Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ағылшын тілі сабақтарында компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктерін пайдалану жайында

«Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005–2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бағыттарының негізгі мақсаты халықтың барлық бөлігінің сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мақсатқа жету жолдары əлемдік стандарттар деңгейінде білім беріп ғана қоймай, бəсекеге барынша қабілетті, білімді мамандар дайындауды көздейді [1].

Қазақстан Республикасында жəне дүние жүзінде жүріп жатқан жаһандану, əлеуметтік, экономикалық жəне саяси өзгерістер шетел тілін білуге деген құлшынысты арттырып, оның қоғамдағы ролін күшейтіп отыр. Əлемдік білім алу кеңістігінде интеграциялық үрдістердің тереңдеп, кең қанат жайған жағдайында ағылшын тілін меңгеру өзекті екені сөзсіз. Осы кезеңде біліктілігі жоғары дəрежеде дамыған, білімі жағынан бəсекеге түсе алатын, өзін халықаралық еңбек жəрмеңкесінде еркін сезініп, жүре алатын мамандар дайындау мəселесі Қазақстан жоғары оқу орындарының ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Сапалы білім беру қазіргі уақытта білім алушылардың жұмысын ұйымдастыруда жаңа əдістер мен технологияларды кеңінен пайдалануды, білім беруді ақпараттандыруды талап етеді. Ақпараттық технологияларды пайдалану бұрыннан пайдаланатын жүйелерге қосымша болғанда емес, дəстүрлі жүйелермен тұрақты байланыста, оқыту процесінде қатысушыларға жаңа мүмкіндіктерімен ұйымдастырылғанда ғана тиімді.

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тəрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Білім берудің негізгі мақсаты білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың əдіс-тəсілдері мен əр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда компьютерлік технологияны пайдалану əдісі зор рөл атқарады. Компьютер сабақтың тиімділігін, оқушылардың белсендігін жоғарлататын технологиялардың бірі болып табылады. Бүгінгі таңда жоғары мектеп пəндерін компьютер көмегімен оқыту нəтижелілігін жақсарту проблемасын қарастыру ең басты орын алады.

Əрбір технология өзіндік жаңа əдіс-тəсілдермен ерекшеленеді. Əдіс-тəсілдерді оқытушы ізденісі арқылы студент қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады. Ағылшын тілі сабағында компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктерін қолдану арқылы, интерактивті технология қағидаларын іске асыру барысында студенттердің танымдық белсенділіктерін, білім сапасын, ағылшын тіліне деген қызығушылығын жоғарлатуға мүмкіншіліктер туады.

Компьютер оқу үрдісінде қолданылатын оқытудың тиімді құралдарының бірі. Ол оқытудың əдістері мен мазмұнын анықтамайды. Сондықтан шет тілін компьютер арқылы оқыту əдістемелік оқу құралдарын жасау үшін шет тілін оқытудың негізгі мақсатын жүзеге асыруға қатысты əдістемелік мүмкіндіктер болу керек. Оқытудың компьютерлік технологиясы дегеніміз — білім алушыларға ақпаратты компьютер арқылы дайындау жəне беру процесі. Компьютерлік технологияға əр түрлі оқыту əдістері жатады: бағдарламалық оқыту, танымдық оқыту жəне т.б.

Бұл технологияның ең маңызды сипаттамалары мыналар:

  • оқытудың компьютерлік жүйелері (бағдарламалық, танымдық, тестілеу);
  • оқытудың мультимедиалық құралдары.

Жалпы айтқанда, шет тіліне үйретуде компьютерлік оқыту технологиясы мынадай ерекшеліктермен сипатталады:

  • екі жақты қарым-қатынастың мүмкін болуы (үйренуші мен оқытушы);
  • ауқымы кең түрдегі əр түрлі тілдік жəне тілдік емес ақпарат көздеріне кең түрде қол жеткізу мүмкіншілігі.

Мультимедиалық технологияны шет тілін оқытуда қолданудың ең маңызды аспектілерінің бірі ондағы оқыту бағдарламаларында шет тілін оқытудың барлық принциптерінің енгізілуінде. Атап айтатын болсақ:

  • сөйлеу əрекетінің барлық түрлерінің қатар (параллельді) оқытылуы;
  • ауызша негізінің болуы;
  • оқытудағы жеке тұлғаға бағытталған сипаты;
  • ана тіліне сүйене оқыту;
  • тəжірибелік тиімділігі;
  • кешенділігі;
  • өзара толықтыру;
  • ауызекі тілдік жаттығулардың ситуацияларға негізделінуі [2].

Компьютерлік оқыту бағдарламалары арқылы шет тілінде сөйлеу дағдыларын кешенді түрде қалыптастыру, яғни сөздерді айту (дыбысталуы), жазу, интонация, лексикалық жəне грамматикалық дағдыларды қалыптастыру жүзеге асырылады.

Компьютерді оқу үрдісінде пайдаланудың негізгі бағыттары болып мыналар табылады:

  • оқыту процесінің мақсаты ретінде модельдік үлгілерді қолдану, құбылыстар мен үрдістерді көрнекілікпен ұсыну;
  • оқу материалдарын         қолдану   біліктілігі       мен    дағдыларын   қалыптастыратын  жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру;
  • алған білімді, үйренген дағдылар мен біліктілікті бағалау жəне бақылау жасау, алған ақпараттарды жинау жəне сұрыптау;
  • автоматты түрде ақпарат іздеу;
  • компьютер желісі көмегімен əңгіме-сұхбатты қамтамасыз ету.

Компьютерлік оқыту дегеніміз оқытудың техникалық құралдарының бірі компьютер мүмкіндіктерін қолдану болып табылады. Оны келешекте электронды оқыту деп атауды кейбір маман-ғалымдар ұсынуда. Электронды оқыту жүйесі рецептивті жəне интерактивті болып екіге бөлінеді. Интерактивті жүйе дербес компьютерді қолдану, бейнемагнитофон, бейне дискілі құрал, теледидар кешендері негізінде құрылады, білім алушы мен техника құралдары арасында екі жақты қарым-қатынас орнайды, көрнекілік пен кері байланысты қамтамасыз етеді. Олай болса, оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын техникалық жəне адам ресурстарын жəне олардың өзара əрекеттесуін ескере отырып, білім беру формаларын оңтайландыру үшін рецептивті немесе интерактивті түрдегі электронды оқытуды жасау жəне жүзеге асырудың жүйелі əдісі деп санауға болады.

Ақпараттық технологияның қарқынды дамуына сəйкес осылайша электрондық оқыту деп аталатын оқытудың жаңа технологиясы қалыптасып нығая түсуде. Осыған байланысты қазіргі кезеңде педагогика ғылымының алдында электронды оқытудың жүйелік факторлары мен негізгі педагогикалық ұстанымдарын анықтауға бағытталған бірнеше міндеттер тұр. Электрондық оқыту құрылымы мен мазмұнына, оқыту əдістеріне, оқытудың формасына жəне құрамына қойылатын кешен талаптарды анықтау қажеттігінен электронды оқытудың əдістемелік жүйесін қалыптастыру мақсаты туындайды. Электронды оқыту жағдайында əдістемелік жүйенің негізгі бөліктерін былайша белгілеуге болады [3]:

  • оқыту мақсаты мен міндеттері: біліктілік пен дағдыны қалыптастыру;
  • оқыту формасы: автономдық, қашықтан оқыту;
  • оқыту мазмұны: теориялық білімді тəжірибелік бекіту білімін тексеру;
  • оқыту əдістері: топтық əдіс, жеке дара оқыту əдісі;
  • оқыту құралдары: бағдарламалық өнімдер.

Компьютерлік оқыту — техникалық оқыту құралының бірі ретінде компьютерді қолданатын оқыту жүйесі. Ол оқытудың тиімділігін арттыруға, дараландыруға жəне деңгейлік саралауға, оқыту үрдісінде өзара іс-əрекеттердің жаңа формаларын ұйымдастыруға, білім алушы мен оқытушы іс- əрекеттерінің сипаты мен мазмұнын өзгертуге, оқу үрдісін басқаруды жетілдіруге, оны жоспарлауға, ұйымдастыруға жəне бақылауға мүмкіндік береді. Компьютер мүмкіндіктерін пайдаланып, көрнекі оқыта отырып, оқу материалын игеруге ғылымилық жəне шамаға лайықтылық принциптерімен қамтамасыз етіп, студенттердің логикалық ойлауын, эстетикалық қабылдауын, қандай да бір жұмысқа шығармашылықпен қарау деңгейін дамыта түседі. Компьютерлік технологияның ең маңызды дидактикалық ерекшелігі — оның ақпаратпен жоғары дəрежеде қамтамасыз етілгендігінде. Бұл өз кезегінде оқу үрдісінде уақытты тиімді пайдалануға, оқыту сапасын арттыруға септігін тигізеді. Сөйтіп, компьютер көмегімен, оның дыбыстық мүмкіндігін пайдалана отырып, студенттерге оқу материалдарын түсіндіруде соңғы технология жаңалықтарын толық қолдануға болады. Демек, жоғары оқу орындарында ағылшын тілін оқытуда компьютердің көрнекілік мүмкіндіктерін толық əрі тиімді пайдаланудың маңызы зор, болашағы үлкен [4].

Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа бейне-, аудиоқондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нəтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық окулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Дəстүрлі оқулықты оның электрондық нұсқасына оңай айналдыруға болады. Бұл нұсқаның жетістігі — оны компьютер жадында сақтау мүмкіндігі, оны компьютерлік желілер арқылы тарату болып табылады.

Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етулеріне жағдайлар жасайды. Сондықтан да болар, қазіргі ақпараттандыру қоғамында электронды оқулықтарды пайдаланбай, білім беру саласында алға жылжу мүмкін емес деп есептейміз. Электрондық оқулық дегеніміз — мультимедиалық оқулық, сол себептен оның құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық студенттің уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген жəне студенттің ұмытып қалған оқу материалдарын еске түсіруіне көп көмегін тигізеді. Электрондық оқулық ешқандай қосымша қағаз құралдарының көмегінсіз, тек ғана компьютерлік бағдарламалар негізінде жасалынуға, барлық негізгі функцияларды қамтамасыз етуге жəне барлық талаптарды орындауға тиіс. Аудиториялық жəне аудиториядан тыс өздік жұмыстарда да кеңінен қолданыс тауып жүрген электрондық оқулықтар мен автоматтандырылған оқыту жүйелері оқу материалын беру, ақпаратқа талдау жасау, білімді бекіту жəне бақылау сияқты бірнеше қызметті қатар атқарады.

Электрондық оқулық қашықтан оқыту формасының да басты құралы болып табылады. Қашықтықтан оқыту білім алушылар мен оқытушылар арасындағы өзара белсенді ақпаратпен алмасуын қарастыратын жəне жоғары дəрежедегі қазіргі ақпараттық технологияларды (аудиовизуалды құралдар, дербес компьютерлер, телекоммуникация құралдары т.б) пайдаланатын белгілі бір оқу пəндері бойынша ұйымдастырылатын оқыту процесі. Ағылшын тілі грамматикасын меңгеруде де қашықтықтан оқытудағы интерактивтік мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызы зор. Өйткені қашықтықтан оқыту арқылы ақпараттар жүйесін жеткізуге, оқытушы мен үйренуші арасында қайта байланыс жасауға жəне диалог құруға мүмкіндік туады. Сонымен, қашықтықтан оқыту кезінде студент компьютермен жұмыс істеудің дағдыларын ғана емес, сонымен бірге өзіне интернет желісінің түрлі қорларында кездесетін түпнұсқалы материалдармен жұмыс жасау тəсілдерін де меңгеруі керек екендігі сөзсіз. Студенттер сонымен қатар ағылшын тілінде берілген мəтіндерді оқудың əр түрлерін: зерттей оқу, іздене оқу, таныса оқу түрлерін жақсы меңгерген болуы; электрондық анықтамалар мен сөздіктермен жұмыс істей білулері тиіс.

Кредиттік оқыту жүйесінде электрондық оқулықтардың студенттерге өздігінен білім алу мен өзіндік бақылау жасауда маңызы зор. Электрондық оқулық — компьютерлік техниканы қолдану негізінде жасалған жаңа оқулық түрі, ғылыми негізде дайындалған педагогикалық-ақпараттық өнім. Ол студентке білімді əбден меңгергенше бірнеше мəрте оқуына, интерактивті режимде тапсырмалар орындауына, өздігінен білім алуына, өзін-өзі бақылауына мүмкіндік береді. Мультимедиалық мүмкіндіктерді қолдануына байланысты соңғы кездері «электрондық оқулық» ұғымының синонимі ретінде «мультимедиалық оқулық» ұғымы да қолданылып жүр [5].

Мультимедиа ағылшын тілінде multimedia, латынша multumкөп жəне media, mediumжинақ құрал (-дар) дегенді білдіреді, яғни құрамына бірнеше мəтін, сурет, бейне, анимация т.б топталған электронды ақпаратты тасушы. Біздің түсінігімізде мультимедиа мыналарды білдіреді: компьютер технологиясы, ақпаратты ұсыну тек ғана мəтін емес, сонымен бірге графика, түс, дыбыс, анимация жəне бейнекөріністер. Яғни мультимедиалық оқулық компьютердің мультимедиалық мүмкіншілігін пайдалану арқылы технологиямен берілетін дыбыс, графика, анимация т.б. болып табылады. Мультимедиа — бұл қазіргі компьютерлік құралдарды пайдаланып, интерактивті бағдарламалық қамтамасыз етуді басқарудың аудиоэффективті жəне визуалды нəтижелерінің өзарабайланысы, бірігуі. Мультимедиалық технологияны сауатты қолдану үшін оқытушы оның студенттерге қандай мүмкіндіктер беретінін жəне белгілі бір құралдарды тиімді қолдана білуі қажет. Мультимедиалық технологияны дұрыс қолдану барысында дəстүрлі типтегі сабақтармен салыстырғанда келесі ерекшеліктер қамтылады:

  • оқытушының да, студенттің де шығармашылық потенциалы артады;
  • оқу уақытын дұрыс пайдалану тиімділігі жоғарылайды;
  • коммуникациялық əдістер түрлі өзгерістерге ие болады;
  • ақпарат алмасу тез жылдамдамдықпен жүзеге асырылады;
  • студент тек тыңдаушы емес, белсенді қатысушыға айналады;
  • тақырыпты ашуға, оқу материалының мазмұндық-мəндік маңызын жете меңгеруге мүмкіндік
  • туады;
  • дидактикалық материалдардың əр түрлі формалары кеңінен қолданылады;
  • оқу материалдарын меңгеруде студенттердің есте сақтау қабілеті арта түседі жəне жоғарылайды;
  • анимация жəне    видеобейнелердің          орынды       қолданылуына         байланысты        аудиторияға эмоционалдық-психологиялық əсер беріледі.

Қазіргі кезде компьютерлік технологияның даму деңгейі жаңа дəуірдің мультимедиалық, телекоммуникациялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсететін, толыққанды сапалы, нақты алғы шарттар болып табылады.

Студент компьютер арқылы өзінің психофизиологиялық мүмкіндіктеріне сəйкес, дербес бағдарлама арқылы жұмыс жасауына мүмкіндік алады. Компьютер автоматты түрде студент жұмысын бақылай жəне жіберілген қателіктер мен оларды болдырмау жөнінде ұсыныстар, өтілген материалдардың игерілу сапасын бақылай алады. Оқытушы компьютердің көмегімен барлық студенттердің жекелеген бағдарламалар бойынша жасалған жұмыстар нəтижесі жөнінде объективті ақпаратты ала отырып, өзіндік авторлық бағдарламаларды құру арқылы оқу процесіне жедел ықпал жасай алады.

Ағылшын тілін оқытуда қолданбалы бағдарламаларды: Microsoft Word мəтіндік редактор, Paint графикалық редактор, Microsoft Power Point презентация дайындау құралы, мəліметтер қорын басқару жүйесі, сондай-ақ арнайы дайындалған ағылшын тілін үйренуге арналған мультимедиалық оқыту бағдарламасы, тестер, электронды оқулықтарды пайдалану қажет. Компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктерін пайдаланып, мыныдай жұмыстар жасауға болады:

  • кесте, кроссворд құру үшін Paint графикалық редактор жəне Microsoft Word мəтіндік редактор арқылы лексикалық, грамматикалық тақырыптарды өңдеу;
  • жеке жəне ресми хат жазу, оны дұрыс безендіруді үйрену (Microsoft Word);
  • бүкілəлемдік Интернет желісін пайдалану арқылы тіл үйренушілермен еркін қарым-қатынасты ұйымдастыру, яғни электронды пошта арқылы хат-хабар алмасу, өз ойын еркін жеткізу, болашақ мамандықтарына қатысты сайттарға еніп, білім қорын жетілдіру, сөздіктер мен энциклопедияларды пайдалана алу [6].

Компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктерін пайдалану студенттердің шығармашылық, интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдысының қалыптасуына əкеледі. Ағылшын тілінен электронды оқыту бағдарламасын қолдану арқылы студенттер жұппен, топпен жұмыстар жасайды. Бұндай жұмыс түрлері білім алушылар бір-бірімен ағылшын тілінде диалог құруда, грамматикалық білімдерін бекітуде қолданылады.

   1-сур.

Ағылшын тілі сабақтарында компьютерді пайдаланып, тілдің білімдік, тəрбиелік, дамытушылық мақсаттарына қол жеткізуге болады. Интернет желісі арқылы тілі оқытылып отырған ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттер жайында түпнұсқалы мəліметтер алып, Power Point бағдарламасы арқылы жасаған слайд-презентацияларды мультимедиалық проектордың көмегімен көрсетсек, сабағымыз қызықты да тартымды өтері сөзсіз. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты [7].

Өзіміз еңбек етіп жүрген Е.А.Бөкетов   атындағы ҚарМУ-де   «Халықаралық  құқық»,«Халықаралық қатынастар» мамандықтарының студенттерімен ағылшын тілінен практикалық сабақтарда студенттердің танымдық ой-өрісін қалыптастыру мақсатында, сабақтың əр кезеңінде жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, өтілген тақырыпты қайталау мақсатында, жаңа тақырыпты бекіту үшін лексикалық жəне грамматикалық тақырыптарға жасалған слайд-презентацияларды көрсету үшін интерактивті тақта мен мультимедиалық проекторларды пайдаланамыз. Мысалы: «The political system of Republic of Kazakhstan» тақырыбын өткенде мемлекеттің құрылымын слайд-презентациямен осылайша көрсетеміз.

  2-сур.

Слайд-презентацияға қарап, студенттер Қазақстан өкіметінің мемлекеттік құрылымы, оның негізгі үш тармағы, олардың негізгі атқаратын функциялары жəне Астана қаласы жайында толық мəліметтер береді. Сабақта осындай көрнекілік студенттердің ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда жəне сабақтың тартымды да қызықты өтуіне негіз бола алады.

Мультимедиалық кабинеттерде СОӨЖ сабақтарында Интернет желісі арқылы студенттерге мынадай тапсырмаларды ұсынуға болады:

Тақырып: Writing a personal message for a website.

Тапсырма: Fill in the registration form below. Sur name:                                                                First name:                                                                   Sex:

Date of birth:                                                           E-mail address:                                                                                    Mobile phone number:                             Home telephone number:                            Home address:                                                               Password:                                                                                      

Тапсырма: Write a message about yourself for a website. Use the following questions to help you.

1.Are you married? 2.What’s your job now? 3.Where do you live?

4.Have you got any children? 5.What did do you after school?

  1. What do you study at the university?

Тақырып: An email to a friend.

Тапсырма: I. You are going to write an email to a friend you haven’t seen for some time. Read and choose the questions you want to answer, then follow instructions a-d.

1.How are you?

2.How is your family?

3.Are you enjoying your job? 4.How is your new house/flat? 5.What are you doing these days?

  1. How about going out sometime soon?
  1. Make notes about how you’re going to answer the questions?
  2. Think of two or three questions you want to ask your friend?
  3. Now put all the information in a logical
  4. Use the Useful Language box to decide how you’re going to start and finish the
  5. Write the email. Use the notes you made in exercise I and the Useful language.

Useful Language

Dear….

Hi….

Write back soon…. Please write …… All the best …...

Take care……. Love…….

Тақырып: Writing a letter of application.

Тапсырма: I.Read the newspaper advertisement, then write the letter: (Remember the correct begin- nings and endings for the letters).

Bristol Summer Camps Network has all kinds of jobs for all ages!

BSCN UK runs summer camps all over Europe for children between 10 and 14. We are looking for temporary staff: teachers, nurses, cooks, cleaners, general helpers, etc. Send your CV and the names of two referees to: The Director, BSCN UK, PO Box 29, Temple Quay, Bristol BS 10 70 OX. Please include a short letter telling us:

-the type of work you are interested in.

-the country or countries you would like to work in.

-your experience and qualifications.

-why you believe you would be suitable.

  1. Write a letter of application:

Follow the instructions:

  • writer’s
  • greeting
  • text of the letter (reason for writing the letter; experience and qualifications; reasons why you think you would be good at this job; reference to future contact).
  • ending of the
  • writer’s
  • writer’s

Осылайша,   сабақ   тақырыбына        сəйкес   оқулықтан       тыс    қосымша      материал       пайдалану студенттердің ой-өрісін кеңейтеді, шетелдік əріптестерін қиналмай түсінуге көмегін тигізеді.

Білім беруде компьютерлік технологияларды осылайша пайдалану оқыту процесін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жоғары мектептің оқу процесінде ақпараттық технологияны тиімді пайдалану білімді берік əрі терең меңгерту, сапалы тəрбие беруге жəне студенттердің ақыл-ой белсенділігін арттыруға көп ықпалын тигізеді.

Қорыта келе, айтарымыз компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, шет тілдері сабағында қолданылатын оқытудың негізгі жалпыдидактикалық əдістерін: көрсету, түсіндіру, жаттықтыру, түзету жəне бағалауды жүзеге асыруға болады.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005–2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы //Егемен Қазақстан. — 2004. — 16 қазан.
  2. Методические рекомендации по применению мультимедийных технологий при подготовке и проведении учебных занятий / Сост.: С.Т.Каргин, Л.П.Любонская, Л.Р.Шевлякова. — Караганда,
  3. Лекерова Г., Маджуга А. Инновационные педагогические технологии в образовательном процессе // Высшая школа Казахстана. — 2001. — № 6. — С. 29–32.
  4. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Қазақстан мектебі. — 2004. —№ 2.
  5. Досжанов Б.А. Мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы оқыту процесін жетілдірудің дидактикалық негіздері: Пед. ғыл. канд. ... дис. — Қызылорда,
  6. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования: Учеб. пособие / Под. ред. Е.С.Полат. —М., 2002. — С. 271–275.
  7. Сысоев П.В., Евстигнеев М.Н. Современные учебные Интернет-ресурсы в обучении иностранному языку //Иностранные языки в школе. — 2008. — № 5.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.