Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің дамуындағы теоретикалық-тарихи аспектілер

Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойынша адамға қатысты əділ болатын, ақыл-парасат, бостандық, сəттілік, тиімділік жəне əділеттілік мекендейтін идеалды қоғамдық құрылым үлгісін іздестіру, ойшылдарды əрқашан толғандырған.

Қайта өрлеу дəуірінен бастау алатын ізгілік идеялары, əрбір тарихи кезеңде ойшылдардың еңбектерінде өз көрінісін тапқан. Үшінші мынжылдыққа аяқ басқан кезеңде, ізгілік идеялары жалпы əлемдік деп танылып, өз көрінісін құқықтық мемлекет жəне азаматтық қоғам идеяларында табады. Қазіргі əлемде мемлекеттер арасында тығыз байланыс, жақындасу жəне ғаламдану үрдістерінің кең етек алуы, сонымен қатар осы күнгі болмыс шындығы, мемлекеттердің, белгілі бір стандарттарға сəйкес келуін, өздеріне жəне адамға деген көзқарастарды жаңадан, объективті түрде қалыптастыруды қажет етеді.

Гуманизм, демократизм қағидалары, бостандықты, құқық пен заңды бекіту жəне сақтау түріндегі құқықтық мемлекет теориясының бастаулары ежелгі Греция, Рим, Үндістан, Қытай ойшылдары еңбектерінде орын алған. Ежелгі грек ойшылы Сократ əділеттілік қолданыстағы заңдарға бағынудан көрінеді, əділеттілік пен заңдылық егіз ұғымдар деп санайды. Қандай да болмасын заң қанша жерде кемшілігі болса да, заңсыздық пен бассыздыққа қарағанда жақсы. Егер азаматтар заңдарды сақтайтын болса, олар өмір сүретін мемлекет күшті де жасампаз болатындығын жариялайды.

Платон: «Заңның күші жоқ жəне оның қайсы біреудің билігінде болса, ол мемлекеттің күйреуінің жақын екенін болжаймын. Заң билеушілерге үстемдік еткен жерде олар оның құлдары жəне мемлекеттің құтқарылатынына сеніммен қараймын»,— деген. Платонның «Мемлекет», «Заңдар» диалогтарында «заңдардың күші болмайтын жəне біреудің билігінің астында болатын» жерлерде мемлекеттің жойылу қаупі болатындығы керсетіледі. Оның ойынша, «заңдар — билеушілердің билеушісі,— ал олар — оның құлы болғанда, мемлекет пен оған кұдай сыйлайтын барлық құндылықтар құтқарылады». Заң міндеті бір əлеуметтік топқа емес, тұтас мемлекеттің игілігіне қызмет ету. Мемлекеттілік əділ заңдар үстемдік еткен жерде ғана болуы мүмкін. Заң қорғаушысы — соттар. Кез келген мемлекетте соттар тиісті орында болмаса, ондай мемлекет өз билігін жоғалтады [1].

Құқықтық мемлекет теориясының негізін қалаған ойлар Аристотель еңбектерінде де дамытылады. Аристотель мемлекетті табиғи дамудың жемісі, адамзат қауымдастығының жоғарғы нысаны ретінде қарастырады. Құқық əділеттілікке сай деп таниды, заң мен əділдіктің сəйкестігін уағыздайды. Құқық пен заңның бір еместігін, əділ заңның ғана құқыққа сəйкес келетіндігін бекітеді. Мемлекетте адамдар емес, құқық үстем тұруға тиісті. Аристотель мемлекет құрылымының үш элементін жіктейді: ерікті азаматтардың барлығы қатысуға тиісті «заңдық кеңесу» билігі, үкімет билігі жəне сот билігі. «Заңдық кеңесу» билігі əрекетінің бір саласы жалпыға міндетті акт ретіндегі заңдарды қабылдау деп санады. Əрбір заң өз негізінде құқықты қарастырады, əрі жүйелі құрылған мемлекетте құқық басымдылығы болуы қажет. Заңның барлық биліктен үстем болуы — мемлекеттің құқықтық жолмен дамуының кепілі. Аристотель мемлекеттік билік тармақтары арасында «заңдық кеңесу» органына басымдық береді. Үкіметтік басқару органдары заңға бағынышты, екіншілік сипатта олардың шығарған декреттерінің заңдық күші болмайтындығын көрсетеді. Сот органдарын тек сайлау жолымен ұйымдастыру қажеттігін айтады [2].

Римнің қоғамдық қайраткері Цицерон мемлекет «құқық мəселесінде өзара келісім мен мүдде бірлігімен байланысқан көптеген адамдардың жиынтығы» деп қарастырған. Мемлекет құқықпен өзара қатынаста «жалпы құқықтық тəртіп» ретінде көрінеді. Құқық негізінде сана мен əділеттілік болады, ол адамдарға табиғатынан тəн. Цицерон кейіннен құқықтық мемлекет теориясының негізін қалаған «заң əрекеті кейбір таңдаулы азаматтарға ғана емес, барлық адамдарға таралуы қажет» деген ойдың негізін қалаған.

«Құқықтық мемлекет», «азаматтық қоғам» түсінігі түп тамырларын Аристотельдің полис (koinoia politike — азаматтық қоғам), Цицеронның societas civilis жəне табиғи құқық идеаларынан алады. Азаматтық қоғам (koinoia politike, societas civilis, burgeliche Gesellschaft, socite civile) жəне саяси қоғам, немесе мемлекет (polis, civitas, staat, etat, stato), мəні бойынша бір-бірін алмастыратын терминдер болды. Ежелгі грек ойшылдары «саяси» түсінігіне қоғам өмірінің бүкіл салаларын енгізген: жанұя, дін, білім алу, көркем мəдениеті, өнер жəне т.б. Politike-нің мүшесі болу, яғни, азамат болу — мемлекеттің мүшесі болу, яғни басқа азаматтарға зиян келтірмей, мемлекет заңдары бойынша өмір сүру жəне əрекет ету [3].

Осындай түсінік өзгермеген қалпында XVIII ғасырға дейін сақталып келді. Дж.Локктың өзі «азаматтық қоғам» жəне «мемлекет» түсініктерін өзара алмастырушы ретінде қолданған. И.Кант өзінің еңбектерінде «burgerliche Gesselschaft» (азаматтық қоғам) жəне мемлекет түсініктері синонимдер ретінде қолданылады. Осы екі түсініктің бір-біріне жақындығы Ж.-Ж. Руссо еңбектерінде айқын көрінеді. Руссоға сəйкес, əр азаматтың биліктік қатынастарға қатысуына, халықтың толық билікке иеленуіне негізделген басқару жүйесі ғана, заңды күшке ие. Осының негізінде, Руссо өкілдік қағидасын сынаған, өйткені онда азамат өзінің еркін басқа адамға тапсырып, өзінің азаматтық құқығынан айрылады. Руссо «societe civile», немесе азаматтық қоғам, жəне мемлекет мəнін осылайша ұсынған [4].

Орта ғасырдан жаңа заманға өту шағы азаматтық қоғамның мемлекеттік институттардан өзгешеліктері бар екенін түсінуіменен айшықтанды. Осы тұрғыдан сол кездегі орта ғасырлық бытыраңқы мемлекеттердің орнына ұлттық мемлекеттің қажеттігі идеялогиясы саяси ілімдерге елеулі əсер етті. XIV ғасырда Еуропада Гогенштауфендер империясының дағдарысынан бастап ұлттық жеке-даралық түсінігі пайда бола бастады, нəтижесінде ұлттық мемлекет идеясы дүниеге келді. Осы үрдісте, өзінің Бонифаций VIII папасына қарсы күресінде, римдік теократизміне жəне ұлттық жеке- даралыққа негізделген король билігінің егемендігі қағидасын қарсы қойған Əдемі Филипптің таққа отырған кезеңі өте маңызды болды.

Құқықтық мемлекет теориясының дамуына ХVІІ–ХХ ғасырлардың ойшылдары қомақты үлес қосты. Г.Гроций, Б.Спиноза, Дж.Локк, Ш.Л.Монтескье, Д.Дидро, Ж.-Ж.Руссо, Т.Гобсс, И.Кант, Г.Гегель жəне тағы басқа ойшылдар құқықтық мемлекет мəнін, белгілерін тұжырымдады.

Буржуазия өкілдері монарх билігін шектеу мақсатында мемлекеттік билікті заң шығару — парламент, атқару — монарх жəне сот тармақтарына бөлу қажеттігі туралы пікірлерді негіздейді. ХVІІ ғасырдағы ағылшын ойшылы Джон Локктың көзқарасы бойынша, құқықтың басымдығы идеясы табиғи құқыққа сəйкес келетін жəне индивидтің ажырағысыз табиғи құқықтары мен бостандықтарын танитын заң жоғарылығы болатын, əрі билік бөлісу жүзеге асырылған мемлекет түрінде көрінеді. Құқық жоғарылығы танылған осындай мемлекетті ол басқа барлық басқару түрлеріне қарсы қояды, оларды деспоттық мемлекеттер ретінде таниды. Локк танымы бойынша, деспотизмге қарсы тұратын арнаулы конституциялық механизм болуы шарт, оның маңызды компоненттері ретінде биліктің жіктелу қағидасы мен заңдылық қарастырылады. Билікті бір қолға шоғырландыруды болдырмау мақсатында Локк заң шығару жəне атқару биліктерін біріктірмеуді жəне заңгерлерді өздері қабылдаған, атқару билігімен жүзеге асырылатын заңдардың əрекетіне бағындыруды ұсынады. Аталған ой кейінгі кезеңдері саяси ойлар жүйесі мен практикаға барынша ықпал етіп, құқықтық мемлекеттіліктің негізгі қағидаларының біріне айналды. Джон Локк билікті бөлісу ілімінде мемлекеттік билік қызметтерін жіктеу таза ұйымдастырушылық-техникалық сипатта емес, ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін қажет екендігін баса көрсетеді. Заң шығару билігі заңдарды белгілі бір мезгілде қабылдайды, бірақ заңдар тұрақты, үздіксіз əрекет етеді. Атқару билігі үкімет актілерін қабылдайды, үнемі, тұрақты əрекет етеді. Заңдар азаматтармен жиындарда қабылданады. Атқару билігі тиісті органдар арқылы əрекет етеді. Атқару билігін жүзеге асыратын орган соғыс жариялау, бітім жасасу, басқа мемлекеттермен шарттарға отыру құқығына ие. Өз əрекетінде күшке сүйенеді. Атқару билігінің тағы бір басымдылығы — ол қоғамды жəне азаматтарды тек заңда көрсетілген жағдайларда ғана емес, сондай-ақ онда көрсетілмеген төтенше оқиғалар барысында да, кейде тіпті заңға қарамастан, қорғау шараларын қабылдауға тиісті. Атқарушы орган заңдық жиынды шақырады жəне таратады. Заң шығару билігі дербес те, қалғандары бір органмен жүзеге асырылады деп санайды Дж.Локк [5].

Ш.Л.Монтескьенің көзқарасы бойынша, саяси бостандық барлық қатынастар құқықпен реттелетін жəне заңдар билеушілердің еркінен үстем тұратын мемлекетте ғана мүмкін болмақ. Бостандықтың өлшемі — құқық. Құқықтың үстемдігі биліктің заң шығарушы, атқарушы жəне сот тармақтарына жіктелуі арқылы қамтамасыз етіледі, нəтижесінде «əр түрлі билік тармақтары бір-бірін өзара тежеп отырады. Биліктің бөлінуі жəне өзара тежеу саяси бостандықтарды қамтамасыз етудің басты шарты болып табылады. Заң шығару билігі жалпы тəртіп бойынша барлық халыққа берілуі қажет: бірақ оны үлкен мемлекеттерде жүзеге асыру мүмкін емес, ал кіші мемлекеттерде қиын, сондықтан өкілдік жүйесі енгізілуі керек. Халық өкілдері жалпыға бірдей дауыс беру негізінде округтерден сайланады да, өз жерінің қажеттілігін ескере отырып, бірлескен шешім шығарады. Заң шығару билігі басқа билік тармақтарына кедергі келтірмеу үшін атқару билігінің басшысы вето қою құқығына ие болады. Нəтижесінде биліктер бір-біріне бағынбайтын, бірақ өзара тығыз байланыста жəне келісімде болатын жағдай қалыптасады.

Үш билік тармақтары арасында басымдылығымен сипатталатын біреуінің болуын жоққа шығаратын Монтескье схемасы биліктің бөлінуіне алдымен ұйымдастырушылық-құқықтық көзқарасты бейнеледі, сөйтіп мемлекет пен мемлекеттік биліктің əлеуметтік табиғаты туралы мəселені көтермеген тəрізді болып көрінеді. Шын мəнінде Монтескье қоғамда əр түрлі əлеуметтік топтар арасында билік үшін күрестің үнемі жүретіндігін, оның азаматтардың бостандығы мен қауіпсіздігінің бұзылуына, мемлекет нысанының өзгеруіне, кейде тіпті мемлекеттің жойылуына əкеліп соғатындығын білді. Осындай жағымсыз нəтижелерді болдырмау мақсатында ол əр түрлі əлеуметтік күштер арасында билікті бөлуді ұсынды.

Монтескьенің билікті жіктеу теориясы — мемлекеттегі еңбекті саяси бөлу ғана емес, сондай-ақ қоғамдағы əлеуметтік күштердің арақатынасын реттеу құралы. Оның басты сіңірген еңбегі — билікті бөлуді алғаш рет мемлекет Конституциясымен байланыстырады [6].

Жан-Жак Руссо көзқарастарына байланысты заң шығару билігі барлық азаматтар қатысатын халық жиынына беріледі, бұл кезде басқа билікке орын жоқ. Заңдарды орындау жалпы ережелерді нақты жағдайларға қолдану ретінде үкіметке — атқару билігіне тапсырылады. Үкімет халыққа бағынышты, бірақ оның жеке мүшелеріне билік етеді.

Құқықтық мемлекет теориясының философиялық негізін И.Кант қалыптастырып дамытты. Ол мемлекеттің құқыққа сүйенуі қажеттігін негіздеді. Мемлекет құқықтық заңдарға бағынатын көптеген адамдардың бірлігі, онда халық өзі үшін шеше алмаған мəселені заң шығарушының шешуі мүмкін еместігі қағидасы əрекет етеді. Егер мемлекет осы қағидадан, адам құқықтары мен бостандықтарын сақтаудан бас тартатын болса, заңдарды қорғауды қамтамасыз етпесе, өз азаматтарының құрметі мен сенімінен айырылады. Иммануиль Кант билікті жіктеуді мемлекеттік билік идеясынан логикалық қажеттілікпен шығатын сананың қатаң талабы ретінде қарастырған. Заң шығару, атқару жəне сот биліктері дербес субъект болса да, жиынтығында бір тұлға — мемлекет құрады.

Феодалдық қоғамды жою үшін ескі тəртіпке қарсы шыққан төңкеріліс, бүкіл сословиелерді, корпорацияларды, цехтарды, артықшылықтарды жəне мемлекет алдында бағыныштылардың тең құқықтылығы қағидасын бұзатын басқада институттарды жоюға бағытталды. Осылайша, Маркс айтқандай: «Азаматтық қоғамның саяси сипаты жойылды». Ескі тəртіпке қарсы саяси төңкерілісті, Маркс азаматтық қоғамның төңкерілісі деп негізді атаған. Ол жалпыға бірдей жəне міндетті құқықтық тəртіпті орнатуға тағайындалған. Кезінде Ж.Боден жəне Т.Гоббс егеменді жəне біртұтас мемлекет талабын ұсынды, яғни, орта ғасырларға тəн болатын, құқықтардың теңсіздігін жəне əр түрлілігін жою ұсынылды. И.Канттан бұрын болған, құқықтың философиясы қоғамға қатысты екі пікір төңірегінде қалыптасты: біріншісінде — қоғам жеке бостандықтың сыртқы шекарасы ретінде қарастырылды, ал, екіншісіне сəйкес, қоғам — бəрін қамтитын бастау. Біріншісі қатынасты жеке тұлға еркіне бағындырса, екіншісі бұндай ерікті жоққа шығарып, қоғамды бірден-бір жəне соңғы саты ретінде қарастырған. Канттың бостандық туралы ілімі осындай қайшылықтарды бұзуға бағытталған.

Кант «өнегелі автономия» түсінігін енгізген, оған сəйкес, мемлекеттен тəуелсіз түрде, жеке индивидті жалпымен қабылданған өнегелік нормаларды сақтауға мəжбүрлеу үшін санкцияларға жəне құралдарға ие қоғам болған жерде ғана, құқықтық тəртіп орнайды. Жанұя, мектеп, шіркеу, көрші- қолаң немесе басқа да қауымдар, түрлі ерікті ұйымдар, одақтар жəне т.б. тəріздес, азаматтық қоғамның институттары осындай қызметтерді атқаруға бейім болады. Осындай қызметтер мемлекетке жат болады, бірақ азаматтық қоғамның институттары оларды атқаруға дəрменсіз болған жағдайда, оларды мемлекет атқарады.

И.Кант азаматтық қоғамды келесідей қағидаларға негіздеген: а) қоғамның əр мүшесінің бостандығы; ə) оның басқалармен теңдігі; б) қоғамның əрбір мүшесінің, азамат ретіндегі дербестігі.

«Саяси бостандық жеке бостандықтың кепілі бола алады, бірақ оны алмастыра алмайды», — деп Б.Констан айтып кеткен. Азаматтық қоғамда адам жəне азамат құқықтарының бөлінуі негізді болып табылады. К.Маркс жазғандай, адам құқықтары мемлекет азаматының құқықтарынан өзгешеленеді. Осындағы адам — азаматтық қоғамның мүшесі. Осындай аражік саяси мемлекеттің азаматтық қоғамға қатысты қатынасымен, саяси эмансипациясы мəнімен анықталады. Осы тұрғыдан қарастырғанда, азаматтық қоғам адамның құқықтарын қамтамасыз етеді, ал мемлекет азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етеді. Екі жағдайда да жеке тұлғаның құқықтары туралы айтылған: біріншісінде — адам баласының өмір сүруге, бостандық, бақытқа ұмтылу жəне т.б. құқықтары, екінші жағдайда — саяси құқықтары туралы айтылған. Азаматтық қоғамның жəне құқықтық мемлекеттің өмір сүрулерінің бірден-бір шарты — жеке тұлға, оның өзін-өзі жүзеге асыру құқығы. Ол жеке бостандықты тануға негізделеді. Азаматтық қоғамның өзегі нақты бір тұлға болса, негізін қалыптастырушы тіректер ретінде осы тұлғаның, оның мүдделерінің, мүмкіндіктерінің, мақсаттарының жан-жақты жүзеге асуына атсалысуға бағытталған институттар, ұйымдар, топтар жəне т.б. қарастырылады. Осы себептен, шынайы азаматтық қоғамның пайда болуының жəне орнығуының маңызды алғышарты болып экономикалық жəне саяси биліктің аражігін анықтау табылады [7].

Азаматтық қоғам туралы көзқарастардың қалыптасуына Г.Ф.Гегель зор үлес қосты. Гегель оны жеке мүдде əрекет ететін сала деп анықтады. Осы кеңістікке ол жанұяны, əулеттік қатынастарды, дінді, білім алуды, заңдарды жəне олардан пайда болатын субъектілердің құқықтық қатынастарын жатқызды. Азаматтық қоғам жəне мемлекет өзара əрекеттесуші институттар болып табылады. Мемлекетте азаматтардың жалпы еркі білдірілген, азаматтық қоғам — жеке индивидтердің ерекше, жеке мүдделерінің саласы. Гегель француз, англосаксондық жəне неміс қоғамдық-саяси ілімінің бүкіл мұрасын жүйелеу негізінде келесідей ой қорытындыға келеді: азаматтық қоғам орта ғасырдан жаңа заманға өтудің ұзақ, əрі күрделі тарихи үрдісі кезінде жанұядан мемлекетке қарай диалектикалық қозғалыстың ерекше кезеңі болып табылады. Азаматтық қоғамға тəн болатын əлеуметтік өмір, жанұяның болмыс-тіршілігінен жəне мемлекеттің көпшілік өмір салтынан түбегейлі өзгешеленеді. Азаматтық қоғамға нарықтық экономика, əлеуметтік топтар, корпорациялар, институттар кіреді. Қоғамның өмір сүру қабілеттілігін қамтамасыз ету жəне азаматтық құқықты жүзеге асыру осылардың міндеті болып табылады. Азаматтық қоғам жеке тұлғалар, таптар, топтар жəне институттар кешенін құрайды, олардың өзара əрекеттесуі азаматтық құқықпен реттеледі жəне олар саяси мемлекетке тікелей тəуелді емес. Гегельдің ойынша, жанұя мемлекеттің түп тамыры болып табылады, оның мүшелері бір-бірімен бəсекеге түспейді, жанұя мəнді біртұтас болып келеді. Азаматтық қоғам болса, оның көпсанды құрамдас бөліктері көбінесе бір-біріне сəйкес келмейтін тұрақсыз жəне кекілжіндерге толы болып келеді. Онда əрдайым, жеке мүдделер басқа бір жеке мүдделермен қақтығысып тұрады. Оған қоса, азаматтық қоғамның бір элементтерінің күрт дамуы, басқа элементтердің басылып қалуына əкеледі. Азаматтық қоғам мемлекет бақылауымен басқарылмаса, ол «азаматтық» болудан алыстайды. Өйткені тек жоғарғы көпшілік билік, яғни, тек конституциялық мемлекет осы қоғамның əділетсіздіктерін жойып, нақты мүдделерді əмбебап саяси қауымдастыққа топтастыра алады. Осы тұрғыдан Гегель табиғи құқық теориясын сынға алады, себебі осы теория мемлекетті өз қоластындағыларының серігі ретінде қарастырып, осы арқылы «мемлекеттің абсолюттік құдайшыл қағидасына» күмəн келтіреді.

Гегель азаматтық қоғаммен мемлекет арасындағы бөліністі жоюға қарсы шыққанымен, азаматтық қоғамның мемлекеттен еркіндігі дəрежесін нақты ережелер арқылы нақты бекіту мүмкін емес. Ол айтқандай: «Егер мемлекет пен азаматтық қоғамды араластырса жəне ол меншікті жəне жеке бостандықты қорғауға жəне қамтамасыз етуге бағытталған деп анықталса, демек, осы арқылы нақты адамдардың мүдделерін түпкі мақсат ретінде қабылдайды жəне де əркім өз бетінше ойына келгенді істеп, мемлекеттің мүшесі болуға немесе болмауға ерікті екендігі қабылданады». Бірақ мемлекет индивидке қатысты басқа қарым-қатынаста болады, яғни, мемлекет объективті рух болғандықтан, индивид мемлекет мүшесі болғандықтан ғана, ол объективті, шынайы жəне өнегелі болады. Мемлекет жеке құқық жəне жеке игілік салаларына, жанұя жəне азаматтық қоғамға қатысты сыртқы қажетттілік жəне соған қарасты мақсат болады.

Гегель бойынша, адамдар табиғи, «мəдениетсіз» қалыптан азаматтық қоғамға бірігулері қажет, өйткені тек осында құқықтық қатынастар шынайы болады. Азаматтық қоғам жабайылыққа, өркениетсіздікке қарсы қойылады. Жəне азаматтық қоғам деп классикалық буржуазиялық қоғам танылады.

Сонымен, Гегельдің идеалды мемлекеті мəнгі соғыстың табиғи жағдайы емес (Гоббс, Спиноза), табиғи қоғамның сақталуының жəне аяқталуының құралы емес (Локк, Пуфендорф), табиғатпен жаратылған, өзін-өзі реттейтін азаматтық қоғамды əкімшілік басқарудың қарапайым механизмі де емес. Соңғысы, өзі анықталатын біртұтас ретіндегі азаматтық қоғамның элементтерін біріктіретін дербес жəне егеменді мемлекет үшін жағдайларды талап етіп, оларды қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамды танып жəне бағынышты жағдайда ұстап тұрған мемлекет ғана, оның бостандығын қамтамасыз ете алады. Азаматтық қоғам, саяси ұйымдасқан, кеңейтілген, күрделенген жəне жоғары тұратын қауымдастықтың бағынышты аспектісі ретінде сақталып бастан өткеріледі.

Г.В.Ф.Гегель бостандық идеясы билікті тиісті бөлу (заң шығарушы, үкімет, мемлекет басшысы) жағдайында ғана жүзеге асады деп есептеді. Билікті жіктеу көпшілік бостандығының кепілі қызметін атқарады, бассыздыққа, құқықсыздыққа, құқықтан тыс күш қолдануға қарсы тұрады [8].

Бастапқыда еуропалық қоғамдық-саяси ілім өкілдері (Ж.Боден, Т.Гоббс, Б.Спиноза жəне т.б.) мемлекетті табиғи жағдайдан аттап өтуге бағытталған институт деп түсіндірген. Осы табиғи жағдайды біреулері (Т.Гоббс) бəрінің бəріне қарсы соғыс жағдайы ретінде түсінген, басқалары болса (Ж.-Ж.Руссо) осы жағдайды жоғары үйлесімділік деп түсінген.

Мемлекеттің егемендігі қағидасын енгізген Ж.Боденнің ойынша, мемлекет қоғамның бүкіл мүшелерінің үстінен жəне оларға тиесілінің бəріне егеменді билігін жүргізеді. Қоғамның бытыраңқы мүшелері үстем билік, яғни егемендік астында жиналғанда мемлекет, пайда болады [9]. Осы дəстүрді жалғастыра отырып, Т.Гоббс келесідей тұжырымдаған: «Мемлекет соғыс қалпынан өту құқығын, мемлекетке дейінгі адамдар қоғамдастығының бүкіл мүшелерінің келісімі нəтижесінде алады». Осы келісімнің нəтижесінде пайда болған азаматтық қоғам мемлекетке жəне оның заңдарына теңестіріледі. Руссо айтқандай, табиғи бостандығын жоғалтқан адамдар, өздерінің табиғи құқықтарынан айрылудан үрейленіп қоғамдық келісімге бірікті. Осы келісім барлық мүшелердің жеке басын жəне мүлкін қорғау үшін тағайындалады, осы жерде əрбір мүше басқаларымен бірігеді, дегенмен олар өздеріне ғана бағынады жəне бұрынғыдай еркін болып қала береді. Руссоның айтуынша, осы ассоциация кезінде «азаматтық қоғам» деп аталған, қазір Республика, немесе Саяси ағза, деп аталады: оның мүшелері осы саяси ағзаны, ол бəсең кезінде Мемлекет деп, белсенді кезінде Егемен (Суверен) деп жəне оған ұқсайтындармен салыстырғанда Держава деп атайды.

Т.Гоббс, Дж.Локк, Ж.-Ж.Руссо, Монтескье жəне тағы басқалармен өнделген индивидуализм концепциясы, мемлекеттен тəуелсіз қоғам азаматы ретіндегі тұлғаның еркіндігі мəселесін алға қойды. Нəтижесінде, əсіресе XVIII ғасырдың екінші жартысынан societas civilis дəстүрлі концепциясы эрозияға ұшырап қайта қарала бастады.

Осы жағдай Дж. Локк, А.Фергюсон, С.Пуфендорф, И.Кант, физиократтар жəне тағы басқа- лармен қалыптастырған ұсыныстарында көрінді. Дж. Локк сенімі бойынша қоғам мемлекеттен бұрын болған, ол «табиғатқа сəйкес» өмір сүреді. Автордың айтуынша, мемлекет «жаңа ағза» болып табылады; осы мемлекет құқықтар кешеніне ие, ал құқықтар осы мемлекетті құрайтын жеке тұлғалардың құқықтарынан басым түседі. Гоббста, саяси биліктен бұрын болған «қоғам» түсінігі болмайды, Локктың тұжырымдауынша, мемлекет табиғи қалыптағы қоғамдық қатынастар негізінде пайда болады. Егер үкімет түрлі себептермен жойылса да, қоғам өзінің табиғи заңдары жəне құқықтары негізінде өмір сүре береді. Қоғамды құрайтын халық егеменді, осы себептен оның егемендігі мемлекетке өткен күннің өзінде, мемлекет қоғамды толық алмастыра алмайды. Керісінше, мемлекеттің басты мақсаты — осы қоғамды қорғау. Осы ойды ұстанушылардың тұжырымы бойынша, мемлекет қоғамның орнына келмейді, ол оны басқаруға тағайындалған. Мемлекет — қоғамның құралы, сол арқылы өзін айқындайды.

Қалай дегенмен, тым кеңейіп кеткен мемлекет жеке индивидтің еркін білдіруіне жəне ықтималды мүмкіндіктерін жүзеге асыруына кедергі жасайды деген пікір қалыптаса бастады.

В. фон Гумбольт азаматтық қоғаммен мемлекет арасындағы қайшылықтарды жəне өзгешеліктерді нақты мысалдар арқылы көрсетуге тырысты. Азаматтық қоғамға ол келесілерді жатқызды: а) индивидтермен қалыптастыратын ұлттық, қоғамдық мекемелер жүйесі; ə) табиғи жəне жалпы құқық; б) адам. Мемлекетке келесілер кіреді: а) мемлекеттік институттар жүйесі; ə) мемлекетпен шығарылатын позитивті құқық; б) азамат. Сонымен қатар В. фон Гумбольт мына ойды айтқан: «Мемлекеттің ықпалы неғұрлым үлкен болса, ықпал етушілер жəне осы ықпал астындағылар соғұрлым ұқсас болады. Осындай мемлекеттік құрылым көптеген əрекет етуші жəне қозғаушы күштер емес, əрекет ету жəне тұтынудың өлі жəне тірі құралдарының жиынтығына ұқсап қалады». Осылай дами келе, азаматтық қоғаммен мемлекеттің айырмашылығы орнығып қалған жағдайға қарсы тұжырым ретінде қалыптаса бастады, сонымен қатар ол адамдардың əлеуметтік теңдігін азаматтардың бостандықтарын жəне шектелген конституциялық үкіметті қамтамасыз етуге бағытталған жаңа қоғамдық құрылым идеялары арқылы құнды бола бастайды. «Азаматтық қоғам мемлекетке қарсы» тақырыбы, төңкеріліс сипатындағы мазмұнды иеленіп, Т.Спенс, Т.Ходжскин, Э.Ж.Сиэйс еңбектерінде, əсіресе Ұлы Француз төңкерілісінің бағдарламасы — Адам жəне азамат құқықтары декларациясы құжаттарында кең қарастырылды.

Азаматтық қоғамның ең радикалды концепциясын «Адам құқықтары» атты атақты памфлеттің авторы Т.Пейн қалыптастырды. Мемлекетке қарсы тұратын азаматтық қоғам мəселесі Т.Пейн еңбектерінде басты тақырып болды. Пейн мемлекетті қажетті зұлымдық деп атады: ол неғұрлым аз болса, соғұрлым қоғамға тиімді болады. Осы себептен мемлекеттің билігі азаматтық қоғам пайдасына шектелген болуы қажет, өйткені əрбір индивид ішінен қоғамға бағытталады. Мемлекеттен бұрын пайда болған осындай əлеуметтілік, ортақ мүддеге жəне өзара көмек сезіміне негізделген, бəсеке жəне сабақтастықтың бейбіт қатынастарын қалыптастыруға жағдай жасайды. Азаматтық қоғам неғұрлым кемелденген болса, соғұрлым өз істерін өзі реттеп, үкіметке деген қажеттілігі азаяды.

Ажырамас құқықтарға ие, еркін жəне тең индивидтер мемлекеттен жоғары тұрады. Сондықтан мемлекетті заңды жəне «өркениетті» деп тану үшін, ол бүкіл индивидтердің келісімімен құрылған болуы керек. Осы келісім конституциялық түрде рəсімделген жəне парламентарлы өкілді механизмдер арқылы бекітілген болуы тиіс. Өркениетті басқару жүйелері — еркін жəне тең индивидтердің белсенді келісімімен билікке ие болатын, конституциялық басқару жүйелері. Бұндай үкіметтер құқықтарға ие болмай, тек өзінің азаматтары алдында міндеттерге ие болады.

Нақты үкіметтер өз белсенділігімен конституцияларды өзгертуге немесе кеңейтуге немесе азаматтардың келісімдерін жəне сенімдерін бұзуға құқықтары жоқ. Азаматтар табиғи қалыпта ғана, тұрақты егеменділікке ие болады. Осы табиғи қалыпты кез келген бұзушылық жəне де құқықтың негізі ретіндегі, белсенді келісімге кез келген қарсы тұру талпынысы деспотизм жəне агрессивті басқару əрекеті болып табылады. Осы тұрғыдан Пейн азаматтық қоғамды мемлекетке қарсы қояды. Оның сенуі бойынша, өзіне сенетін жəне өзін-өзі басқаратын қоғам саяси механизмдердің минимумын ғана қажет етеді. Мемлекеттің билігін минимумға дейін қысқарту, тəуелсіз ұлтттық жəне бір-біріменен бейбіт араласатын азаматтық қоғамдардың халықаралық конфедерациясын құру мүмкіндігіне жол ашады. Бұл жағдайда ұлттық егеменді мемлекет, сайланатын басқарушыдан жəне «жалпы бейбітшілік, өркениет жəне сауда» кепілі болатын, азаматтық қоғамнан тұрады. Қоғам қағидалары негізінде əрекет ететін, осындай ұлттық ассоциация азаматтық қоғам қамтамасыз ете алмайтын қоғамдық қызметтерді қамтамасыз етуге ғана қажетті.

Кейіннен осы дəстүр А.де Токвиль, Дж.С.Милл жəне тағы басқалардың тарапынан жалғасты. Олар оны келесідей ереже төңірегінде дамытты, яғни мемлекет жəне азаматтық қоғам арасындағы бөлініс, шынайы демократиялық, əлеуметтік жəне саяси жүйенің тұрақты сипаты болып табылады. Осы жүйеде өндірістік меншік, шешім қабылдай алу мəртебесі жеке салаға бағынышты емес. XIX ғасырдың ғалымдары мен ойшылдары азаматтық қоғамның аса көп мөлшердегі еркіндігін қоғамның бөлектенуі жəне кекілжіндердің өршігуіне себеп ретінде қарастырған, сондықтан олар қатал мемлекеттік реттеуді жəне бақылауды орнатуға шақырды. «Мемлекет азаматтық қоғамға қарсы» мəселесі И.Бентам, Ж.Сисмонди жəне т.б. еңбектерінде көрінеді.

Марксизмде азаматтық қоғам мəселесіне ерекше ұстаным қалыптасады. Гегельді қайталап, К.Маркс азаматтық қоғамды табиғатпен жаратылған қалып ретінде емес, тарихи дамудың нəтижесі ретіндегі тарихи феномен деп санаған. Мемлекетпен кепілдік етілетін азаматтық қоғам, мəңгі табиғи заңдарға бейімделмейді. Азаматтық қоғамды, өндірістің, таптық күрестің ерекше нысандары жəне қатынастарымен сипатталатын жəне де тиісті саяси-құқықтық механизмдермен қорғалатын, тарихи анықталған құрылымдар құрайды. Азаматтық қоғамның өзі өтпелі сипатқа ие, өйткені, ол азаматтық қоғамды дүниеге əкелген буржуазиялық қоғамды жоятын пролетариатты дүниеге əкеледі. Өз талдауын өндіріс тəсілі негізінде қалыптастырған Маркс үй шаруашылығы, ерікті ассоциациялар, бұқаралық ақпарат құралдары, мектептер, ауруханалар жəне т.б. сияқты азаматтық қоғамның элементтеріне тиісті назар аударған жоқ. Ол XVIII ғасырдан бастап пайда болған, инженерлердің, дəрігерлердің, заңгерлердің, тағы басқалардың кəсіби одақтарын елемеді. Маркстың теориясында азаматтық қоғам жеке мүддені білдіреді. Азаматтық қоғам материалдық салаға жатады, ал мемлекет болса қондырманы құрайды. «Еврей мəселесіне» деген еңбегінде Маркс: «Аяқталған саяси мемлекет өзінің мəні бойынша адамның материалдық өміріне қарама-қарсы болатын оның тектік өмірі. Осындай өзімшіл өмірдің алғышарттары мемлекеттік саладан тыс болатын азаматтық қоғамда өз өмір сүруін жалғастырады. Дамыған саяси мемлекетте адам қос өмірде өмір сүреді, яғни, саяси қауымда қоғамдық жан ретінде жəне азаматтық қоғамда жеке тұлға ретінде əрекет етеді. Азаматтық қоғамда адам шынайы индивид болады. Мемлекетте болса, адам тектік жан ретінде танылып, өзінің шынайы даралығынан айрылған».

Құқықтық мемлекет орнатудың негізгі бағыттары:

  • мемлекет билікті үш саласының жұмысын жақсарту, əсіресе заңның, нормативтік актілердің сапасын көтеру;
  • нормативтік актілердің дұрыс пайдалануын, орындалуын қамтамасыз ету, халықтың рухани сана-сезімін, мəдениетін жақсартып, көтеру;
  • қоғамдағы қатынастарды дұрыс, жақсы реттеу-басқару бағытындағы мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың жұмысын жақсарту;
  • бостандықты, теңдікті, əділеттілікті, демократияны дамыту;
  • заңдылықты, құқықтық тəртіпті қатаң сақтау.

Қазіргі заманда құқықтық мемлекет туралы пікір жан-жақты дамып, дүние жүзінің ғалымдары бір тұжырымға келіп, ортақ ғылыми көзқарас қалыптасты деуге болады.

Сонымен, құқықтық мемлекет туралы теорияны қорыта келіп, оның негізгі мазмұны — халықтың, адамдардың егемендігі, олардың табиғи бостандығы мен құқықтары. Ол мемлекетті қалыптастырудың негізгі күші — адам, қалың бұқара. Сондықтан мемлекет пен құқық демократияны дамытып, халықты қоғамның барлық саласын басқаруға қатыстыру қажет. Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қалыптасу ісіне қазақ ұлтының тарихи ой-санасымен саяси мəдениетінің озық үлгілері қызмет етуі шарт. Қазақ этносының тарихи дамуы кезеңдерінде қоғамдық қатынастарды реттеу жəне жетілдіру мақсатында түрлі заңдар үнемі қолданылып отырған. Қазақ этносының түрлі ойшылдары елде заң күшінің орнауы қажеттілігі хақысында пайдалы ойлар мен идеяларды айтқан.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Платон. Сочинения: В 3-т. — Т. 2. — Ч.2. — М.: Наука, 1971. — С. 188.
  2. Аристотель. Саясат. — Алматы: Атамұра, 2001. — 182-б.
  3. Цицерон Марк Туллий. О законах. — М.: Наука, 1966. — С.
  4. Руссо Ж.-Ж. Трактаты. — М.: Наука, 1969. — С.
  5. Локк Дж. Два трактата о правлении: Сочинения в 3 т. — Т. — М.: Наука, 1988. — С. 205.
  6. Монтескье Ш.Л. Заңдар рухы туралы. — Алматы: Ғылым, 1999. — 298-б.
  7. Кант И. Метафизика нравов: Сочинения в 5 т. — Т. — Ч. 2. — М.: Наука,1965. — С. 186.
  8. Гегель Г. Философия права. — М.: Наука,1990. — С.
  9. Боден Ж. Шесть книг о государстве // Антология мировой философии: В 4 т. — Т. — М. 1970. — С. 213.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.