ХІХ ғ. басында қазақ билеушілердің балалары Ресей оқу орындарында оқыды. Осындай оқу орнының бірі — Омбыдағы Азиялық мектеп. Бұл оқу орнының түлектері шекаралас əскери губернияларда жəне Сібір облысының қазақтарының басқармаларында жұмыс істеді. Оған қоса Ресей осы мектепті бітірген түлектерді Қазанға, Петерборге, тағы басқа əскери оқу орындарына жіберіп отырды. Азия мектебінің бағдарламалары теориялық білімді практикамен байланыстыруға мүмкіндік беретіндей көп вариантты болды. Онда татар, қазақ жəне т.б. тілдерді үйрету мамандықтарға байланысты болды. Оған қоса Омбы Азиялық мектебінде құдай заңдары (христиан) оқытылып, орыс тілі, география жəне Отан тарихы, əлем тарихы, математиканың алғашқы негіздері енгізіліп, оқытылды [1]. Осы мектепті бітірген қазақ жастарына — түлектерге Ресей империясына қызмет ету үшін мектепте өз тілінде оқуға мүмкіншілік жасалды. Болашақ қазақ билеушілерін орыс мəдениеті, оқу-тəрбиесі негізінде оқытып, Ресей империясына қызмет етуді міндеттеді. Оған қоса қазақ балаларын христиан дініне енгізу əрекетін осы мектептің оқу бағдарламасынан көреміз. Қазақ балаларының мұсылман мектебінде оқып келуі христиандық шоқындыру саясатының сəтсіз болуының бір себебі болды. Мұндай ұлттық рух, имандылық қазақ баласының бойында қалыптаспаса, бірден орыстық мəдениетті, орыстық рухтағы оқу тəрбиені сана-сезіміне, бойына қабылдар еді. Отарлау əкімшілігі интернаттағы қазақ балаларын орыстандырып, шоқындыруды күштеп, ашық жүргізуге əрекет жасады, бұл қазақ ата-аналар арасында наразылық тудырып, интернатқа балаларын оқуға жіберуден бас тартқызды [2]. Айта кететін басты жағдай — орыстандыруды, орыстық білімді, шоқындыруды балалар өз еркімен қабылдайтын болса, ата-аналар өз тарапынан ештеңе істей алмайтын еді.
ХVIII ғасыр басында ішкі жəне сыртқы саясатта білім мен ғылым саласын өз қолына алған өкіметтік мекемелер болған жоқ. 1782 жылы ІІ Екатерина өкіметі елде білім басқармасының барлығын бір органға біріктірді. Бұл үшін комиссия азаматтық жəне əскери білім жобасын жасаумен жəне оны енгізумен айналысты. Бұл комиссияның негізгі міндеті — жаңа білім жүйесін жасап шығару. Мемлекет тарапынан ХVIII ғасырда жасалған жоғарғы білім жүйесін құру əрекеті жетістіктер əкеле қойған жоқ. Өйткені жергілікті басшылар білім мен ғылым дамуына мəн бергенімен, оқу құралдары мен мұғалімдер жетіспеді [3]. Ең бірінші оқу орнында Сібір жəне Орынбор өлкесінің «бұратана» халықтарының балалары (қазақ, башқұрт, татар, бұрят, казак) пансионда жатып оқыды.
1758 жылы 1-ші Қазан гимназиясының негізі салынды [4]. Ол гимназияда шекаралас аймақтардағы ұлттар балаларына білім беру көзделді. Ресей империясының саясатын болашақта іске асыратын осы балалар деп білді. Олардың білім алуына жағдайлар жасалды, көптеген жеңілдіктер берілді. Ұлттарды бір орталыққа біріктіру, олардың арасында бір-бірімен ынтымақтастық, достық қарым-қатынастар қалыптастыру саясаты жүргізіле басталды. Халықтардың барлық мəдени
байланыстарын оқу орындары арқылы іске асырылмақшы болды. Ресей империясында барлық халықтың бірлігін сақтау, ұлттар арасында ынтымақтастықты, тұрақтылықты, ұлтаралық татулықты қамтамасыз ету ІІ Екатерина берік ұстанған басты саясат болды.
Ресейде орыс емес халықтар үшін мектепті құру əрекеті, ана тілінде оқыту, оқу орындар үшін ана тілдерінде оқулықтар мен оқу құралдары дайындау туралы ХVIII ғасырдың құжаттық деректері мұрағаттардан көптеп кездеседі. Ресейде тұрып жатқан «бұратана» халықтарға оқу мен білімді тарату тəсілдері туралы арнайы бөлім болған [5].
Барлық ұлттық мектептердің басты міндеті барлық орыс емес халықтарды орыс тіліне оқыту болды. Кейінірек орыс емес халықтар үшін көрсетілген шарттар мектептерде барлық заңдық актілерде сақталды [6]. ІІ Екатерина отарлап алған қазақ жерінде Ресей үлгісімен саяси, экономикалық-əлеуметтік жəне мəдениетті дамыту қажет деп есептеді. Осыған сəйкес Ресей империясы ағарту саласындағы реформасын жүргізгенде «бұратана» халықтарға бағытталған білім беру жүйесін жасауды да қолға алды. Бірақ «бұратана» халықтарға арналған білім беру саясаты кейбір жерлерде үстірт орындалды. Қазақ балаларының кез келген уақытта ана тілінде білім алуын толық оқу базасымен қамтамасыз етпеді.
Қазақ жерінде орыс-қазақ мектептері пайда болғаннан бастап оқыту ана тілінде жүргізілді, ана тілі оқу пəні ретінде оқылды. Қазақ тілі орыс алфавиті негізінде оқытылды. Қазақ мектептерінде ана тілінде жазылған оқулықтар пайдаланылды, оқу орындары үшін арнайы оқулықтар жазылды. Осы орыс-қазақ мектептерінде бірден тездетіліп дыбысты оқыту əдістері, жазу тəсілдері пайдаланылып оқытылды. Орыс-бұратаналар мектебінде ана тілінде оқытудың ерекшелігі болды. Əліппе мазмұнында көрнекілік болмады, сабақ барысында əр түрлі түстегі көрнекілік оқу құралдары өте сирек пайдаланылды. Орыс тілі жаттанды əдістермен оқытылды. Жалпы білім теориясы ғалым- педагогтардың басшылығымен жасалғанымен, бұл орыс-қазақ мектептерінің іс-əрекетіне оқытудың формалары мен əдістеріне жеткілікті ықпал еткен жоқ. Шындығында, орыс-қазақ мектептерінде «таза» аудару əдістерінің түрлері болған жоқ. Қазақ, татар, башқұрт, тағы басқа мектептерде мұғалімдер орыс тілін оқыту кезінде оқыту əдістерін пайдаланды, бірақ оларды тек көрнекілік аудармалар деп атаған дұрыс болады [7]. Патшалық Ресей отарлау саясатын «бұратана» халықтарда тезірек жүргізу үшін бірінші кезекте орыс тілін оқыту əдістері пайдаланды.
Қазақ балаларына орыс тілін үйретіп, орыс мəдениетімен таныстырып, орыстық рухтағы оқу- тəрбие беріп, орыстандыру саясатын бірте-бірте білім саласында кең тарата бастады.
Осы кезеңде тарихи процестерден белгілі қазақ жерлері Ресей империясының əлі де толық отарына айнала қойған жоқ еді. Сондықтан ІІ Екатерина Ресей империясының территориясын кеңейту, «бұратана» халықтарды тезірек отарына айналдыру үшін үлкен қадамдар жасады.
ІІ Екатерина Ресей империясында ағартушылық реформалар жасады. Ресейдің білім мен ғылым жүйесін еуропалық жаңа үлгіде құрды. ХVIII ғасырдың екінші жартысында ІІ Екатерина Ресей империясында «Жаңа еуропалық білім мен ғылым жүйесін» енгізіп, жаңа прогрестік (өрлеу) жолына қадамдар жасады. Соның бірі 1782 жылы «Училищелер мекемелері туралы» комиссиясының құрылуы. Оның ғылыми консультанты (ақылшысы) Австриядан келген сербтік əйгілі педагог жəне прогрессивті көзқарастағы адам Федор Иванович Янкович болды. Осы ғалымның басшылығымен жəне бірқатар университет профессорымен бірігіп, Ресейдің оқу орындарында білім беру жүйесі қалыптасты. Оған қоса мұғалімдер кадрларын даярлау жəне оқу-құралдарын, əдістемелер жасау ісі қолға алынды. Осыдан кейін «1786 жылы Ресей империясының халық училищесінің жарғысына» сəйкес əрбір губерниялар мен қалаларда бірден төрт кластық халық училищелері мен мектептерін аша бастады [8]. Осы кезеңнен бастап Ресей империясының өзі прогрессивті жаңа білім мен ғылым жүйесіне бет бұрды. ІІ Екатерина білім мен ғылым саласында реформа жасауына «еуропалық жаңа білім жүйесі» тікелей ықпал етті. ІІ Екатерина ағартушылық реформамен атақты Еуропа ғалымдарының басшылығымен Ресей империясында «еуропалық жаңа білім мен ғылымның» прогрессивті жүйесін жасады жəне оны жергілікті аймақтарда, губернияларға, қалаларға таратты. Сонымен қатар «бұратана» халықтар арасында «еуропалық жаңа білім жүйесіне» сəйкес білім жүйесін қалыптастыра бастады. «Еуропалық жаңа білім жүйесі» алғаш рет Ресей арқылы қазақ жерімен шекаралас губернияларда жүзеге аса бастады.
Содан патшалық Ресейдің ықпалымен жаңа білім жүйесінің алғашқы іргетастары қаланды, оны қазақ жеріне енгізуге алғашқы қадамдар жасалды. ІІ Екатерина «бұратана» халықтар арасында ағартушылық реформасын енгізіп қалыптастыруда төмендегі міндеттер қойылды:
- Ресей империясын отарлау саясатын, ұлттарға бағытталған саясатында, басқа да патшалардың саясатына қарағанда, ағартушылық отарлау жолын таңдау;
- ІІ Екатерина ХVIII ғасырдың екінші жартысында отарлау жолдарын ағартушылық арқылы қызмет ете отырып, отарланушы халықтар көңілін рухани байлық арқылы жаулап алу;
- Ресей империясының отарлау саясатын жүзеге асыратын оқыған қазақ жастарын дайындау;
- отарлаған халықтарды Ресей өз білім жүйесінің негізінде орысша оқып тəрбие алуға, əсіресе орыс-қазақ мектептерін, оның ішінде «бұратана» халықтарға бағытталған ерекше орыс тілін оқыту əдістерін жасау.
Енді қазақ жеріне ағартушылық реформасы арқылы енудің алғышарттарын туғызып, одан əрі қазақ жеріне енгізуге үлгермеген əрекеттері болды. Оның ең басты себебі — Ресей империясы отарлаған, қазақ елін саяси, экономикалық жəне мəдени, əскери салаларын дамыту үшін оқыған мамандардың болмауы. Ресей империясының барлық жерлерінде, губернияларында, əсіресе жаулап алған қазақ жеріндегі шекаралас губернияларда, орыс-қазақ мектептердің, орыс тілін оқытудың мемлекеттік деңгейде қажеттілігін тудырды. Сондықтан қазақтар үшін ашылған мектептер, оқу орындарында қазақ балаларын оқыту Ресейге қажет болды. ІІ Екатерина екінші басты идеясы — енді осы мектептерге, оқу орындарына қазақтарды тарту үшін өз ана тілінде оқып тəрбие алуына жағдай жасау, оған қоса қазақ халқына қызмет ете отырып, өзінің қажеттілігін жүзеге асыру. Осы туындаған қажеттіліктерге қазақ балаларын ынталандырып, маман кадрлар болып шығуына жағдай жасаған. Нəтижесінде осы даярлаған маман кадрлар Ресей империясының отарлау саясатына қызмет ететінін жақсы білген. Өйткені даярлаған мамандар — орыстық рухта оқу-тəрбие алған қазақ жастары өз еліндегі саяси, экономикалық, əлеуметтік жəне мəдениет дамыту үшін қызмет атқарып, Ресей империясының мемлекеттік саясатына сəйкес жүзеге асыратынын өте түсінген. Оған қоса қазақ халқының арасынан шыққан қазақ жастары арқылы отарлау саясатын жүзеге асырып, оған қоса білім беру жүйесін насихаттау қажет болды. Ресей империясы үшін отарлау саясатын қазақ жастары арқылы іске асыру оңай болатын. Сондықтан қазақ балаларын оқытуға қажеттілік туып, білім беруге Ресейдің құлшынысы жоғары болды. Ресей империясының «бұратана» халықтарға бағытталған білім беру саясатын қалыптастырудағы басты себеп — Ресей империясының қажеттілігінен туындаған мəселелер (проблемалар) деп түсіну тарихи шындық.
ХVIII ғасырдың екінші жартысында ІІ Екатерина ағартушылық реформа нəтижесінде «жаңа еуропалық жүйесін» Ресей империясы жаулап алған қазақ жеріндегі губернияларда қазақ тіліндегі мектептерде жүзеге асырумен шектеліп, өз нəтижелерін бергенін айтқан жөн. ІІ Екатерина ағартушылық реформасы нəтижесінде білім саласының көптеген өзекті мəселелері шешілген. Алғаш рет қазақ халқына бағытталған білім беру саясаты жүзеге асырылған. ІІ Екатерина білім саласындағы реформалары Бөкей Ордасындағы мұсылмандық білімнің дамуына өз ықпалын тигізді. Өйткені патшалық Ресейдегі «бұратана» халықтарға, оның ішінде қазақ халқына бағытталған мешіт жанындағы мұсылман мектептері мен медреселер құрудағы ІІ Екатерина идеялары Жəңгір ханның мұсылмандық білім саласының жаңа тенденциядағы мектептерді құрына əсер етті. Осы кезде оқу базасын нығайту үшін ІІ Екатерина жарғылары шығып, жобалар жасалынды. Оған қоса патшалық Ресейде ІІ Екатерина басшылығымен жаңа еуропалық сыныптық жүйе енгізіліп, қазақ жерімен шекаралас Ресей губернияларында, Орынборда, Омбыда, тағы басқа қалаларда қазақ балаларын оқыту ісі ұйымдастырылды.
Бұл оқу орындарында қазақ балалары қазақша оқып, білім алды. Қазақ тіліндегі оқулықтар, оқу құралдар, көрнекілік құралдар Қазан қаласында шығарылды. Сондықтан Жəңгір ханның Бөкей Ордасындағы алғашқы сыныптық қазақ-орыс мектептердің құрлуына, одан əрі дамуына ІІ Екатерина жаңа еуропалық үлгідегі мектеп пен училищелердің даму процесіне сүйеніп жасалды. Осыдан ІІ Екатерина ағартушылық реформасының нəтижелері Бөкей Ордасындағы ұлттық білім жүйесінің дамуының алғышарттарының бірі деп айта аламыз (сур. қара).
Қорыта келе, патшалық Ресейдің «бұратана» халықтарға бағытталған білім беру саясаты оларға екі бағыттағы білім беруді көздеді. Бірінші бағыты — оларға діни білім беру. Бірақ ағарту саласының бұл бағыты негізінен шығыстағы шеткері аймақтардағы халықтардың өз бастамасымен, өз қаржысымен іске асырылды. Мұсылмандық-діни білім беруде патша үкіметіне қарағанда мұсылман дін басылары, мұсылман қауымы көп мүдделі болды.
Патшалық Ресей шығыстағы «бұратана» халықтар үшін арнайы училищелер ашты. Оларда оқыту процесі Ресейдің өзінің ішкі аймақтарында ұйымдастырылған төменгі деревнялық училищелер мен төменгі қалалық училищелердің бағдарламарына сəйкес ұйымдастырылды. Сол оқу орындарын ұйымдастыру тəжірибесі кейіннен Қазақстанның өзінің ішінде мектептер ашқанда кеңінен пайдаланылды.
Əдебиеттер тізімі
- Тоскужина А.Б. Развитие города Омска как центра политических хозяйственных и культурных отношений в Степном крае: Дис. ... канд. ист. наук. — Алматы, 1997. — С.
- Павлова Г.Е. Организация науки в России. — М.: Наука, 1990. — С. 17–19.
- Владимиров В. Историческая записка 1-й Казанской гимназии. — Казань: Университет, 1867. — С.
- Очерки истории СССР: ХVIII век. — М.: Наука, 1962. — С. 256–257.
- ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты. — 4 қ. — 1 оп. — 42-іс. — 103–105-б.
- Блармберг И.Ф. Военно-статистическое обозрение земли киргиз-кайсаков внутренней Букеевской и Зауральской(Малой) Орды. — Оренбург: Наука, 1848. — C. 25.
- Ақтаев С. Фатима тоташ // Ақиқат. — 1998. — № 10. — 72-б.
- Машимбаев С.М. Казахско-русские связи в первой половине ХІХ века (на материалах младшего жуза): Дис. ... канд. ист. наук. — Алма-Ата, 1985. — С.