Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Интеграциялық оқытудың бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық бағыттылығын қалыптастырудағы мүмкіндіктері

Білім беру тамыры тереңдеп, міндеттер жиынтығы молайған тұсында жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру, тəрбиелеу, дамыту ауадай қажет екендігі баршаға мəлім. Өйткені əлемнің таңдаулы мүшесі болу еліміздің рухани, мəдени қуатына, ғылымы мен біліміне байланысты. Бұл туралы Елбасы Н.Ə.Назарбаев: «Білім мен ғылымды өз дəрежесінде меңгерген елдер ғана əлемдік дамудың алдында, озық көштің бойда ұстар тұсында болады», — деген болатын [1].

Осы орайда жаңа əлеуметтік сұраныстар мен қоғамның жаңа талаптары шығармашылық тұрғыда ойлай білетін, тез арада дұрыс шешім қабылдай алатын, шығармашылыққа бағытталған, ғылымның əр саласынан жан-жақты білімді т.с.с. тұлғаны қажет етуде. Еліміздің болашақ тұтқасын ұстар бүгінгі жас ұрпақ білімді де білікті болуға тиіс.

Ендеше, үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы бастауыш білім десек, бастауыш сынып оқушыларына белгілі бір көлемдегі білім, білік, дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты даярлау — ұстаз алдындағы басты міндет.

Шығармашылыққа бағытталған тұлғаны табу үшін кіші жастан шығармашылыққа бағыттау жəне тиімді жағдайлар жасау қажет. Дұрыс ұйымдастырылған көркем дамыту балалардың шығармашылық бастамасын анықтайды жəне бекіте түседі. Өз уақытында баланы əлемге, өнерге тарту оның шығармашылық белсенділігін арттырады, сондай-ақ жаңалық ашу, қоршаған ортаға қызығушылық қатынас сияқты қажеттілік негіздерін қалыптастырады.

Бұл шығармашылыққа бастайтын жол, немесе алғашқы баспалдағы [2].

Шығармашылық — психикалық белсенділіктің, дербестіктің, неғұрлым жаңаны ашуға икемділіктің жоғары формасы. Шығармашылық аймағы əр түрлі болады, бірақ барлық жағдайда қандайда бір жаңалық ашу болып табылады.

Шығармашылық адам əрекетінің кез келген аймағында орын алады: ғылым, ғылыми, көркем, өндірістік-техникалық, шаруашылық жəне т.б. Адам өмірінің формасы, адамзат өркениетінің пайда болуы, өнер жəне ғылым шығармашылықпен өмірге келген [2].

Адамның қандай да бір əрекеті оның бұрыңғы өмір тəжірибесіндегі əрекеттер мен сезімдерді қайталаудың нəтижесі емес, ол — жаңа бейнелер мен əрекеттер жасау, яғни, шығармашылық əрекет. Ми — тек ғана алдыңғы тəжірибені есте сақтап жəне оны жарыққа шығаратын мүше ғана емес, ол алдыңғы тəжірибені шығармашылықпен қайта қарап, оның элементінен жаңа ережелер мен жаңа тəртіптер шығарушы. Егер адам əрекеті бұрынғыны орындаумен ғана шектелсе, онда адам тек ескіге ұмтылатын тірі жан иесі ғана болар еді. Ал адамның шығармашылық əрекеті оны болашаққа ұмтылатын, өзінің бүгінгісін өзгерте алатын жəне оны жасай алатын тұлға етеді [3].

Əрбір адамның жаңа идеяны өмірге əкелуге өзіндік деңгейі бар. Кейбір адамдар үшін шығармашылық саналық əрекет болып табылса, ал кейбіреулер үшін — кездейсоқ, ал үшінші біреулер үшін мүлдем мүмкін болмайтын жағдай болып көрінеді.

Əдетте біз ақылдыларда (гениальная) ғана дарындылық, іскерлік, интеллект т.с.с. мол деп танып, осындай дамыған сапалар болмайынша, бала шығармашылық тұлға бола алмайды деп ойлаймыз. Бірақ аталған сапалардың ешқайсысы да шығармашылық ойлау шеберлігін меңгеру үшін негіз бола алмайды. Кіші жастағы оқушылар (өздері үшін) күнделікті проблемалардың əрдайым қандай да жаңа шешімдерін ойлап табуы қажет. Сонда олар «төтенше» шығармашылық тұлға болады.

Шығармашылық ойлау, жалпы айтқанда, қандай да жаңаны тану. Ол адам интеллектісінің құрамды бөлігі. Мұндай шеберліктер адамзаттың өмір сүруін, сонымен бірге мəдени деңгейін (өркениет) жəне дамуын қамтамасыз етеді.

Шығармашылықтың бұл анықтамасына өнер шеберлері, ғылымның ұлы жетістіктері жəне үй иесі ойлап тапқан «кулинарлық рецепт» де астарласады.

Кейбір балалар өсе келе жəне жаңа жағдайға түсіп, өз проблемасын жаңаша шешу орнына, ертеден қалыптасқан ойлау шеберлігін пайдаланады. Басқаша айтқанда, ол шығармашылық тұлға бола алатындығын ұмытады [4].

Мұндай бірсарындылыққа жол бермеу үшін ақыл-ой іскерліктерін шексіз жетілдіріп отыру қажет. Оқушылардың шығармашылық бағыттылығын қалыптастыру жолы сан алуан. Баршамызға белгілі оқытудың түрлері туралы баяндау қажет емес, олар туралы педагогика бойынша оқулықтарда толығырақ түсіндіріледі. Жəне мынау оқыту технологиясы нашар, ал мынау оқыту əдістемесінің тиімділігі төмен деп айтуға болмайды, мұндай оқытудан мүлдем бастарту да қажет емес. Бірақ қоғамның талабы шығармашылық əрекетпен айналыса алатын, шығармашылық бағыттылығы қалыптасқан шығармашыл тұлғаны қамтамасыз ету үшін оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді қажет етеді. Сайып келгенде, оқытудың түрлері, əдістері ескірді. Дегенмен зерттеулерді талдау жаңаша оқыту технологиялары ғалымдардың зерттеу объектісіне айналып, жаңашыл мұғалімдер жүзеге асырып отырғандығын аңғартады.

Алайда бастауыш сынып мұғалімдерінде интеграциялық оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық бағыттылығын қалыптастыру бойынша анық əдістемелік нұсқаулар жүйесі болмағандықтан, бұл мəселе жеткілікті деңгейде жүзеге асырылмай отыр. Біздің пікірімізше, бастауыш сынып оқушысының шығармашылық бағыттылығын қалыптастыруда ең тиімді жол интеграциялық оқыту болып табылады. Бүгінгі таңда интеграциялық оқытуды жүзеге асыру, оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда оқушылардың танымдық əрекетіне тəн дағдыларды қалыптастыру міндеті күн тəртібіне қойылып отырғандығы кездейсоқ емес.

Интеграциялық оқыту — бұл бір пəннен алған білімді екінші пəнге жай көшіру емес, ол жаңа дидактикалық эквивалент жасау. Оқытудағы интеграция процесінің бірнеше жағын бөліп көрсетуге болады.

Интеграция оқыту мақсаты ретінде (интеграциялық оқыту оқушыларды дүние туралы тұтас түсініктерін қалыптастыруы қажет); интеграция оқыту құралы ретінде (интеграциялық оқыту пəндік білімді жақындастырудың жалпы негізін табуға көмектеседі); интеграция оқушыларды дамыту құралы ретінде.

Интеграциялық сабақ келесі талаптарға сай жүргізілуі қажет, біріншіден, сабақ балаға əр түрлі пəннен білімді меңгертуі қажет, екіншіден, сабақтар көмегімен мұғалім оқу əрекетін түрлендіре отырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруы керек, үшіншіден, сабақ оқушылардың ойлау əрекетін белсендіруі жəне сонымен бірге оқушылар өздерінің шығармашылық іскерліктерін көрсетуі қажет. Интеграциялық сабақ формасы сан алуан, ертегі-сабақ, шығармашылық ізденіс сабағы, өзара тексеру сабағы, газет шығару сабағы, шығармашылық жұмысты қорғау сабағы, есеп- сабақ, ертеңгілік-сабақ, ауызша жүрнал сабағы т.с.с.

Ертеңгілік-сабақ əр тоқсан соңына жоспарланып өткізіледі. Бұл сабақта берілген оқыту кезеңінде оқушы жəне мұғалім жетістіктерінің қорытынды көрінісі болады. Сабақты жүргізу жəне даярлық сипатының мақсаты — балалардың оқу əрекетіне дербестік қатынасын анықтау жəне дамыту. Ертеңгілікке материалды мұғалім өзі даярласа, ал ертеңгілік-сабаққа даярлық басқаша. Оның негізі сабақтағы балалар есінде қалған жəне ұнаған материалдар болып табылады. Балалар рольдерді өздері таңдап алады. Сабақтан соң балалар қандай қателер жіберілгенін, кім сəтті орындағанын ұжым болып шешеді.

Есеп-сабақтарда оқушылар топқа бөлініп, оқыған кітаптары бойынша суреттер əзірлейді жəне есеп даярлайды. Есеп пен сабақ бағдарламасын, материал даярлау жəне таңдау сипатына қойылатын талаптарды оқушылар өздері талдап, оны мұғалім бекітеді. Бұл ережелерді оқушылар өздері орындауы қажет. Мұндай сабақ оқушылардың қандай да құбылыс, пəн туралы қызығушылығын жəне олар туралы көп білуге ынтасын туғызады жəне пəн туралы əр түрлі қызықты материалдар іздеу сияқты қасиеттерін қалыптастырады.

Интеграциялық сабақ — бұл мұғалімнің шығармашылығы. Бұл сабақтардың оқу-танымдық міндеті анық болуы қажет, бұл басқа пəннен алған білімге сүйеніп шешіледі, екіншіден, мұндай сабақ басқа пəннен алған білімді пайдалану бойынша жоғары белсенділікпен қамтамасыз етілуі қажет, үшіншіден, пəнаралық байланысты жүзеге асыру оқылған құбылыс мəнін түсіндіруге бағытталуы қажет, төртіншіден, сабақ оқушылардың əр түрлі пəндерден алған білімдері арасындағы байланысты тануға деген қызығушылықтарын оятуы қажет.

Осы орайда мұғалімнің алдына қойған мақсаты — сабақ сапасын арттырып, оқушыларды ізденімпаздыққа, белсенділікке тəрбиелей отырып, өз бетінше шығармашылық жəне ғылыми жұмыстарға жұмылдыра білу. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа бағыттау жалпы білім беретін пəндерді оқып-үйрену кезінде жəне ойлаудың өмірлік тəжірибесі негізінде алған білімдерінің шеберліктері мен дағдыларының негізінде жүзеге асады. Интеграциялық оқыту пəнаралық байланысты жоғары деңгейде жүзеге асыру тəсілі мен оқыту процесін шығармашылықпен толықтыру екендігі даусыз.

Ə.Мұханбетжанова [5] өз əріптестерімен біріге отырып дүниенің ғылыми бейнесін қалыптастыру мақсатында бастауыш мектеп пəндерінің интеграцияланған бағдарламасын құрудың ғылыми-əдістемелік негіздерін жасап, оны мектеп практикасында қолданудың негізгі бағыттарын атап көрсетеді. Оқыту процесінде оқушылардың санасында білімдер қатары сап түзейді, оның əрқайсысының белгілі бір мазмұны бар. Осы білімдік ситуацияда оқушылар көптеген білімді меңгеріп қана қоймайды, əрі ең бастысы, олардың білімге қатынасы өзгереді, олар оның мағынасына жетеді, жекелеген білімдердің, яғни табиғи құбылыстардың, артында тұрған, бірақ көзге көрінбейтін əлде бір «нəрсені» олардың құндылығын анықтайды.

Мысалы, математика сабағында жануарлар əлеміндегі сандық қатынастағы білімдерді, оларды таңбалық бейнелеу тəсілдерін меңгерді, ол одан əрі теориялық ойлау элементтерін меңгеруге көмектеседі. Ана тілі мен қазақ тілі сабақтарында жануарлар əлемі өкілдерін белгілі бір модельмен- сөзбен белгілеуге үйренеді, ол балалар жазушылары мен ақындарының шығармашылығындағы жануарлар өмірінің сөздік бейнеленуі туралы білімдерімен кеңейеді. Еңбек сабағында жануарлардың материалдық моделін даярлай отырып, олардың дене тепе-теңдіктерін, табиғатта өмірдің бейнелену жағдайын таниды. Жануарлар туралы білімдері бейнелеу жəне музыка сабақтарында сурет салу, суретшілердің еңбектерін, музыкалық шығармаларды зерделеу арқылы кеңейеді. Дене тəрбиесі сабағында дене жаттығуларын орындай отырып өз қозғалыстарында жануарлар қозғалысын қайталайды, салыстырады. Бастауыш мектеп оқушыларының пəнаралық интеграциялық мазмұнының бірлігінде, бұл ұғымдар бастауыш мектептің барлық пəндерінің бір уақыт бөлігінде (күн, апта, ай) оқылғанда тиімді болатындығын өз зерттеуінде дəлелдейді.

Тəжірибелі педагог Е.Н.Потапова [6] бастауыш мектепте оқушыға санай білу, жазу, оқуды ғана меңгертумен шектелмей, қоршаған əлемнің түстері, түрлері мен дыбыстарын біртұтас қабылдауға үйретуге интеграциялық оқыту жолымен қалай жетуге болатындығын көрсетеді. Мұның маңыздылығын былайша түсіндіреді, көптеген оқушылардың біртұтас көп сырлы əлем туралы мəліметтері үзік жəне үзінді сипатта. Мектеп бітірушілердің басынан таңдаған мамандықтарында белгілі бір аймақтағы білім қоры қажет емес деген түсінікпен бұл мəліметтердің бір бөлігі оңайлықпен ұшып кетеді. Ол аздай, тіпті мазмұны бойынша жақын оқу пəндері мен курстарын оқытудағы біржақтылық пен бөлшектеушілік математикадан үздік оқушы өзінің математикалық білімін физика сабағында пайдалана алмайтындығына, ал əдебиеттен көркем жазылған шығармада көптеген граматикалық қателер жіберетіндігіне əкеледі. Оқушылар бір аймақтан алған білім жəне дағдыларын басқа аймаққа көшіре алмайтындығын көрсететін мұндай мысалдар өте көп. Бұл оқушыларда əлемнің біртұтас бейнесін баланың дене, жүйке жəне рухани күштерін есепке ала отырып, кіші жастан бастап қалыптастыру қажеттігін міндеттейді.

Интеграциялық сабаққа Е.Н.Потапова «научить ребенка методам одновременного усвоения знаний из различных учебных дисциплин и областей действительности и тем самым подготовить его  более успешному самообразованию в окружающем мире» деп мақсат қояды. Автор өз еңбегінде бірінші сыныпта оқу, жазу, бейнелеу өнері жəне еңбек пəндерін интеграциялауды, ал екінші сыныпта пəндер аймағына математика, дүниетану, тарихи əңгімелерді қосып кеңейтуді, келесі сыныптарда міндеттер күрделене түсетіндігін мəлімдейді.

Біздің пікірімізше, интеграциялық оқытудың ерте жастан баланың өзін қоршаған əлемді тануға жəне қабылдауға шығармашылығын оятып, əр пəнге деген қызығушылығын, оқуға деген ынта- ықыласын, шығармашылық қатынасын дамыта отырып шығармашылық бағыттылығын қалыптастыруда ролі зор. Баланың шығармашылық бастамасы аяқ асты болмау үшін ұстаз өз ісіне аса жауапкершілікпен жəне шығармашылық тұрғыдан қарауы қажет.

Қазіргі жоғары оқу орындарының алдындағы келелі мақсат — болашақ мұғалімнің дидактакалық даярлығын жетілдіру. Біз болашақ мұғалімнің дидактикалық даярлығын интеграциялық оқытуды жүзеге асыруға даярлығымен байланыстырамыз.

Арнайы курс бойынша жүргізген «Интеграциялық оқыту жағдайында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық бағыттылығын қалыптастыру тəжірибесі» тақырыбындағы сабаққа 4 сағат уақыт берілді. Оның ішінде біз «Интеграциялық сабақты талдау» тақырыбындағы сабаққа мысал ретінде тоқталамыз.

Бұл сабақтың негізгі мақсаты — болашақ мұғалімнің интеграциялық сабақты талдаудың бір жолы туралы түсінігін қалыптастыру, сабақты талдау схемасын пайдалана білу іскерлігін, интеграциялық сабақты талдай білу іскерлігін қалыптастыру, болашақ мұғалімдерде педагогқа қажетті ақыл-ой сапаларды дамыту, болашақ мұғалімнің оқуға жəне өзінің болашақ кəсіби əрекетіне шығармашылық тұрғыдағы қатынасын тəрбиелеу. Төмендегі, С.Г.Шпилевая [7] бойынша, сабақты талдау схемасы студенттерге оқып-үйренуге жəне талқылауға ұсынылды (кестені қара).

Бұл ұсынылған сабақ талдау схемасын оқып-үйрену бойынша жұмыс кезеңмен жүргізілді. Алдымен болашақ мұғалімдер бұл схеманың құрылымын оқып-үйренді. Содан кейін университеттің (акад. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті) бейнезалынан студенттерге алдын ала əзірленген интеграциялық сабақ көрсетілді. Олар блок бойынша топқа бөлінген болатын. Əр топқа сабақты өз блогы бойынша оқып-үйрену тапсырылды. Содан кейін олар сабақты талдады. Жалпы алғанда барлық топ өзінің сабақ талдау схемасы бойынша ақпаратты талқылады. Бұл сабақта студенттер тек интеграциялық сабақты талдау туралы білімді ғана меңгеріп қоймай, талдаудың ерекшелігін анықтады, олардың қажетті іскерліктері, өздеріне деген сенімі жəне интеграциялық сабаққа деген кəсіби қатынасы қалыптастырылды.

Болашақ мұғалімдердің оқу үрдісінде алған білімдері педагогикалық практика кезеңінде бекітіледі жəне олардың кəсіптік даярлығы арта түседі. Сол себепті біз педагогикалық практика барысында студенттердің интеграциялық оқыту жағдайында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық бағыттылығын қалыптастыру бойынша тапсырмаларды орындауына жəне интеграциялық сабақтарды жүргізуіне, талдауына, өздігімен білімін жетілдіруіне, алған білімдерін нақтылауға жəне тереңдетуге, іскерліктерін қалыптастыруға бағытталған шараларды ұйымдастыруға көңіл бөлдік. Педагогикалық практика барысында студенттердің теориялық білімдерін жинақтау, практикалық іскерліктерінің шыңдала түсуін қамтамасыз ету үшін жағдай туғызу жəне белгілі бір құралдарды пайдаланудың маңызы зор. Біз үшін мұндай құралдар мен жағдайлар мұғалім мен əдіскер əрекетінің бірлігін қамтамасыз ететін, болашақ мұғалімдерді интеграциялық оқыту жағдайында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық бағыттылығын қалыптастыруға бағыттайтын тапсырмалар жүйесі, семинар жүргізу, кеңес беру болып табылады.

Педагогикалық практиканың бірінші кезеңінде 2-курс студенттеріне арналған тапсырмалар əзірленді. Ол тапсырмалар студенттердің мектеп жұмысының іс-тəжірибесін оқып-үйренуін, сынып оқушыларының жəне мұғалім əрекетін бақылауын, оның ішінде жаңаша оқыту бойынша мұғалімнің іс-тəжірибесін оқып-үйренуін, интеграциялық оқыту жағдайында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық бағыттылығын қалыптастыруда өзінің педагогикалық шеберлік деңгейін көтеруін міндет етті.

Интеграциялық сабақты талдау схемасы К е с т е

Интеграциялық сабақты талдау схемасы К е с т е 

 Педагогикалық практиканың екінші кезеңінде 3-курс студенттеріне арналған тапсырмалар əзірленді. Ол тапсырмалар бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық бағыттылығын қалыптастыруда интеграциялық оқытудың мүмкіндіктерін оқып-үйренуді, интеграциялық оқыту жағдайында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық бағыттылығын қалыптастыратын басты тұлға мұғалім екендігін анықтауды, интеграциялық сабақты əзірлеу жəне жүргізуді, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық бағыттылығын қалыптастыру бойынша өзі жүргізген интеграциялық сабақтың жазбаша талдауын құруды міндет етті.

Педагогикалық практиканың үшінші кезеңінде 4-курс студенттеріне арналған тапсырмалар интеграциялық (пəнаралық, пəнішілік, пəннен тыс) байланыстарды жүзеге асыруға, оқушының шығармашылық бағыттылығын қалыптастыруға негізделген интеграциялық сабақты əзірлеу жəне жүргізуді, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық бағыттылығын қалыптастыру бойынша басқа практиканттар жəне мұғалім жүргізген интеграциялық сабақтың жазбаша талдауын құруды, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық бағыттылығын қалыптастыру бойынша жүргізетін интеграциялық сабақтар кестесін құруды, эксперименттік жұмыс жүргізуді, яғни проблеманы практикада мүмкіндігінше толық шешуді, міндет етті.

Педагогикалық практика барысындағы оқушының шығармашылық бағыттылығын қалыптастыруда интеграциялық сабақ əзірлеу, жүргізу жəне талдау сұрақтары бойынша консультациялар берілді. Біздің байқауымызша, «Интеграциялық оқыту жағдайындағы шығармашылық бағыттылық» атты арнай курсқа қатысушылар сабақты талдау схемасын білетіндігін білдіріп, интеграциялық сабақты еркін жəне сауатты талдайтындығын байқатты. Ал арнайы курсқа қатыспаған студенттер біздің схемамызды пайдаланып, қажетті іскерліктерін толықтыруға мүмкіндік алды жəне оқушылардың шығармашылық бағыттылығын қалыптастыруда интеграциялық сабақ жүргізуге əлі де болса арнайы дайындықты қажет ететіндігін байқатты.

Қазақстан Республикасының білім беру тұжырымдамасында «білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек жай зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылық пен таным субъектісі құдіретті мәдениет үлгілерін дүниеге әкелген, әрі өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субъект ретінде көрінуімен бедерленеді» делінген. Міне, мұндай мақсатқа жету интеграциялық оқытуды жүзеге асырумен қатар, оқытудың әдіс- тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолдана отырып, оқушылардың шығармашылыққа деген құлшынысын арттыруды, шығармашылық бағыттылығын қалыптастыруды міндеттейді.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Назарбаев Н.Ə. Қазақстан–2030. — Алматы: Білім, 1997. — 176-б.
  2. Мелик-Пашаев А.А., Новлянская З.Н. Ступеньки к творчеству. — М.: Педагогика, 1987. — 127 с.
  3. Выготский Л.С. Воображение и творчество в детском возрасте. — СПб.: СОЮЗ, 1997. — 96 с.
  4. Ниренберг Дж. И. Искусство творческого мышления. — Минск: Попурри, 1996. — 236 с.
  5. Мұханбетжанова Ə. Бастауыш білімнің интеграциясы арқылы оқушыларда дүниенің ғылыми бейнесін қалып- тастырудың теориялық-əдіснамалық негіздері. — Пед. ғыл. д-ры ... автореф. — Алматы,
  6. Потапова Е.Н. Интегрированные уроки в начальной школе, или как создать у младших школьников целостную картину мира: Пособие для учителя. — М.: Новая шк., 2002. — 400 с.
  7. Шпилевая С.Г. Формирование готовности студентов к реализации интегрированного обучения в начальной школе. —Дис. ... канд.пед.наук. — Киев, 1999.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.