Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Құзыреттілікке бағытталған мұғалімнің педагогикалық қызметінің құрылымдық-мазмұндық элементтері

Бүгінгі таңда қоғамымыздың барлық салаларында болып жатқан түбегейлі өзгерістер, соның ішінде интеллектуалдық əлеуетіміздің қарқынды дамып келе жатқаны білім беру саласының өзегі болып есептелетін мектебімізге құзырлы, жалпы адами жəне ұлттық мəдениет жаршысы педагогикалық қызметтің гуманитарлық құндылықтарын бойына сіңірген жаңа тұрпаттағы мұғалімнің келуін қажет ететін объективті сұраныс болып есептелінеді.

Осыған орай бүгінгі күні, ҚР Білім жəне ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының алдына үлкен міндеттер қойып отырғаны да белгілі. Ол өз қызметінің нəтижесін бағдарлап, бағалай алатын, оқу үдерісін жобалап жүзеге асыра білетін, педагогикалық жағдаяттарды талдауға қабілетті, өзінің жеке ой-пікірі бар, құзырлы педагог кадрларды дайындау деп танылады.

Бəрімізге белгілі Қазақстан Республикасы тəуелсіздік алған соңғы 20 жыл көлемінде білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан қарқынды, үздіксіз реформалау өзінің жемісті нəтижелерін беруде.

Үздіксіз білім берудің көпсатылы жүйесі негізіндегі ұлттық білім берудің моделі түзілді. Өзінің мазмұндық құрылымында еліміздің əлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін басшылыққа алатын, кредиттік оқыту жүйесіне негізделген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары дайындалып, білім беру жүйелеріне ендірілді.

Дегенмен, оқу жоспарлары мен бағдарламалардың түрлі сапалы құрылымдық өзгерістері мен оқу үдерісін ұйымдастырудың əдіс-тəсілдерінің нормативтік ережелерінің түбегейлі өзгерісіне қарамастан, əліде болса жоғары оқу орындарындағы педагог-маман кадрларын дайындау үдерісінде бірқатар кемшіліктер орын алуда, яғни, педагогикалық қызметтің шығармашылық табиғаты мен оны дайындаудағы бірыңғай репродуктивтік бағыт арасындағы қарма-қайшылықтар сақталуда.

Сондықтан да бүгінгі таңда болашақ мұғалімді кəсіби-педагогикалық дайындау үдерісі бір- бірімен тығыз байланыстағы құрылымдық-функционалдық қатынасқа негізделген тұтас жүйе негізінде жүзеге асыруды қажет етеді.

Осы орайда бүгінгі заманымыздың алдымыздағы қойып отырған нақты талаптарына жауап бере алатын жаңа тұрпаттағы болашақ мұғалімдерді кəсіби-педагогикалық дайындау үдерісінің моделі төмендегідей бес бағытта түзілгені белгілі.

Оның бірінші талабы — тұлғаның кəсіби бағыттылығы, жаңа тұрпатты мұғалімге қойылатын бұл талап негізгі үш құраушы компоненттермен сипатталады. Олар болашақ педагогтың тұлғалық, мазмұндық жəне процессуалдық дайындық деңгейлерін анықтайды. Дайындық деңгейіне қойылатын екінші талап — тұлғаның адамгершілік идеалық ұстанымымен байланысты, яғни мұғалімнің гуманистiк жəне танымдық көзқарастарын заманауи талаптарға сəйкес қалыптастыру. Жаңа тұрпаттағы мұғалімнің кəсіби педагогикалық деңгейіне қойылатын үшінші талап — тұлғаның кəсіби қызмет жағдайына бейімделуімен сипатталады, ол оқытушының писхологиялық, технологиялық жəне кəсіби-əдістемелік дайындық бағыттарын көздейді. Төртінші талап — мұғалім тұлғасының инновациялық жəне шығармашылық іс-əрекетін дамытуды көздейді. Ол мұғалімнің интегралдық үрдісіндегі бағдарлық, интеллектуалдық қызмет жəне өз мүмкіндігін бағалау бағыттары бойынша дайындық деңгейіне қойылатын талаптар. Сонымен қатар мұғалімнің кəсіби педагогикалық деңгейіне қойылатын бесінші талап — жеке тұлғалық құзырлылық, яғни оның мəдениеттік, əдіснамалық жəне өз пəніне бағдарлылық қабілеттіліктерін дамытумен байланысты.

Əрине, берілген модельдегі жаңа тұрпаттағы педагог-кадрларды дайындау үдерісі бірімен бірі тығыз байланыстағы жүйе негізінде жүзеге асырылатын күрделі үдеріс. Дегенмен, көрсетілген жүйенің өзегі ретінде кезек күттірмей шешімін табуға тиісті мəселелердің бірі — тұлғаның кəсіби бағыттылығын жетілдіру мəселесі екендігі де белгілі. Кəсіби бағыттылық, біз жоғарыда көрсеткеніміздей, үш құраушы компонентер негізінде жүзеге асырылады, олар: тұлғалық, мазмұндық жəне процессуалдық құраушылар.

Тұлғалық бағыттың алдымызға қойып отырған негізгі міндеттерінің бірі бізді қоршаған инновациялық-индустриалдық өндіріс пен қоғамымыздағы түрлі нəтижелі өзгерістерге тез жəне еркін бейімделе алатын тұлғаны дамыту мəселесі ретінде қарастырылады. Сонымен қатар білім беру үдерісіндегі маңызды инновациялық жүйелерді жəне содан туындайтын интеллектуалдық ой дамуын бойына сіңірген жаңашыл педагог тұлғасының қалыптасуымен сипатталады. Осыған орай қазіргі заман мұғалімі даму үдерісіндегі тұлғалық-сапалық сипаты оның кəсіби-педагогикалық деңгейімен, ақыл-ой дербестігі мен гуманистік шеберлігімен жəне өзін-өзі басқару қабілетілігімен анықталады.

Кəсіби бағыттылықтың негізін құраушы келесі компонент болашақ мұғалімнің мазмұндық тұрғыдан дайындық денгейіне қойылатын талаптармен анықталады. Дайындықтың мазмұндық құраушысы болашақ мұғалімнің жүйеленген пəндік, əдістемелік жəне əдіснамалық білімдер денгейімен берiледі. Оқытушының бойында дамыған өндірістің ғылыми негізі жөніндегі жүйеленген терең пəндік білім жəне сол сала бойынша практикалық, зертханалық іс-əрекет жұмыстарын жүргізе алатындай іскерлік пен дағдының қалыптастырылуымен сипатталады.

Кəсіби бағыттылықтың процессуалдық компоненті педагогикалық қызметтің конструктивтік, коммуникативтік жəне ұйымдастырушылық бағыттарын қамтитын əдіс-тəсілдер мен дидактикалық жүйелілікке негізделген сипатпен анықталады. Осыған орай 5B012000 – «Кəсіптік оқыту» мамандығының нормативтік құжаттарын талдау жəне осы саладағы атқарған біздің көп жылдық педагогикалық қызметіміздің нəтижесі кəсіптік оқыту мұғалімінің құзреттілігін арттыруды төмендегі қызмет бағыттары бойынша жүзеге асыру өзінің нəтижелі жемісін беретінін көрсетті [1].

Біздің ойымызша, «Кəсіптік оқыту» жəне «Технология» пəні мұғалімдерінің педагогикалық қызметі төмендегідей сегіз бағытты қамтуды қажет етеді. Олар: ақпараттық, жұмылдыру-бағдарлау, дамытушылық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық, конструктивтік, техникалық, зерттеушілік қызметтері. Көрсетілген əрбір қызметтің мазмұндық сипаты мұғалімнің жалпы мəдени, кəсіби жəне пəндік бағыттағы құзыреттілігін көрсетеді.

І. Ақпараттық қызмет. Ақпаратты беретін (тарататын) негізгі құрал ретінде ауызша сөйлеу тəсілдерін меңгеру. Оқу материалдарын еркін меңгеру деңгейі пəнді оқыту теориясы мен практика іс- əрекеттердің, экономикалық, экологиялық, кəсіпке бағдарлау жөніндегі теориялық мағлұматтар. Құралдармен, жабдықтармен, аспаптармен, қондырғылармен т.б жұмыс істеу тəсілдерін көрсету əдістерін меңгеру. Аудиовизуалдық құралдарды пайдалану жəне іске асыруды меңгеру. Қажетті ақпарат көздері жөніндегі жүйелі білім жəне оларды пайдалана білу іскерлігі. Еңбек технологиясына оқыту үдерісінде кері байланысты жүзеге асыра алуды меңгеру, іскерлік, дағдыны бекіту.

ІІ. Жұмылдыру-бағдарлау қызметі. Оқушылардың оқу-еңбек қызметіне қоғамдық мəнді мотивациясын қалыптастырып жəне оның əдіс-тəсілдерін меңгеру. Оқушылардың еңбек белсенділігі мен танымдық қабілетінің дамуына ықпал ететін білімдері мен жеке тəжірибелерін жүзеге асыруға жұмылдыру. Оқушыларды еңбек мəдениеті мен еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыруға үйрету. Оқушылардың еңбек тапсырмаларын орындау барысында жеке жəне ұжымдық жауапкершілікке, құрал-жабдықтар мен қондырғыларға, пайдаланылатын материалдарға жауапкершілікпен, ысырапсыз болуға, қоғамға пайдалы еңбекке ұқыпты қатынастарды тəрбиелеуге қабілеттілікті меңгеру.

ІІІ. Дамытушылық қызмет. Оқушылардың оқу еңбегіне, еңбек қызметіне деген қызығушылығын арттыру жəне ынталандыру. Оқушылардың танымдық-шығармашылық жəне еңбекке деген белсенділігін, техникалық жəне политехникалық ой-өрісін тереңдету жəне кеңейту. Еңбекке оқытудың теориясы мен практикасында пəнаралық байланыстарды пайдалану.

ІV. Коммуникативтік қызмет. Оқу тобының ерекшелігі мен сабақ мақсатына сəйкес оқушыларды психологиялық дайындау (оқу материалының маңызы, проблемалық ситуациялар, міндет қоя білу т.б). Оқу материалының білімділік жəне тəрбиелік мүмкіндіктерін жүзеге асыра алатын жағдай жасау (түсіндіру, көрсету, пайдалану т.б). Сабақ барысында жағымды эмоционалдық атмосфераны қамтамасыз ету. Оқыту үдерісінде дифференциалдық жəне жеке дара қатынастарды пайдалану. Білімгерлердің білімі мен іскерлігінің қалыптасуын оның тəрбиелік мəніне сəйкес бағалау. Сабақ барысында туындаған түрлі ситуацияларға тез жəне орынды бағдар жасай алу.

  1. Ұйымдастырушылық қызмет. Оқушыларды ғылыми-техникалық шығармашылық пен ауылшаруашылық тəжірибе жұмыстары бойынша сыныптан тыс іс-шаралардың бағыттарындағы оқу- еңбек қызметінің түрлеріне тарту, қатыстыру. Сабақтың əрбір бөліміне бөлінетін уақытына сəйкес оның құрылымын анықтау. Оқушылардың ағымдағы білімі мен іскерлігінің деңгейін қадағалап бақылауды жүзеге асыру. Оқушылардың ұжымдық топтық жəне жеке дара оқу-еңбегі қызметін ұйымдастыру. Сабақтың басталуында жəне оның барысында практикалық жұмыстарды орындауға нұсқаулар беру. Сабақтың қорытынды бөлімін ұйымдастыру жəне өткізу, оқушылар жұмысын саралау жəне бағалау, қорытындылау, келесі сабаққа міндеттер қою, жұмыс орнын жəне шеберхананы жинастыруды ұйымдастыру. Кəсіпке бағдарлау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу.

VІ. Конструктивтік қызмет. Мектепте оқушыларды еңбекке дайындаудың жалпы педагогикалық мақсатына сəйкес əрбір өтілетін сабақтың мақсатын анықтау. Оқушылардың жүйелі техника-технологиялық білімдері мен еңбек іскерліктерін қалыптастыруға жəне дамытуға бағытталған оқу материалдарын іріктеу. Сабақтың мақсаты мен міндетттеріне, оның білім беру жəне практикалық бағыттылығына, қоғамға пайдалы мəнділігіне сəйкес еңбек объектілерін таңдау. Оқушылардың дайындық деңгейіне сəйкес пəнді оқытудың перспективтік тақырыптық жоспарларына түзетулер енгізу жəне шеберханаларды материалдық-техникалық жабдықтау. Оқытудың нəтижелі формалары мен əдістерін жүйелері мен қағидаларын жобалау, оқу-тəрбие үдерісінде мүмкін болатын қиыншылықтарды көре білу. Оқушылардың оқу-тəрбиесінің сапасын көтеру мақсатында мұғалімнің өз бетінше білімін жетілдіруді жоспарлау. Оқу-тəрбие жұмыстарының мақсатына сəйкес «Технология» пəні бойынша оқу-материалдық базаны дамытуды жоспарлау.

VІІ. Зерттеушілік қызмет. Оқушыларды еңбек технологиясына оқытудың жəне тəрбиелеудің мақсатын белгілейтін оқу-бағдарламалық құжаттарды талдау. Еңбек технологиясына оқыту мен тəрбиелеудің əдістемелік жүйесін, формалар мен құралдарын талдау, олардың нақты оқу-тəрбие үдерісінде қолданылу мүмкіндігін зерттеу. Ауылшаруашылық жəне өндіріс технологияларының дамуы жөнінде ақпараттарды зерттеу жəне жинақталған материалдарды оқу-тəрбие үдерісінде пайдалану. Оқушыларды еңбеу технологиясына оқыту мен тəрбиелеудің өсу динамикасының деңгейін анықтау. Мұғалімнің педагогикалық қызметін жетілдіруді бағалау, болжамдау жəне талдау. Алдыңғы қатарлы жетік педагогикалық жəне технологиялық тəжірибелерді талдау. Өз бетінше оқу арқылы жаңа арнайы білімдер мен іскерліктерді меңгеру.

VІІІ. Техникалық қызмет. Еңбек технологиясына оқытудың материалдық-техникалық базасын меңгеру құрал-саймандарды, жабдықтарды, технологиялық машиналарды (станоктар, тігін машиналары) пайдалану, жөндеу, реттеу т.б. Керекті кестелерді, эскиздерді, сызбаларды, есептерді жасау жəне пайдалану. Материалдарды қолмен жəне механикалық өңдеу, олардан бұйым құрастыру. Конструкциялау мен модельдеу. Оқушылардың еңбек қызметінің нəтижесін техникалық- экономикалық тұрғыдан бағалау. Ғылыми-техникалық басылымдарды жүйелі негізде жаңарту жəне толықтыру. Өзінің жалпы еңбектік дайындығын кеңейту жəне бекіту.

«Технология» білім беру саласы білімді де іскер адамды тəрбиелеуді талап етеді. Адамның қайсыбірі болмасын өзінің практикалық іс-əрекетінде əрдайым түрлі мəселелік тапсырмаларды шешеді. Қазіргі кезде оқушыларға меңгертілетін қазақ халқының сəндік-қолданбалы өнер түрлерін жүйеге келтіруде жəне оны оқытушылар тарапынан басқаруға байланысты бірқатар талпыныстар жасалуда. Бұл мектептің «Технология» пəні бағдарламалары бөлімдеріне қазақ халқының сəндік- қолданбалы өнер бағыттарын ендіруге байланысты туындап отыр [2].

Сонымен, жоғарыда сараланып көрсетілген «Технология» пəні мұғалімінің педагогикалық қызметінің құраушы компоненттері құзыреттілік негізін түзетін жүйе ретінде қарастырылады. Яғни мұғалім тұлғасы іскер, шығармашыл, мəдениетті, мейірімді, энтузист, тағы сол сияқты ақыл мінездерді бойында жинап топтастырған кəсіби білікті маман ретінде танылуға тиісті.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. 5В01200 – «Кəсіптік оқыту» мамандығының ҚР МЖМББС. — Астана, 2010. — 36 б.
  2. Мамандықтың типтік оқу бағдарламалары. — Шымкент, 2011. — 180 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.