Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына этнокөркемдік білім берудің маңыздылығы

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, ұрпақ тəрбиелеу. Өйткені қоғамның алға басуы көп ретте бүгінгі ұрпақтың қандай дəрежеде білім алып, тəрбиеленуіне тікелей байланысты.

Елбасы Н.Ə.Назарбаев Ұлттық Кеңестің мəжілісінде жасаған баяндамасында (2003 ж.): «Мəдени мұраларымызды жүйелеп, оларды қалпына келтіру, сақтау, одан əрі дамыту ісіне кең көлемде білек түре кірісетін кез келді. Ұлттық мəдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманат ету — «Мəдени мұра» бағдарламасының басты мақсаты болуы тиіс,» — деп, болашақ жас ұрпақты тəрбиелеуде қазақ халқының ғасырлар бойы жинақталған аса бай мəдени мұрасы мүмкіндігінің жоғары екендігіне айрықша назар аударады.

Демек, жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде ұлттық құндылықтарымыздың тəлім- тəрбиелік, білімдік, танымдық маңызы зор.

Халқымыздың атадан балаға ғасырлар бойы там-тұмдап жинақтаған рухани қазынасы тоталитарлық кезең əсерінен күйзеліске түсіп, тоқырады. Осы жағдай өскелең ұрпақтың өз халқының этноəлеуметтік жəне этномəдени құндылықтарынан ажырап қалуына қатты əсер етті. Мектеп қабырғасында жүрген кезеңнен бастап жас жеткіншектердің өз халқының бай мұраларын қастерлеп сақтауы — елдігіміз бен егемендігіміздің негізгі өлшемі.

Қоғамды ізгілендіру, демократиялық ағарту, этномəдени білім беру, гуманитарлық пəндерді жетекші деңгейге көтеру міндеттері Қазақстан Республикасының Гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында өте орынды қойылған. Əсіресе отбасындағы, əулеттегі, мектепке дейінгі тəрбие, бастауыш, орта, арнаулы орта білім беру кезеңдеріндегі оқу-тəрбие үрдістерін ізгілендіруге аса мəн берілген.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің міндеттері: ... азаматтық пен өз Отаны — Қазақстан Республикасын шексіз сүйюге, мемлекеттік рəміздерді құрметтеуге, халық дəстүрлерін қастерлеуге,... əлемдік жəне отандық мəдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, əдет-ғұрпы мен дəстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру», — делінген.

Қазіргі кезде халқымыздың тарихи мұраларының қалыптасуы мен дамуын жəне оның негізгі бағыттары туралы зерттеу мəселелері жөнінде жалпы ойларды жинақтауға кең мүмкіншіліктер бар. Ұлттық өнердің тарихы — халық тарихының ең маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Онда ғылыми таным процесі мен халықтың шығармашылық ізденістері, ұлттық ойлау жүйесі орын тапқан. Халқымыздың ұлттық өнерінде тарихты жан-жақты түсіну үшін үлкен негіз жəне əдіснамалық құрал боларлықтай мазмұн бар. Ол қоғамдық сананың басқада түрлерімен тығыз байланысты.

Сондықтан біз жалпы білім беретін қазақ мектептерінің тəжірибелерін зерттеу кезінде мұғалімдер практикасында оқушыларға ұлттық тəрбие беру жайы төмен деңгейде екенін, өйткені олардың ол мəселе бойынша теориялық білімдері, практикалық іскерліктері мен дағдылары жетіспейтінін көрдік. Олай болу себебі, кеңестік дəуірде Қазақстанда қазақтың ұлттық мектебі дамыған жоқ, мектептер қазақ орта мектебі деп аталғанымен ондағы оқу-тəрбие жұмысының бағдарламалары, оқу жəне əдістемелік құралдары ұлттық тəрбиенің ерекшеліктерімен санаспаған орыс тіліндегі аудармасы арқылы жүзеге асырылды. Ал педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдер оқушыларға ұлттық тəрбие беруге даярланбады.

Осыған орай халқымыздың сан ғасырлық рухани мұрасын, əсіресе оның тілін, тарихын, əдет- ғұрпын, салт-дəстүрін, тəрбиесін, этностың тұлғасын қалыптастыратын мəселелер ғылыми-теориялық тұрғыдан талданып, зерделеуді қажет етеді [1].

Жалпы өнер дегеніміз — шындықты көркемдік бейне арқылы көрсететін, əлемді эстетикалық игерудің маңызды тəсілінің бірі болып саналатын қоғамдық сананың арнайы формасы мен адамның шығармашылық əрекеті. Өнер сұлулық заңы бойынша қоршаған орта мен өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан өзгерту қабілеттерін қалыптастыру мен дамыту мақсаты, қоғам адамның болмысы рухани меңгерудің түрі. Өнер өзінің тарихи дамуы барысында нақты өнер түрінде шынайы өмірдің көпқырлылығын бар байлығымен көрсете алатын жүйе ретінде дамиды. Өнер бір рет пайда болғаннан кейін дами отырып, адамның əр жақты қабілетін қалыптастырады, жетілдіреді, əлеуметтік іс-əрекеттер мен танымын кез келген саласында — ғылымда болсын, саясатта болсын, тұрмыста жəне тікелей еңбекте де іске асырылады.

Ұлттық бейнелеу өнеріміздің басты мақсаты — ата мұрамыздың рухани дəстүріне терең бойлап, қазақ өнерінің қоғамдық өркениетке тұяқ іліктіруінің қамын ойлауда жатыр.

Тарихта «Адасқан ұлдың оралуы» сияқты əйгілі қылқалам шебері Харменс ван Рейн Рембрандттың сəтімен полотноға түсірілген шығармасы бар емес пе, дəл солай ұлттық өнеріміздің тарихи дəстүрі де қайтып оралады.

Мəдениеті қалыптасқан іргелі ел болу үшін де қазақ халқы, алдымен, өз өнерінің тарихы тереңіне бойлап, тұнып тұрған өнер мұрасының құндылығы мен маңыздылығын танып, əлемге шын тұлғасын ашып көрсете білуі керек.

Ұлттық өнерді дамыту саласын кеңейтуді, ең алдымен, халқымыздың салт-сана, əдет- ғұрыптарымен, мəдени-тарихи дəстүрімен ұштастырып отырсақ, көздеген мақсатымызға жетеміз деп ойлаймыз. Өйткені ұлттық өнердің көсегесін көгертіп, халықтың дəстүрлі жаңарту ісі өз алдына оқшау тұрған нəрсе емес, тарихи-мəдени үрдіспен біте қайнаса келіп, нақты тұрмыстық-əлеуметтік ортамен келгенде, дəл қазіргі кезеңде дамып келе жатқан рухани мұрамыздың ұлттық өнермен етене сабақтасып жатқанын сезінуге тиіспіз.

Ал ұлттық бейнелеу өнерін əлемдік өркениет деңгейіне көтеру үшін, біздің ойымызша, оқушыларды ұлттық өнерге тəрбиелеу аса маңызды [2].

Осыған орай этникалық мəдениеті ұрпаққа жеткізуде этнокөркемдік білім берудің маңызы жөнінде отандық ғалымдарымыздың зерттеулерінен мынадай ойларды түйіндеуге болады: дəстүрлі мəдениеттің маңызы оның эстетикалық, адамгершілік қасиетін арттыру, ал, екінші жағынан, жастардың еліне сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін арттырады; ұлттың сана-сезім компоненттері қалыптасуының алғышарттарын құрайды; жеке тұлға өзімен өз қоғамы туралы түсінігін, ұлттық ерекшеліктер мен өзін ұқсатады, жеке тұлғаның эмоциялы-этникалық қалыбы, ұлттық құндылықтары, қалыптасады.

Түсіну əрі оларға сапалы көзқарасы, жеке тұлғаның этникалық байланысқа этнос арқылы əрекет жасауы; ұлттық мəдениеті адамзатың жан-жақты дамуына мүмкіндік береді əрі əр халықтың өткен тарихи ізгі бастауларын іздейді.

«Этнокөркемдік білім беру» ұғымының мəнін анықтау үшін біздің зерттеуімізге арқау болған бірнеше ғалымдардың этносқа байланысты зерттеген еңбектерін қарастырдық.

Л.Н.Гумилевтің айтуы бойынша, этностың пайда болуы пассионарлық дүмпуден басталып, соның күші жойылғанша этнос ішіндегі пассионарийлер мен субпассионарийлердің күресінен, текетіресінен құралып, ғасырлар бойы созылып, этностың құруымен аяқталады. Ол дүмпу — пассионарий адамдардың əрекеті, ондай адамдар этностың гүлденуін қамтамасыз етеді. Бастапқыда олар бастаған этнос соғысып, бабаларымыздың айтуынша, «тізесі барды бүктіріп, басы барды игізіп», өзін танытып, өміріне қажетті кеңістік, жер, ландшафт иемденіп, соның қожасы болады. Сол жерде тұрып, дамып, гүлдеп, мəдениеті шарықтап, толастайды. Заман өте этностың пассионарийлері азайып, субпассионарийлері көбейіп, ол əлсіреп, рухани азайып, мəдени тозып, жоқ болады. Ал адамзат тарихы одан əрі жалғаса береді.

Біздің зерттеуімізге негіз болған Л.Н.Гумилевтің этнос теориясын түйіндейтін болсақ, ұлттың қалыптасуының, дамуының өзара байланысты, үйлесімді сатылары, көптеген жылдарға созылады. Дамудың жаңа кезеңі келесі пассионарлық күштің əсерінен болады. Бұл жерде жаңа пассионарлық популяция пайда болады. Ол ескі этносты жоймайды, керісінше, этногенездік процестің дамуына жол ашатын жаңа ұлт өкілін, яғни этнос субъектісін, дүниеге əкеледі.

Сондықтан жоғарыдағы қарастырылған мəселелер бойынша мына сенімді ой-тұжырымдарға келуге болады деп ойлаймыз: ұлтаралық қарым-қатынастар тұсында этностардың кірігуі, сіңісуі, этностың ыдырауы, жойылуы немесе жою процестері елеусіз жүріп жатады. Қоғамдық, əлеуметтік, саяси ықпалдардың салдарынан мұндай процестердің даму қарқыны жылдамдап не бəсеңдеп отырады. Ол ең алдымен этнос өкілінің өзіне тəн ұлттық белгілеріне (туған тілі, туған тарихы, мəдениеті) ие болуына байланысты болады.

Ю.В.Бромлейдің ілімі көптеген этнос теорияларының ішінен, өзінің көп мағыналығымен жəне мұқият талдауымен ерекшеленеді. Біз үшін ғалымның этностың дуалистік табиғаты жөніндегі идеясы аса құнды. Этностың дуалистік табиғаты жөніндегі идеясының бастамасы мынада этнос тар мағынада «этникос», кең мағынада — «этноəлеуметтік организм» (ЭƏО) деген ұғымға ие болады.

Əрбір ересек адам, қай жерде жүргеніне қарамастан, қандай да бір этносқа жатады: кейде оның негізгі өзегін құраса, кейде оның «елеусіз» бөлігіне енеді. Осының нəтижесінде адамзат кез келген мезгілде «этникостар» жиынтығы болып табылады [3]. Мысалы, белгілі бір себептермен кезінде өз ата жұртынан басқа (Монғолия, Қытай, Франция, Германия, Түркия) елге қоныс аударған қазақтар. Біздің зерттеуіміз үшін бұл теорияның маңыздысы, қандастармыз жер шарының қай жерінде жүрсе де өзінің тілін, тарихын, мəдениетін сақтап қалып, өз отанына оралуды мақсат етіп отыр.

Біз зерттейтін мəселе тұрғысынан алғанда, этнос субъектісін қалыптастыруда «əрбір адам ұлттың этникалық сипаттарына жататын жəне соған сай этникалық сана-сезімде көрініс беретін мəдениеттің, тілдің, мінез-құлықтың, тарихи тағдырдың, т.б. жалпылығын бірдей бөлісіп, белгілі бір мөлшерде түйсінген жағдайда ғана өз ұлтының мүшесі бола алады» деген Ю.В.Бромлейдің ой-пікірі аса құнды əрі маңызды [4]. Осыған сəйкес берілген теорияны қарастырып отырған мəселеміздің əдіснамалық негізі ретінде қабылдаймыз.

Сонымен, жоғарыдағы айтылған мəселелер бойынша мына сенімді ой-тұжырымға келуге болады:

а) этнос — өздерін өзге қауымдарға қоятын, шығу тегі жөнінде ортақ мифі бар, өзіндік сана- сезімімен, өзіндік атауы (этноним) жəне өзіндік бірегейлігімен өзгелерден ерекшеленетін күрделі динамикалық жүйе;

ə) этнос — құрамы жағынан өте күрделі адамдар бірлестігі жəне этнос этникалық қауымдастықты білдіреді;

б) этнос — кең мағынада этноəлеуметтік организм, оған мысал, экономикалық жəне саяси қауымдастығы бар ұлт;

в) этнос — өзіндік тəртіп таптаурынымен (стереотип) ерекшеленетін тұрақты, табиғи құрылған адамдар ұжымы;

г) этнос — табиғи-тарихи негізде қалыптасып, «біз» бен «оларды» салыстыру мен қарама- қарсылыққа негізделген адамдардың қауымдастығы;

д) этнос тобыр емес, ұжым, яғни əлеуметтік қауым. Бұл анықтамалардан түйіндейтініміз,

«этнос» — тарихи уақытта заңдылықтарға сай өзгерістерге түсіп отырады жəне əлеуметтік өлшемде өмір сүреді.

Жоғарыда қарастырылып отырғандай, этностың маңызды сипаты мəдениет болып табылады. Өйткені этнос өкілінің ұлттық ерекшеліктері, ең бірінші, мəдениеттен көрініс береді. Елімізде болып жатқан түрлі теріс қылықтар ұлтымыздың кейбір өкілдерінің осы қағидаларды ескермеуінен туындайды. Өз ұлтының мəдениетін меңгеру барысында ғана этнос өкілінің ұлттық өзіндік санасы қалыптасады.

Этнокөркемдік білім бұл өнердің белгілі бір саласында тұлғаның көркем шығармашылықпен айналысуы нəтижесінде арнайы білім мен іскерліктің, дағдының қалыптасуы, ұлттық көркем мəдени ерекшеліктердің сақталуы жəне халықаралық білім жүйесімен өзара үйлесім табуы болып табылады. Демек, этникалық мəдениеті ұрпаққа жеткізуде этнокөркемдік білім берудің маңызы өте зор.

Ал «көркемдік» түсінігі эстетикалық сөздіктерде көркем шығарманың эстетикалық жетістік деңгейі деп түсіндіріледі. Бұл терминнің тар мағынада қолданылуы қандай да бір көркем шығарманың сапасының критерийі болып алуан түрлі болуына байланысты қолданыла береді. Осы орайда айтылған ой-пікір жоғары көркемдік, шамалы көркемдік жəне тіптен көркем емес деп бөлінеді. Бұл тұрғыдағы «көркемдік» сөзі оның тұтастық деңгейіне көркем шығарманың шынайы əрі терең мазмұндылығы жəне көркемдік форманың жетілуі ойдың тұтастығы мен шығарманың орындалуына да байланысты қолданылады.

«Көркемдік» өнердің сапасы мен оны жасайтын шығарманы анықтайтын ұғым болып табылады. Өнер əрқашан көркем, яғни сəнді, шығарма жасауға тиіс. Эстетикалық əсемділіктің өнерге тəн ерекше түрін ажырату мақсатымен оған арнайы «көркемдік» ұғымы берілген. Білім берудің мақсаты мен мазмұны, оны ұйымдастырудың түрлері жəне əдістері, адамзаттың жалпы білім алу даярлығына қойылатын талаптар өркениетті педагогикалық идеяларға сəйкес өзгеріп отырады. Ол «не үшін жəне қалай нəтижелі оқыту керек?» деген сұрақ беруді көздейді. Осыған жауап іздер болсақ, эстетикалық тəрбиенің міндеті — жас ұрпақты өмірдің барлық салаларындағы: адамның өмірі мен тұрмысындағы, еңбектегі, көркем өнердегі, табиғаттағы, халық өнерінің тарихи дəстүріндегі сұлулық пен əсемдікті көре білетін, ұға білетін, байқай алатын азамат тəрбиелеу. Ал күнделікті өмір мен табиғаттағы əдемілікті түсіну, бақылау, байқау, пайдалану үшін оқушылардың халық өнеріндегі, ұлттық тарихи дəстүрінің танымдық қасиеттері жоғары, салауатты өмірдің түрлі салаларын жанға рухани азық, лəззатын ала алатын, сезім түйсігі ұшқыр, ақыл-ойы алғыр, терең білімді азамат болуы керек. Осындай ұрпақтың өмірге, тарихи дəстүрге, ұлттық өнерге деген эстетикалық көзқарасы оның мəдениеттілігінен көрініп тұрады.

Бүгінгі қоғам сұранысына сəйкес нəтижеге бағытталған білімнің жаңа сапасын жүзеге асыру — білім жүйесінің барлық салаларын — мектепке дейінгі білім беру салаларынан бастап, жоғары оқу орындарындағы білім беру жүйелерінде жаңа тұрғыдағы көзқарасты қалыптастыруы қажет.

Қазіргі замандағы ұлттық өнердің рөлі — мəдениеттің бір бөлігі сияқты, өзінің замандылығын сақтап қалуда. Міне осындай жол ғана этнокөркемдік білім беру құралының міндеттерін айқындап, үлкен жетістіктерге апарары даусыз [5]. Мысалы, суретшінің еңбегімен жасалған дүниелер арқылы əлемді сезіммен қабылдау қабілетін арнайы дамытуға болады. Бұл орайда өнер адамзаттық пайдалы- эмоционалды тəжірибесін сақтап, оны келесі ұрпаққа жеткізу құралы ретінде əсер етеді.

Білімді дамытудың жаңа парадигмасын жүзеге асырудағы үлкен қозғаушы күш — əлеуметтік гуманитарлық ғылым, яғни адам, қоғам, мəдениет жайлы ғылым болып табылады. Əлеуметтік гуманитарлық ғылымды шындыққа жанастыру үшін адамның гуманистік құндылығын, оның тарихи, құлықтылық, өнегелілік, эстетикалық санасын қалыптастыратын білімнің өзін жаңарту талап етеді. Мектеп білім алып, оқитын жердегі жүйе ғана емес, бұл қоғам дамуының бастауы, тəрбие мен даму мекемесі. Сондықтан жаһандану жағдайында күйзеліске ұшырауға жол бермеу үшін мектеп қабырғасында берілетін тəрбие мен білім беру саласына аса назар аударған жөн [6].

Қазақстан аймағының мəдениетіне терең көпұлттық сипат тəн. Оның негізінде терең аймақта тұратын халықтар мəдениетінің өзара сусындауы, бірін-бірі толықтыруы, бірін-бірі байытуы жатыр.

Ұлттық көркем мəдениет əр ұлттың ерекшеліктеріне тəн. Этникалық идея əр адамның өзін-өзі басқаруымен этностармен салыстыра отырып туындайды жəне дамиды.

Қазақстан Республикасының Білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында «адамзат жинақтаған білімді қарапайым түрде меңгеру деген білім мақсаты қазіргі ақпараттық ағымның үдеуіне байланысты пайдасыз болып қалады. Басты нəрсе білім, білік дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық-интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, ылғи даму үстінде болатын жəне жылдам өзгерістегі əлем жағдайында іске асыра алатын тұлға қалыптастыру болып саналады» деп көрсетілген.

Көркемдік эстетикалық білім мен тəрбие беру мəселелерінің əдіснамалық жағына назар салудың бір жағы пəнді оқытып, үйрету əдістерін жасау негізінде алға шығады. Əдіс танымдық үрдістердің тəсілдері мен жолдарының жүйесі ретінде өнерді оқытуда маңызды рөл атқарады, оның нəтижелері көбінесе қолданылатын əдістердің жетілген дəрежесімен айқындалады.

Өнер адам жанының тереңдігіне əсерін көрсетуі жайлы Гегель өзінің эстетикалық тұжырымдамасында былай дейді: «Көркемдік шығармалар өзінің мазмұны мен құрлымында тиянақты бір əлем көрінісін құрса да, ол өзімен-өзі бір шеттегі шындық объект ретінде өзі үшін емес, көркемдік шығарманы сырттай бақылаушы жəне одан лəззат алушы біз үшін, көпшілік үшін қолданылады» деп қорытынды жасайды.

Жалпы білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне мектеп оқушысын белгілі бір қажетті біліктіліктер мен дағдылардың иесі, оқу əрекеттінің субъектісі, əр түрлі мəдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор жəне жас ерекшелігіне байланысты өз жасын қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетін бала деп қарастыратын, осыған орай көп қырлы құрылымды білім-тəрбие мазмұнын анықтап, құруға көмектесетін қазіргі заманғы дамыта оқыту идеясы арқау болған. Сонымен қатар бейнелеу өнері пəнінің білім мазмұны мен құрылымын анықтауда дамыта оқыту идеясынан басқа білім мазмұнның интегративті сипатын қамтамасыз ету, оқушының адамгершілігін, эстетикалық талғамын, мəдени-көркем білімін халықтың озық салт-дəстүрі, рухани-мəдени мұрасы негізінде тəрбиелеу сияқты ұстанымдар басшылыққа алынды.

Бейнелу өнері — көру, шолу арқылы қабылданған шындықты көрсететін көркем шығармалар түрлерінің тобы. Бейнелеу өнерінің шығармалары — уақытта да, кеңістікте де өзгермейтін заттық форма.

Бейнелеу өнеріне мына түрлер жатады:

  • сəулет өнері;
  • мүсін;
  • сыршырай;
  • графика;
  • сəндік-қолданбалы өнер.

Сəулет өнері. Сəулет өнері адамзаттың қоғамдық жəне жеке күнделікті өмірдегі сұраныстарына арналған ғимарат, құрылыс кешендерін тұрғызу өнері болып саналады. Кез келген ғимарат тіршілікке қажетті ішкі кеңістіктен тұрады, ол, сəулет өнері тілімен айтқанда, интерьер (ішкі көрініс) деп аталады. Оның ішінің бейнелеу ерекшелігі, кеңістікте еркін қозғалу, қолайлылық қажеттілігі мен белгілі бір атқаратын қызметіне тікелей байланысты.

Ғылым мен техниканың дамуына, сонымен бірге адамның материалдық сұраныстарының өзгеріп тұруына байланысты сəулет өнері материалдық мəдениеттің бір түрі болып саналады. Осыған қарамастан, сəулет өнерін біз нағыз бейнелеу өнер түрі деп қарастырамыз, себебі сəулет өнерінің көркемдік образдарында, қоғамдық өмірдің құрылымы, оның рухани мəдениетінің дамуы жəне эстетикалық идеялары бейнеленеді.

Сəулет өнері өзінің көркемдік гүлдену кезеңдерінде басқа да өнер түрлерімен бірге тығыз байланыста дамып отырады. Мүсін, кескіндеме, қолданбалы-сəндік, дизайн өнерлері ғимарат жобасының идеяларын нақты образдармен жүзеге асырады. Бұл жерде сəулет өнері мен бейнелеу өнерлерінің синтезі бірін-бірі толықтырып, байыта түседі.

Мүсін өнері. Мүсін өнері сəулет өнері тəрізді көлемді-кеңістікті өнер түрі, бірақ оның түпкі табиғаты қашанда бейнелеу өнері болып саналады.

Мүсінші жан-жақты қоршаған кеңістік пен жарықтың ортасындағы шынайы дүниені материалды түрде сезілетін көлемді пішіндер түрінде бейнелейді. Мүсін өнерінің басты тақырыбы — адам, оның сыртқы бейнесі арқылы ішкі рухани дүниесін жоғары сезімін, күштілігін ерік-жігерін күрделі психологиялық күйін ашып көрсету. Дөңгелек немесе жұмыр мүсіннің өзіндік ерекшелігі — образды əр қырынан қабылдап, оның үздіксіз өзгеріп отыратын сұлбасына қарап, жаңа əсер тудырып отыру мүмкіндігі. Табиғат пен күннің əр мезгіліне байланысты ауысып отыратын жарық пен көлеңке алмасуының ерекшелігін шебер қолдану мүсіннің пластикалық көркемдігін əсерлей түседі. Сонымен мүсін уақыт пен кеңістікте өзінің əр алуандығымен қабылданады. Мүсіннің көркемдігіне архитектоника, пішін салмағы, жобаның негізгі құрылымы, жарық жазықтығы, көлем, сызықтар, түстік жəне ырғақтық арақатынастар тəрізді негізді заңдылықтар арқылы қол жеткізіледі жəне образ мазмұнын да нақты ашатын да осы айтылған заңдылықтар.

Сыршырай өнері. Сыршырай өнері кеңістіктегі өнер түрлеріне қарағанда өмірдің көріністерін түстер, жарық-көлеңке, сызықтар арқылы кеңістік өлшемдерін жазықтыққа түсіруімен ерекшеленеді. Сыршырай өнерінің адам бейнесін де, қоршаған ортаны да, табиғатты да жəне тағы басқа көріністерді бейнелеуге толық мүмкіндігі бар. Сыршырайшы түс пен жарық-көлеңкені, сызықтарды пайдалана отырып, өмір шындығын, əсіресе оның түстік байлығын толығымен суреттеп бере алады.

Графика өнері. Графика өнері тілінің өзіндік ерекшелігі оның сызықтары мен дақтарының еркіндігімен, біртұтас əрі қарапайым бейнелеу əдіс-тəсілдері ең басты ойды бейнелеуді тез, нақты қабылдауға мүмкіндік береді. Сурет бірегей болғанымен басып түсіру жолымен көбейту мүмкіндігінің арқасында гравюра алынады. Графика өнеріне қарындаш пен қағаз бетіне құрғақ қылқаламмен, көмір қарындаш, сангина, темірқаламмен салынған суреттер жəне біртүсті, көптүсті эстамп жəне ағаш, металл, тас, линолеум материалдарында орындалған гравюралық түрлері жатады. Сол сияқты кейбір кезде сулы бояуды да графика өнеріне жатқызады. Графика өнерін мынадай түрлерге бөлуге болады: қондырғылы — жеке композиция ретінде кітап иллюстрациялары мен кітап көркемдеу, газет, журнал суреттері, қолданбалы — пошта маркалары, шрифт, қазіргі кезде көбірек компьютерлік графика өнімдері қолданылады.

Сəндік-қолданбалы өнері. Сəндік-қолданбалы өнері туындылары өздерінің көркемдік эстетикалық қасиетімен, адамның күнделікті тұрмысын, интерьерді, қоғамдық ғимараттарды, көшелерді, алаң, саябақтарды əсемдеуде маңызды роль атқарады. Олар жиһаз, кілем, мата, киім, ыдыс, құмыралар, зергерлік бұйымдар мен ағаш, металл, қыш материалдарынан жасалатын заттар.

Қолөнер шеберлері заттың пішінінің шешімімен оның қолданыстағы функционалдылығының бірлігін қарастыра отырып, оның көркемдік мəнерлілігін ұштастырып отырады. Заттың эстетикалық құндылығы оның пішінінің сұлулығымен, сызық, түс, сұлба пропорцияларының дұрыс таңдалуымен бірге, материалдың өңделуінің шеберлігімен анықталады. Қолөнер туындыларының құрылымы мен пішінінің ою-өрнекпен тығыз байланысуы оның пішіні мен қолданыс мақсатын айқындайды.

Бейнелеу өнері өмірдегі шындық түрінде, сондай-ақ заттың материалдық формасы ретіндегі объективті қасиетіне жəне заттың көлемі, түсі, жарықтығы, фактурасы жəне кеңістік ортаға байланысты шығарылады.

Бейнелеу өнері пəнінің осы міндеттерді жүзеге асыратын ұғымдар мен түсініктер жүйесін біріктіретін мынадай блоктардан тұрады: сыршырай, сəндік-қолданбалы өнер, мүсін өнері жəне сəулет өнері. Əр блок мазмұнында іс-əрекеттің екі түрі қамтылады: өнерді қабылдау жəне практикалық көркем іс-əрекеттер. Өнерді қабылдау бөлімінде өнер шығармалары мазмұнын, суретшілер шығармалары мен олардың өнердегі шығармашылық өмір жолдары туады, мəліметтерді оқушылар өзара пікір алысуда əр түрлі өнер түрлерімен ойша мəдени диалог құру жəне тағы басқа əдіс-тəсілдермен меңгереді. Ал практикалық бөлімінде оқушылар жазықтықта бейнелеу, мүсіндеу, сəндеу жəне сəулет өнерінде құрастыру жолдарының технологиясын іс жүзінде орындап игереді [7].

Мұндай тəсілдердің ұтымдылығы — алдымен бала бойына патриоттық, ұлттық, этнографиялық сипаттар тез жатталып, намыс оты ұялайды. Сонан соң халқымыздың мəдени-рухани мұрасындағы бейнелеу өнерінің дəстүрі жайлы ой-пікір жалаң бейнеленбей, оларға жете таныс əдеп-дəстүрлік əңгіме, аңыздарды қосалқы сюжет етіп пайдалану арқылы астарлы жеткізу.

Ғылыми əдебиеттерге (философиялық, психологиялық-педагогикалық, мəдениеттану), ғылыми мақалаларға, жалпы білім беретін мектеп бағдарламаларына жасаған талдаулар əлемдегі əлеуметтік экономиканың түрленіп дамуына, əрбір адамның іс-əрекетін түрлендіруге талаптардың артуына жəне мəселенің теория мен практикада жеткіліксіз зерттелуіне байланысты оқушыларға этнокөркемдік білім беру мəселесі бүгінгі күні көкейкесті екенін дəлелдейді.

Осыған байланысты жоғарыда қарастырып отырған мəселелерді қорытындылай келе айтпағымыз, ұлттық бейнелеу өнері пəнінен жастардың жас ерекшелігіне қарай қазақ халқының тарихи дəстүрін, салт-санасын, əдет-ғұрпын, өмір сүру салттарын, алғыр ақыл-ойын, ерлік, батырлық бейнесін, өмірге деген құштарлығын, еңбек сүйгіштігін, яғни сұлулығын, тəрбиелей білсек, алда қойылар ұлы мақсат осы болмақ. Сондықтан да халық өнерінен бастау алып, ұлттық рухани мұрамыздағы мəдениетіміздің қайнар бұлағынан оқушылар сусындауы қажет.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Назарбаев Н.Ə. Қазақстан — 2030: Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. — Алматы: Білім, 1997. — 171 б.
  2. Балкенов Ж.Ш. Əдіптеу (стилизация): Ғыл.-əдіст. монография. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 1998. — 148 б.
  3. Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера Земли. — М.: Айрис-Пресс, 2003. — 267 с.
  4. Бромлей Ю.В. Очерки теории этноса. — М.: Наука, 1983. — 192 с.
  5. Ысқақ Ə.И. Болашақ сəндік өнер мамандарының кəсіби даярлығын этнокөркемдік білім беру арқылы жетілдіру: Педагогика ғыл. канд. дис. — Шымкент, 2010. — 22 б.
  6. Айдарова З.Ш., Самұратова Т.К. Жаһандану жағдайында өнердің алатын орны: ІІІ Халықарал. ғыл. «Алтынсарин оқулары» конф. материалдары. — Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы, 2010. — 81–85-б.
  7. Айдарова З.Ш. Бейнелеу өнерінің жаңа мазмұны // Бейнелеу өнері жəне сызу. — Респ. ғыл.-əдіст. журн. — № — 2005. — 2–4-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.