Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«Ақпараттық жүйелер» бөлімінде оқитын студенттерге кəсіби қазақ тілін фразеологизмдер арқылы үйрету жолдары

 Қазіргі уақытта қазақ тілінің қоғамдық маңызы артып, функционалдық қырынан дамудың жаңа белесіне қадам басты. Бұл жағдай мемлекеттік тілді кəсіби бағытта оқытып үйретуде оның функционалдық қызметіне баса назар аудару қажеттілігін туғызды.

Жоғары оқу орындарында кəсіби қазақ тілінің сапалы да саналы меңгертілуі əр түрлі факторларға байланысты. Кəсіби тілді үйрету үрдісі студенттерді жалықтырмайтындай, қызықты да тартымды болуын ескерген жөн. Бұл орайда студенттердің мамандығына сай кəсіби сөздік қорын байытуға, оның тіл үйренуге деген ынтасын арттыру арқылы көздеген нəтижеге жетудің мүмкіндіктерін қарастыру қажет.

Тілдерді білу əлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық жəне жалпы мəдени процесс факторы ретінде қарастырылады. Қазіргі жағдайларда алынған тілдік білім зерделенетін тіл елінің мəдениетіне бейімдеу құралының ғана емес, сонымен бірге мəдениеттердің өзара тоғысуын жүзеге асыру құралының рөлін орындау керек. Мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық түрлерінің кеңеюіне, бірлескен кəсіпорындар, зерттеу ұжымдары санының өсуіне, тікелей байланыстардың кеңеюіне, халықаралық актілерге əр түрлі елдер тұрғындарының қалың бұқара топтарын енгізуге, қоғамды гуманизациялауға байланысты, мемлекеттік тілді белсенді меңгеру уақыт өткен сайын үлкен маңыздылықты иеленуде.

Қатынас құралы ретінде қазақ тілін оқыту оның қатысымдық бағытын күшейтумен айқындалады. Бұл студенттердің тілді пайдалану тілдік тұлғаларды қатысымдық қырынан еркін қолдануын көрсетеді.

Тілді қатысымдық тұрғыда үйретудің ерекшелігі тілдік материалды сұрыптауға тілдің жүйесін ғана емес, сонымен бірге қатынас жүйесін де назарға алып оқытуға ұмтылу болып табылады.

Жоғары оқу орындарының «Ақпараттық жүйелер» бөлімі студенттеріне қазақша кəсіби тілді кредиттік технология арқылы меңгерту мəселесінің лингвистикалық негізі қазақ тіл біліміне тікелей байланысты. Лингвистика тіл туралы ілім болса, қазақ тілін жоғары оқу орындары студенттеріне оқыту үрдісінде үйретілетін тілдің заңдылықтары жəне оны үйретудің жаңа ұтымды жолдары қарастырылады.

«Ақпараттық жүйелер» мамандығына қатысты қазақша кəсіби тілде сөйлеуге қажетті минимумдағы тілдік заңдылықтар мен грамматикалық ережелерін меңгермеген студент қазақша кəсіби тілдік қатынасқа түсе алмайды. Қазақ тілін жоғары оқу орындары студенттеріне оқытудағы басты шарт — грамматикалық ережелерді тиімді, қарапайым тəсілдер арқылы түсіндіру, қатысым əрекетінде қолдану жолдарын меңгерту. Біз бұл мəселеге қатысты ғалым Ф.Ш.Оразбаеваның пікіріне қосыламыз: «...қазақ тілін оқытуда қажеті шамалы ұзын-сонар күрделі де қиын ережелерді жаттатудан аулақ болып, сөйлесім мен тілдесімді жүзеге асыратын тілдік қатынастың негіздерін меңгерткен жөн. Кез келген ереже қазақша тілдік қатынасқа үйретуге қызмет етіп, тілдесім үшін оқытылғанда ғана басты мақсат орындалады» [1, 169].

Атап айтқанда, тілдік материалды қаншалықты жақсы меңгергенмен, оларды бір-бірімен байланыстыру ережесін білмесе, студент ойын кəсіби бағытта бəрібір дұрыс жеткізе алмайды. Кез келген лексикалық тұлға, яғни, сөйлесім бірлігі қатысым əрекеті кезінде белгілі бір сөйлесімдік қызмет атқарады. Ғалым Ф.Ш.Оразбаева бұл туралы: «...сөз жеке тұрғанда, лексикалық тұлға ретінде атаулы қызмет атқарса, басқа сөздермен байланысқа түсіп, ойды жеткізу арқылы қатысымдық қызмет атқарады», — деп жазады [1,197]. Айтылымда қолданылатын кез келген лексикалық тұлғаның, яғни сөйлесімдік бірліктің, ең негізгі маңызды ерекшелігі — оның функционалдығы. Көп жағдайларда жоғары оқу орындары студенттері сөздерді жəне нақты грамматикалық формаларды жасау жолдарын біле тұра, ол білімдерін айтылымда қолдана алмайтыны белгілі. Оның себебі өзара байланыссыз жеке сөздер мен грамматикалық тұлғалар сөйлеудегі атқаратын қызметтері ескерілместен, жай жатталады. Соның нəтижесінде, сөз немесе форма сөйлеудің қызметімен байланыста болмайды, белгілі бір тақырыпта кəсіби жағдаятта сөйлеу қажеттілігі туындаған кезде бір де бірі ойға түспей қояды.

Жоғары оқу орындарында «Ақпараттық жүйелер» мамандығында оқитын студенттерге қазақ тілін оқытқанда оқу орнының кəсіби бағдарын, оқыту мақсаттарын, берілетін тақырыптың көлемін лингвистика салалары — лексика, морфология жəне синтаксиспен байланыстыра қарастырылады. Бұл жерде, əсіресе лексика, грамматика салаларына ерекше назар аудару керек.

Қазақ тілін жоғары оқу орындарында «Ақпараттық жүйелер» бөлімі студенттеріне оқытудың лингвистикалық негізін анықтағанда алдымен мынадай екі мəселеге көңіл бөлген жөн:

  • қазақ тілінің жүйесіне, қазақ тіл білімінің негізгі заңдылықтарына сүйену;
  • қазақ жəне орыс тілдері жүйесін салыстыра талдау мəліметін ескеру.

Екі тілді салыстыра сипаттау үшін оқыту үрдісінде тілдердің өзара əрекеті теориясын негіз етіп алған дұрыс. Бұл теория біздің елімізде, көршілес жəне шет елдерде жақсы дамығаны баршаға мəлім. Аталған теория тілдер арасындағы ықпалдасу əсерінен оқушылардың сөз қолданысында кететін əр түрлі типтегі қателерін талдауға негізделеді. Бір-бірімен байланысқан тілдерді салыстыру — оқыту мақсаты үшін негізгі міндеттердің бірі. Бұл міндет қазіргі уақытта орыс тілінде оқитын студенттерге қазақ тілін оқытудың ғылыми негізін жасау барысында шешілуде. Осы тұрғыда туыстас емес тілдердің лексикасы мен грамматикасын салыстыра сипаттаған еңбек аз екенін айту жөн. Соңғы жылдары қазақ жəне орыс тілдерінің салыстырмалы типологиясы жайында біраз еңбектер жарық көрді. Мұндай еңбектер лингвоəдістемеге қосылған маңызды үлес болып есептеледі. Себебі олар орыс тілінде оқитын студенттерге кəсіби бағытта үйретудің лингвистикалық негізін анықтауға мүмкіндік береді.

Бірақ «Ақпараттық жүйелер» бөлімінде оқитын студенттерге қазақ тілін кəсіби бағытта үйретудің ғылыми негіздерін анықтауды сөз еткенде, бұл салыстырудың лингвистикалық моделі қазақ тілін орыс тілімен салыстырудың толық типтік үлгісі бола алмайды. Дегенмен, жоғары оқу орындары студенттеріне «Ақпараттық жүйлер» мамандығына қатысты қазақ тілінен оқу материалын ұсынуда тұлғалардың ұқсастығы мен айырмашылығы негізінде тілдік байланыстарды ескерудің мүмкін жолдарын анықтауға əрекет жасалғаны жөн. Əлемдік əдістеме ілімінде өзге тілді оқыту жағдайында тілдік материалды сұрыптау барысында, бірінші — ана тілінің, екінші — үйреніп жатқан тілдер жүйесіндегі айырмашылық мəселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Бұл жағдай материалды меңгерудегі негізгі қиындықтарды болжау жəне болуы мүмкін қателердің алдын алу қажеттілігіне байланысты. Жəне, керісінше, оқып жатқан тілдердің құрылымдық-типологиялық ұқсастығы оны меңгеру үрдісін жеңілдететін жайт болып есептеледі. Алайда қазақ-орыс тілдерінің өзара байланысы жөнінде оқушылардың лингвистикалық тəжірибесін қолдану мəселесі əлі зерттеле қойған жоқ.

Жоғары оқу орындарының «Ақпараттық жүйелер» бөлімі студенттеріне қазақ тілін оқыту барысында біз орыс тілін меңгеру дағдысы бұрыннан мектеп қабырғасында қалыптасқан тұлғалармен жұмыс жасаймыз. Олардың бірі өзінің ана тілін білсе, екіншісі — білмейді. Бірақ бұл жерде айта кететін жайт, орыс тілінде оқитын студенттердің кейбіріне орыс тілі ана тілі болып саналса да, негізінен ол — оқу тілі. Басқаша айтқанда, елімізде ұлт пен ұлттың өзара қатынасқа түсуіне мүмкіндік жасаушы аралық тіл болып саналады. Яғни бəріне ортақ, түсініске қолайлы тіл — орыс тілі. Сондықтан ақпараттық жүйелер бөлімі студенттеріне қазақ тілін мамандыққа сай үйретуде нақтылы жағдайда олардың оқу тілі болып отырған (кейбіріне ана тілі қызметін атқарады) орыс тілі ерекшелігіне сүйендік. Бұдан қазақ тілінен алғашқы білім, білік дағдыны игертуде студенттердің бұрынғы орыс тілін меңгеру тəжірибесін қолдану əдістемелік қажеттігі туады. Ол үшін арнайы диагностикалық тест (бұл зерттеу еңбектің эксперимент бөлімінде сипатталған) арқылы кəсіби қазақ тілін үйретуде орыс тілінің тигізетін кері ықпалы анықталды. Сонымен, «Ақпараттық жүйелер» бөлімінде оқитын студенттерге кəсіби қазақ тілін үйрету үшін байланысқа түсетін тілдердің лексика, грамматика деңгейінде ерекшеліктері белгіленді.

Алдымен, қазақ тілінің орфоэпиялық нормасын оқытуда «Ақпараттық жүйелер» бөлімінде оқитын студенттердің ана тілінің ерекшелігі ескерілді. Қазақ тіліндегі кəсіби сөздерді дұрыс айтуға үйрету деп орыс тілінде оқитын студенттерге бұрын үйреншікті емес артикуляциялық дағдысын қалыптастыруды айтамыз.

Бұл тұрғыда жоғары оқу орындарының «Ақпараттық жүйелер» бөлімінде оқитын студенттердің қазақша кəсіби сөздік қорын байытуда сөз мəйегі болып саналатын фразеологизмдерді меңгертудің орны ерекше. Фразеологизмдер сөйлеуді көріктендіреді, фразеологизмдерді сөйлеуде қолдану ойды əдемі, дəл білдірумен бірге, студенттердің сөз байлығын, кəсіби тілді білу дəрежесінің де көрсеткіші бола алады. Сондықтан алғашқы сабақтан бастап-ақ студенттер қазақ фразеологизмдерімен таныстырылады.

Жоғары оқу орындарында оқитын студенттер фразеологизмдерді ана тілінен де біледі. Алайда фразеологизмдердің бір сөздің орнына жүретінін, мағына тұтастығын, құрамының тұрақтылығын, сөйлеуге дайын қалпында кіретінін есте ұстау қажет. Фразеологизмдерді «Ақпараттық жүйелер» бөлімінде оқитын студенттер мамандыққа сай меңгеріп, кəсіби сөйлеу тілінде ұтымды қолдану үшін, мағынасын жақсы түсінуі жəне оларды қолдану дағдысы болу керек. Оқытушы студенттерге фразеологизмдерді таныстыру кезінде осы екі мəселені нысанаға алып, оларға баса назар аударуы тиіс.

Фразеологизмдермен «Ақпараттық жүйелер» бөлімінде оқитын студенттердің кəсіби сөздік қорын байыту, фразеологияны оларға таныстыру жəне оның мағынасын түсіндіруден басталады. Бұл ретте фразеологизмдердің мағына тұтастығын есте ұстап, оның мағынасы соған негізделе түсіндіріледі. Фразеологизмдердің студенттердің ана тілінде дəлме-дəл келетін түрі болса, фразеологияның мағынасын түсіндіруге оны пайдалануға болады. Мысалы: көзінің қарашығындай сақтау — беречь как зеницу ока; бес саусағындай білу — знать как свои пять пальцев; түк білмегендей — как ни в чем не бывало; он саусағынан өнері төгіледі — мастер на все руки т.б. Бұл — фразеологияны түсіндірудегі өте пайдалы тəсіл.

Фразелогизмдердің мағынасын түсіндіруде студенттердің ана тілінің материалына сүйену, оны пайдалану жақсы нəтиже беретіні сөзсіз. Бірақ ол барлық жағдайда мүмкін бола бермейді. Сондықтан

«Ақпараттық жүйелер» бөлімінде оқитын студенттердің фразеологизмдерді түсіндіруде оның қолданыстағы нақты мағынасын бір сөзбен түсіндіру қолданылды. Оның өзі түрліше жүзеге асады:

  • синоним сөзбен түсіндіру: көзді ашып, жұмғанша – тез, жылдам; үріп ауызға салғандай —əдемі, түлкідей жылмаңдаған — қу.
  • Мұндағы тез, жылдам, əдемі, қу сөздері оқушыға бұрыннан таныс;
  • ана тіліндегі сөзбен аудару: терезесі тең — равный; ит өлген жер — далеко; көзді ашып жұмғанша — быстро; ашық ауыз — разиня; бір адым жер, қарға адым жер — близко т.б.;
  • кейбір жағдайда фразаны сипаттап түсіндіру қолданылады: түйеден түскендей — дөрекі сөйлеу, қолайсыз, орынсыз, сыйламай сөйлеу; бүйрегі бұру — жақын деп қарау, мəселені жақын адамға бұра шешу т.б.

Фразеологизмдерді үйрету арқылы «Ақпараттық жүйелер» бөлімінде оқитын студенттердің кəсіби сөздік қорын байытумен бірге, оларды белсенді сөздік қорға айналдыру жұмысы жүргізіледі. Фразеологизмдерді түсіндірумен бірге ақпараттық жүйелер бөлімінде оқитын студенттерде оны қолдану дағдысы қалыптастырылды. Студенттерде фразаларды қолдану дағдысы қалыптаспаса, сөздер ұмытылады, оларды білсе де, сөйлеуде қолдана алмайды. Сондықтан фразаларды қолдану дағдысын қалыптастыру кəсіби қазақ тілін оқытуда белгілі орын алуға тиісті.

Фразеологизмдерді «Ақпараттық жүйелер» бөлімінде оқитын студенттерге түсіндіргеннен кейін, оны қолдануға жаттықтыру жұмысы жүргізілді. Тұрақты сөз тіркестерін қолдануға жаттықтыру түрлі жолмен жүргізіледі. Алдымен тұрақты тіркес қолданылған жаттығуды орындату арқылы оның қолданылу жолын көрсетуге болады. Одан соң тұрақты сөз тіркесін қолданып, сөйлем жасату арқылы студент оны өз сөйлеуінде қолдануға жаттығады. Бұл жаттығудан соң, оны сөйлеуде (монологта) сөйлесуде (диалогта), əңгімелесуде қолдануға жаттығады. Ауызша, жазбаша мазмұндама, шығарма жазуда тұрақты тіркестерді қолданып, оны пайдалануды бекітеді. Бұдан соң студент тұрақты тіркесті күнделікті өмірде, болашақ кəсіби қарым-қатынаста қолдануға əрекеттенуі қажет. Бұл тұрақты тіркестің студенттердің күнделік қолданыс сөзіне айналғанын көрсете алады. Ал ол — фразалардың студенттердің белсенді кəсіби сөздік қорына айналғанына дəлел.

Фразеологизмдерді ақпараттық жүйелер бөлімінде оқитын студенттердің кəсіби қарым- қатынастағы қолданыс сөзіне айналдырудың мəні зор. Тұрақты сөз тіркестерін жеткілікті үйрету, оның кəсіби сөйлеуде қолданылуына дағдылану студенттердің сөздік қорын мамандыққа сай байытумен бірге, оның қазақша кəсіби тілде сөйлеуіне көркемдік береді, оның сөзіне əсерлілік туғызады. Студенттердің қазақша кəсіби тілде сөйлеуі неғұрлым көркем, шебер болса, оның қазақша сөйлеуге ынтасы артады. Өйткені оның қазақша шебер сөзі тыңдаушыға күшті əсер етеді де, тыңдаушыны қызықтырады. Сөйлеуші мен тыңдаушының, өндірістік жағдайда, іскери əріптестер арасында өте жақсы қарым-қатынас туады, бірін-бірі түсіну, жақсы қабылдау сияқты психологиялық жағымды жағдай орын алады. Бұндай жағымды əсер екі жаққа да өте пайдалы, біріншіден, ол студенттерді қазақша сөйлеуге ынталандырады, екіншіден, болашақ кəсіби өндірістік жағдайдағы қарым-қатынаста отандық іскери серіктестерімен ортақ тіл табысуларына да ізгі əсерін тигізбек.

Мақал-мəтелдер де тұрақты сөз тіркесіне жатады, бірақ олардың өзіндік ерекшеліктері мол, ұқсастықтары да бар. Мақал-мəтелдер құрамы жағынан күрделі, мазмұны жағынан игі қасиеттерге үндеу сипатында болады. Ал фразалар 2-3 сөз көлемінде келіп, атауыш, бейнелеу мəнде келеді. Мақал-мəтелдер ауыс мағынада қолданылғанымен, құрамындағы сөздердің мағына ізі сақталады. Мысалы: Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады. Жаман туғаның болғанша, жақсы досың болсын деген мақалдарда ауыс мағына бар, бірақ олардағы сөздер мағынасы мүлдем жойылмаған. Оны қабырғаңмен кеңес, тонның ішкі бауындай сияқты фразалық түйдекпен салыстырғанда анық көруге болады.

Мақалдар ойды, ұғымды тікелей білдіреді, мəтел ұғымды тек мегзейді. Мəтелде фразаға аздап жақындық бар, ал оның құрамында да, ұғымды білдіруіне де байланысты, бірақ олардың ерекшелігі басым.

Жоғары оқу орындарының ақпараттық жүйелер бөлімінде оқитын студенттердің кəсіби сөздік қорын байытудың бір арнасы мақал-мəтелдерді меңгертумен байланысты. Бұл жағдайлар əр сабақта мұқият ескерілгені жөн. Тұрақты тіркестерді, мақал-мəтелдерді үйретуді жүйелі түрде жүргізу қажет. Бір сабақта бірнеше мақал-мəтел, тұрақты тіркес үйрету студенттерге ауыр.

Тұрақты тіркестер мен мақал-мəтелдерді студенттерге үйретуді бірінші сабақтан бастау пайдалы. Студент əуелі күрделі емес тіркестерді үйреніп, сөйлеуге жаттығуы жөн. Күрделілеу тұрақты тіркестер мен мақал-мəтелдерді үйренуді біртіндеп үйреткен дұрыс болады.

Студенттерге мақал-мəтелдердің сөздігін жасату өте пайдалы. Оқытушы студенттерді үйренген мақал-мəтелдерін жеке дəптерге жазып отыруға дағдыландыру керек. Студенттер мақал-мəтел сөздігін, сабақтан тыс уақытта естіген, оқыған мақал-мəтелдері арқылы да толықтырып отыруы жөн. Ол сөздікті студенттер күніне бір рет оқып отырса, оны ойында, есінде тұрақтандырады, ұмытпайды. Бұл мақал-мəтелдердің студенттердің сөйлеуінде, жазуында қолдануына жол ашады.

Мақал-мəтелдер ізгі қасиеттерге үндеу, жақсылыққа уағыздау, игі қасиеттерге тəрбиелеу мəнінде болатыны белгілі. Ал ол өмір шындығынан қорытылған. Өмір шындығы халықтарға көбіне ортақ болғандықтан, мақал-мəтелдердің халықтарда ортақтығы, ұқсастығы да мол. Сондықтан мақал- мəтелдерді оқытуда оның студенттердің ана тіліндегі түрімен түсіндіру өте пайдалы. Тұрақты тіркестерді оқыту, түсіндіру жолдары мен тəсілдерінің бірсыпырасы мақал-мəтелдерді оқытуға да ортақ деп қарауға болады.

Сонымен, мемлекеттік тілді кəсіби бағдарлы оқытып үйретуде фразеологизмдерді кеңінен қолдану «Ақпараттық жүйелер» бөлімінде оқитын студенттердің белсенділігі мен үлкен қызығушылығын арттырады. Кəсіби тілді үйретуді жандандырып, оның нəтижелі болуына ықпал етеді. Қорыта айтқанда, тəжірибеде оның ерекшелігі мынадан байқалады: «Ақпараттық жүйелер» бөлімінде оқитын студенттерге болашақ мамандықтарымен байланысты фразеологизмдерді тыңдау, қабылдау арқылы мемлекеттік тілде кəсіби бағдарлы жағдайда сөйлеуге; қазақша кəсіби тілде кездесетін фразеологизмдерді табиғи түрде тыңдап түсіну арқылы тікелей қатынас жасауға; өзінің қазақша тілдік қатынасқа түсу іскерлігін тəжірибеде тексеруге жəне өз мүмкіндіктеріне сенімді болуға мүмкіндік береді.

Егер фразеологизмдерді қолданған сабақтың дəстүрлі сабақтың барысынан өзгешелігін, ұсынылатын материалдың тартымды мазмұнын жəне оған студенттің тек қана өзіне, өз күшіне сенуі қажеттігін қосатын болсақ, оның кəсіби тілді меңгертуде ұтымды екені сөзсіз. Осының барлығы студенттердің мемлекеттік тілді кəсіби бағытта үйрену уəжін, сонымен қатар пəннің рейтингісі мен маңызын көтеруіне, сабақтың бір сарынды өтуін болдырмауына игі ықпал етеді.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас: Оқулық. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. — 272 б.

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.