Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кəсіби оқыту бакалаврын кəсіби-технологиялық даярлау — Педагогикалық проблема

Бүгiнгi əлемдегi бiлiм берудiң ерекше рөлi, оның адам əрекетiнiң маңызды саласына айналуы оны болашақ мамандарды даярлауда басым бағыттағы мəселенiң бiрi етiп отыр. Дегенмен, болашақ маманның кəсiптiк-ақпараттық даярлығын сол маманның бəсекеге төтеп беру қабiлетiн қалыптастыруға əсерi əлi де болса аз зерттелiп отырғаны байқалады. Елiмiздегi демократиялық өзгерiстер қоғамдық өмiрдiң əр түрлi қырларын, оның əлеуметтiк институттарын бiрi болып табылатын жоғары бiлiм жүйесiн қайта құрудың тиiмдi жолдарын iздестiрудi туындатқаны бəрiмiзге ақиқат. Қазақстанның жоғары мектебi өз дамуында еңбек нарқының өзгерiстерiне сəйкес келетiн мамандарды сапалы даярлауға қарқынды бет бұруда.

Бiрақ осы маңызды ғылыми жəне практикалық мiндеттi шешу барысында жоғары мектепте бірқатар қайшылықтар кездесуде.

Қазiргi уақытта жоғары мектептiң маңызды мiндеттерiнiң бiрi — бiлiктi, бəсекеге қабiлеттi маман даярлау.

Мамандарды кəсіби даярлау жүйесінің алдына қазіргі таңда қандай мақсат қойылып, қандай міндеттер жүктеліп отыр? Жалпы кəсіби білім беру жүйесінің құрылымы қандай? Осы жəне басқа да сұрақтарға жауап алу үшін еліміздің білім беру саласының негізін құрайтын құжаттарға талдау жасайық.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «жоғары білімді жалпы орта немесе техникалық жəне кəсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар азаматтар алатыны» көрсетілген [1]. Жоғары білім берудің кəсіптік оқу бағдарламалары негізгі түрлері: университет, академия, институт жəне оларға теңестірілгендер (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище) болып табылатын жоғары оқу орындарында іске асырылады.

Жоғары білім берудің кəсіптік оқу бағдарламаларын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан табысты өткен білім алушыға біліктілік жəне (немесе) «бакалавр» академиялық дəрежесі беріледі.

Жоғары білім берудің кəсіптік оқу бағдарламалары біліктілікті жəне (немесе) «бакалавр» академиялық дəрежесін бере отырып, мамандар даярлауға, олардың кəсіптік даярлығының деңгейін дəйектілікпен арттыруға бағытталған.

Жоғары білім берудің кəсіптік оқу бағдарламасы бойынша оқуды аяқтап, «бакалавр» академиялық дəрежесі берілген адамдар біліктілік талаптары жоғары білімі болуды көздейтін лауазымдарды атқара алады.

Жоғары білім берудің кəсіптік оқу бағдарламаларын игеру мерзімі мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартымен айқындалады жəне кемінде 4 жыл болуға тиіс.

Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «білім беру саласының басты міндеті — 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту» екендігі айтылады [2]. Ол бойынша білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың кейбір принциптері болып мыналар табылады:

  • білім берудің зайырлы, гуманистік жəне дамытушылық сипаты, азаматтық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы;
  • адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;
  • білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;
  • оқыту мен тəрбиенің бірлігі;
  • білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі қызметінің ашықтығы;
  • білім беру ұйымдарының меншік нысандары, оқыту мен тəрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы.

Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру жүйесінің төмендегі міндеттері көрсетілген:

  • ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға жəне кəсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
  • жеке адамның шығармашылық, рухани жəне күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;
  • азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны — Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рəміздерді құрметтеуге, халық дəстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы жəне қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тəрбиелеу;
  • белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тəрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық жəне мəдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
  • оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кəсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу жəне тиімді пайдалану;
  • жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың жəне еңбек нарығының қажеттері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін жəне əркімге өзінің білімге негізделген жеке əлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін өмір бойы дамыту;
  • білім алушылардың кəсіптік бағдарлануын қамтамасыз ету [2].

Міне, осы міндеттерді шешу еліміздің білім беру жүйесінің əлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірілуіне жағдай жасайды. Екінші жағынан, мамандар даярлау сапасы артып, республика өмірінің түрлі салаларының қажеттілігі орындалады. Бұл жағдай құқық қорғау қызметкерлерін даярлауға да қатысты.

Қазірдің өзінде-ақ аталған бағдарлама өз жемісін бере бастады, ол бойынша білім беру жүйесін реформалау өз жалғасын табуда. Мысалы, мамандар даярлау саласын қарастыратын болсақ, оқу процесiн ұйымдастырудың дəстүрлi жүйесiнiң орнына оқытудың кредиттiк жүйесi енгiзiлдi, ол білім алушылардың өз бетiнше белсендi жұмыс iстеуiн ынталандырады, жеке бiлiм бағытын таңдаудың болуын, ұтқырлығын, бакалаврлардың, магистранттардың жəне докторанттардың академиялық еркіндiгінiң үлкен дəрежесiн қамтамасыз етедi, бiлiм туралы құжаттардың əлемдiк бiлім беру кеңiстігінде танылуына əсер етедi.

Бакалавриаттың алғашқы екi курсында жалпы бiлiм беру пəндері циклының мазмұны мейлiнше бiрiздендiрiледi, ал бакалавриаттың келесi курстарында даярлық базалық пəндер бойынша жүзеге асырылатын болады. Жоғары оқу орнының құрамдас бөлігі шеңберiнде бейiндi даярлық iске асырылатын болады.

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген жəне іске қосылған 050120 — Кəсіптік білім мамандығының жалпыға міндетті білім беру стандартында (ҚР МЖМБС 3.08.270 — 2006) [3] көрсетілгендей, 050120 — Кəсіптік білім мамандығы бойынша бакалавриат мамандығын бітірушілерге мамандануына байланысты біліктілік беріледі (жалпытехникалық пəндердің арнайы технологиясы оқытушысы, еңбек технологиясы жəне кəсіпкерлік мұғалімі, кəсіби оқыту ұстазы (сала бойынша), кəсіптік оқыту менеджер-ұстазы). Олардың кəсіби қызмет объектісі оқу-өндірістік комбинаттар (бірлестіктер), оқу-курстық желілер, тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз ететін қызметтің жұмысшылар мен мамандарды даярлау, қайта даярлау жəне біліктілігін жетілдіру орталықтары, кəсіби-техникалық мектептер, училищелер, орта арнайы оқу орындары, колледждер, жоғары оқу орындары, конструкторлық бюролар, зауыт лабораториялары, ғылыми-зерттеу мекемелері, конструкторлық жəне жобалау ұйымдары болып табылады. Осы стандартта сонымен бірге бакалаврдың төмендегідей кəсіби қызмет функциялары көрсетіледі: тəрбиелік, білім беру, ұйымдастырушылық, конструктивті, коммуникативті, ақпараттық, дамытушылық, бағдарлы, жұмылдыру, ізденушілік, өндірістік-технологиялық, жобалау, болжамдау, шығармашылық, кəсіпкерлік, дизайнерлік.

050120 — Кəсіптік білім бакалавры қызметінің типтік міндеттеріне нақты үлгі болатын жəне үлгі емес мəселелері, мектеп мұғалімі жəне оқытушылар, оқу-өндірістік комбинат шеберлері, ата- аналар, өндіріс басшылары жəне өкілдерінің ұжымдық қызметімен байланысты туындайтын оқушыларды еңбекке баулу, өндірістік оқыту, тəрбиелеу мен кəсіби даярлауды ұйымдастырудағы мəселелерді шешу, өзінің кəсіби біліктілігі деңгейін көтеруге жəне жетілдіруге байланысты міндеттерді орындау т.б. жатады. Осылардың ішінде əсіресе мектеп, лицей, гимназия, оқу-өндірістік комбинаттар (бірлестіктер), мектептен тыс мекемелерде еңбек технологиясы мен кəсіпке оқытуда оқушыларды тəрбиелеу жəне кəсіпке даярлау ерекше аталады. Бұл мамандарды кəсіби даярлау барысында олардың технологиялық даярлығын жетілдіруді қамтамасыз етуді қажетсінеді.

Сонымен, жоғарыда аталған мамандарды технологиялық даярлығын жетілдіру нені есепке ала отырып жүргізілуі керек жəне ол (маман) қандай құзыреттіліктерге ие болуы қажет? Бұл сұраққа жан- жақты жауап алу үшін ең алдымен «кəсіби дайындық», «технологиялық даярлық» ұғымдарының мəнін ашуға тиіспіз.

Педагогикалық əдебиеттерде «кəсіби дайындық» термині мен «кəсіби даярлау» ұғымына өзара ұқсас анықтамалар беріліп, көп жағдайда олар бір-бірімен сəйкестендіріледі. Негізгі мағынасы «ұйымдастыру, керек нəрсеге үйрету, қажет білімдерді беру» дегенге саяды.

Кəсіби іс-əрекетке дайындық мəселесін психологиялық тұрғыдан Л.С.Выготский, Д.Н.Узнадзелер [4, 5] жан-жақты қарастырды. Мұғалімді кəсіби іс-əрекетке даярлау мəселесі туралы алғашқылардың бірі болып К.Д.Ушинский өзіндік ойларын айтты [6]. Бұдан бөлек, кəсіби іс-əрекетке дайындық, оның құрылымы туралы Б.Г.Ананьев, Л.И.Божович, Н.В.Кузьмина, тағы басқалар зерттеулер жүргізді [7–9]. Н.В.Кузьмина [9] «кəсіби даярлық» терминін іс-əрекет құрылымы тұрғысынан қарастырды.

«Технология» ұғымы техникалық прогреспен байланысты. Сөздіктерде «технологияға» (гректің techne — өнер, шеберлік жəне logos — ілім) «шикізатты, материалдарды алу, өңдеу жəне қайта жасау тəсілдерінің жиынтығы» деген анықтама берілген [10].

Қазіргі күні республикамыздың білім беру жүйесінде түбірлі өзгерістер жүргізілуде. Білім жүйесінде бірнеше нормативті-құқықтық құжаттар қабылданып, қоғамдық қарым-қатынастарды демократияландыру бағытына едəуір қадам жасалды. Сонымен қатар біздің республикамыз студенттеріміздің əлемдік еңбек нарығында бəсекелестікке қабілетті маман болуына мүмкіндік беретін жаңа технологияларды іздестіруде. Бұл тенденциялардың орындалуы жоғарғы білімнің де, сондай-ақ республикамыздың да даму бағыттарымен анықталатын болмақ.

Болашақ педагогтар болсын, орта немесе кəсіптік мектеп мұғалімдері болсын қазіргі заман педагогикалық технологияларының пайдалану принциптерін, əдіс-тəсілдерін жетік білулері тиіс.

«Технология» ұғымы соңғы кездері педагогикалық əдебиеттегі ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. «Технология» ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы сан алуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тəрбие технологиясы т.б. Бұл технологиялардың қайсы түрі болмасын анықтаманы қажет етеді.

Бұл сұраққа нақты жауап беру үшін педагогикалық технологияға берілген бірнеше анықтамаларды қарастырып көрелік.

Технология дегеніміз — белігілі бір процестерді жүзеге асыру əдістері жайындағы білімдердің жиынтығы; оқу процесін жандандыру мақсатында ұйымдастырылған, белігілі бір мақсатқа жұмылдырылған, алдын ала ойластырылған ықпал мен əсер; оқу процесін ойдағыдай жүзеге асырудың мазмұнды техникасы; білім алудың жоспарланған нəтижеге жету процесінің сипаттамасы; тəжірибе жүзінде орындалатын белігілі бір педагогикалық жүйенің жобасы.

Педагогикалық технология дегеніміз — бүкіл оқу процесін бағалаудың жүйелі əдісі жəне білімді адамдық жəне техникалық ресурстарды ескере отырып игеру жəне білім берудің ең тиімді əдістеріне жету мақсатындағы олардың өзара ынтымақтастығы.

Бүгінде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, əлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру саласында оқытудың технологиясын меңгермейінше сауатты маман болу мүмкін емес.

Техника мен технология — бір объектіге байланысты ұғымдар. Технологиялық процесс қажет құралдар мен жағдайларды пайдаланып, белгілі операциялардың тізбегінен тұрады. Технологияның маңызды белгілеріне процесті стандарттау, унификациялау жəне белгілі бір шарттарда оны құрастыру жатады.

Техникалық білім мен біліктілікке баулитын кəсіби оқыту мамандықтары бойынша жұмыс істейтін мамандарды даярлауда қолданылатын техникалық құрал бірдей болғанымен, технологиялар мен оқу-бағдарламалық жүйеде өзгешеліктер бар екені анық. Ол ҚР Жалпыға міндетті білім беру стандарттарының құрылуынан, кəсіби оқыту педагогтарын даярлаудың теориялық-əдістемелік негіздерінен, технологиялар негізінде жасалынған оқу-əдістемелік кешендердің мазмұнынан байқалады [11].

Отандық жəне шетелдік білім беру мəселесіне қатысты ғылыми-педагогикалық əдебиеттерге жасалынған талдау педагогиканың технологиялық саласы — жалпы білім берудің құрамдас бөлігі, кəсіби білім беру құрылымының маңызды компоненті, негізгі элементі, өзгермелі жағдайда білім беру жүйесін реформалаудың жəне бейімдеудің қажетті құралы екендігін бөліп көрсетеді.

Білім беру саласында технологиялық қатынас жаңалық емес. Технологиялық қатынас адам мен техника арасындағы байланысты көрсете отырып, жалпы өндірістік қатынастың бір жағын ғана айқындайды. Бұл қатынас ең алдымен өндіргіш күштердің заттық элементінің өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Демек, технологиялық қатынас ғылыми-техникалық прогрестің мазмұнымен жəне өндірістің қарқындылығымен байланысты [11].

Сонда маманды кəсіби-технологиялық даярлаудың аясына оны өзінің кəсіптік міндеттерді жүзеге асыруға байланысты даярлау іс-əрекетіне үйрету, соған қажет білімдерді меңгеру жататынын көруге болады.

Сонымен, қорыта келе, кəсіби оқыту бакалаврын кəсіби-технологиялық даярлаудың шешуін күтіп тұрған маңызды педагогикалық проблема екендігін байқаймыз.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Егемен Қазақстан. — 2007. — 15 тамыз. — 3–4-б.
  2. Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы //Егемен Қазақстан. — 2004. — 16 қазан.
  3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. 050303 — Мамандығы — Құқық қорғау қызметі: Ресми бас. — Астана,
  4. Узнадзе Д.Н. Психологические исследования. — М.: Просвещение, 1966. — 450 с.
  5. Выготский Л. Педагогическая психология / Под ред. В.В.Давыдова. — М.: Педагогика, 1991. — 479 с.
  6. Ушинский К.Д. О пользе педагогической литературы // Избранные педагогические сочинения: В 2 т. — М.: Педагогика, 1974. — Т.
  7. Ананьев Б.Г. Человек как предмет познания. — М.: Педагогика, 1980. — 230 с.
  8. Божович Л.И. Личность и её формирование. — М.: Просвещение, 1968. — 447 с.
  9. Кузьмина Н.В. Методы исследования педагогической деятельности. — М.: Педагогика,
  10. Словарь иностранных слов. — 18-е изд. — М.: Русский язык,
  11. Əбілқасымова Г. Болашақ кəсіби оқыту педагогының инновациялық-технологиялық даярлығын жетілдіру: Пед. ғыл. канд. дис. — Қарағанды,

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.