Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ұлттық дəстүрлердің көркем білім берудегі жəне бейнелеу өнеріндегі жақындасуын саралау

Ұлттық дəстүрлердің көркем білім берудегі жəне бейнелеу өнеріндегі жақындасуын саралау бүгінгі күні де дүниежүзілік өркениетте ерекше маңызы бар екені белгілі. Түп негізі бір, тілегі ортақ, түркі жұртын тек бір-бірін қиналмай ұғысатын тіл ғана жақындастырып қоймайды, олардың етене араласуына бастау негізі тамырлас өнердің де ықпалы аз болмайды. Түркі өнері — түркілік рухты қозғайтын айрықша құбылыс [1].

Еуразияда түркі тілдес халықтар қоныстанған жер аумағы, солтүстік-шығыста сонау Мұзды мұхиттан оңтүстік-батыста Босфор шығанағына дейінгі үлкен аймақты алып жатыр. Түркі тілдес халықтар Еуропа мен Азияда қатар қоныстанып, Шығыс пен Батысты байланыстырып тұрған ежелгі көшпелі қауымнан құралғаны тарихтан белгілі. Кең байтақ өлкеде көшіп-қонған олар оңтүстік- шығысында қытайлармен, солтүстік-батысында славяндармен, ал оңтүстігінде парсылармен шектесіп, олардың отырықшы мəдениетінің арқасында арасында дəнекер бола отырып, жан-жақты өркендей бастады [2].

Түркілер əлем мəдениетін сусындатып, өз тілдерін, өз елдігін сақтады. Түркілердің ішінде өзбек, түрік, əзербайжан, түрікмен, қырғыз жəне қазақ сияқты ірі халықтармен бірге шор, долған, қарайым, қыпшақ сияқты ұсақ ұлыстар да болды. Орта Азия халықтарының көп ғасырлық дамыған мəдениеті XIV ғасырдың екінші жартысынан бастап қайтадан өрлей бастады. Мəдениетімізді дамытудағы жаңа өрлеуге жағдайлар жасалды. Олардың тарихи тағдыры мен мəдениеті өз ұлттарына қарай əр түрлі қалыптасты.

Қазақ халқының мəдениеті — ежелгі заманнан бергі қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың материалдық мəдениеті мен рухани мəдениетінің заңды жалғасы жəне жаңа заман талабына сай дамып, қалыптасып келеді.

Адамзат адамзат болып жаралғаннан бері, бірі қанап, бірі қаналғаннан бері, одан кейін де ұлт, халық, ел саналғалы бері қаншама мыңдаған жылдар өтіп келеді. Ұлы мекен түркі тілдес халықтар достығы арасында, міне, бүгінгі таңда, яғни ХХІ ғасырға, аман-есен жетіп ауызбірлік, ынтымақтастыққа келіп отырмыз.

Əлемдік өркениетте айшықты қолтаңбасы бар түркі дүниесін руханият саласындағы қоғамдық ұйымдардың белсенді қызметі арқылы да танимыз.

Алғаш өтіп отырған бұл өнер апталығы бағдарламасында түркі тілдес мемлекеттердің жоғарғы оқу орындары өнер факультеттерінің декандарының жиналысы мен педагог-суретшілердің Гази университетінің студенттеріне шеберлік көрсетуі жəне бейнелеу өнері мамандықтары оқытушыларының шығармашылық көрмесінің ашылуы жоспарланып жүзеге асты.

Негізінен бейнелеу өнері мамандықтары өкілдері əлемнің түкпір-түкпірінен келіп, өнерді оқыту əдістемесі мен оқу бағдарламаларының сəйкес келуі жəне түркі тілдес халықтары мемлекеттерінің өнер тарихын оқытуда оқу жоспарын жақындастыру, бірыңғай ету жайлы ой бөлісті.

Түрік Республикасы мен біздің елдер арасындағы тек саяси жəне экономикалық емес, осы симпозиум бейнелеу өнері факультеттері қатысуымен мəдени жəне білім беру саласы арқылы байланыс орнату мақсатын қойып отыр. Түрік халықтарының дəстүрлі жəне заманауи өнер түрлері негізінде өнер саласындағы білім беру үдерісіне талдау жасай отырып, біртұтас бағдарлама жасауға тырысу. Сөз жоқ, осындай шаралар өнер мен білім беру негізінде түркі тектес, тілі, діні бір халықтардың интеграциялық үрдістерін жеделдетуге ықпал етеді [3].

Əлемдік дəрежеде іргелі істер атқаратын халықаралық ұйымдардың қай-қайсысы да ізгі мақсат көздейді. Түбі бір түркілердің тілінде орындалатын өнер түрлерін дамытып, қанатын қатайту — осы ұйымның еншісіндегі міндет. Бұдан аталған құрылым тек мəдени байланыстар орнатумен ғана айналысады деген ұғым тумауға тиіс. Ұйымға мүше елдердің арасында татулықтың болуына, тұрақтылықтың сақталуына ықпал етеді. Бұл ұйым түркі дүниесінің əлемдік өркениеттегі орнының берік болуын қамтамасыз етуді алдына мақсат етіп кояды. Ежелгі тарихқа жүгінсек, түркі тұтастығының ыдырап кетуіне ел арасындағы бірлікке сызат түскендігі себеп болғанын көреміз. Ендеше тарыдай шашырап кеткен рухани құндылықтарды жинап, барымызды түгелдеп, жоғымызды іздеу үшін түркі дүниесінің бірлігін сақтап қалу өте маңызды.

Əлемге құлашын кең жайып келе жаткан жаһандану үрдісі түркі тілдес елдердің рухани сипатына қауіп төндіретінін ескерсек, оған тек дəстүрді сақтау, ынтымақтастықты дамыту арқылы ғана қарсы тұра алатынымызды ұмытпағанымыз жөн. Бұл турасында да халықаралық ұйымның атқарып отырған істері сан алуан. Өзара байланыс түркі халықтарының салт-дəстүрлерін мейлінше дамытуға күш салады. Сондықтан бұл ұйым ортақ тарихтың тереңіне үңіледі. Тарихтың сабақтарын кейінгі буынға көбірек ұқтыруға тырысады. Түркінің ұлы мəдениетінің болғанын, оны сыртқы күштердің қандайының да басып-жаншып тастай алмағанын, əр халықта сақталып қалған дəстүрлердің басын кұрап, рухани дүниеміздің алтын сынықтарын жинап, қайта кұрастырсақ, əлемдегі орнымыздың айрықша болатынын санаға сіңіреді. Сонда рухы биік ел жаһандануға қарсы тұра алады. Міне, осындай ұйым рухты көтеретін дəстүрлі өнерді дамыту үшін бар мүмкіндікті қарастырады. Ұйымның бұл бағыттағы ізденістері əзірге жеміссіз емес. Соңғы жылдарда мəдениет саласында жүргізілген зерттеулер əлеуметтік идеалдардың тоқырауынан кейін этностық деңгейдегі мəдениеттерді топтастыру үрдісі күшейе түскенін аңғартады. Халықтардың рухани бастау негіздері, ілкі мəдениеттері, басынан кешкен тағдыр-талайының ұқсастығы олардың қарым-қатынастарын берік орнықтыруына негіз бола алады. Ұйым жұмысын жүргізу барысында есте ұсталатын қағиданың бірі осы. Бұл орайда туысқан түркі тілдес халықтар мəдени байланыстар арқылы рухани қатынас дəстүрін қайта жанғыртуға талпыныс танытып отыр.

Ерте ортағасырлар жалпы аймақтық мəдениет тарихындағы соның ішінде түркі халықтары мəдениеті шеңберіндегі Орталық Азия өнері тарихындағы ерекше бір дəуір болып есептелінеді. Бұл өркениетті жаратқан ежелгі түрік мемлекеттері халқының дүниеге көзқарасы ең алдымен сəулетінде анық көрінеді. Түрік мəдениеті тұтас бір дүние ретінде, оның негізгі құндылығы көшпенділер мəдениеті мен отырықшы елдер өркениетіне негізделіп, олардың бір біріне ықпал, əрекеті ажырамас жағдай ретінде қаралады. Ежелгі түрік елдері сəулетінің генезисін үйрену, қазіргі замандағы бүкіл түрік əлемін жақындастыру идеясы төңірегінде өзекті мəселе екендігі айқын. Сондықтан ежелгі дəуірде жəне орта ғасырлардағы Орталық Азия түрік халықтарының өнерінің тарихы қалпына келтіру жəне олардың көркемдік кеңістігін құрастыру принциптері мен тəсілдерін талдау, ғылыми ізденістің негізгі мақсаты болды. Тарихи-мəдени тұрғыдан талдау түрік халқының этномəдениеті мен дүниетану көзқарасына бейімделген əр түрлі діни жүйелердің өзара əрекеті қосылған көп компонентті жағдай екендігін анықтады. Орта ғасырдағы сəулеттік тақырыптар жəне кескіндер негізінен қола жəне алғашқы темір дəуірінде анықталған. Сол кезде қала құрылысы мəдениетінің негізі қалыптасып, түрік мемлекеттері кезінде гүлдену дəрежесіне жеткен. Сонымен бірге қала құрылысы іс жүзінде барлық Орталық Азия көшпенділері мəдениетіне тəн екендігі анық көрініп тұр. Өнер туындылары ішіндегі ең ғажайыптарының композициялық құрамын талдау олардағы баяғы қола дəуірінде орын алған түрік-парсы симбиозының (қосындысының) қатты дамығандығын көрсетеді. Бірақ Орталық Азия мəдениетінде алғашқы орта ғасырлар кезінде өнердің доминант ролі идеясын қайта қарау қажет, себебі бұл кезде түрік өнері қалыптасты жəне нығайды. Бұл көзқарас түрік өнері жəдігерлерін зерттеу нəтижесінде олардың кеңістік құрылымында өзіндік ерекшеліктері түрік халықтарына ғана тəн дəстүрлер жəне дүниетанымы негізінде қалыптасқаны анықталды. Түріктілдік халықтардың өнерін зерттеу нəтижесінде олардың жалпы адамзат өнеріне, мəдениетінің дамуына үлкен үлес қосқандығы сөзсіз [4].

Біздің мақсатымыз — түркі халықтарының тарихын дүние жүзі тарихының құрамдас бөлігі, біртұтас үдеріс ретінде өзара іс-əрекеттеріміз мысалында қарастыру. Студенттердің, болашақ өнер саласы мамандардың түрік əлемінің тарихына шынайы көзқарастарын қалыптастыру, соның ішінде түрік халықтарының бір бөлігі ретінде қазақтардың, Қазақстанның мəдениеті мен өнер тарихына ерекше көңіл бөлу; түркі тілдес халықтар тарихының даму барысын игеру; көтеріліп отырған мəселе арқылы негізгі ғылыми əдебиеттерді меңгеруге көмектесу; студенттерге түркі тілдес халықтардың түбі бір екендігін түсіндіру; көне жəне ортағасырдағы түріктердің мемлекеттілігі мəселесін жəне олардың өзара мəдени байланыстарын өнер құралдары арқылы ашып көрсету; түркі халықтарының жаңа жəне қазіргі замандағы тарихының, мəдениетінің жəне өнерінің өзекті мəселелерін ашып көрсету [5].

Мəдениет — бүкіл адамзаттың тарихында жасалған материалдық жəне рухани байлықтың жиынтығы. Өткен мəдениетіміздің жаңа мəдениетке ауысуы қоғам тарихының заңды, мəдениетті жаңаша түрленуі болып саналады. Өйткені мəдениет пен өнер сананың, білім мен тəрбиенің, қоғамның жаңашыл даму кезеңіндегі дəрежесін көрсетеді.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Karoğlu A. Folklorik Unsurların Resme Yansıması ve Yaşatılması Bağlamında Bazı Düşünceler / Some Thoughts on the Re- flections of Folkloric Elements in Painting and Cherishing ” MİLLÎ FOLKLOR- Üç Aylık Uluslararası Kültür Araştırmaları Dergisi, Cilt 13, Sayı 104. — 2014. — S. 99–110.
  2. Karoğlu Anadolu Selçuklu Süslemelerinin Kaynakları ve Çağdaş Sanat İlişkisi Üzerine Bir Deneme, Selçuklu Semineri, Antalya, 1996.
  3. Глаудинова М.Б. Түрік қағанаттықтары құтты сəулетінің генезисі: сəулет өнері ғыл. д-ры дис. ... автореф. — Алматы, 2010. — 32 б.
  4. Аманжолова К. Түркі халықтарының тарихы. — 2002. — № 2. — 11,12-б.
  5. Бодиков С.Ж. Қазақстан кəсіпқой бейнелеу өнерінің тарихы: оқу құралы. — Қарағанды: Орман, 2008. — 156 б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.