Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасы саяси жүйесінің конституциялық-құқықтық негіздері

Қазіргі уақытта мемлекеттанушылар Қазақстандағы нарықтық экономикалық қатынастың дамуындағы шартты байланысқан экономикалық жəне əлеуметтік қайта құрылулардың терең бағыт алғанын мойындап отыр. Сонымен қатар терең саяси өзгерістер егеменді мемлекетті қалыптастыруда жəне қазақстандық қоғамдағы саяси жүйе институттарының жетілуіне алып келді.

Бұл отандық саяси жүйенің конституциялық кезеңдік дамуы сұрақтарын зерттеудегі өзектілігі жалпы саяси-құқықтық жүйенің қазіргі таңдағы болмысын танудағы бір бөлік ретінде анықтайды. Ғылыми заңдық жəне саяси əдебиеттерде саяси институттарға қатысты заңнамалар мен актілерді зерттеу негізгі назарды аударатын бірден бір басты зерттелетін бағыт ретінде қарастырылды. Сонымен қатар аталған мəселені зерттеу маңыздылығы қазіргі жағдайда алдымен Конституция мен саяси жүйеге қатысты сұрақтар, соның ішінде саяси жүйедегі жекелеген құрылымдық элементтердің рөлі мен орны, қоғамдық-саяси институттардың конституциялық құқықтық мəртебесінің мəселелері, олардың қалыптасуы мен жұмыс атқаруын шешуімен байланысты шартталады. Саяси жүйенің жалпы түсінігін жасаудың қиындығы сол уақытта болған қоғамдық жүйелердің екі басты типінің түбірлі қарама-қайшылығымен байланысты болғанын

айта кеткен жөн. Биліктің саяси жүйесі көп ретте халық билігінің əлеуметтік тетігі ретінде анықталды.

Отандық құқықтық ғылымда социалистік қоғамда саяси жүйе мен билік тетігін сəйкестендірудің дұрыстығы ешқандай күмəн тудырмайды. Антагонистік таптардың болмауы, биліктің еңбекшілердің қолында болуы ішінде антихалықтық, антиəлеуметтік саяси институттарға орын болмайтын жүйенің əлеуметтік бірізділігі мен монолиттігін анықтайды. Мемлекеттік-құқықтық институттар, сол сияқты қоғамдық ұйымдар, еңбек ұжымдары маркс-лениндік партиямен басқарылатыны, билікті жүзеге асыруда қатысады, сонымен қатар саяси жүйенің маңызды құрылымдық элементтерін құрайды.

Мысал ретінде социалистік қоғамда ерекше саяси жүйенің қызмет етуін идеологиялық бекітетін анықтамалардың толық емес тізімін келтірейік.

Белгілі кеңестік конституционалист Б.Н.Топорнин біз қарастырып отырған мəселені келесідей сипаттайды: «Қоғамның саяси жүйесі дегеніміз — бұл халық, жұмысшы тап басшылығымен қоғамның жұмыстарын басқаратын мемлекеттік жəне қоғамдық ұйымдардың кешені». «Қоғамның саяси жүйесі — социалистік қоғамды саяси басқару мен басшылық жасауды жүзеге асыру, саяси билікті ұйымдастыру мен қызмет етудің өзара байланысы жəне өзара əрекеттесетін əдіс-тəсілдердің күрделі кешенін білдіреді», — деп И.П.Ильинский жəне Н.В.Черноголовкин жазған. «Кеңес қоғамының саяси жүйесін өздерінің арасында қарқынды өзара əрекеттесуші мемлекеттік жəне қоғамдық мекемелердің ұйымы ретінде анықтауға болады, олар арқылы қоғамның барлық істерін басқару, коммунистік құрлыстың экономикалық, əлеуметтік-саяси жəне мəдени-тəрбиелік міндеттерін шешу жүзеге асырылады», — деп В.С.Шевченко көрсеткен.

Сонымен, кеңес авторларының көбісі социалистік саяси жүйені, қоғамды басқаратын коммунистік құрылыстың халық алдында тұрған міндеттерді шешетін компоненттер жиыны ретінде түсінді. Компоненттер қатарына елдегі қатынастарыдың субъектілері болатын институттар мен мекемелер жатқызылды.

Мақсаты капиталистік елдердегі саяси жүйелердің тұрақсыздығын теоретикалық негіздеу болып табылған кеңес-құқықтық ойдың бағытына көңіл бөлу керек. Саяси жүйені социалистік үлгі бойынша ұйымдастырудың перспективтілігін ақтай отырып, буржуазиялық қоғамда саяси жүйені ұйымдастырудың барлық дерлік мəнін сыни бағалады.

Бұл аспектіде кейбір ой-толғаныстарымен қысқаша танысу қызық болар.

Дамыған капиталистік мемлекеттерде мемлекеттік билікті жүзеге асыру монополиясы капиталистер табына тиесілі деп қарастырылған. Бұл өз кезегінде саяси жүйенің таптық мəні мен табиғатын анықтайды. Қазіргі заман буржуазиялық қоғамы екі басты антагонистік таптардан тұрады жалдамалы жұмысшылыр табы мен капиталистік жеке меншік иелері табы, бұл жағдай буржуазиялық-əлеуметтік қарсылық көрсету институтының болуын білдіреді. Мұнда əлеуметтік қарсылық институты монополия диктатурасын жүзеге асыру тетігінің бөлігін құрамайтыны анық.

Бұл жағдайды ескере отырып, кеңестік авторлардың көп бөлігі дамыған капиталистік елдерде екі саяси жүйенің бар екенін көрсетеді. Мысалы, Ю.А.Тихомиров «кең мағынада капиталистік қоғамның саяси ұйымдастырылуы өзіне кіші жүйе ретінде буржуазды саяси жүйені жəне буржуазды таптардың ұйымын біріктіреді. «Саяси ұйым» түсінігін осы сөздің кең жəне тар мағынасында қолдану, бірінші жағдайда барлық саяси институттарды, соның ішінде қарсы тұратын саяси институттарды, екінші жағдайда — тек қана билік етіп отырған саяси тап қоғамды мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын саяси институттарды қамтуға мүмкіндік береді», — деп есептейді.

Бүгін біз саяси жүйе туралы марксистік көзқараспен бірге бұл саяси феноменді терең жəне жан- жақты түсіну үшін үлкен маңызы бар марксистік емес ағымды ойдың болуын мойындаймыз. Марксистік жəне марксистік емес авторлардың саяси жүйесін талдау əдістермен бағалауда мəнді айырмашылықтарға қарамастан, қалыптасқан қоғамдық сана үшін бұл қаншалықта парадоксалды көрінгенмен, көптеген параметрлер бойынша олардың көзқарастары сəйкес келеді. Басқа позицияны жағдайлы жəне ауқымды мазмұндауды М.Н.Марченко берді, ол «буржуазды қоғамның саяси ұйымы нақты бір біртұтас құбылыс ретінде объективті түрде өзінің құрылымында үстем тап мен қаналушы таптарыдың əлеуметтік-саяси ұйымдары сияқты бір реттік, бір-бірімен өзара байланысқан құбылыстар, институттар мен мекемелердің болуын қарастырады».

Кеңейтілген талқылауды негіздеуге көптеген дəлелдемелер келтіріледі, бастылары келесілер. Буржуазиялдық қоғам антагонистік таптардан тұрады, олардың қарсыласуы буржуаздық қоғамның саяси жүйесінің сипаты мен табиғатын анықтайды. Онда жүретін саяси үрдістер əр түрлі əлеуметтік күштердің мүдделерінің қақтығысуы мен қарсыласуын көрсетеді. Буржуазиялдық қоғам тек қана бір билік етуші таптан — буржуазиядан тұруы мүмкін емес. Оның ажырамас компоненті — буржуазия антиподы — жұмысшы тап. Сəйкесінше, бұл қоғамның саяси жүйесі де оның əлеуметтік құрылысын көрсете отырып, өзіне тек үстем таптың ғана емес, сонымен бірге оның қарсылыстарының да институттары мен мекемелерін жатқызады.

Конституция мен Қазақстандағы қазіргі саяси жүйенің өзара əрекеті мен өзара байланысындағы мəселелерді шешкенде қоғамдағы саяси жүйенің рөлі мен əлеуметтік маңызын толығырақ зерттеген дұрыс сияқты.

Бүгінгі күнде Қазақстандағы саяси жүйе құрылысын тарихи қалыптасқан кезеңдерден іздеп, саяси жүйенің құрылымына ғылыми талдау жасау керек. Құқықтық ойлауда отандық саяси жүйенің мазмұндық жағын анықтайтын конституциялық базасын жүйелеу, ішкі жүйелік қызметтік байланыстарын ескеру дұрыс. Жəне де мемлекеттік пен мемлекеттік емес саяси институттардың өзара қатынасындағы маңызды сұрақтарға назар аудару керек.

Саяси институттардың құрылуы мен қызмет етуі, саяси мінез-құлық, мемлекеттегі бүкіл саяси өмірдің маңызды аспектілері күрделі əрі тармақталған əлеуметтік нормалар жүйесінің көмегімен реттеледі. Бұл нормалар, бір жағынан, институционализациялау деңгейі мен сипаты бойынша, екінші жағынан — олармен реттелетін қоғамдық қатынастардың табиғаты бойынша ерекшеленеді.

Бірінші жағдайда əлеуметтік нормалардың құрылуы мен олардың реттеушілік ерекшеліктері басты мəнге ие. Бұл көзқарас бойынша, мемлекетпен бекітілген əрі санкцияланған құқық нормаларының, адамдардың ар-намыстық түсініктерін көрсететін (ар намыс-мораль) нормалардың, партия мен қоғамдық бірлестіктермен жасалатын ұжымдық нормаларының, əдет-ғұрып норманың жəне басқа норманың арасындағы айырмашылықтар көрсетіледі.

Екінші жағдайда норманың мазмұнын анықтайтын реттеу пəніне негізгі көңіл беріледі. Яғни құқықтық нормалар да, əдет-ғұрыптар да, басқа да нормалар əр түрлі қоғамдық қатынастардың — саяси, мəдениеттік, еңбек, отбасы, неке жəне сол сияқты қатынастарды реттеуші ретінде бола алады [1]. Қоғамның саяси жүйесінің табиғаты мен ерекшеліктері оның элементтеріне ең бірінші қоғамдық-саяси қатынастарды реттейтін əлеуметтік нормаларды жатқызуға негіз береді. Заң əдебиетінде «саяси норма» сияқты ұғымды қалыптастыру туралы ой айтылған. Ф.М.Бурлацкийдің ойы бойынша, «саяси норма» адамдардың саяси өмір үрдісіндегі тəртіп ережесін бекітеді. Бұл ұғымға ол саяси қағидалар, құқықтық нормалар, саяси дəстүрлер, саяси тəртіптің эталонын жəне т.с.с. кіргізеді. Сөз саяси өмірге қатысы бар əлеуметтік нормалардың барлық түрлерін қамтитын жинақтық ұқсастық ұғым туралы болып отыр.

Салыстырмалы дербес жүйе құрайтын саяси, нарықтық, əлеуметтік-саяси нормалар түсінігін ғылыми айналымға енгізу бұл нормалар сипатындағы айырмашылықтарды анықтауға, сонымен қатар оларды біріктіретін ортақтықты — саяси өмірмен тікелей байланысын анықтауға мүмкіндігін береді. Əлеуметтік-саяси нормалар жүйесінде төрт негізгі топты бөліп көрсетуге болады: құқықтық нормалар, əдет-ғұрып нормалары, корпоративті жəне мораль нормалары.

Саяси салт-дəстүр мен əдет-ғұрыптардың саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің нормаларының ролін төмендетпей, қазіргі қазақстандық қоғамда тіршілігінің саяси саласын реттеуде құқықтық нормалардың бірінші ретті маңызы бар екенін айта кетейік. Құқықтық нормалардың бұндай ерекше ролі, ең алдымен, олардың мемлекет тетігінің ұйымдастырылуы мен қызмет етуінің, қоғамның саяси жүйесінің басқа элементтерінің өзара əрекеттесуінің басты реттегіші болып табылатындығымен негізделеді.

Саяси өмірдің саласын реттейтін құқықтық нормалардың ішінде ҚР Конституциясының нормалары үлкен маңызға ие, бұл олардың тек біздің мемлекетіміздің құқық жүйесіндегі формалды- заңдық жоғарғы күшке ие болуында ғана емес, сонымен бірге онда саяси жүйеге тəн көптеген жалпы қағидалар бекітілуінде. Басқа заңдар мен заңға тəуелді актілердегі нормалармен салыстырғанда, конституциялық нормалар аса нақты саяси мазмұнға ие. Дегенмен нақты шындыққа сай келе бермейтін формалды əрекет етуші конституциялық нормаларға қарап, саяси жүйе туралы ой түюге болмайтынын айта кеткен жөн. Басқаша айтқанда, заңды конституциядан сол немесе басқа да мемлекетте саяси құрылыстың негізін көрсететін «тірі» конституцияны ажырату керек.

Өкінішке орай, қазіргі кезге дейін конституцияның мəнін анықтауда кластық тəсіл сақталып келеді. Бұл жерде конституция кластық күрес өнімі ретінде жəне сол немесе басқа класс өзінің саяси үстемдігін бекітетін құрал ретінде қарастырылады. Саяси жүйе, Д.Истонның жəне оның жақтастарының ойы бойынша, «материалдық жəне басқа құндылықтарды бөлу бойынша қоғам мүшелерінің көпшілігі үшін тиімді шешімдерді жасаумен байланысты саяси қатынастар субъектілерінің əрекеттерінің, тəрбиенің жалғыз жəне үзіліссіз ағымы». Саяси жүйенің өкімдік сипатын жəне оның авторитарлы шешімдеріді қабылдау қабілеттілігін айқындауға талпынып, саяси жүйені «шешім шығару машинасы» деп те атайды. Солай бола тұрып, олар батыс саяси-құқықтық ғылымы үшін дəстүрлі «таптық емес» позициясынан мұндай саяси жүйе-машина тек таптық қоғамда ғана емес, сонымен бірге адамдарың ортақ мəселелері бар жəне (осы мəселелерді шешу үрдісінде) өзара бірлесетін немесе бір-бірімен қақтығысқа түсетін кез келген қоғамда болуы мүмкін.

Басқа белгілі Батыс саясаттанушысы Г.Альмонд қоғамның саяси жүйесінің мазмұнына, бір жағынан, əрекет етуші құқық негізінде пайда болатын жəне қызмет ететін «құрылымдар: парламент, атқарушы, өкім етуші органдар, бюрократия, соттар, партиялар, ықпал ету топтары жəне коммуникация құралдары», ал басқа жағынан — «ажырамас» немесе «əрең ажыратылатын құрылымдар», туысқандық, азаматтар мен ұйымдардың, таптық топтардың мəртебесі, қоғамда пайда болатын тəртіпсіздіктер, демонстрациялар жəне сол сияқтылар жатады. Сол уақытта автор қоғам саяси жүйесінің ішкі құрылысын қарастыру барысында бірінші орынға «құрылымдарды» емес, олардың арасындағы байланыстарды, олардың өзара əрекеттесуін, қоғамның саяси жүйесінде олардың атқаратын ролін қояды [2].

Д.Истон мен кейбір батыс теоретиктердің қоғамның саяси жүйесі мен оның құрылымы туралы түсініктерінен біршама айырмашылығы болғанымен, жалпы Алмондтың көзқарастары олардың көзқарастарымен сəйкес келеді. Ортақтығы, бір жағынан, теоретиктердің саяси жүйе құрылымында нақты институттарды жете бағаламау болса, басқа жағынан — бір дербес (қоғам саяси жүйесінің құрылымдық құрамында өздігімен өмір сүретін) əр түрлі институттардың арасында пайда болған байланыстар, қатынастар, əрекеттер, өзара əрекеттесу, олар орындайтын формалды рольдер жиынтығы ретінде зерттеудің маңызын негізсіз өзара бағалау.

Қоғам саяси жүйесінде нақты институттардың шынайы ролі мен əлеуметтік маңызын жете бағаламау, негізінен көптеген теоретиктердің саяси жүйе құрылымын қарастыру барысында кейбір жағдайларда ықпал ету топтары, партиялар, саяси орта жəне т.б. осы сияқты саяси құбылыстар, институттар мен мекемелер арасында саяси жүйенің маңызды құрылымдық элементтерінің бірі ретінде мемлекетті қарастырмауда көрініс табады. Қоғамның саяси жүйесін зерттеу процесінде нақты тарихи əдісті қолданатын конституциялық-құқықтық ғылым əрдайым оның пайда болуы мен қызмет етуін қоғамдағы топтар, қабаттар, таптар мен əр түрлі саяси институттардың қызметінде көрініс табатын мақсаттар мен міндеттер, мемлекеттің, партия мен əр түрлі қоғамдық бірлестіктердің құрылуы мен қызмет етуінің негізін қалаған мүдделермен, идеялармен байланыстырады [3]. Саяси жүйе мен оның жеке элементтерінің табиғатын елемеу жəне саяси жүйені зерттеу барысында мемлекетті қоса институттарды зерттемеу, тек алшақтау түсінілетін қарым-қатынастарды, əрекеттер мен өзара əректтесуді ғана қарастыру саясаттану мен құқықтық ғылымда идеализмнің көрінісі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президентінің конституциялық-құқықтық мəртебесінің ерекшелігі мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: ол саяси жүйенің орталық тұлғасы болып табылады, сонымен қоса мемлекет басшысы биліктің біртұтатығын сипаттайды. Президенттік басқару формасын енгізу атқарушы билікті күшейтуге, сонымен қатар Қазақстанда конструктивтік əлеуметтік-экономикалық реформаларды тиімді жүргізуге септігін тигізбек.

Алайда ескере кететін жайт, көбіне көпұлтты жəне поликонфессионалды құрамды тұрғындары бар, күрделендірілген əлеуметтік қатынастар жүйесіне ие, экономикалық инфрақұрылымды мемлекеттерде Президент лауазымы өзінде жауапты саяси ауыртпалықты көтереді. Саяси жүйені тұрақтандыру мəселелерін жедел түрде шешуге қабілетті мемлекет басшысының ойластырылған саясатында қажет түрлі деңгейлер мен кеңістікте ішкі мемлекеттік қарама-қайшылықтар да кездесуі мүмкін.

Кейін Конституцияны зерттегенде қолданылған марксистік методология қазіргі заңды əдебиетте əділ сынға ұшырайды. Конституциямен құрылатын демократияның қоғамда билік механизмі — үнемі келісімге келу, өйткені қоғамдық өмірде билікке əр түрлі саяси күштер қатысады жəне күреседі. Бұл келісімге келу көбінесе міндетті болса да, əркімнің өз еркі. Сондықтан Конституция — күшті болса да біреудің мүддесіне жұмыс істей алмайды, ол азаматтық келісім мен зорлыққа қарсылықты жүзеге асырады. Авторитарлы жəне тоталитарлы режимдердің өзінде де билік басындағылар анық антидемократиялық Конституция қабылдауға тəуекелге бармайды. Келісім табуға билік механизмін құрғанда жол беріледі, бірақ Конституцияның бірінші мақсаты, яғни, адамның құқығы мен бостандығын қорғағанда емес.

ҚР-ның саяси жүйесін реттеудегі нормативтік-құқықтық негізін үйрену мемлекеттің Конституциясын жан-жақты зерттеумен тығыз байланысты.

Басқа да демократиялық мемлекеттердегідей, Қазақстан Республикасы Конституциясының ерекшелігі төмендегі белгілерден көрінеді:

Конституция ұлттық құқықтың жалпы жəне конституциялық құқықтық жеке негізгі қайнар көзі болып табылады, барлық құқықтық жүйе мен ағымдық заңдылықтың негізі, олардың дамуы мен толық жетілуіне көпжақты əсер етеді, біріншіден, мемлекеттік органның заңшығару қызмет бабын орнатады, құқықтық реттеудің басты мақсаттары мен объектілерін анықтайды.

Конституция халық еркінің жүзеге асырылуының ең жоғарғы формасын көрсетеді, өйткені онымен қоғамның жəне мемлекеттің функционалануының негіз салушы қағидалары қабылданады жəне орнатылады, мəнін анықтайды, мемлекет формасын, билікті жүзеге асыру механизмі, адам мен азаматтың құқықтыры мен бостандықтарын жүзеге асырады.

Конституцияның нормалары бастапқы болып табылады жəне құрылтай сипатқа ие, конституциялық құқықтық ғана емес, сонымен қатар басқа да ұлттық құқықтардың маңызды қайнар көзі болып табылады, қоғамдық қатынастарының барлық кешенінің құқықтық реттеу негізі.

Конституцияның тұрақтылығы — заңдылық негізінде барлық құқықтық жүйе мен мемлекеттік билікті функциялануының маңызды шарты.

Тікелей күші — Қазақстан Республикасы Конституциясының саяси жəне практикалық мəнге ие негізгі қасиеті.

Конституция — қоғамның əр түрлі саяси күштерінің арасындағы келісімге келу деңгейін көрсететін саяси құжат. Оның негізгі нормалары — қоғамдық қатынастардың саяси үрдісінің, оның шекаралары мен дамуының болашақ деңгейінің нəтижесі. Қазақстан Конституциясының саяси қасиеті оның негізгі заңды мазмұнын кішірейтпейді, керісінше, ұлғайтады.

Конституция саяси құжат ретінде бағдарламаға айналмай қоғам мен мемлекет дамуының болашағын анықтайтын қағида, норма-мақсаттан көрініс табатын бағдарламаның маңызды элементтерінен тұрады. Қазақстан Республикасы Конституциясының бағдарламалығы демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекетті құрудан көрінеді (1-б). Конституция бағдарламалығының айқындалуы болып «Қазақстан–2030» бағдарламасы жəне оны іске асыру табылады.

Конституция — идеологиялық құжат, өйткені қоғамдағы үстемдікке ие көзқарастар мен идеялардың арнайы жүйесін көрсетеді. Оның негізінде мемлекетті функциялау, оның қоғам мен азаматтармен қарым-қатынасы, адамның құқықтары мен бостандықтары, мемлекеттік билікті ұйымдастыру сияқты əр түрлі бағыттағы мəселелер жатыр. Бұл құжаттың қоғам өміріне белгілі бір саяси жəне құқықтық идея, құндылықтардың таралуына үлкен əсер ететіні белгілі.

Демократиялық мемлекет ретіндегі Қазақстан Республикасы Конституциясының сипаттамасы оның саяси жүйесінің анализінен кейін келесі конституциялық нормалармен анықталады:

Мемлекет билігінің басты қайнар көзі болып халық табылады (3-б.1-т).

Халық билікті тікелей республикалық референдум жəне еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға барады (3-б.2-т).

Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы жəне сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік əрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сəйкес жүзеге асырылады (3-б.4-т).

ҚР-да идеологиялық жəне саяси əр алуандық танылады. Мемлекеттік органдарда партия ұйымдарын құруға жол берілмейді (5-б.1-т).

Қоғамдық бірлестіктер ісіне мемлекеттің жəне мемлекет ісіне қоғамдық бірлестіктердің заңсыз араласуына жол берілмейді (5-б.2-т).

Қазақстанның саяси жүйесін, осы көрсетілген қағидаларды оқу мынандай қорытындыға əкеледі: Конституция конституциялық құрылымның негізін қалаушы қағидаларын, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының жоғарғы құқықтық кепілі, сонымен қоса мемлекет функциясының шеңберін бекітетін мемлекеттің негізгі заңы болып табылады.

Басқа барлық нормативті-құқықтық актілер осының негізінде жəне оның қағидалары мен тезистерін орындау үшін қабылданады, ал келіспеушілік болған жағдайда Республика Конституциясының нормалары əрекет етеді. А.Т.Ащеуловтың айтуы бойынша, «Республикада ешбір құқықтық актілер, Азамат кодексті қоса алғанда, Конституциядан тəуелсіз жəне автономды статусқа үміт ете алмайды, əйтпесе құқықтық жүйенің бірлігі мен ішкі келісушілігі бұзылады» [4].

Осылайша, Конституцияның қағидалары мен нормалары құқықтық жүйеде алдыңғы рольде. Конституция мемлекеттің Негізгі Заңы ретінде өзімен бірге барлық заңнаманы біріктіреді, құқық шығармашылығы ядро ретінде болады, негізгі нормативтік-құқықтық актілердің түрлерін орнатады, олардың байланысын, субординациясын, арасында пайда болатын коллизияларды шешу жолын жəне республиканың саяси жүйесін реттеудің құқықтық ұйымдастыру ісінде басты бағдар ретінде қызмет етеді [5]. Қоғамның саяси жүйесінің табиғаты мен ерекшеліктері оның элементтеріне ең бірінші қоғамдық-саяси қатынастарды реттейтін əлеуметтік нормаларды жатқызуға негіз береді. Заң əдебиетінде «саяси норма» сияқты ұғымды қалыптастыру туралы ой айтылған. Ф.М.Бурлацкийдің ойы бойынша, «саяси норма» адамдардың саяси өмір үрдісіндегі тəртіп ережесін бекітеді. Бұл ұғымға ол саяси қағидалар, құқықтық нормалар, саяси дəстүрлер саяси тəртіптің эталонын жəне т.с.с. кіргізеді. Сөз, саяси өмірге қатысы бар əлеуметтік нормалардың барлық түрлерін қамтитын жинақтық ұқсастық ұғым туралы болып отыр.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Демидов А.И. Политическая система общества и государство / Политология для юристов. Курс лекций / Под ред. Н.И.Матузова и А.В.Малько. — М.: Юрист, 2002. — 362 с.
  2. Кубеев Е.К. Конституционный строй Республики Казахстан. — Караганда: Болашак-Баспа, — 271 с.
  3. Ащеулов А. Этапы становления конституционного законодательства и конституционализма // Мир закона. — № 8. — С. 65–72.
  4. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы Заңымен, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы Заңымен, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 2 ақпандағы Заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
  5. Баймаханов М.Т., Аюпова З.К. и др. Становление правового государства и конституционный процесс в Республике Ка- захстан: Монография. — Алматы: КазГЮА, 2001. — 346 с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.