Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жоғары оқу орындарының тəрбиелеу істері мен ұйымдастыру құрылымдарының негізгі бағыттарын талдау

 Студенттердің тəрбиесін əлеуметтік-жеке тұлғалық басқару тұжырымдамасы бойынша тəрбиелеу əрекеттестігіндегі нысан мен үрдіс жағдайына ғылыми негізделген көзқарас жүйесі бойынша түсіну қажет.

Жоғары оқу орнындағы тəрбиелеу үрдісінің əлеуметтік-жеке тұлғалық басқару тұжырымдамасының басты көріністегі ғылыми негіздемелері студенттердің тəрбиесін ұйымдастыру əдісі мен түрлерін, функцияларын, принциптерін, заңдылықтарын анықтау болып табылады.

Тұжырымдаманың ғылыми дəйектемесінің негізінде студент жастарды тəрбиелеуде əлеуметтік- жеке тұлғалық басқаруды мақсатқа бағытталған жүйеге қалыптастырып, жоғары оқу орнында білім беру үрдісінде оны жүзеге асырудағы ең қолайлы жолдары анықталады.

Біздің пікірімізше, бұл бағдар жол спорт пен дене шынықтырудың педагогикалық мүмкіндіктерін белсенді қолдану негізінде студенттерді тəрбиелеуде əлеуметтік-жеке тұлғалық басқару тұжырымдамасының зерттемесі мен дəйектемесіне келеді.

Əлеуметтік-жеке тұлғалық басқаруды сипаттайтын белгілер (əлеуметтік менеджмент аясында) басқару заңдылығы мен əлеуметтік заңдарды мақсатқа бағыттап қолдану мен пайымдау, басқару əрекеттестігіндегі үрдістің үздіксіздігі мен жүйелігін қамтамасыз ету, басқару субъектісі мен басқарылатын объектіні үлгілеу, құбылыстардың сандық жəне сапалық өлшемдері, мемлекеттік, қоғамдық жəне шаруашылық менеджменттің өзара əрекеттестігі мен өзара байланысы болып табылады дейді В.В.Глухов [1].

Бұдан студент жастардың тəрбиесін əлеуметтік-жеке тұлғалық басқару жағдайына қарай əлеуметтік менеджмент принциптері мен заңдар қатарын мақсатты түрде қарастыру маңыздылығы ұсынылады.

Əлеуметтік басқару заңының жүйесінде адам жігері мен санасына тəуелсіз объективті əлеуметтік жəне экономикалық заңдар маңызды рөл атқарады. Олардың əрекеттері адамдар қызметтерінен көрінетін болғандықтан, объективті заң талабының қаншалықты орындалатыны есепке алынады. Адамдардың еңбегін біріктіре жəне үйлестіре отырып басқару жүйесі жетістікке жету жолында кездесетін қиындықтарды жеңіп жəне оны жүзеге асыру мақсатын белгілеуде кездесетін экономикалық жəне əлеуметтік заңдар талаптарын қатаң түрде есепке алуы керек. Е.В.Глущенко, Е.В.Захарова, Ю.В.Тихонравов [2] басты əлеуметтік заңдарға əлеуметтік даму заңдарын, əлеуметтік тұтастық заңдарын, əлеуметтік сертификат заңдарын т.б. жатқызады. Олардың пікірінше, заң категориясы заңдылық категориясымен бірдей деңгейде жүреді. Заңдылық та заң сияқты зерттеуге алынған заттың арасындағы ортақ, мəнді, қажет байланыстарды заңдастырады.

Б.Ф.Зайцевтың [3] пікірі бойынша, «заңдылық» ұғымы əлеуметтік менеджмент теориясында заңның дербес көрінісінің алғашқы тұжырымдамасы ретінде қарастырылады. Осы пікірлерге сүйене отырып, жоғары оқу орнында білім беру процесі барысында студенттер тəрбиесін əлеуметтік-жеке тұлғалық басқарудың заңдылықтар қатарын тұжырымдауға тырысып көреміз. Көрсетілген заңдылықтар басқару қатынасын жүйелі талдаудың нəтижесі болып, жоғары оқу орнының тəрбиелеу үрдісінде əлеуметтік-жеке тұлғалық басқарудың құрылымы мен сипатын анықтайды. Олардың маңызды мазмұны келесі қағидалардан көрініс табады:

  1. Студенттер тəрбиесін əлеуметтік-жеке тұлғалық басқару жүйесінің қоғамды дамытатын мəдени, əлеуметтік-саяси, экономикалық факторларымен шарттылығы.
  2. Тəрбиелеудің ішкі жүйесіндегі басқарылатын мен басқарушының пропорционалдылығы, яғни бұл ішкі жүйеде өзара əрекеттестіктің барлық деңгейінде кездесетін тəрбиелеу міндетін шешуде олардың өзара қатынасын тиімді реттеуді пайдалану мақсатында жорамалдануы.
  3. Тапсырманы шешуде тұлғалық жəне кəсіби даму тəуелділігіне қарай студенттер тəрбиесін əлеуметтік басқаруда орталықтандыру мен орталықсыздандырудың қолайлы арақатынасы.
  4. Белгіленген құқықтар мен міндеттер аясында студент жастар тəрбиесін əлеуметтік басқаруда оқытушылар мен профессорлар құрамының түгел қатысуы.
  5. Спорт пен дене шынықтыру сабақтарында қажеттіліктерін қамтамасыз етуде студенттер тəрбиесін басқаруды əлеуметтік бағдарлау, студент жастардың сапалы кəсіби дайындығы мен белсенді демалысына қажетті жағдай туғызу.

Көрсетілген заңдылықтар студент жастар тəрбиесін əлеуметтік-тұлғалық басқаруда жоғары оқу орнындарында басқару органдарында басшылыққа алынатын тиісті қақидаларға негізделеді. Бұл қағидалар тəрбиелеу үрдісіндегі басқарудың құрылымы мен механизмінің, сондай-ақ жүйесінің талабын анықтайды.

Басқару принциптері — басқарудағы заңдылық пен заңдарды қолданатын, кез келген жағдайдан шыға алатын басқарушы идеялар [4]. Олардың негізінде басқару əдістерінің жүйесі құрылады.

Əлеуметтік жүйемен басқару туралы əдебиеттерді қарастыру нəтижесі тəрбиенің əлеуметтік- жеке тұлғалық басқару қағидаларын сипаттайтын бірнеше айыру белгісін анықтауға мүмкіндік туғызады:

  • қоғамның даму заңына, оның əлеуметтік заңы мен əлеуметтік тəртібіне деректі болу;
  • тəрбиені əлеуметтік-жеке тұлғалық басқару мақсаттарына сай келіп, тəрбиелеу əрекеттестігіндегі қатынасты, байланысты, негізгі сипатты қамту;
  • студенттер тəрбиесін басқаруда уақытша, əлеуметтік, тұлғалық ерекшеліктерін есепке алу;
  • нормативтік-құқықтық реттеудің болуы.

Жоғарыда аталған белгілерді ескере отырып, жоғары оқу орындарындағы ұйымдастыру құрылымы мен тəрбиелеу қызметінің басты бағыттарын талдау студенттер тəрбиесін əлеуметтік-жеке тұлғалық басқару қағидаларының қатарын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады:

  • жоғары оқу орнында тəрбиелеу үрдісін басқарудағы барлық деңгей мен құрылымның өзара байланысы мен үйлесімді бірлігін болжалайтын тұтастық қағидасы;
  • студент жастарды тəрбиелеу жұмыстарының негізгі саласының басқарылуы-ұйымдастыруды қамтамасыз ету қағидасы;
  • орталықтандыру арақатынасының тиімді басқару принципі жəне төменгі буындардың дербестігі, тəрбиелеу міндетін атқаруда студент ұжымының өздерін басқара алуын қамтамасыз ету;
  • жоғары оқу орнында тəрбиелеу жұмыстарын іске асыруда сынай талдаудың нəтижесінде қабылданған көптеген еркін пікірталастар, сенімге толы гуманистік бағыттағы қағидалар;
  • белгіленген мақсат пен бағалы бағыттың тұтастығына негізделген оқу ұжымының тəрбиелеу үрдісі шегіндегі субъектілердің тиімді өзара əрекеттестік қағидалары;
  • жоғары оқу орнында тəрбиелеу жұмыстарының міндеттері мен мақсаттарының орындалуына сəйкес арнайы жауапкершіліктің үйлесуіне қарай қабылданған шешімді талқылаудың жариялығы мен еркіндігі, əріптестік қағидалары;
  • көпшіліктің қабылдаған шешіміне азшылықтың бағынуы жəне де азшылықтың білдірген көзқарасын есепке ала отырып, олардың құқықтарына құрметпен қарау қағидалары;
  • жоғары оқу орнының белгілі лауазым иелері мен жоғары дəрежедегі басқарушылардың құзыреті бойынша жоғары оқу орнының жарлығына сəйкес қабылданған нұсқаулары мен шешімдердің қызметі төменгі дəрежедегілерге орындауға міндетті қағидалар;
  • студенттер тəрбиесін əлеуметтік басқаруды болжау мен ғылымдық қағидалары;
  • жоғары оқу орнына кəсіби дайындығы жоғары жəне оны тəрбиелеу үрдсінде тиімді қолдана алатын кадрларларды тиімді іріктеу қағидасы;
  • студенттер тəрбиесін басқаруға қатысатын жұмыс аппаратының барлығын, яғни жетекшілер мен оқытушылар құрамының еңбектерін, ынталандырушы əлеуметтік мотивация принципі;
  • тəрбиелеу үрдсін басқарудың тиімділік жəне жүйелілік қағидалары;
  • кері байланыстың міндеттілік қағидалары.

Көрсетілген қағидалар жоғары оқу орнында білім беру қызметінің бағытына сай тəрбиелеу үрдісін əлеуметтік-тұлғалық басқарудағы басты нұсқасын анықтайды. Ал принциптердің жоғары оқу орнында білім алу кезінде нақты жағдайларға байланысты студент жастардың тəрбиесін əлеуметтік- жеке тұлғалық басқаруда функционалдық құрамын анықтай басқаратын байланыстар мен қатынастардың негізінде тиімді жүзеге асыра алатын мүмкіншілігі бар.

Əдебиеттердің талдауы И.И.Переверзин [5], Н.В.Жмарев [6], Б.Ф.Зайцев [3], В.И.Жолдак, В.Н.Зуев [7], əлеуметтік-ұстаздық үрдісті басқару функциясын мақсатты белгілейтін басқару қызметінің нақты түрі деп айғақтайды. Олар мақсаттар мен қызметтердің немесе қосымша нысандардың бірыңғайлығын сипаттайтын басқарудың өзіне тəн түрлерінің анық құрамын анықтайды.

Басқару функциясы басқарылатын нысанның заңдылығының іске асуы мен дамуын есепке алады. Олар құрамы мен мазмұны ең төменгі дəрежеде тəуелді нақты ерекшелігі бар ұйымдардың басқару жұмысының бағыты мен жалпы міндеттерін сипаттайды дейді А.И.Китов [8], В.И.Кноринг [9].

Жоғары оқу орнында тəрбиелеу үрдісін басқару функциясын жіктеу басқару қызметінің түрлері мен дара міндеттерін анықтауға мүмкіндік туғызып, тиімді ережелердің жүзеге асу рəсімін реттейді. Бұдан басқару үрдісін қайталанушы циклді сипаты бар, белгілі бір əрекеттің дəйекті түрде бір-бірін алмастыратын қатар ретінде қарастыруға болады. Дара басқаратын əрекеттестіктің біршама дербестігі бар жəне басқару циклінің белгілі бір сатылары мен кезеңдері бар болып табылады.

Е.В.Глущенко, Е.В.Захарова, Ю.В.Тихонравовтардың пікірінше, басқару циклының дəйекті түрде алмасу сатыларына сай субъекті басқару сияқты əрекеттер басқару функциясы деген атқа ие болды. Басқару технологиясын ашатын бұл функциялар жан-жақты, объекті басқаруға қатыссыз кез келген басқару үрдісін сипаттайды [2].

Уақытша айнымалылық белгісі бойынша бөлінетін функциялар жалпы (негізгі) басқару функциясы атына ие болды. Нысанға ықпал жасаушы бағыттағы мазмұннан бөлінетін функцияларды басқарудың нақты (немесе арнайы) функциясы деген атау қалыптасқан.

Басқару функцияларын салыстырмалы талдау (шетелдік жəне отандық əдебиеттерден алынған мəліметтер бойынша) басқару ғылымының тарихи даму кезеңдерінде функционалдық құрамы бірнеше өзгерістерге ұшырағанымен, басқарудың негізгі функциялары іс жүзінде бүгінгі күнге дейін өзгермей қалғандығын айғақтайды Г.Саймон [10], С.Г.Сейранов [11].

Басқару функцияларын жіктеп, нақты құрамын анықтау басқарушы мен басқыралатын жүйенің сəйкес келуінен, басқару үрдісінің мазмұнын сапаттайтын диалектикалық бірліктен шығады. Студенттер тəрбиесін басқаратын функциялар субъектіні басқаруда қоғамның білім беру ортасында кездесетін түрлі өзгерістерге тиімді реакцияны қамтамасыз етуге міндетті.

Студент жастар тəрбиесін əлеуметтік-тұлғалық басқару үрдісінің мазмұнын жүйелі талдау жоғары оқу орнында тəрбиелеу міндетін атқаруда басқару қызметінің функциясын жіктеуді нақтылауға мүмкіндік туғызды.

Осының нəтижесінде студенттерді тəрбиелейтін жұмыстардың барлық түрін сипаттайтын басқару функциясының үш түрі анықталды: жалпы, əлеуметтік-психологиялық жəне технологиялық. Жалпы функция жоғары оқу орнында тəрбиелеу жұмысын басқару үрдісінің негізгі сатыларының мазмұнын барлық иерархиялық деңгейде қамтиды. Əлеуметтік басқару жүйесіне жүргізілген түрлі зерттеу кестесі жалпы функцияға мақсатты түрде құру, жоспарлау, ұйымдасу мен бақылауды жатқызуға болатынын көрсетті.

Əлеуметтік-психологиялық функция негізінде білім беру мекемелерінде қызмет-кəсіби қатынас сипатымен байланысты жəне екі əр түрлі функциядан тұрады: құқық берушілік пен мотивациялық.

Технологиялық функция кез келген иерархиялық деңгейде басқару қызметінің екі ең басты түрін, яғни шешім қабылдау мен коммуникацияны, анықтайды. Соныменен, жалпы əлеуметтік- психологиялық жəне технологиялық функциялар бір-бірін толықтыра отырып, студенттердің тəрбиесіне ықпал етуші əдіс-тəсілдерді саралауға мүмкіндік туғызатын, дербес жетекшілерінің еңбегі мен басқару органдарын мамандандыратын жоғары оқу орнында тəрбиелеу үрдісін əлеуметтік-жеке тұлғалық басқарудың біртұтас жүйесін құрайды.

Жалпы функциялар білім беру процесінде субъектілерді тəрбиелеу қызметінің басқарудың жалпы ережесін қамтиды. Олар стратегиялық жəне оперативтік басқару шегіндей бірдей деңгейде қажет.

Басқару үрдісі біздің жасап шығарған жүйеге сəйкес белгілі бір уақыт барысында студенттерді тəрбиелеу жұмысының мақсаты мен міндетін жүйелеуден басталады. Сонан соң тəрбиелеу мақсатының белгіленген жетістігіне бағытталған іс-шараларды жоспарлау жүзеге асырылады.

Жоспарланған тəрбиелеу іс-шараларын жүзеге асыру белгілі бір ұйымдық құрылымның құрылуын, орындаушылардың қатысуын, олардың уақыт пен кеңістіктегі жұмыстарының үйлесімдігін қажет етеді.

Ұйымдық құрылымның аясында анықталған іс-шараларды ойдағыдай орындау есеп-қисапты, тəрбиелеу процесіндегі субъектің қызметін реттеу мен тəрбиелеу əсерінің жүзеге асуын үнемі қадағалауды талап етеді. Тəрбиелеудің жалпы функциясындағы өзара байланысқан əрбір жұп пайдаланудағы «мақсат–құрал–нəтиже» топтамасын басқару шешімінің нұсқасы ретінде ұсынылады.

Бірінші нұсқаның «мақсат-жоспарлауында» жоспарлау процесі қарастырылған тəрбиелік іс- шаралар мен жоспарланған ықпалдастық анықталған педагогикалық мақсаттың жетістігін қамтамасыз ете алғанда ғана аяқталады. Олай болмаған жағдайда тəрбиелеудің міндеттері мен бастапқы мақсаттың құрылуына түзету енгізуге мəжбүр болады.

Нұсқаның екінші кезеңіндегі «жоспарлау–ұйымдастыруда» жоспарланған тапсырмаларды ең тиімді жолмен шешуін қамтамасыз ететін ұйымдастырудың тəрбиелік əсерін іздестіру жүзеге асырылады.

Нұсқаның үшінші «ұйымдастыру–бақылауында» қабылданған ұйымдық шарттарда алауыздықтардың тууын болдырмауға бағытталған жоспарланған тапсырмалардың орындалуы мен шешім қабылдауына үздіксіз бақылау жүріп отырады. Қызметтердің мəнділігі мен масштабына қарай негізгі функциялардың арақатынасы жоғары оқу орнында тəрбиелеу жұмысын басқарудың иерархиялық деңгейіне байланысты сараланады.

Бұл жұмыста басқарудың жалпы функциясының əрқайсысын жүзеге асыру үшін басқару шешімі дайындалып, белгілі бір коммуникациялық байланыстар қалыптасады. Олар басқарудың жалпы функциясының аспапты (технологиялық) базасы болып табылады. М.В.Прохорованың [12] пікірінше, студенттердің тəрбиесін басқарудың жалпы функциясының тəлімдік қыры олардың əлеуметтік- психологиялық функцияларын, яғни құқық берушілік пен мотивацияны, қалыптастырады. Тура осы көрсетілген функциялар көбіне жоғары оқу орнында тəрбиелеу процесін басқарудың əлеуметтік-жеке тұлғалық бағытын анықтайды жəне қазіргі зерттеудің контекстінде ерекше қызығушылық танытады. Басқарудың əлеуметтік-жеке тұлғалық функциясы білім беру қызметінің барысында пайда болатын адамдардың ара қатынасын реттеуді қамтамасыз етеді. Белгілеп өткендей, басқарудың əлеуметтік- психологиялық функциясына құқық берушілік пен мотивация жатады. Бұл екі функция да тəрбиелеу процесін жүзеге асырушылардың əрқайсысының өкілдігі мен міндеттерінің құрамын анықтауға, жоғары нəтижеге жетуге ынталандыратын қызметтерге жағымды жағдайлар қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Басқару қызметінің объектісіне ғылыми негізделген технологияның, психология-педагогикалық əсердің жоқтығынан студент жастарды тəрбиелеудің басқару практикасында бұл функцияларды жүзеге асыру жиі кідіреді.

Педагогикада теорияның ғылыми дамуының қазіргі жағдайы жоғары оқу орнында тəрбиелеу жұмысын басқарудың практикасында əлеуметтік-психологиялық функцияның жүзеге асуына қарай осы саладағы кейбір арнайы құрастыруларды бейімдеуге мүмкіндік туғызады. Бұл жерде басқарудың демократиялық стиліне негізделетін гуманистік іскерлік ынтымақтастытың технологиясы туралы айтылу көзделген. Құқық берушілік пен мотивация функияларына қарай көрсетілген технологияны қарастыру білім беру қызметінің шарттарына сай студенттер тəрбиесін басқару процесін оңтайландырудың тиімді жақтарын ашуға мүмкіндік туғызады.

Құқық берушілік (өкілеттілік) басқару функциясы сияқты тапсырма беру мен оның орындалуын жауапкершілікке алатын құзыретті тұлғаны немесе топты анықтау үрдісін білдіреді.

Мотивация студенттер тəрбиесін басқару функциясы сияқты білім беру қызметінің барлық қатынасушыларын алға қойған мақсатқа жету үшін ынталандырушы үрдіс болып табылады. Студент жастардың тəрбиесін əлеуметтік-жеке тұлғалық басқарудың функционалдық құрамын жүйелі суреттеуде технологиялық функцияның жалпы сипатына тимей өтсек, толық болмайтыны анық.

Технологиялық функция тəрбиелеудің басқару əдісі мен процесс мазмұнын сипаттайды. Ол екі басты компоненттен тұрады: байланыс (коммуникация) жəне шешім. Басқарудағы байланыс дегеніміз — басқару шешімін дайындаудағы жəне қамтамасыз етудегі ақпараттың алмасуы. Байланыс тəрбиелеу процесін басқаратын функциялар сияқты студенттер ортасындағы тəрбиелеудің тиімді əсерін басқару мақсатында ақпараттық ағымды пайдалы ұйымдастырумен айналысады.

М.В.Прохорова [12] мен А.И.Купринаның [13] пікірінше, студент жастардың тəрбиесін басқару жүйесінде байланыстың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

  • жоғары оқу орнында тəрбиелеуді басқаратын əр буынға ақпараттың қажеттілігін жоспарлау мен анықтау;
  • тəрбиелеу жұмысын басқаруда ақпараттың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
  • басқару шешімін қолайлы жүзеге асыру мен дайындық рəсімі мен тиімді тəсілдерін қалыптастыру;
  • жоғары оқу орнында студент жастардың əлеуметтік жəне жеке тұлғалық қасиеттерінің дамуын басқаруда озық технологиялық ақпаратты жасап шығару жəне енгізу;
  • тəрбиелеу процесін ұйымдастырудың əр түрлі буынында тəртіптің орындалуын қамтамасыз ету, басқару шешімін үйлестіру мен бақылау.

Студент жастардың тəрбиесін əлеуметтік-жеке тұлғалық басқарудың басты үлгісінің жүйелі талдауы қабылданған басқарудың шешімі тəрбиелеуді басқаруға əсер ететін ең тиімді тұжырымдаманы жасап шығаратын əрі жүзеге асыратын басты аспабы болып табылатынын көрсетеді. Бұдан басқару шешіміне ұсынылған негізгі талаптары мыналар болып табылады:

  • мақсатты бағыт, шешім студенттер тəрбиесін белгілі бір жетістікке жеткізу мақсатында қабылдануы қажет;
  • иерархиялық субординация, тəрбиелеу міндеттерін атқаруда субъектінің басқару шешімі құқық берушілік өкілдігімен сəйкестенуі қажет;
  • дəлелділік, шешім объективті дəлелмен тиімді қолданылуы керек;
  • мекен-жайлылық, тəрбиелеу саласындағы шешім кеңістік пен уақытқа бейімделіп, нақты бір жеке тұлғаға бағытталуы қажет;
  • қамтамасыздық, шешім қажет қорларды қарастырып, оның алу жолдарын белгілеуі керек;
  • нұсқаулық, шешім жоспарлық жəне кешенді сипатта болып орындаушылар үшін парыз болуы қажет. Қорыта келгенде, жоғары оқу орнында тəрбиелеу үрдісін əлеуметтік-жеке тұлғалық басқарудың функционалдық аспектісіне жүргізілген жүйелі сипаттама басқару қызметінің тəжірибесінде көрсетілген функциялардың технологиясын жүзеге асырумен қатар, негізгі əдіс-тəсілдеріне талдаужасауға мүмкіндік туғызды.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Глухов В.В. Основы менеджмента: Учебник. — Минск: Изд-во БГЭУ, 1996. — С. 18–26.
  2. Глущенко Е.В., Захарова Е.В., Тихонравов Ю.В. Теория управления: Учебный курс. — М.: Вестник, 1997. — 332 с.
  3. Зайцев Б.Ф. Система методов управления. — М.: Просвещение, 1989. — С. 25–38.
  4. Афанасьев В.Г. Общество: системность познания и управления. — М.: Политиздат, 1981. — 432 с.
  5. Переверзин И.И. Управление физической культурой и спортом: Учебник для ин-тов физ. культуры. — М.: Физкуль- тура и спорт, 1987. — 287 с.
  6. Жмарев Н.В. Управление деятельностью спортивной организации. — Киев: Здоровье, 1989. — С. 14–18.
  7. Жолдак В.И., Зуев В.Н. Управление в сфере физической культуры и спорта. — М.: Мин-во по ФК, спорту и туризму РФ, 2000. — 328 с.
  8. Китов А.И. Психология хозяйственного управления. — М.: БЕК, 1994. — С. 62–68.
  9. Кноринг В.И. Искусство управления: Учебник. — М.: БЕК, 1997. — С. 36–39.
  10. Саймон Г. Менеджмент в организациях. — М.: Экономика, 1995. — С. 44–51.
  11. Сейранов С.Г. Введение в менеджмент физической культуры и спорта: Учеб.-метод. пособие для студентов академий и ин-тов физ. культуры. — М.: РГАФК, 1996. — С. 5–21.
  12. Прохорова М.В. Теоретические и методические основы формирования управленческой компетенции специалистов по физической культуре и спорту: Автореф. дис. ... д-ра пед. наук. — СПб., 1993. — 43 с.
  13. Куприна А.И. Мониторинг как средство повышения качества управления образовательным процессом: Автореф. дис. ...канд. пед. наук. — Екатеринбург, 1999. — С. 11–18.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.