Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Графикалық білім беру іс-əрекетіндегі оқушылардың жетістіктерін бағалау белгілері

Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық — жаңа экономикалық өрлеу — Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауында белгіленген міндеттерді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасында орта білім беру жүйесінде оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау жүйесінің 5 жəне 10 балдық екі бағалау жобасын қабылдады [1]. Жаңа бағалаудың 10 балдық жүйесі білім беру нəтижелерін неғұрлым дəл бағалауды қамтамасыз етіп, оның ішінде оқушылардың оқу қызметінің əр түрлі тəсілдерін меңгеруін бағалауды қамтамасыз етеді.

Оқушылардың графикалық білім алу жетістіктерін бағалау əр түрлі графикалық іс-əрекеттердің негізгі тəсілдерін қолдану арқылы жүзеге асады (кескіндерді тұрғызу, қайта құру, түсіну, конструкциялау жəне түрлендіру).

Оқушылардың графикалық білім беру іс-əрекетіндегі зерттеу нəтижесін негізге ала отырып, келесідей оқушылардың жетістіктерін бағалаудың тиісті белгілерін жүйелеп нақтылады. Əр деңгей жетістіктеріне байланысты төрт жалпы көрсеткіштерімен анықталады [2]: бірінші деңгей — ой іс- əрекетінің жетістіктері, екінші деңгей — қиыншылық арқылы сыннан өту, үшінші деңгей — графикалық іс-əрекеттің ерекше тəсілдерін меңгеру, төртінші деңгей — оқушының өздік іс-əрекетінің пайда болуы.

Оқушыларға білім беру нəтижесі кескіндерді əр түрлі (типтік, вариативтік жəне жаңа) жағдайларда қолдану жəне ондағы графикалық іс-əрекет түрлерін ескере анықталады [3].

Типтік жағдайларда — заттардың пішінін аксонометриялық жəне тікбұрышты проекцияларда орындалған кескіндері бойынша қабылдау (оқу) тəсілдерін меңгерген; заттардың пішіндерін олардың өзіне немесе аксонометриялық проекциясына қарап талдау, салыстыру негізінде проекциялау əдістерін, кешендік сызбаларды тұрғызу тəсілдерін меңгерген; контурлық (толық, жартылай) кескіндері бойынша жəне осьтік симметрияның қасиеттері мен сызбалардағы шарттылықтарды қолданып, заттардың пішінін қайта қалпына келтіру амалдарын меңгерген; бастапқы кескіндерді олардың түрі мен құрамы (берілген шарты) бойынша түрлендіре біледі; зат пен оның бөліктерінің пішінін жəне кеңістіктік орналасуларын (берілген түрлендіру шарттары бойынша) өзгерте біледі.

Вариативтік жағдайларда — заттың пішінін анықтау үшін кескіндердің əр түрлерін қолдану мүмкіндігін ескереді; сызбаларды орындаудың тиімді тəсілдерін вариативтік таңдау негізінде меңгерген; заттың пішінін модельдеуде жартылай кескіндерді толық емес берілгендері бойынша қайта қалпына келтіре біледі; заттың пішінін анықтау үшін кескіндерді түрлендірудің тиімді амалдарын қолдана алады; заттың пішіні мен кеңістіктік орналасуларын тапсырманың бастапқы шарты өзгеруі жағдайында түрлендіре біледі.

Жаңа жағдайларда — кескіндерде берілген ақпараттың мəнін ашу үшін олардағы маңызды қасиеттерден еркін бағдар ала біледі; қажетті графикалық ақпаратты толық жəне жеткілікті деңгейде беру үшін кескіндердің əрқилы түрлерін қолдана алады; шығармашылық тапсырмаларды шешу үшін қайта қалпына келтіру амалдарын қолдана алады; заттың жаңа пішінін модельдеу үшін бастапқы кескінді түрлендіру амалдарын өз бетімен анықтай біледі; заттардың кеңістіктік қасиеттердің кескіндері бойынша түрлендіру тəсілдерін (сызу бойынша модельдеуге жəне жобалауға арналған шығармашылық тапсырмаларды шешуде) өз бетінше анықтай алады.

Заттың сызбасын орындау (заттардың пішіндерін өзіне қарап немесе көрнекі кескіні бойынша)

Бірінші деңгей — ең төмен (1–2 балл):

  • оқушының ойша əрекет етуі негізінен түсінікке сүйену арқылы жүзеге асады (заттардың пішінін өзіне немесе көрнекі кескініне қарап), яғни мəліметтерді тікелей түсінік арқылы қолданады; оқушының іс-əрекеті кескінді жиі еске сақтау жəне оны есіне түсіру арқылы жеке бөліктерімен жəне бейнені елестету арқылы — заттың проекциясын елестетеді;
  • проекция жазықтығына қарағанда заттың орналасуын ойша бекітуге қиынсынады; динамикалық кеңістікті ойлау қабілетіне қарағанда статикалық кеңістіктік ойлау қабілеті жақсы дамыған; кеңістіктік елестетуі баяу жəне берік емес; заттың пішінін анықтау жəне бақылау амалдары жеткіліксіз қалыптасқан, бөлшек кескінінің кейбір бөліктері жетіспейді;
  • заттың кеңістіктік орналасуын ойша түрлендірмей, тек қана оның бақыланушы көрінісін ғана орындау амалдары қалыптасады. Сонымен қатар проекциялық байланыс сызықтары қолданылмай, кескіндерді ретсіз орындау байқалады;
  • оқушы мұғалімнің бақылауымен жəне оның тікелей көмегімен, айтуы арқылы жұмыс жасайды.

Екінші деңгей — қанағаттанарлық (3–4 балл):

  • заттың пішініне қажетті талдауларды жасай алады, проекциялау əдістерін меңгергеннен кейін көру нүктесін таңдауды жеткілікті дəрежеде біледі; сызбаларды орындау кезінде заттың бейне- проекциясы тірек ретінде болады; проекция жазықтығына қарағанда заттың сызбаларын шартты түрде айқындап орындайды;
  • сызбаны орындау кезінде тірек ретінде болатын заттың толық жəне берік бейнесінің жеткілікті болуы əркез қалыптаспайды; кеңістіктік елестетудің толықтығы, орнықтылығы жəне динамикасы жеткіліксіз;
  • кескіндерді орындаудың алдында заттың бастапқы пішінін талдап қорыту, оның конструкциясын талдау, кескіндердің геометриялық құрамын анықтау жүзеге асырылады;
  • оқушы мұғалімнің бақылауымен жəне сілтеме көмегімен жұмыс жасайды.

Үшінші деңгей — жеткілікті (5–7 балл):

  • проекциялау негіздерін меңгерген; орындалушы кескіндерге сүйене отырып, заттың бейне- проекциясын жасау барысы жүзеге асырылады; толық жəне орнықты кеңістіктік елестету жеткілікті қалыптасады;
  • графикалық кескіндердің өзін қолданбай, тек қана заттың бейнесіне сүйеніп кескіндерді орындау кезінде біршама қиындықтар туады;
  • натураны бақылаудың қажетті амалдары мен сызбаларды орындаудың бірізділігі қалыптасады;
  • тапсырмаларды орындау кезінде мұғалімнен кейбір нұсқауларды ала отырып, жеткілікті деңгейде өз бетімен жұмыс жасай алады.

Төртінші деңгей — жоғарғы (8–10):

  • əрдайым кескіндерді орындаудың алдында заттың пішінін талдау жəне кескіндердің геометриялық құрамын анықтау іске асырылады; заттың кеңістіктік бейнесін ойша бейнелеу жолымен əрекеттерді іске асырады; динамикалық кеңістіктік елестетумен əрекет етуді біледі;
  • қиындықтарды тез, жеңіл жеңе біледі, кеңістіктік елестетуде берік жəне жоғары ептілікке ие болады;
  • кескінделген нысан пішінінің нақтылы ерекшеліктеріне сай кескіндерді тұрғызудың бірізділігін нақты сəйкестігімен айқындайды; іс-əрекеттері кескіндер құрамын геометриялық талдауға негізделген;
  • берілген тапсырманы өз бетімен, мұғалімнің көмегінсіз орындайды.

Кескіндерді оқу жəне қабылдау Бірінші деңгей — ең төмен (1–2 балл):

  • кескінделген заттардың жалпы жəне ерекше белгілерін анықтау əрекеттерін іске асырады;
  • кескіндері бойынша оның өлшемдерін жəне заттың пішінін көрнекі бейнені елестету негізінде жүзеге асырады;
  • проекция жазықтығына қарағанда кескіні бойынша оның толық бейнесін қайта жасауда жəне заттың тұрған орнын ойша бекітуде қиындықты сезінеді; негізінен статикалық кеңістіктік елестетуі ғана дамыған;
  • көрнекі кескіндермен (аксонометрия, техникалық сурет) жəне кешенді сызбалардың кескіндерімен əрекет ету амалдарын біледі;
  • оқушы мұғалімнің бақылауымен жəне көмегімен (айтуымен) жұмыс істейді.

Екінші деңгей — қанағаттанарлық (3–4 балл):

  • заттардың кеңістіктік қасиеттеріне жəне кескіндердің қасиеттеріне толық талдауды жасай алады; заттардың кеңістіктік қасиеттеріне толық талдау жасау үшін қажетті түсініктерді меңгерген;
  • заттың кеңістіктік қасиеттері туралы динамикалық түсініктерді пайдалану кезінде қиыншылықты сезінеді;
  • əр түрлі проекциялау əдістерімен орындалған заттардың кескіндерінің кеңістіктік қасиеттерін жəне кескіндердің қасиеттерін түсінуді толық жеткілікті біледі;
  • оқушы мұғалімнің бақылауымен жұмыс атқарады.

Үшінші деңгей — жеткілікті (5–7 балл):

  • əр түрлі тəсілдермен орындалған кескіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын айқындап қана қоймай, оның шығу қасиетін де біледі; кескіннің құрамы бойынша түрлендірудің кейбір тəсілдерін жəне олармен байланысты заттардың кеңістіктік қасиеттерін (тілік, қима) өзгертуді жүзеге асырады;
  • қиындықты оңай жеңе біледі, кеңістіктік елестетуді берік жəне орнықты жеткілікті меңгерген; динамикалық елестетулерді пайдалануда жəне жасауда кейбір қиындықтар пайда болады;
  • кескіні бойынша заттың өлшемдері мен кеңістіктік пішінін толық айқындауға дайындық қалыптасады;
  • тапсырманы орындау кезінде өз бетімен жеткілікті жұмыс жасайды.

Төртінші деңгей — жоғарғы (8–10):

  • кескіндерді оқу жəне қабылдау бойынша күрделі ойлау іс-əрекеттерін жүзеге асырады; сызбаны түсінуде толық жəне қажетті ақпаратты алу үшін сызбаны мақсаттқа сай жəне жүйелі қабылдауды үйренген (мысалы, құрастыру сызбасы бойынша бұйымдарды бөлшектеу жүйесін жасау);
  • қиындықты оңай жеңе біледі, графикалық материалдарды тиянақты бақылау негізінде анық жəне нақтылы бейнелер жасайды; динамикалық кеңістіктік түсінікті дамытуда сапалы қозғалу пайда болады;
  • заттың жазбаша сипатталуын жəне сызбасын оқу мен қабылдаудың тиімді амалдарын қолдана біледі (оның конструктивтік жəне геометриялық сипаттары негізінде);
  • тапсырмаларды орындауда жоғары дəрежеде өз бетімен жұмыс істей алады.

Кескіндерді қайта қалпына келтіру Бірінші деңгей — ең төмен (1–2):

  • толық емес кескіндерден қажетті ақпараттарды алу амалдарын меңгерген (сызықтары жеткіліксіз); техникалық сызбадағы шарттылықтар мен осьтік симметрияның қасиеттерін қолданып, бөлшектің пішінін анықтайтын геометриялық денелерді біледі;
  • толық емес, жартылай кескіндерді талдауда жəне заттың (бөлшектің) пішінін жасаушы геометриялық денелердің белгілерін анықтауда, талдауда қиыншылықты сезінеді;
  • техникалық сызбаның шарттылықтары мен осьтік симметрияның қасиеттерін қолдану негізінде, кескінді қайта қалпына келтіру амалдарын жеткіліксіз дəрежеде біледі;
  • оқушы мұғалімнің бақылауымен жəне көмегімен (айтуымен) жұмыс жасайды.

Екінші деңгей — қанағаттанарлық (3–4 балл):

  • толық емес кескіндердің графикалық құрамын талдаумен бөлшектің пішіні туралы ақпаратты өз бетімен алады;
  • техникалық сызбадағы шарттылықтар мен осьтік симметрия қасиеттерін пайдаланып, бөлшектің пішінін анықтайтын геометриялық денелерді біледі;
  • кескіндерді қайта қалпына келтірудің тиімді амалдарын жеткіліксіз дəрежеде біледі;
  • оқушы мұғалімнің бақылауымен жұмыс жасайды.

Үшінші деңгей — жеткілікті (5–7 балл):

  • жартылай кескіндердің графикалық құрамына талдау жасау негізінде заттың пішінінің белгілерін оңай анықтайды;
  • осьтік симметрияның қасиетін, шарттылықтарды қолданып, заттың кескінін қайта қалпына келтірудің, бөлшектің қима фигурасы арқылы оның көрінісін қайта жасау амалдарын біледі;
  • жартылай кескіндерді кайта қалпына келтіруді тиімді орындайды;
  • тапсырмаларды орындауда өз бетімен жеткілікті жұмыс істеуді көрсетеді.

Төртінші деңгей — жоғарғы (8–10):

  • кескіннің графикалық құрамынан (құрастыру сызбасының) бөлшектің кескінін (бөліктің) қайта қалпына келтіруді біледі;
  • жартылай жəне толық кескіндерді (бұйымның сызбасы бойынша) талдау негізінде бөлшектің пішінін қайта қалпына келтіре біледі;
  • белгілі жəне белгісіз, жаңа жағдайда кескіндерді қайта қалпына келтіру амалдарын пайдалануды жете түсінеді;
  • тапсырманы орындау кезінде жоғары дəрежеде өз бетімен жұмыс істей алады.

Кескіндердің құрамы мен кескінін түрлендіру Бірінші деңгей — ең төмен (1–2 балл):

  • проекциялау əдістерін өзгерту негізінде берілген графикалық кескіндердің көріністерін түрлендіруді жүзеге асырады;
  • кескіндерді түрлендіруде графикалық ақпараттарды алғашқы түрінен екіншісіне ауыстыру кезінде қиындықты сезінеді; кескін құрамының өзгеруіне байланысты түрлендіруді жүзеге асыра алмайды;
  • проекциялау тəсілін игеру негізінде бастапқы кескіндерді басқа түрге түрлендіру тəсілдерін біледі;
  • оқушы мұғалімнің бақылауы бойынша жəне көмегімен жұмыс жасайды (айтуы бойынша).

Екінші деңгей — қанағаттанарлық (3–4 балл):

  • кескіндердің құрамы мен көрінісін түрлендіре біледі (көріністі тілікке алмастыру, кескіннің қажетті санын анықтау);
  • кескіннің құрамын өзгерту үшін кескінді ойша түрлендіруді қиынсынады (көріністі тілікке жəне керісінше т.с.с.);
  • кескіндердің құрамын өзгерту тəсілдерін меңгеру негізінде кескіннің бастапқы түрін түрлендіру амалдарын қолдана алады;
  • оқушы мұғалімнің бақылауымен жұмыс жасайды.

Үшінші деңгей — жеткілікті (5–7 балл):

  • тасымалдау үшін бастапқы кескіндерді жəне графикалық ақпаратты кескіндеуді түрлендіруді жүзеге асырады;
  • кескіндер құрамы мен проекциялау əдістерін өзгертумен байланысты кескіндерді ойша түрлендіруді оңай жүзеге асырады, бірақ құрастыру сызбасы бойынша ақпараттарды айқындауда жəне беруде қиындықты сезінеді;
  • кескіндер құрамын өзгеру негізіне байланысты кескіннің бастапқы түрін түрлендіру амалдарын біледі;
  • тапсырмаларды орындау кезінде өз бетімен жеткілікті жұмыс жасауды көрсетеді.

Төртінші деңгей — жоғарғы (8–10):

  • ұсыну жəне графикалық ақпаратты кескіндеу үшін бастапқы кескіндерді түрлендіруді жүзеге асыра алады;
  • графикалық ақпаратты бір түрден екінші түрге ауыстыру үшін кескіндерді түрлендірудің барлығы оңай жүзеге асады;
  • кескіндердің құрамы мен көріністердің түрлерін түрлендірудің барлық амалдарын біледі;
  • тапсырмаларды орындау кезінде өз бетімен жақсы жұмыс жасауды көрсетеді.

Заттарды кескіндері бойынша түрлендіру Бірінші деңгей — ең төмен (1–2 балл):

  • заттың бөліктерінің өзара орналасуын өзгерту кезінде зат бөліктерінің орынын ауыстырудың ең оңай жағдайларымен байланысты əрекеттерді жүзеге асырады (орнын ауыстыру, бөлігін жылжыту, параллель ауыстыру жолымен), мұғалімнің бақылауымен жұмыс жасайды;
  • бейнені пайдаланғанда өзінде бекітілген есептеу нүктесінен кеңістіктегі бағдарлау жүйесін ұсынады, кеңістіктік елестетуде осалдық танытады;
  • заттарды кескіндері бойынша түрлендірудің тиімді амалдарын меңгере алмаған; жасалынған бейнелер көп қозғалмайды жəне фрагмент түрінде ерекшеленеді; кеңістіктегі кез келген берілген есептеу нүктесінен жаңа бағдар жүйесіне өту қиындық танытады;
  • оқушы мұғалімнің бақылауымен жəне көмегімен жұмыс жасайды (айтуы бойынша).

Екінші деңгей — қанағаттанарлық (3–4 балл):

  • зат бөліктерінің орынын жылжытуға байланысты əрекеттердің барлық түрлерін жүзеге асырады;
  • кеңістіктегі есептеу нүктесін өзгертуді талап ететін, кеңістікте бағдар алудың жаңа жүйесіне еркін өтеді, затты кеңістікте ойша бұруға байланысты əрекеттерді жүзеге асырады;
  • зат бөліктерінің өзара орналасуын жəне оның кеңістіктегі орнын өзгерту кезіндегі кескіндерді түрлендіру амалдарын біледі;
  • оқушы мұғалімнің бақылауымен жұмыс істейді.

Үшінші деңгей — жеткілікті (5–7 балл):

  • заттың пішінін өзгертуге байланысты (алып тастау, сығып енгізу) əрекеттерді жүзеге асырады;
  • түрлендіру нəтижесінде заттың барлық элементтеріне (бөліктерін) қалпына келтірудің толықтығымен байланысты жеңіл-желпі қателерді жібереді;
  • орындалған түрлендірулерге байланысты графикалық кескіндерді орындаудың тиімді амалдарын жеткіліксіз біледі; заттарды пішіні жəне кеңістіктік орналасуы бойынша түрлендіре алады;
  • тапсырманы орындауда өз бетімен жоғары дəрежеде жұмыс жасауды біледі.

Төртінші деңгей — жоғарғы (8–10):

  • затты өзгертумен байланысты барлық түрлендіру амалдарының əр түрлі қатынасын оңай іске асырады;
  • жасалған бейнелер динамикалық қозғалысымен ерекшеленеді;
  • заттарды кескіндері бойынша ойша түрлендірудің тиімді амалдарын біледі;
  • тапсырмаларды орындау кезінде өз бетінше жоғары деңгейде жұмыс жасауды көрсетеді.

Шығармашылықты графикалық тапсырмаларды орындау Бірінші деңгей — ең төмен (1–2 балл):

  • шығармашылық белсенділікті көрсетеді, бірақ қорқақтаумен шектеледі; кескінді ойша түрлендіруге қабілетті, бірақ мүмкіндігінше басқа шешімдердің нұсқаларын өз бетімен іздемейді;
  • мұғалімнің көмегінсіз вариативті шешімдерді дамытуда, графикалық білімін қолдануда, əсіресе арнайы нысандарды кескіндегенде қиындықты сезінеді; нысанның пішінінің ерекшеліктерін ашуда, қажетті кескін санын анықтауда қиындықты сезінеді;
  • жұмысты шығармашылық үдерістің кестесіне сүйеніп жұмыс жүргізу талабы бар жəне орындалушы тапсырмаға қосымша түсіндіруді қажет етеді;
  • көбінесе мұғалімнің көмегіне сүйенеді, тапсырма шарттарын түсінуге мүмкіндігі бар.

Екінші деңгей — қанағаттанарлық (3–4 балл):

  • жалпы шығармашылық белсенділігі бар; жұмысты шығармашылық үдерістің кестесіне сүйене отырып жұмыс жүргізу талабы бар; ойша түрлендіруді біледі, бірақ берілген тапсырманың шешу нұсқаларын іздестірумен шектеледі;
  • тапсырманы шешу нұсқаларын іздеуде қиындыққа кездеседі; салынған шектеулер төңірегіндегі тапсырманың шешімдік нұсқаларының саны екіден артпайды; кескіннің қажетті санын таңдаумен байланысты қателер жібереді;
  • шығармашылық ерекшелігімен байланысы жоқ қателіктерден тұратын кескіндерді орындау кезінде, графикалық білімдерін қолдана біледі;
  • өз бетімен немесе жартылай мұғалімнің көмегімен тапсырма шарттарын түсінеді; мұғалімнің көмегінсіз қажетті қосымша білімді немесе анықтаманы алуға ұмтылады.

Үшінші деңгей — жеткілікті (5–7 балл):

  • жалпы шығармашылық белсенділігімен, шығармашылық үдерістің кестесінің шарттарына сүйене отырып, жұмыс жасауға талабы бар;
  • тапсырма шешімдерінің нұсқаларын іздеуде, салынған шектеулер төңірегінде тапсырманың шешімдік нұсқалар саны екі-үштен асқанда қиындыққа кездеседі;
  • шығармашылық ерекшеліктеріне байланысы жоқ қателіктерден тұратын кескіндерді орындау кезінде, графикалық білімдерін қолдана біледі, конструкцияның басты бөлігінің көрінуіне мүмкіндік беретін, кескіндердің қажетті санын таңдаумен байланысты қателерді жібереді;
  • өз бетімен немесе жартылай мұғалімнің көмегімен тапсырма шарттарын түсінеді.

Төртінші деңгей — жоғарғы (8–10):

  • жалпы шығармашылық белсенділігімен, тапсырма шарттарын өз бетінше шеше біледі; графикалық жұмыс кестесінің жəне тапсырманың шарттарына қойылған шектеулердің деңгейінде көпнұсқалық шешімдер мүмкіндігін ұсынады;
  • кескіндерді орындау кезінде графикалық білімдері бойынша қиындықтардан қорықпайды; жұмысты шығармашылық үдерістің кестесіне сүйенбей жұмыс жасауға қабілетті;
  • курстың меңгерілген тарауы бойынша графикалық білімдерін қолданып, елеусіз қателермен кескінді орындауға қабілетті; нысан пішінінің ерекшеліктерін ашу үшін қажетті кескіндер санын қолданады;
  • өз бетімен немесе мұғалімнің жетекшілігімен анықтамаларды жəне оқулықтарды қолданып, білімін толықтырады, қажетті ақпараттарды алады.

Оқу жылы тестілік емтихан түрінде қорытынды бақылауды өткізумен жəне берілген тапсырмаларды орындаумен оқу нəтижелерін бағалауды жүргізумен тəмамдалады.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Жоба. — Астана, 2010.
  1. Қазақстан Республикасының 12 жылдық орта білім концепциясы. Жоба. — Астана,
  2. Білімнің мемлекеттік жалпы білім беретін стандарты. Негізгі ереже (12 жылдық мектеп үшін). — Астана

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.