Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кəсіби оқыту мамандықтарының іс-тəжірибе барысында инновациялық-технологиялық даярлық ерекшеліктері

 «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» жоғары оқу орындағы оқу-тəрбие үрдісін студенттердің шығармашылығын дамытуға, білім беру қызметіндегі қажеттілікті қалыптастыруға бағытталуы тиіс делінген.

Еліміздің Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан–2030» стратегиясында болашақты жасайтын азаматтарды сол ғасыр талабына лайықты тəрбиелеу қажеттілігіне тоқтала келе: «2010 жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен бəсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу маманың тəрбиелеу бүгінгі күннің басты талаптарының бірі», — деп атап көрсеткен [1].

Қоғамымыздағы əлеуметтік-экономикалық жаңарулар адам өмірінің қай саласы болсын түбірлі өзгерістер жасауда. Оның ішінде дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі білім беруге, бүкіл оқу- əдістемелік жүйеге жаңа талаптар қояды. Бұл талаптарды жүзеге асыруда жаңашыл оқу үрдістерін толық меңгерген, нарықтық экономика талаптарына өз мүмкіндіктері мен мүдделерін барынша үйлесімді ете алатын, мəдени-əлеуметтік жағдайларға бейімделу қабілеті бар кəсіби оқыту мамандардың қажеттігі белгілі.

Кəсіби іс-тəжірибе туралы ереже — Қазақстан Республикасы 2007 жылдың 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы жəне ҚР Үкіметінің 2005 жылдың 2 наурызындағы № 195 Қаулысымен бекітілген жоғары кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің типтік ережелері талаптарымен сəйкес құрастырылған — МЖМБС 5.03.001–2006 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты.

Жоғары оқу орындарының алдында тұрған ең басты міндетінің бірі бұл кəсіби оқыту мамандарын кəсіби тұрғыда бағыттылығын қалыптастыру болып табылады. Бүгінгі танда студенттердің кəсіби іс-тəжірибесі жоғары білікті мамандар даярлаудың маңызды бөлігі болып табылады, іс-тəжірибе іс-тəжірибенің базасы болып табылатын тиісті ұжымдарда — кəсіпорындарда, мекемелерде, мектептер мен ұжымдарда өтеді.

Осыған байланысты 050120 — «Кəсіби оқыту» мамандарының бітіруші түлектері дербес еңбек жолында бірқатар қиындықтарға жолығатындары тəжірибеде анықталып отырғандықтан, кəсіби бағыттылығын қалыптастыруда кəсіби іс-тəжірибе түрлерін барынша жаңа мазмұнды, жүйелі жүргізу міндеті қойылып отыр.

Дегенмен, кəсіби іс-тəжірибенің түрі, мерзімі, мазмұны жоғары оқу орнының іс-тəжірибе бойынша бағдарламасы жəне мамандықтың оқу-жұмыс жоспарымен анықталады.

Кəсіби іс-тəжірибе түрлері мамандыққа сəйкес өткізіледі. Білім алушылардың кəсіби іс- тəжірибесі жоғары оқу орнындағы оқу үдерісінде алған білімдерін бекітуге, іс-тəжірибелік дағдыларын игеруге жəне нəтижелі тəжірибе меңгеруге бағытталған. Білім алушылар кəсіби іс- тəжірибе барысында кəсіби жəне ұйымдастырушылық жұмыстан тəжірибе жинақтауы қажет.

Кəсіби іс-тəжірибе барысында болашақ мамандардың аталған тапсырмаларды орындауы, алынған нəтижелердi талдауы мен қорытындылауы, олардың бұрын алған теориялық бiлiмдерi мен бiлiктерiн жетiлдiрумен қатар, зерттеушiлiк қабiлеттерiнiң артуына зор ықпал еттi.

050120 — «Кəсіби оқыту» мамандарының студенттерiнің инновациялық-технологиялық даярлық деңгейлерi мынадай əдiстердiң көмегiмен анықталды:

  • оқу-бағдарламалық құжаттарды (сабақтың жəне сыныптан тыс конспектiлерi, іс-тəжірибе туралы есептерi т.б.) талдау;
  • тест, сауалнама;
  • студенттердiң өзiн-өзi бағалауын айқындау жəне кəсіби құзыреттілік деңгейін бағалау.

Бұл кезеңде студенттерде қалыптасқан бiлiм мен бiлiктер деңгейiн және кәсіби іс-тәжірибедегі iс-әрекетке қойылатын бағдарламалық талаптарды негiзге ала отырып, мынадай зерттеушiлiк мiндеттер қойылды:

  • кəсіби мектеп оқушыларының оқуға қызығушылығын, ынтасын оятып, оларды бiлiм алуға ұмтылдыру;
  • инновациялық тұрғыдан       жұмысты   ұйымдастыру,        тапсырмаларды         орындау      жоспарын мұғалiмнiң басшылығымен ұжымды түрде дайындау;
  • инновациялық педагогикалық технологияларды пайдаланудың негiзiнде оқушылардың оқып- үйренген жаңа, іс-тəжірибелік маңызды бiлiмдерiн айқындау.

Бұл мiндеттер студенттердiң төмендегiдей тапсырмаларды орындауы арқылы шешiлдi:

  • сабақтардың жəне сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен жоспарын инновациялық мазмұн, оқыту құралы жəне оқытуды ұйымдастыру формаларының ескерiлуi тұрғысынан талдау;
  • инновациялық-технологиялық тұрғыдан жаңашыл мұғалiмдердiң сабақтарына қатынасу, олардың нəтижелiгiн айқындау;
  • инновациялық педагогикалық технологиялар енгiзiлген сабақтардың конспектiлерiн жобалау, құру жəне өткiзу;
  • білім беру саласындағы инновациялық ақпараттарды пайдалана отырып, сыныптан тыс жұмыстарды өткiзу т.с.с.

Студенттердiң аталған тапсырмаларды орындауы негiзiнде олардың даярлығының қалыптасуы жүзеге асырылды:

  1. Студенттер кәсіби оқыту педагогының iс-әрекет ерекшелiктерiн ашатын құнды материал жинады, оны олар университеттi бiтiргеннен кейiн өз жұмыстарында пайдалана алады.
  2. Мектепте оқу-тәрбие процесiнде инновациялық-технологиялық даярлықтарын жетілдіру мүмкiндiктерiн жақсы оқып-үйрендi.
  3. Инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы оқу-тәрбие мiндеттерiн шешудегi кәсіби мектеп мұғалiмдерінiң алдыңғы қатарлы iс-тәжiрибесiмен танысты.

Үздiксiз педагогикалық іс-тəжірибе студенттерге кəсіби даярлықтарының деңгейiн бағалауға, оның бүгiнгi таңда мұғалiмдерге қойылатын талаптарға сəйкестiгiн болжауға мүмкiндiк бердi. Кəсіби іс-тəжірибе болашақ мамандардың өздiгiнен бiлiмiн жетiлдiру мен кəсiпқой iзденiмпаздықтарын қалыптастыруға ұмтылыстарын белсендiрдi.

Осыған орай «Кəсіби оқыту» мамандығының инновациялық-технологиялық даярлықтарын жетілдіру процесiн бақылай отырып, мынадай жағдайларға көз жеткiздiк:

  • іс-тəжірибе жеке тұлғаның сапалық қасиеттерiне үлкен əсер еттi, студенттердiң зерттелiп отырған iс-əрекетке байланысты теориялық бiлiмдерiн молайтып, зерттеушiлiк жəне кəсіби іс- тəжірибелік бiлiктерiн шыңдады;
  • тиiмдiлiктiң көрсеткiшi ретiнде оқушылардың теориялық бiлiмдi жəне практикалық бiлiктi меңгеру сапасы, оқуға ынтасы мен қызығушылығының қалыптасуы жəне мотивтiң дамуы алынды.

Инновациялық-технологиялық даярлықты жетілдірудің бір жолы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу қабілеттерін дамыту болғандықтан, кәсіби іс-тәжірибе барысында оларға төмендегiдей тапсырмаларды орындау талап етiлдi:

  • эксперименттiк жұмыс мiндеттерiн анықтау, нақтылау жəне оны шешудiң негiзгi жолдарын белгiлеу;
  • жалпытехникалық жəне арнайы пəндер мен еңбек технологиясын оқыту бағдарламаларын оқып-үйрену, зерттеу жəне олардағы тақырыптар мазмұнына қосымша материалдар енгізу, соның нəтижесінде сабақ беру;
  • кəсіби іс-тəжірибе барысында жаңа материалды түсiндiру, алынған бiлiмдердi бекiту жəне бiлiм, білiк, дағдыларды жалпылау, жүйелеу мен тексеру үшiн инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану;
  • бағдарламалық материалды толықтыруды көздейтiн инновациялық ақпараттар негiзiнде құрастырылған тапсырмалар жүйесiн пайдалану;
  • инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, сабақтар жүйесiн жəне сыныптан тыс жұмыстарды өткiзу;
  • эксперименттiк жұмыс негiзiнде алынған нəтижелердi жинақтап қорыту жəне талдау;
  • кəсіби мектепте жұмыс істеуге өздерiнiң даярлық деңгейлерiн бағалап, саралау.

Кəсіби іс-тəжірибе барысында студенттердің осы бағыттағы тапсырмаларды орындауы, зерттеу нəтижелерін талдап, қорытындылауы, біріншіден, базалық жəне бейіндік пəндер бойынша алған білім, білік, дағдыларын жетілдірсе, екіншіден, олардың инновациялық іс-əрекетке даярлығын қалыптастыруға ықпал етті.

Кəсіби оқыту мамандықтарының іс-тəжірибе барысында инновациялық-технологиялық даярлық деңгейін бағалауда мынадай негізгі өлшемдер қолданылды:

  • студенттің базалық жəне бейіндік пəндер бойынша теориялық дайындығының деңгейі;
  • оқушылардың жеке тұлға ретіндегі қарым-қатынасын педагогикалық процесс барысында ізгілендіру жағдайында ұйымдастыру;
  • мамандық бойынша педагогикалық біліктілігінің қалыптасу деңгейі;
  • оқу-əдістемелік жұмыстарды инновациялық-технологиялық тұрғыдан ұйымдастыруды меңгеру дəрежесі;
  • кəсіби оқыту педагогының инновациялық іс-əрекетін меңгеруде зерттеу əдістерін қолдана білу;
  • педагогикалық мамандыққа бейімділігі, жаңашылдық іс-əрекеті, əлеуметтік белсенділігі;
  • өзінің іс-əрекетін талдауы, өзіндік баға бере алуы.

Сонымен, жоғары оқу орындарында оқу үрдісінде алынған теориялық білімді бекітуге, тəжірибелік дағды мен білікке ие болуға, яғни кəсіби іс-тəжірибе базасы болып табылатын белгілі ұйымдарда алдыңғы қатарлы тəжірибені меңгеруге, бағытталған болып отыр.

Жоғары оқу орнындарындағы педагогикалық іс-тəжірибе студенттердің теориялық білімдерін өздігімен тəжірибеде қолдана білудегі орны туралы О.А.Абдуллина, Ю.К.Бабанский, Н.И.Болдыров, Н.В.Кузьмина, А.И.Пискунов, В.А.Сластенин жəне тағы басқа авторлар еңбектерінде көрсеткен.

Дегенмен, педагогика ғылымында педагогикалык іс-тəжірибелік түрліше бағытта зерттеліп келгендігі анықталды.

Бірінші бағыттағы ғалымдар О.А.Абдуллина, Р.В.Кулиш педагогикалық кəсіби іс-тəжірибенің мазмұны, мақсат, міндеттері, оны өткізудің тиімді əдіс-тəсілдері жəне формасы, бірыңғай қойылатын талаптары, іс-тəжірибе нəтижелерін бағалау өлшемдерін анықтайды.

Осыған байланысты 050120 — «Кəсіби оқыту» мамандығының студенттері келесі оқу іс- тəжірибесі ұйымдастырылады:

  • өндірістік;
  • технологиялық;
  • педагогикалық;
  • диплом алдындағы.

Диплом алдындағы іс-тəжірибе кезінде білім алушылар кəсіпорынның, мекеменің, ұжымдар мен мектептердің өндірістік қызметі туралы нақты деректер жинақтап, оны бітіру жұмысын əзірлеу барысында қолданады.

Жоғары оқу орнында таңдалып алынған мамандықтың бағдарына қарай, студенттер іс-тəжірибе өту барысында нақты жағдайда кəсіпорындарда немесе мектептерде төменде аталған жұмыс түрлерін үйренеді [2]:

  • өндірістің технологиясын;
  • өндірісті басқару жəне ұйымдастыру, өнімнің сапасын бақылау мен стандарттау, еңбек өнімділігі мен тиімділігі резервтерін анықтау бойынша шараларды;
  • жабдықтар, аспаптар, есептегіш техникалар, бақылау-өлшегіш құралдар, саймандар, сонымен бірге өндірістік үрдістерді механикаландыру жəне автоматтандыруды;
  • мектептердің, мəдени мекемелердің жəне т.б. жұмысын;
  • педагогика, психология саласында жүргізілген зерттеу нəтижелерін;
  • ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық,     жаңашыл-өнертапқыштық     жұмыстарды ұйымдастыруды;
  • қауіпсіздік жəне пайдалы еңбек жағдайын қамтамасыз етуді жəне жасауды. Осыған орай іс-тəжірибе бағдарламасы төмендегілерді назарда ұстауды қажет етеді:
  • студенттердің жекелей тапсырмаларын орындау мерзімі мен мазмұнын;
  • студенттердің ұжымдар, мекемелер, кəсіпорындардың жаңашыл жəне өнертапқыштық жұмысына қатысуын;
  • саяхат жүргізудің мерзімі мен болжалды мазмұны;
  • студенттердің іс-тəжірибе бойынша есеп беруге дайындалу тəртібі жəне қорғау мерзімі;
  • тəжірибеден өтетін студенттерге дəріс оқу жəне кеңес беру.

Сонымен, «Жалпытехникалық пəндер жəне еңбекке баулу əдістемесі» кафедрасында іс-тəжірибе бағдарламаларын, мамандық бағдарын, кəсіпорын сипатын, іс-тəжірибе объектісі болып табылатын ұйымды ескере отырып жасайды жəне білім беру мекемесінің жетекшісімен бекітіледі.

Жоғары оқу орны студенттері кəсіби іс-тəжірибені өткізу үшін келісімді негізде ұжымды, кəсіпорынды, мектептерді іс-тəжірибенің базасы ретінде анықтап, олармен іс-тəжірибені өткізудің күнтізбелік кестесімен жəне бағдарламасымен келіседі. Келісімде жоғары оқу орнының, іс- тəжірибенің базасы мен білім алушылардың міндеттері белгіленеді. Келісім қойылған шартқа сəйкес іс-тəжірибені өткізу мен ұйымдастыруды жоғары оқу орны мен іс-тəжірибе базасының жетекшілері жауапкершілігіне алады [3].

Іс-тəжірибеге оқу-əдістемелік басшылық жасауды, оқу жоспарының орындалуын, іс-тəжірибе бағдарламасы мен оның өткізілу сапасын жоғары оқу орнының тиісті кафедралары жетілдіреді.

Дегенмен, кəсіби бағыттылығы кұрылымы туралы еңбектердегі əр түрлі көзқарастарды талдау нəтижесінде жəне зерттеуіміздің нысанасына сəйкес біз студенттердің кəсіби бағыттылығы құрылымында ең маңызды компоненттері ретінде қызығулар, қажеттіліктер, мотивтер мен бейімділіктерді, білім, біліктілікті жəне дағдыны бөліп алу мүмкін деп ойлаймыз.

Ал кəсіби білім берудің негізгі мақсаты — бұл сəйкес деңгейдегі мамандандырылған қызметкерлер дайындау, нарық майданында бəсекеге қабілетті, білікті, жауапкершілігі бар, өз мамандығын еркін меңгеретін, мамандығы бойынша дүниежүзілік стандарт деңгейіндегі тиімді жұмысқа қабілетті, ұдайы кəсіптік өсуге дайын мамандар даярлау.

Өндірістік іс-тəжірибені ұйымдастыру қағидаларының ұстанымдық негізі кафедра жəне кəсіпорын мүдделерінің балансы болып табылады: өндірістік іс-тəжірибенің пайдалы жағы кафедра үшін қандай болса, кəсіпорын үшін де дəл сондай екендігін анықтау қажет.

Педагогикалық іс-тəжірибедегі жұмысын жоспарлауда болашақ мамандардың кəсіби шығармашылығын дамыту бүгінгі күн талаптарына сай болуы керек деген қағиданы негізге алдық. Үздіксіз педагогикалық іс-тəжірибе бағдарламасындағы талаптар мазмұнын игерудегі мақсат — мектепте педагогикалық мамандықпен танысу; əр түрлі оқу орындарының түрлерін көру: гимназиялар, лицейлер, колледждер жəне мектеп-интернаттар, балалар үйі, т.б. мектеп құжаттарымен танысу жəне теория мен іс-тəжірибенің бірлігін (мұғаліммен пікірлесу) жүргізу; педагогикалық технологияны үйрену.

Осыған орай мемлекеттік оқу жоспарында 050120 — «Кəсіби оқыту» мамандығы бойынша болашақ маманды кəсіби даярлауда педагогикалық іс-тəжірибе жоспарланған. Мысалы,«Жалпытехникалық пəндер жəне еңбекке баулу əдістемесі» кафедрасының оқу жоспарында кəсіби оқыту мамандығы бойынша 1–4 курстармен педагогикалық іс-тəжірибелер ұйымдастырылып, педагогикалық іс-тəжірибе үздіксіз жəне арнайы маманданған түрлерді қамтиды деп ойлаймыз.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасындағы білім туралы заңнама. Заң актілерінің жиынтығы. — Алматы: ЮРИСТ, 2007. — 41-б.
  2. Балабаева А.И. Педагогикалық практикада студенттердiң кəсiби бағыттылығын қалыптастыру: Пед. ғыл. канд. …дис.автореф. — Алматы, 2005. — 28-б.
  3. Сабиров Т.С. Педагогика институттарында оқу-тəрбиелік процесін жетілдіру. — Алматы: Мектеп,

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.