Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Көптілді білім беру саласында ақпараттық технологиялардың рөлі

Қазақстан Республикасы ғасырлар тоғысуында дербес мемлекетке айналды. Мемлекеттің саяси, əлеуметтік жəне экономикалық жүйесі əлемдік өркениет көкжиегінде құрылды. Ғаламдану мен кірігу заманындағы бүгінгі өркениеттің аса бағалы көп сипаттарының ішінде Қазақстанның басқа мемлекеттермен тығыз байланыста болатын бағдары бар. Сол себепті ана тілімен қоса көп тілді жеткілікті дəрежеде меңгеру жəне білім мен ғылымның барлық саласында білікті болу біздің жаңарған қоғамымыздың көрсеткіші, алға қарай даму сатысындағы қажетті құбылыс болмақ [1].

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі əлемде болып жатқан өзгерістерге үнемі қатысуда. Қазір педагогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа үлгісін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр. Оның жүйесінің негізгі ұстанымдары

«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасында көрсетілген [2].

ХХІ ғасырда бүкіл адамзатқа қажетті жəне бағалы болып саналатын бейбітшілікті орнатуда, яғни əрбір азамат өз ұлтының қасиетті құндылықтарына қамқорлық көрсетумен бірге өзге ұлттардың тілдеріне, діндеріне жəне мəдениеттеріне төзімділік танытып, құрмет көрсетуде көптілдік категория маңызды рөл ойнайды. Сондай-ақ бірнеше тілдерді меңгеретін тұлға өзге тілдерді меңгергені секілді, өз тілін жəне ұлттық құндылықтарын өзге елдерге таныта алады. ЮНЕСКО халықаралық ұйымының көптілдік туралы ресми құжаттарында дүние жүзіндегі барша халықтарға өз тілдерін киберкеңістікте, яғни электрондық түрін шығарып, Интернет желісіне қосуды ұсынады. Нəтижесінде дүниенің кез келген жерінде Интернет желісіне байланысу арқылы қалаған тілмен танысып, үйренуге мүмкіндік бар. Сонымен қатар көптілді білім беру жүйесі арқылы шетелдік ғалымдардың еңбектерімен жəне дүние жүзінде күнделікті болып жатқан жаңалықтар жəне өзгерістермен тікелей танысу мүмкіндігіне қол жеткізуге болады [3].

Көптілді білім беру саясаты «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында», Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында белгілі мақсат пен міндеттер аясында өз көрінісін тапқан:

  • əлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған жəне жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көпдеңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басылымдықтарды анықтау;
  • азаматтық пен патриотизм, ұлтжанды қасиеттер бойына дарыған шығармашылық, рухани жəне күш-қуат мүмкіндіктері; даралығы дамыған тұлғаны қалыптастыру;
  • отандық жəне əлемдік мəдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, əдет-ғұрпы мен дəстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;
  • оқытудың жаңа технологиялары, оның ішінде кредиттік, қашықтықтан оқыту, ақпараттық- коммуникациялық технологияларды енгізу жəне тиімді пайдалану [4, 5].

Осы қатарда шетел тілінен білім берумен тікелей байланысты «Қазіргі заманғы тілдер: үйрену, оқыту, бағалау. Жалпыеуропалық құзырлық» атты құжаттың негізінде дайындалған «Қазақстан Республикасында шетел тілінен білім беруді дамыту тұжырымдамасын» атап өтуге болады. Тұжырымдаманың негізгі мақсаты — шетел тілдерінен білім берудің маңызды бағыттарын анықтай отыра, үздіксіз жəне сабақтастық білім берудің ұлттық деңгейі мен моделін ұсыну. Бұл Қазақстанның көптілді əлемдік білім беру кеңістігіне кірігуін қамтамасыз ететін болады. Осы орайда атқарылатын іс- шаралар халықаралық стандартқа сай шетел тілдерін меңгеру деңгейінің сапалық көрсеткіштеріне жетуді талап етеді [6].

Шетел тілінен білім берудің деңгейлік моделімен тығыз байланысты ерекше құжат еуропалық тіл «Портфолиосын» атауға болады. Аталмыш «Портфолио» — жүйелі түрде ретке келтірілген, шетел тілін меңгеруде жеткен жетістіктеріне дəлел бола алтын жəне өз бетімен дайындалған жазба жəне ауызша жұмыстар жиынтығы.

Аталған Тұжырымдаманы іске асырудың негізгі мақсаты:

  • ҚР-да үздіксіз жəне сабақтастық негізде шетел тілінен білім беру жүйесін түзу;
  • халықаралық стандарттық талапқа сай деңгейлі негізде шетел тілін оқыту;
  • шетел тілінен алған дипломның басқа елдерде жарамдылығына кепілдік беру;
  • шетел тілінен халықаралық сертификаттарға ие болу;
  • құқықтық-басқару жəне оқу-əдістемелік құжаттарды түбегейлі өзгерту;
  • жаңа буын оқулықтар мен оқу-əдістемелік кешенін дайындау;
  • бəсекеге қабілетті, жоғары білікті, қабілеті мол жаңа заманға лайық мұғалім кадрларды даярлау;
  • Қазақстанның жаңа əлемнің білім беру кеңістігіне кірігуіне жағдай жасау.

Көптілділік қағидасын іске асыруда орта мектеп пен жоғары оқу орындар арасындағы сабақтастық өз дəрежесінде орын алу үшін бұл мəселе мемлекет деңгейінде заңдастырылуы қажет деп санаймыз. Мысалы, шетел тілінде оқытылатын пəндер тізімі мен мазмұнын анықтау, кадрлар даярлау мəселелері бірізділік пен жүйелілікті қажет етеді. Көптілділік дидактикасына байланысты соңғы уақыттағы басылымдар мен тəжірибеге сүйенсек, бұл құбылысты іске асыруда төмендегі қағидаттарды ұстанған абзал:

  • бірнеше тілдерді интегративтік түрде оқытып, оның ішінде бір тіл негізгі базалық тіл болып есептеледі, ол тіл екінші жəне үшінші тілді меңгеруге оң əсерін тигізеді;
  • тілдерді қатарластыра отыра оқыту;
  • тілдерді үйренуде оқушылардың оқу жəне лингвистикалық тəжірибесін пайдалану (əмбебап терминдер, əр тілдегі ұқсас грамматикалық категориялар тілдерді меңгеруді жеңілдетеді);
  • тілдерді меңгерудегі тыңғылықтылық, асығыстыққа, үстірттілікке жол бермеу;
  • тілдерді оқытудың танымдық бағытында оқушы көптілділік құзыр-қабілеттілікті меңгеріп қана қоймай, тіл құбылыстарына қызығушылық танытатын лингвист ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету;
  • тілді меңгеруде мəдениаралық бағыттылық, білім алушы тек көптілді тұлға ғана емес, көпмəдениетті азамат ретінде қалыптасуы шарт [7].

Ғалым Барышниковтың есептеуінше, бірнеше тілді үйрену оқытушыдан жəне білім алушыдан ыждаһаттылық пен табандылықты талап етеді. Тілдік жəне сөз жаттығуларының кең көлемде орындалуы, бейдəстүрлі əдіс-тəсілдерді қолдану (мысалы, бірнеше мұғалімдердің бір мезгілде сабақ жүргізуі), аудио- жəне бейнеқұралдарды пайдалану, субтитрі бар фильмдер көрсету, жергілікті теледидардан «Тіл сағаты» хабарларын немесе сабақтарын жүйелі түрде беріп тұру, серік немесе желілі теледидар бағдарламаларын тамашалау, тілдерді жетік меңгерген немесе шетел тілдерін ана тіл ретінде меңгерген азаматтармен кездесу кештерін, шетел тілінде жүргізілетін клубтар жұмыстарын ұйымдастыру көптілді коммуникативтік құзыр-қабілеттің дамуын арттыратын бірден-бір таптырмас құрал [8]. Енді шетел тілін оқытудың кейбір ерекшеліктеріне тоқтала кетейік, шетел тілі кез келген тіл тіркесі ретінде қоғамдық-тарихи өнім, бұл құбылыста халықтың тарихы, мəдениеті, əлеуметтік қатынаcтар жүйесі, əдет-ғұрып, дəстүрлер бейнеленеді.

П.В.Сысоевтың айтуынша, «тілде халықтың рухы, оның ұлттық сипаты бар», тіл ұрпақтар арасындағы дəнекер қызметін атқарады. Тіл — қарым-қатынас жəне тұлғаны дамыту құралы. Бізге ең қасиетті ереже — тіл айтайын деген ойды жеткізу құралы. Яғни белгілі ой-тұжырым тіл құралдары арқылы іске асырылады. Шетел тілін үйренудің ана тілін үйренуден айырмашылығы бар [9]:

  1. Тілді меңгеру бағытына байланысты.
  2. Қарым-қатынас жиілігі.
  3. Тілдің адамның заттық-коммуникативтік əрекетімен байланысы.
  4. Атқаратын функциялар жиынтығымен ерекшеленуі.
  5. Тілді үйренуде бала дамуының ең қолайлы кезеңімен байланысы.

Л.С.Выготскийдің айтуынша, ана тілін меңгеру «төменнен жоғары қарай» болса, шетел тілін үйрену «жоғарыдан төмен қарай» бағытталады. Шетел тілінде қарым-қатынас жасағанда айтатын ой легінің мағынасы саналы түрде бақыланса, ой жеткізу формасы автоматты түрде іске асырылады [10]. Қарым-қатынас, ауызекі сөйлесу жиілігі ана тілінде өте жоғары. Шетел тілінде сұхбаттасу көбінесе сабақта ғана орын алады, сонымен қатар оқушының сөздік қорының аздығы, пайдаланатын грамматикалық құрылымдардың тапшылығы, фонетикалық кемшіліктер ойын еркін білдіруге кедергі жасайды. Шетел тілі тек коммуникативтік қызметте қолданылып, заттың өзінен алшақтайды. Ана тілін үйренгенде бала заттарды ұстап көріп, олармен ойнап, аттарын айтып, сөйлеп үйренеді. Ана тілі өз қызметтерін толық орындайды, қоршаған ортаны, қоғамдық тəжірибені меңгерудің құралы.

Оқытушы мен оқушының арасындағы əр түрлі ақпарат алмасудың аясын кеңейту ақпараттық жаңа технологияларды (АЖТ) қолданудың алғы шарттары болып табылады. Е.С. Полаттың пікірінше, АЖТ микропроцессор техникасы, қазіргі телекоммуникациялық ақпарат алмасу — аудио-, бейнетехникасының негізінде жұмыс істейтін бағдармалық-ақпараттық құралдар мен жабдықтар. Олар ақпаратты жинақтау, пайдалану, сақтау, өңдеу жəне жөнелту сияқты операцияларды іске асырады. Технологияны қолдану оқу жүйесінің барлық компонентіне əсер етеді: ол оқу мақсатын, мазмұнын, əдіс-тəсілдерін жəне əр түрлі ұйымдастыру формаларын қамтиды [11]. АЖТ-ны қолдану адамның интеллектуалдық, шығармашылық əлеуетін, аналитикалық сыни ойлау жүйесін дамыта отыра, тіл үйренушінің өз бетімен білімін толықтыруға жəне ақпараттың əр түрлі дерек көздерімен жұмыс істеуге мүмкіндік туғызады. Осы жерде 2 технология туралы айтып кеткен жөн:1) интеллектуалды технология — ойлау жүйесінде интеллектуалды процестерді тиімді іске асыруда қолданылатын əдіс- тəсілдер кешені; 2) информатикалық технология, компьютерлік технология осының бір құрамдас бөлігі. Осы орайда оқу үрдісінде қолданылатын ақпараттық дидактикалық құралдарды да атап өткен жөн: 1) программаланған оқулық (оқу материалы курстың логикалық құрылымымен сəйкес бірнеше элементтерге жіктеліп қысқаша берілген, оның ішінде сұрақ-жауап бөлімдері де бар); 2) электрондық оқулықтар; 3) мультимедиалық оқу құралдары. Мұнымен қатар компьютерлік технология электрондық сөздіктерді, энциклопедиялық жəне ойын бағдармаларын да қамтиды. Шетел тілін үйренуде компьютерлік бағдармаларды пайдалана отыра, тыңдап-түсіну, сөйлеу, оқу, жазу сияқты біліктерді жəне фонетикалық, грамматикалық, лексикалық дағдыларды дамытуға болады.

Ресейлік ғалым В.М.Глускин АЖТ-ның пайдалы жақтарын өзінің «Технические средства в обучении иностранному языку» атты зерттеуінде былай деп атап көрсеткен:

  • мұғалімнің оқушыларға ақпараттық мəліметті беруге мүмкіндігін кеңейтеді;
  • оқу үдерісінде оқушылардың іс-əрекеттерін реттеп, оларға бағыт-бағдар беруге көмектеседі;
  • ауыз-екі біліктіліктерді дамыту барысында жаттығуларды қызықты əрі белсенді ете түседі [12].

Ғалым М.Д. Рыбаков компьютерді шетел тілі пəні сабағында қолданудың төмендегідей тиімді жақтарына тоқталады:

  • компьютер оқушының ауыз-екі сөйлеуін тездетеді;
  • тілін үйреніп жатқан ел туралы кең мəліметтер береді;
  • оқушыға шетел тілінің түрлі фонетикалық, лексикалық, грамматикалық т.б. ерекшеліктерін көрсетеді;
  • оқушы мектептен тыс жерде де компьютер арқылы шетел тілін оқуды əрі қарай жалғастыруға мүмкіндік алады;
  • оқушының өз бетімен жұмыс істеу біліктілігін арттырады;
  • компьютерді қолдану оқу-тəрбие үрдісіндегі музыкалық, түр-түстік, сандық, ойындық т.б. мəліметтерді жеңіл шешуге қолайлы жағдай тудырады.

Шетел тілін оқу үрдісінде жаңа мультимедиалық технологиялар үздік əдістемелік тəсілдермен шебер əрі дұрыс ұштастырылса, өте тиімді нəтиже беретінiн уақыт өзі көрсетіп отыр. Шетел тілі сабағында компьютер арқылы атқарылатын жұмыстарды екі түрге бөлуге болатындығын айтады М.Д. Рыбаков. Танымдық əрі білімдік компьютерге арналған бағдарламалар сабақта жəне сабақтан тыс кезде компьютерді қолдануға өте қолайлы. Ойын элементтері бар бағдарламаларды қолданып, мұғалім оқушылармен жеке жəне топтық жұмыстарды жасай алады [13].

Компьютерді тіл үйренуге пайдалану шетел тілінің сөздерін дұрыс тыңдауға, сөздерді жеке-жеке бөлуге, сөздердің жазылуы мен айтылуын қатар салыстыруға мүмкіндік береді. Сөздердің айтылуын тыңдау мен микрофонды қолдану фонетикалық дағдыларды қалыптастыруға жағдай туғызады. Əр бағдарламада белгіленген тапсырмаларды орындау тіл үйренуге деген ынта, ықыласты тудырады. Шетел тілінің материалдарын компьютерлік бағдарлама көмегімен түсіндіру, пысықтау, жаттықтырудың мынадай тиімді жақтары бар:

  • жаңадан түсіндірілетін материалдарға оқушылардың көңіл қоюы өте жоғары болады;
  • тақырыпты оқушылардың меңгеруі əрі тез, əрі сапалы болып, олар келесі сабақта-ақ жаңа материалдармен қатесіз жұмыс жасай алады;
  • оқуға деген шəкірттердің жауапкершілігі арта түседі.

Кез келген қиын материалдармен жұмыс жарыс ретінде ұйымдастырылған жағдайда оқушылар оларды еш қиындықсыз-ақ меңгере алады. Оқу материалдарын Microsoft Word-та да, Microsoft Power Point-та да жасауға болады.

Компьютерлік технологияларды шетел тілін үйрету үрдісіне ендіру білім беруді жеделдетуге тікелей ықпал етеді. Олар іс жүзінде психологиялық-педагогикалық мəселелерді қолдануға жағдай тудыру арқылы білімді механикалы түрде меңгеруден өз бетінше жаңа білім алуға қажетті білік, дағдыларды қалыптастырады. Компьютерлік технологиялар білім алушылардың жеке басының қабілеттерін ашып, сақтап жəне жетілдіре түседі.

Өзге тілді үйренудегі басты мақсат балалар бойында мəдениетаралық коммуникацияны қалыптастыру болғандықтан, Интернеттің атқарар қызметі өте үлкен-ақ. Өйткені Интернет халықаралық көп ұлтты коғамды қамтып, ол арқылы əлемнің миллиондаған адамдары электрондық қарым-қатынасты қолдануда. Ал шетел тілін меңгерген адамға əлемнің ақпараттар ағымындағы түрлі мəліметтер есігі кеңінен ашылып отыр.

Ал Интернет арқылы Жер шарындағы басқа ел өкілдерімен біріккен жоба жұмыстарын орындау кезінде шəкірттер сөз қорын байытып, өзге ел мəдениетін үйреніп, əлеуметтік жəне қоғамдық ерекшеліктерді танып біледі, тілдік əдеби этикетке, түрлі халықтардың салт-дəстүрінің ерекшеліктерін біліп, өздерін қызықтыратын мағлұматтарды ала алады.

Білім беру ортасы ретінде көпшіліктің көңілінен шығып отырған ақпарат көзі — Интернетті пайдаланушылардың саны жылдан жылға көбейіп келеді. Негізгі қызмет көрсету бағыттары: электрондық пошта, телеконференциялар өткізу, өз ақпаратыңды орналастыруға, өз үй парағын ашуға мүмкіндіктің болуы; жалпы ақпарат көздерін пайдалануға жол ашылуы, соның ішінде анықтама каталогтарын пайдалану (Yandex.ru, Aport (www.aport.ru) — орыс тілді, www.yahoo.com жəне т.б. шетелдік каталогтар), іздеу жүйелерін пайдалану (ресейлік Рамблер, Яндекс, Гугл, шетелдік www.Google.com жəне www.Alta Vista.com), сөйлесу мүмкіндігі (Chat, ICQ). Интернет жүйесінен оқу процесіне қажет əр тілде қызықты да тартымды материалдарды тауып, көшіріп сабақта пайдалануға болады. Еліміздің білім беру мекемелерінде жаңа педагогикалық жəне ақпараттық технологияларды қолдану білім сапасын арттыруға, əлемдік білім кеңістігіне кірігуге, несиелік білім беру жүйесінің міндеттерін ойдағыдай іске асыруға бірден-бір алғы шарттар болып табылады [14].

Қорыта айтқанда, ХХІ ғасыр — полиглоттар мен көптілді меңгерген тұлғалар заманы. Жоғарыда айтылған мақсат-міндеттерді іске асыру тілдер мен мəдениеттердің қауышуына, басқа халықтар мен ұлт өкілдеріне төзімділікпен қарайтын ұлтжанды, көптілді жəне көпмəдениетті дүниежүзілік қауымдастықтың күрделі проблемаларын түсіністікпен қабылдап, оларды шешуге өз үлесін қосуға ниеті бар тұлғаны тəрбиелеуге үлкен жол ашады.

Ақпараттық технологияны оқу үрдісінде қолдану барысында жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік жəне шығармашылық қабілетін арттыруға қажетті іскерліктер мен дағдыларын қалыптастыруға қажетті мүмкіндіктерді қамтитындығы анық. Сонымен қоса бүгінгі білім беру жүйесінде, яғни көптілді білім беру саласында, ақпараттық технологиялар — бүгінгі заман тапсырысы. Сондықтан жоғарыда аталған ғалымдардың ғылыми ойларын есепке ала отырсақ, көптілді оқу жүйесіндегі жаңа технологиялардың маңыздылығы ашылмақ.

Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы үшін жас ұрпаққа білім беруде ақпараттық технологияны, жаңа инновациялық технологиялардың əдіс-тəсілдерін үнемі жетілдіріп отыру жəне дұрыс пайдалана білу — бүгінгі күннің басты талабы.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Түймебаев Ж.К. Полиязычное образование как фактор обеспечения конкурентоспособности специалиста // «Жоғары мектеп жүйесінде көптілді білім беру: өзекті мəселелері мен болашағы» атты халықарал. ғыл.-тəжір. конф. материалдары. — Астана-Қарағанды, 2008. — 11–12 қараша. — 3–5-б.
  2. 2015 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының білім беру тұжырымдамасы // Қазақстан мұғалімі. — 2004. — 15 қаңт.— 40–48-б.
  3. Ломакина И.С. Изучение иностранных языков в ЕС в контексте политики мультилингвизма // Иностранные языки в школе. — 2008. — № 3. — С. 101–108.
  4. «Қазакстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына» түсіндірме. Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі // Қазақстан мектебі. — 2004. — 16–18-б.
  5. ҚР «Білім туралы» Заңы // Егемен Қазақстан. — 2004. — 16 қазан. — 3–7-б.
  6. ҚР шетел тілінен білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Қазақстан мектебі. — 2005. — 34–41-б.
  7. Пассов Е.И. Содержание иноязычного образования как методическая категория // Иностранные языки в школе. — 2007. — №
  8. Барышников Н.В. Мультилингводидактика // Иностранные языки в школе. — 2004. — № 5. — С. 19–27.
  9. Сысоев П.В. Язык и культура: в поисках нового направления в преподавании культуры страны изучаемого языка //Иностранные языки в школе. — 2001. — № 4, 7. — С. 11.
  10. Выготский Л.С. Дидактика многоязычия и проблема «доминантного» языка // Иностранные языки в школе. — 2007. —№ 6. — С. 23–27.
  11. Полат Е.С., Бухаркина М.Ю. Новые педагогические и информационные технологий в системе образования. — М.: Academіa, 2003. — С.
  12. Глускин В.М. Технические средства в обучении иностранному языку. — М., 1990. — С. Көпжасарова Ү.И., Далабаева А.С.
  13.   Рыбаков М.Д. Использование компьютерных технологий на уроке иностранного языка // Современное образование в России. — 2005. — № 5. — С. 15–27.
  14. Коптюг Н.М. Интернет-уроки как вспомогательный материал для учителя иностранного языка // Иностранные языки в школе. — 2000. — № 4. — С. 34–36.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.