Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Халық өнерінің мəдени мұрасы арқылы көркемдік білім берудің мазмұны

 Халықымыздың мыңдаған жылдар бойы қалыптасу тарихында рудан тайпаға, тайпалар одағынан ұлтқа айналу процесінде оның рухани дүниесі де дамып, ұлттық өнері болған жəне ол басқа ұлттарға үлгі боларлықтай асыл қасиеттері мол жинақталған.

«Халық өнерінің мұрасы» деген ұғым көп мəселені қамтитын, əсіресе халықымыздың ұлттық өрнек өнерінің дəстүрін жаңа биікке көтеруге ат салысу — өнерге қатысты мекемелер мен зиялы қауымның ортақ мақсаты.

Қандай қоғам, қандай ел болмасын, экономикалық, саяси т.б. артықшылықтарына қарамастан, өзінің өнері, мəдениеті, ұлттық дəстүрін сақтай алмаса, толық жеңіске жете алмайтыны айқындалған осынау кезенде халық мұрасындағы ұлттық өрнек өнерінің көркемдік даму ерекшеліктері əр халықтың, əрбір қоғам мүшесінің өмірлік мақсатына, тіршілік дағдысына айналу қажет. Осынау ұлы процесте ұлттық өнердің атқаратын ролі аса зор.

Біздің пайымдауымызша, халық мұрасындағы ұлттық өрнек өнері дəстүрін қалпына келтіру үшін, ұлттық сана мен психологиямызды көне ғүрыптарымыздың негізінде қалыптастыра отырып, даму бағытын ұстауымыз керек. Бір айта кететін мəселе — ұлтымыздың зиялы алдыңғы қатарлы өкілдерінің дені жаңаша түсінуде. Мысалға, Ө.Жəнібеков, А.Сейдімбеков, Б.Сапаров, Р.Бердібаев, А.Қырықбаев, тағы басқалар. Мерзімді баспа сөздерде қазіргі жарық көріп жатқан мақалалардың өзі- ақ мазмұны мен мақсаты бұған толық дəлел бола алады.

Халық өнерінің табиғи процесі өте теренде жатыр. Халық өнері шеберлерінің шығармаларын қарастыру заңдылықтары да осыдан келіп туындайды. Қолөнердің даму процесінде идеялық- эстетикалық дəрежесі тек ірі, ауқымды өнер түрлері арқылы танылады. Құбылыс болған соң оның ішкі, сыртқы зандылықтары, тіршілік-тынысы, белгілі дəрежеде əсер ететін ықпалы жəне бар.

Арада мыңдаған жылдар өткенде адам сүйек, мүйіз, ағаштан қанжар, жебе, түйреуіш, біз, шанышқы, ине т.б. құралдарды жасап үйренді. Сүйек, мүйіз, тағы басқа заттарды əшекейлеу жəне өрнектеуде нақ осы шамада.

Негізінде халқымыздың ұлттық қолөнері көне заманнан бері халық тұтынып келе жатқан ұлттық мүліктер мен заттарға таяқша, сызықша салып оюлайтын қарапайым əшекейлеуден бастап, қазіргі дəстүрдегі айналаны қоршаған табиғат құбылысын алғашқы, керамика мен түсті металға, жасау-жиһаздарға бейнелейтін сюжетті өрнектер мен əшекейлеулерге дейінгі жоғары дамыған кезіне келіп жетті.

Қазақтың ұлттық қолөнерінде жиі қолданатын мүйіз тектес ою-өрнектер өзінің даму барысында əр түрлі көркемдік сипат алған, Қ.Ақышев: «Қазіргі қазақтар мен андроновтық тайпалар арасын үш мың жылдан астам уақыт шымылдығы бөліп тұр. Орталық Қазақстанның үлкенді-кішілі Нұра, Талды, Шерубай өзендерінің жағалауларынан андроновтық тайпалардың мекен тұрақтары табылды. Антропологтардың қазақтардың нəсілдік сыр-сипаты андроновтық негізінде қалыптасты деген тұжырымдары да осыны айтады», — деп қортындылады [1].

«Кең байтақ дала төскейі ашылмаған тарих құпияларына, тексерілмеген археологиялық қазба ошақтарына толы. Жердің қат-қабатында, топырақ құрамында ата-бабалар ғұмыр жолынан сыр шертер қазыналы кеніштер бар», — дейді Л.Р.Қызыласов [2].

Айтса айтқандай, біздің мемлекетіміз көне ескерткіштерге бай екенін, əлі де талай қазылмаған обалар, табылмаған қалалар бар екенін көп адамдар біле бермейді. Бұрыннан белгілі дегендердің өзін талдау жасап, олардың дүние жүзі мəдениетіндегі орнын атап көрсете алмай келеміз.

Халқымыздың ұлылығы тек санамен ғана емес, азамат ой-санасына қоскан ұлттық өнер үлгісімен есептеледі. Осы тұрғыдан алғанда ұрпағын жан-жақты тəрбиелеуге арналған қазақтың этнопедагогикасының бай мұрасын жүздеген, мындаған жылдар ақын-жыраулары, ойшылдары жасап кеткен бай ауыз əдебиетінің, ұлттық қолданбалы өнердің көркемдігі дүниежүзілік деңгейге тартса, қазақ ұлты өркениетті ұлттар қатарынан көрінері сөзсіз.

А.М.Сандере: «Өз ұлтының пайдалы салт-дəстүрін пір тұтқандар басқалардан үнемі жоғары тұрады», — дейді. Біздің ұлттық мəдениетіміз бен болмысымыздың ұлы мақсатының өзі — ұлттық салт-дəстүрмен мың жылдап қалыптасқан ұлттық өнері мен мəдениеті [3].

Əр халықтың көркемдік дамуында өзіне тəн ерекшеліктері болады. Өрнек өнерінің көп жанрлы, нақышты əрі түстерге мейілінше бай болуы қазақ халықының рухани мəдениетінің ерекше бір сипаты.

Халқымыздың ұлттық өрнек өнерін қызықтаушы көрермен қауымға аса құнды болуының өзіндік себептері бар. Қоғамдық өнердің де, жеке адамның тағдырының да алуан түрлі сырлары мен құпия қырларына терең үңілу, əлеуметтік қайшылықтар мен құбылыстарды кең қамтиды.

Халықымыздың көркем өнер мұрасынан лəззат алу — міне, мұның барлығы халық өнерінің əсерлі, кызығы мол сарқылмас ұлттық қазынасы.

Халық өнерінің жасаған бұйымдарының аса құндылығы ескіден қалған көнелігінде ғана емес, шебер де нəзік, күрделі өрнектерді қиюын келістіріп, шебер қиюластырып, өзара шешімін тауып беру арқылы ғана өз өнерінің əсерлілігін таныта алады. Сондықтан да өрнек атауының ажарлы көркі тосыннан табылған шеберлігінде, бояуы, бедерлі бейнелілігінде, ұрымтал тұсты дер кезінде дəл тауып, батыл тұжырым жасай алатындығында.

Демек, халық мұрасының бойында өткен заманның ұғымдары ғана емес, болашақтың қажетіне жарайтын эстетикалық сипаттары да жеткілікті.

Адам баласының тарихындағы ең көне өнер туындыларының ішінде өрнек өнерінің ең жоғары, сапалы оқшау түрін тарихшы-ғалымдар «скифтердің жануарлар стилі» деп атаған. Осы жан- жануарлар кейіпі (бұғы, елік, самұрық құс, барыс, қасқыр, жылқы, түйе, қой, ешкі сияқты аң-құс пен үй хайуанаттары) — оймышты əсер беретін түрлі өрнектер, жауынгерлік өмірге, салт-дəстүрге жаңа тұрмыс-тіршілікке арналған көріністер, заттар. Осылардың бəрі де оқшау сипаттағы өнер туындылары бола тұрып, бұйымдық, тұтынушылық роль атқарған. Ат əбзелдері, сауыт-сайман, ыдыс- аяқ, киім-кешек осының бəрі «скифтердің жануарлар стилі» деп аталған өнер туындыларында тұнып тұр (кестені қара).

Самұрық сұлбасы — түркілерге қытайлар арқылы жеткен өрнек. Иран жеріне кең тараған самұрық бейнесі отқа құлдықтың ең маңызды белгісіне айналған. Себебі отқа құлдықта қораз (əтеш) оттың, ал самұрық күннің белгісі (рəміз) бола-тұғын. Хұн жəне түркі дəуір қорғандарында осы ою- өрнектер жиі кездеседі [4].

«Скиф» деп көне элиндіктер Еуразияның байтақ даласындағы көшпелі ру-тайпаларды атаған. Осы уақытқа дейінгі табылған жануарлар стиліндегі сан мындаған бүйымдардың белгілі дəрежеде бітім қасиеті сараланып, жүйеге келтірілді. Алайда скиф өнерінін аса күрделі символды бітімін түсіну, сюжетті кескіндердің сырын шешу, жалпы қандай «қажеттілікпен» туғанын анықтау пəтуəлі шешімін таппай келеді. Скиф өнерімен айналысушылардың бірі: «Сонау ғажайып өрнекті бұйымдар магиялық функция атқарған, түрлі кейіптегі жан-жануарлардың күштілігі, көрегенділігі, үшқырлығы, сол мүліктің иесіне дарысын деген ниеттен туған», — дейді. Екіншілері: «Түрлі кейіптегі жан- жануарлар скифтер сыйынатын құдайлардың белгісі еді», — деген пікірді ұсынады. Ал үшіншілер:

«Жан-жануарлар скиф кейіпіндегі құдайдың өзі», — дейді. Əрине, бұл пікірлердің қайқайсына да ең алдымен жорамал түрінде ғана назар аударылған.

Жануарлық стильдің зооморфтық (пұтқа табынушылық, құдайды аң кейіпінде суреттеу) нышаны-белгілері жағымды рең алып, сақ қоғамындағы ең іргелі байлықтармен шендес жатады. Тарихи көзқарастарға жүгінсек, онда сақ мəдени мұраларының негізгі арқауы жергілікті жануарлық стиль болғандығын айқын аңғарамыз.

Жануарлық стильдің ішкі көркемдік-эстетикалық айырмашылықтарына тоқталар болсақ, ең алдымен сақтардың бейнелеу образы тұрақты, қимыл-қозғалысы динамикасы мен геометриялық кескіндеуі біршама айқын болып келеді. Егер ұлттық бейнелеу өнерін бір ауыз сөзбен сипаттау керек болса, ойымызға бірден «жануарлар стилі» («зооморфизм») сөзі оралады. Жəне бұл табиғи нəрсе. Өнер нысанасы хайуанат əлемін таңдап алған көшпенділердің экспрессивтік стилінің салтанаты кезінде, оның эстетикалық мəн-мағынасы аса биік өреге жетеді. Жабайы сымбат машығы бүкіл сахарада үстемдік құрды, ол тудырған мұратнама халқымыздың əлеуметтік, мəдени-рухани мұрасындағы, ұлттық бейнелеу өнеріндегі өрнек өнерінің ең озық үлгісі болып табылады.

 Кесте. Өрнек өнерінің көркемдік дамуы

«Хайуанат» стиліндегі өрнектердің қайнар көздері отты шығармашылық негізді дəріптейтін көшпелі өркениеттік дүниетанымда жатыр. Себебі ғасырларға ұласудан тіршілік иелері ғана осындай жолды жеңе отырып, шексіз көркемдікке ие бола алды. Сезімтал өрнек өнерінің қисыны ендігі жерде шығармашылыққа қайшы келмейді, керісінше, өрнек өнері астаса келе көркем бейнеге айналады. Басқаша айтатын болсақ, жартастағы бедерлердің экспрессиялық қоры ұқсастық өнерімен түгіседі: ал өлшемі кескіндік мүмкіндігін пайдалану үрдісі өрнек өнеріндегі «аң стилінің» көркем дамуынын қажетті кемерін ашып береді. Біз өрнек өнерін əдептеуде (стилизациялауда) осы идеяға сүйенеміз. Əр халықгың мəдениеті өз тарихында, рухани мұрасында өрнек пен оның мағынасы (семантикасы) өзара жарастықтан табылатын өрнектердің алтын ғасырынан бұлтартпай өтеді. Алайда ою түрлерінің шексіз мүмкіндіктеріне ие бола отырып, шығармашылықпен күрделенген сайын, ерте ме, кеш пе, өз мағынасын ажырытып «Қоршаған болмысты ажарлап айшықтау» «əдептеу» (стилизациялау) деп аталатын шексіз шығармашылық ойға жетелейді.

Атап айту қажет, əлем үлгісі мəдениеттің «қатардағы» элементі емес, оның құрылымы, «ұйтқысы», бұл ұйтқы анықталмай белгілі бір мəдени орталықтың болуы туралы сөз ету мүмкін емес.

Ойлау стилі əлем үлгісі арқылы бейнелеу өнерінде идеялық мазмұнға əсер етеді, белгілі қоғамның дүниетанымын қалыптастырады.

Əлем үлгісі категориясынын сақтауда біз осы ұғымды В.Н.Топоровтың түсіндіруін пайдаландық.

«Əлем үлгісі» — сол дəстүр ішінде əлем туралы жүйелі жəне операциялық аспектілерде алынған түсініктердің барлық жиынтығының қысқа жəне қарапайым белгісі» [5].

«Əлем түсіндірмесі» екі ұғымда (дүниеге көзқарас жəне əлем үлгісі) бір-бірімен сəйкес келеді. Бұл барлық əмбебап (универсал) емес, тек көркем бейнеленген элементті ғана, басқаша айтқанда, адам игерген əлем. Мəдениет иелерінің өзі əлем үлгісін салт-дəстүрде, мифтерде бейнелеу образдарында жасай отырып, қағидаға (канонға) айналдыра отырып, оны тұтас күйінде сапамен меңгере алуы мүмкін. Бірақ «үлгі үлгінің ол туралы, оның қасиеттерін қайта түзеп немесе мегзеуге қызмет ететін тұпнұсқалық үйлестік (аналог) əрқашан түсіндіру, болжау немесе эвристика құралы ретінде танымдық қызмет атқарады» [6].

Адамдардың қауымдық дəуіріндегі ұғым, сананың көрсеткіштері ғылымда күрделі терминдер түрінде сипатталады, олар: анимизм, тотемизм, антропоморфизм, мифология т.б. Адам баласының əлем туралы ежелгі түсінігінің бірі — анимизм. Табиғатты əрбір заттың жаны, рухы бар деп есептеушілік — анимизм елесі фольклор туындысында кездеседі. Табиғат пен əрекеттің магиялық сиқырлы күшіне сенушлік, солардың медетімен жауын жаудыруға, егінді бітік өсіруге, малдың төлін көбейтуге, ауру адамды сауықтыруға болады деушілік те анимизмге байланысты туады [4].

Миф барлық дүниенің алғашқы кезеңдеріндегі қалпынан жан-жақты хабардар береді, яғни миф дегеніміз əлем туралы ең бірінші концептуалды жан-жақты білім болып табылады.

Өрнек өнері — мифтің графикалық көрінісі. Сөйтіп, өрнек өнері — дүниелерді бейнелермен қабылдайтын мифті көрсететін жүйе. Ендеше, өрнек өнері мифтік белгілер жүйесі болып та саналады. Бейнелеу өнері мифтік дəуірдегі тұтастық (синкреттік) мəдени кешеннің ажырамас бөлігі ретінде кіреді [7]. Ол ғаламат көркемдік жүйелердің қалыптасу дəуірі. Ал өрнек өнеріндегі мифтік белгілердің көркем шығармашылық жайы, басқа да киелендіру əрекеті əлем жаратылысына еліктеу, сондай жолдардың бірі — айқын бейнеленген көкемдік үлгі жасау. Бейнелеу адамның мəдени, рухани тəжірибесінің ерекше түрі, осы тұрғыдан ол адам ойының сыртқы белгісінің бір деңгейі ретінде əр адамның ортамен, ғаламмен байланысының денгейі ретінде қарастырылады.

Ал, мифтік бейнелеу өз бойына көркем образдар қалпында адамдардың мінез-құлықтарының əсерін ұйытқан киелі шығармашылықтың өрісін көрсетеді.

Басқаша сөзбен айтқанда, елдің бəріне белгілі, көптің қолы жетерлік, бірақ ендігі жерде өнер тілімен жасалған (бедерленген, айшықталған) тарих (əрине, миф басқаша бейнеленетін болған). Бізге жұмбақ өрнек өнеріндегі көркем шығармашылық осылай пайда болған. Өркениетті тудырушы жəне орындаушылар ендігі жерде көпке белгілі, көптің қолы жетерлік өнерді жұмбақтап мүдделі басқалар үшін кең əрекет ететін жер (əдіс мүмкіндігінің қоры) пайда болады. Жаратушының Еркі, Суреткерлердің Еркі деп кейіптелетін субъективтік қайнар феномен осы жерде пайда болады.

Сонымен, қазақтың əлеуметтік мəдени мұрасындағы ұлттық өрнек өнерінің көркем шығармашылықпен пайымдалынуы — халқымыздың ежелгі өнері. Ал, ұлттық өрнек өнері біздер үшін көп нəрсені білу, көкейкесті мəселелерді көңілге түюге бейімділік жəне халық мұрасындағы көркем шығармашылықты пайдалануды жалғастыру. Өйткені ұлттық мұра қазынасынан рухани тəрбие, өсиет көзі ретінде ғасырлап зердесіне сіңіріп, өзінің ақыл-парасаты, иман-ғибадаты арқылы тануға тырысып, рухани мəдениетін байланыстыра түседі.

Халқымыздың ұлттық сана-сезімінің өсуі ата-бабаларымыздың бүгінде ұрпағына жеткізіп отырған, ұлттық бейнелеу өнеріндегі өрнек өнерінің үлгі өнегесін көркем шығармашылықпен байланыстыра отырып, жалғастыруды ұлттық əлеуметтік процестің басты үрдісі деп тануға болады.

Бүгінгі күнге дейінгі ғылымда, өнер зерттеу, өнертану сынында да бағасын алып болмаған бір мəселе — ұлттық ернек өнері дəстүрінің бейнелеу өнерінде стильдік, стиль қалыптастырушылық қызметтің толық қалыптаспауында. Соның өзі қазақ бейнелеу өнерін тану ғылымы мен сынында мəдени мұрамыздағы өрнек өнерінің пайымдау саласында толып жатқан соны, тың аспектілердің бар екендігін көрсетеді. Бұл пікірлер ұлттық бейнелеу өнеріндегі өрнек өнерінің өтпелі мерзімдік құбылыстар туралы емес, жалпы көркем шығармашылықтың дамуына тəн, еш əлсіреп жойылмайтын тенденция табиғатын бейнелейді.

Өрнек өнерінің көркемдігі тек қана эстетикалық мұрағат емес. Ол сонымен бірге халқымыздың белгілі бір тарихи кезеңіндегі таным-түсінігінен, өмір салтынан, сұлулық туралы түсінік- тағылымынан хабар береді. Мəдени мұрамыздағы өрнек өнеріне байланысты терминдерді жинау, зерттеу символикалық мəнін ашу көркем шығармашылықты дəстүрлі əдептеу (стилизациялау) арқылы жалғастыру жалпы ұлттық бейнелеу өнеріміздегі мəдени болмысымызды тануға үлес қосатын аса мəнді мəселе.

Алайда өрнек өнерінің көркем шығармашылығын зерттеудің жалпы принциптері мен жолдарын белгілеп, əлеуметтік дамудың заңдылығымен сабақтастыра отырып, методологияны бір деңгейде ғана түсініп келе жатырмыз. Сондықтан бізде əзірге жалпы методологиялық принциптерді баяндаған шолулар бар. Біздің мақсатымыз — оларды ажырату мен баяндау.

Қазақтың ұлттық мəдени мұрасындағы өрнек өнерінің көне дəуірі туралы проблемаға көбірек тоқталуымыздың себебі, біріншіден, бұл ғылыми мəселе негізінен шешілмеген, əлі де болса жан- жакты зерттеуді талап етеді, екіншіден, өрнек өнерінін көркем шығармашылык даму процесін көрсету болып табылады.

Көркемдік ойлаудың ұлттық ерекшеліктері негізінде қалыптасқан əр халықтың өрнек өнері — бір кезең, бір дəуір емес, ұзақ ғасырлар тудырған, ұрпақтан ұрпаққа берліп, үнемі өзгеріп, дамып отыратын рухани игілік.

Ал енді ешбір таразыға тартып салмағын, метрлеп көлемін есептеп шығаруға көнбейтін рух, діл, өнеге, имандылық, адамгершілік, шығармашылық өнер негізінде жасалған мəдени байлықтың жөні мүлде бөлек.

«Рухани тəуелсіздікке ұмтылмаған ел тəуелсіз мемлекет ретінде ұзақ өмір сүре алмайды. Ұлттық мəдениеттің тұрлаулылығының, орнықтылығының өзі сонда жатыр» [2]. Біз өзіміздің ұлттық ойлау жүйемізді, көркемдік тануымызды, мəдениетімізді барынша терең дамыта отырып, барлық салада рухани тəуелсіздікке жетуіміз керек.

Қоғамдық сананың дамуын дəуірге бөліп қарастыру ғылымда ежелден калыптасқан дəстүр.

«Дəуір дегеніміз — уақыттың белгілі бір кезеңі. Дəуір табиғатта, қоғамда, ғылымда, өнерде т.б. құбылыстарда өзіндік айырықша қасиет, сипаттармен ерекшеленеді, даму барысында жаңа санамен тұлғаланады» [8, 9]. Сондықтан да ата-бабамыздың ұрпағына жеткізіп отырған ою-өрнек өнерінің үлгілі өнегесі нағыз шығармашылықты қозғайтын ой.

Өрнектің əлеуметтік өмірдегі дүниетанымдағы, мəдениеттегі көшпелі дəстүрге тəн құбылыс. Ежелгі өрнек өнерін мейілінше рухтандырған: тіршілікті қуаныш ету, нақты дүниені ішкі сезіммен, сүйіспеншілікпен қабылдау, демек, өрнекті шынайы бейнелеу. Ең басты өрнекті əдептеу (түрлендіру) арқылы өрнек өнерінің сымбатталуы, пайымдау сыпайылығы, үлгілену биязылығы өркендеген кезге тəн құбылыс.

Халық мұрасындағы өрнек өнерінің көркемдік дамуының негізгі мақсаты — бүгінгі болмысты нақты, реалды бағалай білу жəне объективті байыптау, өнердің алуан саласындағы əрекет, т.б. уақыт пен заман талабына сай мейілінше сергек қарау сол талап үрдісінен шығатындай қаракет жасау. Халық мұрасындағы ұлттық өнер көркемдік дамудың нəтижесінде туындағандықтан, шығармашылықты ойлауды қалыптастыру қажет.

Ұлттық өрнек өнеріндегі көркем шығармашылық — əлеуметтік мəні бар кұбылыс. Өрнек өнерінің көркемдік мазмұнына назар аударып қарасақ, көркем шығармашылықты жетілдіру процесінің алғы шарты ретінде қабылдауымызға толық негіз бар.

Өрнек өнерінің асыл қасиеті сезім мен ой тұтастығында жататынын, сонымен бірге шығармашылық қуаттың құдіреті, əсіресе мазмұн мен форманың берік бірлігінен табылатынын тап басып, дəл көрсетуі.

«Іші алтын» (мазмұны), «Сырты күміс» (формасы) əсем үйлесімділік пен нағыз сымбатты өрнек деп біліп, оны терең толғам мен жүйелі пайымдайды. «Қуатты ойдан бас құрап, ерекшеленіп шығатын» мазмұны көркем шығарманың бүкіл болмысынан байқалатын ішкі салалық қасиет болса, түр (форма) — сол мазмұнды тартымды таныта алар өрнек-өнеріндегі сан-салалы амал-тəсілдер. Қысқаша айтсақ, бейне, суреттілік, жарасымды пайымдау, тағы баскаларының «қиыннан киысуынан» келіп, өрелі өрнек қалыптасады. Осы жерден өрнек элементерін жүйелеп, емін-еркін пайдалануға дейін бір-ақ қадам бар, ол «қоршаған ортаны, болмысты ажыратып айшықтау» деп аталатын тылсым көркем шығармашылықка бару ниеті де осы жерден басталады.

Қалай да болмасын ғасырлар бойы өнер тəжірибесінен өткен көркемдік құбылысын қамтамасыз ететін екі заңдылық бар.

  1. Тұрақтылықты қамтамасыз ететін байланыстар. Халықымыздың ұлттық өрнек өнерінің көркемдік дамуындағы шығармашылық түрлерімен танысу қазіргі заманғы дəстүрлі өнердің шартты формаларының калай қалыптасып, жетілгендігін түсінуге көмектеседі [10].

Сонымен бірге осы күнге дейін сақталып келген өрнек өнерінің көркемдік жағынан дамуын зерттеу оның мəнісі мен мағынасына, көркем шығармашылық қызметіне қатысты жақтарын айқындау тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

  1. Шығармашылық дамуы пайымдаушылық (композициялық) өзгерісті қамтамасыз ететін бөлшектер арасындағы қайшылықтардың болуы.

Өрнек өнерінің шығармашылық дамуы өрнектерінің жеке элементерінің барған сайын жинақтап бейнелеуге, образды — таңбамен, имитацияны символмен алмастыруға жетелейді. Өрнек өнерінде композициялық пайымдаушылықтың арнайы жүйесі болмағандықтан, өрнектердің шығармашылық ерекшеліктерін, тұтас алғанда түрлі формалардың, басымырақ дамығандығы. Бұл стильдің форма жағынан алғанда құстың тұмсығына, сондай-ақ антропоморфты образдармен көркемделген өрнек түрлері болып табылады. Композициялық өзгерістерді қамтамасыз ететін тағы бір ерекшелік — көптеген қолөнер бұйымдарындағы жануарлар пішіндері мен ирек сызық өрнектердің түрліше ойымышталып түсірілуі.

Халқымыздың ұлттық өрнек өнеріндегі көркем шығармашылықты өз ерекшеліктеріне сай осы екі зандылыққа бағына отырып, бір жағынан, халықтың этникалық тұтастығын қамтамасыз ететін құрылымдық байланыс қызметін атқарса, екінші жағынан қамтамасыз ететін көркем шығармашылық қайшылықтардың дербестігін сақтау қызметін қалыптастыру керек.

Келесі кезенде, барлық мəдениеттегідей, тұтас бейненің ыдырауы болады. Тұтас бейне бөлшекке бөлінеді — ендігі жерде бөлшек тұтастық орына жүретін болады. Қошқардың орнына — мүйізді (қошқар мүйізін), түйенің орнына өркеші — өркеш («өркеш»), құстың орнына — тұмсығы («құстұмсық»), тышқанның орнына ізі («тышқан із») т.т бейнеленетін болады.

Бүтінді бөлшекке бөлу барысында көркемдік мағынаны иеленетін үлгі əлем ретіндегі белгінің көркем шығармашылығы қалыптасты. Үнемі қайталау (осыған байланысты ыңғайлылық пен қарапайымдылық сипаттардың мəні зор) ақыл-еске қайшы келмеу принципі бойынша біртіндеп сұрыптау арқылы белгілі бір ою элементіне көркем шығармашылық дарытады. Мұны біз көркем əдептеу (стилизация) деп алдық.

Мəселен, өрнектің негізгі бейнелеу əдісі, оюды романтикалық дəріптеу (идеализациялау) мен күрделі көркем əдептеу (стилизация) болып табылады. Рас, соңғы шығармашылық əдісті біз тек өрнек өнеріне тəн деп отырмыз.

Бұл ойланатын нəрсе, өрнек дегеніміз — ең алдымен халық даналығы деген сөз. Олай болса, оның əрбір белгісі қайталанбас тұлға. Көркем жинақтау (əдептеу) ең алдымен өрнекке тəн. Онда адам баласындағы, жан-жануардағы жəне табиғи-ғажап көріністер мен қилы əрекеттер көрініс тапқан. Сөйтіп, өмірден гөрі өрнек өнерінде, ойда армандалған мінез-құлық, іс-əрекет, ғаламат жинақылық əрі зор тұлғалылық сипат береді. Мұнда, бір жағынан, іс-əрекетті жинақтау, екінші жағынан — шығармашылық ойды жинақтау бар.

Əдептеу (стилизация) — бейнелеу, ажарлау, əсерлеу, құбылту, даралау, айшықтау, жинақтау, дəлдік сияқты көркемдік құралдарды стильді айқындап беретін бірден-бір өлшем [11].

Сонымен стиль санасы туралы, бұған көркемдік, қуат, əсерлі, асқақтық, тереңдік, сұлулық, қимыл-əрекет, қозғалыс тəрізді сипат белгілерді қосуға болады.

Ал, өрнек өнеріндегі əдептеу дегеніміз — өнер адамының өзі қарапайым өрнектен бастап, əр бөлігін көркемдікпен зер сала үңіліп, өз қиялының елегінен өткізіп, өзгеше бір жаңа өрнек шығаруға тырысатын шығармашылық процесс (сур. мысал ретінде берілген ешкінің стилизациялану түрлерін қараңыз).

 Сур. Жануардың стилизациялану түрлері

Əр өнер адамының қолынан шыққан осындай шығармашылықтың жемісі, алуан түрлі өрнек өнерінің өрісін кеңейте бермек. Тек халық мұрасындағы ұлттық өнердің шығармашылығын, өміршендігін шын мəнінде ой өрісіміздің айдыны, ұлағаты мол мəдени мұрамыз деп түсіну қажет.

Сондықтан біз өрнектердің көркем шығармашылығын əдептеу (стилизация) деп алудың өзі күрделі жəне маңызды нəрсе. Мұнда əдептеуді өрнектің образды бейнеленуінің, шығармашылық процестің эмоционалды мазмұндық жəне айқындаушы құрал-тəсілдері деп есептеуіміз керек. Мазмұн көрерменге тікелей айтылмайды. Ол астарлы тылсым дүние. Оны əркім өмір тəжірибесіне, білім жетістігіне, мəдени деңгейіне, өрнектің мазмұнына байланысты əр түрлі ұғылуы мүмкін. Себебі көркем образда əдептелінген өрнек тек ғана рационалды тұжырымнан тұрмайды, онда иррационалды, немесе интуитивті, ой-сана да басты роль атқарады. Сондықтан болашақ маман дайындығы неғұрлым жоғары болса, өрнектердің образы əдептелінуі (стилизациялануы) соғұрлым мазмұн терендігі айқынрақ ашылады. Өрнек өнеріндегі көркем шығармашылыққа тəн сипаттардың бірі — өрнек элементерінің түрлі əдептелінуі барысында өрнектің өзгеше бір образы шынайы түрде, нанымды бейнеленуі.

Міне, өрнек өнеріндегі əдептеу (стилизация) құбылысы өрнек өнерінің көркем өнер шығармашылық заңдылығы екенін осыдан-ақ көруге болады.

Өрнек өнерінің сансыз түрлілігі жайында қалыптасқан жалпыға ортак пікірлер аз емес. Өрнек өнерінің не екенін жұрттың барлығы да біледі, бірақ өрнек қалай қалыптасады, өрнектерді арнайы тақырыптарға көркем шығармашылықпен қалай əдептеуді (стилизациялауды) біле бермейді. Бұл мəселе жайлы осы уақытқа дейін ортақ пікір қалыптаспаған.

Біз өрнек өнеріндегі көркемдік мазмұнды қарастырғанымызда өрнек қалай бейнеленген деген ой басым да, оны жасаған шебер қалай жасады деген мəселе жайында ой қозғай алмаймыз. Өрнек өнеріндегі көркемдік тану деген сөз — өрнек көркемдік ой жүйесіне, бейнелі образдың құрылымына бару деген сөз. Ал образ характерін түсінбеген өнер иесі өрнек өнерінің көркем шығармашылық мəнін түсінбейді.

Демек, өрнек өнеріндегі көркем шығармашылықта сюжет, композиция, образды, ойды білдіру, оны талдауға үйрету, жаттықтыру дегеніміз өрнек өнеріндегі көркемдік образ сынына бойлау, оның өзіндік ерекшелігін танып-білу болып табылады.

Өрнек өнеріндегі көркемдік дегенді өрнектің бүкіл компоненттерінің бірлігінен, үйлесуінен іздеуміз керек. Өрнек өнеріндегі көркем шығармашылықтың идеялық-эстетикалық мəні өрнектің жалпы құрылымындағы, тұтас көркем компоненттерінен тұрады. Жасыратыны жоқ, көркемдік компоненттердегі шығармашылық пен технология бірлігі көпшілік жағдайда ескеріле бермейді.

Яғни, біздің мақсатымыз — өрнектің көркем шығармашылығын əдептелуін (стилизациялануын) елдің бəріне таныс көркем шығармашылықтың түсінікті тіліне айналдыру. О.Шпенглер өрнекпен арнайы айналыспаса да, өрнек пен көркем сурет арасын анық ажыратып кетті: «Өрнек — мəнді, еліктеу — керемет!», — деген еді [12]. Бұл нағыз шындық. Себебі өрнектің мағынасы оның прототипке ұқсастығында емес, оны құрған бөлшектердің арасындағы қатынас жүйесінде жатыр.

Осыны белгілегеннен кейін, біз өз жорамалымызды тексеріп, олардың дұрыстығына көзімізді жеткізе аламыз.

Ықшамды, əрі жинақы ырғағы, түсі жөнінен əсем де үйлесімді, сансыз түстердегі алуан өрнектер əлемі — қазақтың халық өнеріне тəн ерекше ұлттық қасиет. Өрнектер əлемінде халықтың дүние танымы, өзін қоршаған орта жəне сұлулық туралы түсінігі терең бейнеленген.

Сондықтан біз халқымыздың мəдени мұрасындағы ұлттық өнердің танымдық-эстетикалық дамуын үлкен парасаттылық, жоғары кемелдік биігінен көруге тиіспіз. Сонымен, біздің пікірімізше, халқымыздың өрнек өнері мұрасын зерттеуде дерек ретінде пайдалануға бола ма, болса, қалай пайдаланамыз деген мəселелерді алдымызға қояды. Бұған біз дерек ретінде пайдалануға толық болады деп айтар едік. Бұл деректердің басқа деректермен бір ғана айырмашылығы бар: оларды халықтың өзі қалдырғандығында.

Нəтижесінде ұлттық өрнек өнерінің тарихи дамуындағы жалпылық, ерекшелік жəне даралану диалектикасын ұлттық өрнектің өзекті мəселелерін зерттегенде көзден таса етпей шығармашылықтың бірден-бір сұранысы деп қарауға болады.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Ақышев Қ. Археологиялық аса бағалы ескерткіштер. Ежелгі мəдениет куəлері. — Алматы, 1966. — 57-б.
  2. Кызыласов Л.Р. История Южной Сибири (средние века) — М.: Наука,
  3. Бернштам А.Н. Изображение согдийца. Крат. сообщ. и полевых иссл. Ин-та ист. материальной культуры // Материалы и исследования по археологии. — № 26. — С.
  4. Бердібаев Р. Сарқылмас қазына. — Алматы: Мектеп,
  5. Топоров В.Н. Первобытное представление о мире (общий взгляд) // Очерки по истории естественнонаучных знаний в древности. — М., 1982. — С.
  6. Каган М.С. Эстетика как философская наука: Университетский курс лекций. — СПб.: Петрополис, 1997. — С.
  7. Қасқабасов С. Миф пен əпсананың тарихилығы // Қазақ фольклорының тарихылығы. — Алматы: Ғылым, 1993. — 82-б.
  8. Назарбаев Н.Ə. Қазақстанның болашағы — идеялық бірлігінде. — Алматы: «Кітап» ӨБ, 1993. — 32-б.
  9. Агапов П., Кыдырбаев М. Сокровища древнего Казахстана. — Алма-Ата: Жалын, 1979. — 252 с.
  10. Мириманов В. Алғашқы қауымдық жəне дəстүрлі өнер. — Алматы: Өнер, 1989. — 244-б.
  11. Балкенов Ж. Əдептеу (стилизация): Ғылыми-əдістемелік монография. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 1998. — 172-б.
  12. Шпинглер О. Закат Европы. — М., 1993. — 633 с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.