белгiлерi бола алмайды, өйткенi оның құрамы белгiлi бiр қалыпқа келтiрiлiп, тұрақтандырылған, осыған байланысты оның құрамына жаңа мүшелердiң кiруi, одан шығу сияқты, белгiлi бiр қиындықтарды туғызады.

Ұйымдасқан топта оған қатысушылардың жоғары дəрежеде ұйымдасуы байқалады. Ол қылмысты жоспарлау, қылмыстық əрекеттің сипаты, қылмыс жасау əдіс-тəсілдері, қылмыстың объектісін таңдау, қатысушылардың рольдеріді бөліп алуы, олардың тек өз қызметтерін жасауы, қылмыстың орны мен уақытының анықталуымен сипатталады. Мысалы, ұрлық жасағанда, екіншісі қоймадан алып шығады, үшіншісі оны айналымға салады. Ұйымдасқан топ қылмыс жасағанда қатысушылар келісімнен бас тартуды немесе ауытқуына жол берілмейді, себебі ол ұйымдасқан қылмыстық топтың құлауына əрқашан əкеп соғады.

Ұйымдасқан топты танудағы күрделілік — ол көптеген параметрлері бойынша алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен ұқсас болып келеді. Сондықтан адамдар тобына күні бұрын бірігу тек қана алдын ала уағдаласу жолымен болуы мүмкін. Алайда бұл белгілермен аталған қылмыстық іс- əрекеттің екі нысанының арасын нақты айыру мүмкін емес. Қылмыстық іс-əрекеттің екі нысанына да қатысты бір қылмыс жасау мақсаты сияқты белгісі айырмашылыққа жатпайды (ҚР ҚК 31-б. 2 жəне 3- бөлімдері). Алдын ала сөз байласқан адамдар тобы мен ұйымдасқан қылмыстық топ арасын нақты айыру үшін ғалым И. Ш. Борчашвили өзінің ғылыми мақаласында ұйымдасқан топ бір ғана қылмыс жасау үшін құрылуы мүмкін емес екенін көрсетеді, сонымен қатар А. Р. Заинутдинова ғылыми еңбегінде «ұйымдасқан қылмыстық топтың анықтамасынан бір қылмыс жасау мақсатын алып тастау ұсынылады» [2]. Біздің ойымызша да, бұл ғалымдармен ұсынылған пікірлер орынды. Себебі ұйымдасқан топ тек бір ғана емес, бірнеше қылмыстар жасау мақсатын көздейді.

Берілген ереженің талдауы көрсеткеніндей, кейбір қылмыс құрамдарында ұйымдасқан қылмыстық іс-əрекет пен топ нысандарының əрқайсысының қоғамға қауіптілік дəрежесінің əр түрлігіне қарамастан, оларға өзіндік маңыз берілмей тиісті топтық қылмыстық іс-əрекет нысаны ескерілмей, баптардың құрылымында олар жекешелендірілмей барлығы бір қатарда орналастырылған. Ал, ҚК 31-бабының құрылымы, оларды қауіптілік дəрежесіне қарай, өсу сатысын көрсете отырып, жоғарғы шегін де жеке бөлімде көрсетіп отыр.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 31-бабының 3, 4-тармақтарында көрсетiлген қылмысқа қатысу формаларының анықтамаларына жүгiнсек, бұл екi нысанға да ұйымдасқандық пен тұрақтылық тəн, жəне осы екi белгi бiр-бiрiмен тығыз байланыста, бiр-бiрiн толықтыратын қатар ұғымдар ретiнде қолданылады.

Соған орай ұйымдасқан топтан қылмыстық сыбайластықты ерекшелейтін беріктік (біріккен) белгісінің ұғымын қарау орынды. С. И. Ожеговтың сөздігі бойынша: беріктік — тату, ұйымдасқан, ынтымақты деген ұғымдарды білдіреді. Синонимдер сөздігінде беріктік — мықты достықпен (татулықпен) байланысты түсіністікпен, ынтымақтастықпен енуді білдіреді. Ұйымдасқан топтардың беріктігі қылмыстық сыбайластықтың ерекше белгісі ретінде қылмыстық топтың ұйымшылдығының ең жоғарғы дəрежесін білдіреді, олардың қатысушылары тек бірнеше қылмыстық іс-əрекетке бірігіп қана қоймайды, сонымен қатар толық түсіністікпен, ынтымақтастықпен еніп, мықты татулыққа бекінген. Сондай-ақ ұйымдасқан топтан қылмыстық сыбайластықты тек беріктік белгісі бойынша ерекшелеуге болмайды. Өйткені ұйымдасқан топ тұрақты бола тұрып берік ұйыммен тығыз байланысты. Қылмыстық сыбайластық болып тек оның қатысушылары ауыр қылмыстар жасау мақсатын көздегенде танылуы мүмкін. Осыған байланысты тұрақтылық жəне беріктік қылмыстық құқықтық сипаттамасы бойынша тең дəрежеде ұйымдасқан топ пен қылмыстық сыбайластық ұғымдарында мазмұндалады.

Ұйымдасқан топтың түсінігінің аталған криминологиялық белгілері тек қана құрлымның тұрақтылығын ғана емес, сондай-ақ қылмыстық сыбайластықтың бағаланушы белгісі болып табылатын, оның беріктігінде куəландырады. Осыған байланысты бұл белгілер ажырамастан, əр түрлі қатынаста ұйымдасқан топ пен қылмыстық сыбайластықтың түсінігінде болуы мүмкін. Сондай- ақ əшкерлеуге потенциалды қауіппен біріккен сериялы қылмыстар жасаған ұйымдасқан топ қатысушыларынан əлі қатысушылары өзге қылмыстар жасамаған жаңадан құрылған қылмыстық сыбайластық (ҚР ҚК 235-б. 1-бөлімі) беріктігі төмендеу болуы мүмкін.

Қылмыстық сыбайластықты ұйымдастыруды саралауға қатысты сұрақ одан да күрделі, ҚК 235- бабында ауыр жəне аса ауыр қылмыстарды жасау үшін қылмыстық сыбайластықты құру, бұндай сыбайластықты немесе оның бөлімдерін басқару, ұйымдастырушылар, басшылар немесе ұйымдасқан топтың өзге де өкілдерінің қылмысты жоспарлау үшін бірлестігін құру (1-бөлімі), қылмыстық сыбайластықтыққа немесе басшылар бірлестігіне кіру (2-бөлімі). Белгілі бір бөлігінде норманын құрылымы бандитизмнің құрылымымен сəйкес келеді, бұл оған жоғарыда айтылған бандитизмнің мəселелерін береді, бірақ, бандаға қарағанда, қылмыстық сыбайластыққа қылмысты жасауға қатысудың өзі енгізілмеген. Осыдан шығатын қорытынды: қылмыстық сыбайластықпен қылмыс жасау кезінде əрқашанда ҚК 235-бабын жасалған қылмысты реттейтін баппен жиынтық бойынша саралау қажет. ҚК 235-бабында ауыр жəне аса ауыр қылмыстарды ғана жасағаны үшін қылмысқа қатысудың нысаны туралы айтылады, осыдан бірінші мəселе туындайды — қылмыстық сыбайластықпен жасалынған онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстарды саралау, өйткені а) сол жерде заң шығарушы қылмыстық сыбайластықты көруге тыйым салады жəне б) өмірде қылмыстық сыбайластық жиі оларды орындау кезінде орын алады, бірақ олардың қоғамдық қауіптілігі есепке алынуы мүмкін емес.

Бүгінгі қылмыстық сыбайластықтың түсінігінде ең негізгі мəселе қылмыстық сыбайластықпен жасалынатын аса ауыр қылмыстарды саралаудың мүлдем мүмкін еместігі. Мысалы, адам өлтіру қылмыстық сыбайластықпен жасалынды. ҚК 96-бабында бұндай саралаушы белгі жоқ. ҚК 96-бабының 2-бөлімінің «ж» тармақшасында кісі өлтіруді алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен немесе ұйымдасқан топпен жасауы ғана қарастырылған. Бірақ қылмыстық сыбайластықпен жасалынған кісі өлтіруді аталған тармақшамен саралауға болмайды, себебі заңнама заң ұқсастығын пайдалануға тыйым салады. Жиынтығы бойынша 96-бабының 1-бөлімін жəне ҚК 235-бабын саралауға болады, бірақ жазаларда сəйкессіздік туындайды — ҚК 96-бабының 2-бөлімі санкциясына сəйкес алдын ала сөз байланыспаған адамдар тобымен жасалынған қылмыс үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы тағайындалуы мүмкін, ал келтірілген мысалдар жаза қылмыстар жиынтығымен (ҚК 58-б.) шектелген, яғни 25 жылға бас бостандығынан айыру. Біз қайтадан саралаудың қылмыстық сыбайластықтың жоғарылаған қоғамдық қауіптілігін есепке ала алмайтынына көз жеткіземіз.

ҚК 235-бабын құру нəтижесінде заңда сыбайластықпен жасалынатын қылмыстардың көптігін саралау бойынша қарама-қайшылықтар туындады. Қылмысқа қатысудың жалпы ережесіне сəйкес қылмыстардың көптігі қылмыстық ұйымның құрамдас бөлігі болып табылады жəне жеке саралауды талап етпейді. Бірақ ҚК 235-бабын енгізу кішкене саралау жағдайын өзгертті. Сипатталынатын норма қылмыстық сыбайластықты құру мезітінен бастап қылмыс аяқталған деп танылатын ахуалы түрде құрастырылған. Осыдан көптеген аяқталған қылмыстың шегінен орналасқан жəне сəйкесінше оған кіре алмайды. Бандаға қарағанда қылмыстық сыбайластықпен жасалынатын шабуылдарды жасау ҚК 235-бабына енгізілмеген. Бұл да көптілік осы нормадан тыс шығарылып, дербес саралауды қажет ететінін куəландырады. Өте қызық мəселе туындайды — қылмысқа қатысудың азырақ қауіпті нысаны (ұйымдасқан топ) көптілікті қамтиды, ал көбірек қауіпті (қылмыстық сыбайластық) — қамтымайды. Осы кезде қылмыстық сыбайластықты саралаудың жалпы ережелерімен қарама- қайшылықтар туындайды, ол алып тасталыну немесе ҚК 235-бабының Ерекше бөлімінің ескертуіне жəне саралаушы мəн-жайға айналдырылуы мүмкін немесе ҚК 235-бабын материалды нормаға айналдыру жолымен немесе ҚК 235-бабына қылмыстық ұйыммен жасалынатын шабуылдарға қатысу енгізілуі мүмкін. Осы барлық үш вариантта қылмыстық сыбайластықпен жасалатын қылмыстардың көптілігі, саралаудың жалпы жəне арнайы ережелерінің сəйкестігі мəселесі шешіледі.

Біздің пікірімізше, қылмыстық сыбайластықты қылмысқа қатысудың дербес нысандарының бірі ретінде қарастырып, оны қылмысқа қатысу нысандарын саралаумен сəйкестікте құрастыру ҚК 235- бабынан алып тастап, қылмыстық сыбайластықты қылмысқа қатысудың басқа нысандарымен қатар ҚК жеке нормаларына саралаушы белгі ретінде енгізу қажет. Бұл жағдайда ғана саралаудың аталған мəселелері жойылады жəне жаңа мəселелер туындамайды, өйткені қылмыстық сыбайластық қауіптірек қылмысқа қатысудың нысаны ретінде қатысады.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 31-бабында көрсетілген ұйымдасқан қылмыстылықтың екі нысаны жеткіліксіз, соған байланысты заңда басқа да түсініктер: ұйымдасқан топ немесе қылмыстық ұйым бірлестіктері; аймақаралық қылмыстық сыбайластықтар; транснационалдық қылмыстық ассоциациялар, бірлестіктер; қылмыстық топтар; заңдағы ұрылардың қылмыстық сыбайластығы жəне т.б. беру орынды деген [3]. Авторлар көзқарастарымен, Н. П. Водьконың пікірінше, келісу қиындық тудырады. Өйткені мұндай ұсыныстар ұйымдасқан қылмыстық құрылымдардың түрлерін жəне ұйымдасқан іс-əрекет нысандарын жаңылыстырып алуға əкеліп соғады дейді. Осыған орай бізде осы ғалымның пікірін қолдай отырып, заңға ұйымдасқан қылмыстық құрылымның жаңа түсініктерін енгізу орынсыз деп санаймыз, себебі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 31-бабында көрсетілген екі нысанның арасынан нақты теориялық айырмашылық табу мүмкін емес.

Қылмыстық сыбайластық — тек ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстар жасауға бағыттылығы бойынша ғана емес жəне қоғамға өте қауіпті, қылмыстық ұйымдастырушылықтың жаңа сапасы. Мысалы, жүйелі қылмыстық табыстар табатын жəне жоғары тұрақтылығымен, беріктілігімен сипатталатын қылмыстық құрылымның қол сұғушылығының заты — Қылмыстық кодекспен ауыр қылмыстар санатына жатпайтын жезөкшелікпен айналысуға тарту (270-б.) болуы мүмкін. Бірақ тек бір ғана белгісі бойынша бұндай құрылым қылмыстық сыбайластық ретінде саралана алмайды жəне, ең бастысы, оның жетекшісі қылмыстық жауаптылыққа ұйымдастырғаны жəне басшылық еткені үшін тартыла алмайды. Сондықтан да қылмыстық құрылымның сапасын оның қатысушыларының жасаған қылмыстарының ауырлығы арқылы анықтау орынды емес. Ұйымдасқан топ пен қылмыстық сыбайластықтың қоғамға қауіптілік дəрежесі көбіне криминологиялық белгілерімен бағаланады. Қылмыстық сыбайластық алдымен қатысушыларын көбіне бір тектес қылмыстар жасауға мамандайды; олардың үзілмейтіндігі немесе жүйелігі; оның қатысушыларының бағыныштылығы жəне құрлымының қатаң иерархиялығы; қылмыстық табыстардың ортақ кассаға түсуі; қылмыстық жолмен табылған қаражаттарды заңсыз экономикалық мəмлелерге салу; қылмыстық табыстарды жасыру үшін жалған құрылым құру жəне т.б. сипатталады.

Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы, ұйымдасқан топпен қылмыс жасау саралаушы белгілерін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде берілген 368–370- баптарда бір қатарда орналастыру орынды емес. Себебі əскери бөлімшелерде ұйымдасқан топ тікелей қасақаналықпен əрекет етеді жəне қару иеленіп, екі немесе одан да көп адамдардан тұрады. Сондықтан да əскери қызметкерлердің қаруланып ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысуы командованиеге қарсы бастыққа қарсылық көрсетуі жəне бастыққа қарсы қатысты күш қолдану іс- əрекеттері түріндегі əрекеттері жай қарсылыққа қарағанда бүлікке жақын тұрады. Осыған орай аталған қылмыс құрамдарындағы «ұйымдасқан қылмыстық топпен жасалуын» адамдар тобы мен алдын ала сөз байласқан адамдар тобы құрамында жасалуына қарағанда өте қатаң жауапкершілік белгілеп баптың жеке тармағына бөліп орналастыру қажет.

Жаңа Қылмыстық кодекс ұйымдасқан қылмыстылықпен күресті белсендіруге есептелген (ұйымдасқан топ құрамында қылмыс жасау) саралаушы белгіге тек формалды маңыз береді. Бұндай қорытынды адамдар тобы мен алдын ала сөз байласқан адамдар тобының бұзақылық (257-б. 2-б. «а» т.); өлгендердің мəйттерін жəне олар жерленген жерлерді қорлау (275-б. 2-б. «б» т.); жануарларға қатыгездік жасау (276-б. 2-б.); бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (367-б. 2-б.) қылмысын жасауда аталған белгінің бірдей ауырлататын рөл атқаратындығымен тұжырымдалады.

Ұйымдасқан топ құрамында қылмыс жасауды саралаушы белгі ретінде жоғарыда аталған қылмыс түрлерінде бекіту жалпы алғанда артықтау жəне ұйымдасқан қылмыстылықпен күресті күшейтуге əсер етпейді. Қазіргі жағдайда айрықша баю мақсатын көздейтін қылмыстық құрылымдардың ұйымдасқан құрылымының көбіне жеке жасалатын жануарларға қатыгездік жасау немесе бұйрыққа бағынбау жəне оны өзгедей орындамау қылмыстарын жасау мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топ құруы қиындық туғызады. Тəжірибеде кездесетін бозбалалар тобымен жануарларды жəбірлеуі, олардың санына қарамастан, ұйымдасқан топ түсінігіне жатпайтындығы айқын.

Біздің ойымызша, бұзақылық сияқты қылмыс түріне ұйымдасқан топ құрамында қылмыс жасауды саралаушы белгі ретінде қосу логикаға сай келмейді. Бұзақылық, ұйымдасқан қылмыстық топтармен дəстүрлі қудаланатын, мақсатқа иеленбейтін жəне алдын ала қасақана ниетсіз жасалатын, аяқасты болатын, пиғылсыз іс-əрекет екендігі баршамызға мəлім. Ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушылары бұзақылық іс-əрекет жасаған жағдайда — бұл орындаушының шектен шығушылығы болады, əйтпесе егер ұйымдасқан қылмыстық топ лидерінің басшылығымен қандайда бір адамдарға бұзақылық іс-əрекет жоспарын дайындап жəне жүзеге асырса, онда ол бұзақылық емес, өзге қасақана жасалатын əрекет болады: азаматтардың денсаулығына зиян келтіру, мүліктік залал келтіру жəне тағы басқа. Осыған байланысты аталған (ұйымдасқан топ құрамында қылмыс жасау) саралаушы белгіні Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 257-бабы диспозициясына енгізуі орынды емес.

Заңдық күші мен мүмкін болатын жаза мөлшері жағынан бірдей саралаушы белгілерді, жасалғаны үшін қатаңдығы азырақ жаза мөлшері көзделетін — сəйкесінше максималды 2 жəне 4 жылға бас бостандығынан айыру мына қылмыс түрлеріне: су жануарлары мен өсімдіктерді заңсыз алу (287-б.), заңсыз аңшылық (288-б.), тұтынушыларды алдау (223-б.), коммерциялық сатып алу (231-б.) бекіту мақсатсыз болып көрінеді. Сонымен қатар тұтынушыларды алдау қылмыс құрамында виктимологиялық элементтер де, жəбірленушілер де бар, сондықтан осы құрамдарға ұйымдасқан топпен қылмыс жасау сияқты саралаушы белгілерді енгізу ақтай қоймайды. Ұйымдасқан топ құрамында қылмыс жасау деген саралаушы белгіні енгізу — қазіргі кезде ауыр жəне аса ауыр қылмыстарды жасауға бағытталған ұйымдасқан қылмыстылықпен күресу мақсатында белгіленген қылмыстық-құқықтық норма.

Заң шығарушының бұл позициясы алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен қылмыс жасау мен ұйымдасқан топпен қылмыс жасау бірдей қылмыс құрамдарында бола отыра, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің əр түрлі баптар құрамында бекітілген, сəйкесінше, кінəлілерге жаза анықтау кезіндегі жүктемесі де өзгеше, себебі олардың əрқайсысына əр түрлі жаза мөлшері көрсетілген. Ұйымдасқан топ құрамында қылмыс жасау үшін жаза алдын ала сөз байласқан адамдар тобы құрамында қылмыс жасаған тұлғаларға жаза неғұрлым қатаңырақ. Бұны негізінен қоғам мен мемлекет жəне тұлға мүддесі үшін неғұрлым қауіпті қылмыстардан көре аламыз. Ұйымдасқан топпен қылмысты жасау түріндегі саралаушы белгісіне Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстың 24 түрі бойынша өздігінен құқықтық мəн берілген. Бұл белгісі бар өзге аталған қылмыс құрамдарында, солармен қатар «ұйымдасқан топ құрамында қылмыс жасау» саралаушы белгісі ретінде, негізінен декларативті роль атқарады.

Қорыта келгенде, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін жетілдіру жəне ұйымдасқан қылмыстылықпен күресте саралаушы белгілердің ролін көтеру бойынша ұсыныстарды талқылаған жөн.

Ұйымдасқан топ құрамында қылмыс жасау саралаушы белгісін ерекше саралаушы белгісі ретінде бөлек тиісті жаза мөлшерімен қосымша келесі қылмыс қарамдарда бөліп құрастырған жөн: 180-б. 2 б. «а» т. (ерекше құнды заттарды ұрлау); 368-б. 2-б. «а» т. (бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мəжбүр ету); 369-б. 2-б. «а» т. (бастыққа қатысты күш қолдану əрекеттері); 370-б. 2-б. «в» т. (бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде əскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу); 373-б. 2-б. (қашқындық).

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің келесі баптарының диспозицияларынан ұйымдасқан топ құрамында қылмыс жасау саралаушы белгісін алып тастау қажет: 104-б. 2-б. «г» т. (денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру); 223-б. 2-б. «б» т. (тұтынушыларды алдау); 231-б. 2,4-б. «а» т. (коммерциялық сатып алу); 257-б. 2-б. «а» т. (бұзақылық); 275-б. 2-б. «б» т. (өлгендердің мəйіттерін жəне олар жерленген жерлерді қорлау); 276-б. 2-б. (жануарларға қатыгездік жасау); 287-б. 2-б. (су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу); 288-б. 2-б. (заңсыз аңшылық); 367-б. 2-б. (бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау).

Аталған ұсыныстарды жүзеге асыру ұйымдасқан қылмыстық іс-əрекеттердің нысанына байланысты жазаны жекешелендіруге мүмкіндік береді.

 

 

References

  1. Vodko N.P. Criminal legal fight against organized crime: Scientific and practical guide. — Moscow: Jurisprudence, 2000. — 155
  2. Zainutdinova A.R. Responsibility for the organized forms of complicity in the crime under Russian criminal law. — Kazan: Publishing House of Kazan University, 2001. — 134
  3. Galimov I.G. Problems of the fight against organized crime: Thesis of PhD in Law // Kazan. — 1998. — 32

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.