Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Көлік құқығы кешенді құқық саласы ретінде

Көлік ел экономикасының маңызды құрамдас бөлігі ретінде мемлекетіміздің негізгі стратегиялық объектілерінің бірі болып табылады. Əсіресе кең, байтақ жері бар жəне Еуразияның орталығы ретінде геосаяси мəнге ие Қазақстан Республикасы үшін өте жоғары роль атқарады. Шаруашылықтың инфрақұрылымдық саласы ретінде көлік жүктер мен жолаушыларды тасымалдап жеткізуді қамтамасыз ете отырып, экономика салаларының біртұтастығын қамтамасыз етеді.

Соңғы кезде нарықтық қатынастарды дамытуға жəне көлік жүйесінде бəсекелестікті дамытуға бағытталған экономиканы жандандыру нəтижесінде одан əрі ілгерілеуге нақты алғы шарттар жасалды. Соңғы онжылдықта Қазақстанда нарықтық талаптарға бейімделген көліктік қызмет көрсету нарығы қалыптасты. Алайда еліміздің көлік жүйесінің қуатты əлеуеті, соның ішінде Қазақстанның аумағы арқылы өтетін халықаралық мүмкіндігі əзірше жеткілікті тиімді пайдаланылмайды. Осы аталған мəселелерді шешу мақсатында ҚР мемлекеттік көлік саясатының тұжырымдамасында аталған негізгі басымдықтардың бірі Қазақстан көлік кешенін халықаралық көлік жүйесіне кіргізу жəне елдің транзиттік əлеуетін дамыту болып табылады [1].

Қазіргі уақытта Қазақстанда демократиялық мемлекеттің құқықтық негізін құру үрдісі жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтық қатынастарды реттеуші заңның жоғары тұруы қоғамдық өмірдің барлық қырларын, соның ішінде көліктік қатынастарды да реттейтін заңнамаларда көрініс табуы тиіс. Мəселен, көлік саласында алуан түрлі, айрықша, əлі де зерттелмеген қатынастар туындайды. Мұндай қатынастарды құқықтық реттеу өзекті мəселе болып табылады. Тəуелсіздігімізді алғалы бері нормативтік-құқықтық актілер жаңадан қабылданып, заңды күшіне енгізіліп жатыр. Соған сəйкес көлік кешенінің нормативтік-құқықтық негізі нарықтық экономикаға сəйкес құрылып жатыр. Сондықтан бұл үрдіс аяқтала қойған жоқ, əлі де жетілдірілу үстінде деп айтуымыз керек. Бірақ, өкінішке орай, осы күнге дейін көлік құқығы теориясының көптеген өзекті мəселелі сұрақтары ғылыми негізделмеген жəне ғалымдардың көзқарастары қарама-қайшы күйінде қалып отыр. Солардың ішіндегі ең басты мəселелер көлік құқығының ұғымы, оның табиғаты жəне құқық жүйесіндегі орны туралы.

Еліміздің экономикасында көлікпен байланысты қатынастар маңызды мəнге ие. Көліктік құқық қатынастарына деген қызығушылықтың күн өткен сайын артуы келесі себептермен түсіндіріледі.

Біріншіден, нарықтық қатынастарды дамыту жəне ұлттық құқық жүйесінің қалыптасуы жағдайында бұрын жеткілікті зерттелмеген құқық салаларын, олардың ҚР құқық жүйесінде алатын орны мен рөлін анықтау маңыздылығы арта түседі. Солардың бірі — көлік құқығы. Тəжірибеде көлік құқығының нормалары кеңінен қолданылғанымен, оларға теориялық тұрғыда зерттеулер жүргізілмеген, жеткілікті түсініктер берілмеген.

Екіншіден, қазіргі уақытта мемлекеттік стратегиялық маңызды объект ретінде, экономиканың құрамдас бөлігі ретінде көлік жүйесінің маңызы артып отыр.

«Жаhандану жағдайында Қазақстанның кең байтақ аумағын ескере отырып, экономиканың жəне мемлекеттiң бəсекеге қабiлеттiлiгi көбiне көлiк-коммуникация кешенiнiң тиiмдi қызметiне байланысты болады. Мемлекеттiк көлiк жəне транзиттiк саясатқа сəйкес келетiн жоғары технологиялы көлiк инфрақұрылымы отандық тауарлардың, қызмет көрсетулердiң жəне тұтас экономиканың бəсекеге қабiлеттiлiгiнiң кепiлдiгi болып табылады. Стратегия дамуы мен тиiмдi жұмыс iстеуi елеулi дəрежеде мемлекеттiң саясатына байланысты болатын көлiктiң темiр жол, автомобиль, қалалық жолаушылар, əуе жəне су көлiгi түрлерiн қамтиды. Қазiргi жағдайда көлiк Қазақстан экономикасында маңызды рөл атқарады.

Республиканың қалалары мен елдi мекендерiн өзара байланыстыра отырып, көлiк мемлекеттiң аумақтық жəне əкiмшiлiк тұтастығын қамтамасыз етуде, оның қорғаныс қабiлеттiлiгi мен қауiпсiздiгiнде негiзгi рөл атқарады» [2].

Үшіншіден, Қазақстан көліктік жүйесінің көліктік инфрақұрылымның даму деңгейін, отандық тасымалдаушылардың ішкі жəне сыртқы көліктік қызмет көрсету нарығында бəсекеге қабілетін, транзиттік əлеуеттің тиімділігін жоғарылату жолымен əлемдік көліктік жүйеге интеграциялануы ұлттық көліктік заңнаманың халықаралық заңнамамен үйлесімділігін қамтамасыз етуді мемлекет алдына міндет етіп қояды.

Төртіншіден, көлік саласының маңыздылығына жəне оның өзекті мəселелерінің болуына қарамастан, Қазақстанда көлік құқығын құқық саласы ретінде жеке зерттеуге арналған монографиялық еңбектер, оқу құралдары жоқ. Қазақстанда аталған құқық саласында жазылған еңбектердің болмауы, көліктік шарттар жүйесіне жүргізілген ғылыми зерттеулердің мардымсыздығы оның негізгі институттарының мəнісін теориялық тұрғыда талдауды қажет етеді.

Алдымен көлік құқығының пəнін анықтау үшін осы құқықпен реттелетін қатынастарды анықтау қажет. Көліктік қатынастар деп көліктік қызметке қатысушылардың арасында туындайтын жəне қалыптасатын қоғамдық қатынастарды түсінеміз. Көліктік қатынастар — ең көп таралған, жиі пайда болатын қоғамдық қатынастар.

Көліктік қызмет — бұл коммерциялық мақсатта көлік құралдарымен жүктерді, жолаушыларды, қол жүктерін, поштаны тасымалдау бойынша қызмет көрсету, қатынас жолдарын пайдалану, техникалық қызмет көрсету, көлік құралдарын пайдалана отырып өзге де қызметтерді орындау пəні болып табылатын қызмет.

Көлік құқығы нормаларымен реттелетін көліктік қызметке келесі ұқсас қызмет түрлері кірмейді: көліктік емес ұйымдардың оқшауланған аумағында көлік құралдарын шаруашылық жүргізу үшін пайдалану, мəселен, кəсіпорын ішінде, қоймаларда көліктік қызмет; ғимараттарда лифтлермен жүктерді жəне жолаушыларды көтеру қызметі; сондай-ақ космостық аппараттардың ұшуы; ойын- сауық орталықтарында қозғалыс құрамын пайдалану жолымен аттракциондар; жалпы қолданыстағы қатынас жолдарынан оқшауланған аумақтардағы спорттық жəне ойын-сауық қызметі (автожарыс, қайықпен жарысу); автомобиль көлігімен кəсіпорын аумағында (мысалы, қазба жұмыстарында) тасымалдау қызметі жəне т.б.

Көлік саласында туындайтын қатынастар өзіндік ерекшелікке ие.

Біріншіден, көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, техникалық реттеу, салық салу, несие беру, қаржыландыру жəне баға белгiлеу, инвестициялық, бiртұтас əлеуметтiк жəне ғылыми-техникалық саясат жүргiзу, Қазақстан Республикасының заңдарын көлiк кəсiпорындарының орындауын бақылау жолымен жүзеге асырылады.

Жергілікті өкілді жəне атқарушы органдар көлік құқығын қалыптастыруға қатысады. Өйткені көлік табиғи монополия саласына жатады. Мəселен, қалалық жолаушылар таситын көлiктiң тұрақты сапар желісінде жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушылар жергiлiктi атқарушы органдармен немесе оларға осы сапар желісінде қызмет көрсетуге уəкiлеттiк берген органдармен шарт жасасуға тиiс.

Екіншіден, көліктік қызметтің сипаты бойынша оған қатысушылар: көліктік қызметті көрсетуші көлік ұйымы мен көліктік қызметті тұтынушы — азаматтар, ұйымдар арасындағы қатынастар азаматтық құқық саласында реттеледі. Тасымалдаушымен жүзеге асырылатын қызметтердің нəтижесінде мүлік, өнім пайда болмайды, қызмет көрсетуші міндетті əрекеттерді орындайды. ҚР АК- нің 115-бабына сəйкес, көліктік қызмет көрсету азаматтық құқықтың объектісі ретінде мүліктік игіліктерге жатады. Мəселен, жүкті тасымалдай отырып, жүкті қабылдап алушыға жеткізіп беру, яғни кеңістікте материалдық объектілерді бір жерден екінші жерге жеткізу бойынша қызмет көрсетіледі. Сөйтіп, тасымалдаушы мен оның қызметін тұтынушы тараптың арасында тасымалдау бойынша міндеттемелік қатынастар жəне олармен байланысты басқа да қоғамдық қатынастар туындайды.

Үшіншіден, көліктік қызметті орындау кезінде жүктерді, жолаушыларды тасымалдау көліктің əр түрімен жəне əр түрлі тасымалдаушылармен (аралас қатынас бойынша тасымалдау) жүзеге асырылғанда тасымалдаушылар арасында өзара əрекет етуді үйлестіру мəселелерін шешу қажет. Сондықтан заңнамаларда кешенді түрде көліктік қызметке қатысушылардың мүдделері ескеріліп, көліктік заңдар көліктің əр түрі бойынша ұйымдардың өзара əрекет ету ережелерін айқындайды.

Төртіншіден, көліктік қызмет көрсету аса қауіпті қайнар көздерді қолданумен байланысты (қозғалыс құрамы, жүкті тиеу-түсіру жұмыстары, жол салу құрылысын жүргізу, жоғары электр энергиясы қуатын пайдалану т.б.) болғандықтан, аса қауіпті қайнар көзді, яғни көлік құралын басқару арнайы білімді жəне дағдыны, денсаулық жағдайын қажет етеді, еңбек туралы заңнамаларда көлікті жүргізушілердің жұмыс күні мен демалыс уақытының ұзақтығын реттеуді талап етеді.

Бесіншіден, көлік құралдары тиісті техникалық жағдайда болып, əрбір көлік құралының иесі тіркелуі тиіс. Сондықтан заңнамаларда бекітілген көлік құралдарын есепке алу, тіркеу жəне техникалық жағдайын тексеру ережелері қолданысқа ие.

Алтыншыдан, көлік қоршаған ортаға лас заттарды тастайтын қайнар көздерге жатады. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау саласында қолданыстағы заңнамаларда көлікте экологиялық талаптарды қамтамасыз ету туралы нормалар бекітілген.

Жетіншіден, халықаралық тасымалдау шет мемлекеттердің аумағында жүзеге асырылатын болғандықтан, мұндай қызмет халықаралық құқық нормаларымен реттеледі.

Бұдан байқайтынымыз, көліктік қатынастар өміріміздің кез келген саласын қамтып, құқық салаларының барлық түрімен де реттеледі.

Заң əдебиетінде көлік құқығының құқық жүйесіндегі орны туралы əр түрлі пікірлер айтылады. Олар бір-біріне қарама-қайшы пікірлер: көлік құқығы — дербес құқық саласы; көлік құқығының жеке институттары (темір жол көлігі құқығы, теңіз көлігі құқығы, əуекөлігі құқығы) — дербес құқық саласы; кəсіпкерлік құқықтың құрамдас бөлігі; кешенді құқық саласы; азаматтық құқықтың институты; заңнаманың кешенді саласы; оқшауланған құрылым; құқық жүйесіндегі туынды көп қызмет атқаратын интеграцияланған кешенді салааралық нормативтік құрылым.

Мемлекет жəне құқық теориясының тұжырымды ережелеріне сүйене отырып, осы аталған пікірлерге жүргізілген талдаулар, біріншіден, жалпы көлік құқығын, оның жеке институттарын — əуе құқығын [3], теңіз құқығын [4], темір жол құқығын [5] дербес құқық саласы ретінде танитын көзқарастардың қателігін айқындауға мүмкіндік береді. Өйткені, біз білетіндей, құқықты салаларға бөлу критерийлері ретінде пəні мен құқықтық реттеу əдісі болады [6; 173]. Əрбір сала өзінің ерекше құқықтық реттеу əдісіне ие. Құқықтың қоғамдық қатынастарға əсер ету тəсілдерін ажырататын басты белгісі болып құқықтық қатынастарға қатысушылардың өзара жағдайының сипаты табылады. Əдістер құқықтық реттеу пəнімен тікелей анықталады: қоғамдық қатынастардың нақты түрлерінің мазмұны өзіндік заңдық əсер ету тəсілдерін айқындайды [7].

Көлік құқығы құқықтық табиғаты əр түрлі қоғамдық қатынастарды: мүліктік, мемлекеттік басқару, жер, еңбектік қатынастарды реттейді. Қоғамдық қатынастардың əрқайсысын құқықтық реттеу əдістері де бірдей емес. Мəселен, мемлекеттік басқару қатынастары билік ету жəне бағындыру, мəжбүрлеу жəне тыйым салу əдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бұл əдіс көлік құқығының пəніне кіретін əкімшілік, жер, салықтық, қаржылық қатынастарды реттеу үшін қолданылады. Көлік құқығының пəніне кіретін мүліктік қатынастар тараптардың құқықтарының теңдігі əдісін қолдану арқылы реттеледі.

Көлік құқығын азаматтық құқықтың институты ретінде тану да қате деп санаймыз. Өйткені ол азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеумен ғана шектелмейді. Көлік құқығының ерекшелігі оның əкімшілік құқықпен реттелетін билік ету-ұйымдастыру қатынастарын жəне азаматтық құқықпен реттелетін мүліктік қатынастарды да реттеуінде. Көлік құқығының азаматтық құқық нормаларына қатысы жоқ, көліктегі мемлекеттік басқаруды, мемлекеттік бақылауды, қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, теңіз көлігіндегі лоцмандық қызметті, əуе кемелерінің ұшуын ұйымдастыру, тағы басқа арнайы нормаларды құқықтық реттеуді назардан тыс қалдыруға болмайды. Көлік құқығының нормалары алуан түрлі болғандықтан, нақты бір құқық саласының шеңберінде сыйыспайды.

Осыған ұқсас В.С. Белых ұсынған көлік құқығын кəсіпкерлік құқықтың құрамдас бөлігі ретінде танитын пікір де негізсіз жəне дəлелденбеген [8]. Қазіргі уақытқа дейін кəсіпкерлік құқықтың құқық жүйесіндегі орны туралы сұрақ даулы мəселелі болып отыр. Заң ғылымында кəсіпкерлік құқықты екі жағынан түсіндіретін көзқарастар басымырақ: тар мағынада — азаматтық құқықтың бөлігі немесе кең мағынада — əр түрлі құқық салаларының нормаларын біріктіретін кешенді құрылым [9].

Көлік құқығын көліктік қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің жиынтығы болып табылатын көліктік заңнамаға ұқсатуға болмайды. Құқық жүйесі құқық нормаларының өзара байланысын білдіретін болса, заңнама жүйесі — заң шығарушының заңнамаларды белгілері бойынша жүйелендіру қызметінің нəтижесі. Өзімізге белгілі ережеге сүйенетін болсақ, заңнама — құқықтық норманың нысаны, ал нысаны мен мазмұны өзара қатысты болады. Заңнама мазмұны жағынан əр түрлі қоғамдық қатынастардың түрлерін реттеп, құқықтың бірнеше салаларының нормаларын бекітеді, себебі оның құқық саласындай ортақ пəні мен құқықтық реттеу əдісі болмайды. Бұл белгілі бір қызмет саласын реттейтін заңнаманың кешенділігін сипаттайды. Көліктік заңнама осындай қызмет түрін реттейтін кешенді сала болып табылады, оның құрамына темір жол көлігі заңнамалары, теңіз көлігі заңнамалары, автомобиль көлігі заңнамалары, əуе көлігі заңнамалары, ішкі су көлігі заңнамалары жəне т.б. кіреді. В.И.Гойман заңнама салаларының сан мөлшері құқық салаларының санынан асып түседі деген қорытындыға келеді [6; 179]. Сондықтан көлік құқығы əр түрлі қоғамдық қатынастарды реттейтін, бірнеше құқық салаларының нормаларын бекітетін заңнаманың кешенді саласы [10], кешенді салааралық нормативтік құрылым [11] түсіндіретін пікірлермен келіспейміз. Бұл жерде құқықты заңнамамен ұқсатудың өзі үлкен қателік, ғылыми дəлелденген ілімге қарама- қайшылық деп санаймыз.

Көлік құқығын оқшауланған құрылым деп танитын А.Н.Романовичтің пайымдауы бойынша, ол құқық жүйесіне кірмейді жəне оның нормалары құқықтық реттеу пəніне қарай салалық сипатын сақтап қалады, көлік құқығы тек қана ғылыми жəне оқыту пəні бола алады. Бұл құқық теориясындағы кешенді құқық саласын танымайтын ғылыми көзқарастан туындап отырған пікір.

Заң əдебиетінде көлік құқығы кешенді құқық саласы ретінде жиі қарастырылады [12; 13]. Кешенді құқық саласын құрудың мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы мəселе бүгінгі күні толығымен шешілмеген жəне құқықтанушылардың пікірталасына айналып отыр.

С.В.Поленина жаңа құқық салаларының пайда болуының екі негізгі себебін атап көрсеткен: біріншісі, əлеуметтік шындықтың бұрын құқықтық реттеу объектісі болмаған бөлігіне құқықтық реттеудің таралуы; екіншісі, бір немесе бірнеше құқық салаларынан жаңа сапалы қасиетті иеленген өзара байланысты нормалардың (құқықтық институттардың) жиынтығының бөлініп шығуы. Мұндай жалпы ереже түріндегі аралық нысанды кешенді салааралық «шекаралас» құқықтық институт деп атайды [14].

С.С.Алексеев құқық құрылымының негізгі (бастапқы) жəне кешенді (туынды) құқық салалары ұштаса отырып екіге бөлінуін атап көрсетіп, кешенді құқық саласы категориясын пайдалану құқық жүйесіне субъективтік фактордың əсер ету тетігін ашып көрсетуге, заңнаманы дамытуға мүмкіндік береді деп есептейді [15].

Кешенді құқық саласы туралы көзқарасты қазақстандық цивилист-ғалымдар М.К.Сүлейменов, С.П.Мороз қолдайды. Олардың пайымдауынша, кешенді құқық саласының пайда болуы құқық жүйесі мен заңнама жүйесінің дамуының объективті заңдылықтарымен байланысты, оны қоғамдық дамудың объективті тұтынымы қажет етеді. Құқықтық реттеу пəнінің біртекті болуы кешенді құқық саласының пайда болуына дəлел болады, өз кезегінде кешенді саланың пəнінің болуы тиісінше əдісінің де болуына себепші болады. Кешенді құқық саласы негізгі салалардың бірнеше əдістерін пайдаланады, мұндай əр түрлі тəсілдердің ұштастырылуы кез келген кешенді құқық саласы əдісінің ерекше сипатын білдіреді [16].

С.С.Алексеев негізгі жəне кешенді құқық салаларының арасындағы айырмашылықтарды қарастыра отырып, негізгі сала барлық тиісті белгілерге ие болады, кешенді сала солардың бір бөлігіне ие, яғни ерекше пəні жəне өзіндік заңдық белгілерінің бір бөлігі заңнаманың дербес саласы, біртұтас қағидалары, ережелері, реттеу тəсілдері болады деп пайымдайды. «Оларда негізгі өзіндік заңдық белгілері — «өзіндік» əдісі мен реттеу тетігі жоқ» [17].

Экономикадағы болып жатқан терең өзгерістер, ғылыми-техникалық үрдістер, соның негізінде қоғамдық қатынастардың дереу жылдамдықпен дамуы жағдайында пайда болып жатқан жаңа салаларды құқықтық реттеу, заңшығарушылық қызметтің белсенді жүргізілуі құқық жүйесінің құрамында жаңа құқық салаларының бөлініп шығуына əкеледі. Бұл құқықтық реттеу тəжірибесінде қалыптасатын тұтынымға сай пайда болатын құбылыс деп түсінеміз. Кешенді құқық саласын қалыптастыру əр түрлі ерекше қатынастарды реттейтін құқық нормаларын айқындауға жəне жүйелендіруге мүмкіндік береді. Сол себепті көліктік заңнамалардың қалыптасуы мен дамуы құқық жүйесінде жаңа көлік құқығының пайда болуына əкелді.

Көліктік қатынастар алуан түрлі əрі өте айрықшаланатын болғандықтан, негізгі құқық салаларында ерекше бөлініп көрсетіледі. Мұндай бөлу нормативтік-құқықтық актілерде арнайы бөлім (тарау) енгізу немесе көліктік заңнамаларға сілтемелер жасау жолымен жүзеге асырылады. Дегенмен, алуан түрлі көліктік қатынастарды толық қамтып, реттеу үшін негізгі құқық салаларында бекітілген құқық нормалары жеткіліксіз. Мəселен, құқық нормалары құқықтық сипатқа ие емес, бірақ тəжірибеде жалпыға міндетті норма ретінде қолданылып жүрген техникалық, экономикалық, əлеуметтік т.б. арнайы нормалармен ұштасып, көліктік қатынастарды реттейді. Сондықтан негізгі құқық нормаларының арнайы нормалармен бірігуі кешенді құқық салаларының пайда болуына негіз болады, солардың қатарына көлік құқығы да жатады.

Демек, көлік құқығы жеке жəне жария құқықтардың нормаларынан құралатын, құқықтық институттарды біріктіретін, кешенді құқық саласы болып табылады. Көлік құқығы құқық жүйесінде негізгі құқық салаларымен бірге ерекше орынды иеленеді. Сонымен, көлік құқығы дегеніміз — көліктік қызметті ұйымдастыру жəне мемлекеттік басқаруға байланысты, көліктік қызмет көрсетуге байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.

Көлік құқығының нормалары арнайы көліктік заңнамалардың құрамында қалыптасады жəне негізгі құқық салаларының қайнар көздерінің құрамына да кіреді. Көліктік заңнама дегеніміз — көліктік қызметті реттейтін нормаларды бекітетін нормативтік-құқықтық актілердің жиынтығы. Көлік саласының құқықтық негіздерін құрайтын заңнамалардың мемлекетіміздің даму кезеңдерінің əрбір сатыларында сапалы өзгерістерге ұшырап, жоғары деңгейлерге өтуі арқасында көлік құқығының қалыптасуы жүзеге асты.

Көлік құқығының пəнін көліктік қызметпен байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар құрайды. Оларды көліктік құқық қатынастары деп атайды.

Кешенді көлік құқығында əр түрлі құқық салаларының нормаларын біріктіру жолымен біртұтас көліктік жүйеге кіретін көліктің əр түрінің қызметін құқықтық реттеу мүмкіндігіне қол жеткізуге болады. Көліктік қызметке байланысты туындайтын қатынастар көліктің əр саласына ортақ жалпы нормалармен реттеледі. Мəселен, көлік қызметін мемлекеттік реттеу; көлікті мемлекеттік басқару; көлік құралдарына меншік; көлік қызметінің негізгі ережелері; тарифтер; тасымалдау қызметін жүзеге асыру; көліктік міндеттемелер; көліктік міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершілік; кінə қою жəне талап қою; көліктегі қауіпсіздік жəне экологиялық талаптар т.б. Көлік құқығының Ерекше бөліміне көліктің əр түрі бойынша қалыптасқан қатынастардың ерекшелігін ескере отырып, реттейтін құқықтық нормалар топтастырылады. Атап айтқанда, көлік құралдары; сертификаттау; көлік ұйымдары; жолаушылар мен қауіпті жүктерді тасымалдауды лицензиялау; көлік құжаттары; жүкқұжаттар; кеме экипажы; іздестіру жəне құтқару жұмыстары жəне т.б.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11 маусым 2001 жылғы № 801 Қаулысы // Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы. — № 22. — 2001. — 271-құжат.
  2. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы туралы» 11 сəуір 2006 жылғы № 86 Жарлығы // Егемен Қазақстан. — № 81. — 2006. — 14 сəуір.
  3. Вопросы воздушного права: Сб. — Ч. 2. — М., 1930. — С.
  4. Жудро А.К. Правовое регулирование эксплуатации советского морского транспорта: Автореф. канд. дис. — М.,— С. 6.
  5. Мишина Н.В. Железнодорожное право как подотрасль транспортного права: постановка проблемы // Транспортное право. — № 2. — М., 2008.— С.
  6. Общая теория государства и права: Учеб. / Под ред. В.В. Лазарева. — 2-е изд., перераб. и доп. — М.: Юристъ, — 472 с.
  7. Хропанюк В.Н. Теория государства и права: Учеб. для вузов. — 3-е изд. доп. и исправл. — М.: Омега-Л, — С. 256, 257.
  8. Транспортное законодательство России и зарубежных государств, ЕС, ШОС, ЕврАзЭС (сравнительно-правовой анализ): Учеб.-практ. пособие / Отв. ред. В.А.Бублик. — М.: Проспект, 2009. — С. 12,
  9. Сулейменов М.К. Гражданское право в системе права // // Гражданское право в системе права: Материалы междунар. науч.-практ. конф. (в рамках ежегодных цивилистических чтений). Алматы, 17–18 мая 2007 г. / Отв. ред. М.К.Сулейменов. — Алматы: НИИ частного права КазГЮУ, 2007. — С.
  10. Морозов С.Ю. Транспортное право: Учеб. пособие. — М.: Волтерс Клувер, 2010. — С.
  11. Стрельникова И.А. Понятие и место транспортного права в системе права России: Автореф. дис. ... канд. юрид. наук: 12.00.03 — М., 2009. — С. 19,
  12. Егиазаров В.А. Транспортное право. Учеб. для вузов — М.: Юстицинформ, 2005. — С.
  13. Транспортное право: Учеб. пособие / Авторский коллектив. — М.: Былина, 1999. — С.
  14. Поленина С.В. Комплексные правовые институты и становление новых отраслей права // Правоведение. — № 3. — С. 72.
  15. Алексеев С.С. Проблемы теории права: Курс лекций в двух томах. — Т. — Свердловск, 1972. — С. 145.
  16. Мороз С.П. Инвестиционное право в системе права // Гражданское право в системе права: Материалы междунар. науч.- практ. конф. (в рамках ежегодных цивилистических чтений). Алматы, 17–18 мая 2007 г. / Отв. ред. М.К.Сулейменов. — Алматы: НИИ частного права КазГЮУ, 2007. — С. 121–123.
  17. Алексеев С.С. Структура советского права. — М., 1975.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.