Қазіргі жағдайда оқушылар экономикалық ғылым негіздерінің жеткілікті аяқталған жəне қорытылған түрде қоғам өмірі мен өндіріске кірісуге көмек беретін немесе жоғарғы білім алу үшін негіз болатын білімді меңгеру керек. Олар өмірдің əлеуметтік-экономикалық сұраныстарын, өз қызығуларын тану талпынысын жəне мүмкіндігін, қоғамдық əрекеттенуіне жеткілікті түрде еркін бағдар алуы тиіс [1].
Оқушы жастарға экономикалық білім берудің маңыздылығы мемлекеттік «Білім» бағдарламасында атап көрсетілген. Онда «Бағдарлама... балалар мен жастарға экономикалық, экологиялық, құқықтық, азаматтық білім беру жөніндегі қазіргі заманғы оқу бағдарламаларын енгізу арқылы білім берудің мазмұнын жаңартуға жəрдемін тигізеді» делінген. Яғни бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі — оқушы жастарға экономикалық білім беруді жандандыра түсу болып отыр. Оқушыларға экономикалық білім беру — қазіргі кездегі кешенді мəселелердің бірі. Сондықтан оларды халық шаруашылығының əр түрлі салаларында жұмыс істей білуге үйрету үшін экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық білімдермен қаруландыру керек [2].
Кəсіптік мектепте экономика дүниежүзілік көзқарастық сипатқа ие болуы қажет, осы кезде оқушыда өмірдің жəне қоғамның осы жақтарының негізгі заңды өлшемдер түсінігі қалыптасуы тиіс.
Экономика — қоғам туралы ғылым, қоғамдық қатынастардың барлық тəртібіндегі саясат жəне саяси, азаматтық тəрбиеден алыс емес. Кəсіптік мектепте экономикалық білім берудің негізгі тəрбиелік қызметі — жастардың экономикалық психологиясын, əлеуметтік-экономикалық құндылыққа көзқарастар, отбасында жəне жұмыста экономикалық мінез-құлық нормалары мен ережелерін болымды жəне болымсыз, экономикалық əсерлер туралы көзқарастар жүйесін қалыптастыру. Экономикалық білім теориясы қоғам өмірінің материалдық негіздерін түсінуге, қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай оқушылардың экономикалық ойлауын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осының негізінде оқушылар қоғамның əлеуметтік-экономикалық дамуындағы адамның шешуші ролін ұғынып, қоғам мен жеке адам мүддесі үшін, қоғамдық өндіріс пен еңбекке жаңа көзқарастарды қалыптастыруы керек.
Кəсіптік мектепте экономикалық білім беру — қазіргі ауылшаруашылық жəне кəсіпорын өндірісінде экономикалық міндеттерді шешуде белсенді қатысатын оқушылардың экономикалық білім, іскерлік, дағдысының сапалы ерекшелігіне, олардың политехникалық дайындығына, қазіргі өндірістің, техниканың, технологияның ғылыми негіздері бойынша білім деңгейіне байланысты. Оқушының еңбекті қажетсінуін, еңбексүйгіштігін, қоғамдық еңбектегі белсенділігін, саналы еңбек тəртібін жəне басқа да моральдық сапаларын қалыптастыру мақсатында берілетін білім. Міне, осы экономикалық білімді қалыптастыру мына факторларға тəуелді: тəрбие мақсаты; мемлекеттің экономикалық саясаты, тарихи кезеңде жəне болашақта ауыл шаруашылығының алдында тұрған міндетіне; оқушыға экономикалық білім беру жүйесіне; оқушының жас ерекшелігі мен қызығушылығына, бейімділіктеріне; мектептің бастапқы жəне орта кəсіптік білім беру мекемелерінің материалдық базасына педагогтың шеберлігімен экономикалық біліміне; қоғам өмірі мен тəрбие процесінің өзара байланысына [3].
Осыған байланысты кəсіптік мектеп оқушыларына экономикалық білім берудің қажеттігін анықтайтын үш себеп бар:
- оқушының əлеуметтік-тұлғалы дамуы, яғни руханилығын, өнегелі экономикалық қасиеттерді қалыптастыру, өмірдегі көптеген мəселелерді шешуді анықтайтын тұлғалық ресурстарды, мотивтерді дамыту. Сонымен қатар əлеуметтік-экономикалық əрекеттің əр түрлі түрлеріне дайындығының бара-бар бағасын, өзін-өзі танудың қажеттілігін дамыту;
- тұлғаны шаруашылық қатынасқа тəрбиелеу, яғни макрожəне микроэкономикада жүретін мəселелерді бағдарлайтын бастық, меншік иесі, тұтынушы ретінде, жанұя экономикасын жоспарлауда, шаруашылық сұрақтарды қарастыруда сауатты жəне дəлелді шешім қабылдай білетін адамды тəрбиелеу;
- адамдардың азаматтылығы, яғни демократиялық мемлекеттің азаматы экономикалық процестердің бірізділігін көре білу, қоғамдық сұрақтарды шешуге əсер ететін өз көзқарасын саналы ойлау жəне қорғау [4].
Кəсіптік мектептерге оқушылар жалпы білім беретін мектеп қабырғасынан экономикалық білімдері қалыптасып келеді. Мұнда жалпы білім беретін мектептерде экономикалық білім бастауыш мектепте: экономикалық білім алуға дайындық, пəнаралық байланыс жəне сабақтан тыс жұмыстар негізінде оқытылады. Негізгі мектептерде: пəнаралық байланыс, факультативтік сабақтар, сабақтан тыс жұмыстар, экономикалық білім негіздері сабақтарында оқытылады. Бағдарлы мектептерде, мысалы, математикалық, гуманитарлық; жаратылыстану, математикалық мектептерде əрбір циклдар бойынша оқытылады. Ал кəсіптік мектептерде кəсіптік бағдарға сай кəсіби мамандыққа қатысты оқытылады [5].
Оқушыларға экономиканы оқыту экономикалық мəдениет деңгейінің өсуіне, өз кезегінде, оқушының өмірлік жетістікке жету мүмкіндігін көтереді, азаматтық белсенділік жəне жəне азаматтық ұстанымды иемденуге мүмкіндік береді, оның қолдану көкжиегін кеңейтеді, жоғары жəне тұрақты табысқа жетуге мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде экономика негізін оқыту өте қиын емес сияқты. Жаңа жəне қызықты мағлұматтар баршылық. Экономиканы оқыту мəселесі Қазақстанның дамуы үшін ұстанымы тұрақты маңызы бар жаңа менталитетті қалыптастыратын өмірді қамтамасыз етудің негізін құраушы ең қажеттісін, мəндісін іріктеумен айқындалады. Осыған байланысты оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында осы жағдайларды қарастыруға болады.
Қазіргі жағдайда оқушылар экономикалық ғылым негіздерінің жеткілікті аяқталған жəне қорытылған түрде қоғам өмірі мен өндіріске кірісуге көмек беретін немесе жоғарғы білім алу үшін негіз болатын білімді меңгеру керек. Олар өмірдің əлеуметтік-экономикалық сұраныстарын, өз қызығуларын, тану талпынысын жəне мүмкіндігін, қоғамдық əрекеттенуіне жеткілікті түрде еркін бағдар алуы тиіс [6].
Кəсіптік мектепте экономика дүниежүзілік көзқарастық сипатқа ие болуы қажет, осы кезде оқушыларда өмірдің жəне қоғамның осы жақтарының негізгі заңды өлшемдер түсінігі қалыптасуы тиіс.
Бүгінгі таңда білім беру қызметкерлерінің алдында дайын білімді, дағдыларды меңгерген жəне оны қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл міндет оқушы шығармашылығын дамытудың маңызды мəселе екендігін дəлелдейді.
Ғылыми əдебиеттерде шығармашылық түсінігі жаңа өзіндік нəрсенің жасауымен байланыстырып, көшірмелік іс-əрекетке қарсы қойылады. Кейбір деректерде «шығармашылық қоғамдық құбылыс» деп қарастырылған.
Оқушылардың шығармашылық қызметі туралы мəселе көне заманнан бастау алады. Сократтың өзі-ақ оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділігі мен іздемпаздық шығармашылығын, арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен. Архимед белгілі əдіс — эвристикалық əдісті геометриялық фигуралар мен денелердің беттерінің ауданы мен көлемдерін есептеуге қолданған.
Оқушының шығармашылық қызметі — жалпы психологиялық жағдайына байланысты қажеттілік, келесі кезде себеп-салдарға, ыңғайға байланысты, қызығушылыққа жəне сенімге, есте сақтауды қалпына келтіретін бұрынғы білім, білік, дағдыға өзінің дербес жəне ортаның іс-тəжірибесі. Оқыту процесінде кəсіптік мектеп оқушыларын аудиториялық сабақтан тыс өз бетіндік жұмыстар арқылы ойлануға үйрететін шығармашылық дидакт ғалымдары (М.Жұмабаев, М.Дулатов, А.К.Көбесов, тағы басқалар) мазмұнды еңбектерінде кеңінен танылған.
Қазіргі кезде ғылым мен техникалық даму деңгейі əрбір оқушыда сапалы жəне терең білім мен іскерліктерінің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді.
Экономиканы оқытудың негізгі мақсаты арнайы педагогикалық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады. Оқушылар əдеттегінше оқыту барысында алдымен білім алады. Содан соң оны қолдану əрі қарай шығармашылыққа үйлеседі. Оқытудың эвристикалық технологиясын пайдаланып, экономикалық ұғымды, экономикалық мазмұнды есептерде кездесетін проблемаларды шешіп, жеке нəтижелерді жалпылап қорытынды жасауға (гипотеза, формула құрастыруға, мазмұнды есептің тиімді тəсілін ойлап табуға) жетелеу керек. «Экономикалық білім негіздері», «Кəсіпкерлік» т.б тақырыптары бойынша кəсіптік мектеп оқушыларына шығармашылық жұмыстарын бір-бірімен алмасып, қорытынды жасап отырады. Кəсіптік мектеп оқушыларының жауаптарына талдау жасай отырып, білімге деген көңіл-күйін, оқу түрткісін, жеке икемділігін айқындауға болады. Кəсіптік мектеп оқушыларының шығармашылық ізденістерінің деңгейін көтеру процесін төрт кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезеңде мұғалім оқушыға қарапайым таным, экономикалық ұғымдарды таныстырады.
Сонымен қатар оқушыны өз бетімен жұмыс істеуге баулуы керек.
Екінші кезеңде мұғалім өтілетін тақырыпты қолайлы, тиімді тəсілдер арқылы түсіндіру қажет. Үшінші кезеңде оқушыға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Оқушылар өз жұмысына талдау жа-
сап, қателіктерді болдырмау үшін алдағы жұмысына жоспар құра білуді үйрену керек.
Төртінші кезеңде оқушы жұмысында шығармашылық іздемпаздық мағына алады. Мұнда оқушының танымдық қызығушылығы, қажеттілігі, кəсіби бағдары жетіледі.
Экономиканы оқытуда кəсіптік мектеп оқушыларының шығармашылық іскерлігін қалыптастыру мынадай компоненттерден тұрады.
Себеп-салдар компоненті экономика пəніне қызығушылық, құмарлық, шығармашылық қабілетті бағалау, бірінші болып оындау, дербестікке ұмтылып, жақсы баға алуға ұмтылу жəне ішкі қайшылықтардан тұрады.
Интеллектуалдық логикалық компоненті: материалды жалпылау, қысқаша тұжырымдау, тура жəне керісінше ойлау, сан мен таңбаларды өзгерту, логикалық ойды бөліктеу, тізбектеу, бір ойдан екінші ойға ауысу, кеңістікті елестету, есте сақтау, абстракциялау, салыстыру мен аналогия, дəлелдеу, пайымдау жəне т.б. тұрады.
Білімнің мазмұндық компоненті: нормативтік білім, жартылай нормативті, стандарттан жоғары білімнен құралады.
Амалдық (білік) компонент: жай есептеу, талдай білу, синтездеу, күрделі түрлендірулер жасай білуден тұрады.
Оқушының көңіл-күйі мен сезім компоненті: ой, ой ағыны, қиялдау, кемелденіп өздігінен келетін ой, сезім, көңіл-күй, шабыт, оқушының ойлау проценде болып жатқан қайшылықтарға сəйкес белсенділігінен тұрады.
Ауылдық кəсіптік мектепте экономикалық білім беруді ұйымдастыру формалары əр түрлі болуы мүмкін: сынып сағаты, басқа оқу пəндермен байланыстырылған сабақ (математика, тарих, технология т.б.), сыныптан тыс шаралар, қосымша сабақ, үйірмелер, арнайы курстар, міндетті оқу пəні.
Ауылдық кəсіптік мектеп оқушыларын экономикалық дайындау, экономикалық білім берудің негізгі мақсаттарына жетуге көп пайдасын тигізеді. Нарықты экономикалық процестерге бейімделу дəрежесі көбінесе ойлау қабілетіне жəне жүйелі біліміне байланысты [7].
Осы көрсетілген əр деңгей бойынша, ауылдық кəсіптік мектеп оқушылары «Нарықтық экономика негіздері» пəні бойынша төменде көрсетілген білімдерді алып шығуы керек:
- экономика ғылымының негізгі даму кезеңдерін, олармен байланысты ғалымдардың аттарын атау; экономикалық категорияларды сипаттай білу, мысалдар келтіре білу; экономикалық жүйеге анықтама беру жəне оны құрайтын элементтерді атау; экономикалық жүйеннің əр түрлі типтерін сипаттай білу; экономикалық өсудің түрлерін жəне ережесін білу, экономиканың жағдайын бағалайтын негізгі көрсеткіштерді атау;
- негізгі экономикалық институттарды атау, нарықта бағаны қалыптастыру процесін түсіну, тепе-теңдіктің өзгеруін, бағаны мемлекетік реттеудің себебі жəне салдарын талдау; нарықта бағаны қалыптастырудың ерекшелігін білу; нарықты қоғамдық құрылым ретінде бейнелей білу, сатушы мен сатып алушының келісімінің нəтижесін анықтау;
- үй шаруашылығындағы экономикалық функцияларды анықтау; үй шарушылығының мақсатын, қоғамдық шаруашылықтағы орнын анықтай білу; үй шаруашылығындағы кіріс пен шығыстың негізгі көздерін көрсете білу; үй шаруашылығы жағынан табиғатты ластау көздерін, ластануға байланысты қажетті шығындарды көрсету; үй шаруашылығын қоғамдық шаруашылықтың бір бөлігі ретінде көрсету, жанұялық бюджетті талдау жəне жоспарлау, жанұялық қасиет — қосымша кірістің келуін бағалау;
- тұтынуды экономиканың категориясы ретінде түсіну, тұтынушының суверенитетін жəне оған жетудің шарттарын анықтау; тұтыну құрылымын түсіндіру, қасиеттілікті қалыптастырудың факторын бағалау;
- кəсіпорын мақсатын білу; кəсіпорын қызметінің тиімділігін есептей жəне түсіне білу; кəсіпорын қызметінің нəтижесін бағалай білу; кəсіпорынды, оның мақсатын жəне қоғамдық өмірдегі орнын анықтай білу, кəсіпорынды қызмет түріне байланысты бөлу; кəсіпорын бөлімдерін білу (цех, бөлім, филиал), алғашқы капиталды қаржыландыру, кəсіпорынның ұйымдастыру формаларын айыра білу, қабылданған шешімге байланысты жауапкершілік пен пайданы білу, еңбек жəне басқа да төлемдерге ақы төлеудің формаларын ұғыну, жалақыны бөлу, кəсіпорын алдында мемлекетке жауапкершілігін көрсету, мемлекет алдында кəсіпорын қандай міндет атқарады; кəсіпорынның қоршаған ортаны ластау көздерін анықтау [8];
- шығынның негізгі топтарын білу, кəсіпорын қызметінің нəтижесін есептеу, экономикалық жəне бухгалтериялық шығынды ажырату; кіріс көлемін бағалай білу, яғни бағаны қалыптастырудың принциптерін білу, шығын жəне нəтиже негізінде кəсіпорын мəселесін талдау, кəсіпорын тиімділігін арттыру үшін жеке жəне жалпы көрсеткіштерді сипаттау, көрсеткіштер негізінде талдау жасау;
- капиталдың алғашқы жинақталу тарихын жəне принциптерін түсіну;
- қандай да бір экономикалық қызмет негізінде экономиканың негізгі мəселелерін көресете білу; экономика жағдайының өзгеру себебін түсіндіру, экономикалық өсудің артықшылығын көру жəне өсудің факторларын түсіндіру, экономикалық жүйенің пайда болуын түсіну, факторлы материалдарда экономикалық институттарда көрсете білу, экономикалық шешім қабылдау үшін олардың мағынасын талдау [9];
- категориялардың логикалық өзара байланыстарын көрсету;
- ақшаны тағайындау жəне олардың формасын атау, экономиканы қалай ақша қамтамасыз ететінін, ақша айналымы нені көрсететінін, экономика үшін ақша айналымының бұзылуы қандай салдар əкелетінін түсіну, қандай институттар ақшаны реттейді жəне оны қалай жасайтынын білу; ақшаның тепе-теңдік жағдайын жəне оның бұзылуын талдау, экономика жағдайына ақшаның əсерін көрсету, арзан тауар қоршаған ортаны ластау, инвестицияның жоқ болуы, қоршаған ортаны ластау байланысын көру.
Сонымен, оқушылардың өз бетінше танымдық іс-əрекетті қабылдау, түрлендіру жəне шығармашылық сияқты қабілеттіліктерінің жиынтығынан тұрады. Осылардың ішінде шығармашылық қабілет басты орынға ие жəне ол оқушының іс-əрекетке деген қызығушылығымен, қабілеттілігімен ұштастырылады. Сондықтан тереңдетіп білім беру үрдісіндегі шығармашылық іскерлік деп оқушының жаңа тəсілдерді үйреніп, оны практикада тапқырлықпен жүзеге асыратын іс-əрекеттерін түсінеміз.
Шығармашылық жұмысқа икемделуі баланы салғырттықтан, жалқаулықтан алыстатады. Ұлы Абайдың «талап, еңбек, терең ойдың» осы істерден басталатындығын, «еріншек, бекер мал шашпақтың» да қайдан болатындығын түсініп өседі. Оқушы қиялының ұшқырлығы туралы, олардың кейбір үлкендер байқамаған күнделікті нəрселерді аңғарғыштықтары туралы біз білеміз. Баланың қиялын шыңдап, үлкен адам болып шығуына ұстазы мен ата-анасының рөлі үлкен екенін нақтылай түседі.
Əдебиеттер тізімі
- Сатыбалдин С.С. Жалпы білім беретін мектептерде экономикалық білім беру бағдарламасы // Қазақстан мектебі. — 2001. — № 6. — 15–20-б.
- Кəсіпкерлік қызметке баулу — өзекті мəселе // Қазақстан мектебі. — 2001. — № 7. — 21–23-б.
- Ағанина Қ., Арын Е.М. т.б. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына экономикалық білім беру тұжырымдамасы //Қазақстан мектебі. — 2001. — № 2. — 14–17-б.
- Землянская Е.С. С чего начинается экономика? // Народное образование. — 2002. — № 10. — С. 28–30.
- Ағанина Қ. Оқушыларға экономикалық білім беру жүйесі: əдіснамасы, теориясы. — Алматы: Ғылым, 2002. — 210-б.
- Ағанина Қ.Ж. Жеке тұлғаны қалыптастыруда экономикалық білімнің мəні: Халықарал. ғыл.-практ. конф. материалдары. — Алматы: АЛМУ, 2001. — 171–173-б.
- Аганина К.Ж., Хамитова З. Проблемы экономического образования школьников: Материалы науч.-практ. конф. —Алматы: Индустриально-педагогическая академия. — 2003. — С. 118.
- Любимо Л.Л., Липсиц И.В. и др. Концепция экономического образования в школе // Рос. экон. журн. — — № 8.С. 125–130.
- Васильев Ю.К. Экономическое образование и воспитание учащихся. — М.: Высш. шк., 1983. — С.