Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жоғары оқу орындары студенттеріне қажет креативтілік сапасын қалыптастыру проблемалары

Қазіргі кезде мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті қажет етеді.

Еліміздің əлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сəйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, əлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар — адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық əлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мəдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.

Шығармашыл оқытушы студенттердің өзіне деген сенімін арттырып жəне іс-əрекетін демеп, қабілетін дамытып, шығармашылық жұмысының бастамасын дамытуға жағдай туғызатын негізгі тұлға болып табылады. Жалпы педагогикалық процесте шығармашылық мəселесі маңызды орын алады. Озат ұстаз тұлғалардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында оқыту мен тəрбиелеу əдістерінің жаңа түрлерін іздей отырып, өзі шығармашылықты тұлға болып дамиды.

Еліміздің болашақ, елеулі азаматын, кəсіби шығармашылық тұрғыда жан-жақты жетілген жеке адамды даярлауда мектеп кезіндегі оқу үрдісін тиімді ұйымдастырудың алатын орны ерекше екендігі даусыз. Сондықтан бала бойындағы шығармашылық қабілеттің жандануына жол ашу, жағдай жасау керектігі жайында ғұлама психолог-педагог ғалымдардың еңбектерінде ерте кезден-ақ баяндалып жүр.

Ұлы ойшыл Абай «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нəрселермен озбақ. Одан басқа нəрселермен оздым ғой демектің бəрі де — ақымақтық» дегенде айтпағы, озық ойлы адамның басқалардан жоғары тұратындығы екендігі. Тек мұндай ойшыл адам өздігінен қалыптаса алмайды. Оның танымдық кажеттілігін сусындатып орта болғанда ғана адамның ізденісінде мəн бола бастайды.

Көрнекі педагогтар К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген Мағжан Жұмабаев болатын. Ол: «Жаратылыстың құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиіс», — деп қазақ баласының бойындағы шығармашыл тұлғаға сай қасиеттерді атап өтеді.

Бұл мəселе белгілі психологтар мен ғалымдар Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, В.А.Сластенин, А.В.Крутецкий, Ю.Л.Львова, республикамыздағы танымал ғалымдар М.М.Мұқанов, Н.Д.Хмель, С.В.Илларионов еңбектерінің өзегі болып табылады.

Шығармашылық мəселені белгілі тəсілдермен шешуге болмайтын жағдайда туындайды. Шығармашылық, яғни жаңа тапқыр шешім қабылдауға əкелетін əрекет, — əр түрлі деңгейде, бірнеше кезеңдерден тұратын күрделі психологиялық үрдіс. Осы мəселені зерттеген ғалымдар педагогикалық шығармашылық төмендегідей кезеңдерден тұратынын анықтаған:

  • педагогикалық ойдың пайда болуы; түпкі ойды талдау; педагогикалық ойды əрекетке айналдыру; шығармашылықтың нəтижесін талдап бағалау (В.А.Кан-Калик, Н.Д.Никандров);
  • жаңалықты көру; педагогикалық өнертапқыштық, құрастыру; жетілдіру (В.И.Загвязинский).

Бұл кезеңдерде қызығушылық, интеллект, қажетті білімді тез арада меңгере білу, байқампаздық, ойлау операцияларын іске қоса алу, тапқырлық, энтузиазм, табандылық, еркіндік пен өзіне деген сенушілік сияқты тірек сапалардың болуы шығармашылық əрекетті нəтижелі етеді.

Шығармашылық əрекетте болашақ маман өз еңбегіне сыни тұрғыдан қайта қарауы, қанағат табуы, оны орындаудағы дербестігі, жағымды мотивацияның қалыптасуы, тағы басқа орын алады. Сонымен қатар шығармашылықта болашақ маманның төмендегідей психологиялық сапалары дамиды: жалпы білімнің тереңдігі, сараланған арнайы білімдер, дамыған ақыл-ой қабілеттері мен оның икемділігі, өнертапқыштыққа жəне еңбектегі жаңалыққа қуана білу, мəселені терең түсіне білу жəне оны шешудің ең тиімді жолын таңдау алу, эмоциядағы қалыптылық, шыдамдылық, бастаған істі аяғына дейін жеткізе алу, тəуекелге бел байлай білу, саналылық, белсенді өмірлік позиция [1].

Педагог еңбегі — ғылым, педагогикалық өнер, таланттылық сияқты элементтерден тұратын əр қырлы əрекет. Білім мен тəрбие беруде белгіліні өзгертіп, жаңадан жаңаны тудырушы, суреткерлік шығармашылықтың белгісі. Ескілікті елемей жаңа жолмен жүруге бағыт алу, біртүрлілікті қабылдамау, ойлап табу, тудыру, жасап көру — жаңашыл педагогтың кəсіби міндеті.

Дұрыс мақсат қойып, нəтижені интуитивті түрде жобалай алу, тұлғаның дамуының іргелес аймағына сəйкес болып, қызыға еңбек етуге əкелетін сабақ жоспарын құру, ұйымдастыра алу — сөзсіз, шығармашылықтың нəтижесі.

Қазіргі уақытта шығармашылықтың ең маңызды анықтамасына келесі жатады: «Шығармашылық — индивид пен оның мəдениетіне маңыздылықпен жаңашылдық əкелетін іс- əрекет». Өте жиі шығармашылық түсінігі «креативтілік» түсінігімен ауыстырылады.

Қазіргі күні өндірісте, əлеуметтік қызмет, білім беру мекемелерінде жəне басқа да əлеуметтік институттарда жауапты кəсіпқойлар ғана емес, сонымен қатар креативті потенциалды мамандар қажет. Ғылыми жəне арнайы əдебиеттерді талдасақ, «креативті тұлға», «креативті ойлау», «креативті маман» деген сияқты жаңа терминдердің пайда болғанын көруге болады. Оқыту мен тəрбиелеу процесінде болашақ маман креативтілігін дамытудың қажеттілігі қоғам талабынан туындайды.

Кез келген қоғамның əлеуметтік-экономикалық дамуының табыстылығы оның азаматтарының шығармашылық қабілеттеріне, шығармашылық потенциалдарында байланысты болады. Сондықтан да студент креативтілігін тиімді дамыту тек педагог өзінің жеке басының ерекшеліктеріне ғана емес, оқыту-тəрбие жүйесінің негіздейтін педагогтің креативтілік сипатына да тəуелді болады.

«Креатив» ұғымын қарастыру барысында сан алуан ғылыми зерттеулердің бір-екеуіне ғана тоқталу мүмкін емес. Аталған ұғымның өзі адамның жеке қасиеті ретінде ХІХ ғасырдың 30-жылдары мен ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бері кең ауқымда зерттелініп келеді. Мəселен, көп зерттеулерде креативтілік адамның жеке қасиеті ретінде, мінез бітістері мен жалпы қабілеттермен теңдестіріледі.

Атақты ғалымдар М.С.Бернштейн, Е.Б.Евладов, Я.А.Понамарев, С.П.Торренс, К.Д.Роджерстер креативтілікті жеке тұлғаның өмір ағымында, жүре байқалатын ерекше қасиеті немесе жеке адамның мінез-құлқы сипаттамасы ретінде қарастырады.

Ал, Д.Б.Богоявленская, А.В.Брушлинский, О.К.Тихомиров «креатив» жəне «шығармашылық потенциал» ұғымдарын бір-бірінен бөлмей, оларды шығармашылық əрекетке бағытталған интеллектуалды-шығармашылық алғы шарттары ретінде қарастырады.

Л.Терстоунның зерттеулерінде креативті қабілеттер интеллектуалды қабілеттермен пара-пар еместігі айтылып, креативтіліктің мынадай көріністерін ұсынады:

  1. Қабылдау жылдамдығы, идеяларды жүйелей алу.
  2. Танымдық белсенділіктің интеллектуалды факторлары (зейін концентрациясы, креативтілік т.б.).
  3. Жаңа идеяларға сезімталдық.
  4. Сананың ерекше күйі [1].

Дж. Гильфорд өзінің интеллект құрылымының моделінде бұл екі түсінікті қарастырып, танымдық қабілетті ойлаудың конвергентті типімен, ал креативтілікті дивергентпен байланыстырады [2].

Конвергентті ойлау — проблеманың бір типінің шешімін анықтауға бағытталған ойлау. Дивергентті ойлау қиялдауға сүйене отырып, көптеген мүмкін болатын шешімдерді біріктіреді.

Ол негізгі төрт сапаларымен сипатталады.

  • Шапшаңдылықпен.
  • Икемділікпен (əр алуан идеяларды ұсыну).
  • Біртумалық (жаңа, стандартты емес идеяларды ұсыну).
  • Нақтылық (өз идеясын аяқтау).

П.Торренс креативтілік ойлауды ынталандыруда мұғалімнің басшылыққа алатын бес принципін бөліп көрсетеді:

  • керемет төтен сұрақтарға зейін қою;
  • айрықша идеяларға құрметпен қарау;
  • идеяларының құнды екендігін көрсету;
  • өз беттерінше оқуға жағдай жасау;
  • баға қойылмайтын тəжірибелер мен оқуға уақыт беру.

Креативтілікті қалыптастыру мəселесіне сəйкес жазылған еңбектерді саралай келе, креативтіліктің құрылымдық бөліктерін бөліп көрсетуге болады: ойлаудағы, қылықтағы еркіндік пен өзбеттілік, аса сезгіштік, ой ұшқырлығы, жаңаға ұмтылушылық, шығармашылық қабілеттер, өзіндік ой-пікірлерде тұра білу, өзіне сын көзбен қарау, біртума ойлау икемділігі, қисынды ойлау, жаңаны сезгіштік, күмəншілдік, əр нəрсеге күмəн келтіру т.б.

Қазіргі кездегі психологиялық-педагогикалық еңбектерден «креативтілік» ұғымының əрі қарай толыға түскенін аңғаруға болады. Креативтілік жаңа өнім алатын адамның интеллектуалдық қабілеті ғана емес, оның психикалы толысқандығының белгісі ретiнде де қарастырылады. Креативтіліктің белгілеріне ғалымдар өнертапқыштық бастамалылық, интуиция, болжай алушылық, прогностикалық ойдың, сезімнің еріктілігі мен еркіндігі, тапқырлықты жатқызады.

Сонымен, креативтілік — маңызды сипатты ойлаудың ерекшелігі, ойлау процестерінің ерекше сапасы, адамның жоғары белсенділігі, индивидтің ерекше жаңа, біртума құндылықтарды құруға, стандартты емес ойлауға деген терең құрылымын бейнелеуші қабілет [2].

Қазіргі кезеңде жеке тұлғаның креативтілігін, шығармашылық дербестігін қалыптастыру өте маңызды, күрделі жəне көп салалы мəселе болып есептеледі. Креативтілікті қалыптастыру шығармашылыққа жетелейтін қабілеттер мен шығармашылық қызметі сапасын анықтайтын, жаңаны тану мен жасауға бейімделуге апаратын əрбір жеке тұлғаға тəн интеллектуалдық үрдіс ретінде сипатталады.

Демек, жаңа педагогиканың мақсаты баршаға мəлім білімді игерту жəне студенттердің біліктері мен іскерлігін қалыптастыру ғана емес, сонымен бірге оқу процесінде жаңа білімдерді алуға жағдай жасау болмақ. Осылайша, креативтілік педагогиканың негізгі міндеті жоғарғы шығармашылық потенциалға ие, əлеуметтік белсенді тұлғаны тəрбиелеу болып табылады.

Креативтілікті дамыту педагогикалық іс-қимыл кешені ретінде жүргізілетін, нəтижесінде студент-зерттеушінің креативтік тұлғасын, оның мотивациясы мен шығармашылық қызметке дайындығын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық үрдістің дамыту функциясының негізгі құрамдас бөлігі деп есептейміз.

Жоғарғы мектепте студенттердің креативтілігін арттыру оқытудың жоғарғы курстарында қолданған тиімді, себебі студенттерде алғашқы бірнеше жыл ішінде игерген кəсіби білімдер негізінің болуы педагогикалық үрдістің креативтік құрамдас бөлігінің қызмет етуі үшін қажетті шарт болып табылады. Сондықтан креативтілікті дамыту болашақ маманның кəсіби дамуының жоғарғы сатысы ретінде қарастырылады.

Болашақ мамандарды оқыту, əсіресе жоғары курстарда проективті іс-əрекет қағидалармен сəйкес құрылуы тиіс. Оқытудың мұндай ұйымдастырылуымен студенттер тұлғасының неғұрлым толық өзіндік ұйымдастыруының алғы шарттарын жасайтын өзіндік құрылым мен ұйымдасу іскерліктерін дамытуға себепші болады.

Біздің ойымыз бойынша, тұлғаның креативтілік қасиеттері маманның кəсіби жəне əлеуметтік құзыреттілігіне жинақталуы керек. Сонымен қатар өзіндік дамудағы қасиетттер ескерілуі тиіс.

Оқу мазмұны болашақ маманның өзіндік жұмыспен айналысуын күшейтуге бағдарлануы тиіс, ал оқытушы оқу процесін қадағалайтын кеңесші ретінде болуы тиіс.

Ғылым мен техниканың шарықтаған заманында өмірге икемді, əр салада өзін таныта білетін, тыңнан жол таба алатын белсенді ұрпақ жоғары оқу орындарында инновациялық оқыту арқылы креативтілігін қалыптастыру негізінде қаланады. Инновациялық оқыту арқылы креативтілікті қалыптастыру — жеке тұлғаның сапалық қасиетін дамытатын, рухани құндылықтарды игерудің бірден-бір жолы.

Инновациялық оқыту — дəстүрлі, нормативті оқытуға қарағанда білім игерудің ерекше, баламалы үлгісі, педагогтің жеке басының позициясын демократияландыру жəне бірлескен, өнімді шығармашылық іс-əрекетке жұмылдыру арқылы педагог пен студенттің жеке басын дамытуды қамтамасыз ететін процесс. Оқу ынтымағының, сипатын өзгерту алдағы белгісіз болашаққа жоғары əзірлігін жасайды, жаңа жағдайларда студенттердің бірлескен əрекеттерге қабілетін дамытуды көздейтін білімді игерудің ерекше үлгісі.

Инновация бұл дайын жаңалық ендіру немесе тексеруден өткізу емес, бұл жаңалықты өз ортасынан іздеп табу, оның негіздемесін жасау, сынақтан өткізу, тарату секілді процестерді қамтиды. Оқытудың инновациялық əдістері студенттермен өткізілетін барлық аудиториялық сабақтардың түрлерінде қолданылуы тиіс. Бұл əдістер мұғалімге əр түрлі оқу жағдайларын модельдеуге көмектеседі.          Мəселен, дəріс,   эвристикалық                        əңгімелесу,     проектті   топтар,                  іскер              ойын- видеоконференция, интернеттегі семинар-конференция, компьютерлік графиканы қолдану арқылы кəсіби тапсырмаларды модельдеу сияқты белсенді əдістің қосындысы оқытушыға студенттерді идеяларды жинақтауға, ойлауға, олардың өзіндік шығармашылық дамуын қамтамасыз етуге көмектеседі.

Жүргізілген зерттеулер нəтижесі педагогикалық үрдіс барысында креативтік құрамдас бөліктің табысты жүргізілуін сипаттайтын төмендегідей бағыттарды анықтауға мүмкіндік берді:

  • білім беру процесінің тұлғалық-бағдарлану бағыты;
  • белсенді өзара əрекет жасау жəне ынтымақтасу əріптестік көзқарасын бекіту кезіндегі оқытушының студенттерге деген қарым-қатынасын өзгертуі;
  • білім қызметтеріне өзгеріс енгізу, оны меңгеру барысында қайталау сипатта болуын жояды жəне өнімді шығармашылық процесс ретінде іздену-ойлау қызметін алуан түрлі формаларда ұйымдастыра алуын қамтамасыз етеді;
  • креативті студент тұлғасын дамыту топтық өзара əрекеттесу, тұлғааралық жəне кəсіби қарым- қатынасқа бағытталуы.

Креативтілікті дамытуда төмендегідей ерекшеліктерді ескеруді жөн санаймыз: студенттерге зерттеу саласын жəне оған қажетті ақпаратты өз бетінше таңдау мүмкіндігін бере отырып, оқу процесіндегі студент пен оқытушының əріптестігі. Осы орайда маңызды сəттердің бірі меңгерілуге тиісті дайын, жүйелендірілген білімнің болмауы; яғни студент білімін өз бетінше жүйелейді; студент өзі алған көптеген əсерлерден, білім мен түсініктерден өзінің креативтік жобасын құратын болады. Тексеруден өткен ақиқат, қоғамда қалыптасқан қағидаларға қайшы келмейтін білімге қарағанда, студенттің — шығармашылық субъектісінің өзі əрі қарай жүйелеуді жəне реттеуді талап ететін қарама-қайшы ақпарат, бір-бірімен сəйкес келмейтін мəлімет оқыту процесінің негізгі элементіне жатады.

Осы ретте оқытушы студенттің өзін-өзі дамытудың қозғаушы күші жəне көздері ретінде мақсатқа сəйкес ішкі қарама-қайшылық тудырады.

Педагогтар таңдаған тиісті əдістермен жүзеге асырылатын студенттердің белсенділігі мен өз бетінше жұмыс жасауға негізделген қызметі оқыту барысындағы қарама-қайшылықты шешудің басты шарты болып табылады. Осы негізгі түйін оқытушылардың студентке осы жағдайды жасағанда ғана жүзеге асырылады, сол себепті оның қызметі оқыту процесінің алға жылжып отыруының объективті шарты болып есептеледі.

Бірқатар зерттеушілер (Е.И.Щебланова, И.С.Аверина) пəнаралық көзқарасқа негізделген, ықпалдастықпен оқытуды жүзеге асыруда психиканы кешенді дамытудың тиімділігін атап көрсетеді [3]. Оқытудың мұндай тиімділігі зерттелген:

  • проблемаларды шешудегі қабілеттер мен зерттеу жұмыстарындағы қабілеттілікті ынталандыра отырып, жоғары деңгейдегі өнімді ойлауды дамыту;
  • өздігінен оқуды қамтамасыз ету (оқуды тұлғаның өзі басқаруындағы процесі ретінде ұйымдастыру);
  • ұсынылған жаңа идеяларды ынталандыру;
  • əр алуан материалдар, тəсілдер мен формаларды зерттеумен жасалған жұмыстарды мадақтайды, ынталандырады;
  • студенттердің өздігінен танып-білуінен өздігінен түсіну қабілетін дамытады;
  • студенттерді əрбір адамның жеке ерекшелігін сыйлауға тəрбиелеу. Кең ауқымды ойлауды үйрене отырып, студенттер əлемін біртұтастығын, ондағы барлық дүниенің кішіден бастап үлкенге дейін өзара байланыстылығын ұғады. Бұл əлемдегі деген адамгершілік қатынасының қалыптасуы үшін негіз болады.

Тұңғыш рет пəнаралық көзқарас принципі шетел тəрбиесінде дарынды тұлғаны оқытуда əзірленді.

Тақырып əр түрлі пəндерді байланыстыруға, қосуға мүмкіндік беретін жалпылау топтар арқылы ашылады. Кез келген жалпылауды əр түрлі лингвист, əдебиетші, тарихшы жəне өнертанушы көзқарасымен зерделу мүмкіндігі студенттердің шығармашылық ойлауы мен олардың проблемаларды шешу қабілеттерін дамытуға əсерін тигізеді жəне болашақ педагог бойында тұтас шығармашылық ойлауды, жеке заңдылықтарды диалектиканың негізгі заңдарымен салыстыруға үйренуді қалыптастырады.

Осылайша, педагогикалық процесте инновациялық əдістерді пайдалану арқылы креативтілікті дамыту мақсатты ұйғарымдардың, оқытушы қызметі мен студент қызметінің, сонымен қатар «оқытушы-студент» қатынасының өзгеруін қарастырады:

  1. Мақсатты ұйғарымы. Білім беру процесінің мақсаты оқушыны дамыту, студентті ғылымға, зерттеу жасауға, өзін-өзі дамытуға мүдделі субъектіге айналдыратын оқу қызметін қалыптастыру болып табылады. Кез келген білімнің шегі оның өз қызметінің нəтижесі болмақ. Білім беру процесі барысындағы оқытушы — студент арасындағы диалог, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізудің қажетті шарты болады.
  2. Оқытушының қызметі. Оқытушы оқушылардың бірлесіп жасап жатқан жұмыстарына сүйене отырып, өз бетінше ізденуді жүргізетін оқу қызметін ұйымдастырушы болады. Оқытушының функциясы — түсіндіру, мəселені жеткізу, алайда оқушы негізгі тұлға — қызмет субъектісі.
  3. .Оқушының қызметі. Оқушы қызмет субъектісі болып табылады. Қызмет ету студенттің өзінен басталуы қажет. Бұл орайда проблемалық-ізденушілік жəне жобалық оқыту тəсілдерін пайдаланған жөн.
  4. .Бұған дейін ескерткеніміздей, «оқытушы–студент» қарым-қатынасы субъектілі-субъективті болып қалыптасады. Оқытушы оқушының рефлекстік ойлау жүйесін жəне өз пікірін қалыптастыру мақсатымен оның жеке мүмкіндіктерін дамыту үшін жағдай жасай отырып, студенттің жұмысын ұйымдастырады.

Сол себепті біз болашақ мамандардың креативтілігін дамытуда педагогикалық үрдісті жетілдірудің шарттарын əзірлей алдық:

  • креативтілік құрамдас бөлікті ескере отырып, оқытушының оқыту материалын жүйелі жеткізуі;
  • материалды түсіндіру кезінде студенттің өзін креативтік қызметке бағыттау;
  • креативті зерттеулер кезінде студенттердің өз бетінше ғылыми іздену мүмкіндіктерін дамыту;
  • жеке тұлғаға бағытталған тəсіл;
  • болашақ педагогтардың өз бетінше өзіндік креативтік қызметін қорытындылай жəне ғылыми негіздемені жасай алуы;
  • проблемаларды шешудегі қабілеттер мен зерттеу жұмыстарындағы қабілеттілікті ынталандыра отырып, жоғары деңгейдегі өнімді ойлауды дамыту;
  • мұғалімнің инновациялық іс-əрекетке даярлығы, инновациялық мінез-құлқы мəдениетін дамытуы.

Инновациялық педагогикалық технологиялар кез келген пəнді оқыту барысында мұғалімдердің ой-өрісінің кеңейіп, кəсіби даярлық деңгейін көтеріп, шығармашылықпен жұмыс істеуге, жаңашыл тəжірибешілер мен əдістемелерді кеңінен пайдалануға жəне білім беруді жаңашылдық тұрғысынан жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Педагог — білім беру іс-əрекетінің субъектісі ретінде оқытудың небір жаңа əдіс-тəсілдерін, формаларын жүзеге асырушы басты тұлға. Сондықтан білім берудегі барлық оңды өзгерістер мұғалімнің жаңаша ойлау тəсілімен, жаңа шығармашылық іс-əрекеттерімен, жаңа педагогикалық гуманистік құндылықтармен тікелей байланысты болады. Қазіргі таңда болашақ мамандарға деген көзқарас пен қарым-қатынаста оларды объект деп қарамай, дамушы тұлға ретінде қабылдап, оқу- тəрбие жұмысын осыған лайық өзгерістерге сай, қазіргі педагогикадағы тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа технологияны енгізудің қажеттілігі туындап отыр. Ал жаңа технологияны пайдаланудың мақсаты — міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, шығармашылық деңгейге жету [4].

Қорытындылай келе, оқыту үрдісіне деген жаңа көзқарас инновациялық оқытуды пайдалану өзіндік ойы бар, зерделі креативтивті тұлға дамытуға алып келеді.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Креативная педагогика: методология, теория, практика / Под ред. Ю.Г.Круглова. — М.: МГОПУ им. М.А.Шолохова, Изд. центр «Альфа», 2002. — 218 с.
  2. Гилфорд Дж. Три стороны интеллекта // Психология мышления / Под ред. А.М.Матюшкина. — М.: Просвещение, 1965. — 341 с.
  3. Сластенин В.А., Подымова Л.С. Педагогика: Инновационная деятельность. — М.: Просвещение,1997 — 280 с.
  4. Морозов А.В., Чернилевский Д.В. Креативная педагогика и психология. — М.: Академический проект, 2004. — 256 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.