Қазіргі біздің өмірде денсаулық сақтау саласы қызметкерімен кездеспеген адамды табу мүмкін емес болар. Жоқ дегенде біз олармен алғаш өмірге келген сəтімізде кездессек, кейін жан тапсырар сəтімізде де қашанда біздің жанымыздан табылатын солар, науқастанбағанның өзінде адам баласы қашанда олармен кездеседі, мəcелен, жұмысқа тұрсақ та, оқу оқысақ та денсаулық жағдайын анықтайтын ақпараттарды солардан аламыз.
Дəрігерлік мамандық аса көне жəне аса сыйлы мамандықтардың бірі болып табылады. Бұл мамандықтың қалыптасуы алғашқы қауымдық қоғамнан бастау алады. Дəрігерді қашанда Алланың таңдаулысы деп біліп, өзге мамандықтардан анағұрлым жоғары тұратын тұлға ретінде қарастырған. Көне үнді кітаптарының бірі «Аюрведа» да (аюр — өмір, веда — білім) дəрігер науқасқа — əке, жазылушыға — қорғаушы, ал дені сауға дос болуы керек айтылған. Сонымен қатар бұл кітапта сол кездің аса білікті емшілерінің бірі — Сушруттың мынандай сөздері жазылған: «Дəрігер — үлкен қайырымды жүректің иесі, оның темпераментті салмақты, шыншыл мінезді, өзіне аса сенімді жəне ақылды, үнемі жақсылық жасауға асығушы тұлға болуы керек. Əкеден, анадан, достарыңнан, оқытушыдан қорқуға болады, ал дəрігердің алдында ешбір қорқыныш сезімі болмауы керек. Ол ата- ана мен достардан, ұстаздан да мейрімді болуы керек» деп өсиет қалдырған [1].
Көне Қытайдың көпке мəлім еңбектерінің бірі «Чжуд-ши» дəрігерге қатысты мынандай жазбалар бекіткен: «Жақсы дəрігердің негізін алты қасиет қалыптастырады, соларға сəйкес ол ақылды, ақкөңіл, биазы, сөзінде тұратын, сыртқы көзге өнерлі, өз жұмысын сүйуші жəне адами ғылымдарда дана болуы керек» [2].
Хамурапи кодексінде (б.д.б. 1792–1750 ж.ж.) дəрігерді аса жоғары бағалаған, сонымен қатар оларға қатаң талаптар қойылатын болған, егер науқас адам өліп қалса, дəрігерді қолынан айыратын болған.
Атақты «Илиадада» Гомер, дəрігердің еңбегін жоғары бағалай отырып, былай деген: «Көп адамның арасында ісіне ісмер емші тұр: жебені кесе тұра оған дəрі себеді».
Негізінде дəрігерлік мамандық ұрпақтан ұрпаққа өтіп отырған. Б.д.б. 460–370 жж. Кос аралында өмірге келген Гиппократтың туғанына 2450 жыл өтті. Өзіне дейінгі 16 ұрпақты құрған костық емшілерден мұраға алған білімдерін алғаш рет өз білімдерімен тоғыстыра отырып атақты «Антты» қалыптастырған болатын. Бұнда тұңғыш рет өз өмірін медицинамен ұштастырған адамға қатысты нақты міндеттемелер бекітілген. Өз еңбектерінде Гиппократ дəрігерге аса үлкен орын мен баға берген. Оның көзқарасы бойынша, дəрігер ақшадан алыс, ұятты, қарапайым, ой қарапайымдылығы мен білімі жөнінде ақпараттаған. Сонымен қатар ол өз еңбектерінде дəрігердің кейіпіне аса қатаң назар аударған. Себебі дəрігердің өзі аурушаң көрінетін болса, онда олар басқаларға қалай денсаулық əкеледі деген [3].
Медицина саласында батыстық жəне шығыстық университеттерге бес жүз жылдан астам уақыт бойы қолданыстағы міндетті басшылықтардың авторы, өз атын мəңгілікке бекіткен аса əйгілі маман Ибн Сина «Дəрігерлік ғылым канондарында» дəрігер маманға мынандай сипаттама берген: «Дəрігер қырғи көзді, қыз қолды жəне жыландай дана» болуы керек деген.
Ал қазақ даласына келер болсақ, медициналық қызмет көрсетудің тарихын зерттеп, тану үшін оны үш тарихи кезеңге бөлген дұрыс. Көшпенді қазақ медицинасы дінмен, халықтың сенімімен жəне салт-дəстүрімен тығыз байланысты. Зерттеп келгенде, түркі халықтарының көзқарастары мен рухани түсініктерінің бастауы сонау арада, діннің алғашқы бастамасы болып табылатын тотемизм (жанды, жансыз заттар мен жан-жануар, өсімдіктерді құрметтеп, соларға табыну), фетишизм (табиғат құбылыстарына, жан-жануар дене мүшелеріне табыну), анимизм, шаманизм (бақсылық), тағы басқа алып жатады [4].
Сүндетке отырғызу медициналық тұрғыдан алғанда да оңды екендігі белгілі. Баланы сүндеттеуді медициналық мекеме өз жауапкершілігіне алып, бұл дəстүрге жаппай халықтық сипат берген.
Қазақ салт-дəстүр бойынша ертеден итті жоғары саналғандығы жайында С.Т.Толстов өз еңбегінде Гун дəуіріндегі тотем — иттер жайлы мегзейді. Иттер қасиетті саналған. Ол туралы Ш.Уəлиханов, Г.И.Потанин тəрізді ойшылдарда жазған [5].
Таңертеңгі мезгілде ит тиген (рахит) сəбилерді үш рет аунатып алу не болмаса сары иттің құлағын шертіп, қан алып жағу, ит тиген баланы қасқыр өтімен ұшықтау немесе мұндай ауруға шалдыққан сəбиді иттің басымен жуындыру, не иттің жүнін көз тимеу үшін жас нəрестеге тағып қою сияқты халық емі қолданылған жəне ол қазіргі кезге дейін сақталған [5].
Ал құрт ауруымен ауырғандарды судағы балықтарға қаратқан. Ит тиген баланың денесін балықтың көзімен сүрткен. Баласы жиі өлген əйелге бекіре балықты жегізген. Балық майын күйген денеге жаққан. Аю да халық үғымында киелі саналып, тумаған əйелдердің белін аюға бастырған.
Осындай əр түрлі аурулармен күресудің жолдарын бақсылар білген. Бақсылар негізінен рухани ауруларды жазатын болған. Қазақ бақсылары қалай болса солай киінген. Мойындарына əр түрлі тастарды, моншақтарды, қолдарына аса таяқ, сылдырмақ, қамшы ұстаған. Кез келген бақсы емші ғана емес, музыкант, əнші, сиқыршы болған.
Сөйтіп, Қазақстанда ежелден-ақ əр түрлі ауруларды түрлі жолдармен емдей алатын бақсылары, тəуіптері, емшілері медицина саласында əрекет еткен. Қажет болса, қазақтар Ресейге қосылғаннан кейін де орыс дəрігерлеріне емес, өз тəуіптеріне қаралғанын бізге жеткен көптеген деректер дəлелдей алады. Мысалы, қазақ тұрмысын жақсы біліп, олармен көп араласқан А.Алекторов: «Қазір қырғыздар (қазақтар) орыс дəрігерлеріне сеніп, олардың ғылымының басымдылығына мойын сұнғанымен, əр реті келгенде олардың дəрі-дəрмектері мен ақыл-кеңестерін алғанымен, бірақ бақсы деп аталатын өздерінің халықтық тəуіптеріне баруды ұнатады», — деп жазды [6].
Мына жоғарыдағы айтылып отырған ақпараттардың негізінде жалпы денсаулық сақтау саласының қалыптасуына негіз болған тұлғалармен тарихи ақпараттар, олардан қалған өнегелі сөздердің, отандық медицина саласындағы жалпы ахуалын түсінуімізге болады. Себебі медицина саласындағы қызмет көрсету қатынастарын алдымен ол қызметті жүзеге асырушы тұлғамен ұштастыра отырып, бұдан кейін ол қатынастардың құқықтық реттелу жағдайына тоқталуға мүмкіндік аламыз. Себебі денсаулық ол материалдық құндылық емес, сол себепті бұл қатынастарды реттеуде оны қалыптастырушы тұлға бейнесімен жан-жақты танысу арқылы оның əкелетін қызметін қалай реттеуге болатын жағдайларын ашып көреміз.
Қазақстанда өтіп жатқан алуан түрлі саяси жəне экономикалық даму үрдісі отандық денсаулық сақтау саласындағы күрделі кемшіліктерді туғызып отыр. Кеңестік дəуірмен жасырылып немесе қисық өзгерісте көрсетіліп отырған статистикалық ақпараттар өткен шаққа аса үлкен оймен қарауға жағдай туғызып отыр. Өткен онжылдықтармен азаматтардың ақпараттануы жəне денсаулық сақтау саласындағы халықаралық құжаттарды зерделеуі, отандық медецина саласындағы заңнаманы өзгерте отырып қабылдауға негіз болып отыр. Осының бəрі тəжірибелік медицинадағы жаңа ережелердің қабылдануы, емдеуші тараптың алдындағы жауапкершіліктің артуы, бұл саладағы заңнаманың күрделі өзгеруіне əкеліп отыр. Денсаулық сақтау саласындағы жауапкершілік үрдісі жаңа ғана дамып келеді, бұның өзі сол салада қызмет көрсетуші тараптарға, оларда қалыптасып қалған потерналистік көзқарастарымен хош айтысып науқастармен байланысты қатынастарын сəйкес дəрежеде өткізу мəселелерін ойластыруды өтіп жатқан уақыттың өзі мегзеуде. Кейінгі уақытта болып жатқан мемлекеттегі реформалар халыққа денсаулық беру қатынастарының күрделенуі мен олардың қалыптасуына қатысты көптеген өзгерістер мен қиыншылықтар туғызатыны сөзсіз. Мəселен, Денсаулық сақтау мекемелері мен құқық қорғау органдары арасындағы шұғыл ақпарат алмасудың жоқтығы есірткі қылмыстарының өсуіне жол ашады. 2008 жылы Астанада өткен баспасөз мəслихатында ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов ҚазАқпарат беттерінде келесідей жағдайларды ақпараттаған. Оның айтуынша, 2006 жылы жəне 2007 жылдың бірінші жартысында Астана қаласының жедел жəрдем стансасы есірткі заттармен улану жəне шамадан тыс қолдануға байланысты 136 адамға шұғыл медициналық көмек көрсетілген. Бірақ аталған оқиғалар жайында полиция органдарына бірде-бір ақпарат түспеген. Ал полиция өкілдері өз кезегінде аталған оқиғалар бойынша ешбір тексеріс жүргізбеген болып шықты. Ондай заң бұзушылықтар Атырау, Қызылорда жəне Оңтүстік Қазақстанда орын алған. Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы есірткі диспансеріне түскендердің киімдерін сақтау қоймаларын тексеру барысында емделіп жатқан науқастардың емдеу мекемесіне түскен кезде оларда мөлдір сұйығы бар шприцтер мен атаусыз шыққан дəрі-дəрмектер болғандығы анықталды. Медицина қызметкерлерінің берген түсініктемелеріне сəйкес, 2006–2007 жылдары емдеу курсын өтіп жатқан азаматтардан ақ түсті ұнтақ түріндегі заттар мен мөлдір сұйығы бар шприцтер тəркіленіп жойылған. «Осы оқиғалар бойынша денсаулық сақтау ұйымдары құқық қорғау органдарына бірде-бір ақпарат бермеген. Ал жүйкеге əсер ететін препараттарды сақтаған кінəлі адамдар заң бойынша жауапкершілікке тартылмады.
Сол себепті бүгінде денсаулық сақтау мекемелері мен құқық қорғау органдары арасындағы шұғыл ақпарат алмасу қатынастарын құқықтық реттеу жағдайлары немесе осы күзде болып жатқан реформаларға зейін салып көрелік. ҚР Ішкі істер министрлігі медициналық айықтырғыштарды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жүйесіне беру мəселесін қарауды ұсынып отыр. Бұған дейін 2004 жылғы қаңтарда медициналық айықтырғыштарды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жүйесіне беру мəселесін үкімет деңгейінде қарастырып, онда бұл мəселе орынсыз болғандықтан, күн тəртібінен алынып тасталған болатын. Ал 2007 жылғы 15 ақпанда ҚР Ішкі істер министрлігінің ұсынысы бойынша аталған мəселе құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінің отырысында қайта қаралды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұл мəселе бойынша ұстанымы мынадай. Медициналық айықтырғыштарды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жүйесіне беру төмендегідей себептер бойынша орынсыз деп табылады. Себебі мамандандырылған мекемелер болып табылатын ішкі істер органдарының жанындағы медициналық айықтырғыштардың функциясына бірінші кезекте маскүнемдік пен алкоголизмге байланысты тəртіп бұзушылықтардың жолын кесу, сондай-ақ көшелерде, басқа да қоғамдық орындарда мас күйде жүрген адамдарға қажетті медициналық көмек көрсету жəне олармен профилактикалық жұмыстар жүргізу жатады. ҚР 2001 ж. 30 қаңтардағы Əкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 336-бабына сəйкес «... қоғамдық орындарда спирт iшiмдiктерiн iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiне əрi қоғамдық имандылыққа нұқсан келтiретiндей мас күйiнде келу» əкімшілік құқық бұзушылыққа жатады. «ҚР Ішкі істер министрлігінің мəселелері» туралы ҚР Үкіметінің 2005 ж. 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген ҚР Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 12-тармағына сəйкес жоғарыда айтылған пункттер ҚР Ішкі істер министрлігінің негізгі міндеттеріне жатады. Медициналық айықтырғыштарды денсаулық сақтау жүйесіне берген жағдайда айықтырылатын адамдарды орналастыру тек наркологиялық ұйымдардың стационарларында ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Қазақстан Республикасында 2006 жылғы 1 қаңтардағы дерек бойынша, 22 наркологиялық ұйым жұмыс істейді, олардағы төсектің саны — 4865, наркологиялық ұйымдарда психобелсенді заттарды пайдалану салдарынан психикасы жəне мінез-құлқы бұзылғандықтан, есепте тұрған адамдар саны — 303044. 2005 жылы наркологиялық стационарларға 43594 емделуші түскен, ҚР Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша, республикада 42 медициналық айықтырғыш болса, жыл сайын 200 мың адамды қайда сыйғызуға болады. Ішімдік ішіп мас күйде жүрген адамдар, айналасындағы азаматтардың ар- намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіріп, қоғамдық тəртіпті бұзушылар жеткізіліп, мəжбүрлі түрде ұсталады. Адамдарды наркологиялық ұйымдарға мəжбүрлеп жеткізу «Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы» ҚР Заңында айқындалған жəне ол соттың шешімімен ғана жүзеге асырылады. Мұндай шешімсіз наркологиялық ұйымдардың мəжбүрлеп емдеуге жатқызуға құқығы жоқ. Алынған мəліметтерге сəйкес медициналық айықтырғыштары жоқ — Алматы жəне Жамбыл облыстарында мас күйдегі адамдарды жалпы емдеу жүйесінің стационарлық бөлімшелерінде орналастыру қаржыны, дəрілік заттарды, еңбек ресурстарын тиімсіз пайдалануды көрсетеді. Алматы облысы əкімінің денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сəйкес, 2006 жылдың екінші жартыжылдығы (маусым мен желтоқсан аралығында) медициналық айықтырғышқа түскендердің ешқайсысы да мамандандырылған медициналық көмекке мұқтаж болмаған, ал бейəлеуметтік жəне құқықбұзушылық əрекеттерді болдырмау мақсатында айыққанша оқшаулау үшін ұсталған. Жоғарыда айтылғандарға сəйкес медициналық айықтырғыштарды ҚР Ішкі істер министрлігінің жүйесінен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына беру орынсыз деп санаймыз. Міне, осы жəне бұдан басқа көптеген мəселелер келешекте медициналық қызмет көрсету қатынастарын құқық реттеу саласында жаңа заңдар жаңа реформаларды талап ететіндігі анық. Ал ол өз алдына Қазақстан Республикасында медициналық қызмет көрсету қатынастарының құқықтық реттелуін шиеленістіре отырып, көптеген кемшіліктер мен ағаттықтарды туғызатыны күмəнсіз.
Тəуелсіз Қазақстанда əлеуметтік-мəдени саланы игеру жəне басқаруды жүзеге асыру — бүгінгі таңдағы өзекті мəселелердің бірі. Қазақстан Республикасы өзінің жоғарғы құндылығы адам жəне оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын əлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып отырғанда, денсаулық сақтау мəселенің алатын орны негізгі екендігі даусыз.
Кез келген қоғамның ең қымбат қазынасы — адам жəне адамның өмірі. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясының 29-бабында азаматтардың денсаулығын сақтау құқығы бар деп жазылған. Осыған сəйкес мемлекет тұрғындары денсаулығын қорғау құқығына ие, олар заңда көрсетілген негізде жəне көлемде кепілдендірілген тегін медициналық көмек алуға құқылы. Сонымен бірге мемлекеттік жəне жеке меншіктегі емдеу мекемелерінде, жеке медициналық практикамен айналысушы адамдарда ақылы медициналық көмек алуға құқылы.
Денсаулық сақтау саласын басқарудың мақсаты мен міндеттері «Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын қорғау туралы» Заңда келтірілген. Бұл заңда бекітілгендей, қазіргі кезеңде мемлекеттік жəне мемлекеттік емес денсаулық сақтау мекемелері дамуда [7].
Денсаулық сақтаудағы саясат, басқару, жоспарлау көп жағдайда бір-бірімен тығыз байланысты жəне өзара тəуелді.
Денсаулық сақтау саласының жаңа тұжырымдамасы дəстүрлік денсаулық сақтау бағдарламаларын қамти отырып, кейбір ауыру түрлерін түбірімен жойып жіберуге мүмкіндік береді. Аурушаңдықты қысқарту, өлімді азайту жəне адам организмдерінің физиологиялық функцияларын нығайту арқылы адамдардың денсаулығын жақсарту ұлттық денсаулық сақтау жүйелерінің маңызды міндеттерінің бірі болып отыр.
Денсаулық сақтауды реттеудегі ұлттық бағдарламалардың негізгі қағидаттарының бірі — денсаулық сақтау қызметінің жалпыға бірдей болуы. Денсаулық сақтау қызметінің жалпыға бірдей болуы жасалынған бағдарлама күшімен емес, қабылданған заңдардың күшімен орындалады. Сондықтан елімізде соңғы жылдар ішінде көптеген заңдар қабылданды [8]. Солардың бастысы 2009 жылы қабылданған Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі осы қатынастарды құқықтық реттейтін негізгі заң. Бұл кодекске сəйкес медициналық қызмет көрсету қатынастары келесі түрде анықталған. Медициналық қызмет осы кодекстің 36-бабына сəйкес жоғары немесе орта кəсіптік медициналық білім алған жеке тұлғалардың, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың кəсіптік қызметін қамтиды. Ал медициналық қызметтің түрлеріне осы кодекстің 37-бабына сəйкес Қазақстан Республикасында медициналық қызметтің мынадай түрлері қамтыған: 1) медициналық көмек көрсету, бұл қатыстарының өзін осы кодекске сəйкес келесі түрлерге бөледі: дəрігерге дейінгі медициналық көмек; білікті медициналық көмек; мамандандырылған медициналық көмек; жоғары мамандандырылған медициналық көмек; медициналық-əлеуметтік көмек болып табылады. Дəрігерге дейінгі медициналық көмек — аурулардың профилактикасы мақсатында, сондай-ақ диагностика, емдеу мен медициналық оңалту əдістерін дəрігердің қатысуымен пайдалануды талап етпейтін аурулар кезінде орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін медициналық көмек. Шұғыл жағдайларда дəрігерге дейінгі медициналық көмекті медициналық білімі жоқ, уəкілетті орган айқындаған тəртіппен тиісті даярлықтан өткен адамдар (парамедиктер), сондай-ақ зардап шегушілердің өмірін құтқару мақсатында өзге де адамдар көрсетуі мүмкін. Дəрігерге дейінгі медициналық көмектің түрлері мен көлемін уəкілетті орган белгілейді. Ал білікті медициналық көмек диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың мамандандырылған əдістерін талап етпейтін аурулар кезінде жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін медициналық көмек. Мамандандырылған медициналық көмек — диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың арнаулы əдістерін талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек. Мамандандырылған медициналық көмекті денсаулық сақтаудың көпбейінді ұйымдары кон- сультациялық-диагностикалық немесе стационарлық медициналық көмек нысанында көрсетеді. Мамандандырылған медициналық көмектің түрлері мен көлемін уəкілетті орган жəне облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың жəне астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары белгілейді. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек — диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың ең жаңа технологияларын пайдалануды талап ететін аурулар кезінде уəкілетті орган айқындайтын медициналық ұйымдарда бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметін үйлестіруді уəкілетті орган жүзеге асырады. Медициналық- əлеуметтік көмек — тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын əлеуметтік мəні бар аурулармен науқастанған азаматтарға бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек.
Медициналық көмекті ұсыну нысандары қазіргі таңда денсаулық сақтау кодексі 44-бабына сəйкес келесі нысандарда көрсетіледі деп бекітілген:
- амбулаториялық-емханалық көмек: алғашқы медициналық-санитариялық көмек; консультациялық-диагностикалық көмек; бұлардың санатына заң келесі қатынастарды жатқызады. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек алғашқы медициналық-санитариялық көмек — адам, отбасы жəне қоғам деңгейінде көрсетілетін, қолжетімді медициналық қызметтер көрсету кешенін, бұлардың ішіне отандық заңшығарушы мына қатынастарды жатқызған: а) неғұрлым кең таралған ауруларды, сондай-ақ жарақаттануларды, улануларды жəне басқа да кейінге қалдыруға болмайтын жай-күйлерді диагностикалау мен емдеуді; ə) инфекциялық аурулар ошақтарында санитарлық эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды; б) халықты гигиеналық оқытуды, отбасын, ананы, əкені жəне баланы қорғауды; в) халықты қауіпсіз сумен жабдықтау жəне оның кенеулі тамақтануы жөніндегі түсіндіру жұмыстарын қамтитын, тəулік бойы медициналық бақылауы болмайтын, дəрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек. Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті учаскелік терапевтер, педиатрлар, жалпы практика дəрігерлері, фельдшерлер, акушерлер жəне мейірбикелер көрсетеді. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдардың қызметі азаматтарға медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы ескеріле отырып, тұрғылықты жəне (немесе) бекітілген жері бойынша медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аумақтық принцип бойынша құрылады. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету түрлерін, көлемін, тəртібін, сондай-ақ азаматтарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына бекіту тəртібін уəкілетті орган белгілейді. Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыруды жергілікті мемлекеттік басқару органдары жүзеге асырады;
- стационарлық көмек, стационарлық көмек — тəулік бойы медициналық бақылау жасалатын, білікті, мамандандырылған жəне жоғары мамандандырылған медициналық көмек ұсыну нысаны. Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары азаматтарға тиісті күтім жасалуын жəне олардың тамақтануын қамтамасыз етеді;
- стационарды алмастыратын көмек, стационарлық көмек — тəулік бойы медициналық бақылау жасалатын, білікті, мамандандырылған жəне жоғары мамандандырылған медициналық көмек ұсыну нысаны. Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары азаматтарға тиісті күтім жасалуын жəне олардың тамақтануын қамтамасыз етеді;
- жедел медициналық көмек, жедел медициналық көмек — денсаулыққа келетін елеулі зиянның алдын алу немесе өмірге төнген қатерді жою үшін шұғыл медициналық көмекті талап ететін аурулар мен жай-күй туындаған кездегі медициналық көмек ұсыну нысаны;
- санитарлық авиация, санитарлық авиация — пациенттің тұрған жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтың немесе тиісті біліктілігі бар мамандардың болмауы салдарынан медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек ұсыну нысаны. Санитарлық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну əр түрлі көлік түрлерімен білікті мамандарды межелі жерге жеткізу не науқасты тиісті медициналық ұйымға тасымалдау жолымен жүзеге асырылады;
- төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмек, төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмек — табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде апаттар медицинасы қызметінің медициналық көмек ұсыну нысаны;
- қалпына келтіру емі жəне медициналық оңалту, қалпына келтіру емі жəне медициналық оңалту туа біткен жəне жүре келе пайда болған аурулардан, сондай-ақ қатты, созылмалы аурулар жəне жарақаттар салдарынан зардап шегетін азаматтарға көрсетіледі;
- паллиативтік көмек жəне мейірбике күтімі, паллиативтік көмек аурудың терминалдық (соңғы) сатысындағы дауасыз науқастарға мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерде, дербес медициналық ұйымдарда (хоспистарда) немесе үйдегі стационар нысанында дəрігердің басшылығымен көрсетіледі;
- дəстүрлі медицина, халық медицинасы (емшілік) нысандарында ұсынылуы мүмкін дəстүрлі медицина əдістеріне гомеопатия, гирудотерапия, мануалдық терапия, рефлекс-терапия, фитотерапия жəне табиғаттан алынатын құралдармен емдеу жатады [9].
Жоғарыда көрсетілген қызметтермен қатар зертханалық диагностика; патологиялық- анатомиялық диагностика; қан мен оның компоненттерін дайындау саласындағы қызмет; халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызмет; қоғамдық денсаулықты сақтау саласындағы қызмет; денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі мен ғылыми қызмет; денсаулық сақтау саласындағы сараптама жəне халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексінде тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері жүзеге асырылады.
Жалпы айтар болсақ, медициналық қызмет көрсету қатынастары уақыт өткен сайын сан қырлы өзгерістерге ұшырап, оның даму тенденциялары оларды реттеу жағдайлары осы қатынастардың қалыптасуына сəйкес күрделенуде.
Əдебиеттер тізімі
- Акопов В.И., Маслов Е.Н. Право в медицине. — М., 2002. — 124 с.
- Тихомиров А.В. Медицинское право. — М., 1998. — 482 с.
- Кассирский И.А. О врачевании. Проблемы раздумия. — М., 1998. — 482 с.
- google.kz, www.wfin.kz, www.egemen.kz
- Малейн М.Н. Человек и медицина в современном праве. — М.: Изд-во «Бек», 1995. — 260 с.
- Зиманов С., Өсеров Н. Қазақ əдет-ғұрып заңдарына шариаттың əсері. — Алматы: Жеті жарғы,
- Шужеева А.Т. Совершенствование регионального механизма реформирования системы здравоохранения (на примере Южно-Казахстанской области): Автореф. — Алматы, 2001. — 29 с.
- Черных А.В., Головерова Д.В. Проблемы правоприменительной практики в предпринимательской деятельности в сфере здравоохранения. — М.: Книжный мир,
- Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс. — Алматы: ЮРИСТ,