Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Болашақ мұғалімдердің сабақта электрондық оқулықты пайдалану əдістемесін жетілдіру

Əлемдік өркениеттен өз орнын тауып, жаһандану ағысына енген еліміздің алдында тұрған міндеттердің бірі — Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін орта мектеп математикасын оқыту əдістемесін жетілдіру, оқушылардың білім сапасын арттырып, əлемдік стандарттар деңгейінде білім беруге қол жеткізу. Осыған орай технология, ақпараттану жəне интеграция ғасырында жаңа дүние үшін күрес жолында білім беруді ақпараттандыру.

Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі — оқу процесін электронды оқулық немесе оқытудың компьютерлік құралдарын жасау жəне пайдалану. Оқу процесінде компьютерлік оқулықтар, есептер жинақтары, энциклопедиялар, тестілеу мен бақылау, анықтамалық жүйелер жəне т.б. кеңінен қолданылуда. Ақпараттық технологиялардың білім беру жүйесінде белсенді пайдаланылуы оның нақты педагогикалық есептерді шешуге арналған құралы қызметін атқаруымен қатар, дидактика мен əдістеменің дамуына əсер етіп, оқыту мен білім берудің жаңа əдіс-тəсілдерін, формаларын құруға алып келеді.

Сонымен, электрондық оқулықты қолданғанда дидактика мен əдістеменің жаңа қырынан дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Яғни математика сабағында электрондық оқулықты пайдалану негізінде:

  • оқытудың сапасы артады;
  • оқыту жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуге кететін шығындар азаяды;
  • мұғалімдердің математиканы оқыту барысында сабақ түсіндіру, бақылау алу, тапсырманың орындалуын қадағалау, бағалау, білім мен іскерлікті игеру деңгейлерін анықтау сияқты басқару жұмыстарының шығармашылық іс-əрекетке (ғылыми-ізденіс жəне əдістемелік мəселелерді шешу, оқу-əдістемелік құралдарды дайындау т.с.с.) көшуіне алып келеді;
  • оқытудың мазмұны мен құрылымдарының өзгерістеріне қарай оқу процесін оқу-əдістемелік құралдармен қамтамасыздандыруды жеделдетеді.

Осы айтылғандардан қазіргі уақытта білім беру жүйесінде дəстүрлі құралдарға қарағанда электрондық оқулықты пайдалану кажеттігі артып келе жатқандығын көруге болады. Сондай-ақ электрондық оқулықты дəстүрлі оқу-əдістемелік кұралдармен үйлестіре қолданудың тиімділігін практика көрсетіп отыр. Электрондық оқулықтың сапасы оны оқу процесінде пайдалану барысында ғана анықталады.

Қазіргі кезде математика пəнін оқытуға арналған көптеген электрондық оқулықтардың əр түрлі нұсқалары дайындалып, ұсынылуда. Талдаулар нəтижесінде электрондық оқулықты жасауда жіберілетін басты кемшілігі — оны дəстүрлі оқу-əдістемелік құралдың электронды көшірмесі ретінде ғана кұрылатындығы анықталды.

Электрондық оқулықты даярлауда оны баспа оқулық ретінде қағазға шығарып, көбейтудің қажеттілігі болмағандықтан, оны жетілдіріп, жаңартып отырудың мүмкіндігі жоғарылайды. Қазіргі кезде электрондық оқулықты даярлау үшін кем дегенде төрт түрлі базалық категориялы маман керек:

  • оқу материалының авторлары;
  • компьютерлік əдіскерлер;
  • жүйелік программалаушы;
  • электрондық оқулықты пайдаланушылар.

Дербес компьютердің мүмкіндіктері — мұғалімге көмекші, оқыту əрі көрнекі құрал ретінде сабақта жұмыс нəтижелерін кесте немесе сызба түрінде дисплей экранына, қағазға шығарып беруге мүмкіндік туғызады. Оның мəтіндік жəне графикалық редакторлары арқылы əр түрлі алфавиттік- сандық мəліметтерді даярлауға, формулалары бар мəтіндерді жазуға, суреттерді, кесте түрінде берілген сандарды, диаграммаларды, графиктерді салуға ыңғайлы. Компьютерді оқыту құралы ретінде үйретуші-оқытушы бағдарламалар арқылы білім беру процесінде қолданыла бастауы мектеп практикасында шəкірттердің өз бетінше жұмыс істеуіне мол мүмкіндік береді. XXI ғасырда Қазақстан Республикасында білім берудің жаңа жүйесі жасалып, еліміздің білім беру жүйесі əлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Оқу процесiне компьютерлік технология, оның ішінде телекоммуникациялық технологиялардың енгiзiлуiмен оқыту функцияларының бiр бөлiгi осы компьютерлік технологияларға жүктелуде. Соңғы кездерде оқу жəне ғылыми ақпараттардың қарқынды дамуына байланысты, елiмiз бен шет елдерде оқушылардың iзденiмпаздығы мен белсендiлiгiн дамытуға əсер ететiн оқу процесiнiң жаңа түрлерi мен оларды ұйымдастыру жолдарының бірі ретінде дербес компьютерлер қолданылуда. 1980 жылдары дисплейлі сыныптар жасалынып, педагогикалық бағдарламалық құралдар саны мен сапасы жақсара түсті. Бертін келе «компьютерлік оқыту» термині пайда болды. Компьютерлік оқыту дегеніміз оқытудың техникалық құралдарының бірі компьютер, жаңа ақпараттық технология болып табылады. Компьютерлік технология негізінде оқытуда демонстрациялық əдіс міндетті түрде қолданылады. Өйткені демонстрациялық əдіс көрнекі оқу талабын жүзеге асырудың негізінде жатыр. Оқыту процесінің теориясына сəйкес таным процесі сезім арқылы қабылдаудан басталуы тиіс. Мұнда затты немесе құбылысты қабылдауға қатысатын сезім мүшелері неғұрлым көбірек болса, оқушы жаңа білімді соғұрлым жақсы жəне берік меңгереді. Демонстрациялаудың бүкіл маңыздылығына қарамастан, бөлектеп алынған күйінде қолданылған бұл əдіс еш уақытта педагогикалық аяқталған нəтиже бере алмайды. Демонстрациялық əдіс, ең жақсы жəне жетілдірілген көрнекі құралдың болуына қарамастан, егер мұғалімнің сөзімен толықтырылмаса, онымен қоса жүргізілмесе, ешуақытта қажетті нəтиже бере алмайды. Бұл И.П.Павловтың бірінші жəне екінші сигнал системалары жөніндегі іліміне сəйкес анағұрлым айқындала түседі. Бұл ілімге сəйкес адам болмысты ең алдымен бірінші сигнал жүйесі арқылы қабылдайды. Алайда білімді игеру үшін қашан болса да екінші сигнал жүйесінің қоздырғышы — сөз қажет [1]. Сондықтан біз компьютерлік технологияны тиімді пайдалана отырып, көрнекілік принципті жүзеге асырудың əдістемелік негізін жасадық [2]. Барлық оқушылар білім стандарты деңгейін меңгергеннен кейін ғана жаңа материалға ауысу жүзеге асырылады. Оқушылар біліміндегі ақаулықтарды жою үшін сыныптан тыс жеке жұмыстар жасауға тура келеді. Сыныптан тыс жұмыстарда да компьютерлік технологияларды пайдаланудың маңызы өте зор. Өйткені əрбір үлгермеуші оқушы сыныптан тыс уақытта компьютерде оқытушы бағдарламаларды қосып, өз бетінше өзіне қажетті материалдарды оқып-үйренуіне мүмкіндігі бар. Түсінбеген материалдарды мұғалімнен сұрап, түсініп алуына əбден болады [3]. Ал математиканы оқытуда компьютерлік технологияны қолдана отырып, математика пəні мұғалімі сабақта жұмыс нəтижелерін кесте немесе сызба түрінде дисплей экранына, қағазға шығарып беруге мүмкіндік туғызады. Сонымен, компьютердің экранының түр-түстері мүмкіндігін толық пайдалана отырып, көрнекілік принципті жүзеге асыруда электрондық оқулықтарды жасаудың талаптарын ескеру қажет.

Мемлекеттік стандарттың «Электрондық оқулық басылымында» түстер палитрасы ассоциациялары туралы ақпарат төмендегі кестеде келтiрiлген.

 Түстер палитрасы К е с т е

Сондай-ақ түс оқушының белсенді эмоциялық реакциясын тудыратын басты ұйымдастырушы кеңістік болып саналады. Көгілдір түс жұмыс қабілетін төмендетеді, адам ағзасының физиологиялық функциясын баяулатады. Сия көк түс, қызыл мен көгілдір түстердің əсері секілді, адамды шаршатып жүйке жүйесіне кері əсер етеді. Түстердің мұндай адам психикасына əсері мынаған байланысты, жекелеген түстер немесе олардың үйлесімдігі оқушыда түстік ассоциация туғызуы мүмкін, ол өмір тəжірибесі, белгілі эмоция немесе кейіпкермен байланысты. Түс неғұрлым қанық болған сайын ол адам бойында белсенді əрі тұрақты əсер туғызады.

Компьютерлік оқытушы бағдарламалар мен электрондық оқулықтарды жасаған уақытта түр- түстердің жоғарыда аталған психологиялық əсерін ескерген жөн. Математикалық түсініктерді əр түрлі түр-түстермен бейнеленген фигуралар мен бейнелерді қабылдауға арналған оқытушы бағдарламаларды қолдануға болады.

Бұл мақалада Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов. 6-сынып математика оқулығы (Алматы: Атамұра, 2006) [4] бойынша «Оң сандар жəне теріс сандар» тақырыбын электрондық оқулықты қолданып, оқыту əдістемесін қарастырамыз:

 1-сабақ Сабақтың тақырыбы: Оң сандар жəне теріс сандар.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға электрондық оқулықпен жұмыс істей отырып, жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың түрі: Жаңа материалмен таныстыру.

Сабақтың барысы:

-Ұйымдастыру бөлімі.

-Үй тапсырмасын тексеру.

  • 7. Жиындардың қиылысуы. Жиындардың бірігуі.

-Жаңа сабақ.

Компьютерге электрондық оқулықты компакт дискіден жүктеген соң экранда, төмендегі 1- суреттегі негізгі мəзір шығады. Математика пəні мұғалімі негізгі мəзір ішінен «Оң сандар жəне теріс сандар» бөлімін таңдайды.

  1-сур. Негізгі мəзір 2-сур. Оң сандар жəне теріс сандар жайлы теориялық материал 

Жоғарыдағы 2-суретте тақырыпқа қатысты теориялық материалдар толық беріледі. Мұғалім компьютер экранын парақтай отырып, оны интерактивті тақтада демонстрациялап көрсетеді.

«Оң сандар жəне теріс сандар» тақырыбына арналған есеп беріледі.

Оқушылар экрандағы кесте ішіне сан мəндерін енгізу арқылы есептеу жұмыстарын жүргізеді.

  • Жаңа сабақты бекіту.
  • Оқушылардың білімдерін бағалау.
  • Үйге тапсырма беру.

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

 Демек, болашақ математика пəні мұғалімі компьютерлік технология арқылы электрондық оқулықты өзі жасап, оны жаңа сабақты түсіндіруде тиімді қолдана алса ғана, уақыт үнемделетіндігі сөзсіз. Оның үстіне есептеу жұмыстарын оқушылар тікелей компьютерде жүргізгендіктен, олардың математика пəніне деген қызығушылығы артып, сабақ тартымды өтілетіндігін эксперимент нəтижелерінен байқадық. Сондай-ақ кері байланысты орнату үшін сабақты бекіту бөлімінде оқушылар сан мəндерін компьютерге тікелей енгізе отырып, өздерінің орындаған тапсырмаларының дұрыстығын тексере алады. Қорыта айтқанда, оқушы тыңдайды, оқиды, бақылайды — бұл іс- əрекеттердің бəрінде де оның сезім мүшелері арқылы жəне қабылдау іске қосылады, ал содан кейін ғана есте сақтау, ойлану, ой қорыту, ақпаратты шығармашылық өңдеу жəне т.б. жүзеге асырылады. Егер болашақ мұғалім оқушының танымдық іс-əрекетіне, қызметіне əсер еткісі келсе, ол алдымен олардың көру жəне есту сезімдік мүшелеріне əсер етеді. Сөйтіп, адам ақпараттың көп бөлігін осы анализаторлар көмегімен қабылдайды. Сонымен бірге жаңа өтілген материал оқушыға компьютер көмегімен тез, жылдам түсіндіріледі. Осының нəтижесінде оқушылардың пəнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыс жасауына кең мүмкіндік ашылады. Сондай-ақ оқытушылар да өздеріне қажетті əдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Міне, сапалы білім беруде электрондық оқулықтың қаншама пайдасы бар.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Бекмолдаева Р. Жаратылыстану-математикалық бағдарлы мектептерде туынды тақырыбын компьютерлік технология- ны қолданып оқыту. — Шымкент,
  2. Бүркіт Ə. Математиканы оқытуда компьютерлік технология арқылы көрнекілік принципті жүзеге асырудың əдістемелік жəне əдіснамалық негізі. — Шымкент,
  3. Бүркіт Ə., Нұрматова Ж. XXI ғасырдағы Қазақстан мектебінің ақпараттық жəне ғылыми əлеуетін қалыптастыру əдістемесі: Оқу құралы. — Шымкент, 2006. — 120 б.
  4. Алдамұратова Т.А., Байшоланов Т.С. 6-сынып математика оқулығы. — Алматы: Атамұра,

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.