Педагогика ғылымында оқыту үдерісінің əдіснамалық негізі гносеология теориясы болып табылады. Гносеология теориясында танып-білудің заңдылықтары мен мүмкіндіктері, білімнің объективті шындыққа қатынасын оқиды жəне оның сатылары мен танып білу үдерісінің формалары, анықтық пен ақиқаттықтың шарттары мен белгілері зерттеліп отырады. Танып-білу – бұл адамның сана-сезіміндегі ақиқат дүниесінің бейнелену үдерісі. Заттар мен құбылыстардың мəнін танып-білу арқылы аңғарады. Оқу үдерісі — ең алдымен білімді меңгеру. Біздің біліміміз объективті дүниені, оның байланыстар мен заңдылықтарын бейнелеу болып табылады.
XX ғасырдың 80-жж. тұлғалық бағдар мен педагогикалық технологияларды жетілдіру (И.С.Якиманская, Т.Б.Серіков жəне т.б.), білім беру технологиясындағы ғылым мен практиканың алатын орны (В.В.Гузеев жəне т.б.), іс-əрекеттік, қарым-қатынас ерекшеліктері (А.В.Хуторской, Б.С.Гершунский, В.В.Давыдов, П.М.Эрдниев, С.В.Кульневич жəне т.б.) мəселелеріне көптеген ғалымдардың зерттеулері арналған. Сол сияқты компьютерлік технология мен мультимедиалық технологияларды өмірде танудың күшті құралы болып табылатындығын жоғарыда аталған бірқатар ғалымдар дəлелдеген.
Қазіргі таңда осы теорияларға сүйене отырып, білім алушылардың оқу əрекетін жаңа сипатта ұйымдастыруды жəне компьютерлік технология мен коммуникацияны біздің еліміздің оқу орындарының практикасына енгізуді (Интернет, мультимедиалар, электрондық сөздіктер, электрондық оқулықтар жəне т.б.) талап етілуде. Өйткені олардың бүгінгі күнде жоғары кəсіби білім беру мекемелерінің оқыту үдерісінде өте маңызды рөл атқаратындығы дəлелденген.
Қазіргі замаңғы жоо-да оқыту жəне шет тілін оқыту, өзі жалпы əдіснамасы сияқты, нақты əдістер, тəсілдер, яғни, оқытудың тұжырымдамасын қайта қарастыруды талап етеді. Əлемдік қоғамдастыққа кіру, саясат, экономика, мəдениет, халықтардың араласу аяларынан туындаған түрлі үрдістер мəдениаралық тілдесім, түрлі ұлтқа жататын тілдесім қатысушыларының өзара түсінушілік мəселесін анықтайды. Осылардың барлығы шет тілін оқыту əдістемесіне əсерін тигізбей қоймайды, шет тілін оқыту теориясы мен практикасында жаңа мəселелерді қойғызады.
Тілдесім құралы ретінде шет тілін оқыту мəселесі қазіргі білім беру жүйесінде маңызды рөл алады. Шет тіліне оқытудың басты мақсаты болып білім алушылардың коммуникативті құзыреттілігін дамытуға жəне қалыптастыру, шет тілін практикалық меңгеруге оқыту болып табылады. Сондықтан қазіргі кезеңде шет тілін оқытудың ең басты жəне маңызды мəселелерінің бірі оқу құралын таңдау мəселесі, атап айтқанда, оқулықтар мен оқу құралдары болып табылады.
Осы немесе басқа оқулықты немесе жалпы оқу-əдістемелік кешенін (ОƏК) таңдай отырып, оқытушы білім беру мекемесінің ерекшелігіне қарау керек, яғни, білім алушылар ерекшелігі, мекеме түрі оқытушы таңдаған ОƏК Мемлекеттік білім беру стандартына сəйкес болып, өзіміздің еліміздің жəне оқытылып отырған елдің білім деңгейін көрсету қажет. Оқулық теориясы саласындағы зерттеу нəтижелері шет тілі оқулығына дидактикалық жəне əдістемелік талаптар туралы айтуға мүмкіндік береді. Дидактикалық жоспарда басты талаптар тобына назар аударылады, олар жетекші қызметтерге байланысты болып келеді [1]:
- Педагогикалық үрдістің қажеттіліктеріне сəйкестік (бағдарламалық талаптарды ескеру, білімді игеру заңнамалығы, меңгеру үрдісін басқару, ОƏК-нің барлық компоненттерінің өзара əрекеттесуі).
- Мақсаттылығы ( масқатқа бағдарлық, тілді меңгеру деңгейін белгілеу, оқулық элементтерінің бүтіндігі).
- Уəждеме (танымдық əрекетті қозғау).
Берілген сипаттамалар инвариантты деп есептеу керек, демек барлық оқулықтарға тəн.
Білім беру мақсатына арналған ақпараттық ресурстар арасында үлкен қызығушылыққа электронды мультимедиалық оқулықтар жəне тілдік емес мамандықтағы студенттерге шет тілдік сөйлеуге оқытуда оларды қолдану мүмкіндіктер мəселесі ие.
1960–1970 жж. пайда болған бірінші компьютерлік бағдарламалар грамматикалық жəне лексикалық тілдік жаттығулар ғана болды. Өткен ғасырдың 70-жж. оқыту бағдарламаларының мазмұндық жағына көңіл бөле бастады. Жасанды интеллект саласында зерттеу бағдарламалар қолдануды жəне білім алушылардың коммуникативті іскерлігін қалыптастыру үшін қалдырылды.
Кең таралған компьютерлік бағдарламалардың ішінде келесілерді атауға болады:
- «Ағылшын тілі 3 амалдан» бағдарламасы «Syracuse Language Systems» американдық компаниясымен жасалған. Курс ағылшын тілі тілдесіміндегі шынайы жағдаяттар мен күнделікті жиі кездесетін заттар, сөздер жəне ауызша аударма дағдысының негізінде ауызекі ағылшын тіліне оқыту үшін арналған. Үш деңгейлі қиындықтар: а) лексикалық ойындар, ағылшын тілі сөздерімен таныстыратын; ə) cөйлем құрастыруға көмектесетін ойындар; б) көрнекілік комикстар мен диалогпен жұмыс (curator.ru/e-books/e4.html).
- «Акцентсіз профессор Хиггинс» бағдарламасы. Жасаушылар — «ИстраСофт». Толық фонетикалық, лексикалық жəне грамматикалық мультимедиалық анықтама-тренажер, ауызекі сөйлеуінің тыңдап-түсінуге үйрету жəне дұрыс грамматикалық жəне фонетикалық рəсімделуімен сөйлеу (www.istrasoft.ru/higgins.html).
- «Ағылшын тілі əр күнге» мультимедиалық оқулығы. Курс сөйлеу жағдаяттары негізінде күнделікті ағылшын тіліне бағытталған. Курс 15 сабақтан тұрады, əрқайсысы ондаған орысша эквиваленттері мен лексика-грамматикалық комментарийлерімен дыбысталған ағылшын фразалары, диалог, ойын элементтері, алты түрлі жаттығулар, өлеңдер, əндер, əзілдер, əңгімелерден тұрады (www.curator.ru/e-books/ehtml).
- «Ағылшын тілі. Кемелге жол » «English Your Way 2.0» бағдарлама нұсқасын ресей қолданушыларына бейімдеген «Syracuse Language Systems» американдық фирмасы. Курстың негізгі міндеттері – шет тілінде қоланушы сөйлеуге үйрету, ағылшын тілі айтылымын тыңдап түсіну, оқу жəне сауатты жазу, сонымен қатар дыбыстауды дұрыстауға үйрету. Оқыту жағдаяттық негізде құрылады. Курс динамикалық диалогты, интерактивті ойындар, мəтіндер, кроссвордтарды қамтиды.
Демек, электронды оқулықтар зерттеуінің нəтижесі электронды оқу курсының негізгі сипаттамаларын бөлуге мүмкіндік жасайды:
- Оқытудың компьютерлік формасы кезінде оқытудың барлық негізгі заңнамалығы сақталады, оның ішінде дидактикалық қағидаттарда көрінетін жалпылары. Компьютерлік лингводидактика жеке қағидаттары келесіде көрсетіледі:
- шарттамалық қағидаты: оқытудың кезеңі, мақсаты жəне мазмұнына, сонымен қатар оқытудың қолданатын əдістемесін байланысты компьютерді қолдану шартын нақты анықтау;
- қажеттілік қағидаты: белгілі параметрлер бойынша оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға көмектесетін жағдайда ғана компьютерді қолдану;
- ақпараттылық қағидаты: компьютердің артықшылықтарын оқу үрдісінің анықтамалық- ақпараттық қамсыздандыру құралы ретінде ашады, себебі компьютер аз уақыт ішінде максималды ақпарат алуға мүмкіндік береді. Оқытудың техникалық құралдарының арасында компьютер шет тілін оқытудың ақпаратты-сөйлеу сипатына сəйкес келеді;
- сенімділік қағидаты: оқыту үшін əр компьютерлік бағдарламалардың эксперименталды тексерістерін өткізу қажеттіліктерін көрсетеді, сонымен қатар компьютерді қолдану арқылы сабақтың ұйымдастыру дайындық кезеңінің болуы.
Электронды оқулық дайындау қағидаттары: кванттау (материалдарды модульдерге бөлу), толықтық, көрнекілік, тармақтау (басқа модульдермен гипермəтіндік сілтемелердің байланысы), реттеу, бейімділік, жинақтаулық.
- Электронды оқу курсын қолдану қағидаты: шарттамалық, қажеттілік, ақпараттылық, сенімділік.
- Функциялар: материалды түсіну жеңілдігі, мазмұнның бейімділігі, өзін-өзі тексеру, жұмысты рəсімдеу, шексіз қайталау, бақылауды жеңілдету.
- Талаптар: жеткілікті көлем, жүйелілік, дифференциалды тəсіл, орнатылымның қолжетімділігі, мультимедиа-компоненттерінің жоғары сапасы, тез əрекеттілік, басқару ыңғайлылығы.
- Электронды оқулықтар қолдану артықшылықтары: уəждеме көтеру, студенттің белсенді позициясы, оқытудың саналығы жəне өздіктігі, өзін-өзі бақылау, вариативтілік, ойлаудың белсенділігі, операцияның алгоритмизациясы, түрлі білім беру ресурстарының интерактивті байланысы (электронды кітапхана, сөздіктер, энциклопедия), ақпараттық қанықтық, көрнекіліктің жоғары деңгейі, оқыту əдістемесінің икемділігі (оқытудың индивидуализациясы, тез кері байланыс), сабақ жүргізу кезінде уақытты үнемдеу, студенттер мен оқытушының компьютерлік сауаттылығы.
- Кемшіліктер: компьютерді қолдану дағдысының жеткіліксіз дамуы, коммуникативті іскерліктерді дамытудың күрделілігі, даярлық деңгейде уақыттық жəне материалдық ресурстарды жұмсау, компьютермен шынайы ауызекі тілдесімнің болмауы, кейбір оқу құралдарының біржақтылығы, оқушылардың көздеріне зияны (мультимедиалық қосымшасы бар мəтіндік оқулықтарды жасаудың гигиеналық дұрыстығы), даярлыққа уақытты кетіру (нұсқама, жіберу, бағдарламалы қамсыздандыруды ауыстыру).
Шет тілін меңгерудің негізгі мақсаттарының бірі болып студенттердің коммуникативті мəдениетін қалыптастыру мен дамыту, шет тілін практикалық меңгеру табылады. Оқытушының міндеті шет тілін оқыту үрдісінде білім алушылардың танымдық əрекетін белсендіру, əр білім алушыға тілді практикалық меңгеруге жағдай жасау, əр оқушыға өздерінің белсенділігі мен шығармашылықтарын көрсетуге мүмкіндік жасайтындай оқыту əдістерін таңдау болып табылады.
Сонымен қатар шет тілі сабақтарында компьютерлік технологияны қолдану əр түрлі вариацияларда ұсынылуы мүмкін: арнайыланған сайттармен жұмыс, Интернет желісінде қажетті ақпаратты іздеу, аутенттік фильмдерді көру, оқыту бағдарламаларын қодану жəне т.б. Қазіргі замаңда шет тілін оқыту кезінде нəтижелі жəне салыстырмалы қол жетерлік əдіс болып электронды оқулықты қолдану болып табылады. Электронды оқулық оқытуға дифференциалды жəне индивидуалды тəсіл қағидаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Электронды оқулық көмегімен тыңдап-түсіну жəне оқу сияқты сөйлеу əрекеті түрлерін тексеру мен жаттықтыруды тиімді өткізуге болады, сонымен қатар білім алушылардың грамматикалық, лексикалық жəне дыбысты-айтылым дағдыларын дамытуға жəне қалыптастыруға болады.
Электронды оқулық — баспа шығарылымын толықтыратын жаңа ақпаратты көрсететін, индивидуалды оқытуға келетін жəне білім алушының алынған білімін жəне іскерлігін тестілеуге мүмкіндік жасайтын компьютерлік, педагогикалық бағдарламалы құрал [2]. Электронды оқулықтың кейбір ерекшеліктерін қарастырайық:
- Электронды оқулық мəтіндік ақпаратты аз мөлшерде қамту керек, себебі мəтінді экраннан ұзақ оқу шаршауға əкеледі, сəйкесінше, қабылдау деңгейін төмендетеді.
- Электрондық оқулықтар көрнекілік материалдардың үлкен мөлшерін құрау керек. Оқулық көлемін шектеу үшін графикалық файлдардың (GIF, JPEG) қапталған форматын қолданған орынды.
- Бейнеүзінділерді қолдану үрдістерді жəне көріністерді динамикада жеткізуге мүмкіндік береді. Файлдардың үлкен мөлшерлеріне қарамастан, оларды қолдану орынды, себебі осы жағдайда білім алушылардың қызығушылығы өседі, білімнің сапасы жақсарады.
- Дəстүрлі оқытуда жаңа материалды ұсынуда вербалды құралдар басым болады. Осыған байланысты электронды оқулықта дыбысты фрагментті қолдану ақпаратты ұсынудың үйреншікті əдісіне жақындауға ғана мүмкіндік бермейді, сонымен қатар мидың көру ғана емес, есту де орталықтарын белсендіре отырып, жаңа материалды қабылдауды жақсартады.
- Электронды оқулық оқулық элементтері бойынша сілтемелерді құрау керек, басқа электронды оқулықтар мен анықтамаларға сілтемелер болулары мүмкін. Қажет бөлімдер мен бетке жылдам ауысу мазмұнының бар болуы құптарлық.
- OLE (Object Linking and Embedding) технологиясы көмегімен, мысалы, басқа компьютерлік бағдарламаларды мысал ретінде, тестілеу, басқа да мақсаттар үшін жіберуге болады.
- Мəтіндік, графикалық жəне басқа материалдарды үйлестіру ерекше дидактикалық маңызға ие. Жаңа ақпаратты қабылдау сапасы, жалпылау мен талдау мүмкіндігі, есте сақтау жылдамдығы, оқу ақпаратының меңгеру толықтығы компьютер экранында орналасқан ақпарат көлеміне тəуелді [3].
Электронды оқулық жұмысының үш негізгі құрылымын бөліп көрсетуге болады:
- Тексерусіз оқыту.
- Тексерумен оқыту, əр тараудың соңында білім алушыға материал меңгеру деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін бірнеше сұрақтарға жауап беру ұсынылады.
- Тесттік бақылау, баға қою арқылы білімнің қорытынды бақылауына арналған [4].
Басқа да күрделі жүйелерді құрастырғандай, электронды оқулықты дайындауда сəтті болуға автордың шеберлігі мен таланты — кепіл. Дегенмен электронды оқулықтардың тұрақты формалары бар, нақты айтқанда, оқулық құрайтын конструктивті элементтер.
Тест — электронды оқулықтың жай түрі. Негізгі күрделілігі болып сұрақтардың таңдалуы мен тұжырымалуы табылады, сонымен қатар сұрақтарға жауаптың интерпретациясы. Жақсы тест білім алушы белгілі пəн аясында білімнің, іскерліктің жəне дағдының объективті көрінісін алуға мүмкіндік береді.
Энциклопедия — электронды оқулықтың базалық формасы. Мағыналы деңгейде энциклопедия термині электронды оқулықта жиналған ақпарат толық жəне білім беру стандартына қарағанда мол болуы керек. Электронды энциклопедияға сəйкесінше сервис тəн: сілтемелер, белгілер, анимация мен дыбыстық жазбалардың қайталануы мүмкін, кілт сөздермен іздеу.
Электронды оқулықта тапсырмаллар жинағы оқыту функциясын табиғи түрлі жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бастысы, электрондық тапсырмалар жинағында — дозаланған көмек. Тапсырмалар таңдауда қарама-қайшы тиімділген мəселені шешуге тура келеді. Бір жағынан, əр тапсырма белгілі теориялық материалдарды меңгеруге дозалық көмек арқылы кепіл болуға жəне ашуға тиіс жəне электронды оқулық арналған білім алушылардың əрқайсысының күшіне сəйкес болуы керек. Басқа жағынан, тапсырмалар саны студенттерді қорқытпауы керек жəне өздеріне сенімділіктерін жоғалтқызбаулары қажет.
Шығармашыл орта. Қазіргі замаңғы электронды оқулық білім алушының шығармашылық жұмысын зерттеу объектісімен жəне объекттердің өзара əрекеттесу жүйе үлгісімен қамтамасыз ету керек. Шығармашылық жұмыстың өзі білім алушылардың дағдылар мен іскерліктер кешенін бекіту мен қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Бағдарламашының ойынша, шығармашылық орта электронды оқулықтың еңбекті сіңіргіш құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.
Авторлық орта. Электронды оқулық оқу үрдісіне бейімделген болу керек, яғни нақты мамандықты, нақты оқу орнының ерекшеліктерін есепке алу керек. Авторлық орта электронды энциклопедияға қосымша материалдарды қосуға мүмкіндік жасайды, тапсырмалар жинағын толықтыруға, таратпа материалдарды жəне пəн бойынша əдістемелік құралдарды дайындауға мүмкіндік жасайды.
Вербалды емес орта. Дəстүрлі электронды оқулықтар өздерінің табиғаты бойынша вербалды.
Олар мəтіндік жəне графикалық формада теорияны баяндайды [5].
Аталған архитектуралық формалар бөлек электронды оқулықтар түрінде жүзеге асуы мүмкін, немесе бірегей архитектуралық ансамбль шеңберінде топталған болуы мүмкін.
Электронды оқулықтың келесі дидактикалық функциялары бөлініп көрсетілген.
Ақпараттық (түсініктемелер мен анықтамалар бар болуы; мəтін, сурет, сызба, кесте, аудио жəне бейнефрагменттер көмегімен оқу пəні туралы мəліметтер ұсыну; оқу объектілері мен көріністерінің ерекшеліктерін, оқылатын объект параметрлерін ағарту, мысалдар мен ережелер бар болуы жəне т.б.).
Реттеу (электронды оқулықпен жұмысқа қажетті алдын ала білімдер мен іскерліктер тізімінің бар болуы; оқулықпен жұмыс дайындығының өзін өзі бақылау үшін сұрақтар мен тапсырмалар; материалды меңгерудің өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар; оқылатын материалдың құрылымында көрнекілік ұсыну; бақылау тапсырмалары).
Анықтамалық (кіріспе, мазмұны, пəндік көрсеткіш, терминдер сөздігі, кестелер жəне т.б. арқылы берілген пəн бойынша түпнұсқаға білім алушыларды бағыттау) [6].
Электронды оқулықта берілген функцияларды жүзеге асыру оқытудың сапасы мен нəтижелілігін көтеруді қамтамасыз етеді. Электронды оқулық, басқа да оқу құралы сияқты, өзінің артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Оның басты екі кемшілігі:
- Электронды оқулықпен жұмыс үшін арнайы қосымша аспаптың болуы қажет, алдымен сəйкесінше бағдарламалық қамтамасыздандырумен жəне сапалы монитормен компьютер, кейде қосымша компакт-дисктермен диск салушы немесе желілі карта немесе локалды жəне галамдық желімен жұмыс үшін модем.
- Əдеттенбегендік, монитор алдында жұмыстан жоғары шаршау мен ақпаратты көрсетудің электронды формасының дəстүрлі еместігі.
Электронды оқулықтардың артықшылықтары көп. Оларға мыналарды жатқызуға болады:
- Білім алушылардың жеке сұранысынан қолданушының интерфейсін тиімділеу жəне бейімдеу мүмкіндігі. Əсіресе оқулықтың фреймдік құрылымы, мəтіндік жəне гипермəтіндік құрылымын қолдану мүмкіндігі айтылып отыр.
- Білім алушыға əсер етудің қосымша құралын қолдану мүмкіндігі, ол оқу материалын жақсы есте сақтап, меңгеруге мүмкіндік жасайды. Ерекше маңызды болып мəтінге анимациялық үлгілердің қосылуы табылады. Оқу мəтініне сəйкес дыбыстық сүйемелдеу көмегімен оңды əсер алуға болады.
- Электронды оқулықтың шеңберінде навигация ыңғайлы жəне жай механизмін құрастыру мүмкіндігі. Электронды құралда гиперсілтемелер жəне фреймдік құрылым немесе сурет-картасы қолданылады, ол беттерді парақтамай керекті бөлімге немесе фрагментке жылдам көшуге жəне қажет болғанда артқа қайтуға мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар сəйкес бөлімдер орналасқан беттерді есте сақтау қажет емес.
- Білім алушылардың білім деңгейін автоматты түрде тексеру мүмкіндігі жəне осының негізінде оқулық бөлігінің білімін сəйкесінше деңгейін автоматты түрде таңдау мүмкіндігі.
- Білім алушылардың білім деңгейіне оқылатын материалды бейімдеу мүмкіндігі, оның салдарынан ақпаратты есте сақтау жəне қабылдауды жақсартылады. Бейімдеу басылымның қабатты құрылымын қолдануында негізделеді жəне тестілеудің нəтижесімен студентке оның білімінің деңгейіне сəйкес тапсырма беріледі.
- Электронды оқулықтың басты артықшылығы — студент пен оқулық элементтерінің интерактивті өзара байланысу мүмкіндігі [7].
- Электронды оқулықтың жоғарыда айтылған артықшылықтары оны білім беру үрдісінде тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар қазіргі замаңда басты мəселе сапалы электронды оқулықты жасауда еңбектің көп жұмсалуында жəне ақпараттық емес циклді оқытатын оқытушылардың өздігінен электронды оқулықты жасауға жеткілікті квалификацияның жоқтығы болып табылады. Шет тілін оқытудың тиімді нəтижесіне электронды жəне дəстүрлі оқу-əдістемелік кешенді интеграцияны қолдану барысында қол жеткізетініміз анық. Шет тілдік сөйлеу өзара əрекетіне тілдік емес факультеттегі студенттерді оқыту барысында оқу үрдісі сөйлеу интеракциясын оқытуда электрондық оқулықты қосымша құрал ретінде қолданудан құралады.
Қорытындылай келе, атап кететін бір жайт, электронды оқулықтар оқу үрдісін ұйымдастыруда қолайлы болып табылып, оқулықтың авторы мен оны пайдаланушы білім алушылар арасында өзара тығыз байланысты орнатуға мүмкіндік береді. Білім алушылар үшін олар өздігінен білім алудың қайнар көзі болып табылады, əрбір оқушы дербес компьютер арқылы кез келген уақытта білімін өздігінше толықтыруға, өзін-өзі бақылауға, білімін тексеруге жəне аралық, кезектегі, қорытынды бақылауларға дайындалуға мүмкіндік алуда.
Əдебиеттер тізімі
- Щукин А.Н. Теория обучения иностранным языкам (лингводидактические основы). — М.: ВК, 2012. — 336 с.
- Тыщенко О.Б. Новое средство компьютерного обучения: электронный учебник // Компьютеры в учебном процессе.— 1999. — № 10. — С. 89–92.
- Тоискин В.С. Теоретические основы разработки электронных образовательных изданий (антропологический подход): учеб. пособие. — Ставрополь: СГПИ, 2010. — 108 с.
- Методика использования электронного учебника на уроках // Школа успешного учителя. — [ЭР]. Режим доступа: http://edu-lider.ru/metodika-ispolzovaniya-elektronnogo-uchebnika-na-urokax
- Алешкина О.В. Применение электронных учебников в образовательном процессе // Жас ғалым. — 2012. — № 11. —С. 389–391.
- Волков С.В. Педагогические условия использования электронного учебника в образовательном процессе технического вуза: дис. канд. пед. наук: 13.00.08. — Ставрополь, 2003. — 150 с.
- Вуль В.А. Электронные издания // Центр дистанционного образования МГУП: учебник. — [ЭР]. Режим доступа: http://www.hi-edu.ru/e-books/xbook119/01/part-010.htm