Студенттердің өздік жұмыстары (СӨЖ) болашақ мамандарды дайындаудың жəне өз бетімен жұмыс істеуге үйретудің ең басты резерві болып саналады. Ол бүгінгі күні жоғары білім берудің өзгеріске түсуімен түсіндіріледі жəне кез келген саланың маманын, əсіресе педагогтың кейде өз əрекетінен алшақ жатқан əрекеттерді де меңгеруге итермелейді. Осыған байланысты жоғары оқу орындары түлегінің ақыл-ой еңбегін жоғары деңгейде меңгеруі талап етіледі, яғни аз уақыт пен аз шығын жұмсай отырып, қажетті ақпаратты тез арада игеру, фактіні, теория мен концепцияларды жүйелеу мен жіктеу, күрделі дау туғызатын жағдайды шеше білу, өз көзқарасын толық, анық түрде жеткізу, ғылыми даулы мəселеде шындықты айыра білу, өзінің жеке дамытқан білімі арқылы өндірістік жағдайларды шеше білу талап етіледі.
Өзіндік жұмыс жасау арқылы ғылыми білімді толық жəне жан-жақты түсіну, дағдыны қалыптастыру мен оны əр түрлі өмірдегі жағдайда қолдана білуді меңгеру мүмкін болады.
Сондықтан білім алудағы СӨЖ жоғары оқу орындары үшін оқытудың негізгі формасы болу керек, ал оның жандануы мен жүйелі басқарылуының жəне əдістемелік жетілдірілуі негізгі дидактикалық принциптерге сүйенуі тиіс. Сонда ғана оны орындау барысында кəсіби даярлықтың сапасы артады.
Бүгінгі күні білім беру процесінде бірінші орынға тек қана ғылыми ақпаратты меңгеру ғана емес, шығармашылықпен ойлай білу функциясы жəне жаңа білімді өз бетімен меңгеруді қалыптастыру да бірінші орынға қойылады. Бұл жерде жоғары мектепке тəн студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруына көңіл бөлінеді (аудиториялық жəне аудиториядан тыс), ол алынған білімге жеке мағына бере отырып шығармашылық іскерліктерін қалыптастырып, оқудың ішкі танымдық мотивациясын жандандыра отырып, өзіндік білім алу дағдыларын арттырар еді жəне өзін-өзі дамыту мен рефлексия іскерлігін қалыптастырған дұрыс болар еді.
Кəсіби-педогогикалық пəндерді оқыту барысында студенттердің өзіндік жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру білімді толық, терең əрі шығармашылықпен меңгеруді қамтамасыз етеді, жалпы педагогикалық, арнайы кəсіби (технологиялық), танымдық іскерліктер мен дағдылар қалыптастыруға, креативтілікті дамытуға, жауапкершілігі мен инициативасын арттыруға мүмкіндік береді.
Психологиялық-педагогикалық əдебиеттерде білім алушылардың өзіндік жұмысы туралы көп айтылған. Өзіндік жұмысты оқыту процесінде жүйелі түрде қолдану (Е.Я.Голант, Р.М.Микельсон, Б.П.Есипов) жұмыстарына негізделген.
Б.П.Есипов өзіндік жұмыс арқылы білім алушылардың үйде немесе сабақта оқытушының қатысынсыз нақты бір тапсырманы орындау барысында танымдылық пен іскерліктерді, білім сапасын арттыру түсінігін қарастырады [1].
Көп қырлы өзіндік жұмыс сияқты түсінікті анықтаудың негізіне əр түрлі көзқарастарды сараптай келе, аталған категорияны біз оның екі құрамды бөлігінің бірлігіне сүйене отырып қарастырамыз: оқытудың ұйымдастыру формасы (оқушының болмаған кезіндегі оқу əрекетін басқаруға мүмкіндік беретін педагогикалық жағдайдың жүйесі ретіндегі) жəне оқушының, басқа біреудің көмегінсіз оқу- ғылыми ақпаратты меңгерудегі əрекеті, оқу мазмұны рефлексиясы мен оны оқу жəне өндірістік міндеттерді шешу барысында қолдана алуы мен шығармашылық түрде өзін көрсете білуі.
Оқытушының тарапынан бақылау деңгейі мен білім көзіне байланысты В.П.Стрезикозин өзіндік жұмыстың келесі түрлерін бөліп қарастырады: оқулықпен жəне оқу əдебиеттерімен, анықтамалықтармен, сөздіктермен жұмыс, тапсырма орындау, оқу жаттығулары, шығарма жазу, сипаттау, бақылау, графикалық жəне басқа да жұмыстар [2].
Студенттердің өзіндік оқу-танымдылық əрекеттері ұйымдастыру мен белсінділігіне жəне өз бетімен жұмыс істей алуына байланысты əр түрлі сипатта болады. Өзіндік жұмысты атқару барысындағы шығармашылық процесті ескере отырып, біз студенттердің əрекеттерінің келесі деңгейлерін анықтаймыз: қайта жандандыру мен өнертапқыштық, шығармашылық деңгейлер. Осыған сəйкес өзіндік жұмыстардың түрлері де анықталады: репродуктивтік, жартылай-ізденістік, шығармашылық.
Бірінші деңгейге дайын білімді игеруге бағытталған танымдылық əрекет, нақты бір іскерліктерді игеру жəне бұрын меңгерілген тəжірибелік əдістерді игеру жатады. Студенттердің өзіндік жұмыстарды атқара білуі одан арғы ғылым мен кəсіби жұмыс барысында ғылымның бір саласын игеруге қажетті нақты бір дағдыны есте сақтау мақсатында материалды ой елегінен өткізу ақпарат көздерінен нақты бір тақырыпты, цитатаны жазып ала білуінен көрінеді.
Репродуктивтік түрдегі алгоритмді жұмыс нұсқауына сəйкес үлгі негізінде орындалады. Бұл жұмыстарға жаттығу орындау, тапсырма орындау, кесте жасау т.б. жатады. Жұмыстың міндеті мəлімет жинау, əрекет етуді бекіту, студенттің танымдылығы мен белсенділігін арттыратын тапсырманы орындауға ауысудың қажетті жағдайларын жасау.
Əр түрлі көздерден ақпараттар дайындауға бағытталған қайта жасаушы-шығармашылық деңгей жоғары деңгейде болады. Ақпаратты өз бетімен тану төменгі танымға жəне механикалық шығармашылыққа жатпайды, себебі, Г.И.Щукинаның пікірінше, «əркім тəжірибеде бекітілген танымдылық іскерліктердің арқасында өзіндік ерекше жол таңдайды» [2].
Жартылай-ізденістік өзіндік жұмыстар барысында дайын ақпарат меңгеріледі, жаңа ақпаратты іздеудің продуктивтік процесі жүреді. Бұл бұрын алған білімді, іскерлік пен дағдыны қолдануды, пəнаралық жəне пəнішілік байланысты құруды талап ететін алынған ақпаратты үнемі белсенді өңдеу. Осындай тапсырмаларға жоспар құру, тезистер, конспектілеу, əдебиеттерді аннотациялау, мəтінмен жұмыс т.б. жатады. Жартылай-ізденістік өзіндік жұмыстар нəтижесінде студенттер ізденушілік іс- əрекетінің кейбір тəжірибелерін меңгереді, бұл оларды толыққанды зерттеу жүргізуге дайындайды [3].
Танымдық өзіндік жұмыстың ең жоғары деңгейі шығармашылық. Ол студенттердің алдында тұрған міндеттерді шешудің жаңа принциптерін іздеумен байланысты. Шығармашылық сипаттағы жұмыс негізінде білім алу барысындағы студенттердің жаңа проблемаларды шешудегі танымдылық шығармашылық əрекеттерін көрсететін зерттеушілік əдістер жатыр.
Шығармашылық өзіндік жұмыстар білім алушылардың жағдайды сараптауын жəне қажетті жаңа ақпаратты алуын (стандартты емес) талап етеді. Студент өз бетімен алдына қойылған міндетті шешу үшін құралдар мен əдістерді өзі таңдап, тапсырманы шешу барысында реттілікті сақтауы керек.
Бұл жұмыстың ерекшелігі — əрекет ету əдістерін табу мен өзі үшін жаңа білімдерді ашу.
Оқушылар алған білімдерін əр түрлі өзгермелі жағдайда қолданады, осыған сəйкес жаңа ақпарат алудың продуктивтік процесі жүреді.
Бұл жұмыс ғылыми таным əдістерін меңгертуге, студенттің шығармашылық əрекеті тəжірибесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оған студенттерді қазіргі заманғы ғылыми зерттеу əдістерімен қаруландыру, реферативтік жұмыстың іскерлігі пен дағдысын қалыптастыру мақсатында оқу-зерттеу жұмыстарына тарту арқылы қол жеткізуге болады.
Студенттің танымдылық əрекетіне осылай сараптау жасау психологиялық түрде негізделген жəне эксперимент арқылы адамның ойлауы психикалық процесс ретінде əр түрлі деңгейде болатынын көрсетті (А.М.Матюшкин, А.Н.Леонтьев).
Осыған сəйкес ойлаудың екі түрі ерекше көрінеді — репродуктивтік жəне продуктивтік. С.Л.Рубинштейннің айтуынша, продуктивтік ойлауға жаңа шығармашылық шешімдерге,жаңалықтарға, жалпылауларға жататын барлық психикалық процестер жатады; репродуктивтікке — жаңа нəтиже бермейтін, алайда жанама түрде оның тууына əсер ететін барлық ойлау операциялары мен процестер жатады. Бірақ, автордың ойынша, осы екі ойлау түрін бір-бірінен дара қарастыру қате болған болар еді. Танудың нақты процесінде репродуктивті жəне продуктивті ойлау олардың сапалық айырмашылығына қарамастан, диалектикалық бірлікте болады.
Шындығында, психикалық процестер, С.Л.Рубинштейннің пікірінше, «екі деңгейде жүреді. Сыртқы жоғары «жоғарғы психикалық процестер» мен «төменгіні» қарама-қарсы қою дұрыс емес. Сондықтан əрбір «жоғарғы психикалық процесс «төменгі психикалық процесті» мегзейді жəне соның негізінде іске асады. Өзінің нақтылығымен алынған барлық танымдық əрекет пен барлық ойлау процесі бір мезетте əр түрлі жоспардағы деңгейде жүргізіледі». Сонымен танымдылық əрекеттің шығармашылық сипаты бір-бірін қалдырмайды, олар өзара байланыс арқылы диалектикалық бірлікте атқарылады [4].
Сонымен қатар жоғары мектеп мəселелері бойынша жүргізілген зерттеулерде өзіндік жұмыстың сыртқы немесе «басқарушылық жағына» (оқытушының əрекетінің көзқарасы бойынша) назар аудара отырып, оның екі түрін қарастырамыз: аудиториялық жəне аудиториядан тыс.
Студенттің аудиториялық өзіндік жұмысы оқу жоспарымен жəне оқу пəнінің бағдарламасымен анықталып, оқу кестесімен реттеледі, міндетті түрде оқытушының басшылығымен жүргізіледі. Оған дəріс, семинар, зертханалық сабақтар, коллоквиумдар мен басқа да жұмыстар кіреді.
Педагогикалық əдебиеттерде студенттердің аудиториялық өзіндік жұмысында олардың əр түрлі оқу, оқу-зерттеу, ғылыми-зерттеу, өзіндік білім алу əрекеттері жатқызылады. Бұлар қазіргі шындық пен болашақ кəсіпті; жалпы ғылыми жəне кəсіби білім жүйесін; жалпы ғылыми жəне кəсіби білім əрекеті жүйесін; шығармашылық əрекет тəжірибесін; эмоционалдық қарым-қатынас тəжірибесін қарастырады [4].
Студенттердің оқу мерзімі міндетті, əрі қосымша жəне өзіндік дайындық ретінде бөлінген оқу процесінің құрылымынан шыға отырып, студенттің жоғары оқу орнындағы аудиториядан тыс өзіндік дайындығы міндетті жəне қосымша бөлімдерден тұрады.
Студенттердің аудиториядан тыс міндетті өзіндік жұмысы аудиториялық сабақтың логикалық жалғасы болып табылады жəне оқу жоспары мен оқу бағдарламасымен анықталады. Оқудың бұл түрі өзіне дəріс сабағының практикасын, семинар сабағына дайындықты, практикалық жəне зертханалық, практикалық жұмысқа дайындықты, тапсырманы орындауды, дипломдық жұмысты орындауды қамтиды. Оның сипаты мен мазмұны, көлемі нақты оқу пəніне байланысты. Бұл жұмыс оқытушының басшылығымен жүргізіледі, яғни оқытушы тапсырма, кеңес береді, оны орындаудың мерзімдерін белгілейді. Оқу процесіне енгізілетін студенттердің өзіндік жұмыстары оқытушының қатысуынсыз жүргізіледі, ол тек қана осы жұмыс үшін белгілі уақытта тапсырма берумен шектеледі. Алайда бұл жағдайда бөлінетін уақыт сабақ кестесімен реттелмейді. Студент өзінің мүмкіндігі мен еркіне қарай жұмыс режимі мен уақытын анықтайды жəне аудиториялық сабақта бақыланып отырады. Əрбір өзіндік жұмыстың сыртқы көрінісі болады — ауызша немесе жазбаша түрде.
Студенттің аудиториядан тыс сабақ барысындағы өзіндік оқу жұмысы аудиториялық сабақтан өту орнымен, мазмұнымен, ұйымдастыру формасымен əдісімен, студенттердің өз бетімен жұмыс істеу деңгейімен жəне осы жұмысты есепке алу мен бақылау формасымен ерекшеленеді.
Студенттің аудиториядан тыс уақыттағы қосымша өзіндік жұмысы міндетті түрде арнайы жоспар бойынша жеке қызығушылығы мен бейімділіктерін бақылау арқылы жүргізіледі. Ол студенттің мамандандырылатын пəнді толық əрі терең меңгеруімен байланысты, оның шығармашылығын көрсетеді жəне тек қана білім алу мақсатымен ғана емес, қандай да бір жаңашылдықпен де байланысты болады. Жұмыстың бұл түрі оқу жоспарына енгізілмейді, алайда олардың білімін таңдап алған мамандықтары бойынша толықтырып тереңдетеді, яғни студенттердің өзіндік білім алуын қамтиды.
Сонымен қатар студенттің аудиториядан тыс орындайтын өзіндік жұмысы аудиториялық жұмысты жалғастырып дамытады. Практикалық аудиториялық сабақтар мен аудиториядан тыс сабақтардың байланысы мен өзара əрекеттестігі, бір жағынан, дəріс, семинар сабақтарында алған білімді жетілдіріп, бекітетін болса, екінші жағынан — студенттердің оқу-танымдық əрекетінде дəрістен тыс сабақ формасына қызығушылықты арттырады.
Аудиториялық жəне аудиториядан тыс жұмыстардың өзара байланысы студенттің жеке іскерлігін дамыту мен қызығушылығын арттыру түрінде болуы мүмкін (мысалы, оқу-зерттеу жұмысына қатысу) немесе оның əрекеттері оқу жоспарынан шығып жататын, онымен тығыз байланысты болатын, конкурсқа, олимпиадаға, конференцияға қатысушыға, үлгерімі жақсы студентке арналған. Алайда аудиториядан тыс жұмыстардың бұл түрлеріне бағдарламада қарастырылған білімнен көбірек іскерлік, дағды алғысы келетін үлгерімі жақсы студенттер қатысады. Аудиториялық жəне аудиториядан тыс жұмыстың өзара байланысы мен өзара əсері оқу жəне оқу процесінен тыс уақытта алған іскерлік пен дағдының екі жақтылығымен көрінеді. Оқу барысында алған өзіндік ақыл-ой əрекетінің іскерлігі мен дағдысын (конспектілеу, библиографиялық жұмыс, тезистер құру, мəлімет дайындау, баяндама дайындау, реферат жазу) студенттердің студенттік ғылыми-зерттеу жұмысында кең түрде қолданады. Ол студенттің ғылыми-зерттеу жұмысына қатысуы іскерлік пен дағдының одан əрі дамуына жəне жаңа іскерліктер мен білім алуына əсер етеді
Жүйелілік пен реттіліктің дидактикалық принципі аудиториядан тыс жұмысты жоспарлау мен өткізудің негізіне алынуы тиіс. Өзіндік жұмыстың барлық жүйесі жүйелілік пен мақсаттылықты оны өткізу дайындығын қамтамасыз ететін аудиториядан тыс сабақты нақты жоспарлау барысында құрылады. Жүйелілік оқу материалын ретпен орналастыру, аудиториялық, аудиториядан тыс жұмыстардың үйлесімі, материалды оқу, студенттердің психологиялық мүмкіндіктер мен оқушының жасына қарай дұрыс орналастыру арқылы қамтамасыз етіледі. Аудиториядан тыс жұмыстың əрбір деңгейі, міндеті олардың психологиялық ерекшелігі мен оқу материалын игеруге байланысты əр түрлі шешіледі. Басқаша айтқанда, жоғары оқу орындарындағы аудиториядан тыс жұмыс əр түрлі шараның бірлігі немесе дұрыс құрылған жүйе болу керек, ол бөлшектердің өзара бірлестігі мен өзара байланысы арқылы жүргізіледі.
Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың теориясы бойынша П.И.Пидкасистый жұмыстарды жалғастырушы, жаттығу, шығармашылық, зерттеу деп бөледі [5].
Е.Я.Голант логикалық бағыты бойынша өзіндік жұмыстарды фактіні бақылаушы жəне түсінік белгісін анықтаушы; құбылыстар арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты тану бойынша; оқығанды түсіну мен жалпылау бойынша; бірнеше құбылыстар арасынан əдеттегіні анықтау; фактілер арасындағы байланысты анықтау бойынша бөледі [6].
Бүгінгі күні кредиттік технология жүйесіне ауысуға байланысты өзіндік жұмысты ұйымдастыру мəселелері белсенді түрде талданып, оның жоғары мектептегі орны, формасы, құралдары мен басқа да мəселелер талқыланып жатыр. Сонымен қатар педагогикалық əдебиеттер өзіндік жұмыстардың түрлерін реттеуде біртектілік жоқ (түрлері). Авторлардың көпшілігі келесі жіктемені ұстанады:
- Жұмыс сипатына қарай:
а) репродуктивті өзіндік жұмыс — оқыған материалды жəне бұрын өткен əдістерді репродукциялау. Осы жұмыс негізінде репродукциялау əрекеттері жатыр: тану, айырмашылықты немесе ұқсастықты анықтау, оқу материалы мазмұнын тез игеруге мүмкіндік беретін үлгі бойынша типтік міндеттерді шешу;
б) реконструктивтік-вариативтік (репродуктивтік-шығармашылық):
- білімді қайталап қана қоймай, оны қолдану саласын кеңейту;
- міндетті шешудің дайын жолдарының жоқтығы, қайта білім алу қажеттігі, бұрын алған білімді қолдану;
- оқытушының ұсынған формалары мен əдістерін қолдану;
в) жартылай-ізденістік жұмыс (шығармашылық-репродуктивтік), ол ізденіс əрекеті тəжірибесін белсенді түрде жинақтаумен сипатталады, игерілген материалды қолдану арқылы кейбір стандартты емес практикалық міндеттерді шешуге арналған, өзіне белгілі əдістерді жаңа жағдайларға икемдеу арқылы дағдылануға, жетіспей жатқан білім көлемін анықтауға, білімді іздеу жолдарын табу, танымдылық формалары мен əдістерін ұйымдастыруға бағытталған;
г) зерттеушілік (шығармашылық) жеке жұмыс, шығармашылық-репродуктивтік əрекетке, шешімнің принципті жаңа жолдарын таңдауға бағытталған. Ол жеке адамның шығармашылық қасиеттерін дамытуда көп тиімділік береді (белсенділік, танымдылық, ұшқыр ойлау, ойының стандарттық еместігі, жұмысын өзіндігімен ерекше жүргізе білу т.б.).
- Ұйымдастыру формасы бойынша: ұжымдық, топтық, жеке.
- Жұмыс орны бойынша таным процесіндегі орнына байланысты қабылдау мен ой қорытуға, бекітуге, жүйелеуге жəне жалпылауға іскерлік көрсетуге бағытталған.
- Мақсаттылық бағыты бойынша: теориялық (негізінен оқу мен арнайы əдебиетпен жұмыс) жəне практикалық (оқу тапсырмаларын орындау).
Өзіндік жұмыстың мақсатын анықтау əр түрлі. Оқушылардың өзіндік жұмысы Л.В.Клименконың зерттеулерінде сипатталған жəне студенттердің арнайыланған жұмыстарында нақтыланады: өзіндік жұмыстың мақсатын анықтау, оны өзіндік жоспарлау, үй жұмысын өз бетімен орындай білу (мерзімдерін, күрделілігін, материал көлемін, оның бастапқы мақсатын сақтай отырып, оның мақсатын нақты жəне анық түрде анықтау, əрекетті орындаудың ретін анықтау, нəтижелеріне көз жеткізу), өзін-өзі бақылау: қызығушылық пен көңіл аударуды тудырады, ойлау мен есте сақтауды арттырады, оқушыға өз қатесін уақытында анықтап жоюға, жұмыс процесін реттеуге, өз білім деңгейін, практикалық іскерлігін нақты анықтауға мүмкіндік береді [7].
Н.И.Гелашвили өзіндік жұмыстың басты мақсатын студенттердің бойына өзіндік білімін көтеру іскерлігі пен дағдысын қалыптастырудан көреді. Сондықтан өзіндік жұмыс жүргізу барысында студенттерге нақты білім берумен қатар, оларды өз бетімен білімін көтеруге, білім алудағы даму мен өзіндік білім алу жұмыстарын дамытуға тарту керек [8].
Оқу əдебиетімен жұмыс істеу барысында технология бойынша əдебиеттердің, оқыту құралдарының көптігін ескере отырып, студенттерге пəн бойынша жұмыс бағдарламасын құрып, осы материалды табу жолдары көрсетіледі.
Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың дəстүрлі тиімді формасы күндізгі бөлімдегі үй жұмысы мен сыртқы бөлімдегі бақылау жұмысы болып табылады. Ол оқу пəні бойынша рефераттар жəне өңдеудің есебі мен уақытын қамтитын əр түрлі есептік-жобалық жұмыстар, станоктардың кинематикалық сараптамасы т.б.
Осы жұмыстарға тапсырма құру мен оны орындау барысында өзіндік жұмысты арттыру мақсатындағы жекешелендіру маңызды. Мысалы, берілген тапсырманың біразын (өңдеу түрі, өңделген беттің қажетті бұдырлығы мен ұзындығы) сынақ кітапшасының нөмірімен беру, ал басқасын (бұйым материалы, өңдеу диаметрі т.б.) — соңғы нөмірімен беру. Бұл жерде көптеген əр түрлі мəліметтердің болуы əрбір студентке ағымдағы тапсырманы орындауды дараландыруға жəне оны өз бетімен орындауға тырысуға мүмкіндік береді.
Студенттердің үй жұмысы мен бақылау жұмысын орындау барысында оларды əдістемелік қамтамасыз етудің маңызы зор. Əдістемелік нұсқауларда жұмысты орындаудың мазмұны мен оны орындау реті толық көрсетілуі керек, типтік тапсырмаларды орындаудың мысалдары оқу-əдістемелік əдебиеттерде көрсетілген.
Студенттердің техникалық анықтамалықты оқуындағы қиындықтарды ескере отырып, оның жоғары оқу орындарындағы көлемінің аздығын ескеріп басылып шығатын əдістемелік нұсқаулыққа қосымша беруге болады. Мысалы, кесу режимдері, орнату мен т.б.
Студенттердің өзіндік жұмыстары оқу-тəрбие процесінде толық, белсенді жұмысты қамтамасыз етуі, кəсіби жəне жалпы білім алу іскерліктері мен дағдысын қамтамасыз ете отырып, болашақ маманның кəсіби құзыреттілігін қалыптастыруы керек.
Əдебиеттер тізімі
- Есипов Б.П. Самостоятельная работа учащихся в процессе обучения // Материалы педагогических исследований. —М.: Известия АПН, 1961. — Вып. 115. — С. 5–7.
- Стрезикозин В.П. Организация процесса обучения в школе. — М.: Просвещение, 1964. — 280 с.
- Ахметов М.Г. Система домашней самостоятельной работы учащихся по курсу физики в выпускном классе: Дис. …канд. пед. наук. — Уральск, 1991. — 150 с.
- Рубинштейн С.Л. О мышлении и путях его исследования. — М.: АН СССР, 1958. — 147 с.
- Пидкасистый П.И. Самостоятельная познавательная деятельность школьников в обучении: теоретико- экспериментальное исследование. — М.: Педагогика, 1980. — С.
- Голант Е.Я. Некоторые принципиальные вопросы развития самостоятельности школьника. — Л.: Ленингр. отд-ние«Знание», 1977. — С. 10.Клименко Л.В. Управление учебно-познавательной деятельностью студентов во внеаудиторное время (на материале само- стоятельной работы по дисциплинам гуманитарного цикла): Автореф. ... канд. пед. наук. — Днепропетровск, — 24 с.
- Гелашвили Н.И. Педагогические основы управления самостоятельной работой студентов в процессе обучения. — Тби- лиси: Генатлеба, 1988. — 202 с.