Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қоғамдық қатынастар жəне заман талабына сай мамандардың іскерлік қабілеттерін қалыптастыру

XXІ ғасырдың табалдырығын білім мен ғылым дамуын саралаумен аттауымыз үлкен үміт туғызады. Ұрпағы білімді халықтың, болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа сапалы білім беру іскерлік қасиеттер мен қабілеттерді жетілдіру — бүгінгі күннің басты талабы.

Ел Президентінің «Қазақстан–2030» стратегиясының бағдарламасында барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі жəне əл-ауқатының артуы, елдің денсаулығын жақсартумен бірге жас ұрпаққа білім мен тəрбие беру мəселесі атап көрсетілгендей, тəуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, өз кəсібін терең түсінетін, білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін мамандар қажет. Осы айтылған міндеттер мамандар дайындайтын жоғары оқу орындарының алдында тұрған негізгі мəселелер [1].

Оқытудың қазіргі заманғы тенденциялары жоғары білікті мамандарды даярлаудың жаңартылған сапалы өзгерістерін талап етеді. Осы орайда жастарға білімнің сапасын арттыру мақсатында əр түрлі бағытта жəне жаңа əдістерді пайдалана отырып, білім беру үлкен маңызға ие [2].

Қазіргі білім беру жүйесін қоғамның даму мақсатына сай дүниеге этикалық жауапкершілікпен қарайтын, шығармашылықты ойлауға дүниетанымдық мəдениеті жетілдірілген, адамгершілігі мол жəне білікті мамандардың жаңа ұрпақтарын қалыптастыруға бағыттау керек. Сонымен қатар өндірістің əр саласында ішкі жəне сыртқы нарықтық қатынастарды тез игеріп, икемделетін мамандарды əр түрлі сипаттағы кəсіби, қоғамдық, саяси-əлеуметтік, мəдени қызметкер етіп даярлау бүгінгі таңда басты міндеттің бірі болып қала бермек.

Жалпы оқу орындарында оқыту мен тəрбиелеу үрдістерін бір-бірімен байланыстыра отырып, жастардың бойындағы ғылыми дүниетанымын, адамгершілік, саяси сапаларын, еңбексүйгіштік пен еңбекке қабілеттігін, ал осыларға байланысты маманға тəн кəсіби іскерлік қасиеттер мен қабілеттерін қалыптастыру қажет. Сонымен қатар мұндай қасиеттер мен қабілеттерді қалыптастыру қоғамдағы қатынастар жəне жаңа заман талабына сəйкес болуын талап етеді, ал бұл əрбір оқытушының, педагогтың негізгі өзекті мəселесі.

Болашақ мамандарды кəсіби даярлаудың маңыздылығы маманның жеке тұлғасы мен қызметіне деген осы заманғы талаптарымен сипатталады. Мұның өзі оқу орнының педагогикалық үрдісінде жалпы жəне кəсіби мəдениетті, қарым-қатынас жасау мен өзін ұстай білу мəдениеті ұдайы көтеретіндей бағыт бағдар беру қажеттігін туғызады [2].

Қоғамдағы өндіріс күштерінің дамуы қазіргі уақытта техниканы басқарушы маман иелеріне көңіл бөлуімен сипатталады. Сонымен қатар оларды оқытатын педагогтарға да ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да маманның бойындағы кəсіби іскерлік қасиеттер мен қабілеттердің үйлесімді болып дамуы жəне оның жоғары дəрежеде болу деңгейі сияқты мəселелер адам өмірінің əрбір кезеңіндегі аса қажетті маңыздылардың бірі болып табылады.

Жеке тұлғаның бойындағы психикалық қасиеттердің қосарлануы жəне оларды маманның талаптарымен салыстыру өте күрделі болып келеді. С.И.Ожеговтың сөздігін қарастырсақ, адамның жеке тұлғалық қасиеттерін бейнелейтін 1500-ға жуық сөз бар екені анықталды [3]. Бірақ олардың барлығы жеке тұлғалық ерекшеліктер емес, яғни олардың кейбіреулерін бір сөзбен анықтауға болады. Мысалы, психологтар берілген сөздер мен түсініктерді қолдануда жеңіл болу жолдарын тапты, олар жеке тұлғалық қасиеттердің барлығын белгілі бір топтарға бөліп қарастырады: қабілеттер, қасиеттер, қызығушылықтар, темперамент жəне т.б.

Егер де адам бойында белгілі бір іске деген қабілеті болса, онда ол соған қатысты білім мен іскерлікті тез меңгереді, қабылдайды, сонымен қатар өз жұмысында көрнекті жетістіктер мен табыстарға жетеді. Сонымен, адамның білімін терең білуі мен іскерлік, дағдының қалыптасуы нəтижесінде адамның қабілеттері жайлы жорамалдауға болады. Ал егер керісінше болса, яғни білімі, іскерлігі, дағдысы жоқ болса, онда оның бойындағы қабілеттерді сынай алмаймыз. Мұндағы біздің ойымыз, білім, арнайы іскерлік пен дағдының кəсіби дайындық процесі барысында маманға қажетті ерекше өлшеу аспабы болып табылады. Солардың нəтижесінде маманның бойындағы кəсіби маңызды қасиеттер мен іскерлік қабілеттердің қалыптасуын анықтауға болады. Кəсіби маңызды қасиеттер мен іскерлік қабілеттер кез келген маман иесіне қажетті, əсіресе педагог кадрларына қатысты. Мұндай қасиеттердің адам бойында дамуына байланысты, маманның кəсіби деңгейі жəне оның кəсіби шеберлігі арта түседі [4].

Жалпы педагог мамандығына қатысты кəсіби аса маңызды қасиеттер мен іскерлік қабілеттердің мазмұнын тереңірек түсіну үшін, негізгі сөздер мен оның түпнегізін анықтайтын түсініктерге тоқталып өткен жөн.

Педагог бұл кəсіби-педагогикалық іс-əрекеттің субъектісі; оқушыларды кəсіби тəрбиелеу аумағын өз бетінше таңдап, оқушылардың бақыты үшін тəрбие процесін жүзеге асырушы; өзінің кəсіби еңбегінің əлеуметтік-тарихи мағынасын жоғары, саналы бағалап, кəсіби шеберлігін əрі қарай дамытушы; саналы түрде адамгершілік бағытын тəрбиелеу процесінде жүзеге асырушы маман иесі. Жалпы «педагог» деген түсінік болашақ жас ұрпақты тəрбиелеудегі кəсіби іс-əрекет ролі ретінде мəдениеттілік жəне адамгершілік сияқты көріністерінен құралған, белгілі бір мазмұнмен толықтырылады. Бүгінгі педагог міндетті түрде гуманитарлық педагогиканы меңгеріп, жастарды тəрбиелеуде жəне олармен қарым-қатынас жасауда іс-əрекет барысында гуманистік тұжырымдама идеяларын жүзеге асыруға тиіс [2].

Қасиет — белгілі бір заттың басқа заттардан айырмашылығы мен ұқсастығын қамтамасыз ететін жəне оны анықтайтын философиялық категория. Қасиет кейбір кезде сыртқы сапаны анықтау ретінде де қарастырылады. Қасиеттер жиынтығының нəтижесінде кəсіби дайындалу процесінде кəсіби маңызды қасиеттер мен іскерлік қабілеттер құралады.

Қабілет — белгілі бір іс-əрекеттің түрін табысты жүзеге асырудағы субъективті шарты болып табылатын жеке психологиялық ерекшеліктері. Олар белгілі бір іс-əрекеттің əдіс-тəсілдерін меңгеру тереңдігінде, тездігінде, беріктігінде байқалады. Қабілет іс-əрекеттің əр қилы түрлерін, орындау табыстылығын анықтайтын адамның жеке ерекшеліктері жəне білім, іскерлік пен дағдының қалыптасуы қабілетке байланысты болады. Қабілет талаптың негізінде іске асады.

Талап — қабілеттің дамуы негізінде жатқан адамның анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Қабілетті жеке психикалық функцияларды жүзеге асыратын, функцияналдық жүйенің қасиеті ретінде анықтауға болады.

Жалпы қабілет деп адамның іс-əрекетке дайындығын анықтайтын, адамның психодинамикалық (тұқым қуалаған) потенциалды сипаттамасының жиынтығын айтамыз. Адамның жалпы қабілеті оның жалпы жұмысқа қабілеттілігінде көрінеді жəне тікелей немесе жанама белсенділігінде байқалады.

Жеке тұлғаның бағыттылығы жеке тұлғаның жүйені құрайтын қасиеттерінің бірі, басқаша айтқанда, жеке тұлғаның даму тенденциясының ерекше түрі. Бағыттылық адамның психологиялық бейнесін анықтайды, яғни жеке тұлғаның орындайтын іс-əрекет мақсатына қарым-қатынасының мақсаты [4].

Кəсіби іскерлік қасиеттер — бұл кəсіби іс-əрекетті ойдағыдай табысты етіп орындау мүмкіндігін тудыратын, жеке тұлғаның қасиеттер жүйесі. Кəсіби іскерлік қасиеттердің тəрбиелеу функциясы педагогтан аса маңызды қасиеттердің кешенін жүзеге асыруды талап етеді, яғни оларға мынадай қасиеттер жатады: міндет, немесе борыш, азаматтық, ұжымдық, жауапкершілік, əлеуметтік оптимизм жəне т.б.

Кəсіби жеке тұлғалық қасиеттер — бұл педагог бойындағы қасиеттер, олар кəсіби іс-əрекеттің қорытындысына əсер ететін, əлеуметтік-психологиялық білімнің жиынтығы болып табылатын жоғары құндылықтарды адамның мойындауы. Оның негізгі түсінігі ретінде педагогтың балаға деген қарым- қатынасы қолданылады, яғни ол балаға болашақ маман иесі ретінде қарау дегенді білдіреді [5].

Адамның қабілетін оның істеген іс-əрекеті бойынша талдайды. Мұндағы маңыздысы іс-əрекетте қабілеттер тек қана байқалып қоймайды, сонымен қатар онда дамиды. Осыған байланысты бейімділік пен қабілеттік арасындағы қарым-қатынас туралы сұрақ шешіледі. Бейімділік адамның бойындағы жасырынған қасиеттерді жандандыруға, оның қабілеттерін айқындауға, қалыптастыруға көмектеседі, сонымен бірге белгілі мөлшерде оның кəсіби бағыттылығын анықтайды.

Қазіргі кездің шарттарына байланысты шығармашылық еңбекке жəне еңбек іс-əрекетінің табысты болуы үшін кəсіби іскерлік қасиеттердің қалыптасуына жоғары талаптар қойылады. Осыған байланысты нарықтық экономиканың талаптарына сай, педагог арнайы білім жəне іскерлікпен қатар, жоғары деңгейде қалыптасқан кəсіби қасиеттер мен іскерлік қабілеттерді меңгеруі тиіс [6].

Кəсіби іскерлік қасиеттер мен қабілеттердің қалыптасуына тоқталамыз. Кəсіби іскерлік қасиеттер түсінігімен оқыту-өндірістік іс-əрекетін жүзеге асыру бойынша жеке тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыру компоненттерінің жиынтығы түсіндіріледі. Кəсіби іскерлік қасиеттер кешенінің ерекшеліктерін кез келген кəсіби іс-əрекет үшін өте маңызды болып алға шығатын жеке тұлғалық қасиеттер деп те атауға болады. Бұл ең алдымен жауапкершілік, кəсіби жағынан өзін-өзі бағалауы, сонымен қатар сезім əрекетінің тұрақтылығы, тынышсыздық, қауіп-қатерге қарым-қатынасы. Темпераменттің кейбір қасиеттері кəсіби іс-əрекеттің көптеген түрлерінде маңызды орын алады [5].

Алайда маманның кəсіби еңбегіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру тікелей адамның өз-өзіне жəне таңдап алған мамандығына деген қарым-қатынасымен байланысты. Егерде ұйымдастырылған еңбек барысында жақсы қасиеттерге иеленген жеке тұлға еңбек субъектісі ретінде алға шықса, онда ол еңбек нəтижелілігін жəне оның қорытындысының жоғары болуын талап етеді. Жеке тұлғаның құндылығы, яғни оның жақсы қасиеттерге ие болуы, педагогтың кəсіби шығармашылыққа жолын ашады, өз күшінде сенімділік тудырады, өзінің кəсіби біліктілігінің маңызын мойындауға жəне өмірінің негізгі саласы болған жастарды тəрбиелеу жұмысына сыйластықпен қарауға мүмкіндік береді.

Егер педагог жеке тұлғаның құндылықтарын жоғары бағаласа, онда ол шығармашылық іс- əрекеті онсыз жүзеге аспайтын, яғни ол — басқа педагогтармен қарым-қатынасы, олармен тығыз байланысын саналы түрде түсінеді. Өзінің əріптестеріне деген қарым-қатынасы кəсіби ынтымақтастығы педагогтың кəсіби еңбегіндегі өте маңызды, аса қажетті шарттардың бірі болып саналады, ол басқа педагогтармен тығыз байланыста болмаса, онда оның түпкі ойы, ниеті жүзеге аспайды деуге болады.

Осыларға байланысты тағы бір тығыз байланыстың бірі — əлеуметтік тəртіпте байқалады. Педагогтың іс-əрекеті — қоғам өмірінен ажырамайтын бір бөлігі, ал баланың қоғамда толық құқылы мүшесі ретінде өмір сүруі — аса қажетті тəрбие міндеттерінің бірі. Сондықтан да педагог өміріндегі аса маңызды компоненттердің бірі — оның қоғамға деген қарым-қатынасы. Себебі кез келген педагог қоғамнан тыс жұмыс істей алмайды. Жастардың алдында педагог азамат жеке қоғамның мүшесі ретінде алға шығады. Осыған байланысты азаматтық бағыт та жастарды тəрбиелеудегі педагог өмірінде аса қажетті ролдің бірі болып табылады. Азаматтық бағыт педагог ұйымдастырған əр түрлі іс-əрекет кезеңдерінде педагог пен жастардың қарым-қатынасына əсер ететін, əрбір кезеңнің əлеуметтік мазмұнын қамтамасыз етеді [6].

Жоғарыда аталған барлық қарым-қатынастардың байланысы жалпы өмірге деген қарым- қатынастың барлық көріністерін ашып көрсетеді: табиғи, əлеуметтік, техникалық, ғылыми- танымдық, заттық-пəндік. Мұнда өмірге деген қарым-қатынасты жеке объект, өмірдің феномені ретінде, өзіндік заңдылықтары мен ерекшеліктері бар объект ретінде қарастырады. Педагог жеке тұлғасының ой мүдделері мен рухани дамуында өмірді сыйлау оған қарым-қатынасы сияқты көріністер шарттары байқалады, ал ол абстракцияның жоғары деңгейіне көтеруге көмектеседі. Берілген қарым-қатынастың түрі кең түрдегі объект болып саналады жəне жоғарыда аталған, өмір шеңберінің аумағында орналасқан қарым-қатынастың барлығы өмірдің ақиқаттығын айқындайды.

Алайда жоғарыда аталған барлық қарым-қатынастар белгілі бір анықталған иерархиялық байланыста болады.

Жеке тұлғаның мотивациясы, хабардар болу, себеп-салдар, дəлелдер, мақсаттар мен оның мағынасын қарастыратын, жеке тұлғаның бағыттылығымен қамтамасыз етіледі. Жеке тұлғаның бағыттылығы адамның қоғамға жəне өз-өзіне деген қарым-қатынасының жүйесін, іс-əрекет пен оның тəртіп бірлігін анықтайды; жеке тұлғаның тұрақтылығын құрайды; өздігінен даму мен машықтану негізі болып табылады.

Педагогикалық бағыттылық бұл негізгі бағыт-бағдар жəне жеке тұлғаның дамуына бағытталған педагог мамандығына бейімделуі. Ал педагогикалық бағыттылықтың тұрақтылығы өз жұмысындағы қиындықтар мен кедергілерді жеңе білуге көмектесу, педагог болуға тырысумен жəне педагог болумен анықталады.

Кəсіби бағыттылық — қабылдау, есте сақтау, елестету, ойлау сияқты психикалық процестердің барлығын жұмылдырып, нақты мамандықтың, пəннің қызығушылығына байланысты даму ерекшеліктерін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар кəсіби бағыттылық — бұл кəсіби іс-əрекеттің қажеттілігі жəне оған дайындығы, өзінің мамандығына деген қарым-қатынасын анықтайтын жеке тұлғаның интегралды қасиеті [7].

Н.В.Кузьмина іс-əрекетті табысты етіп орындауға əсер ететін жеке тұлғаның ерекше қасиеті ретінде қабілетті қарастырады. Педагогикалық қабілеттер тəрбиеленушінің бойынан ізденіп отырған қасиетті қалыптастыру моделін құру мен педагогикалық еңбек шартынан объекттің ерекше сезімінен тұратын жеке тұлғаның тұрақты жеке қасиеті ретінде анықталады [8].

Мамандардың кəсіби білім, іскерлік, дағдымен қарулануы олардың бойындағы кəсіби іскерлік қасиеттердің дамуымен тығыз байланысты. Кəсіби оқыту барысында олар қажетті арнайы білім мен іскерлікті меңгеруі үшін педагог олардың əрқайсысының психологиялық қасиеттерін ескеріп отырғаны жөн. Мысалы, оларға қабылдау, назар аудару, бақылағыштық, ептілік, кəсіби қызығушылықтары мен ерік-жігер қасиеттері жəне т.б. жатады. Бұл қасиеттердің даму деңгейін оқытудың алғашқы кезеңінен бастап ескеру керек. Кəсіби қабілеттерде, кəсіби іскерлік қасиеттер сияқты білім, іскерлік пен дағдыны меңгеру процесі барысында дамиды. Олардың қалыптасуы мен жетістігі ең алдымен, оқу-əдістемелік құралдарының кəсіби, психологиялық, дидактикалық талаптарға сəйкес қолданылуына байланысты болады.

Маманның жеке потенциалын құратын кəсіби іскерлік қасиеттердің қалыптасуы оның жалпы дамуы барысында байқалады жəне соған байланысты, тəуелді болады. Педагогтың кəсіби іскерлік қасиеттері еңбек қызметшілерінің сипатын қайта құру əсерінен өзгереді. Қазіргі нарық жағдайына байланысты басқа да қасиеттерді талап етеді: шеберлік, машықтанушылық, кəсіби құзыреттілік, еңбек қорытындысына жоғары жауапкершілікпен қарау жəне т.б.

Біздің ойымыз бойынша, педагогтың неғұрлым жоғары деңгейіне сəйкес болып табылатын кəсіби іскерлік қасиеттердің тізімін ұсыну үшін, ең алдымен оның іс-əрекетін жəне оны жүзеге асыру үшін оған қажетті аса маңызды қасиеттерді қарастырып талдау қажет.

Адам іс-əрекетінің негізгі формасы арнайы білім, іскерлік пен дағдының жиынтығын меңгерген маманның еңбек іс-əрекетінің түрі ретінде кəсіби іс-əрекет қарастырылады. Маманның кəсіби қызметке кірісуі іс-əрекеттің субъектісі болып табылатын жеке тұлғаға, кəсіби дайындығына, тəжірибесіне, яғни арнайы біліміне, іскерлігіне, дағдысына жəне кəсіби іскерлік қасиеттеріне, байланысты. Ал екінші жағынан, объекттің ерекшеліктеріне жəне əрекет өрісіне, берілген мамандықтың ерекшеліктеріне, нақты бір кəсіби іс-əрекет түріне, сонымен қатар кəсіби дайындық құралы мен əдісіне байланысты. Маманның бойындағы кəсіби іскерлік қасиеттер жəне оларды қалыптастыруға көмектесетін іс-əрекет пен объект іс-əрекеті белгілі деңгейде бір-бірімен байланысты. Бұдан кəсіби іскерлік қасиеттердің қалыптасуы болашақ мамандарды кəсіби даярлауда ажыратылмайтын бір бөлігі екенін көреміз.

Жалпы педагогтың кəсіби іскерлік қасиеттері мен қабілеттерін қарастыруда зерттеу қасиеттеріне де тоқталған жөн. Себебі кез келген мамандықтың зерттеу аумағының ажыратылмайтын бөлігі болып табылады. Біздің қоғамымыздың бүгінгі күнінде ғылыми бағыттағы жұмыс педагог үшін өте маңызды болып табылады. Ал бұл жерде педагогқа қатысты зерттеу қасиеттері ерекше орын алады. Жеке тұлғалық ерекшеліктер мен қасиеттерді оқуда, ғылым əр түрлі теориялық позиция жағынан көңіл аударды.

Кəсіби іс-əрекетке дайындық кез келген еңбектің аумағында маңызды болып саналатын, жеке тұлға бойындағы іскерлік қасиеттерді қалыптастыруды қарастырады. Жалпы мұндай қасиеттердің қалыптасуы мектепке дейінгі жастан басталады жəне бастауыш, орта, жоғары кəсіби білім беруде əрі қарай өз жалғасын табады. Мұндай қасиеттерге мыналар жатады: еңбекке қызығушылығы жəне оны қадірлеу, қиындықтарды жеңе білудегі шыдамдылық пен табандылық, еңбекке төзімділік, алдағы іс- əрекетті ойластыру жəне оны дəлелдеу, өзін-өзі сынау жəне талап қою, ұжымшыл болу, тəртіптілік жəне т.б. Барлығымызға белгілі, кəсіби оқытудың жетістігі жеке тұлғаның бойындағы қасиеттердің даму деңгейімен анықталады. Ал оларды тəрбиелеу қазіргі күнде педагогтың алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі екені жоғары аталып өтті [8].

Шығармашылық қабілеттер мəселесін Б.Хантер өзінің жұмысында қарастырады. Ол мынандай шығармашылық зерттеу жұмысымен айналысушы адамға тəн, негізгі бес қасиетті атап көрсетеді: түсініксіз жəне күрделі материалдарға қызығушылық тудыру, ашық əңгіме құра білуі, сұрақтар қоюға бейімділігі, ғылымның дамуына жауапкершілікпен қарау сезімі, бұйымның ғылыми құндылығын бағалай білуі. Ғылыми іс-əрекетке ешқандай қатысы жоқ, кейбір жеке тұлғалық қасиеттердің шығармашылықты ойлауға жəне ғылыми шығармашылықтың өзіне итермелейтінін естен шығармау қажет [9].

К.А.Рамуль өз еңбегінде ғалымның кəсіби іс-əрекетін қарастыра отырып, ғалымның ғылыми- зерттеу жұмысының табысты болуы үшін, аса маңызды жəне қажетті жеке тұлғалық қасиеттер мен іскерлік қабілеттеріне талдау жасайды. Əрбір ғалым үшін аса маңызды жəне қажетті жеке тұлғалық қасиеттерді төмендегідей қарастырады:

  • ішкі себептермен пайда болған құмарлық, əуестік;
  • бір мəселені шешумен ұзақ уақыт айналысу қабілеті;
  • ғылыми дарындылықтың салыстырмалы жоғары дəрежесі;
  • өзінің жұмысы мен міндеттеріне қарым-қатынасы бойынша ынта-ықыласын білдіру, ыждағаттылық, тəртіптілік, сынға жəне өзіндік сынға қабілеті, əділ болу жəне адамдармен қарым-қатынасы [10].

Кез келген маман иесі өзінің кəсіби қызметін жүргізу барысында көптеген адамдармен қарым- қатынас жасауға тура келеді. Сондықтан ол өзінің жұмысының нəтижесі табысты болуы үшін жеке тұлға бойындағы құнды қасиет болып саналатын басқа адамдармен сыйысу жəне қарым-қатынас жасау қабілеті өте маңызды орын алады. Бұл аталған қасиеттер, К.А.Рамульдің [10] пікірі бойынша, аса маңызды жəне қажетті болып табылады. Мұндай жеке тұлғалық қасиеттер əрбір маман иесінің кəсіби қызметінің табысты болуына көмектеседі.

Осы аймақта көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізген В.А.Кан-Каликтің айтуы бойынша, педагогикалық еңбек өзінің құрылысында 200-ге жуық компоненттерді қарастырады. Ал соның арасындағы қарым-қатынас жасай білу қабілеті өте күрделі жағы болып саналады. Осы қабілет арқылы педагогикалық жұмыс барысында педагогтың оқушы жеке тұлғасына əсер етуі жүзеге асуы [11].

Алайда маманның кəсіби еңбегіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру тікелей адамның өз-өзіне жəне таңдап алған мамандығына деген қарым-қатынасымен байланысты. Егер де ұйымдастырылған еңбек барысында жақсы қасиеттерге иеленген жеке тұлға еңбек субъектісі ретінде алға шықса, онда ол еңбек нəтижелігін жəне оның қорытындысының жоғары болуын талап етеді. Жеке тұлғаның құндылығы, яғни оның жақсы қасиеттерге ие болуы, педагогтың кəсіби шығармашылыққа жолын ашады, өз күшінде сенімділік тудырады, өзінің кəсіби біліктілігінің маңызын мойындауға жəне өмірінің негізгі саласы болған, жастарды тəрбиелеу жұмысына сыйластықпен қарауға мүмкіндік береді [6].

Осыларға байланысты тағы да бір тығыз байланыстың бірі əлеуметтік тəртіпте байқалады. Педагогтың іс-əрекеті — қоғам өмірінен ажырамайтын бір бөлігі, ал баланың қоғамда толық құқылы мүшесі ретінде өмір сүруі — аса қажетті тəрбие міндеттерінің бірі. Сондықтан да педагог өміріндегі аса маңызды компоненттердің бірі — оның қоғамға деген қарым-қатынасы. Себебі, кез келген педагог қоғамнан тыс жұмыс істей алмайды. Балалардың алдында педагог азамат жеке қоғамның мүшесі ретінде алға шығады. Осыған байланысты, азаматтық бағыт та балаларды тəрбиелеудегі педагог өмірінде аса қажетті ролдің бірі болып табылады. Азаматтық бағыт педагог ұйымдастырған əр түрлі іс-əрекет кезеңдерінде педагог пен балалардың қарым-қатынасына əсер ететін, əрбір кезеңнің əлеуметтік мазмұнын қамтамасыз етеді.

Жоғарыда аталған барлық қарым-қатынастардың байланысы жалпы өмірге деген қарым- қатынастың барлық көріністерін ашып көрсетеді: табиғи, əлеуметтік, техникалық, ғылыми- танымдық, заттық-пəндік. Мұнда өмірге деген қарым-қатынасты жеке объект, өмірдің феномені ретінде, өзіндік заңдылықтары мен ерекшеліктері бар объект ретінде қарастырады. Педагог жеке тұлғасының ой мүдделері мен рухани дамуында өмірді сыйлау оған қарым-қатынасы сияқты көріністер шарттары байқалады, ал ол абстракцияның жоғары деңгейіне көтеруге көмектеседі. Берілген қарым-қатынастың түрі кең түрдегі объект болып саналады жəне жоғарыда аталған, өмір шеңберінің аймағында орналасқан қарым-қатынастың барлығы өмірдің ақиқаттығын айқындайды [2]. Əлеуметтік маңызды қасиеттердің қалыптасуы жеке тұлғалардың құндылық жəне педагогикалық интеллигенциясының тəртіп нормалары мен ережелерін қабылдау əсерімен жүзеге асады. Тəрбиелік əсер етуінің тиімділігінің нəтижелілігі көбінесе педагогтың ерік-жігеріне байланысты қасиеттермен анықталады, яғни оның ынталылығы, табандылығы, мақсаттылығы, дербестігі, батылдығы. Осы аталған қасиеттермен қатар педагог мына қасиеттерге ие болуы қажет: шыдамдылық, тəртіптілік, педагогикалық жағдайдың өзгеруі кезінде оқушылардың реакциясын байқау қабілеті, əсер ету əдіс-тəсілдерін қайта құруға дайын болу.

Аталған қатардың ішінен ерекше орын алатын, өмірдегі жеке тұлғалық қабілеттігін бейнелейтін адамның руханилығы, мұнда адам өміріндегі сұрақтар мен пайда болған мəселелер жəне олардың шешімін табу, бұл шешімдер өмірдің көріністеріне сəйкес болуы тиіс. Өмірдің барлық сұрақтарына жауап қайтару мүмкін емес, бірақ оны əрбір адам өз өмірінде жəне əлеуметтік кезеңде өмір сұрақтарының мəнін түсіну кезінде жасауға болады. Сонымен педагогтың рухани жұмысы тəрбие процесін тоқырау мəселелерінен сақтайды, жалпы жастармен жұмыс жасауда төменгі деңгейге түсуіне жол бермейді.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1.  Назарбаев Н.Ə. Қазақстан — 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі жəне əл-ауқатының артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. — Алматы: Білім, 1997. — 17-б.
  2. Щуркова Н.Е. Педагогическая технология: Учеб. пособие. — М.: Педагогическое общество России, 2002. — 224 с.
  3. Ожегов С.М. Толковый словарь русского языка. — М., 1993. — 960 с.
  4. Маленко А.Т. Воспитание инженера-педагога: Учеб.-пед. пособие. — М.: Высш. шк., 1986. — 120 с.
  5. Əдіханов М.К. Болашақ инженер мамандарының кəсіби іскерлік қабілетін жоғарылатудың кейбір мəселелері //Қазақстан жоғары мектебі. — 2003. — № 1.
  6. Танасейчук М.К. Формирование профессионально важных качеств инженера-педагога средствами развивающей диагностики: Дис. ... канд. пед. наук. — Караганда, 2000.
  7. Шкутина Л.А., Танасейчук М.К. Развивающая профдиагностика и педагогические технологии. — Алматы: Ғылым, 2000. — 198 с.
  8. Кузьмина Н.В. Исследование педагогической деятельности. — Л.: Аспект Пресс, 1970. — 210 с.
  9. Хантер Б. Мои ученики работают на компьютерах: Кн. для учителя. — М.: Просвещение, 1989. — 223 с.
  10. Рамуль К.А. О психологии ученого и в частности о психологии ученого-психолога // Вопросы психологии. — 1995. —№ 6.
  11. Кан-Калик В.А. Основы профессионально-педагогического общения. — М.: Грозный, 1979. — 120 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.