Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кəсіптік мектеп оқушыларының кəсіпкерлік қабілеттерін дамыту

 Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кəсіпкерлік қызметті дамыту мəселесі өзекті мəселелердің бірі болып табылады. Кəсіпкерлік қызметті дамыту — нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да кəсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мəселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы ролінің маңыздылығын дəлелдейді. Жалпы өркениетті елдердің қай-қайсысын алсақ та, өздерінің экономикалық жəне əлеуметтік мəселелерін шешуде кəсіпкерлік қызметке арқа сүейді. Себебі кəсіпкерлік халықтың əл-ауқатын арттырумен қатар, қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін тигізеді.

Кəсіпкерлік қызметті жетілдіру экономиканың тұрақтылығы мен оның бəсекелестік сипатын қалыптастыруда басты күштерінің бірі болып табылады. Кəсіпкерлік қызметті дамыту үшін субъектінің белгілі бір дəрежеде еркіндігі мен құқығы, шаруашылық қызметінің бағытын таңдауда еріктігі, қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нəтижелерге тəуелдіктің болуы қажет.

Əлеуметтік экономика жағдайында кəсіпкерлік — шаруашылық қызметінің маңызды түрі. Оның ролін Адам Смит былай деп бағалаған болатын: «Кəсіпкер өз мүддесін өзі үшін ұтымдылық жағдайды көздейді дей тұрғанмен, ол қоғам мүддесіне де қызмет етеді». Қазіргі экономика кəсіпкерлік қызметті шаруашылықты ұйымдастырудың түрі ретінде анықтайды [1]. Əлеуметтік экономиканың тұрақты болуы жəне оның бəсекелестік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кəсіпкерлік қызметті жетілдіру болып табылады. Жалпы кəсіпкерлік қызметті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалу қажет:

  • кəсіпкерлік субъектінің белгілі бір дəрежеде еркіндігі мен құқығы болуы қажет. Ол — шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге баға беру, табысты өз мұқтажына жұмсау;
  • кəсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нəтижелерге тəуекелді қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса, ол кəсіпкерліктің де болмағаны;
  • кəсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге бағдар ұстауы, экономикада қажетті нарықтық құрылым орнатумен байланысты. Кəсіпкерлік қызметтің дамуы үшін оның құқықтық базасы, əлеуметтік-экономикалық шарттары қалануы керек;
  • еркін кəсіпкерлік меншіктің əр түрлі формада болуын қалайды [2].

Кəсіпкер болу үшін, капитал иесі болудың қажеті жоқ, оның басты капиталы — ұшқыр қиял жəне тұтынушылардың психологиясын сезіну. Нақ осылар кəсіпкерге пайда түсіреді.

Нарықтық экономикаға көшіп, саяси-экономикалық бағыты мүлдем өзгерген, яғни əрбір адам өзінің экономикалық жағдайын өзі жасауға мүмкіндік алып отырған, қазіргі кезеңде «Оқушыларға кəсіптік бағдар мен экономикалық білім беру ісін қалай жүргізуіміз керек?» деген заңды сұрақ туындайды. Бұған жауап: оқушыларға кəсіптік бағдар мен экономикалық тəрбие беру мəселелерін біртұтас қарастырып, яғни жас жеткіншектерді белгілі бір кəсіп түрімен таныстыра отырып, сол кəсіппен айналысу барысында қандай жəне қалай пайда табуға болатынын ескерту керек, басқаша айтқанда, оқушыларды кəсіпкерлікке баулу ісін жүргізген абзал. Ал оны қалай жүргізуге болады деген мəселеге келсек, бүгінгі таңда оқушыларды кəсіпкерлікке баулу ісін оқу процесі барысында жүргізуге мүмкіндік болып отыр [3].

«Кəсіпкерлік» жəне «нарық» — бір-бірімен байланысқан түйіндер. Нарықтық экономиканың ең қысқа анықтамасы «еркін кəсіпкерлік экономикасы» деп беріледі. Нарықтық экономика бизнес əлемі ретінде сипатталады, ал бизнес жəне кəсіпкерлік мағынасы жағынан бірдей. Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі кəсіпкерліктің құрылуы мен дамуына байланысты. Сондықтан, нарықтық экономика жайында айтқанда, экономикалық қызметтің белгілі бір бөлігі ретінде кəсіпкерлікке баса назар аударуға тура келеді.

«Кəсіпкерлік» сөзі орыстың «предпринимать» (қамдану, əрекеттену) деген сөзінен шыққан.

Кəсіпкерлік — пайда табуға, тəуекелге бел бууды жүзеге асыруға бағытталған азаматтың өзіндік ынталы əрекеті. Кəсіпкерліктің анықтамасы əлемдік практикада қолданылады. Мысалы, американ авторлары А.Стоунер жəне Э.Долонның «Бизнеске кіріспе» еңбегінде бизнес пайда табуға тырысатын жəне бір-бірімен бəсекелес, тауар мен қызмет көрсететін жеке кəсіпорындағы қызметі ретінде сипатталады [4].

Кəсіпкерлікке экономикалық іс-əрекеттердің кез келген белгісі тəн. Сондай-ақ ол мазмұндылығымен, бағыттылығымен, процедуралық кезектілігімен сипатталады.

Кəсіпкер белгілі бір тұтынушылар шеңберінің сұранысын қанағаттандырып, оларға тауар сатып, сол үшін табыс табуы керек. Тауар түрі əр түрлі болуы мүмкін. Тұтынушы қажеттенетін, оған кəсіпкерлердің сататындары: мекеме, ғимарат, баспана, тұтыну тауары, ақпарат, интеллектуалды өнім, ақша, валюта, құнды қағаз, құрылыс жұмыстары жəне тағы басқа болуы мүмкін.

Тауарды сату үшін, оның бірінші бар болуы керек. Сондықтан кəсіпкер тауарды иемденеді, алады жəне өндіреді, оны сатып алушыға, тұтынушыға сату үшін жылжытады. Тұтынушыға қажет тауарларды кəсіпкер алу үшін кəсіпкерлік қызмет факторларының бірнеше түрінен өту керек, яғни тауарды сатуда, өндірісте, көлікте қолданылатын қаржылық, ақпараттық, материалдық ресурстар, тауарды жұмыс күші ретінде айналдыру жəне өндіріс құралдары. Кəсіпкер біртіндеп кəсіпкерлік қызметтің осындай факторларына ие болуы керек. Егер болмаса, онда кəсіпкер факторды ақша есебінде оның иесінен алады жəне соның көмегімен өндіреді, табады жəне тұтынушыға тауарды сатады. Кейде факторлар өздері тұтынушыға қажетті тауарларды ұсынса, кəсіпкер оларды алып тұтынушыға сатады. Мұндай жағдайда тауар иесі мен тұтынушы арасында делдалдық сауда болады.

Кəсіпкерлік қызмет былай ұйымдастырылады: барлық əрекет белгілі уақытта жүзеге асырылуы керек, ол үшін кəсіпкерлікке жоғарғы ұйымдастыру деңгейі қажет. Операцияның ұзақтылығы оның тиімділігіне, табыстылығына мол əсер етеді. Əдетте келісім кезеңі неғұрлым аз болса, кəсіпкер үшін оның тиімділігі соғұрлым көп. Бір жағынан, шығын азайса, екінші жағынан — ақша айналымы үлкейеді, сондықтан да уақыт кəсіпкерлік факторы бола алады. Бизнесте «келісім» ұғымы дегеніміз екі немесе бірнеше қожайын субъектілері немесе тұлғаның пайда табуына байланысты жазба түріндегі немесе ауызша келісімі [5].

Кəсіпкерлік қызмет — кезекпен қатар жəне бір уақытта жүргізілетін операциялар жиынтығы. Əрбір бизнес-операциялар — кəсіпкерліктің аяқталған бір циклі. Мұндай операцияға «бизнес- келісім» деген термин қолданылады.

Мазмұны мен оның байланыс кезеңіне байланысты кəсіпкерлік қызметтің бірнеше түрі бар: өндірістік, коммерциялы, қаржылық, сақтандыру, консультативтік жəне делдалдық.

Өндірістік кəсіпкерлік дегеніміз, егер кəсіпкер өзі сауда ұйымдарына, сатып алушыларға, тұтынушыларға сату үшін фактор негізінде еңбек заты мен құралын, жұмысшы күшін қолданса, өнім, тауар, қызмет, ақпарат жəне рухани құндылықтарды өндірсе, ұйымдастырса, кəсіпкерліктің бұл түрінде өндірістің бұл функциясы негізгі жəне анықтаушы болады [6]. Бұнда ұдайы өндіріс циклінің негізгі фазасы — өнім өндіру жүзеге асады. Тауар өндірушілер шикізатты дайын өнімге айналдырады. Содан бұл өнім басқа өндірушіге тағы басқа өнім жасау үшін шикізат ретінде немесе көтерме, бөлшек түрінде тұтынушыларға сатылады [4].

Көптеген, енді ғана бастаған кəсіпкерлер өз істерін қызмет көрсету өндіріс саласында ашады, яғни мұнда транспорттық жабдықтарға көп қаражатты қажет етпейді. Мысалы, тіс пастасын шығару үшін кəсіпкер қызметшілерге ғана ақша қаражатын жұмсап қана қоймай, көлік пен шикізатқа да жұмсайды. Енді ғана бастаған кəсіпкерлер өз істерін ақша қаражатын көп жұмсамайтын жерлерден бастаған, олар:

  • құрылыс фирмалары — ағаш шебері, сантехник жəне электрик жұмыстары бойынша кішкене құрылыс кəсіпорны жəне мердігерлік ұйымдар;
  • арнайы фирмалар    —      архитектуралы    жоспарлаушылық,   заңгерлік,     бухгалтерлік, стоматологиялық;
  • жұртшылық тамақтанатын кəсіпорындар — кішкене асхана, кафе, мейрамханалар;
  • іскер қызмет көрсететін фирмалар — офистарды жинау, маркетинг, жарнама агенттеріне, материалдық көшіруге, компьютерлік бағдарламаларға қызмет көрсету;
  • халықтың тұрмыс қажетін өтеу мекемесі — шаштараз, аяқ киім жөндейтін шеберхана [7].

Саудалық (коммерциялы) кəсіпкерлік біздің мемлекетіміз нарықтық экономикаға көшкенде алғашқы жылдары дамыды. Кəсіпкер дайын өнімді сатып алушыларға, тұтынушыларға сату үшін коммерсант, саудагер, сатушы ролінде болады [4]. Саудалық кəсіпкерлік шегінде өте танымал көтерме жəне бөлшек сауда. Көтерме саудагерлер — өндірушілер мен бөлшек саудагерлер арасындағы делдал. Олар өндірушілерден өнімді алады, оны реттеп, бөлшек саудагерге сатады. Тауар бұл жағдайда өзгермейді, тек бағасы өзгеріске ұшырайды.

Бөлшек саудагерлер өндірушілерден немесе көтерме саудагерден тауарды алып, оны тұтынушыға бағасын жоғарлатып сатады [7].

Қаржылық (финанстық) кəсіпкерлік — саудалық кəсіпкерліктің негізгі формасы. Кəсіпкерлердің сатып алушыға сатқан немесе несиеге алынған сату жəне сатып алу заты ретінде құнды қағазбен ақша орын алады. Кəсіпкерге пайда, табыс қаржылық ресурстардың пайызын төлетіп, сату, қосымша капиталды алу нəтижесінде келеді. Егер валюта, ақша жəне құнды қағаздар операциясы заңды болса, ол қылмысты емес [4].

Делдалдық кəсіпкерлік, мұнда кəсіпкер тауарды өзі шығармайды немесе сатпайды, ол тек тауар- ақша операциясы, тауарды айырбастау бөлімдерінде делдал ролін атқарады. Делдалдық кəсіпкерлік қызметінің басты мақсаты жəне нысаны — екі жақтың келісімін біріктіру, осы екі жаққа көмек көрсету. Осындай көмек көрсетудің нəтижесінде кəсіпкерге пайда, кіріс кіреді.

Сақтандыру кəсіпкерлігі, мұнда кəсіпкер ойда болмаған апат нəтижесінде өмірін, құндылығын, мүлігін жоғалтпау үшін сақтандырушыға арнайы төлемақы төлеуге кепілдеме береді. Мүлікті, денсаулықты, өмірді сақтау қаржы-несиелік кəсіпкерліктің негізгі формасы болып табылады, яғни кəсіпкер сақтандыру жарнасын алады да, оны тек белгілі жағдайларда ғана қайтарады [4].

Кейінгі кезде Қазақстанда қызметтің консультативтік кəсіпкерлік формасы дамып келеді.

«Консультант» сөзі латын тілінен аударғанда «ақыл, кеңес беруші» деген мағына береді. Бұл өзінің мамандығы бойынша сұрақтарға кеңес беретін сарапшы. Нарықтық экономикасы мен өнеркəсібі дамыған мемлекеттерде консультациялық қызмет көрсетуге қаражатты жұмсау тиімді. Оның құны шетелдерге қарағанда 4–5 есе кем.

Қызмет саласын таңдай отырып, жаңа бастап жүрген кəсіпкер бизнестің тыйым салынған саласы (жасырын тауар, порнография т.б.) жəне жеке кəсіпкерлік үшін жабық салалар (есірткі, химиялық улы заттар өндірісі т.б.) бар екенін білу керек [7].

Адам өміріндегі қызметінің мəні, потенциалды мүмкіндіктері мен белсенді əрекетке талпынысы оның биологиялық негізінде қаланған. Адамның қоғамдық өмірі ата-анасынан баласына, яғни ұрпақтан ұрпаққа, берілмейді. Білім — еңбек дағдысы, өнегелі қасиеті туа бітпейді. Барлық ерекше қасиеттері əлеуметтік тəжірибелерді меңгеру процесінде қалыптасады. Қоғамның материалдық жəне рухани байлықтары адамның қоғамға пайдалы қызмет процесінде танылады, меңгеріледі.

Шетел психологтары бала кезінен қалыптасқан кəсіпкер арасында жиі кездесетін психологиялық ерекшеліктеріне баса назар аударған, осыған байланысты мынадай сұрақ туындайды: «Осы қасиет туа біте ме, əлде басқа жолдармен келе ме?» («Предпринимателями не рождаются, ими становятся?»). Американ психологы Р. Хизриг көптеген зерттеулерінде осындай тұжырым жасаған. Ол жеке тұлғаның

«типтік кəсіпкерлік профилі болмайды» деді. Адамдар арасындағы өзгешелік кəсіпкерлік əрекеттің мөлшеріне жəне осы əрекеттердің ерекшелігіне бағытталған. Сонымен қатар кəсіпкерлік қасиеттердің көрінуі əрбір адамның өмірінде өзгеруі мүмкін.

Адамдар қандай жолмен болса да баюға тырысады. Ал балалар үлкендерге еліктеуге тырмыса- ды. Бұл оқуға, еңбекке деген қызығушылығын, адамгершілік нормаларын төмендетуге əкеліп соғады. Жастардың құндылығы, арманы тез өзгерді. Оқушылардың арманы — көп материалдық мүмкіндіктері бар адамдар сияқты болу. Барлық жерде өздерінің армандаған заттарын, қажеттілігін алу үшін опасыздық, арсыздық жолмен ақша табатын балалар базары құрылған. Мұндай көше «бизнесі», шынымен, кейбіреулердің кəсіпкерлік қабілетін дамытуға көмектесетін шығар. Бірақ мұндай қасиеттерді базарда емес, мектепте, өндіріс, еңбек процесінде қалыптастырған, дамытқан дұрыс.

Қабілет — əрбір адамның түрлі іс-əрекетін орындалу жолындағы, жетістігіндегі көрінетін қасиет. Бұл қасиеттің көрінуі адамның алған білімі мен икемдігі немесе қалыптасқан дағдысына да байланысты емес. Сондықтан бірдей жағдайда қатар отырып орындалатын іс-əрекет үстінде бұл қасиеттердің көрінуі əркімде əр түрлі болады [8].

Кəсіпкерлік қабілеттер — адамның жерді, еңбек пен капиталды тиімді пайдаланып, барынша пайдалы шешімдер қабылдай алуы, есеппен тəуекелге бара білуі [9].

Кəсіпкерлік қызмет — материалды құндылықты игерген, оны бизнесті ұйымдастыруда қолданатын ынталы, қайратты, батыл адамның қызметі.

Бұл, ең алдымен, адалдық жəне одан туындайтын кəсіпкерлік операцияға қатысатын адамдардың бір-біріне сенімділігі. Абыройлы парасатты кəсіпкерлер құжатсыз, қолсыз бір-біріне «сөзбе сөз» ақша, доллар береді. Жеке кəсіпкерлікте табыс алдаушылықпен келмейді.

Екіншіден, міндеттілік. Уəде етілген соң, оны қандай жолмен болса да орындау керек. Кəсіпкер серіктесін, қатарласын алдауға, келісім-шартты бұзуға, міндетін орындамауға болмайды. Басқаша жағдайда оның қылығы адамгершілікке жат болып табылады.

Келесі, жауапкершілік. Нағыз кəсіпкер өзінің ісіне ақшасымен, мүлкімен жауапты болады. Егер ол кінəлі болса, өз істегенін басқа адамға жаппай өз қатесін өзі түзетеді, келтірілген зиянның орнын жабады. Бұл қасиет — бизнестің серігі [9]. Жолдастарыңыздың, туыстарыңыздың берген пайдалы кеңестерінен, көмектерінен бас тартпау керек. Сəттілікке жетудің үміті ұйымдастырушылармен, серіктестерімен жауапкершілікті бөлісе білуді жоғарлатады [7].

Кəсіптік мектептерде экономикалық жəне кəсіпкерлік білімдерін жақсарту əрбір оқушының қабілетін, ерекшелігін, талантын дамыту үшін тиімді жағдайлар жасау бағытында жүргізілуі керек.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Мəдешев Б. Нарықтық экономика теориясына кіріспе. — Алматы: Экономика, 1995. — 130 б.
  2. Питер Ф. Друкер. Нарық: топ жарып, алға шығу. — Алматы: Білім, 1994. — 320 б.
  3. Тайыржан Н. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларын кəсіпкерлікке баулу // Ізденіс. — 2000. — № 6. — 101 б.
  4. Райзберг Б.А. Основы экономики и предпринимательства: Учеб. пособие для общеобразоват. шк., лицеев, гимназий, колледжей. — Кн. 2 / Науч.-метод. об-ние «Творческая педагогика». — М.: МП «Новая школа», 1993. — 173 с.
  5. Бабайцев В. Предпринимательство — дело новое или хорошо забытое? // Предприниматель. — — № 1, 2. —С. 52–54.
  6. Урадова Н.С. Воспитание бизнесмена: с чего начать? // Частная школа. — 1994. — № 1. — С. 53–55.
  7. Афанасьева В.И., Ерошин Т.И., Пуденко В.П. Основы предпринимательской деятельности. — М.: Полигран, — 121 с.
  8. Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігі. — Алматы: БК, 1995. — 99 б.
  9. Ермекова Т., Кенебаева Ш. Экономикалық білім негіздері: 6-сыныпқа арнал. оқулық. — Алматы: Жазушы, — 96 б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.