Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Көші-қон үрдісін реттейтін заңдардың қалыптасуы

Қазақстанның тəуелсіздігін жариялағанына тарихи өлшем мен онша көп уақыт өте қоймаса да жаңа мемлекеттің конституциялық дамуының кейбір қорытындыларын шығаруға айтарлықтай негіз бар. Бұл мемлекеттік маңызды болғандықтан, мемлекеттану ғылымы үшін де мемлекет құрылыс тəжірибесі үшін барлық уақытта маңызды мəселе.

1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы осы кезеңнің де конституциялық сипаттағы маңызды актісі болып табылады. Бұл Қазақстанның жаңа заңдарын қалыптастыруға ұйтқы болды. Аталған Декларация мемлекеттің басқару жүйесіне айтарлықтай өзгеріс əкелді. Ол жəй көздеушілік Декларация емес еді, оның нормативтік-құқықтық сипаты болды [1].

Декларацияда Қазақ КСР-ның басқа республикалармен бірге КСРО-ға ерікті түрде бірігетін жəне олармен шарт негізінде қарым-қатынас құратын егеменді мемлекет болып табылатындығы бірінші рет жарияланды. Сондай-ақ бұрын болмаған егемен құқық пайда болды. Республиканың егемендігін жəне Конституциясын бұзатын заңдарды жəне Одақтың жоғары органдарының басқа да актілерінің қолданылуын өз аумағында тоқтату құқы орнықтырылды.

Конституциялық заңдардың орнықтырылуының екінші кезеңі 1991 ж. 16 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тəуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен басталады.

«Мемлекеттік тəуелсіздік туралы» Конституциялық заңда, Жоғары Кеңес Қазақстан халқының еркін білдіре отырып, Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында баянды етілген халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған өзге де нормаларын басшылыққа ала отырып, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын мойындайтынын, қазақ ұлтының өзін-өзі билеу құқығын бекіте отырып, Қазақстан Республикасының тəуелсіздігі жариялайтындығы айтылды. Осы Конституциялық заңда тəуелсіздік алғаш рет жарияланды. Мұнда тəуелсіз мемлекетке тəн элементтер:

  • біртұтас;
  • азаматтық;
  • аумақтық дербестік;
  • мемлекет органдарының дербес жүйесі;
  • тəуелсіз мемлекет мəртебесіне сəйкес дербес экономикалық жүйе;
  • жеке Қарулы Күштер пайда болды.

Сөйтіп, Қазақстан əлемдік қауымдастыққа жеке дербес мемлекет ретінде енді. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тəуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы Республикадағы көші-қон процесі туралы маңызды баптар енгізді. Атап айтсақ, Заңның 7-бабында: «Қазақстан Республикасы көші-қон процестерін реттеп отырады. Қазақстан Республикасы жаппай қуғын-сүргін, күштеп ұжымдастыру кезеңдерінде, адамгершілікке жат өзге де саяси шаралар нəтижесінде республика тер- риториясынан кетуге мəжбүр болған адамдар мен олардың ұрпақтарының, сондай-ақ бұрыңғы одақтас республикалар территориясында тұратын қазақтардың өз территориясына қайтып оралуы үшін жағдай жасайды», — деп айқын көрсетті. Сондай-ақ қазақ ұлтының жəне Қазақстанда тұратын басқа ұлттар өкілдерінің мəдениетін, дəстүр-салттарын, тілін қайта түлетіп, дамыту, ұлттық қадір- қасиетін нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі екендігін жариялады.

Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерлерде тұратын қазақтардың ұлттық-мəдени, рухани жəне тілдік қажеттілігін қанағаттандыруға қамқорлық жасайды, олар азаматы болып отырған мемле- кеттермен жасалған шарттар негізінде бұл азаматтардың мүдделерін қорғайтындығын атап көрсетті.

Осыған сəйкес Қазақстанда барша құқықтық актілер қайта құрыла бастады. Себебі егеменді, тəуелсіз ел болғаннан кейін оның азаматтарының мəселелерін өздері дербес шешудің күрделі жолы тұр еді.

Ең алғашқы Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы қарашаның 18-дегі «Басқа респуб- ликалардан жəне шет елдерден, селолық жерлерден жұмыс істеуге тілек білдіруші байырғы ұлт адамдарының Қазақ КСР-інде қоныстандыру тəртібі мен шарттары туралы» Қаулысы сыртқы көші- қон саласындағы алғашқы құқықтық актісі еді. Мұнда басқа республикалардан жəне шет елдерден ауылдық жерлерге жұмыс істеуге тілек білдіруші байырғы ұлт өкілдерінің Қазақ КСР-де қоныстандыру тəртібі мен шарттары қарастырылған еді.

Демек басқа республикалардан жəне шет елдерден республиканың селолық жеріне жұмыс істеуге тілек білдіруші байырғы ұлт адамдарын қоныстандыру, оның ішінде оларды тасымалдауды, келген жерлеріне қабылдау мен орналастыруды ұйымдастыру мəселесі қарастырылған. Сонымен қатар бұл мəселе жөніндегі үйлестіру жұмыстары Қазақ КСР Еңбек министрлігіне тапсырылды [2].

Еңбек министрлігі мен Сыртқы істер министрлігіне басқа республикалар мен шет елдерден селолық жерлерге жұмыс істеуге тілек білдіруші байырғы ұлт адамдарын Қазақстанға қоныстандыру мəселелері жөніндегі құжаттарды əзірлеп, шет елдердің тиісті органдарымен келіссөздер жүргізіп жəне соның қорытындысы бойынша қоныстанудың тəртібі мен шарттары туралы келісім-шарттар жасау көрсетілді.

Совхоздар мен колхоздарда, агроөнеркəсіп кешенінің басқа да кəсіпорындары мен ұйымдары республикадан жəне шет елдерден келген байырғы ұлт адамдарына «Қазақ КСР-де ауылды, селоны жəне агроөнеркəсіп кешенін басым дамыту туралы» Қазақ КСР Заңында көзделген жеңілдіктер қолданылды. Көшіп келген жерлердегі мемлекеттік органдар берген арнайы үлгідегі қоңыстану билеті мемлекет белгілеген жеңілдіктерді алу құқығын растайтын бірден бір құжат болып табылды.

Бұл қаулы көшіп келушілердің конституциялық жəне басқа да əлеуметтік-экономикалық құқықтарына баса назар аударды. Сол кездің өзінде-ақ басқа республикалар мен шет елдерден қоңыс аударушылардың көшіп-қонуына байланысты шығындарды Үкімет өз мойына алды. Қаулы көшіп келушілерді құқықтық реттеуге байланысты өте тиімді жұмыстарды үйлестірді. Оларға:

Біріншіден, қоныстанушылар мен олардың отбасы мүшелерін тұрған жерінен қоныстанатын жеріне дейін темір жолмен жəне қара жолмен жалпы пайдаланудағы автомобиль, əуе көлігімен келуі жай алыстағы тарифтер бойынша жүзеге асырылды.

Екіншіден, қоныс аударушылардың жылжымалы жəне жылжымайтын мүліктерінің мəселелерін басқа республиканың жəне шет елдердің тиісті органдарымен бірлесе отырып шешу Еңбек министрлігі мен Сыртқы істер министрлігіне жүктелді.

Үшіншіден, Білім министрлігі жəне Ауыл шаруашылығы жəне азық түлік министрлігі Қазақстанға көшіп келген отбасылардағы студенттердің республикадағы тиісті бейіндегі жоғары, арнаулы орта жəне кəсіптік-техникалық оқу орындары мен жалпы білім беретін мектептерге қабылдауын, сондай-ақ олардың балаларын мектеп жасына дейінгі мекемелерден орын берілуін қамтамасыз ету туралы бап бекітті.

Төртіншіден, басқа республикалар мен шет елдерден қоныс аударатын отбасылардың санын анықтап жəне осы мақсатта қажетті материалдық, қаржы қорын ұйымдастыру тапсырылды.

Бесіншіден, Ішкі істер министрлігі шет елдерден келген қоныс аударушыларды қабылдайтын жерлерде қоғамдық тəртіпті, олардың жеке басы мен мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың уақытша тіркелуі мен мекендеуі жəне жүріп-тұруына арналған құжаттар беруін ұйымдастырылу жүктелді.

Алтыншыдан, Əлеуметтік қамсыздандыру министрлігі мен оның жергілікті органдары жəне басқа да жергілікті басшылар уақытша немесе тұрақты тұруға келген адамдарды əлеуметтік қамтамасыз ету мен зейнетақы жəне жəрдемақы тағайындау мəселесін Қазақстан заңдарына, сондай- ақ халықаралық келісімдерге сəйкес шешілетіндігі көрсетілген.

Сонымен қатар бұл қаулының негізгі мақсаты — көшіп келген отандастарымызға көмек көрсету жөніндегі шараларды əзірлеп, оларды жинақы қоныстандыру, мамандығы бойынша жұмысқа орналастыру, қазіргі қазақ алфавитке үйрету жəне олардың білімі, жұмысқа орналасуы, кəсіптік даярлығы, тағы басқалары туралы құжаттары бірдей деп тануы көзделген.

Жетіншіден, шет елден көшіп келушілерді, олардың отбасын уақытылы медициналық жəне емдеу-профилактикалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету белгіленді.

Сегізіншіден, Еңбек министрлігі байырғы ұлт адамдарының шет елдерден жəне басқа республикалардан Қазақстанға қоныс аударуы туралы толық, дұрыс жəне жедел хабарлама беруін, сондай-ақ келген жерінде қабылдауды ұйымдастыруға жəрдемдесу жөніндегі үйлестіру кеңестерін құру халық депутаттары жергілікті кеңестері атқару комитетіне жүктелді.

Тоғызыншыдан, шет елдерден көшіп-келушілердің құқылары мен мүдделерін қорғау жөнінде еңбек келісімі бойынша келген адамдарға қатысты халықаралық шарттардың сақталуы жөніндегі қажетті шараларды жүзеге асыру Сыртқы істер министрлігіне жүктелген. Өзінің тарихи отанына, оның ішінде қалалық жерлерге қайтып оралуды тілейтін байырғы ұлт адамдарын ұйымдасқан түрде қабылдау жөніндегі кешенді бағдарлама əзірлеу Қазақстан КСР Еңбек министрлігі мен Экономика министрлігіне тапсырылды.

Осы қаулыдан соң алыстағы ағайындармен байланысуға кең жол ашылып, Қазақстанда көші-қон үрдісі жүзеге аса бастады. Тек 1991–1992 жылдары елімізге 10 мыңнан аса қазақ отбасы келіп, 60 мың адам туған жерімен қауышты [3].

Сол кездегі басқа республикалар мен шет елдерден отандастарды еңбек шартымен əкелуден басқа оңай жолы жоқ еді. Өйткені сол уақытта елімізде көші-қон үрдісін құқықтық реттейтін құқықтық актілер қабылданбаған еді.

1992 жылы 26 маусымда «Көшіп келу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Заң қабылданған соң іле-шала, 1992 жылы тамыз айында, Алматыда Дүние жүзі қазақтарының алғашқы құрылтайы өткізілді. Осы жиыннан кейін шет елде отандастарымыздың елге қайтуға деген ниеті бұрыңғыдан күшейе түсті. 1992 жылы 15 желтоқсанда Министрлер Кабинетінің «Көшіп келу туралы» № 1055 қаулысы шықты, 1992 жылы 1 қарашадан бастап Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігі жанынан Халықтың көші-қон департаменті құрылды.

Қазақстан Республикасы Жер қатынастары жəне жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетіне, Еңбек министрілігіне бір ай ішінде босқындар мен көшіп-келушілердің қоныстарын жəне топтасқан шаруашылықты ұйымдастыру үшін көші-қон жер қорын құру тəртібі туралы ұсыныс енгізілді. Осы қаулымен бірге мемлекеттің көші-қон қоры туралы 7 тармақтан тұратын Ереже «Көшіп келу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау жөніндегі кешенді шаралар бағдарламасын бекітті.

1992 жылғы «Көшіп келу туралы» заңы еліміздің көші-қон саясатындағы заңдылықтың дамуына өз үлесін қосты. Мұнда азаматтардың Конституцияда бекітілген еркін жүріп тұру құқығына байланысты, көшіп қону құқығын айқындады.

Заңның 1-бабында: «Қазақстан Республикасының азаматтары республика ішінде тұрғылықты жерін ауыстыруға, басқа елге қоныс аударуға жəне қайтып оралуға құқылы. Шетелде тұратын отандастар өздерінің ата қонысы Қазақстан Республикасына еркін орала алады» деп анық көрсетті. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы өзінің сыртқы көші-қон саясатын халықаралық құқықтың көпшілік мойындаған үрдістерін негізге ала отырып, мемлекет пен халық мүддесіне сəйкес қалыптастырды. Республикадан кету жəне Қазақстан Республикасына келу, сондай-ақ оның жері арқылы аялдама жасап өту арнаулы заңдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің актілерімен реттеліп отырды.

Бұл заңның негізгі мақсаты республикада қоныс аударуды реттеу мен ұйымдастырушылық- нысаналық тұрғыдан қамтамасыз етудің, босқындар үшін, өздерінің атақонысына оралып жатқан адамдар мен отбасылар үшін жаңа жерде өмір сүруге қажетті жағдайлар жасаудың ең алғашқы құқықтық негізін құру болды.

«Көшіп келу туралы» Қазақстан Рсепубликасының Заңының саяси-құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақ КСР-ң Мемлекеттік егеменді туралы Декларациясы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тəуелсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы болып табылады. «Көшіп келу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы төмендегідей жаңа құқықтық ерекшеліктерімен айқындалды.

Біріншіден, онда алғаш рет көшіп келу квотасы белгіленді. Қазақстан Республикасының Президенті Министрлер Кабинетінің ұсынысы бойынша əрбір есепті жылға көшіп келу мөлшерін белгілейтіндігі, онда көшіп келушілердің қай елдерден келетіні көрсетіліп, олардың шекті саны мен түрлері, материалдық қаржы ресурстары анықталатын болған. Сондай-ақ олар қоныс тебуге тиіс аймақтар оларды жұмысқа орналастыруға тиіс шаруашылықтың, мекемелердің жəне кəсіпорындардың түрлері айқындалып отырды.

Президент квотасы бойынша босқындар мен қуғын-сүргінге ұшырап, күштеп ұйымдастыру кезеңдерінде, адамгершілікке жатпайтын саяси əрекеттер, жаппай ашаршылық салдарынан республикадан кетуге мəжбүр болып, енді өз елдеріне оралып жатқан оралмандар (репарианттар) үшін сараланған жəрдем ақылар мен жеңілдіктер берілді.

Екіншіден, «Көшіп келу туралы» Заңда алғаш рет көші-қон субъектілерін белгілеп, көшіп келушілерге бірқатар құқықтық міндеттер жүктеді. Атап айтсақ: көшіп келушілер Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қастерлеуге, мемлекеттік тілді қазақ халқының жəне Республикада тұратын басқа да халықтардың мəдени дəстүрлерін құрметтеуге міндеттілігі көрсетілді. Қоныс аударушылар барлық құқықтар мен бостандықтарды Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей пайдаланып, міндеттерді атқаратындығы белгіленді.

Үшіншіден, Қазақстан Республикасы сыртқы көші-қон саясаты мен «Көшіп келу туралы» Заңды жүзеге асыру үшін шетелдердегі қазақ диаспорасымен тұрақты байланыс жасау үшін көшіп келу ведомствосы құрылды. Бұл ведомство көшіп келу саясатын негізге ала отырып, басқа мемлекеттердің үкіметтік органдарымен, ведомстволарымен, кəсіпорындарымен, мекемелермен, ұйымдармен, қазақ отбасының жəне қазақтардың, сондай-ақ ұлтына қарамастан, кезінде Республика аумағынан кетуге мəжбүр болған адамдардың Қазақстан Республикасына ерікті түрде қоныс аудару мəселесі жөнінде көптеген шаруалар атқарды.

Ерекше назар аударар жағдай, бұл заңда ұлттық диаспораға, оның атамекенге ерікті түрде қоныс аударуы, ортаға бейімделуі, жұмысқа орналасуы жəне ол үшін жаңа жерде жеңілдікті, тиісінше материалдық-тұрмыстық өмір сүру жағдайын жасау, қамқорлық көрсету, Үкіметке оның көшіп келу ведомствосына жəне жергілікті əкімшілік органдарына жүктелді.

Төртіншіден, қоныс аударушыларға көмек көрсетіп, оларды қолдау мақсатында мемлекеттік көшіп келу қоры құрылды. Бұл қор:

а) республикалық жəне жергілікті бюджеттерден бөлінетін ақшалай қаражаттардан, жерлестіктер мен мəдени орталықтар қаражаттарын, кəсіпорындар мен бірлестіктерден ерікті түрде босатқан ақшасынан шетелдік жəне отандық қайырымдылықтардан;

ə) республика жер қорынан;

б) мемлекет орталықтандырған тəртіппен жəне жергілікті органдар бөлетін тұрғын жайлардан;

в) азаматтарды Қазақстанға қоныс аударған мемлекет бөлетін тауарлар мен ақшалай қаражаттардан тұрады.

Бесіншіден, көшіп келудің түрлері мен тəртібі айқындалды. Мұнда алғаш рет саяси босқындар мəртебесі, саяси баспана беру тəртібі, ұжымдасып көшіп келу, отбасымен көшіп келу, еңбек етуге байланысты көшіп келуді реттеу мəселелері жалпылай қамтылды деуге болады.

1992 жылы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің № 791 «Шет елдегі қазақ диаспораларының өкілдеріне Қазақстан Республикасына келгенде берілетін əлеуметтік- экономикалық жеңілдіктермен қамтамасыз ету туралы» Қаулысы да көші-қон заңдылығына елеулі көмегін тигізді. Қаулы негізінен шет елдердегі қазақ диаспораларының Қазақстан территориясына келген кездегі жол қаражаты, қонақ үйдің толық төлемі мен республика ішінде темір жол транспорттарымен жəне əуе жолының самолеттерінің билеттерімен қамтамасыз ету қарастырылған [4].

Ұлты қазақ азаматтарға, басқа мемлекеттік азаматы болса да, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей деңгейде арнайы-техникалық кəсіби оқуға, арнайы орта жəне жоғары оқу орындарына, аспирантураға, тəжірибелік зерттеуге, мемлекет есебінен материалдық жағдайын, стипендиямен қамтамасыз етуді алғаш рет бекітті. Сондай-ақ Мемлекеттік мүлік жөніндегі комитет пен облыс басшыларына, Алматы қалалық əкімшілігіне басқа елдерде тұратын ұлты қазақ азаматтардың жер иеленуге, тұрғын жəне мекемелік кеңсе үйлерін, тұрғын үй-құрылыс кооперациясын, өндірістік құрылыстар салуға жер бөлуде жеңілдіктер көрсетіп, асхана, дүкендер жəне де күнделікті қажетті даяшылық істеуге арналған орындарды жалға алуға, жергілікті кəсіпорындарды ашуға, мемлекеттік мүліктің барлық түрлеріндегі жекешелендіру үшін аукциондарға қатыстыруды ұсынған. Мұның өзі 1992 жылғы 26 маусымда күшіне енген «Көшіп келу туралы» Заңның нақты күшіне еніп жұмыс істеуіне, оның жан-жақты дамуына əсер етті.

1994 жылы 2 тамызда Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің «Көші-қон жер қорын құру тəртібін бекіту туралы» № 868 қаулысы шықты.

Бұл қаулы «Көшіп келу туралы» Заңның құрамдас бөлігі болып табылады. Себебі Республикадағы көші-қон заңдылығын жетілдірудің, одан қиындықсыз шығудың, дұрыс жəне жан- жақты реттеу үрдісі жүріп жатты.

Көші-қон жер қорын құрудың негізі Қазақстан Республикасының жыл сайынғы бекітетін облыстар бойынша көшіп келу квотасы, сондай-ақ заңға байланысты босқын-көшіп келушілерді орналастыру жөніндегі облыс əкімдерінің шешімдері бойынша жүзеге асырылды. Мұның мақсаты көшіп келушілерді, оралмандарды жинақы орналастыруды жəне өмір сүруі мен тұруы үшін қолайлы жағдай жасауды ескере отырып, қоныстандыру мен топтасқан шаруашылықтарын ұйымдастыруға арналған тиісті аумақты анықтау болып табылады. «Көші-қон жер қорын құру туралы» Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің қаулысында (3-б.): «Көші-қон жер қоры ауданның, елді мекендердің қосалқы, сондай-ақ кеңшарлардың ұжымшарлардың, басқа жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың арнаулы жер қорының жерлері есебінен құрылады», — деп айқын көрсетілді.

Осы қаулыға сəйкес көптеген оралмандар өз елінде жер иеленіп, шаруашылық ұжымшарлар құрып, өзінің əлеуметтік-экономикалық мəселесін шеше бастады.

Көші-қон заңдылығының қалыптасуының келесі кезеңі 1995 жылғы жаңа Конституция қабылданған кезден басталады. Бұл кезең бұдан əрі жалғасуда Конституция күшіне енген кезеңге дейін қолданылып келген Қазақстан Республикасы заңдарының Конституцияға қайшы келмейтін бөліктерінің одан əрі қолданылатыны туралы айтылды. Оларды конституциялық нормаларға сəйкес келтіру — заң шығарушы органдарының міндеті.

Жаңа Конституция қабылданғаннан кейін іле-шала Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Шет елдерде тұратын отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы (1996 ж., 31 желтоқсан), Көші-қон саясатының 2000 жылға дейінгі негізгі бағыттары (1999 ж., 19 наурыз) көші-қон саясатының орта мерзімдік кезеңіне арналған негізі құжаттар қабылданды.

Шет елдерде тұратын отандастарды қолдау бағдарламасында шет елдердегі отандастармен жұмысты жан-жақты жетілдіру, оны тек ұдайы жəне мақсаты мемлекеттік қолдау жағдайында жүзеге асыру керектігі белгіленді.

Бағдарлама кешенді іс-шараларды қамтитын негізгі алты бөлімнен тұрады. Оларды ғылыми қамтамасыз ету; нормативтік-құқықтық негіз; білім беру; мəдениет, туризм жəне спорт; кітап шығару жəне бұқаралық ақпарат құралдары; ұйымдастыру шаралары.

Бағдарламалық шаралардың тізбегі мен орындау мерзімі жəне орындаушылары нақты көрсетілді. Заман ағымына қарай елімізде жаңа көші-қон заңын қарастыру күн тəртібіне қойылды. Себебі өткен 6–7 жылдың өзінде қордаланып қалған көші-қон проблемасы толыққанды шешімін тапқан жоқ еді. Атап айтсақ, оралмандардың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі, саяси құқылары мен бостандықтары, азаматтығы, жұмысқа орналасуы, əлеуметтік жəне зейнетақы алу мəселелері күрделілігімен ерекшеленді. Сондай-ақ Республикадағы эмиграциялық (көшіп кету) тəртіпті рəсімдеу ең күрделі мəселелердің бірі болды. 1997 жылы 13 желтоқсанда Республикадағы қазіргі қалыптасып отырған демографиялық ахуал мен сыртқы жəне ішкі көші-қон үрдісіндегі орын алып отырған келеңсіз жағдайларға байланысты ҚР Парламенті жаңадан «Көші-қон» Заңын қабылдады [5].

1992 жылғы «Көшіп келу» ҚР Заңы жалпы көші-қоннан туындайтын мəселелерді толық қамти алмағандықтан, жаңа заңның туындауына себепші болды.

«Халықтың көші-қоны туралы» Заң Парламентте ең алғаш рет қазақ тілінде дамытылып, үкімет ұсынған балама заң жобасын артта қалдырып, заңды күшіне ие болды.

Отандық парламентаризм тарихында алғаш рет мəжіліс депутаты Əкім Ысқақ заң шығару бастамалығымен дайындалған бұл заң қарапайым бұқара халықтың көші-қоны тауқыметіндегі маңызды мəселелердің нақтылы түйіндерін дөп басып елдіктің, тəуелсіздік пен демократиянық айқын бейнесін аша білуі, көптеген ғылымдардың, мемлекеттік лауазымды адамдардың, халықтың ойлаған ойларынан шықты.

«Халықтың көші қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы төмендегідей артықшылықтарымен ерекшеленеді.

Біріншіден, көші-қон субъектілерінің конституциялық-құқылық мəртебесін жеке-жеке ашып көрсеткен.

Екіншіден, тарихи Отанына оралғысы келетін оралмандардың (репатрианттардың) құқықтық мəртебесін толық саралап көрсеткен.

Үшіншіден, Республикадағы бүгінгі қалыптасып отырған сыртқы жəне ішкі көші-қон үрдістерін ұлттық біртұтастық, мемлекеттік стратегиялық саясатпен ұштастыру, еңбек күшін бүгінгі заман талабына сай ұтымды пайдалануда уəкілетті органның маңыздылығын айқындаған.

Төртіншіден, көші-қон үрдісінің əлеуметтік-экономикалық жүйелілігін қамсыздандыру кепілі, миграцияны тиімді үйлестіру механизмі, мемлекеттік қор құру туралы негізгі көкейтесті мəселелер қамтыған.

1992 жылғы «Көшіп келу туралы» Заңының 13-бабында Мемлекеттік көшіп келу қорын құру туралы бекіткен. Мұнда босқындар мен қоныс аударушыларға көмек көрсетіп, оларды қолдау мақсатында көші-қон қоры құрылатындығын баяндаған. Көші-қон қоры -республикалық жəне жергілікті бюджеттен бөлінетін ақшалай қаражаттардан, жерлестіктер мен мəдени орталықтардың қаражаттарынан, кəсіпкерлер ұйымдары мен бірлестіктері мен ерікті түрде босатқан ақшасынан, шетелдік жəне отандық ұйымдар мен жеке адамдардың қайырымдылығынан;

  • Республикалық жер қорынан;
  • Мемлекет орталықтандырған тəртіппен жəне жергілікті органдар бөлетін, сондай-ақ жергілікті əкімшіліктің республикадан кетіп жатқан адамдардан келісу шартымен сатып алатын тұрғын жайлардан құралатындығы көрсетілген.

Жаңа заң қабылданар кезде мемлекеттік қордың маңыздылығы мен қажеттілігін айқындайтын деректер мен ұсыныстар республиканың парламент назарына ұсынылды.

«Халықтың «көші-қоны туралы» Заңының 13-бабында көші-қон шараларын қаржымен қамтамасыз ету төмендегідей деңгейде көрсетілген: көшіп келушілерге атаулы көмек пен қолдау көрсету республиканың жер жəне мемлекеттік тұрғын үй қорларымен республикалық жəне жергілікті бюджеттер қаражаттарынан, соның ішінде шетелдік ұйымдардың ерікті аударылуларынан жəне жеке адамдардың қайырымдылығынан құралатын мемлекеттік көші-қон қоры есебінен жүзеге асырылады деп анықталды.

Бұл заң көші-қон саласының құқықтық, экономикалық жəне əлеуметтік жағын бірқалыпқа келтіріп, көптеген мəселелерді өз халқының мүддесін қамтуға тырысқан. Əсіресе босқындар мен репатрианттардың ара жігін ашып, оларды жеке-жеке анықтауы бұлардың құқықтық мəртебесін белгілеуге негіз салды.

Сондай-ақ көші-қон субъектілері 1992 жылғы «Көшіп келу» Заңында ара-жігі ашылмай бір- бірімен шатасып жатса, жаңа «Халықтың көші-қоны туралы» Заңында субъект иелері ат-атымен дəл анықталған.

Халықтың көші-қон процестерін басқару жөніндегі уəкілетті орган құрылып, оның болашақта көші-қон үрдісін дамытуда, көшіп келген отандастырымызға түрлі жағдай тудыратын бірден-бір мемлекеттік орган қалыптаса бастады.

Бұл Заң көші-қон мəселесіне қатысты субъектілердің құқылары мен міндеттерін анықтап, олардың құқын қорғауды қамтамасыз етіп, мемлекетіміздегі заңсыз көшіп-қонудың алдын алып, оларды бірқалыпты реттеуге септігін тигізді. Сайып келгенде бұл заң елдегі экономикалық жəне демографиялық жағдайдан туындап отырған қиыншылықтарды ескере отырып, қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтық келісімді қамтамасыз ететін, мемлекет мүддесіне сай келетін маңызды құжат деп білуіміз қажет.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы: Оқулық. — Алматы: Нұр-пресс, — 560 б.
  2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тəуелсіздігі туралы» 16 желтоқсандағы 1991 жылғы ҚР Конституциялық Заңы // ҚР Жоғарғы Кеңесінің жаршысы. — 1991. — №
  3. Ысқақ Ə. Көш-керуен: Көші-қон жинағы. — Астана, 2000. — 114 б.
  4. Көші-қон үдерісінің отандық экономикаға əсер етуінің кейбір мəселелері. — № 2 (23). — Алматы: Статистика, учет и аудит, 2006. — 21-б.
  5. ҚР «Халықтың көші-қоны туралы» 1997 жылдың 13 желтоқсандағы Заңы. http://www.prg.kz/jurist_2010

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.